Главная страница
Навигация по странице:

  • 8-билет 1.«Неолиттік төңкеріс» дегеніміз не

  • 2. Қазақ ою-өрнектерінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

  • 3.«Жеті жарғы хандық биліктің заң негізінде нығаюына зор үлес қосты». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

  • 9-билет 1.Орталық Азияның ежелгі ошақтарын атаңыз.

  • 2.Ұлы Жібек жолы бойындағы сауданың түркі кезеңінде жандану себебін түсіндіріңіз.

  • 3. «Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар ел басқарған хандармен бірге жүрген, оларға ақыл-кеңес беріп, жауға қарсы қол бастаған». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз Өз

  • 10-билет 1.«Рабад», «шахристан», «цитадель» ұғымдарына анықтама беріңіз.

  • 2.Қола дәуірінде Қазақстан жерінде орын алған өзгерістерді анықтаңыз.

  • 3. «Зар заман кезеңі қазақ мемлекеттілігі үшін күрес болды» деген пікірмен келісесің бе Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

  • 11-билет 1. «Жатақтар», «Дың ескерткіштері» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

  • 2. Не себепті археология ғылымы Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеуде ерекше маңызға ие

  • 12-билет 1.«Мұртты обалар», «патша қорғандары», «шошақ бөрік киетін» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

  • 2. Мерзімді басылымдардың қоғамдық-саяси ойды жаңғыртудағы рөлін түсіндіріңіз.

  • 3.«Отырықшылар менкөшпелілер өзара қарым-қатынас жасауға мүдделі болды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

  • 13-билет 1. «Алаш», «петиция», «Алаш қозғалысы» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

  • 2.Әскери коммунизм мен жаңа экономикалық саясаттың ерекшеліктерін анықтаңыз.

  • 3.«Қазақстан – Ұлы Дала елі». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

  • 1-билет «Сауатсызды_ты жою», «_ызыл отау» тарихи терминдеріні_ а. 1билет Сауатсыздыты жою, ызыл отау тарихи терминдеріні анытамасын берііз


    Скачать 57.21 Kb.
    Название1билет Сауатсыздыты жою, ызыл отау тарихи терминдеріні анытамасын берііз
    Дата13.05.2023
    Размер57.21 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-билет «Сауатсызды_ты жою», «_ызыл отау» тарихи терминдеріні_ а.docx
    ТипДокументы
    #1126284
    страница2 из 4
    1   2   3   4

    3.«Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашғари т.б. ортағасырлық ғұламалардың еңбегі арқасында қазақ қоғамының қоғамдық-саяси ой санасы қалыптасып, мемлекеттік құрылымы нығая түсті». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

    Мен бұл тұжырыммен толықтай келісемін.Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашғари секілді ортағасырлық ғұламалардың еңбегі тарихта қоғам ой санасының қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Себебі аталған ғұламалардың барлығы дерлік мемлекет басшысы мен халықтың бойында қандай дара қасиеттер болуы керектігін жазған. Мысалы Әл-Фарабидің еңбегінде егер мемлекет басшысы ақылды,әділ,рухани жағынан жетілген және қарапайым болған жағдайда ғана халық бақытты өмір сүредң деп жазылған. Ал Ж.Баласағұнидің пікірі бойынша ел басқаруда білімнің күші зор. Оның "Құтты білік" дастанындағы жеке адам мен қоғам, бақытқа жету жолы және кемел мемлекет құру туралы ғұлама ойлары Қархан мемлекеті тұсында өте маңызды рөл атқарған және әлі күнге дейін маңызы зор.

    8-билет

    1.«Неолиттік төңкеріс» дегеніміз не?

    Неолиттік төңкеріс - Қазақстан аумағында неолит кезеңінің шамамен 600 (кейбір деректер бойынша 800) ескерткіші белгілі. Олардың көбінің мәдени қабаты жоқ, бұлар адамдардың уақытша тұрақтары.

    Негізгі белгілері бойынша неолит ескерткіштері бір-біріне өте ұқсас және бір мәдени-тарихи топқа жатады. Дегенмен табылған құралдардың, керамикалық ыдыстардың түрлеріне, олардың жасалу техникасының кейбір ерекшеліктеріне, шаруашылықты жүргізу сипатына қарай Қазақстанның неолиттік мәдениетін ғалымдар бірнеше аймақтық топтарға бөліп көрсетеді.

    2. Қазақ ою-өрнектерінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

    Ою-өрнек өнері халықтың шынайы рухани-эстетикалық танымымен біте қайнасып кеткен этнографиялық мәнге ие көрінісімен ерекше, құнды болғандықтан, ұлт мәдениетін айқындайтын өте маңызды, және аса қажетті сала. Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды және тұрмыстық заттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар.

    3.«Жеті жарғы хандық биліктің заң негізінде нығаюына зор үлес қосты». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

    Қазақ қоғамының тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында Тәуке хан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен «Қасым ханның қасқа жолы» және «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіріп, жаңа заң жүйесін жасады. Үш жүздің атақты билерін жинап, Күлтөбенің басында Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталған заңдар жинағын қабылдады. «Жеті жарғыға» сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының барлық өмірлік мәселелерін кеңінен қамтыды.

    Жеті жарғы» – Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы
    9-билет

    1.Орталық Азияның ежелгі ошақтарын атаңыз.

    Маргуш, Бактрия, Хорезм, Соғды, Ферғана, Шаш, Сырдария жазирасы, Жетісу, Шығыс Түркістан

    2.Ұлы Жібек жолы бойындағы сауданың түркі кезеңінде жандану себебін түсіндіріңіз.

    Ұлы Жібек жолы десе көз алдыңа күн астында күйіп тұрған алып шөл далалар, аяғы көрінбейтін қымбат жүктері бар керуендер, мыңдаған шақырым жол жүріп өткен саудагерлер, алдындағы мақсатына жету үшін шөлдаладан да өтуге дайын көпестер елестейді. Жол барысында жаңа қалалар пайда болып, ескілерінің тас талқаны шықты. Ұзындығы 12 мың шақырым болатын Ұлы Жібек жолының сауда керуендерінің бір бағыты Қазақстанның оңтүстік аумағы арқылы өткен.

    Керуендер өтетін шаң басқан жолдар арқылы қымбат маталар, асыл тастар, алтын мен күмістен жасалған заттар, экзотикалық жануарлар тасымалданды. Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, қалалардың тіпті жаңа мемлекеттердің пайда болуына өзіндіксептігін тигізген. Талай тарихи орындардың әлемге танылуына әсер болған, теңдесі жоқ сауда маршруты. Оны сауда жолы ғана емес, екі алпауыт цивилизация арасындағы мәдени экономикалық көпір деп айтуға толық негіз бар. Жібек жолының тарихы біздің заманымызға дейін 138 жылдан бастау алады. Сол жылы Қытай императоры Батыс жаққа сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін арнайы дипломатиялық керуенді жіберген болатын. Оған қатысқандар Қытайдан Орталық Азияға тікелей жүріп өткен.

    3. «Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар ел басқарған хандармен бірге жүрген, оларға ақыл-кеңес беріп, жауға қарсы қол бастаған». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз

    жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

    Мен бұл тұжырыммен толықтай келісемін. Мемлекеттің тәуелсіздігі мен бостандығы қыл үстінде тұрған кезде жыраулар өткір сөздерімен халықты бірлікке шақырды. Әйгілі жыраулардың бірі Абылайханның кеңесшісі Бұхар жырау Қалқаманұлы болды. Жырау ханға ел билеу ісінде кеңес беріп отырды. Жыраулардың басты идеясы-халық бірлігі мен жер тұтастығы.Бұхар жырау Абылай ханның кеңесшісі ретінде сын да айтып отырған.Ханды халықтың мүддесіне қарсы келетін жағымсыз іс-әрекеттерден сақтандырып, "жоңғарды жеңген сен емес,халық" деп ескерту айтып,сабырға шақырды.
    10-билет

    1.«Рабад», «шахристан», «цитадель» ұғымдарына анықтама беріңіз.

    Рабад - ортағасырлық қалалардың қарапайым халық тұратын шеткі бөлігі. Археологиялық зерттеулер, ортағасырлық қалаларды үш бөліктен ( цитадель,шахристан және рабад) тұрғындығын анықтаған. Рабадта базар, мешіт секілді қоғамдық орындарда болуы мүмкін. Қаланың дәулетті тұрғындарының жеке иеліктері де сонда салынады. Қаланың азық-түлікпен қамтамасыз ететін а.ш. аймағыда осында. Кейбір ортағасырлық қалаларда Рабадтың сыртынан да қорғаныс дуалдары салынып, айнала ормен қоршалған. Ақтөбе,Отырар секілдіортағасырлыққалалардыңРабадтарындағыжекетұрғаниеліктердентабылғанматериалдарқалалардыңқарапайымтұрғындарыныңтұрмыс-тіршілігіжайлымаңыздыархеологтардеректерберды.

    Шахристан (парсы. Шығыстың парсы тілі. Шығыстың [ˈāh ʃ] — қала және парсы. ستان [stān — - орын), медина — орта ғасырларда Иран және Орта Азия қалаларының бөлігі, қала қабырғаларының ішінде, бірақ цитадельдің сыртында орналасқан. Әдетте қала қабырғаларының геометриялық тұрғыдан дұрыс құрылымы және кейде көшелердің орналасуы болды.

    Цитадель (итал. cіttadella — шағын қала) — қорғанның бекініс құрылыстармен қоршалған орталық бөлігі. Ортағасырлық қалалардың ішінен тұрғызылатын бекініс құрылысы. Әдетте қамал қабырғаның ішінде орналасқан билеуші сарайы, әкімілік және діни ғимараттар осы цитадельдің ортаңғы өзегін құрайды.

    Ауыспалы мағынасында — тірек, кіндік, негізгі табан тірер орын.

    Байырғы қалалардың ішінен тұрғызылатын бекініс құрылысы.

    2.Қола дәуірінде Қазақстан жерінде орын алған өзгерістерді анықтаңыз.

    Қазақстан жерін мекендеген қола дәуірінің тайпалары рулық-тайпалық құрылымда өмір сүрген. Кейінгі қола дәуірінде басталған алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы уақыт өткен сайын күшейе түскен. Жекелеген отбасылардың байлығы өскен сайын, олардың қоғамдағы билігі арта түсті. Қауым ішінде мал-мүлік теңсіздігінің шығуы орныға келе, әлеуметтік теңсіздік туды.

    1946 жылы Әлкей Марғұлан бастаған археологиялық экспедиция қола дәуірін жоспарлы зерттеуді бастады. Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекендерінен көптеген қола ескерткіштері табылды. Кейінгі қола дәуіріне жататын бұл кезең Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталды.

    Бұл мәдениетте үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленетін зираттардың орнына бір адам ғана жерленген құрылыстар пайда болған.

    Қауым мүшелерінің арасынан малы көп байлар, басқыншылық соғыспен байыған қолбасылар шыға бастады. Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді. Жеке меншік – малға, ал жерге – қауымдық, рулық меншік болды.

    Алтыннан жасалған бұйымдардан бір жарым орамды алтын сырғалар кездеседі. Оны әйелдер самай шашына қыстыратындықтан, самай сырға деп аталады.

    Сонымен бірге, андрондықтар әр түрлі жыртқыш аңдардың тісінен мойындарына тұмарша таққан.

    Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын қыш құмыралардың ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс болып келген. Құмыраларда тарақ жүзді және үзік сызықты үшбұрышты өрнектер көп кездеседі.

    Мал басының артуына байланысты жайылым жиі ауыстырылды. Жайылым қажеттілігі малшыларды бір жерден екінші жерге көшіп отыруға мәжбүр етті. Осыдан жартылай көшпелі мал шаруашылығы шықты. Қоныстар малшылардың қыстауына, егіншілік шаруашылықтың көмекші түріне айналды.

    Тебіндеп жайылуға байланысты қой мен жылқы саны артып, ірі қара азайды. Қой, жылқы түліктерінің көбеюі үй маңындағы бақташылықтан алысқа көшіп бағу әдісіне әкелді. Мал шаруашылығының дамуында жылқыны мініске үйретудің, күш-көлік ретінде пайдаланудың орны ерекше болды.

    Қола дәуірінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары – абыздар пайда болды.

    3. «Зар заман кезеңі қазақ мемлекеттілігі үшін күрес болды» деген пікірмен келісесің бе? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

    «Зар заман» ақындары шығармаларындағы негізгі ортақ идия-ел бірлігі мен мемлекет тұтастығы: «Біз бірлік-берекеден айырылып барымыз «бүйте берсен құримыз», -деп қайғы-мұңға берілу сарына да байқалды. Олар отыршылдықты айыптап, қазақтарды ұлттық санасынан, халықтың болмыс бітімнен ажырамауға, салт дәстүрді бұзылмаған қалпында сақтауға үнднді.
    11-билет

    1. «Жатақтар», «Дың ескерткіштері» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

    Жатақ — дәстүрлі қазақ қоғамындағы көшіп-қонатын күш көлігі болмағандықтан, үнемі қыстауда немесе қала маңында тұрып күн көрген кедейлердің ерекше әлеуметтік тобы. Бұл сөз алғаш рет Махмұт Қашқаридың (11 ғасыр) “Диуани лұғат ат-түрк” еңбегінде “ятуқ” түрінде кездеседі. Қашқари бұл сөзге “ғұндардың қалада тұратын, басқа жерге көшпейтін бір бөлігі” деп түсінік берген. Ал дәстүрлі қазақ қоғамындағы Жатақтар егіншілік, балық аулау, қолөнер, т.б. ұсақ кәсіппен айналысқан. Олар байларға, шекараға жақын маңдағы казак-орыстарға жалданып күнелткен. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап олардың арасынан оқыған, дәулетті адамдар да шыға бастады. Жатақтар кейін басқа әлеуметтік топтарға сіңіп, жұмысшы, қызметші, кенші, мұнайшы тәрізді түрлі кәсіп иелеріне айналған.

    Дың– қола дәуірінің сәулет өнеріне тән, өңделмеген тақтатастан қаланған, шеңберлі құрылыстар атауы. Тастарды әріп қалау үшін балшық пайдаланған. Есік ойығы, әдетте, шығысқа бағытталып, маңдайшадан жоғары бүрмелеп қаланған. Дыңның жақсы сақталып, бүгінгі күнге жеткен бір үлгісі - Қостанай облысы Амангелді ауданы Екідың ауылы маңында орналасқан Екідың ғимараттары

    2. Не себепті археология ғылымы Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеуде ерекше маңызға ие?

    Қазақстанның шексіз территориясында ежелгі заманда мекендеген тайпалар мен халықтардың палеолит дәуірінен бергі тарихын көрсететін бай археологиялық ескерткіштер көп.

    Бұл ескерткіштердің маңызы өте зор, өйткені бізге жеткен жазба әдебиеттер көп нәрсенің бетін аша алмайды. Ерте замандағы Қазақстанда мекендеген тайпалардың сол кездегі Сібір,Орта Азия, Еділ бойы,Олармен карым-катнасы болған Қазакстанның археологиясын зерттемей оның тарихын, мәдениетін, этногенезін зерттеу МҮМКІН емес. Совет үкіметі кезіндегі археологиялық зерттеулер революцияға дейінгі археологиялық рттеулерге негізделген Археологиялық ескерткіштер жайыдағы алғашқы мәліметтер 1701 жылы Семен Ремезев шығарған "Сібірдің чертеж кітабы мен Чертежная книга Сибири 1937 жылы бұл материал кайта жарық көрген оған коса берілген атласта көрсетілген. Бұл Қазақстан археологиялық ескерткіштерін картаға түсірудің бастамасы еді. Бұдан кейінгі мәліметтер Ресей Ғылым Академиясы СОЛТҮСТІК экспедициясының есептерінде берілген.

    3. «Шоқанның саяси көзқарастары Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың жалғасы». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

    1862 жылы өз халқына пайдасын тигізуді ойлап, Атбасар округі бойынша аға сұлтан болып сайлануға кандидатурасын ұсынды. Патша үкіметінің жергілікті өкілдері оның аға сұлтан болуына кедергі жасап, түрлі сылтаумен бекітпей қояды. Осы туралы Шоқан Уәлиханов 1862 жылы қазанда досы, белгілі орыс жазушысы Ф.М. Достоевскийге хат жазады: «Халқыма пайдамды тигізу үщін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктер мен қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім- өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді. Болысты төңіректеген ұлықсымақ мырзалар мен приказнойлар маған түгелімен қарсы болды. Неге өйткенін білесің бе? Мен аға сұлтан болсам, болыс әкімдері аға сұлтандардан алатын мыңдаған ақшасынан айырылар еді, приказнойлар аяғын аңдап басып, ел аралап тентіреп кеткен болар еді. Байқайсың ба, бұл шенеуніктер үшін «болу не болмау» сияқты нәрсе. Шенеуніктер байлар мен баққұмар қырғыздарды (қазақтарды) маған өшіктіріп, «Уәлиханов аға сұлтан болса, сендерге сор болады, ол теңдік деген ұғымды ұстаған адам... Құддайға сенбейді. Мұхаммед пайғамбарға өш», - деп өсек таратты».
    12-билет

    1.«Мұртты обалар», «патша қорғандары», «шошақ бөрік киетін» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

    Мұртты обалар – ерте темір дәуірінен сақталған ескерткіштер (б.з.б. 7–4 ғасырлар). Толық емес мәліметтер бойынша Қазақстанда 300-ден астам мұртты обалаға жататын ескерткіш тіркелген. Оларды Ә.Х.Марғұлан, К.Ақышев, М.П.Грязнов, Ә.Оразбаев, М.Қадырбаев, С.М.Ақынжанов, Ф.Арсланова, С.С.Сорокин, А.Бейсенов, А.Таиров, С.Г.Боталов, т.б. зерттеді. Оның негізгі бөлігі (80%-дан астамы) Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінің жәдігерлері. Қалғандары Шығыс Қазақстан жерінде шоғырланған. Мұртты обалар Сарыарқаның ерте темір дәуіріндегі тасмола мәдениетінің ғұрыптық ескерткіштері болып саналады

    2. Мерзімді басылымдардың қоғамдық-саяси ойды жаңғыртудағы рөлін түсіндіріңіз.

    1910 жылы қазақ зиялы қауымының көзқарастарын білдірген алғашқы журналдар мен газеттер пайда болды. 1911-15 жылдары М.Сералин шығарып тұрған "Айқап" журналы қазақ прозасының орнығуында үлкен рөл атқарды. Журнал қазақ кедейлерінің мүдделерін қорғады, халықты оқу-ағартуға прогресске шақырды. Ұлттық сананың қалыптасуында 1913-18 жж Бөкейхан мен Байтұрсынұлы, Дулатовтар шығарып тұрған "Қазақ" газетінің маңызы орасан зор болды.

    3.«Отырықшылар менкөшпелілер өзара қарым-қатынас жасауға мүдделі болды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

    Мен бұл тұжырыммен келісемін. Көшпелілер мен қала халқы шаруашылық-экономикалық байланыстар арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты.Көшпелілер отырықшы қала тұрғындарына мал,ет, жүн,киіз,май, тері, әшекейлер мен қару-жарақтарды ұсынып отырған.Оларды отырықшы халық Жібек жолы тармақтары арқылы көрші елдерге тасымалдыған. Көшпелілер мен отырықшылар арасында сауда айырбасы қала төңірегіндегі жәрмеңкелерде өткізілді. Қалалар арқылы да дала тұрғындарына тіл, дін, жазу, салт-дәстүрлер,өнер мен қолөнер үлгілері таралды. Дала көшпелілеріне ислам,неостриандық,христиан, буддизм діндері тарады.
    13-билет

    1. «Алаш», «петиция», «Алаш қозғалысы» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

    Алаш (ежелгі түркі сөзі – бауырластар, қандастар, туыстар) – көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым. «Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш» деген қазақ халқы тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымын бостандық пен бірліктің ұраны етіп алған.

    Петиция (лат. petitio – сұрау) – ұжымдық үндеу (талап, тілектер, өтініштер). Мемлекет басшысына немесе жоғары өкімет органына көпшілік атынан тапсырылатын жазбаша өтініш.

    Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық күрес.

    2.Әскери коммунизм мен жаңа экономикалық саясаттың ерекшеліктерін анықтаңыз.

    1919 жылы Кеңес өкiметi әскери коммунизм саясатын кабылдады . Онын негiзгi мақсаты азык - түлiк салғыртын » енгiзу еді . Мемлекет пайдасына және соғыс кажеттiлiгiне ауылшаруашылығының « артық » өнімдері алынатын болып белгіленді . Кеңес үкіметі бұл саясатты төтенше жағдайда өткір тұрган азық - түлiк мәселесін шешу керектігінен деп түсіндіріп келді . Артык азық - түлікті тартып алу , әрине , шаруалар наразылығын тудырып , еңбек нәтижесіне деген ынтасын түсірді.

    Әскери коммунизм саясатынан жана экономикалык саясатка кешу бағдарламасы бойынша өндiрiс орындарын мемлекеттік меншікпен қатар , жекеменшік иелігіне беру мүмкіндіктері ашылды . Меншіктің түрлерiне , жекеменшікке де рұксат берiлгенiмен , іс жузiнде Кеңес үкіметі экономикаға өзiнiн бақылауын жүргiзудi токтатпады . жана экономикалық саясат азық - түлік салғыртын азық тулiк салығымен алмастырды . Оның басты айырмашылығы мемлекетке тапсыратын азык - түлiк салык мөлшерi нақты белгiленiп , өнімнің артығын өз еркімен пайдалануға , сатуға рұқсат етiлдi . Осыған байланысты ендi шаруалар енбек өнімділігін арттыруға ынталы болды .

    3.«Қазақстан – Ұлы Дала елі». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

    Қазақстан – Ұлы дала елі. Ұлы далада біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген. Біз – көк аспан мен шексіз жасыл даланы мекендеген Ұлы даланың балаларымыз. Ұлы даланың табиғаты қоңыржай. Мұнда қазба байлықтар да, бидай да барЕлімізде төрт климаттық аймақ бар: дала, орманды-дала, шөлейт және

    шөл аймақтар. Қазақстан – далалы ел. Дала бүкіл жер көлемінің 26%-ын алады. Жазы ыстық, қысы өте суық. Мұнда негізінен суарылмайтын бидай өсіріледі. Қара топырақты орманды-далалы аймақ жер көлемінің 0,4%-ын алады.Егіншілік жақсы дамыған. Мұнда суарылмайтын жаздық бидай өсіріледі.

    Шөлейт жер көлемінің 10%-ын алады. Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын өте аз, көктемнің аяғы мен жаздың басында жауады. Жазы ыстық, қысы суық, ашық аязды күндер көп болады. Жазда өзендердің көбінің суы құрғайды. Шөл дала жер көлемінің 44%-ын алып жатыр. Шөлдің ең үлкені – Қызылқұм. Жердің бедері мен құмның түсі қызғылт сарғыш. Климаты құрғақ.

    Онда жазда аптап ыстық, ауызсу жоқ. Ылғал мөлшері өте аз. Сондықтан өзен бойына суармалы күріш, тез пісетін арпа егіледі.
    14-билет
    1   2   3   4


    написать администратору сайта