1 Блім. Бухгалтерлік есепті негіздері бойынша тапсырмалар
Скачать 185.1 Kb.
|
Тапсырма 19. Негізгі құралдардың амортизациясын қалдықты азайту әдісі арқылы есептеу «А» ЖШС-гі 3 360 000 тг тұратын., оның ішінде ҚҚС 360 000 теңге, құрал жабдық сатып алды. Жойылу құны – 300 000 теңге. Пайдалы қызмет ету мерзімі – 4 жыл. Қажет: Қалдықты азайтуәдісі арқылы амортизацины есептеу; Амортизация нормасы (А.н.) . . . Екі еселенген амортизация нормасы (А.н.n) . . . Амортизацияны есептеу
Есепте берілген операцияларды көрсету. Шаруашылық операциялар журналы теңге
Тапсырма 20. Негізгі құралдардың амортизациясын өндірістік әдіс арқылы есептеу «Б» ЖШС-гі «Сагиев А.С.» жеке кәсіпкерден, қызметкерлерді жұмыс орнына жеткізіп отыру үшін 790 000 теңге, ҚҚС-сыз, тұратын микроавтобус сатып алды. Жойылу құны – 60 000 теңге. Сонымен қатар, белгілі: Жүрісі – 480 000 км; Маусым айындағы жүрісі – 800 км. Қажет: Өндірістік әдіс арқылы маусым айындағы амортизацияны есептеу; Есепте берілген операцияларды көрсету. Шаруашылық операциялар журналы теңге
Тапсырма 21. Негізгі құралдардың есептен шығарылуын анықтау «А» ЖШС-гі 2012 жылдың маусым айында тозуына байланысты өндірістік жабдығын есептен шығарды. Жабдық пайдалануға 1997 жылдың наурыз айында берілді. Белгілі: Бастапқы баланстық құны – 3 000 000 теңге; Жойылу құны – 300 000 теңге; Пайдалы қызмет ету мерзімі – 18 жыл; Амортизация есептеу әдісі - бірқалымты түзу сызықты; Жұмысшыларға жабдықты бөлшектегені үшін еңбекақы есептелді – 26 000 теңге; Жұмысшылардың еңбекақысынан әлеуметтік салық есептелді – 1 404 теңге; Жұмысшылардың еңбекақысынан әлеуметтік аударымдар есептелді – 1 170 теңге; Қоймаға жабдықты бөлшектегеннен лом, құрлыс материалдары кірістелді – 520 000 теңге. Қажет: Берілген операцияларды есепте көрсетіңіз: Шаруашылық операциялар журналы теңге
Активті есептен шығару нәтижесін анықтау ((+) пайда / (-) зиян). Тапсырма 22. Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі Қажет: Төменде келтірілген берілгендер бойынша еңбекақыдан ұсталымдарды және берілетін соманы есептеу. Менеджер: оклад – 120 000 теңге; мамыр айындағы жұмыс күндері – 20 күн; жұмыс істеген күндері – 18 күн. Есептелгені . . . МЗЖ . . . ЖТС . . . Төленуге тиісті сома . . . Сауда агенті: Сауда табысынан пайыздар - 3%; Сыйақы – жоспар орындағаннан 5%; Мамыр айындағы тауарайналымы бойынша жоспар – 3 200 000 теңге; Нақты тауар айналысы – 3 400 000 теңге. Есептелгені . . . МЗЖ . . . ЖТС . . . Төленуге тиісті сома . . . Қауіпсіздік техникасы бойынша инженер Оклад – 100 000 теңге; Мамыр айндағы жұмыс күні – 20 күн; Еңбек шарттарын өзгерусіз нақты жұмыс істеген күндер саны – 20 күн; Демалыс күндері жұмыс – 3 күн. Есептелгені . . . МЗЖ . . . ЖТС . . . Төленуге тиісті сома . . . Тапсырма 23. Қызметкерлермен еңбекақысынан аударымдарды есептеу: әлеметтік салық және әлеуметтік аударымдар Қажет: 22 –тапсырманың берілгендері бойынша жұмысшылардың еңбекақысынан әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдарды есептеу. Тапсырма 24. Уақытша еңбек жарамсыздығы бойынша жәрдемақы есептеу Компанияның қызметкері – менеджер, бойынша келесі ақпараттар белгілі: оклад – 80 000 теңге; мамыр айындағы жұмыс күндері – 20 күн; жұмыс ісетегені – 15 күн; 2012-жылдың мамырдың 17-нен 23-не дейін еңбекке жарамсыз болды, сырқаттық қағазын ұсынды; Ұйымда 2009-жылдың 10-наурызынан бастап жұмыс істейді; Есептеу кезеңінде толығымен жұмыс істеді. Қажет: 2012-жылдың мамыр айының еңбекақысын және уақысша еңбек жарамсыздығы бойынша жәрдемақысын есептеу. Есептеу кезеңі бойынша еңбекақы қоры
|