1 Блім. Бухгалтерлік есепті негіздері бойынша тапсырмалар
Скачать 185.1 Kb.
|
Тапсырма 13. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі: қорлардың өзіндік құнын анықтау «М» ЖШС-гі келесі материалдарды сатып алды:
ҚҚС-ті есепке алғандағы, материалдар құны (12%) – 2 016 000 тенге. «С» ЖШС-не аударылды – 2 016 000 тенге. Жеткізу бойынша шығындар – «Азимов К.Н.» жеке кәсіпкерге жүкті жеткізгені үшін ҚҚС-сіз 9 000 тенге төленді. Қажет: Қорлардың өзіндік құнын анықтау. Берілген операцияларды есепте көрсетіңіз. Шаруашылық операциялар журналы теңге
Тапсырма 14. Орташа құн әдісімен ТМҚ-ды бағалау «Б» ЖШС жиһаз жасайды және ТМҚ-ның есебін жүргізу кезінде орташа құн әдісін пайдаланады. Белгілі: Қоймадағы 2012 жылдың 1-маусымына материалдардың қалдығы (ДСП ағашы) – 100 кв. М 1500 тг/кв.м бағасы бойынша; 2012 жылдың 5-маусымында 1-партия келіп түсті – 80 кв. М 1600 тг./кв. М бағасы бойынша (ҚҚС-сіз құны); Жиһаз цехына 2012 жылдың 6-маусымына 160 кв.м есептен шығарылды; 2012 жылдың 7-маусымында 2-партия келіп түсті – 50 кв. м 1708 тг./ кв. м бағасымен; 2012 жылдың 8-маусымында 60 кв.м есептен шығарылды. Қажет: Өндіріске босатылған қорлардың өзіндік құнын анықтаңыз. Есепте берілген опреацияларды көрсетіңіз. Шаруашылық операциялар журналы теңге
Тапсырма 15. ФИФО әдісімен ТМҚ-ды бағалау «А» ЖШС-гі су мөлшерін есептеуіш құрылығыларды сатумен айналысады. ТМҚ-ды есебін жүргізу кезінде ФИФО әдісін қолданады. Белгілі: 1-маусымдағы қоймадағы тауарлар қалдығы – 10 дана 2 200 теңге бағасымен; 2-маусымда 1-партия келіп түсті – 50 дана 2400 теңден; 3-маусымда тұрғындарға қолма қол ақшаға 16 дана сатылды; 4-маусымда 2-партия келіп түсті – 70 дана 2500 теңге бағасымен; 5-маусымда ұйымдарға 58 дана сатылды. Қажет: Өндіріске босатылған қорлардың өзіндік құнын анықтаңыз. Есепте берілген опреацияларды көрсетіңіз. Шаруашылық операциялар журналы теңге
Тапсырма 16. ТМҚ-ды бағалаудың әдістерінің нәтижесін өзара салыстыру «И» ЖШС-гі сауда ұйымы тұрғындарға қолма қол есеп айырысу жолымен 40000 теңге құнымен, ҚҚС-сыз тауар өткізеді. Белгілі: Ай басындағы қоймадағы тауар қалдығы - 10 дана 20 000 теңге құнымен; Ай бойы келіп түскен тауарлар: 1-партия – 80 дана 25 000 теңге баға бойынша, ҚҚС-сыз; 2-партия – 60 дана 24 000 теңге баға бойынша, ҚҚС-сыз; 3-партия – 50 дана 26 000 теңге баға бойынша, ҚҚС-сыз; Ай соңындағы қоймадағы тауарлар қалдығы – 13 дана. Қажет: Оташа құн және ФИФО әдістері арқылы өткізілген тауарлардың өзіндік құнын анықтау. Төменде көрсетілген көрсеткіштер бойынша әр түрлі әдістер арқылы өзіндік құнды бағалаудың нәтижелерін салыстыру. Әр түрлі әдістер арқылы өзіндік құнды бағалаудың нәтижелерін салыстыру
Тапсырма 17. Негізгі құралдар есебі. Негізгі құралдардың бастапқы құнын бағалау «Б» ЖШС-гі 1 120 000 теңге, оның ішінде ҚҚС 120 000 теңге тұратын өндірістік құрал жабдық сатып алды. Жеткізу бойынша шығындары 33 600 теңгені, оның ішінде ҚҚС 3 600 теңгені құрады. Монтаж бойынша және орнату бойынша шығындар – жұмысшыға еңбекақы есептелді – 24 000 теңге. Қажет: Берілген операцияларды есепте көрсету. Құрал жабдықтың бастапқы құнын анықтау. Шаруашылық операциялар журналы теңге
Тапсырма 18. Негізгі құралдардың амортизациясын құнды біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі «М» ЖШС-гі 156 800 теңге тұратын, оның ішінде ҚҚС 16 800 теңге, компьютер сатып алды. Жойылу құны – 0. Пайдалы қызмет ету мерзімі – 2,5 жыл. Қажет: Біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі арқылы амортизация есептеу; Амортизациялық аударымдар нормасын есептеу; Есепте берілген операцияларды көрсету. Шаруашылық операциялар журналы теңге
|