КИП книга каз. 1 блім физикалы шамаларды лшеуді техника негіздері
Скачать 6.26 Mb.
|
1.7 Өлшеу нәтижелерін жазу түрлері Өлшеу нәтижесі физикалық шаманың өлшенген мәнінен бөлек қателік мәні де әрі қарай көрсетілетін жағдайда қажет. өндірістік өлшеулер әдетте бір-ақ рет жүргізіледі, алынған нәтиже дәлдігін қолданылған өлшеу құралдарының мөлшерленген метрологиялық сипаттамалары бойынша бағаланады. өлшеу нәтижелерінің абсолюттік те, салыстырмалы да қателіктері есептелуі қажет, себебі олардың біріншісі нәтижені дөңгелектеп, оны дұрыс жазу үшін, ал екіншісі оның дәлдігінің бірмәндәк салыстыру сипаты үшін қажет. Жалпы жағдайда қосынды қателік жүйелік және кездейсоқ құраушылардан тұрады: Δ=Δс+ . (1.25) Қателіктер жүйелік және кездейсоқ деп бөлінбегенде, өлшеу нәтижесі (ГОСТ 8.011—72 «өлшеу нәтижелерінің дәлдік және түр көрсеткіші» стандартына сәйкес) x түрде жазылады, Δ Δниж –ден Δверх ,-ке дейін, Р, мұнда х — өлшенетін шама бірлігіндегі өлшеу нәтижесі, Δниж= Δг.ниж, Δверх= Δг.вверх – төменгі және жоғарғы шектері бар өлшеу қателігі; Р — ықтималдық. Физикалық шаманы тікелей өлшеден алынған көпреттік бақылау нәтижелері теңнүктелі деп аталады, егер олар тәуелсіз, кездейсоқ шамалармен бірдей таралған болса. Өлшеу бұл жағдайда бірдей сыртқы жағдайда бір байқаушымен бір өлшеу құралымен бір-ақ рет жүргізіледі. Теңнүктелі өлшеулерде өлшенетін шаманың нақты мәнін дәл бағалау өлшеу нәтижелерінің тобын статистикалық өңдеу жолымен алуға болады. ГОСТ 8.011-72 сәйкес соңғы өлшеу нәтижесі төрт форманың бірімен көрсетіледі: 1) қосынды өлшеу қателігі орналасқан орнатылған ықтималдығы бар интервалмен; 2) кездейсоқ құрам функциясы аппроксимациясына стандартты жүйелік қателік құраушысы орналасқан ықтималдықтағы интервалмен; 3) жүйелік және кездейсоқ қателіктер мен олардың орташа квадраттық ауытқуларының таралу функциясының стандартты аппроксимацияларымен; 4) өлшеу қателіктерінің жүйелік және кездейсоқ қателіктерінің таралу функциясымен. Өлшеу нәтижесін көрсету формасын таңдау өлшеу түрі мен олардың нәтижесін пайдалану сипатымен анықталады. Өлшеу мен қателік нәтижелерін жазу кезінде өлшеу нәтижесі мен қателік мәндерінің кіші сандық разрядтары бірдей болуы керек. Бақылау сұрақтары 1. өлшеудің негізгі түрлері мен әдістерін атаңыз. 2. «өлшеу» операциясының «бақылаудан» негізгі айырмашылығын көрсетіңіз 3. өлшемнің эталоннан қандай айырмашылығы бар? 4. қандай физикалық шама эталондарын білесіз? 5. өлшеу кезінде қандай негізгі операциялар орындалады 6. өлшеу әдісіне анықтама беріңіз 7. өлшеу қателіктерінің жіктелуі 8. өлшеу құралдарының жіктелуі. 9. құрал шкаласының бөліну бағасын қалай анықтайды? 10. түрллі өлшеу құралдары үшін дәлдік класы қалай белгіленеді? 11. құралдың дәлдік класын не сипаттайды? 12. жүйелік қателіктердің пайда болу себептері. 13. таралу заңының сандық сипаттамалары. 14. өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары бойынша өлшеу нәтижесі қалай бағаланады? 2 БӨЛІМ ЭЛЕКТРЛІК ЕМЕС ШАМАЛАРДЫ ӨЛШЕУ 2.1 Өлшеу түрлендіргіштерінің негізгі сипаттамалары Өндіріске мехнаизациялау мен комплекстік автоматизацияны ендіру физикалық шамалардың түрлі параметрлерін өлшеу және бақылаумен байланысты технологиялық процестерді тез және дәл бақылауды қажет етеді. Әсіресе электрлік емес шамалардың үлкен көлемін металлургиялық, химиялық және тігін салаларында өлшеп, бақылауды талап етеді. өлшеу техникасының дамуы электрлік емес шамаларды өлшеу әдістерінің ішінде электрлік әдістер жақсы ерекшеліктерге ие, себебі ол төмендегілерді қамтамасыз етеді: • өте аз шама сигналдарын өлшеу мүмкіндігі – электрондық күшейткіштерді қолдану басқа тәсілдермен өлшеуге мүмкін емес сигналдарды өлшеуге мүмкіндік береді; • өлшенген шаманы қашықтыққа беру мүмкіндігі, соған байланысты түрлі процестерді дистанциялық басқару мүмкіндігі; • жоғары дәлдік пен өлшеу жылдамдығы; • электроөлшеу құралдарымен унифицирленген автоматтық құрылғыларды өлшеу және басқаруды жинақтау мүмкіндігі. Кез келген Х электрлік емес шаманы өлшеу үшін (температура, қысым, сұйық шығыны, жылдамдық, орын ауыстыру, үдеу, деформация, діріл, т.б.) оны біріншілік өлшеу түрлендіргішінің немесе датчик көмегімен Y шығыс электрлік шамаға түрлендріеді. Әрі қарай Ү сигналы деңгейі және спектрі бойынша өзгеріске ұшырайтын өлшеу түрлендіргіші тізбегінде бір энергия түрінен екінші түрге түрленеді. Осылайша, электрлік емес шамаларлы өлшеу құралын Х өлшенетін шамасын басқа шамаларға түрлендіретін және ақырында өлшенетін шама мәнін белгілі өлшеу бірлігінде анықтайтын санға (кодқа) түрлендіретін өлшеу түрлендіргіші тізбегі түрінде елестетуге болады. Өлшеу түрлендіргіші - өлшенетін шаманы басқа шамаға немесе өңдеуге, сақтауға, индикациялауға немесе беруге ыңғайлы сигналға түрлендіретін нормативтік метрологиялық сипаттары бар техникалық құрал. өлшеу объектісі көптеген түрлі параметрлерді сипаттайтын күрделі процесс екенін ескере отырып шығыс сигналдың информациялық параметрі ретінде тікелей өлшенетін шаманы немесе өлшенетін шамамен функционалды баланысты шаманы аламыз. Информациялық емес параметр өлшенетін шамамен функционалды байланысты емес, бірақ түрлендіргіштің метролгиялық сипаттамаларына әсерін тигізеді. Түрлендіргіш жұмыс істейтін жағдайларды сипаттайтын және оның қызметіне әсер ететін параметрлер ықпал етуші шама деп аталады. Түрлендіргіштің метрологиялық сипатының өзгеруінің ықпал етуші шаманың немесе информациялық емес параметрдің жұмыс жағдаларында өзгеруіне тәуелділігі ықпал ету функциясы деп аталады. Ықпал ету функциясы формула, график немесе кесте түрінде қалыптастырылады. Түрлену функциясы. Статикалық түрлену сипаттамасы (функциясы) – бұл информативтік шығыс сигнал параметрінің уақыт бойынша тұрақты информативтік кіріс сигнал параметрінен тәуелділігін өрнектейтін байланыс. Оны аналитикалық өрнекпен немесе график түрінде бейнелеуге болады. Аналитикалық түрде түрлену сипаты сыөызты (2.1, а-сурет) немесе сықызты емес (2.1, б,в-сурет) болатын Y=f(X) тәуеллділігі түрінде берілуі мүмкін. Мемлекеттік стандартқа, техникалық шарттарға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес өлшеу түрлендіргішіне жазылатын номинал түрлену функциясы Үном =fН0М(Х) мен шын мәнінде ие болатын шынайы (жұмыс) функциясы ҮР =fр(Х) деп ажыратуға болады. Рис. 2.1. Функции преобразования: а — линейная; 6, в — нелинейные Түрлендіргіштердің динамикалық сипаттамасы информативтік шығыс сигнал параметрінің уақыт бойынша өзгеретін кіріс сигнал параметрлерінен тәуелділігі болып табылады. Динамикалық сипаттамаларға жатады: түрлендіргіштің дельта-функцияға δ(t)реакциясы болып табылатын g(t) импульстік; өтпелі h(t) — бірліктік баспалдақтық сигналға реакция; беріліс функциясы — шығыс шаманың операторлық бейнесінің кіріске қатынасы К(р) = Ү(р)/Х(р); амплитудалық және фазажиіліктік. Түрлендіргіштің динамикалық (инерциялық) қасиеттері түрлену жылдамдығы және түрлену уақыты сияқты түсініктермен сипатталады. Түрлену (өзгеру) жылдамдығы мөлшерленген қателікпен орындалатын уақыт бірлігінде түрлену санымен анықталады. Түрлену (өзгеру) уақыты — түрленудің басынан мөлшерленген қателікпен нәтиже алынғанға дейінгі уақыт. Сезімталдық. Түрлендіргіш сезімталдығы шығыс шама өзгерісінің (информативтік параметр) оның өзгеруін тудыратын кіріс шаманың (информативтік кіріс сигнал параметрі) өзгеруіне қатынасын айтады. Сезімталдық түрлену функциясының туындысына тең S= dY/dX = ΔY/ΔX және түрлену функциясы қисығының кез келген нүктесіндегі жанама иілуінің бұрыштық тангенсімен өрнектеледі. Сызықтық түрлендіргіштер үшін сезімталдық тұрақты және формула бойынша анықталады S= Y/X , (2.1) Ал сызықтық емес үшін әрқашан кіріс сигналға тәуелді. Қателік. Абсолюттік, салыстырмалы және келтірілген қателіктер кіріс және шығыс бойынша анықталады, себебі кіріс және шығыс шамалардың физикалық табиғаты түрлі болады. Кіріс және шығыс бойынша қателіктерді анықтай мәні 2.2,а-суретте бейнеленген. 2.2-сурет қателіктер графигі: а — кіріс және шығыс бойынша; б — аддитивтік; в — мультипликативтік Шығыс бойынша абсолюттік қателік Fp — Х кіріс шаманың бір ғана мәнінде шынайы Fp және номинал Fном түрлену функциялары мәнінің айырымы Δу=Үр-Үном. (2.2) Қателік түрлендіргіштің өзінен пайда болады, сондықтан түрлендіргіш қателігіне сәйкес кіріс сигнал мәнін білу міндетті. Кіріс бойынша абсолюттік қателік ΔХ=Х ном- Х д Мұнда Х д — кіріс шаманың нақты мәні; Х ном — нақты мәнге Х д сәйкес Үном, шығыс шама мәнінде Үном=f ном(Х) номинал түрлену функциясымен анықталатын кіріс шама мәні. Шығыс және кіріс бойынша салыстырмалы қателіктер теңдіктермен анықталады γвых =Δу/Υр және γвых=ΔX/Xд . шығыс және кіріс бойынша келтірілген қателіктер γприв.вых = Δу(Ymax- Ymin) және γприв.вх=ΔΧ(Хmax - Хmin), мұнда Хmax ,Ymax , Хmin , Ymin -түрлендіргіштің кіріс және шығыс шамаларының максимал және минимал мәндері. Қателіктер түрлендіргіштің өзінің қасиеттерімен қоса жұмыс жағдайларына да байланысты (қоршаған орта температурасы мен ылғалдылығы, сыртқы электр және магнит өрістерінің болуы және т.б.). өлшеу түрлендіргіштерінің дәлдігін мөлшерлегенде «қалыпты жағдайларда» жүзеге асатын жіберілетін қателік мәндерінің облысы және ықпал етуші шамалардың өзгеруінен жіберілетін өзгерістер көрсетіледі. Тәжірибеде көбінесе координата басы арқылы өтпейтін сызықты түрлену функциясы бар түрлендіргіштер қолданылады (2.2, б-сурет), Ү р=SX+Y0, (2.4) мұнда Yо — нолдік кіріс мәніндегі шығыс шама мәні. Мұндай шынайы функцияның номиналдыдан ауытқуы Yo ауытқуы және S сезімталдығынан туады. Нолдік кіріс мәнінде номинал емес шығыс шама мәнімен шартталған қателік аддитивтік деп аталады: Δадд=Δу0=Ү0-Ү0ном, (2.5) мұнда Yоном — нолдік кіріс мәндегі шығыс шаманың номинал мәні. Үо өзгергенде түрлену функциясының графигі (6.2, б-суретті қараңыз) өзіне өзі параллель орын ауыстырады, яғни аддитивтік қателік кіріс шамаға тәуелді емес. S сезімталдықтың номинал емес мәнімен шартталған қателік мультипликативтік деп аталады. Негізгі қателіктің мультипликативтік құраушысы болып табылатын сезімталдық қателігі номиналдыға қатысты түрлендіргіштің шынайы сипатының иілу бұрышының өзгеруіне әеп соғады (2.2, в-сурет). Бұл кезде Δм = Y0 - Үном абсолюттік қателік Х кіріс шамаға тәуелді. Мысалы, түрлендіргіштің температуралық жұмыс жағ,дайы өзгергенде оның сезімталдығы ΔS-қа өзгерді және S = Sном + ΔS болды, мұнда Sном — түрлендіргіш сезімталдығының номинал мәні. Сезімталдықтың абсолюттік қателігі бұл жағдайда Δм = [(Sном + ΔS)X + Y0]-[SномX+ Y0] = ΔSX , (2.6) яғни абсолюттік мультипликативтік қателік Х кіріс шамаға пропорционал. 2.2 Өлшеу түрлендіргіштерінің қосылу схемалары Электрлік шамалар алу үшін түрлендіргіштерді қосу схемаларын көбінесе электрлік емес шамаларды өлшейтін құралдардың метрологиялық қасиеттері анықтайды. Бұл құралдарды тура және компенсациялық түрлендіру құралдары деп бөлуге болады. Тура түрлендіру әдісі. Мұндай құралдарда (2.3-сурет) өлшеу нәтижесі өлшенетін шаманың өлшеуіштің қозғалмалы бөлігіне бірнеше рет түрленуінен соң алынады. Мұндай құралдар өте қарапайым, сенімді, бірақ метрологиялық сипаттамалары жоғары емес. Өлшеу түрлендіргішінде Пр Х өлшенетін электрлік емес шаманың Э электрлікке түрленуі жүзеге асады. 2.3-сурет. Тура түрлендіру құралының құрылымдық схемасы Бұл шаманы жалпы жағдайда өлшеу тізбегінде ӨТ бірнеше рет түрлендіруге болады. Содан соң Эi =f(Э) шамасы қажет болғанда күшейткішпен Ус күшейтіледі және Х кіріс шаманың мәнін тіркейтін есептеу құрылғысына түседі. Түрлендіру функциясыөлшенетін электрлік емес шама түрленуінің әр түйіндерінің түрлену функциясын соңғы түйіннің α=f() түрлену функциясына қоюмен алынады және барлық түрлендіргіштердің жинақталған параметрлерінің түрлену функциясына әсерін есептеуге мүмкіндік береді. Сызықтық түрлену функциясына ие тізбектей қосылған түрлендіргіштерден тұратын құрал сезімталдығы мына формуламен анықталады Яғни ол жеке түрлендіргіштер сезімталдығының туындысына тең. Құрал сезімталдығын толығымен ұлғайту үшін схеманың жеке түйіндерінің сезімталдығын ұлғайту қажет. Алайда бұлмен қоса құралдың сыртқы қосымша факторларға (қорек көзінің ауытқуы, қоршаған орта температурасының өзгеруі, т.б.) сезімталдығы да ұлғаяды, бұл құралдың қосымша қателіктерінің пайда болуына әкеледі. Бұл қателіктер қосымша факторлар мен өлшенетін шамаға сезімталдық арасында айырмашылық кіші болған сайын үлкейе түседі. Құралдың толық сезімталдығы тұрақты болуы үшін, яғни оның түрлену функциясы α=f(Х) сызықты болуы үшін, өлшеу түрлендіргіштерінің түрлену функциялары сызықты және тұрақты болуы керек, ал құрал схемасына кіретін жеке өлшеу түрлендіргіштерінің сипатамаларының сызықтығы диапазон бойынша сәйкесуі керек. Бұл кезде әр түрлендіргіштің сезімталдығы сипаттаманың бір жағынан түрлену шегімен, екінші жағынан сезімталдық табалдырығымен шектелетін белгілі бір бөлігінде ғана тұрақты болатынын ескеру қажет. Түрлендіргіштің түрлену шегі — бұл түрлендіргіштің бұзылуынсыз қабылданатын максимал кіріс шама мәні. Түрлендіргіштің сезімталдық табалдырығы — берілген түрлендіргіш көмегімен табылатын кіріс шама мәнінің минимал өзгеруі. Түрлендіргіштері тізбектей қосылған құрал үшін абсолюттік қателік оған кірген барлық түрлендіргіш қателіктерінің шығысына есептелген алгабралық қосындысына тең: Мұндай құрал үшін келтірілген қателік құраушылардың келтірілген қателіктерінің қосындысына тең: γпр= γпр.Пр+ γпр.ИЦ+ γпр.Ус+ γпр.ОУ, (2.7) ал құраушылар арасында корреляция болмаған жағдайда келтірілген орташа квадраттық қателік төменгі формуламен анықталады (2.8) Айтылғандардан көрініп тұрғандай. Х электрлік емес шама қателігі барлық тізбектей қосылған түрлендіргіштер қателігіне тәуелді. Құралдарда дифференциалдық қосу схемасын қолдану (2.4-сурет) құралдардың метрологиялық сипаттамаларын жақсартады. Мұндай схемалар негізін шегергіш түрлендіргіш құрайды, оның екі кірісі бар, шығыс шамасы екі аттас сигналдар айырымының тақ функциясы болып табылады Э = F(Э1 - Э2). Мұнда тізбектей қосылған бірдей жұмыс жағдайында жұмыс істейтін екі өзінше канал бар, олардың бірі жұмыс түрлендіргішке Пр1, екіншісі жұмыс істемейтін түрлендіргішке Пр2 қосылған. Пр1 және Пр2 түрлендіргіштерінің кірісіне түсетін Х1 және Х2 электрлік емес шамалары Э1 және Э2 электрлік сигналдарға түрленеді және шегеруші түрлендіргішке Пр3 түседі. Э = Э1- Э2 сигналы шегеруші түрлендіргіш шығысынан әрі қарай түра түрлендіру тізбегімен жүреді. 2.4-сурет. Дифференциалдық түрлендіргіші бар құралдың құрылымдық схемасы Дифференциалдық схема қасиеттерін жалпы түрде қарастырайық, Пр1 және Пр2 түрлендіргіштері (2.4) түріндегі түрлену функциясына ие деп аламыз Υ1=SX1 +Y0; Y2=SX2+ Y0. (2.9) Сонда дифференциалдық түрлендіргіштің түрлену функциясы мына түрде жазылады Y = Y1 -Y2 = S(X1 -X2).(2.10) Түрлендіргіштердің дифференциалдық қосылу схемасының жұмысын екі режимде қарастырайық. 1. Х1 = Xболсын, ал Х2 — мәні тұрақты аттас физикалық шама. Сонда түрлену функциясы Y=SX тәуелділігі болады, ал оның сезімталдығы бір каналдың сезімталдығына тең Sд = dY/dX= S. Екінші канал бұл жағдайда құралдың жұмысы кезіндегі өзгерістермен байланысты қателікті өтеуге қолданылады. 2. алдын ала түрленген өлшенетін шама екі каналға бір уақытта әсер етсін, бірақ қарсы фазада Хо = cons болғанда. X1= X0 + X; X2= X0 - X. Бұл жағдайда түрлену функциясы Y=2SX, (2.11) Ал оның сезімталдығы Sд бір каналдың сезімталдығынан екі есе үлкен болады: Ѕд=2Ѕ (2.12) және бұл қатынастар өлшенетін шама Х кіші болған сайын жақсы орындалады. Диффференциалдық түрлендіргіш қателігін қарастырайық.. Пр1 және Пр2 түрлендіргіштері аддитивтік қателікке ие болсын. Бұл кезде былай жазуға болады Υ1 = SX1 + ΔY; Y2 = SX2+ ΔY. Екі каналдың қателіктері ΔY тең деп есептеуге болады, себебі каналдар бірдей және бірдей жағдайда орналасқан. (2.10) өрнегінен дифференциалдық функция үшін екі каналдың да аддитивтік қателіктері өзара өтелетінін көрінеді. Кіріс сигнал Х деңгейінен тәуелді мультипликативтік қателік өлшенетін шама кіші болған сайын кішірейеді, жоғарылаған сайын түрлену функциясының сызықтылығы тұрақтанады. Екінші режимде дифференциалдық түрлену схемасы функциясының сызықтығы өте жоғары және Х кіші болғанда Пр1 және Пр2 түрлендіргіштерінің түрлену функциясының сызықтығы көрінеді. Компенсациялық түрлену әдісі. Мұндай құралдарда (теріс кері байланысты қолданғанда) аддитивтік те, мультипликативтік те қателіктерді азайтуға болады. Кері байланысты қолдану шығыс қуаты үлкен статистикалық және динамикалық қателіктері бар құралдар алуға мүмкіндік береді. Мұндай құрал схемасы 2.5-суретте көрсетілген. Оның түрленуінен кейін кіріс электрлік емес шама X екінші кірісіне шығыстан алынатын кернеу Uк түсетін шегеруші түрлендіргіштің бірінші кірісіне электрлік сигнал Uх түрінде түседі. 2.5-сурет компенсациялық түрлендіргіші бар құралдың құрылымдық схемасы Компенсациялық тізбек ΔU айырым өте аз болатындай күшейткіштің Ус шығыс кернеуі болып іске қосылады. өлшенетін электрлік емес шаманың өлшемі болып компенсациялық тізбекке әсер ететін шама Увых алынады. ОУ өлшуіші бұл жағдайда механикалық құрылғы болады, мысалы, көпір тізбегіне немесе компенсаторға қосылған реохорд. Жалпы өлшеу қателігі тек Пр өлшеу түрлендіргіші қателігінен, өлшеу және компенсациялық тізбектен құралады. Осы түйіндердің қателігін болдырмау өлшенетін электрлік емес шамаларды өтейтін құралдарда жүзеге асырылады (2.6-сурет). 2.6-сурет қателіктерді бөлшектеп компенсациялау құрылғысының құрылымдық схемасы Мұнда кері түрлендіргіш КТ шығыс электрлік шаманы У Х өлшенетін шамамен біртектес электрлік емес шамаға Хк түрлендіреді. Э электрлік шамаға түрленген және күшейткішпен күшейтілген Х және Хк (ΔХ) арасындағы айырым қорек көзімен ҚК байланысты реттеуші құрылғыға РҚ әсер етеді. Нәтижесінде өлшеуіш пен кері түрлендіргішке электрлік емес шамаға түрленген электрлік шама У беріледі, Х өлшенетін шаманы компенсациялайды. Сонымен, тура түрлендіру тізбегі кері түрлендіргішпен қамтылады және ΔХ<<Х кезінде барлық түрленетін түйіндердің қателігі жойылады. Алдыңғы жағдаймен салыстырғанда мұнда тура түрлену қателігінің орнына кері түрлену қателігі пайда болды. 2.5-суреттегі схемадан 2.6-суреттегі схемаға өткенде кері түрлену қателігі тура түрлену қателігінен аз болғанда ғана ұтамыз. Кері байланысты құралдарда кері байланыс түрлендіргіші ролін жоғары дәлдікті қарапайым құрылғылар атқарады. Бұл кезде құралдың өзі жоғары дәлдікке ие. Электрлік емес шамаларды электрлік әдістермен өлшеудің көпшілігі 0,5... 1,0%-тен кіші жіберілетін қателікті қажет етпейді, себебі түрлендіргіштердің өзінің қателіктері өте үлкен болады. Бірақ өлшеу құрылғысы шкаласы бойынша шаманы тікелей тез өлшейтін жай құралдарды қажет етеді. Электрлік емес шамаларды өлшеу жұмыстарында көпірлік және компенсациялық схемалар қолданылады. Түрлендіргіштерді көпірлік схемаларға қосу. Көпірлік схеманың сезімталдығы түрлену функциясының сызықтығына талаптарға байланысты түрлендіргіштерді көпірлік схамаларға қосудың үш әдісін бөлуге болады (2.7-сурет). Көпірдің бір иығына қосылған түрлендіргіші бар көпір (Rпр=R1) (2.7, а-сурет). Бұл жағдайда симметрия кезінде R1=R2, R3=R4 және жағдайлар орындалғанда гальванометрдегі ток көпірінің жұмыс режимі тиімді. (2.13) 2.7-сурет. Түрлендіргіштерді көпірлік схемаға қосу тәсілдері: а — көпірдің бір иығына; б — қарама-қарсы иықтарға; в — екі көрші иықтарға Бұл теңдеуден көрініп тұрғандай түрлендіргіштерді осылай қосу кезінде түрлену функциясының 2...3%-ге жететін бейсызықтығы орын алады (ε= ΔR1/R1 алымы мен бөліміне кіреді). Қарама-қарсы иықтарға қосылған екі жұмыс түрлендіргіштер көпірі (Rпр= R1 = R4,). (2.7,б-сурет). Бұл қосу схема сезімталдығын арттыру қажет болғанда қолданылады. Шынында, гальванометр бағдарының ауытқуы R1R4 – R2R3 айырымына пропорционал. Егер R1 және R4 кедергілері бір шамаға ұлғайса, онда схема сезімталдығы бір жұмысшы түрлендіргіші бар схемаға қарағанда екі есе өседі. Мұндай қосу кезінде температуралық қателікті өтеу үшін жұмыс істемейтін түрлендіргіштердің екі иығына қосу қажет болады. Жұмысшы түрлендіргіштерді қосудың кемшілігіне түрлену функциясының бейсызықтығы жатады. R1R4 = R2R3, R1 = R2 = R3 = R4= R және ΔR1=ΔR4 кезінде гальванометрдегі ток күші мына формуламен анықталады (2.14) Осы теңдеуден көрініп тұрғандай, бұл жағдайда алдыңғы жағдайға қарағанда бейсызықтық әлдеқайда үлкен. (7.....10 %). Көпірдің екі көрші иығына қосылған екі жұмысшы түрлендіргіші бар көпір (Rпр= R1 = R4) (2.7,в-сурет). Бұл түрлендіргіштер дифференциалдық типті болады. Екі кедергі (белсенді, реактивті немесе толық) электрлік емес шама әсерінен қарама-қарсы таңбамен өзгереді. Сонда гальванометрдегі ток айырымға тең: IГ =c[(Rl+ΔR2)R4-(R2-ΔR2)R3], мұнда с – пропорционалдық коэффициенті. Бұл жағдайда бір иықты қосу жағдайымен салыстырғанда схема сезімталдығы екі есе ұлғаяды. Бір мезгілде температура да өтеледі. Тиімді жағдайлар орындалғанда төмендегіні аламыз (2.15) мұнан дифференциалдық түрлендіргіші бар құрал шкаласы алдыңғы екі схемаға қарағанда үлкен сызықтыққа ие екені көрініп тұр. Бейсызықтықтың максимал дәрежесі 0,5% шамасында болады. Сонымен, түрлену функциясының бейсықтығы аз болғанда көпірлік схеманың үлкен сезімталдығын алу үшін дифференциалдық түрлендіргішті схеманы қолдану қажет. Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайлар тұрақты ток та, айнымалы ток көпірлеріне жатады, тек айырмашылығы – айнымалы ток көпірінде белсенді кедергі орнына кешендік кедергі Z енгізіледі, ал көпірді теңдестіргенде көпір иықтарындағы ток пен кернеу арасындағы фазалық ығысуларды өтеу қажет. Көпірлік схеманың тиімді параметрлерін таңдау. Егер көпірлік тізбек соңғы кедергі нұсқағышына жұмыс істесе, онда жоғары сезімталдықты алу үшін нұсқағыш кедергісін шығыс кедергімен сәйкестендіру қажет екені белгілі. Симметриялық көпірлік схемалар. Электрлік емес шамаларды өлшеу тәжірибесінде симметриялық көпірлік схемалар қолданылады (2.7,1-сурет). Симметриялық көпірлік схеманың екі түрі бар: 1)R1 = R2, R3 = R4; 2)R1 = R3, R2 = R4. симметрияның бірінші түрі алынады, егер көпірдің белсенді элементтері ретінде R1 және R2 иықтары саналады; сонда нұсқағыштағы максимал ток күші R3 = R4→0 симметрияның екінші түрі алынады, егер көпірдің белсенді элементтері ретінде R1=R3 деп есептесек, кернеудің максимал өсуі R2 = R4 →∞. көпірлік тізбек кедергілерінің арасындағы тиімді қатынастар әр симметрия үшін әртүрлі болады. R1 = R2 және R3 = R4 симметрия кезінде нұсқағышпен алынған қуат үшін өрнек аламыз: мұнда ε - көпір сезімталдығы. Бұл өрнектің максимумы R1= R4→0, ал өлшеу кедергісі мен көпірдің шығыс кедергісі арасындағы сәйкесу шарты төмендегідей жалпы түрге ие болады , (2.16) алайда осы шарт орындалғанда көпірдің ток күші шексіз қуатқа ие. Егер корек қуаты шектелсе, онда ең жақсы ток көзін қолдану тарапынан теңиықты көпір тиімді: R1= R2 = R3 = R4 = RГ. іс жүзінде нұсқағыштан алынатын қуаттың түрлендіргіш қуатына қатынасы үлкен мәселе болып отыр. Рук/Pпр R1 = R2 және R3 = R4 → 0 кезінде сілтегіштен алынатын қуат Рук = Рпрε2/8 болады. Сонда теңиықты көпірдде, Рук = Рпрε2/16. Сонымен, R1=R2, R3= R4 симметриясында R3 және Р4 кедергі мәндерін ток көзі қуатымен шектелетін мәнге дейін азайту қажет. R1= R3 ; R2 = R1 симметриясы үшін Pук максимумы R4= = R1/2 кезінде алынады, және соған сәйкес Rук = (2/3) R1. бұл кезде Rук mах = Rпр ε2 /24, яғни бірінші түрдегі симметриядан кіші, және егер ток қуаты шектелмесе, онда R1= R2, R3 = R4. симметриясы дұрыс боп есептеледі. Симметриялық схемаларды қолдану температуралық қателікті болдырмайды, өйткені түрлендіргішпен көрші иық (R2 немесе R3) ұқсас орындалады. Шынында да, көпір теңдігінің теңдеуі R1R4 = R2R3. өрнектеледі. Егер, мысалы, бірінші симметрия жағдайында, R1 және R2 тең кедергілер өз мәндерін ΔR-ға біруақытта өзгертсе, онда көпір тепе-теңдігі бұзылмайды. Бұл қасиеттің өлшеу схемасына жойылған түрлендіргіштерге және кедергі термометрлеріне қатысы жоқ.. Компенсациялық тұрақты және айнымалы ток схемалары. Электрлік емес шамаларды өлшеу үшін көпірлік схемалардан бөлек компенсациялық тұрақты және айнымалы ток схемалары кең таралған. Қуаты жоқ және жоғары сезімталдығы бар компенсациялық схемалар түрлендіргіштермен, мысалы, терможұптармен дамитын аз ЭҚК өлшеу үшін қолданылады. Тәжірибеде қолданылатын теңестiретiн компенсаторлар қолмен басқарылатын компенсаторлардан негізгі айырмашылығы - компенсациялық схема баланстан кеткен кезде айналатын реверсивті электрдвигателімен басқарылатын движогы сырғитын рехорд түріндегі жұмысшы тізбек бөлігінің болуы. Электрлік емес шамаларды өлшейтін құралдар индикаторын екі топқа бөлуге болады: нөл және ағымдағы мән сілтегіші. Тепе-тең көпірлер мен тұрақты ток компенсаторлары үшін индикатор ретінде магнитоэлектрлік гальванометрлер қолданылады. Бұл гальванометрлер схеманың шығыс кедергісімен сәйкесу үшін гальванометр кедергісінің шамасы бойынша және гальванометрдің қозғаламалы бөлігінің «көңіл көнгішен» немесе «көңіл көншімеген» режимдерін болдырмау үшін сыртқы критикалық кедергі бойынша таңдалады. Тепе-тең айнымалы ток индикаторлары есебінде вибрациялық гальванометрлер, электрондық құралдар, телефондар, түзеткіші бар түрлі құралдар алынады. Тепе-тең емес көпірлер үшін индикатор таңдағанда тепе-тең көпірлерге арналған талаптар қойылады. Сонымен қатар сілтегіш дәлдігі де ескеріледі, себебі тепе-тең емес көпірлерде оның қателігі толығымен өлшеу қателігінң құрамына кіреді. Тепе-тең емес тұрақты және айнымалы ток көпірлері үшін барлық жүйелердің тұрақты және айнымалы токтарына сәйкес көрсеткіш құралдар қолдануға болады. өте тез процестерді (соққы, жарылыс, т.б.) тіркеу кезінде сіллтегіш ретінде электрондық осциллографтар қолданылады және өлшеу нәтижелерін электрондық-сәулелік түтікше экранынан суретке түсіріледі. Мұндай құралдар жиілігі 100 кГц-ке дейінгі және жоғары процестерді тіркейді. |