Главная страница
Навигация по странице:

  • 1-Бөлім «Жалпы ережелер» Параграф 1.

  • Параграф 2.

  • Параграф 3.

  • 2) Ғимараттардың рұқсат етілген биіктігі, қала аумағындағы айрықша қала құрылысын реттеу аймақтарындағы құрылыс салу тығыздығы;

  • Алматы қаласы аудандарының ғимараттары мен имараттарының сәулеттік стилі (сәулеттік коды);

  • 4) қала аумағындағы құрылыс қызметі

  • 5) Ғимараттар мен имараттарды пайдалану және қызмет көрсету

  • 6) абаттандыру және шағын сәулеттік пішіндерді орналастыру

  • 7) Алматы қаласының аумағында құрылыс салу және абаттандыру бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу;

  • Алматы қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне қатысатын азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері (бұдан әрі -субьектілер)»

  • 9. Алматы қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыратын субьектілер, міндетті

  • 1-Тарау. Алматы қаласының аумағын кеңістіктік ұйымдастыруға қойылатын сәулет және қала құрылысы талаптары.

  • Алматы қаласы аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық талқылауларға қойылатын жалпы талаптар»

  • Параграф 6. «Алматы қаласының аумағында сәулет және қала құрылысы қызметі мәселелері бойынша қоғамдық талқылауға жататын жобалар» 18.

  • Параграф 7. «Қоғамдық талқылауларды ұйымдастыру және өткізу рәсімі мен тәртібі» 19. Қоғамдық талқылауларды өткізу рәсімі келесі кезеңдерден тұрады

  • Курсовая. 1Блім Жалпы ережелер Параграф Жалпы талаптар


    Скачать 242.59 Kb.
    Название1Блім Жалпы ережелер Параграф Жалпы талаптар
    АнкорКурсовая
    Дата28.10.2022
    Размер242.59 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла@028;0 _07.docx
    ТипДокументы
    #760176
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5

    Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидалары

    (Алматы қаласының аумағында сәулеттік келбетті қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау бойынша қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібі)
    1-Бөлім «Жалпы ережелер»

    Параграф 1. «Жалпы талаптар»

    1. Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Алматы қаласының аумағын кеңістікте және көзбен шолып ұйымдастыруға, тарихи, ландшафтық-табиғи, функционалдық және өзге де жергілікті ерекшеліктерін, сондай-ақ Алматы қаласының Қазақстан Республикасының қоныстандыру жүйесіндегі рөлін ескере отырып, Ғимараттар мен имараттарды пайдалануға қойылатын жекелеген сәулет және қала құрылысы талаптарын белгілейтін жергілікті маңызы бар нормативтік-құқықтық акт болып табылады.

    2. Ереже Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында қолданылатын заңнаманың, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және басқа да нормативтік-құқықтық, техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес әзірленді.

    3. Алматы қаласының аумағын қалыптастыруға, дамытуға, күтіп ұстауға қатысатын, сондай-ақ ғимараттар мен имараттарды пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін азаматтар мен заңды тұлғалар (бұдан әрі - субъектілер) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, оның ішінде табиғи монополиялар кәсіпорындары да осы Ереженің талаптарын сақтауға және орындауға міндетті.

    Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді, инвестициялауды) орындау құқығын иеленген азаматтығы жоқ тұлғалар және (немесе) шетелдік заңды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ереженің талаптарын сақтау (орындау) бойынша тең жауаптылықта болады.

    1. Осы Ережеде белгіленген талаптарды, ұсынымдарды және стандарттарды сақтамау қолданыстағы заңнамаға сәйкес және тәртіпте әкімшілік және (немесе) қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.


    Параграф 2. «Қағиданың мақсаты мен міндеттері»

    5. Мақсаты - жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, Алматы қаласы аумағының тұрақты сәулеттік-қалақұрылыстық дамуын құқықтық реттеу;

    6. Міндеттері:

    1) қала тұрғындарының заманауи тұтынуына сай болатын, жоғары сапалы қалалық ортаны құру мен дамытуға кешенді тәсілді қалыптастыру;

    2) қаланың жалпы аумағын жүйелі және тұрақты дамыту үдерісін сәулеттік және қалақұрылыстық құралдармен қамтамасыз ету;

    3) жекелеген аумақтарда рұқсат етілген биіктік регламенттерін сақтауды, қалалық ландшафт құрылымындағы обьектілердің оңтайлы қабылдануын қамтамасыз ету және қалпына келтіру, сақтау үшін қала аумағында сәулеттік, қалақұрылыстық және құрылыстық айрықша реттеу аймақтарын белгілеу;

    4) тарихи-сәулеттік, мәдени және табиғи ерекшеліктерімен байланыстыра отырып қоғамдық кеңістіктерді, ғимараттар мен имараттарды күтіп қарау мен эстетикалық әрлендіру, аумақты тиімді, ұтымды және қауіпсіз пайдалану бойынша стандарттарды, ұсыныстар мен талаптарды енгізу;

    5) қалалық ортаны ізгілендіру және қала аумағын дамытудың, сәулеттік және қалақұрылыстық жоспарлаудың ең озық халықаралық тәжірибесін енгізу.

    Параграф 3. «Алматы қаласының аумағында осы Қағидамен реттелетін сала»

    7. Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидалары келесіні реттейді:

    1) қала аумағындағы жобалау-іздестіру қызметін:

    - қала құрылысын жобалау (бас жоспар, нақты жоспарлау жобалары, құрылыс жобалары);

    - меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, тұрғын үй, азаматтық және қоғамдық мақсаттағы жаңа ғимараттар мен имараттарды, шағын сәулеттік пішіндерді ауқымды жобалау;

    - ғимараттарды, имараттарды және (немесе) олардағы үй-жайларды, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет объектілерін (қасбеттер, конструкциялар, шағын сәулеттік пішіндер) қайта жабдықтауды, жаңартуды, реконструкциялауды жобалау;

    - меншік нысанына қарамастан қаланың инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілерін жобалау;

    2) Ғимараттардың рұқсат етілген биіктігі, қала аумағындағы айрықша қала құрылысын реттеу аймақтарындағы құрылыс салу тығыздығы;

    - ғимараттардың, құрылыстардың, имараттардың шектеулі қабат саны немесе шектеулі биіктігі;

    - аумақтағы құрылыстың рұқсат етілген тығыздығы;

    3) Алматы қаласы аудандарының ғимараттары мен имараттарының сәулеттік стилі (сәулеттік коды);

    - сыртқы келбеті;

    - түстік шешімі;

    - қасбеттерді әрлендіру (маңдайшалар, жарықтандыру, сыртқы (көрнекі) жарнама);

    - әрлеу материалдары;

    4) қала аумағындағы құрылыс қызметі:

    - құрылыс жұмыстарын өндіру және ұйымдастыру тәртібі;

    - құрылыс жұмыстарын аяқтаудың тәртібі және оны ұйымдастыру;

    -қолданыстағы ғимараттар мен имараттарды, автомобиль жолдары мен инженерлік коммуникацияларды қайта жабдықтау, реконструкциялау және жаңарту тәртібі;

    - құрылыс сапасының кепілдігі (ҚР Азаматтық кодексінің 665-бабы);

    5) Ғимараттар мен имараттарды пайдалану және қызмет көрсету:

    - Ғимараттар мен имараттардың қасбеттері;

    - іргелес аумақтар мен абаттандыру элементтерін;

    - рекреациялық аймақтар;

    - құрылыс материалдары мен бұйымдарын қолдану;

    6) абаттандыру және шағын сәулеттік пішіндерді орналастыру:

    - қаланың рекреациялық (саябақтар, гүлзарлар, аллеялар, өзендер, су қоймалары), туристік және шипажайлық аймақтары;

    - кәсіпкерлік қызметтің стационарлық емес сауда объектілері, жазғы алаңдар;

    - ақпараттық объектілер, жарнамалық құрылымдар және оларды орналастыру, сондай-ақ эстетикалық, көрнекі факторы бар өзге де объектілер;

    - сәндік қоршаулар;

    7) Алматы қаласының аумағында құрылыс салу және абаттандыру бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу;

    8) Сыртқы көрнекі жарнама нысандарын орналастыру, пайдалану және қызмет көрсету:

    Параграф 4. «Алматы қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне қатысатын азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері (бұдан әрі -субьектілер)»

    8. Алматы қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне қатысатын субъектілердің меншік иелігіне қарамастан келесі құқықтары бар:

    1) Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасында және осы Қағидада белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы қызметін жүзеге асыруға, қолданыстағы заңнаманың талаптарына қайшы келмейтін жағдайда ортақ пайдаланудағы қалалық инфрақұрылымға, әлеуметтік мақсаттағы объектілерге, мекен ету мен демалыс орындарына тосқауылсыз қол жеткізу;

    2) қолданыстағы заңнама мен осы Қағиданың талаптарына сәйкес қала аумағын абаттандыруды және ғимараттар мен имараттардың, автомобиль жолдарының, инженерлік коммуникациялардың құрылысын, реконструкциясын, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға;

    3) мемлекеттік органдардан Алматы қаласындағы жоспарланған құрылыс пен реконструкциялау, жекелеген аумақтар мен нақты сәулеттік нысандар, қоршаған ортаны сақтау туралы ақпарат алуға;

    4) белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының талқылауына қатысуға;

    5) құрылыс аумағының маңында мекен ететін азаматтардың мүдделерін тікелей қозғаған жобаларға өз ескертулері мен ұсыныстарын жеткізуге, сондай-ақ заңмен белгіленген тәртіпте келісу үрдісін жүргізуді, тәуелсіз сараптамадан өткізуді құрылыс салушыдан талап етуге және олардың қарастырылу нәтижесі жайлы ақпарат алуға;

    6) Алматы қаласы аумағының көлемінде халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының қолайлы, жайлы, қолжетімді тіршілік ету ортасы мен тіршілік әрекетіне;

    7) көп пәтерлі тұрғын үйлер жанындағы аула аумақтарын абаттандыру бойынша ұжымдық шешімдер қабылдауға, сондай-ақ қолданыстағы заңнама мен осы Қағида талаптарын сақтаған жағдайда, бекітілген шекарасы шегінде күтіп қарауды жүзеге асыруға;

    8) азаматтарды қорғау саласындағы нормативтік актілер мен нормативтік-техникалық құжаттармен, халықтың санитарлық-эпидемиялогиялық әл-ауқаты саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтермен аумақтың функционалдық тағайындалуына қайшы келмеген жағдайда және тәртіпте жылжымайтын мүлікті, жер телімін оның мақсатты тағайындалуына сәйкес күтіп қарауға және пайдалануға;

    9) қолданыстағы заңнамамен белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметтерді алуға;

    10) Осы Қағидамен және қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте қоғамдық талқылауларға қатысуға;

    11) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес және тәртіпте заңдық тиесілілігі мен меншік иелігінен тәуелсіз құрылыс аумағы туралы шешімдерге дауласуға;

    9. Алматы қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыратын субьектілер, міндетті:

    1) қаладық ортаның сапасын арттыруға;

    2) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданылатын заңнаманың және осы Қағиданың талаптарын сақтауға;

    3) қоршаған табиғи ортаға, тарихи және мәдени ескерткіштерге, табиғат ескерткіштеріне, табиғи ландшафттарға, инженерлік обьектілер мен көлік инфрақұрылымдарына, аумақты абаттандыруға зиянды әсер ететін іс-әрекеттер жасамауға;

    4) қаладағы орамдардың (кварталдардың) құрылыс салу тығыздығының және биіктік регламентінің талаптарын сақтауға;

    5) нормативтік құжаттар мен осы Қағиданың, заңнаманың талаптары сақталған жағдайда меншік иесінің, иелік етушінің немесе іргелес жер телімдерін пайдаланушылардың және өзге жылжымайтын мүліктердің құқықтарына кедергі болмауға және үшінші тұлғалардың заңды мүдделерін қозғамауға;

    6) сәулет және қала құрылысы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың нұсқамаларын орындауға;

    7) адамдардың тіршілік ету жағдайын және қалалық ортаны жетілдіру, қолжетімділік пен қолайлықты қамтамасыз етуге;

    8) үй-жайларды, ғимараттар мен имараттарды тиісті техникалық және эстетикалық қолайлы күйде ұстауға;

    9) Ғимараттар мен имараттардың, шағын сәулеттік пішіндердің, табиғи ландшафттың, абаттандырудың бұзылуы мен күйреуінің алдын алуға;

    10) жасыл көшеттерді сақтауға және олардың бапталуын қамтамасыз етуге;

    11) бекітілген, ықпал ететін шекара шегінде ведомстволық тиесілілігі мен меншіктік қалыбынан тыс іргелес аумақты дұрыс жағдайда ұстауға;

    12) қала құрылысы қызметінде жеке және қоғамдық мүдделердің тепе-теңдігіне қол жеткізу үшін қоғамдық талқылауларды өткізу, оның ішінде осы Қағиданың шарттары мен тәртібі бойынша аумақты игеруде.
    1-Тарау. Алматы қаласының аумағын кеңістіктік ұйымдастыруға қойылатын сәулет және қала құрылысы талаптары.

    Параграф 1. Алматы қаласының аумағын дамыту және кеңістіктік ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар.
    Параграф 5. «Алматы қаласы аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық талқылауларға қойылатын жалпы талаптар»

    10. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша қоғамдық талқылауларды қала құрылысы жобаларын іске асыру, Ғимараттар мен имараттарды салу немесе реконструкциялау кезінде мүдделері қозғалуы мүмкін азаматтардың мүдделерін тікелей қозғайтын қаланы дамытудың өзекті және маңызды мәселелеріне қоғамның кең назарын аудару үшін ашық және жария жүргізу талап етіледі.

    11. Қоғамдық талқылауларға қатысуға жергілікті атқарушы органдардың, мәслихат депутаттарының, Қоғамдық кеңес мүшелерінің, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, оның ішінде құқықтары мен заңды мүдделері әртүрлі мақсаттағы объектілерді салу жөніндегі шешімдерді қозғайтын немесе қозғауы мүмкін азаматтар, сондай-ақ осы Қағидада көзделген жағдайларда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандар мен сарапшылар тартылады;

    12. Қоғамдық талқылауға қатысу ашық дауыс беру шарттарында ерікті және өтеусіз болып табылады;

    13. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша қоғамдық талқылауды ұйымдастыруды болжанатын құрылысқа тапсырыс берушінің, болжанатын құрылыспен мүдделері қозғалатын қала азаматтарының бастамасы бойынша жергілікті өкілді орган «Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС атынан жүзеге асырады;

    14. Қала құрылысы жобаларын, көпшілік баратын қоғамдық аймақтарды абаттандыру жобаларын қоғамдық талқылауға Алматы қаласының аумағында тұрақты тұратын азаматтар, қайта жаңартуды жүргізу аймағындағы жер учаскелері мен күрделі құрылыс объектілерінің құқық иеленушілері ғана қатыса алады;

    15. Жекелеген аумақтарда құрылыс салу, абаттандыру жобалары бойынша қоғамдық талқылауларға болжамды құрылыс аумағынан аумақтық аймақтың шекарасында (100 метрден аспайтын радиуста) тұрақты тұратын азаматтар қатыса алады;

    16. Іске асырылу тәртібі мен шарттары ҚР Азаматтық кодексімен және «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңымен реттелетін жеке тұрғын үй құрылысының, жеке үй жанындағы учаскелердегі саяжай және қонақ үйлердің жобалары, әлеуметтік мақсаттағы объектілер (мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар), инженерлік инфрақұрылым объектілері, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды кәсіпкерлік қызмет объектілері ретінде қайта жабдықтау, реконструкциялау жобалары қоғамдық талқылауларға жатпайды;

    17. Барлық қоғамдық талқылаулар мен олар бойынша нәтижелерді (хаттамалар, қатысушылар тізімдері) «Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС уәкілетті жергілікті атқарушы органының ашық көздерінде тіркеу талап етіледі.

    Параграф 6. «Алматы қаласының аумағында сәулет және қала құрылысы қызметі мәселелері бойынша қоғамдық талқылауға жататын жобалар»

    18. Алматы қаласының аумағында қоғамдық талқылауға жатаиын жобалар:

    1) Алматы қаласының аумағын дамытудың бас жоспары;

    2) бас жоспарды іске асыру шеңберінде әзірленетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары;

    3) қала құрылысы регламенттері, оның ішінде жол берілетін қабаттылық және құрылыс салу тығыздығы бойынша регламенттер;

    5) тарихи орталықтың және (немесе) қала құрылысын ерекше реттеу аумақтарының шекаралары шегіндегі құрылыс жобалары;

    6) жоғары қабатты объектілер құрылысының жобалары, бірегей жобалар;

    7) жалпы пайдаланымдағы аумақтарды, қоғамдық және аула кеңістіктерін абаттандыру және көгалдандыру жобалары;

    8) жеке-тұрғын үй құрылысының жобаларын және аз қабатты етіп орындалған кәсіпкерлік қызмет объектілерін қоспағанда, қала өзендерінің су қорғау белдеулеріне іргелес жатқан көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының жобалары;

    9) көлік схемасы және көше-жол желісінің жобалары;

    10) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру схемасы;

    11) Алматы қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру стандарттары.

    Параграф 7. «Қоғамдық талқылауларды ұйымдастыру және өткізу рәсімі мен тәртібі»

    19. Қоғамдық талқылауларды өткізу рәсімі келесі кезеңдерден тұрады:

    1) қоғамдық талқылаулардың басталғаны туралы талқылау басталғанға дейін 7 күннен кешіктірмей хабарлау;

    2) қоғамдық талқылауларда талқылануға жататын жобаны және оған ақпараттық материалдарды қоғамдық талқылаулар өткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырушының ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз ету;

    3) қоғамдық талқылауларға қатысушыларды хабарландыру сәтінен бастап тыңдаулар өткізу басталғанға дейін бір күн бұрын тіркеу;

    4) сарапшыларды немесе қоғамдық талқылаулардың тұрақты мүшелерін бекіту;

    5) қоғамдық талқылауларда қарауға жататын жобаның экспозицияларын 20 күннен кем емес мерзімге өткізу;

    6) қоғамдық талқылаулар хаттамасын дайындау және талқылау жүргізілген сәттен бастап келесі күннен кешіктірмей ресімдеу;

    Қоғамдық талқылаулардың нәтижелері туралы қорытындыны дайындау және жариялау.

    20. Қоғамдық талқылаулардың нәтижесі

    1) қоғамдық талқылаулардың нәтижесі ұсынымдары және (немесе) ескертулері бар талқылау және дауыс беру хаттамасы болып табылады;

    2) қоғамдық талқылаулардың нәтижелері туралы хаттама қолданыстағы заңнамада және осы Қағидада белгіленген тәртіппен жариялануға жатады;

    Қоғамдық талқылауларға бірнеше қатысушы бірдей ұсыныстар мен ескертулер енгізген жағдайда, мұндай ұсыныстар мен ескертулерді қорытуға жол беріледі;

    21. Қоғамдық талқылаулардың нәтижелері туралы хаттамада:

    1) қоғамдық талқылауларды өткізу күні;

    2) қоғамдық талқылауларда қаралған жобаның атауы;

    3) жобалық ұсыныстың қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі;

    4) қоғамдық талқылауға қатысқан қатысушылардың саны туралы мәліметтер;

    5) дауыс беру нәтижелері;

    6) талқылауға тартылатын қоғамдық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің арасынан сайланатын қоғамдық талқылаулар комиссиясы айқындайтын жобаны іске асырудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы дәлелді тұжырымдар көрсетіледі;

    22. Қоғамдық талқылаулар өткізуді ұйымдастыру тәртібі:

    1) қоғамдық талқылауларда қаралуға жататын жобаның экспозициясын орналастыру кезеңі ішінде Тапсырыс беруші және (немесе) жобаның авторы ұйымдастырушымен бірлесіп, қоғамдық талқылауларға қатысушыларға экспозиция өткізу құралдары бойынша да, онлайн конференциялар құралдары бойынша да консультация беруді жүзеге асырады;

    23. Жобаның экспозициясында келесі ұсынылады:

    1) қоғамдық талқылауларда графикалық форматта, түрлі-түсті бейнеде қаралуға жататын жоба;

    2) жобаға сипаттама бөлігі немесе түсіндірме жазба;

    3) техникалық-экономикалық көрсеткіштер және оның қала құрылысы ортасына әсері;

    4) объектінің жобасын негіздейтін, құрылыс жобалары үшін мүлікті немесе жер учаскесін иелену құқығын растайтын, қажеттілік бойынша өзге де құжаттар;

    5) осы Қағидада көзделген экспозицияны өткізу кезінде талқылау жүргізуді ұйымдастырушы келушілерді есепке алу үшін келу журналын ресімдейді және ұсыныстарды тіркейді;

    6) қоғамдық талқылау алдында кеңес беруді хабарландыруда көрсетілген орында және уақытта жүргізу талап етіледі;

    7) экспозицияға және қоғамдық талқылауларға қатысушылардың:

    - жоба орналасқан ресми сайт арқылы;

    - ұйымдастырушының мекенжайына жазбаша түрде;

    - экспозицияға келушілерді тіркеу және есепке алу журналына жазу арқылы ұсыныстар мен ескертулер енгізуге құқығы бар;

    8) ұсыныстар мен ескертулер қолданыстағы заңнамаға сәйкес және тәртіпте тіркеуден өтуге жатады;

    9) талқылауға қатысушы дәйексіз деректерді немесе қаралатын жобаға қатысы жоқ мәліметтерді ұсынған жағдайда, ұсыныстар мен ескертулер қаралмайды.
      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта