1606189812544_210 Е-11, 211 Л-11, 208А-11 терапия. 1. Бронх демікпесінде тншыуды дамуына тн е ммкін себеп болып табылады
Скачать 41.44 Kb.
|
1. Бронх демікпесінде тұншығудың дамуына тән ең мүмкін себеп болып табылады: А) кіші қан айналым шеңберінде іркілу Б) эритроциттердің альвеолаларға енуі В) бронхтардың тарылуы Г) тыныс жолдарында көбіктің дамуы Д) кеңірдектің ісінуі 2. Өкпе туберкулезіне тән көрініс: А) тұтқыр қақырықпен жөтел, тұншығу, ысқырықты сырылдар Б) жөтел, дене қызуының жоғарлауы, ентігу, қанды қақырық, ылғалды сырылдар В) «тот» басқан қақырықпен жөтел, дене қызуының жоғарлауы, сықыр, ентігу Г) ауызды толтыра іріңді, жағымсыз иісті қақырықтың бөлінуі Д) таңертеңгі мезгілде шырышты-іріңді қақырықтың бөлінуі 3. Жүрек ақауының ең жиі себебі: А) ревматизм Б) анемия В) артериальды гипертония Г) ревматоидты артрит Д) гломерулонефрит 4. Ревматизмде ең жиі зақымдалатын ағзалар: А) жүрек, буындар, өкпе, бүйрек, ОЖЖ Б) ішек, көкбауыр, қуық В) ұйқы безі, бауыр Г) қалқанша безі, гипофиз Д) бүйрек, қуық асты безі 5. Дресслер синдромы жиі дамиды: А) стенокардияда Б) гипертонияда В) миокард инфарктында Г) ревматизмде Д) жүрек демікпесінде 6. Науқасқа 250-325 мг аспиринді шайнап жұтудың тән көрсеткіші: А) миокард инфаркты Б) бронх демікпесі ұстамасында В) асқазан ойық жара ауруында Г) тамыр жеткіліксіздігінде Д) анафилактикалық шокта 7. Миокард инфарктына тән асқынулар: А) кардиогенді шок, өкпе ісінуі Б) менингит, өкпе ісінуі В) өкпеден қан кету, геморрагиялық шок Г) өңеш пен ішектен қан кетулер Д) гипотиреоидты кома 8. Миокард инфарктының ең тиімді емін таңдаңыз: А) антиагреганттар Б) наркотикалық анальгетиктар В) тромболитиктер Г) антикоагулянттар Д) седативті дәрілер 9. Артериалды гипертензияның ең мүмкін асқынуы: А) жүрек ақауы Б) жүрек демікпесі В) асқазаннан қан кету Г) перикардиттер Д) экссудативті плеврит 10. Гипертониялық аурудың тиімді емі болып табылады: А) ААФ ингибиторлары Б) цефалоспориндер В) антигистаминді дәрілер Г) десенсибилизациялық дәрілер Д) протон помпасының ингибиторлары 11. Артериалды гипертонияның ең мүмкін патогенезі: А) альдостерон жүйесінің қосылуы Б) натрийдің реабсорбциясы В) ағзада судың жианлуы Г) ренин-ангиотензин жүйесінің қосылуы Д) барлық жауап дұрыс 12. Асқазан ойық жарасын анықтауда ең мәліметті әдіс болып табылады: А) фиброэзофагогастродуоденоскопия Б) радиозотопты зерттеу В) ультрадыбысты зерттеу Г) ангиография Д) электрокардиография 13. Холециститте ауру сезімі жиі беріледі: А) сол бұғанаға мен жауырынғы Б) оң бұғана мен жауырынға В) төменгі жақ астына Г) сол қолға Д) самай бөлігіне 14. Асцит- ең мүмкін белгі болып саналады: А) холециститтің Б) бауыр цирозының В) панкреатиттің Г) дуодениттің Д) энтероколиттің 15. Қызба, бел тұсының ауырсынуы, ЭТЖ жылдамдауы, лейкоцитоз, бактериурия тән ең мүмкін ауру: А) созылмалы гломерулонефрит Б) созылмалы пиелонефрит В) созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі Г) созылмалы панкреатит Д) қант диабеті 16. Гломерулонефритке тән ең мүмкін асқынулар: А) өкпе абцессі, эмфизема Б) Дресслера синдромы В) бүйрек жеткіліксіздігі, өкпе ісінуі Г) өңештің қан кету Д) асқазанның қатерлі ісігі 17. Бронх обструкциясының ең мүмкін даму механизмі бронхиальной обструкции А) ренин-ангиотензин-альдостерон Б) бронх қабырғаларының ісінуі, тұтқыр қақырық, бронх тарылуы В) серозды сұйықтықтың альвеолаларға өтіп, оның көбікке айналуы Г) альвеолаларға фибрин мен эритроциттің енуі Д) тамыр қабырғасының өткізгіштігінің артуы 18. Экссудативті плевриттің негізгі, ең мүмкін клиникалық симптомдары: А) қозғалыста күшеетін кеуде торының ауырсынуы, құрғақ жөтел Б) жатқанда күшеетін ентігу, өкпені перкуссиялағанда тұйық дыбыс В) тыныс шығару қиындаумен тұншығу ұстамасы Г) тот басқан қақырықпен жөтел, дене қызуының жоғарлауы, сықыр, ентігу Д) ауыз толтыра іріңді, жағымсыз иісті қақырықтың бөлінуі 19. Өкпенің қатерлі ісік алды ең мүмкін аурулары А) бронх демікпесі Б) созылмалы бронхит, темекі тарту В) жіті бронхит,пневмония Г) өкпе абсцессі Д) құрғақ плеврит 20. Ревматизмнің ең жиі дамитын себебі: А) пневмококк Б) стафилококк В) В-(бета) гемолитикалық стрептококк Г) ішек таяқшасы Д) микоплазма 21. Жағымсыз иісті іріңді қақырық тән ең мүмкін ауруды атаңыз: А) пневмония Б) бронхит В) өкпе гангренасы, өкпе абсцессі Г) бронх демікпесі Д) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы 22. Ревматизмді емдеуде ең тиімді дәрілер: А) каптоприл, бета-адреноблокаторлар, кальций антагонисттері Б) пенициллин, диклофенак, бруфен, преднизолон В) метформин, гликлазид, инсулин Г) домперидон, метоклопрамид Д) тавегил, супрастин, цетиризин 23. Холестериннің ең қалыпты көрсеткіші: А) 5,2 ммоль/л Б) 7,2 ммоль/л В) 9,0 ммоль/л Г) 11 ммоль/л Д) 16 ммоль/л 24. АЛТ, АСТ, КФК-МВ, тропонин, ЛДГ көрсеткіштері жиі жоғарлайтын ең мүмкін ауру: А) гипертония Б) миокард инфаркты В) стенокардия Г) жүрек демікпесі Д) ревматизмде 25. Дресслер синдромында ең мүмкін зақымдалатын ағзалар А) перикард, плевра, өкпелер Б) көкбауыр, асқазан В) көз, ми Г) сүйек кемігі Д) ұйқы безі 26. ЖИА емінде пролонгирленген аспирин болып табылады А) каптоприл, периндоприл Б) тромбо-АСС, кардиомагнил В) бисапролол,эналаприл Г) нифедипин, амлодипин Д) сорбифер, ранферон 27. Аяқтың ісінуі, бауыр ұлғаюы, асцит жиі дамиды А) жүрек демікпесі Б) сол қарыншалық жеткіліксіздік В) оң қарыншалық жеткіліксіздік Г) өкпе ісінуі Д) бронх демікпесі 28. Стенокардиямен науқас адам жиі өзімен бірге алып жүруі және ұстама жағдайында пайдалануы тиіс А) каптоприл Б) нитроглицерин В) валокордин Г) валидол Д) сальбутамол 29. Артериалды гипертонияға тән ең мүмкін асқыну А) миокард инфаркты Б) плеврит В) бүйрек шаншуы Г) Квинке ісінуі Д) перикардит 30. Артериалды гипертония емінде қолданылатын дәрілік заттар А) ААФ ингибиторлары Б) диуретиктер В) кальций каналаның блокаторлары Г) бета-адреноблокаторлар Д) барлық жауап дұрыс 31. Гастрит пен ойық жара ауруының ең мүмкін этиологиялық факторы А) Бета-гемолитикалық стептококк Б) Кох таяқшасы В) хеликобактер пилори Г) ішек таяқшасы Д) энтерококк 32. Амоксициллин, цефалоспорин, ципрофлоксацинді (фторхинолон) ең мүмкін тағайындау А) пиелонефритте Б) гипертиреозда В) ревматоидты артритте Г) подаграда Д) деформациялық остеоартрозда 33. Эпигастрий тұсының ауруы, кекіру, лоқсу, құсу, ауырлық сезімі тән ең мүмкін ауру А) созылмалы гастрит Б) созылмалы пиелоцистит В) созылмалы колит Г) созылмалы энтерит Д) асқазан ойық жарасының тесілуі 34. Майлы, мөлшері көп, жағымсыз иісті нәжіс тән ең мүмкін ауру А) гастрит Б) созылмалы панкреатит В) асқазан ойық жарасы Г) дуоденит Д) холецистит 35. Бел тұсының ауруы, дене қызуының жоғарлауы, олигурия, гематурия, протеинурия, цилиндрурия, беттің ісінуі, АҚ жоғарлауы тән А) пиелонефритке Б) бүйрек тас ауруына В) гломерулонефритке Г) қант диабетіне Д) гипертиреозға 36. Жедел каронарлы синдромның атипиялық көріністері А) іштің ауруы, диарея, құсу Б) омыртқаның мойын бөлігінің ауырсынуы В) тамақтың ауруы Г) жүрек тұсында ауырсынудың болмауы Д) барлық жауап дұрыс 37. Өкпенің іріңді ауруларына тән А) абсцесс, гангрена,бронхоэктазды ауру Б) созылмалы бронхит В) туберкулез Г) бронх демікпесі Д) эмфизема 38. Ревматизмге тән ең мүмкін клиникалық белгілер А) таңертеңгі құрысу Б) ірі буындардың ұшпалы ауырсынуы, ісінуі, гиперемия В) қолдың саусақ буындарының ауырсынуы Г) тофустар мен жыланкөздер Д) тар қолғап белгісі 39. І тонның күшеюі, жүрек ұшында диастолалық шуыл, «мысық пырылы» белгісі тән ең мүмкін ауруды атаңыз А) екі жармалы қақпақша тарылуы Б) екі жармалы қақпақша жетіспеушілігі В) аорта қақпақшасының жетіспеушлігі Г) темір жеткіліксіздік анемиясы Д) перикардит 40. Стенокардия ұстамасында таңдаулы препарат болып табылады А) амлодипин, нифедипин Б) нитроглицерин, изокет-аэрозоль, нитроминт-аэрозоль В) клонидин, клофелин Г) аторвастатин, симвастатин Д) кардикет, моносан 41. ЖИА дамуына ең жиі себепті қауіп қатер факторы А) гиподинамия Б) алкоголь В) майлы тамақ Г) темекі тарту Д) барлық жауап дұрыс 42. Миокард инфарктына тән ЖҚА ең мүмкін өзгерістері А) лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы Б) лейкопения В) анемия Г) тромбоцитопения В) бластты жасушалар 43. Миокард инфарктының атипиялық түріне тән ауру сезімінің ең мүмкін даму орындары А) тамақта Б) төменгі жақта В) іш аймағында Г) саусақ ұшында Д) барлық жауап дұрыс 44. ЖИА емінде қолданылатын ең мүмкін дәрілер А) стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер Б) бета-адреноблокаторлар,нитраттар,кальция антагонисттері, антиагреганттар В) гепатопротектор, цитостатиктер Г) прокинетик, спазмолитиктер Д) глюкокортикостероид, цитостатиктер 45. Ентігу, жөтел, қан түкіру, ортопоноэ отырысы белгілері тән, ең мүмкін қан іркілу орны А) кіші қан айналым шеңберінде Б) улкен қан айналым шеңберінде В) оң қарынша жеткіліксіздігі белгісі Г) төмен қуыс венасында Д) іркілу жоғарғы қуыс венасында 46. Бас ауру, құлақтағы шуыл, бас айналу, көз алдында шіркей ұшуы, жүрек тұсының ауырсынуы, лоқсу, құсу тән ең мүмкін ауру А) ревматизм Б) артериальды гипертония В) қант диабеті Г) миокардит Д) перикардит 47. Артериалды гипертонияда ең жиі бірінші орында дамиды А) оң қарынша гипертрофиясы Б) сол қарынша гипертрофиясы В) екі жармалы қақпақша тарылуы Г) аорта қақпақша жеткіліксіздігі Д) өкпе сабауының гипертензиясы 48. Артериалды гипертонияны ең тиімдң дәрілік препараттар А) каптоприл, бисопролол, эналаприл,индапамид Б) кетотифен, диазолин, супрастин, димедрол В) амоксициллин, ципрофлоксацин, кларитромицин Г) вольтарен, диклофенак, мелоксикам, индометацин 49. Асқазан ойық жарасының ең жиі дамитын асқынулары А) бауыр циррозы, өңеш веналарынан қан кету Б) асқазан рагы, асқазаннан қан кету В) гепатит Г) геморроидальды қан кету Д) барлық жауап дұрыс 50. Асқазан ойық жарасының этиологиялық факторының ең жиі жұғу жолдары А) жуылмаған ыдыс-аяқ, су, сүйіс арқылы Б) шприц, мединструменттер арқылы В) ауа-тамшылы жолмен Г) анадан-балаға Д) қол арқылы 51. Созылмалы гепатиттің ең айқын этиологиялық факторлары А) вирустар, алкоголь, дәрі-дәрмектер Б) стрептококты инфекциялар В) стресс, бас ми жарақаттары Г) баспа, гаймориттер Д) ауыр физикалық жүктемелер 52. Артериалды қысымның жоғарлауы тән А) созылмалы пиелонефритте Б) гипертиреозда В) гломерулонефритте Г) бүйрек үсті безі аурулары Д)барлық жауап дұрыс 53. Васкулит негізінде жиі дамиды: А) холецистит Б) атеросклероз В) бронхит Г) подагра Д) гломерулонефрит 54. Бронх демікпесінің диагностикалық критерийлерін таңдаңыз А) тыныс алу қиындаған, тұншығу ұстамалары, жүрек тондары бәсең, қан түкірумен жөтел Б) тыныс шығару қиындаған, тұншығу ұстамалары, қақырықта эозинофильдер, Шарко-Лейден кристалдары, Куршман спиралдары В) қызба, бетте герпес, тот басқан қақырықты жөтел Г) ауыз толтыра іріңді, жағымсыз иісті қақырық Д) таңертеңгі уақытта шырышты-іріңді қақырық 55. Ревматизмде зақымдалады А) жүректің барлық қабаттары Б) миокард В) жүрек қақпақшалары Г) перикард Д) эндокард 56. Биік және тез арада түсетін пульс, АҚ жоғарлауы, мысалы 180/20 мм с.б.б., терінің бозғылттығы, оң жақтан ІІ қабырғааралықта диастолалық шуыл тән болып келеді: А) аорта қақпақшасының жетіспеушілігіне Б) екі жармалы қақпақша жетіспеушілігіне В) екі жармалы қақпақша тарылуына Г) құрғақ перикардитке Д) үш жармалы қақпақша жеткіліксіздігіне 57. Төс артының ашып, қысып ауруы, ауру сезімінің сол қолға берілуі тән ең мүмкін ауру А) миокардит Б) стенокардия В) қабырғааралық невралгия Г) эзофагит Д) құрғақ плеврит 58. ЖИА тән патогенезді таңдаңыз А) миокард гипоксиясы Б) миокардта қан айналым жеткіліксіздігі В) коронарлы артериялардың атеросклерозы Г) коронарлы тамырлардың тарылуы Д) барлық жауап дұрыс 59. Дене қызуының көтерілуі тән ең мүмкін ауру: А) стенокардия, кардиогенді шок Б) ревматизм, миокард инфаркты В) гастрит, асқазан ойық жарасы Г) энтероколит, гельминтоздар Д) бронх демікпесі, эмфизема 60. Кардиогенді шокқа тән ең мүмкін симптомдар А) жүрек тондары бәсең, АҚ айқын төмендеуі, тері түсі цианозды Б) АҚ жоғары, терісі гиперемияланған, науқас мазасыз В) ортопное, тұншығу, құрғақ дистанциялық сырылдар Г) дауыс қарлыққан, ентігу, беті ісінген, денеде бөртпелер 61. Әсері ұзартылған нитраттарды таңдаңыз А) нитроглицерин, изокет-аэрозоль Б) тромбо-АСС, тромбокард В) оликард,кардикет, моносан Г) кордиамин, мезатон, дофамин Д) амлодипин, нифедипин, фармадипин 62. Естен тану, шок, коллапс еміне қолданылатын дәрілік заттарды таңдаңыз А) димедрол,супрастин, тавегил, цетиризин Б) клонидин, каптоприл, нифедипин В) кордиамин, кофеин, мезатон, дофамин Г) бисопролол, пропранолол, метопролол Д) аторвастатин, симвастатин, розувастатин 63. Гипертониялық кризде тіл астына берілетін дәрілік заттар А) каптоприл, клонидин (клофелин), нифедипин Б) диазолин, кетотифен, цетиризин В) омепразол, пантопразол, рабепразол Г) сальбутамол, сальмететрол, алупент Д) аторвастатин, симвастатин, розувастатин 64. Гастрит пен ойық жара ауруы емін таңдаңыз А) № 5 емдәм, бускопан, гимекромон, орнидазол Б) омепразол,кларитромицин, амоксициллин, № 1емдәм В) кларитромицин, амброксол, амоксициллин, № 15 емдәм Г) № 9 емдәм, метформин, гликлазид Д) № 7 емдәм, преднизолон, лазикс 65. Бауыр циррозының негізгі, айқын клиникалық симптомдарын анықтаңыз А) сол қабырға доғасы астының ауырсынуы, диарея, полифекалия Б) іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы, улану белгілері, тенезм В) сарғаю, мазасыздық, арықтау, ұйқысыздық, бауыр алақаны, «Медуза басы» белгісі Г) түнгі ашқарындық ауырсынулар, лоқсу, құсу, кекіру Д) барлық жауап дұрыс 66. Пиелонефритте жиі зақымдалады: А) шумақша капиллярлары Б) бүйрек артериялары В) тостағанша, табақша, өзекшелер Г) тек өзекшелер Д) тек табақшалар 67. Созылмалы гломерулонефритті анықтауда ең мәліметті әдісті таңдаңыз А) Нечипоренко бойынша зәр талдауы Б) зәр қышқылын анықтау В) креатинин, Реберга сынамасы, Зимницкий бойынша зәр талдауы Г) жалпы зәр талдауы, зәрде амилазаны анықтау Д) жалпы зәр талдауы, Аддис-Каковский бойынша зәр талдауы 68. Естен тану, терінің бозғылттығы, ентігу, аз толымды пульс, аорта үстінен систолалық шуыл, систолалық қысымның төмендеуі тән: А) екі жармалы қақпақша тарылуы Б) екі жармалы қақпақша жетіспеушілігі В) аорта қақпақшасының тарылуы Г) недостаточности трехстворчатого клапана Д) үш жармалы қақпақша тарылуы 69. Дротаверин (но-шпа), папаверин, бускопан, одестон спазмолитиктері жиі қолданылады: А) өт қабының гипермоторлы қызметінде Б) өт қабының гипомоторлы қызметінде В) бауыр циррозында Г) гепатитте Д) созылмалы панкреатитте 70. Панкреатитте дамитын ауру сезіміне тән сипаттаманы таңдаңыз: А) іштің жоғарғы бөлігінде дамиды Б) эпигастрий тұсында дамиды В) жатқанда күшеетін белдемелітүрде дамиды Г) оң қабырға асты аймақта дамиды Д) оң мықын аумағында дамиды 71. Пиелонефритке тән Нечипоренко бойынша зәр талдауында анықталады А) гематурия Б) лейкоцитурия В) цилиндрурия Г) глюкозурия Д) барлық жауап дұрыс 72. Өңеш веналарының варикозды кеңеюі тән: А) холециститте Б) панкреатитте В) бауыр циррозында Г колитте Д) гастритте 73. Туберкулездің асқыну ретінде дамуы тән: А) гломерулонефритте Б) қант диабетінде В) панкреатитте Г) пиелонефритте Д) подаграда 74. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің емін таңдаңыз: А) ААФ ингибиторлары (периндоприл, лизиноприл, каптоприл) Б) жүрек гликозидтері (дигоксин) В) диуретиктер (фуросемид, верошпирон, индапамид) Г) тұзды шектеу Д) барлық жауап дұрыс 75. Обструктивті бронхитте өкпе желдетілуінің бұзылысы себебін анықтаңыз: А) алқызыл көбікті қақырық Б) тұтқыр қақырық, бронх қабырғасының ісінуі В) өкпеден қан кету Г) ауыз толтыра іріңді қақырық Д) тот басқан қақырық бөлінуі 76. Өкпе желдетілуінің бұзылысы жиі алып келеді: А) подаграға Б) туберкулезге В) плевритке Г) созылмалы өкпетекті жүрекке Д) миокард инфарктына 77. Өкпенің қатерлі ісігінің клиникалық көрінісі байланысты: А) қатерлі ісік орналасу орнына Б) қатерлі ісік метастазына В) жоғарғы қуыс вена қысылуы Г) диафрагмаға өсуі Д) барлық жауап дұрыс 78. Өкпе қатерлі ісігі асқынуы мүмкін: А) бронх демікпесімен Б) анемиямен В) артериальды гипертониямен Г) жедел коронарлы синдроммен Д) барлық жауап дұрыс 79. Пневмонияда зақымдалады: А) тек бронхтар Б) тек альвеолалар В) альвеолалар, бронхиолалар, капиллярлар Г) капиллярлар Д) бронхиолалар 80. Бронх демікпесінде ағзаға аз жүйелі әсер етеді: А) пероральды глюкокортикостероидтар Б) ингаляциялық кортикостероидтар В) көк тамыр ішілік кортикостероидтар Г) бұлшықеттік Д) барлық жауап дұрыс 81. Бронх демікпесіне тән ең мүмкін клиникалық симптомдар: А) жөтел, қан түкіру, қызба, түнгі тершеңдік, арықтау Б) шыны тәрізді тұтқыр қақырық, тыныс шығарудың қиындауы, ортопноэ, терінің көгеруі В) көбікті қақырықпен жөтел, қан түкіру, тыныс алу қиындаған, ортопноэ, терісі көгерген Г) таңертеңгі уақытта іріңді қақырықтың бөлінуі Д) құрғақ жөтел, тыныс қимылының азаюы, ентігу, цианоз 82. Қақырықтың бактериоскопиялық зерттелуі мәліметті болып табылады: А) бронх демікпесінде Б) туберкулезде В) созылмалы обструктивті бронхитте Г) пневмонияда Д) өкпе абсцесінде 83. Шоктың айқын клиникалық симптомдары болып табылады: А) бас ауруы, көз қарауытуы, әлсіздік, бас айналу, салдану Б) төс артының күйіп, қысып ауырсынуы, өлім қорқынышы, тахикардия В) инспираторлы ентігу, көбікті қақырық, тері көгеруі, өлім қорқынышы, ортопное Г) жүрек тондары бәсең, пульсі жіп тәрізді, терісі суық, жабысқақ тер Д) әлсіздік, құлақтағы шуыл, терісі бозғылт, тырнақ сынғыш, тері құрғақ, жүрек тұсында ауырсыну 84. Шоктың ең тиімді емдеу әдісі: А) циркуляциялық қанды толықтыру Б) плазма алмастырушы препараттар ( полиглюкин, реополиглюкин, физиологиялық ерітінді) В) допамин Г) негізгі ауруды емдеу Д) барлық жауап дұрыс 85. Жүрек жеткіліксіздігі – бұл бірінші кезекте: А) тамыр тонусының төмендеуі Б) миокард жиырылу қызметінің төмендеуі В) тамыр көлемі мен қан айналымының сәйкессіздігі Г) қан плазмасында эритроцит қатынасының бұзылысы Д) миокард жиырылу қызметінің жоғарлауы 86. 52 жастағы ер адам фельдшерге мынадай шағымдармен келді: эпигастрий аймағының ауырсынуы, лоқсу, 2 рет құсқан; сапасыз тағам қабылдауын бас тартады. АҚҚ 100/60 мм с.б.б., пульсі 72 рет мин. Фельдшер асқазанды жуды, содан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, АҚҚ 80/60 мм с.б.б. науқас баяу. Мүмкін диагнозды таңдаңыз: А) стенокардия Б) тағамды токсикоинфекция В) ойық жара ауруы Г) миокард инфаркты Д) өт тас ауруы 87. 37 жастағы ер адам, таңертеңгі жаяу жүргенде мерзімді түрде аз уақытқа төс ратының қысып ауруын және қол саусақтарының ұюын байқайды, терең тыныста ауру сезімі күшееді; ұстамада науқас жүруін баяулатып тоқтайды. Бұл шағымдар алғаш рет бир ай бұрын басталған. Неғұрлым мүмкін диагноз: А) пневмония Б) миокард инфаркты В) остеохондроз Г) артериальды гипертония Д) стенокардия 88. Науқас 20 жыл көлемінде мерзімді түрде ұстамалы тұншығу мен құрғақ жөтелге, кеудесінің сырылдауына шағымданады. Ұстамалар жиі түнгі уақытта басталып, өздігінен басылады. Бала кезінен аллергиялық ринитпен науқастанады. Неғұрлым мүмкін диагноз: А) жүрек демікпесі ұстамасы Б) бронх демікпесі ұстамасы В) созылмалы обструктивті өкпе ауруы Г) истерия Д) нейроциркуляторлы дистония 89. Науқас мазасыз, бүйрек тұсының ұстамалы ауырсынуына шағымданады, ауру сезімі шапқа беріледі. Неғұрлым мүмкін диагноз: А) жедел аппендицит Б) бүйрек шаншуы В) асқазан ойық жарасының тесілуі Г) ішек өтімсіздігі Д) жіті гломерулонефрит 90. Миокард инфарктының негізгі ЭКГ белгілері: а) Т тісшесінің теріс болуы б) ST сегментінің жоғарлауы в) патологиялық Q тісшесі г) Р тісшесінің биіктеуі д) брадикардия 91. Созылмалы гломерулонефритке барлығы тән, біреуінен басқа: а) таңертең беттің ісінуі б) АҚ жоғарлауы в) полиурия г) никтурия д) несептің салыстырмалы тығыздығының жоғарлауы 92. Қол қырымен қабырға доғасын (өт қапшығы проекциясында) ұрғылағанда ауру сезімі байқалса, қай симптомның оң болғанын анықтайды: а) Ортнер б) Василенко в) Захарьин г) Мерфи д) Мюсси 93. Порталды гипертензияға тән емес симптом: а) «медуза басы» симптомы б) спленомегалия в) көкбауыр веналарының кеңеюі г) сарғаю д) қыжыл 94. Асцит дамуы тән ең мүмкін ауруды көрсетіңіз: а) созылмалы гепатит; б) бауыр циррозы; в) созылмалы холецистит; г) өт тас ауруы; д) созылмалы панкреатит. 95. Қабынуға плевраның қатысуы келесі симптомның дамуына алып келеді: а) везикулярлы тыныстың күшеюі б) тыныс алғанда кеуде торының ауырсынуы в) қан түкіру г) тот басқан қақырық д) экспираторлы ентігу 96. Науқаста ентігу, құрғақ жөтел, кеуде қуысының ауырсынуы. Қарап тексергенде кеденің ассимитриясы, тыныс алуда сол кеуде бөлігінің қалып отыруы, перкуссияда тұйық дыбыс, тыныс естілмейді осы аймақта. Неғұрлым мүмкін диагноз: А) крупозды пневмония Б) бронхоэктазды ауру В) өкпе абсцессі Г) бронх демікпесі Д) экссудативті плеврит 97. Науқас 48 жаста, шағымдары: ентігу, қиын бөлінетін тұтқыр қақырық. Қарап тексергенде: кеуде торы бөшке тәрізді, тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады. Перкуссияда - қорапты дыбыс. Аускультацияда – везикулярлы тыныстың кушеюі, құрғақ ысқырықты сырылдар. Неғұрлым мүмкін диагноз: А) крупозды пневмония Б) бронхоэктазды ауру В) өкпе абсцессі Г) бронх демікпесі Д) экссудативті плеврит 98. Ағза мен тіндердің қан айналымының күрт төмендеуі, ағза мен тіндердің гипоксиясы, тіндік тыныстың бұзылысы, ацидоз жиі дамиды: А) І типті гипертониялық кризде Б) деформациялық остеоартроз, подаграда В) өт жолдарының дискинезиясында, эзофагитте Г) созылмалы панкреатитте, гастритте, асқазан ойық жарасында Д) астмалық статуста, пневмонияның ауры кезеңінде, кардиогенді шокта 99. Тамыр жеткіліксіздігіне тән симптомдар: А) АҚ жоғарлайды, терісі қызарған, ылғалды, жүрек тұсының ауырсынуы, бас ауруы, жүрек қағуы, құлақтағы шуыл, көз алдында шіркейлер Б) АҚ төмен, пульсі аз толымды, терісі суық, цианозды, құлақта шуыл, көздің қарауытуы В) терісі қызарған, ылғалды, ыстық, дене қызуы жоғары, бас ауруы, әлсіздік, тахикардия Г) терісі қызарған, қышиды, ашиды, папулалар, беті ісінген, даусы қарлыққан Д) құрғақ ысқырықты дистанциялық сырылдар, ортопное, терісі көгерген 100. Бактериурия тән: А) жедел гломерулонефритке Б) пиелонефритке В) созылмалы гломерулонефритке Г) созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне Д) жіті бүйрек жеткіліксіздігіне |