Главная страница
Навигация по странице:

  • 4-қадам.

  • 14-дәріс. «Математикалық модельдеу (математикалық тіл)» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы

  • 15-дәріс. «Жиын. Логика элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы

  • Комбинаторика элементтеріне

  • лек. 1-д_ріс. «Жа_артыл_ан мазм_нда_ы «Математика» п_нін о_ыту _дісте. 1дріс. Жаартылан мазмндаы Математика пнін оыту дістемесі бастауыш мектептегі математика дістемесіні негіздері жайлы ылым


    Скачать 383.54 Kb.
    Название1дріс. Жаартылан мазмндаы Математика пнін оыту дістемесі бастауыш мектептегі математика дістемесіні негіздері жайлы ылым
    Дата30.10.2022
    Размер383.54 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-д_ріс. «Жа_артыл_ан мазм_нда_ы «Математика» п_нін о_ыту _дісте.docx
    ТипДокументы
    #761586
    страница4 из 4
    1   2   3   4

    1-қадам. Дәптеріңе дөңгелек сыз да, оны а) суретіндегідей 4 тең бөлікке бөл.

    2-қадам. 4 тең бөлікке бөлінген дөңгелектің бөлігін ә) суретіндегідей 3 тең бөлікке бөл.

    3-қадам. б) суретіндегідей бөліктерге бөлінген дөңгелекті дәптеріңе көшіріп сал.




    а)




    ә)




    б)



    4-қадам. Дәптеріңдегі суретке оқушының уақытты бөлгеніне сәйкес келетіндей етіп, дөңгелектің бөліктерін әр түске боя.

    Есептің шешуін модельдеу жадынамасы:

    * Бірінші қарапайым өрнекті құр және оны торкөзді дәптердің ортасына жаз.

    * Бірінші жазылған өрнектің оң не сол жағына келесі амалдарды жазып, толықтыр.

    * Құрылған сандық өрнектің мәнін тап.

    * Жауапты жаз.

    Ж адынаманы пайдаланып, есепті арнайы сызба – «графтың» көмегімен шешу тәсілін көрсет.

    * Сызбаны дәптеріңе көшіріп сал.

    * Меңзермен қосылған әріптердің екі жұбын жаз.

    * Мектеп асханасындағы түскі астың түрлі нұсқаларының санын сана және жаз.




    Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

    1. Есеп шығаруда қолланылатын көрнекіліктер мен модельдерді атаңыз.

    2. Есептің түріне байланысты модель түрлерін атаңыз.

    3. Модельдің қажеттілігін санамалап беріңіз.
    14-дәріс. «Математикалық модельдеу (математикалық тіл)» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы

    1-сыныптағы «Математикалық тіл» бөлімінің мазмұны: Сандарды бейнелеу. «+», «-», «≠», «=», «>», «<» белгілері. Сандық сәуле. Қосу және азайту амалдарының  компоненттері. Деректерді жинақтау, жүйелеу. Кестелер, пиктограммалар, диаграммалар.

    2-сыныптағы білім мазмұны: Екітаңбалы сандардың графикалық моделі. Латын алфавитінің бас әріптері. . және таңбалары. Деректерді жинақтау, кестелер мен диаграммаларды кескіндеу.

    3-сыныптағы білім мазмұны: Екітаңбалы сандардың графикалық моделі. Разрядтар және кластар кестесі. Жиын белгілері. Латын алфавитінің әріптері. Амалдар компоненттерінің атаулары. Деректерді жинақтау, кестелер мен диаграммалар, пиктограммалар.

    4-сыныптағы білім мазмұны: көптаңбалы сандардың графикалық моделі, разрядтар және кластар кестесі, жиын белгілерінің атаулары, латын алфавитінің әріптері, амалдар компоненттерінің атаулары, деректерді жинақтау, жүйелеу, салыстыру, диаграммалар мен пиктограммалар.

    5.2 Математи-калық тіл

    1.5.2.3 сандардың қосындысы мен айырмасын, сан-дарды салыстыру (артық/кем), көр-шілес сандарды, сандық аралық-тарды, сандар қа-тарын көрсету үшін сан сәулесін қолдану

    3.5.2.3 бұрыштарды, көп бұрыштарды, шеңбердің цен-трін, радиусті, диаметрді латын алфавитінің әріп-терімен белгілеу, оларды белгіле-нуі бойынша оқу

    3.5.2.3 бұрыштарды, көпбұрыштар

    ды латын алфавитінің бас әріптері-мен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу

    4.5.2.3 текшені, тікбұрышты параллелепипедтілатын алфавитінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу




    1.5.2.4 қосу мен азайту амалдары-ның компонент-тері атауларын өр-нектерді оқу мен жазуда қолдану

    2.5.2.4 көбейту және бөлу амал-дарының компо-ненттері атаула-рын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану

    3.5.2.4 қосу мен азайту, көбейту және бөлу амал-дары компонен-ттерінің атаула-рын жақшалы өр-нектерді оқу мен жазуда қолдану

    4.5.2.4 пайызды % символымен, мысалы, 25%; бұрыштың гра-дустық өлшемін 0 символымен, мы-салы, 450 белгі-леуді қолдану

     Үш саяхатшы өзен арқылы өтіп, саяхаттарын жалғастырмақ болды. Өзен терең және одан өтетін көпір болмады. Өзен жағасында екі бала отырған қайық тұрды. Саяхатшылар балалардан өздерін өзеннің арғы бетіне өткізулерін сұрады.  Қайыққа бір саяхатшы ғана немесе екі бала сыяды. Ал саяхатшы мен бала екеуі сыймайды.

    Саяхатшыларды өзеннен өткізу алгоритмін құр. Саяхатшыларды арғы бетке өткізу үшін неше рет қатынау керек? Бір рет қатынауға қайықтың бір бағыттағы қозғалысын санауға болады.

    Шешу алгоритмі құрылады. Негізгі шарт – қайыққа тек бір саяхатшы ғана немесе екі бала сыяды. Ал саяхатшы мен бала екеуі сыймайды.

    1. Екі бала қайықпен өзеннің екінші жағына өтеді.

    2. Бір бала сол жақта қалып, екінші бала қайықпен саяхатшыларға қайтып келеді.

    3. 1-саяхатшы қайықпен өзеннің екінші жағына өтеді.

    4. Өзеннің екінші жағында қалған бала қайықпен екі саяхатшы мен бала тұрған жағаға қайтып келеді.

    5. Екі бала қайықпен өзеннің екінші жағына өтеді.

    6. Бір бала сол жақта қалып, екінші бала екі саяхатшы мен бала тұрған жағаға қайтып келеді.

    7. 2-саяхатшы қайықпен өзеннің екінші жағына өтеді.

    8. Өзеннің екінші жағында қалған бала қайықпен бір саяхатшы мен бала тұрған жағаға қайтып келеді.

    9. Екі бала қайықпен өзеннің екінші жағына өтеді.

    10.Бір бала сол жақта қалып, екінші бала бір саяхатшы мен бала тұрған жағаға қайықпен қайтып келеді.

    11. 3-саяхатшы қайықпен өзеннің екінші жағына өтеді.

    Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

    1. Математикалық терминдер мен ұғымдар, оларға сипаттама беріңіз.

    2. Математикалық символика, олардың оқылуы, жазылуына талдау жасаңыз.
    15-дәріс. «Жиын. Логика элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы

    Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

    1. Жиын деген не? Жиын түрлері.

    2. Жиынның берілу тәсілдері.

    3. Жиындарға қолданылатын амалдар (операциялар)

    Дәрістің қысқаша мазмұны:

    Жиындар теориясының негізін қалаған неміс математигі Георг Кантор (1845 – 1918) жиын ұғымын былайша түсіндірген болатын: «Біз жиын деп өзміздің қабылдауымызда немесе ойлауымызда анықталған әрі нақты ажыратылған x обьектілердің тұтас (бірбүтін) М болып бірігуін түсінеміз»

    Математикада обьектілердің жиыыны тураалы айтқан қайсы бір обьектілердің жиынтығын – тұтас (бір бүтін) деп түсінеді. Мұны Г.Кантор мынадай сөздермен бейнелеп айтқан болатын: «Жиын дегеніміз – өзіміздің ойымызда тұтас бір бүтін болып түсінілетін көптік».

    Кантордың бұл сөзі жиын ұғымын анықтамайды, оны тек қана түсіндіреді, сондықтан ол жиынның математикалық анықтамасы болып табылады.

    Жиынды құрайтын обьектілерді немесе ұғымдарды оның элементтері дейді және де осы элементтер берілген жиынға тиісті деп есептелінеді. Жиын элементтері кез – келген текті обьектілер болсада бола алады және оны құрайтын обьектілердің бір текті болуы типпті де міндетті емес. Жиынды құрайтын обьектілер оған тиісті болады да, ал сол обьектілердің құрамды бөліктері оған тиісті емес деп есептелінеді.

    Жиын элементтерінің саны шектеулі де шексіз көп те болуы мүмкін. Жиынның бірде бір элементі болмауы да мүмкін. Ондай жиынды бос жиын деп атайды және Ø белгісімен белгілейді.

    Жиынның негізгі берілу тәсілдері:

    1.      Жиынды оның барлық элементтерін атау арқылы анықтап беру.

    2.      Жиынды оны құрайтын элементтердің сипаттамалық қасиеттерін атау арқылы, яғни жиынға тиісті әрбір элементке тән, ал оған тиісті емес бірде бір элементке тән болмайтын қасиетті көрсету арқылы анықтап беру.

    Жиындарға қолданылатын амалдар:

    1.      Жиындардың қиылысуы

    2.      Жиындардың бірігуі

    3.      Жиындардың айырмасы

    4.      Жиындардың толықтауышы

    5.      Жиындардың декарттық көбейтіндісі.

    сынып

    Қарастырылатын материалдар

    1-сынып

    "Жиындар. Логика элементтері": жиындар және оларға амалдар қолдану, жиындар, жиындардың жіктелуі, жиындарды салыстыру, тең жиындар, бос жиын, пікірлер, ақиқат немесе жалған тұжырымдар, ребустар, логикалық есептер, тізбектер, сандар мен амалдар тізбегі, заттар комбинациялары, "екі-екіден" заттар комбинациялары;

    2-сынып

    "Жиындар. Логика элементтері": жиындар және оларға амалдар қолдану, жиындарды диаграмма арқылы көрнекі түрде кескіндеу, сандық жиындардың жіктелуі, жиындар элементтері, жиындардың қиылысуы мен бірігуі, пікірлер, ақиқат және жалған тұжырымдар, басқатырғыштар, логикалық есептер, тізбектер, сандар тізбектеріндегі заңдылықтар, заттар комбинациялары, "үш-үштен" заттар комбинациялары;

    3-сынып

    "Жиындар. Логика элементтері": жиындар және олармен орындалатын амалдар, ішкі жиынтық, жиындардың қиылысуы мен бірігуі, пікірлер, ақиқат және жалған тұжырымдар, логикалық есептер, кестелер мен графтар, тізбектер, заңдылық, тізбектерді құрастыру, заттардың комбинациялары;

    4-сынып

    "Жиындар. Логика элементтері": жиындар және оларға амалдар қолдану, жиындар арасындағы қатынас, жиындардың қиылысуы мен бірігу аймақтары, жиындардың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері, пікірлер, математикалық мазмұны бар тұжырымдар, ақиқат және жалған тұжырымдар, логикалық есептер, тізбектер, сандар, бөлшектер тізбектеріндегі заңдылықтар, тізбектерді құрастыру, заттардың комбинациялары, комбинаторика есептері;

    Сандар қатарындағы заңдылықты анықтауға арналған алгоритм:

    1. Қатар тұрған екі санның айырмасын тауып, заңдылықты анықта.

    2. Оны келесі сандардың жұбына тексер.

    3. Осы заңдылықты пайдаланып, ары қарай жалғастыр.

    Комбинаторика элементтеріне берілген тапсырма:

    Мектеп асханасында екі бірінші тағам: кеспе көже және борщ; үш екінші тағам: котлет, қуырдақ және палау ұсынылады. Бір бірінші және бір екінші тағамнан тұратын неше әртүрлі түскі ас құрастыруға болады?

    Есепті жадынаманы пайдаланып, қарапайым таңдау әдісімен – барлық нұсқаларын таңдаудың мүмкін комбинацияларын құру арқылы шығар.

    * Түскі астың бірінші және екінші тағамдарынан тұратын бірінші нұсқасын айтып бер және тағам атауларының бірінші әріптерімен жазып көрсет.

    * Әртүрлі комбинациялардан тұратын барлық нұсқаларын таңдауды жалғастырып, тағам атауларының бірінші әріптерімен жазып көрсет.

    * Мектеп асханасындағы екі тағамнан тұратын түскі астың түрлі нұсқаларын сана және жазып көрсет.

    Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

    1.  Жиынға берілген анықтамалар мен оның түрлерін теріп жазыңыз.

    2. «Жиын» ұғымына байланысты бастауыш сынып оқулықтарындағы материалдарды іріктеңіз.

    Логика элементтеріне не жатады?
    1   2   3   4


    написать администратору сайта