Главная страница
Навигация по странице:

  • Эволюция ілімінің міндеті мен зерттеу әдістері.

  • Эволюцияның негізгі әдістері мен прициптері

  • Эволюция ілімінің ғылыми зерттеу жүйесіндегі орны.

  • Эволюциялык идеялардың даму тарихы. Ежелгi заман философиясындағы эволюционизм элементтерi

  • Метафизикалық кезең. Креацинизм көзқарастарының таралуы.

  • Қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар.

  • Тірі табиғаттың тұтастығы және дамуы жайлы көзқарастардың қалыптасуы.

  • Преформизм және эпигенез.

  • Лекция. 432749513163_1 лекция. 1 Дріс. Кіріспе. Эволюциялык идеяларды даму тарихы


    Скачать 28.27 Kb.
    Название1 Дріс. Кіріспе. Эволюциялык идеяларды даму тарихы
    АнкорЛекция
    Дата05.03.2023
    Размер28.27 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла432749513163_1 лекция.docx
    ТипДокументы
    #970428

    1 Дәріс. Кіріспе. Эволюциялык идеялардың даму тарихы

    Эволюция ілімі және оның міндеттері. Эволюциялық процестердің зерттеу әдістері. Эволюция ілімінің негізгі принциптері. Эволюция ілімінің ғылыми зерттеу жүйесіндегі орны

     

    Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы – адам баласын сандаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді.

    Табиғат жайындағы жаратылыстану ілімі осыдан 300 жыл бұрын діни көзқарастардың тұтқынында болды. «Метафизикалық» дәуір деп аталған сол кезеңдердегі жаратылыс зерттеушілерінің ақыл-ойын өзінше бір дүние тану қөзқарасы шарпыды. Олар «Жер және онда тіршілік еткен тірі табиғат құдайдың құдыретімен жаралған, содан бері олар өзгермей келеді» деген ұғымда болды.

    XVII ғасырдың ортасында кейбір озат ғалымдар, жануарлар мен өсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына келгенде өзгеріске ұшырайды деген көзқарас танытты. Бірақ, көптеген діни көзқарастарды жақтаушылардың басым болуы, бұл жаңа бағыттың жеңуіне үлкен қиыншылық келтірді. Органикалық дүниенің өзгеретіні жайындағы жаңа идеяның қалыптасуына ғылыми дәлелдемелердің аздығы да бөгеу болды.

    Тірі табиғат эволюциясының ғылыми концепциясын жүз сексен жыл бұрын ағылшын биологы Чарльз Дарвин құрды. 1859 ж. Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы» деген негізгі кітабы жарыққа шығуымен ең алғаш эволюциялық идея тиянақты ғылыми негізге ие болды.  Бұл теория атақты ғалымның атымен «дарвинизм» деп аталды. Қазіргі уақытта «дарвинизм» деген сөз, «эволюциялық теория», «ілім» деген атаумен ауыстырылды.

     «Эволюция» (лат. evolutio-даму) деген терминді XVIII ғасырдың ортасында биология саласына швед ғалымы Шарль Боннэ енгізді. Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбриональды дамумен ғана байланысты болды. Қазіргі кезде «эволюция» термині тек биологияда ғана емес, ғылымның басқа салаларында да кеңінен қолданылады.

    Эволюцияның жеке дамудан (онтогенезден) айырмашылығы, ол алдын ала жоспарланып қойылмаған. Даму процесі дегеніміз – бір жағдайдан екінші жағдайға өту, тек қана жаңа қасиеттеріне  ғана  байланысты  емес, сонымен  қатар  ежелгі  тірі ағзаларды ерекшеліктерінің сақталуымен сипатталады. Тірі ағзалардың және түрлердің эволюциялық қайта құрылымдары күрделенуге бағытталған, бұл әрекет ата - тектен жаңа ағзаға тұқым қуалауға негізделе отырып жүреді. Эволюцияны, материяның ерекше даму формасы деп қарастырғанда оның үш қасиетін атауға болады:

    1. Биологиялық эволюция – қайтымсыз әрекет;

    2. Эволюция дегеніміз – биологиялық пайдалы белгілердің пайда болуы;

    3. Эволюция ұрпақтар жалғастығына негізделген, яғни жаңа пайдалы

    белгілердің бұрынғы ағзаға үйлесімді енуі.

    Органикалық эволюция дегеніміз – үздіксіз және қайтымсыз ұзақ уақыт дамитын тарихи әрекет, яғни тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайларына бейімделу жолымен біртіндеп макромолекулалықтан жоғарғы сатыға көтерілуі мен биосфераға дейінгі күрделенуі. Жер бетіндегі тіршіліктің эволюциясы негізінен үш кезеңнен тұрады:

    1.  Тіршіліктің пайда болу;

    2. Тірі ағзалардың нақты топтарының және биосфераның бүтіндей дамуы;

    3.  Адамның ерекше биоәлеуметтік жүйе ретінде пайда болуы.

    Эволюциялық ілім  – тірі материяның тарихи даму теориясын оқытатын пән.   Эволюциялық ілім басқа биология пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Жалпы эволюция ілімі курсын үш модуль бойынша оқып білім аламыз:

    1. Эволюциялық идеялардың даму тарихы мен қалыптасуы.

    2. Микроэволюция әрекетінің жүру жағдайы.

    3. Макроэволюция.

    Эволюция ілімінің міндеті мен зерттеу әдістері. Эволюция ілімінің міндеті - әр түрлі ағзалардың  шығу тегінің себептері  мен оған әсер ететін  жағдайларын табу. Басты  міндеті – азалардың  тарихи  даму заңдылықтарын анықтау. Ол екі бағытта зерттеледі:

    Эволюция проблемаларын ойдағыдай шешу үшін экспериментальды зерттеулердің жаңа әдістерін ойлап табу қажет.

    Эволюцияның негізгі әдістері мен прициптері

    Эволюциялық ілім негізгі екі приципке сүйенеді: тарихилық және актуальдылық. Эволюцияның бағыттары мен әдістері осы екі принциппен байланысты. Тарихи принцип – қазіргі тірі ағзаларды зерттеу үшін бұрынғы жүрген эволюцияны зерттегенде алынған мәліметтерді қолданады. Оған мына афоризм сәйкес келеді «ескіні зерттеу – жаңаны түсінудің кілті». Тарихи  принцип  генетикалық   және салыстырмалы әдістер негізіне сүйенеді.

    Салыстырмалы әдіс – ағзалардың тұрақталған формаларын зерттегенде қолданылады. Ол әр түрлі ағза топтарының құрылысы мен қызметін, олардың ұқсастықтары мен арасындағы айырмашылығын салыстыруға негізделген. Мысалы, ол:  – анатомиялық – морфологиялық салыстыру;          – эмбриональды салыстыру;

    – цито-химиялық салыстыру;

    - популяциялық – статистикалық әдістермен анықталады.

    Генетикалық әдіс – ағзалардың шығу тегі себептерін түсіндіреді, бұл әдісті өз еңбектерінде Ч.Дарвин енгізген болатын. Генетикалық әдіс палеонтология мәліметтеріне сүйенеді. Генетикалық әдіс салыстырмалы әдіспен тығыз байланысты.

    Актуальдылық принципі – жекеленген популяцияларда байқалатын эволюциялық өзгерістерді, алдыңғы эволюциялық әрекеттерге қолдану.Оның мәні «Қазіргі зерттеу өткенді білудің кілті» афоризміне сәйкес келеді. Қазіргі зерттеулер популяциялық – статистикалық әдіске негізделеді.

    Эволюция ілімінің ғылыми зерттеу жүйесіндегі орны.

    Эволюциялық ілім – жеке биологиялық пән. Эволюциялық ілім басқа жаратылыстану салаларымен, әлеуметтік ғылымдармен, диалектикалық материализм филасофиясымен тығыз байланысты. Органикалық эволюция биологияның – палентология, морфология, эмбриология, биохимия, генетика, экология және басқа барлық салаларына сүйенеді. Түрлердің қайсы бірі болмасын, бүкіл биоценоз болсын эволюцияланушы жүйе болып табылады. Олардың өзіндік құрылымдары бар. Тірі ағзалар молекулалардан, жасушалардан, ұлпалардан, жекеленген мүшелерден, мүшелер жүйесінен  тұрады.Тіршілік деңгейлерінің әрқайсысын әр түрлі ғылымдар саласы зерттейді

    Тіршіліктің әр түрлі формаларын зерттеп, эволюцияның себептерін және қорытындысында не болатынын қарастырғанда, эволюциялық теория әр түрлі ғылымдардың да себеп- салдарын қарастырады (молекулалық генетика, биохимия, цитология, гистология, анатомия, физиология).Миллиондаған жылдар бойы жүрген эволюция да өз жағынан қазіргі бірқатар бионикалық – техникалық проблемаларды шешуге де үлесін қосты.

    Эволюциялык идеялардың даму тарихы.

     Ежелгi заман философиясындағы  эволюционизм элементтерi. Органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылым бiрден пайда болған жоқ. Тiрi табиғаттың дамуы, басқаша айтқанда эволюциясы туралы түсiнiктер, екi кезеңге: 1. Дарвинге дейiнгi; 2. Дарвиннен  кейiнгi болып бөлiнедi. Дарвинге дейiнгi тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашқы идеялар Месопотамияның, Қытайдың, Үндістанның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады.Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады және де біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, нәтижесінде қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.

    Алғашқы философиялық мектептер кiшi Азия жағалауларындағы  iрi қалалар Эфисте және Милетте ашылды. Гераклит – Эфис ойшылы (б.э.д. 530-470 ж.) оның түсінігіше табиғатта барлық нәрсе ықпалды, барлығы өзгередi. Галактиканың алғашқы элементтерi: от, су, ауа, топырақ үздіксіз қозғалыста болады және олар өзара әрекеттесіп, материя дамуының бастамасы болғанын,  оның аяғы жоқ шексіз әрекет екенiн айтады.

    Ион материалистiк  философиялық мектептiң iрi өкілдері Фалес, Анаксимендр, Анаксимен - әлемнiң шығу тегiн табиғаттың өзiмен байланыстырды. Фалес, барлығы табиғи дамудың нәтижесiнде судан пайда болды деп есептедi. Анаксимандр, тiршiлiк судан және топырақтан жылудың әсерiнен пайда болады дедi. Анаксимен, негiзгi элемент ауа, ол сиректенедi және тығыздалады, ол заттардың әр түрлiлiгiн сол әрекеттердiң әсерiнен пайда болатынын түсiндiредi. Ол адам мен жануарлар жер кiлегейiнен пайда болды  деп санады.

    Механикалық материализмнiң өкiлдерi саналатын философтар - Демокрит және Эмпедокл болды (б.э.д. 460- 370 ж.). Демокрит бойынша әлемнiң барлығы көптеген бөлiнбейтiн атомдардан тұрады. Грецияның философы Эмпедокл (490-430) алғаш рет тiршiлiктiң пайда болу механизмiн  түсiндiрмекші болды. Атомдардың жеңілдері бетіне көтеріліп одан  ауа,  ауырлары астына түсіп одан топырақ пен су пайда болған, ал олардың камбинацияларынан бiр тұтас ағзалар құралады  деп жорамалдады. 

    Биологияның ғылым ретiнде пайда болуы Грецияның ұлы ойшылы Аристотельмен  байланысты. Ол өзiнiң еңбектерiнде жануарларды салыстыра зерттеп, салыстырмалы анатомияның, морфологияның,  ежелгi эмбриологияның негiзiн салды. «Жануарлар тарихы» атты еңбегiнде  Аристотель ағзалардың жiктелуiн салыстырмалы  морфологиялық және физиологиялық зерттеулердiң негiзiнде құрды. Жануарларды ол екi үлкен топқа «қаны бар жануар» және  «қансыз жануарлар» деп бөлдi, ары қарай бұл топтар одан майда таксондарға бөлiнедi. Ең бiрiншi рет «туыс»  және  «түр» деген түсiнiктердi енгiздi.  Аристотель  өзi құрған жiктеу әдiсiн қолданып  жануарлардың 500 түрiн сипаттап берген.  «Жануарлардың бөлiктерi» атты еңбегiнде  мүшелердiң өзара байланыстылығы (корреляциясы ) туралы ой келтiредi. Мұнда бiр мүшенiң өзгеруi басқа да мүшенiң қызметiнiң өзгеруiне әкеледi дейді. Осы еңбегiнде Аристотель  табиғаттың жалпы заңы ретiнде материялы объектiлердiң сатылы дамуын көрсетті: төменгi сатыға - минералдар, өсiмдiктер, зоофиттер ( өсiмдiк жануарлар) және төменгi сатыдағы жануарлар, жоғарғы сатыға - жануарлар мен адамды орналастырды. Бiрақ Аристотель осы сатының баспалдақтары арасында байланыс жоқ деп есептедi. «Жануарлардың шығу тегi» деген еңбегiнде Аристотель салыстырмалы  анатомиялық әдiстi  жетiлдiрдi  және эмбриологиялық  зерттеулердi қолданды. Әр түрлi жануарлардың эмбриондарын зерттеу барысында, Аристотель олардың ата тегi бiр болуы мүмкiн деген ойға келдi.

    Ион мектебiнен басталатын  материалистiк  философия саласы ежелгi уақытта  Рим философы және ақыны Лукрецкий Кардың  мәлiмдемесiмен аяқталды. Атақты ақын «Табиғат  заттары туралы»  поэмасында Лукреций Кар алғаш рет табиғатта жүріп отыратын табиғи сұрыптау туралы түсiнiк енгiздi.

    Сонымен, ежелгi заман философтарының көзқарастарында  эволюцианизмнiң маңызды элементтерi болды:  1. Тiршiлiк табиғат жолымен пайда болды және олар қарама-қайшылықтың күресi нәтижесiнде өзгередi, сәттi түрлерi тiршiлiк етедi.  2. Тiрi табиғаттың  сатылап, бiрте- бiрте  күрделенуi туралы идеялары. 3. Ағзалардың  бiртұтастығы (корреляция  принципi)  және эмбриогенез,  жаңа құрылымдық әрекеттер туралы түсiнiктер  пайда болды.

    Метафизикалық кезең. Креацинизм көзқарастарының  таралуы.

    Заманындағы осындай  материалистік бағыттағы ой – пікірге қарсы метафизикалық көзқарастар қалыптаса бастады. ҮІ – ХІҮ ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде «жаратылыстану» ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Батыс Еуропада дамып келе жатқан феодалдық қоғам жағдайында шіркеу, ең алдымен католик шіркеуі ірі экономикалық және саясаттық күшке айналды. Шіркеу діни идеологияны насихаттап, қанауды жақтап феодалға бас июге шақырды. Табиғатты танудың орнына аруаққа табыну, кереметке сену уағыздалды, ғылымның орнына схоластика және діни кітаптарды мадақтады. Ғылыммен айналыспақ түгілі «табиғат жайлы» кітап оқығандарды да жазаға тартып, тірідей отқа өртеп, қорқытты. Шіркеу догматының  шектен  тыс      уағыздалуы, озық ойлы ғалымдардың да қателесуімен жалғасып жатты.

    Қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар.

    Сауданың дамуы, теңізде жүзудің кең  етек алуына байланысты жаңа елдердің ашылуы ХҮІ ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдары – астрономия,геология, ботаника, зоологияның дамуына себеп болды. ХҮІ – ХҮІІ ғасырлар аралығы биологияның даму саласында «сипаттау кезеңі» болып есептеледі. Ағылшын философы Ф.Бэкон индукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады.Бұл үндеу табиғат зерттеушілерінің арасында кең қолдау тауып, нәтижесінде түрлі ғылыми салаларда көптеген жаңалықтар ашыла бастады.Мысалы, 1543 жылы А.Везалий адам денесінің құрылысын зерттеп, оған сипаттама берсе, М.Мальпиги 1661 жылы қылтамырлардағы қанның қозғалысын анықтады.  1628 жылы У.Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін жариялады.  Р.Гук 1665 жылы өзінің ұлғайтқыш құралын жасап, өсімдік жасушасының құрылысын ашты. А.Левенгук 1683 жылы ұсақ ағзалар дүниесін, эритроциттер мен сперматозоидтың құрылысын жан – жақты зерттеді.

    Тірі табиғаттың тұтастығы және дамуы жайлы көзқарастардың қалыптасуы. Географиялық саяхатттардың дамуына байланысты, өсiмдiктер мен жануарлар әлемi туралы мәлiметтер көптеп жиналды.  Барлық белгiлi өсiмдiктер мен жануарларды бiр жүйеге  келтiру үшiн белгілі бiр жүйелер  бiрлiгi керек болды. Мұндай  бiрлiк  «түр» деп  аталады. Оның алғашқы анықтамасын ағылшын ботанигi Дж. Рей (1628-1705) бердi. Ол «Өсімдіктер тарихы» атты еңбегінде 18600 өсімдік түрлерін сипаттап жазды.

    Өсiмдiктер систематикасында көптеген жаналықтар   енгiзген көрнектi  ғалым К. Линней  (1707-1778)  болды. Ол барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа бөлді. Оның 23 класы гүлді өсімдіктер және 1 класы құпия некелілер, бұған папортниктер, мүктер, балдырлар және саңырауқұлақтар жатқызылды. Ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа топтастырды. К. Линней біріншіден, сол уақытта  белгiлi өсiмдiктердiң  ситематикасын құрастырды. Екіншіден, бұрынырақ К.Баунинг құрастырған бинар номенклатурасын (қос ат беру, түр және туыс)  тәжірибеге енгiзіп, оны жүйелеуге негіз етіп алды. Үшіншіден, К. Линнейдiң iрi жетiстiктерiнiң бiрi  таксондар  иерархиясын анықтау болды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отряд класқа біріктірілді. Бiрақ К. Линней эволюциялық көзқарасты жақтамады. Оның ойы бойынша  «басында қанша түр болса, нетижесiнде сонша қалады», түрлер өзгермейді олардың саны құдірет жаратқаннан аспайды деген сенімде болды. Оның концепциясы креациоизмге тән сипатта жазылды.

    Сонымен, түрдiң тiрi табиғаттың негiзгi құрылымдық  бiрлiгi болуы мен ситематика  биология  саласында  дарвинизмге  дейiнгi  кезеңде басты орынға ие болды.

    Преформизм және эпигенез.                                    

    А. Левенгук жыныс жасушаларды, ал  У. Гарвей жұмыртқа  жасушасын табуы және ағзалардың жеке дамуы белгілі бір жоспарлы түрде  жүретіндігін көрсеттi. Онтогенездiң iштен  жоспарлануы  преформизм  концепциясының негiзi болды. Көптеген белгiлi ғалымдар жыныс жасушаларында  миниатюра түрiнде  дайын ағза қалыптасқан деп  санады. Мысалы, немiс биологы Р. Ганнердiң ойынша  тауық жұмыртқасында дайын  шөже бар.  Преформистердiң  көзқарастарының негiзi  онтогенез әрекетінiң барысында жаңа туындылар пайда  болмайды дедi.

    Преформизм концепциясына  қарама-қарсы жаңа көзқарасты ағылшын эмбриологы  У. Гарвей  эпигенездi енгiздi.  Гарвей  бойынша эпигенез  дегенiмiз -  материяның даму тәсiлi және ол  бiрден пайда болады  әрі дамиды. Сонымен, эпигенз концепциясы бойынша, алғашқы бiркелкі  материалдан даму нәтижесінде дененің жаңа бөлiктері пайда болады және жүйелi түрде бiртұтас ағза қалыптасады. Орыс ғалымы  К. Вольфтың  классикалық еңбегiнде эпигенез концепциясын тауық эмбрионының дамуы арқылы түсіндірілді. Вольф жұмыртқада ешқандай  дайын тірі ағза жоқ екенiн,  iштегі эмбриональды даму барысында  бiртiндеп  жаңа бөлiктер және мүшелер дамитынын  көрсеттi. Бұл метафизикалық көзқарасқа қарсы жақсы соққы болды. Бiрақ, өзi түрдiң тарихи өзгередi деген идеядан аулақ болды.

     «Ұрықтың iштей салыну» гипотезасы. Өсiмдiк бетiнiң көбеюiн зерттеп, Ш Боннэ  партеногенез құбылысын ашты, бiрақ бұл әрекеттi   материя әдiсiмен ғана түсiндiре алды. Оның гипотезасы бойынша тірі ағзалардың аналықтарында ұрпақтары бірінің ішіне бірі матрешка сияқты салынып қойған. Боннэ «даму процесi алдын ала анықталған»  деген ұғымды ұстанды.

     


    написать администратору сайта