Главная страница
Навигация по странице:

  • Омыртқалылар зоологиясы

  • Хордалылар типіне қазіргі кезде жер шарына кең тараған 43 мыңға жуық түр жатады.

  • Дәріс 2 Хордалылар типінің жалпы сипаттамасы, бассүйексіздер тип тармағы. Мақсаты: Бассүйексіздер типіне сипаттама беру. Дәріс жоспары

  • Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі. ЛАНЦЕТНИК БАС СҮЙЕКСІЗДЕРДІҢ ӨҚІЛІ (ВRАNСНІ0SТОМА LАМСBОLАТUМ)Сыртқы түрі.

  • Ас қорыту және тыныс органдары

  • Ланцетниктің көбеюі және дамуы

  • Бас сүйексіздердің тектері.

  • Өзін-өзі бақылау сұрақтары

  • лекция зоология (Автосохраненный). Кіріспе. Жануарларды классификациялау принциптері жне негізгі жйелік категориялар жнінде тсініктер


    Скачать 40.89 Kb.
    НазваниеКіріспе. Жануарларды классификациялау принциптері жне негізгі жйелік категориялар жнінде тсініктер
    Дата31.01.2021
    Размер40.89 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлалекция зоология (Автосохраненный).docx
    ТипДокументы
    #172886


    Дәріс 1

    Кіріспе. Жануарларды классификациялау принциптері және негізгі жүйелік категориялар жөнінде түсініктер.

    Жоспар:

    1. Хордалылар типіне сипаттама

    2. Қағанақтылар және қағанақсыздарға сипаттама

    3. Хордалылардың классификациясы 

     

    Омыртқалылар зоологиясы – хордалылар типіне жататын жануарлар туралы ғылым.

    Омыртқалылар зоологиясының мақсаты – омыртқалылардың   ұйымдастыру заңдылықтары мен тіршілік әрскеттерін зерттеп қана қоймай жануарлар дүниесін халық шаруашығында пайдаланудың жоспарлы ғылыми негізін жасау болып табылады.

    Міндеттері – хордалы жануарлардың негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстыру, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, этологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын, филогениясын оқып білу. Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын оқып білу.

    Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда — хордалылар зоологиясы деп атайды.

    Зоологиялық ғылыми-зерттеу арқылы жануарлардың халық шаруашылығындағы рөлі анықталады. Олардың ішіндегі пайдалылары, ауылшаруашылығы және орман шаруашылығының зиянкестері, түрлі аурулар таратушылары ажыратылады.

    Басқа жануарлармен салыстырғанда хордалылардың үлкен маңызы бар. Бұлар ең жоғары ұйымдасқан күрделі құрылысты алуан түрлі тіршілік ететін жануарлар. Олардың 40 мыңға жуық түрі бар. Хордалылар құрлықты, суды, ауаны, және топырақ қабатын мекендейді. Сондықтан оларды бүкіл жер шарына түгелдей тараған деуге болады. Хордалылардың күрделенуі бір ғана олардың құрылысындағы және физиологиялық әрекетіндегі ерекшеліктерінің түрліше екендігінде емес, сол сияқты алардың тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасының да күрделене түсуінің нәтижесінде болады.

    Омыртқалылардың халық шаруашылығының түрлі салаларын дамытуда үлкен практикалық маңызы бар. Өйткені үй малдарының барлығы хордалыларға жатады. Олардың ішінде азық үшін өсіретіндері де, тері-жүн беретіндері де, көлік және спорттық мақсатқа да пайдаланатын түрлері де бар.

    Табиғатта тіршілік ететін көптеген тағы түрлері үй малдарының жаңа пайдал тұқымдарын шығарудағы табиғи резерв болып табылады. Сондай-ақ жабайы омыртқалыларды жоспарлы түрде аулай отырып ет, май, бағалы терілер сияқты шаруашылыққа қажетті өнімдер аламыз.

    Жабайы жануарларды жоспарлы түрде пайдалану және оларды қолда өсірілетін жаңа тұқымдарын шығару жұмысына біздің елімізде үлкен маңыз береді. Мұның өзі мемелекеттік табыстың басты көзі болып есептеледі.

    Хордалылардың пайдалы түрлерімен қатар зиянды түрлері де бар. Олардың көптеген түрлері ауылшаруашылық зиянкестері. Оларға сарышұнақтар, тышқандар, дала тышқандары, қасқыр т.б. жатады. Хордалылардың өзі ауру қоздырушы болмағанымен, кейбір түрлері алуан түрлі қауіпті ауруларды (оба, бурцелез, энцифалит т.б.) тасымалдаушы болып саналады.

    Омыртқалылар қаншама күрделі көп түрлі болғанымен, толық, әрі жан-жақты зерттелген жануарлар. Хордалылардың түрлері сипаты мен мақсаты түрліше ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті материалы болып келген. Осы зерттеулердің нәтижесінде систематиканың салыстырмалы анатомияның гистологияның, экологияның, зоогеофафиның, және т.б. көптеген күрделі жалпы мәселелері шешілді.

    Омыртқалылар зоологиясының осы заманда биік шыңына көтіруіне кептеген оқымыстылардың (Н.М. Книпович, В.К. Солдатов, А.Н.. Державин, Б.М. Житков және т.б.) қаржылы еңбектері негіз болды.

    Қазіргі уақытта жануарлар систематикасында негізгі 6 категория пайдаланылады: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түр. Сонымен бірге аралық топтар да болады: тип үсті, тип тармағы, класүсті, класс тармағы, отряд үсті, отряд тармағы т.б.

    Зоология зерттеу мақсатына байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жануарлар жүйеленімі, жануарлар морфологиясы, жануарлар анатомиясы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар гистологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар палеозоологиясы және зоогеография. Омыртқалылар зоологиясы зерттеу объектілеріне байланысты ихтиология, герпатология, орнитология, териологияга бөлшектенеді.

     Жануарларды суреттеп жазу ерте дүниеде жүргізілген. Бұл істер Ежелгі Грекиядан басталады да, негізінде Аристотельдің еңбектерімен байланысты. Ол 500 жануарлар түрін сипаттап, оларды жіктеген. 16-17 ғасырда жануарлар әлемі жөнінде мол мағлұматтар жиналған.     Салыстырмалы-анатомиялық сипаттамалармен қатар Аристотель еңбектерінде жануарлардың жыныстық ерекшеліктері, көбеюі, балықтар, құстар, сүткоректілердің эмбриональдық дамуы туралы мғліметтер бар. Ол алғаш рет "Дененің біркелкі бөліктері", яғни ұлпалар мен "біркелкі емес құрамдық бөліктер", яғни мүшелер туралы, гомологиялық (құрылысының ұқсастығы) жғне аналогиялық (ұқсас қызмет атқаратын) мүшелер туралы түсінік берді.Ол өз еңбектерінде тұңғыш рет жануарлар дүниесін жүйеге келтіріп, оларды қаны бар жануарлар және қаны жоқ жануарлар деп екі топқа бөлді. Жануарларды және бүкіл тірі табиғатты зерттей келе, Аристотель оларды қарапайымнан күрделіге қарай жіктеп орналастырды. Аристотель бойынша "Табиғат баспалдағы" органикалық емес заттардан басталады да, одан кейін өсімдіктер, бекініп тіршілік ететін губкалар (Аристотель оларды зоофиттер "жануар-өсімдіктер" деп атады), төменгі сатыдағы жануарлар, жоғарғы сатыдағы жануарлар (ауамен тыныс алушы төртаяқтылар) және адам.

    Қазіргі уақыттағы жануарлар әлемінің жіктелу негізі 17 ғ. мен 18 ғасырдың бірінші жартысында К. Линней еңбектерімен қаланды. швед ғалымы К.Линней «Systema naturae» (1735) деген еңбегінде жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеуде түр, туыс, класс деген зоологиялық атаулар ұсынды. Ол өзінің «Жануарларға жүйеленімдік шолу» (1693) атты кітабында жануарларды сыртқы белгілеріне қарай жіктеді. Мысалы, сүтқоректілерді ол екі топқа: саусақты сүтқоректілер және тұяқты жануарлар деп бөлген. Бірақ Линней жүйесінің өзінде кемшіліктер мол еді. Ол денесінің құрт тәрізді пішініне қарай отырып, бір-бірінен өте алыс тұратын жануарларды бір класқа жатқызып қойды (гидра, басаяқты, былқылдақ денелілер, медузалар, голотурийлер т.б.). К.Линней 4200 жануарды сипаттап, анықтап жіктеді, оның 400-ге жуығы омыртқасыздар еді. Барлық жануарларды Линней 6 класқа бөлді: 1. сүтқоректілер; 2. құстар; 3. сұмпайылар; 4.балықтар; 5.бунақденелілер; 6. құрттар.

    Линней барлық түрді о баста қанша түр жаратылса, сонша болып өзгеріссіз қалады деп сенді.

    Линней классификациясы жалпы систематикаға ғылым ретінде қарауға қызығушылық оятты. Оның қосарлы атау әдісі қазіргі заманға дейін ғылымда қолданылып келе жатыр.

    Чарлз Дарвин, органикалық әлемнің эволюциялық теориясымен З.ооогияның дамуына өзіндік үлкен үлесін қосқан. Ол «Бигл» кемесімен дүниежүзілік саяхатының нәтижесінде 1839 ж. «Ізденіс күнделігі» атты еңбегін жариялады. Бұл еңбектерінде ол бірінші рет оңтүстік американдық және аралдардағы кемірушілер, жыртқыш құстар, кесірткелер, бақалар т.б. жануарларды сипаттап жазған. Ағылшын табиғат зерттеушісі Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы» (1859) атты белгілі еңбегінен кейін зоология ғылымы дамуының жаңа кезеңі басталды.Чарльз Дарвиннің "Түрлердің пайда болуы" еңбегі жарыққа шыққаннан кейін органикалық дүниенің табиғи сұрыпталуы және барлық түрдің шығу тегінің бірлігі жануарларды жүйелеудің негізі болып саналады. Қазіргі уақытқа дейін Дарвиннің эволюциялық теориясы басшылыққа алынып, жануарлар әлемі жіктеледі. Эволюциялық ілім биологияның барлық басқа салаларына әсерін тигізді. Орыс ғалымдары А.О. Ковалевский (1840-1901) және И.И. Мечников (1845-1916) өз еңбектерінде барлық жануарлардың эмбриональдық дамуының ұқсастығын көрсетті.

    19 ғасырда француз ғалымы Ж.Б.Ламарк тірі табиғаттың тарихи дамуын зерттеді. Оның «Зоология философиясы» (1809) деген еңбегінде органик. дүние эволюциясының ғылыми теориясы баяндалды. Олардың арасында аса көрнекті ғалымдар: Ж.Л. Бюффон, Ж. Кювье, Жан Батист Ламарк, К.Ф. Рулье, И.И. Шмальгаузен, В.Н. Беклемишев т.б. бар. Линнейден кейінгі жануарлар систематикасына үлкен үлес қосқан ғылым Ж.Б.Ламорк (1744-1829) болды. Ол Аристотельдің бөлген жануарлар топтарын жаңғыртып, омыртқалылар және омыртқасыздар деген жаңа ат берді. Барлық омыртқасыздарды Ламарк 20 класқа жіктеді: 1. инфузориялар; 2. полиптер; 3. сәулелілер; 4. құрттар; 5. бунақденелілер; 6. өрмекшітәрізділер; 7. шаянтәрізділер; 8. буылтық құрттар; 9. мұртаяқтылар; 10. былқылдақденелілер. Ал омыртқалылар сол Линней бойынша қалдырылды: 1. балықтар; 2. бауырымен жорғалаушылар (қос мекенділермен бірге); 3. құстар; 4. сүтқоректілер.

    Француздың ұлы ғылымы Жорж Кювье (1769-1832) жануарлар систематикасына жоғарғы категория ретінде типті енгізді. Ал құрылысы ұқсас жануарлар кластарын бір типке біріктірді. Барлық жануарлар Кювье бойынша 4 типке бөлінді: I. Омыртқалылар (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, балықтар кластары); II. Жұмсақденелілер (басаяқтылар, қанаттыаяқтылар, бассыздар, иықаяқтылар, бауыраяқтылар, мұртаяқтылар кластары); III. Бунақтылар (буылтық құрттар, шаянтәрізділер, өрмекшітғрізділер, бунақденелілер); ІV. Сәулелілер (тікентерілілер, құрттар, атқыштылар, полиптер, инфузориялар). Кювье де түрдің тұрақтылығын жақтап, органикалық дүниенің эволюциялық даму теориясын қолданады.

    19 ғасырдың 2-жартысында неміс ғалымдары Эрнст Геккель мен Ф.Мюллер эволюция іліміне сүйене отырып, филогенетткалық зоологияның негізі – биогенетикалық заңды ашты.

    Эволюциялық салыстырмалы эмбриологияның дамуы Ресей зоологтары И.И.Мечников, А.О.Ковалевскийдің еңбектерімен тығыз байланысты.

    Қазіргі уақытта салыстырмалы зерттеулермен қатар, 3. жануарлардың физиологиясы, экологиясы, эмбриологиясының ерекшеліктерін экспериментальдық зерттеулер арқылы анықтауда. Зоология, жануарларды қорғау және пайдалану, ауыл шаруашылық өсімдіктерімен орман шаруашылығына, тағамдық және өндірістік қорға зиян келтіретін, сондай-ақ адамдар мен жануарларға қауіпті ауру коздырушыларын тасымалдаушылардың санын реттеудің ғылыми негізі болып табылады. Қазіргі заман зоологиясы медицина, ауыл шаруашылық және ветеринариямен тығыз байланысты, ал оның кейбір бөлімдері паразитология, гидробиология, эпизоотология, эпидемиология құрамына енеді.

    Қазақстан зоологиясы

    Қазақстан жануарлары туралы алғашқы ғылыми жазба деректер Византия, Рим, Араб халифаты елшілерінің жолжазбалары мен Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігінде», «Кодекс Куманикусте» («Қыпшақ тілінің сөздігі») кездеседі. Қазақстанға 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында келген географ-саяхатшылардың экспедициялық зерттеулерінің қорытындысы мен жеке мамандардың еңбектерінде де біздің өлкедегі жануарлар туралы деректер мол. Мысалы, П.С.Паллас құс пен аңның 41 түріне, Э.А.Эверсман құстың 8 түріне сипаттама берген. Сондай-ақ Н.А.Северцовтің «Түркістан жануарларының таралуы», П.П.Сушкиннің «Қырғыз даласының құстары», Н.А.Зарудныйдың «Арал теңізі құстары», т.б. ғылыми еңбектері аңдар мен құстардың жаңа түрлерін ашып, хайуанаттардың географиялық таралуы мен биологиясын зерттеп білуде маңызы зор болды. 20 ғасырдың басында Л.С.Берг Арал теңізі мен Балқаш көлі балықтарын зерттеді. Алынған ғылыми мәліметтері оның үш томдық «КСРО және көрші елдер тұщы су балықтары» (1948–49) деген кітабына енді. Сондай-ақ республикамыздың жануарлар дүниесін зерттеуде КСРО ғылым академиясының Зоология институты, Мәскеу мемлекеттік университеті, т.б. жоғары оқу орындарының ғалымдары (К.И.Скрябин, Д.Н.Кашкаров, А.Л.Бродский, Б.С.Виноградов, В.А.Селевин, т.б.) үлкен үлес қосты. 20 ғасырдың 20-жылдары Жетісуда көрнекті ғалым В.Н.Шнитников көптеген коллекциялық материалдар жинады. Соның нәтижесінде ол «Жетісу сүтқоректілері» (1936) және «Жетісу құстары» (1949) атты ғылыми еңбектерін жариялады. 20 ғасырдың 30-жылдары Е.Н.Павловский, В.А.Догель, Б.Е.Быховский, т.б. белгілі ғалымдардың басшылығымен жануарлар паразиттері және олар тарататын ауру түрлерін кеңінен зерттеу қолға алынды. Соның нәтижесінде «Арал теңізі балықтарының паразиттері» (1934) және «Каспий теңізі балықтарының паразиттері» (1938) сияқты ғылыми еңбектер жарық көрді. 1924 жылы Алматыда Қазақ өсімдік қорғау стансасы (қазіргі Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты) ашылып, онда ауылшаруашылығы дақылдарына зиянын тигізетін кеміргіштерді зерттеп, оларға қарсы күрес жолдары анықталды. 1929 жылы ашылған обадан арылу стансасында (қазіргі Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталық) қауіпті оба ауруын тарататын кеміргіштер мен олардың паразиттері зерттелді. Республикада жануарлар жөніндегі жүйелі зерттеулер КСРО ғылым академиясының қазақстандық базасының құрамында Зоология секторы ашылғаннан кейін (1932) басталды. Зоология саласындағы іргелі ғылыми-зерттеулер 1943 жылы құрылған Зоология институтында жүргізілді. Қазақстанның зоолог-ғалымдарының көп жылдық ғылыми-зерттеу жұмыстары: «Қазақстанның бауырымен жорғалаушылары», (1956), «Қазақстан құстары» (1–5 т., 1960–74), «Қазақстан тұяқты жануарларының ішкі паразит құрттары» (1–2 т., 1962–63), «Қазақстан сүтқоректілері» (1–4 т., 1969–85), «Қазақстан балықтары» (1–5 т., 1986–92), «Қазақстанның қызыл кітабы» (1996) сияқты іргелі еңбектерде қорытылған. Қазақстанда сүтқоректілер мен құстардың, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің түрлері мен жалпы саны анықталды; жабайы жануарларды халық ш-нда пайдаланудың ғылыми негіздері кеңінен зерттелді. Соңғы жылдары республикамызда жануарлар дүниесінің әртүрлілігін сақтау, оларды ұдайы өсіру және ұтымды пайдаланудың ғыл. жолдарын жасау, жануарлар мен адамның табиғи ошақты және паразиттік ауруларын болдырмау тәсілдерін іздестіру, жануарлар әлемінің кадастрін жасау жұмыстары Қазақстан ғалымдары Е.В.Гвоздев, Т.Досжанов, А.Бекенов, Э.И.Гаврилов, А.Ф.Ковшарь, И.Д.Митяев, Г.Уәлиева, Б.Шайкенов, Л.А.Бурделов, Д.Жатқанбаева, т.б-лардың басшылығымен жүргізілді. Сондай-ақ зоология проблемалары ҚазҰУ мен облыс орталығындағы университеттердің биология факультеттерінде, мемлекттік қорықтар мен зоологиялық қорықшаларда, ұлттық табиғи саябақтарда зерттеледі.

     

    Хордалылар типіне қазіргі кезде жер шарына кең тараған 43 мыңға жуық түр жатады.

    Жануарлар әлемінің жүйесінде хордалылардың орны мынан-дай белгілермен анықталады. Көптеген көпклеткалы жануарлар сияқты хордалыларға билатеральды (қосжақты) симметрия тән: денесінен тек бір ғана жазықтықта түзу сызық (тік, негізгі ось арқылы) жүргізуге болады, ол денені бір-біріне үқсас екі (оң және сол) жартыға бөледі. Хордалылардың денесі бас, түлға және қүйрық деп бөлінеді. Бас болімінде сезім мүшелері өте жақсы дамыған, олар жануарлар қоршаған орта-ны бағдарлайды. Денесінің бас бөлімінде сезу мүшелерінің жи-нақталуы орталық жүйке (нерв) жүйесінің миға және оны қор-ғайтын бас сүйегіне жіктелуіне алып келеді. Бүл процесс цефа-лизация деп аталады. Нәтижесінде дененің алдыңғы бөлімінде ауыз тесігі мен тыныс алу мүшелері қалыптасты. Қүйрық бөлімі қозғалыс қызметін атқарушы бөлік ретінде оқшауланды;

    Хордалылар жартылай хордалылар, погонофоралар және тікентерілілермен бірге алғашқы ауыздылар Protostomia-  то-бына қарама-қарсы екінші ауыздылар -Deuterostomia  бөліміне бірігеді. Хордалылардың екінші аузы бірінші ауыздың (гастро-пораның) қарама-қарсы жағындағы гаструла қабатының жары-луы арқылы пайда болады, ал алғашқы ауыздың орнына кейіннен артқы тесік қалыптасады;

    Эмбриональды даму барысында дененің екінші қуысы-целом қалыптасады. Целом қуысында қоректену, тыныс алу, қан-тасымалдау және ыдырау өнімдерін шығару мүшелері орналасады. Целом қуысының болуы барлық хордалыларды екінші дене қуысы бар жоғары сатыдағы омыртқасыздармен қоса целомды жануарлар (Coelomatia) тобына біріктіреді;

     

     

     

    Денесінің метамерлілігі - дененің үзына бойына бірін-бірі қайталайтын бөліктерге, сигменттерге бөлінуі. Көбіне омыртқалы жануарлардың денесінің метамерлі қүрылысы олардың қаңқасында (омыртқалары) және шеткі жүлын жүйесінде (жүлын нервтері), ал су жануарларының төменгі кластарында

    бүлшық еттерінде (бүлшық ет сигменттері), аздап қантасымалдау тамыр-ларында, сол сияқты ыдырау өнімдерін шығару жүйесінде (не-фридиялар) анық байқалады. Бірақ хордалыларда метамерлік буынаяқтылар мен қүрттарға қарағанда айқын білінбейді, ал жоғары сатыдағыларда айтарлықтай дәрежеде жойылған. Мета-мерия үрықтар мен төменгі сатыдағы омыртқалыларда біршама жақсырақ байқалады;

    Хорда, немесе арқа желісі болады. Ол тірек қаңқасының қызметін атқарады және өте күшті қоймалжың заттарға толы клеткадан түратын ерекше үлпалардан қүралған. Хорда төменгі сатыдағыларда өмір бойы сақталса, ал жоғары сатыдағы хорда-лыларда үрық кезеңінде болады да, кейіннен хорданы қоршап жатқан дәнекер үлпадан қалыптасатын шеміршекті немесе сүйекті омыртқалармен алмасады;

    Орталық жүйке жүйесі (ми мен жүлын) арқа жақта орналас-қан және оньщ пішіні түтік тәрізді. Түтіктің ішкі қуысы невро-цель деп аталады. Барлық омыртқасыздардың орталық жүйке жүйесі негізінен қүрсақ жағында жатады және ганглиялар жүйесін қүрайды. Хордалылардың жүйке түтігі үрықтың арқа жағының үзына бойына төмпешіктену барысында эктодерма-дан пайда болады;

    Ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлімі жүтқыншақты желбезек саңылаулары тесіп, оның қуысын сыртқы ортамен байланыс-тырады. Демек, жүтқыншақ екі жақты: ас қорыту жолының учаскесі және тыныс алу мүшесінің қызметтерін атқарады. Суда тіршілік ететін хордалылардың желбезек саңьшаулары өмір бойы сакталады, оларда суда тыныс алу мүшелері - желбезектер да-миды. Қүрлықта тіршілік ететін омыртқалыларда желбезек са-ңылаулары-үрықтың уақытша мүшелері. Ауамен тыныс алу мүшелері - өкпе - жүтқыншақтың артқы бөлімінің қүрсақ жа ғында қос төмпешіктенуі арқылы дамиды. Ас қорыту жолы хор-даның астында жатады;

     

     

    ТИП ХОРДАЛЫЛАР – Сһоrdata

     

    1. тип тармағы Бассүйексіздер — Асгапіа

     

    Класс Басхордалылар – Серһаіосһогёаіа

     

    2  тип тармағы Қабықтылар (Личинкахордалылар) - Тunісаtа,

     

    Класс Асцидиялар -

    Класс Сальпалар —

    Класс Аппендикуляриялар —

     

    3 тип тармағы  Омыртқалылар, немесе Бассүйектілер  -Vегtеbгаtа,  Сгапіоtа

     

    Бөлім Жақсыздар — Аgпаtа

     

    Класс Птераспидоморфтар —

    Класс тармағы Телодонттар —

    Класс тармағы Түрлі қалқаншалылар —

    Класс Цефалоспидоморфтар —

    Класс тармағы Сүйекті қалқаншалылар —

    Класс тармағы Қалқаншасыздар —

    Класс Дөңгелек ауыздылар —

    Класс тармағы Миногалар (тілтістер) —

    Класс тармағы Миксиндер — Мухіпі

     

    Бөлім Жақтылар — Gnathostomata

    Алғашқы су жануарлары —

    Класс үсті Балықтар — Рisces

    Класс Сауытты балықтар —

    Класс Жақжелбезектілер —

    Класс Шеміршекті балықтар — Сһопdrichthyes

    Класс тармағы Қарапайым (ежелгі) акулалар —

    Класс тармағы Ксенакантидтер —

    Класс тармағы Тақтажелбезектілер, немесе акула балық-тар —

    Класс тармағы Бүтінбастылар —

    Класс Сүйекті балықтар - Оsteichthyes

    Класс тармағы Калаққанаттылар —

    Класс тармағы Сәулеқанаттылар —

    Класс үсті Төртаяқтылар -

     

    Класс Қосмекенділер, немесе Амфибиялар — Аmphibia

    Класс тармағы Доға омыртқалылар —

    Класс тармағы Жұқа омыртқалылар —Алғашқы қүрлық жануарлары —

    Класс бауырмен жорғалаушылар, немесе Рептилиялар —

    Rерtilia

    Класс тармағы Анапсидалар —

    Класс тармағы Проганозаврлар —

    Класс тармағы Ихтиоптеригиялар —

    Класс тармағы Синаптозаврлар —

    Класс тармағы Лепидозаврлар -

    Класс тармағы Архозаврлар —

    Класс тармағы Синапсидтер, немесе Аңтәрізділер —

    Класс Қүстар — Аves

    Класс тармағы Кееірткеқүйрықтылар, немесе Ежелгі қүстар

    Класс тармағы Желпуішқүйрықтылар, немесе Нағыз қүстар

    Класс Сүтқоректілер, немесе Аңдар — Маmmalia,

    Класс тармағы Алғашқы андар —

    Класс тармағы Аңдар —   

    ҚАҒАНАҚСЫЗДАР (АНАМНИЯЛАР) МЕН ҚАҒАНАҚТЫЛАР (АМНИОТАЛАР)

    Анамниялар мен амниоталардың бір-бірінен айырмашылық-тары жүмыртқаларының қүрылысында, эмбриональдық даму сипаты мен ересектерінің қүрылысындағы коптеген ерек-шеліктерінде байқалады. Анамниялардың тіршілігі азды-копті болса да сумен байланысты. Оңда өмір бойы не дамудың алғашқы кезеңі жүмыртқалық және личинкалық сатыларын өткізеді. Жүмыртқада үрықтың дамуына жететін сары уыздың біршама қоры болса да, ол тіршілікке қажетті оттек пен суды сырттан алады, ал алмасу өнімдерін түрақты түрде сыртқы ортаға шыға-рады. Алмасудың мүндай типі жүмыртқа жолының қабырғала-ры бөліп шығаруынан пайда болатын және жүмыртқаны қор-шап жататын үшінші қабықтың біршама өткізгіштігінің арқа-сында қамтамасыз етіледі. Демек, анамниялар алғашқы су жа-нуарлары болып табылады.

    Амниоталар, керісінше, нағыз қүрлық жануарлары, олар-дың барлық қүрылымдары қүрлықта тіршілік етуте бейімдел-ген. Балықтар мен қосмекенділердің жүмсақ, іркілдек қабық-пен қагггалған уылдырықтарына қарама-қарсы амниоталар қүры-лысы біршама күрделенген үшінші қабықпен жабылған жүмырт-қаларға ие. Бауырмен жорғалаушылар мен қүстардың жүмырт-қаларында белоктық, қабық асты және сыртқы қабықтар қаба-ты болады. Белок қабаты дамып келе жатқан үрыққа қажетті су мен қоректік заттардың қоры болып табылады. Қабық асты және сыртқы қабық қабаттары жүмыртқаға белгілі бір пішін береді жэне атмосферада қүрғап кетуден сақтайды. Сыртқы қабық жүмсақ немесе қатты да болуы мүмкін: қабықтың қат-тылығы онда известь түйіршіктерінің болуымен қамтамасыз етіледі. Амниоталар жүмыртқалары үшінші қабығының ерекшелігі сол қүрлықта үрықтың дамуына жағдай жасайтын газ-дарды жақсы өткізу және суды нашар өткізу қасиеттеріне ие.

    Анамниялар мен амниоталардың негізгі экологиялық ерек-шеліктеріне байланысты айьфмашылығы үрықтық даму кезінде де байқалады.

    Алғашқы кезде екі топтың да үрығы жүмыртқа қабықтары-мен қоршалып, жүмыртқада еркін жатып дамиды (1-А сур.). Анамнияларда дамып келе жатқан жүмыртқа клеткасы бірдей емес толықтай бөлшектенуге үшырайды және қалыптасқан дернәсілі жүмыртқа қабықтарын жарып шығып суға түседі, жүмыртқаның сарыуызымен қоректеніп және желбезектер ар-қьшы тыныс альш суда ары қарай дамиды (2-А сур.)

    Амниоталардың жүмыртқа клеткасы сарыуызға батып жата-ды және бөліну тек анимальды полюсінде жүреді. Қабықтар-дың қалыптасуы жүмыртқаның сарыуызында еркін жатқан үшқа-батты үрық сатысынан басталады. Ары қарай сарыуызды пай-далану мөлшеріне байланысты үрық жүмыртқаға тереңдей түседі және оның айналасында эктодерма мен мезодермадан түратын сақина тәрізді қатпар қалыптасады (1 сур.). Сақина тәрізді қат-пардың шеттері қосылады және үрықтың үстінде қабат-қабат болып түтасып, екі қабат: сыртқы-сероза, ішкі-амнион қабат-

    Дәріс 2

    Хордалылар типінің жалпы сипаттамасы, бассүйексіздер тип тармағы.

    Мақсаты: Бассүйексіздер типіне сипаттама беру.

    Дәріс жоспары:

    1. Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі.

    2.Бас сүйексіздердің тектері. 

    3.Құрылыс ерекшеліктері.

    4.Систематикасы.

    Бұл тип тармағына бас хордалылар (серһаlосһогdаtа) деп аталатын бір ғана класс жатады. Бұлардың хордалары нерв түтігінен ұзынырақ алға шығып тұратын болғандықтан — бас хордалылар деп аталған. Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хор-далары бас миынан да алға шығып, созылып жатады, желбезектерінің айналасында (атриальдық) қуысы болады. Басы денесінен айқын бөлінбеген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас миы деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атаранмен де, оны қаптап тұратын бас сүйегі болмайды. Хорда және оның қабы скелет қызметін атқарады. Аяқ-колдары жоқ, ал нефридиясы және жыныс системалары сегментті болады.

    1. Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі.

    ЛАНЦЕТНИК БАС СҮЙЕКСІЗДЕРДІҢ ӨҚІЛІ (ВRАNСНІ0SТОМА LАМСBОLАТUМ)

    Сыртқы түрі. Ланцетник — ұзындығы 5—8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетке ұқсас болғандықтан — ланцетник деп аталған; Арқа қанаты кұйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады.

    Денесінің, құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атериальдық тесікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы, бауыр жағында 10—12 пар қармалағышпен қоршалған, ас жолы басталатын ауыз алды тесігі болады.

    Тері қапшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұ-рады: сыртқысын — эпидермис, ішкісін — кутис деп атайды. Жоғары дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен, айырмасы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа қутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік клеткалары — цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар, ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері бола-ды. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың ткань-дерден құралады (1-сурет).

     

     

    1 - с у р е т. Ланцетникгің ұзынынан -жарып көрсеткендегі құрылысы:

    1— қармалағыштармен қоршалған ауыз алды тесігі; 2 — құйрық қанаты; 3—арқа қанаты; 4 — кұйрық асты қанаты; 5—метаплевральды қатпар; 6 — атриальдық тесік; 7—хорда; 8 — миомер (тек қана құйрық бөлімдегілері көрсетілген) 9 — миосепта; 10 — нерв түтіп, 11 — желкен, 12 —желбезек саңылаулары; 13—ішек; 14—ішектің бауыр өсіндісі; 15 — желбезек айналасындағы қуыс; 16 — эндостиль; 17 — жыныс бездері.

     

    Бұлшыќ еттері (миомер, миосепта).Басқа хордалылар сияқты, бұлардың еті де денесіне біркелкі орналаспаған. Ет әсіресе денесінің арқа бөлімінде көп болады. Ет системасы ұзына бойы бөлінген екі — миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінеді. Миомерлер бірінен-бірі миосепта деп аталатын дәнекер тканьдермен шектеліп (бөлініп) тұрады. Сондықтан бунақтардың жіктері сырттан қарағанда айқын 'көрініп тұрады. Бұлшық еттерінің бөлшектерінің үшкір жағы денесінің алдыңғы жағына қарап орналасқан. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы миомерлері бір-біріне тұспа-тұс орналаспайды. Мұның өзі су ішінде жүзгенде көлденең бағытта денесінің оңай иілуіне жағдай туғызады.

    Жүйке жүйесі. Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатьң бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтігі болады, Нерв түтігінің бас жақ бөлімі-нің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты — невроцель деп атайды. Ланцетник ұрығының даму кезінде невроцель сыртқы ортамен —невропор тесігі арқылы қатысады. Ересек ланцетниктерде невропор болмайды. Мұның орнына дененің бас бөлімінің үстіңгі жағында оязы қалады, оны иіс оязы деп атайды. Бүкіл нерв түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш — Гессе көзшелері орналасқан. Әрбір көзшенің өзі екі түрлі клеткадан тұрады. Біріншісі — жарық сезгіш клетка, ал екіншісі — пигментті клетка. Ланцетник миының барлығы дерлік жарық сезгіш келеді. Перифериялық нерв системасы ми түтігінен кететін нервтерден құралады.

    Ас қорыту және тыныс органдары. Ауыз алдындағы қармалағыш түктерінің түп жағында ауыз орналасқан. Ауызбен жұтқыншақты бөліп тұратын, етті сфинктер болады. Жұтқыншағы кең, ол жүзге жуық желбезек саңылауларын аралап өтеді. Ол сыртқа ашылмай атриальдық немесе желбезек айналасындағы қуысқа ашылады. Атриальдық қуысы бүйір қатпарларының өсуінен негізделген. Қатпарлар құйрық бөлімінде өспейді соның нәтижесінде атриопор деп аталатын тесік пайда болады. Сөйтіп су жұтқыншақтан желбезек сақылаулары арқылы атриальдық қуысқа одан атриопор арқылы сыртқа шығады.

    Қан айналу жүйесі — қарапайым, бірнеше қан тамырларынан ғана тұрады. Қаны түссіз. Жүрегі болмайды. Жұтқыншақтың астыңғы жағынан басталран кұрсақ қолқасынан бірнеше желбезек артериялары тарайды. Бұл артериялар желбезек саңылауларының арасындағы қатпарларға келіп ұш-тасады. Желбезек артериялары ұсақ қан тамырларының торларын құрамай-ақ тотыққан қанды қос желбезек үсті қан тамырларына немесе арқа қолқасының түбіріне апарып құяды. Қос арқа қолқасының түбірі яғни желбезек үсті қан тамырлары қатарласып келіп жұтқыншақтың соңғы бөлімінің тұсына келгенде қосылып, арқа қолқасына айналады. Арқа қолқасы хорданың астыңғы жағынан дененісінің артқы бөліміне дейін созылады. Арқа қолқасынан ішкі органдарға қан тамырлары кетеді.

    Зәр шығару жүйесі — жұтқыншақ маңайына орналасқан көптеген (90 пар) нефридия түтікшелерінен тұрады. Нефридия түтікшелерінің бір ұшы желбезек маңындағы қуыспен жалғасады да екінші ұшы целом қуысына еніп тұрады. Осы қуысқа еніп тұратын ұшында, бірнеше тесіктер бар. Бұл тесіктердің іші қуыс, сырты түйреуіштің, басы сияқты клеткалар-мен — .соленоциттармен қапталған. Соленоциттардың іші қуыс оның ішіндегі қозғалып тұратын түктерінің көмегімен, целомның, ішіндегі зәр заттары желбезек қуысына келіп, одан сыртқа шығарылады. Ланцетниктердің зәр заттарын шығару органдары, кейбір буылтық құрттардын, зәр шығару органдарының құрылысына ұқсайды.

    Жыныс бездері. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас болғандықтан, оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Олар көптеген (25 пар), шар тәрізді целом қуы-сының желбезек бөліміне орналасқан денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жо-лы арқылы, желбезек қуысына келіп, одан атриопор арқылы сыртқа суға шығарылады. Жыныстық келеткалар су түбіне жақын қабатқа барып ұрықтанады, яғни ланцетниктің ұрыктануы сыртта болады.

    Ланцетниктің көбеюі және дамуы. Ланцетниктердің көбеюы және дамуын бірінші рет А. О, Ковалевский зерттеген. Бұл зерттеудің үлкен маңызы бар. Өйткені, өте қарапайым хордалылардың дамуын зерттеудің нәтижесінде қазіргі тіршілік ететін хордалылар тегінін, ертеде қалай дамығаны туралы керекті мәліметтер алуға болады. Сонымен қатар ланцетниктің эмбриональдық дамуы басқа хордалылардың эмбриональдық дамуының қарапайым, схемалық көрінісі болып саналады. Уылдырықтарын шашуы және олардың ұрықтануы әдетте кешкі уақытта болады. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кеште ұрықтанған жұмыртқа, түн ортасында гаструлалық даму кезеңіне жетіп үлгіреді. Жұмыртқанын бөліне бастаған мезгілінен 36 сағаттан соң, ұрықтың аузы және алғашқы желбезек саңылауы қалыптасады. Жұмыртқалары ұсак және олардың сары уызы аз болады. Сомитте мына төмендегі органдардың нұсқалары бар екендігі байқалды: сомиттің ішкі төменгі бөлімін—склеротом деп атайды. Ол хорданы, нерв түтігін, жүзу қанаттарын, тірек қауырсындарын қаптап тұратын дәнекер қынаптарын құрайтын клеткаларды түзеді және одан миосепталар да қалыптасуы мүмкін. Сомиттің хордаға тиіп жататын бөлімін миотом деп атайды Бұдан тұлға еттері пайда болады. Сомиттің сыртқы бөлімі тері жапырақшасы деп аталады. Бұдан терінің дәнекер қа,баты — кутис пайда болады.

    1. Бас сүйексіздердің тектері.

    Осы кезде тіршілік ететін бас сүйексіздердің тегі туралы, палеонтологияда ешбір маглұматтар жоқ. Сондықтан да, бұл жануарлар тобының тегі туралы, салыстырмалы анатомия мен эмбриологияның мағлұматтарына ғана қарап қорытынды жасауға тура келеді. Академик А. Н. Северцевтің айтуынша, бас сүйексіздердің тегі еркін жүзе алатын екі жақты симметриялы жануарлар болған. Олардың атриальдык қуысы болмаған, хордасы бас бөліміне жетіңкіремеген. Желбезек саңылаулары аз болған (17-20) және оларда симметриялы түрде орналасқан. Сол алғашқы бас сүйексіздерден екі бұтақ тараған. Біреуі—еркін жүзіп жүріп тіршілік ететін омыртқалардың шығуына себепші болған топ та, екшші — жай қозғалуға су түбінде топырақты қазып тіршілік етуге бейім-делгендері. Бұдан осы заманда тіршілік ететін бас сүйексіздер-дің ата тектері шыққан болуы мүмкін.

    Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

    1. Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі.

    2. Ланцетниктің сыртқы құрылысы.

    3. Ланцетниктің ішкі құрылысы.

    4. Бас сүйексіздердің тектері.


    написать администратору сайта