Главная страница

АСТАНА. ТЕСТ ОТВЕТЫ (копия). 1. дс анытамасы "Масаты ауру немесе жараат салдарынан бзылан ызметтерін толы алпына келтіру болып табылатын белсенді рдіс, егер ол ммкін болмаса мгедекті физикалы,


Скачать 135.58 Kb.
Название1. дс анытамасы "Масаты ауру немесе жараат салдарынан бзылан ызметтерін толы алпына келтіру болып табылатын белсенді рдіс, егер ол ммкін болмаса мгедекті физикалы,
АнкорАСТАНА
Дата24.06.2022
Размер135.58 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТЕСТ ОТВЕТЫ (копия).docx
ТипДокументы
#613632
страница1 из 11
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1.ДСҰ анықтамасы: "Мақсаты ауру немесе жарақат салдарынан бұзылған қызметтерін толық қалпына келтіру болып табылатын белсенді үрдіс, егер ол мүмкін болмаса- мүгедектің физикалық, психикалық және әлеуметтік потенциалын тиімді орындау, оның қоғамдағы адекватты интеграциясы" сай келеді:


медициналық реабилитация



паллиативті көмек



гериатриялық көмек



санитарлы-шипажайлық ем



гериатриялық реабилитация



2.Балалар саны 0-4 жасқа дейінгі 8000, 0-4жасқа дейінгі балалар арасында 320 қызылша жағдай тіркелген. Таралуы қоршаған ортада 40%. Бұл көрсеткіш:



Интенсивті көрсеткіш



Қатынастар көрсеткіші



Көру көрсеткіші



Экстенсивті көрсеткіш



Орта арифметикалық шама



3.Әйелдер кеңесі жұмысының тиімділігін бағалайтын көрсеткішті көрсетіңіз:



фертильді жастағы 1000 әйелде өздігінен болатын түсік саны



фертильді жастағы 1000 әйелде босану саны



фертильді жастағы 1000 әйелде қабыну ауруларының саны



фертильді жастағы 1000 әйелде түсік саны



фертильді жастағы 1000 әйелде қылмыстық түсік саны



4.ВБИ жасанды берілу жолын көрсетіңі:



Ауалы - тамшала



Байланыс-шаруашылық



Артифициалды



Ауалы - шаңды



Фекальды-оральды



4.Жүрек қан тамырларының ауруы, ентігу бар науқастарға жартылай отыру қалпын қабылдау, мына мақсатпен тағайындалады:



Емізу кезіндегі ыңғайлылық



Кіші қан айналым жүйесіндегі кептелуді азайту



Ойылудың пайда болу қаупін азайту



Киімін ауыстыру ыңғайлығы



Асқорту жолының жұмысын жақсарту



5.Науқаста күнделікті диурез 350 мл болса, қандай симптом бар?



Никтурия



Анурия



Полиурия



Протеинурия



Олигурия



6.Дәрілік заттарды көктамыр арқылы енгізудің ең негізгі артықшылығы:



Әртүрлі препараттарды енгізу мүмкіндігі



Тек арнайы бір препаратты енгізу мүмкіндігі



Жедел көмек кезіндегі тиімділігі



Бауыр арқылы өтудің жоқтығы



Дәрілік комплексті енгізу мүмкіндігі



7.Науқасты плевралды пункцияға дайындау кезіндегі сіздің ісшараңыз:



Тазалық клизмасын қою



Асқазанын жуу



Қуықты босату



Талдаудың мақсатын түсіндіру



Туыстарына 
болатын талдауды хабарлау


8.Науқаста ректороманоскопия болады. Сапалы зерттеу жүргізу үшін науқасқа сіз, жасайсыз:



Премедикация



Таңертең жіне кешке тазалағыш клизмасын



Тік ішек температурасын қадағалау



Контрасты заттты енгізу



Тамақтану мінездемесін қадағалау



9.Науқасты тексеру барысында жүрек қағу жиілігі минутына 96 болса, тамыр соғысының жиілігі 86 болды. Бұл жағдайға анықтама беріңіз:



Брадикардия



Тахикардия



Пульс тапшылығы



Пульс диссоциациясы



Экстрасистолия



10.Жүректің ишемия ауруына шалдыққан науқасқа №10 емдік диета тағайындалған. Науқасқа тамақтану бойынша кеңес беріңіз:



Көмірсуларды шектеу



Ас тұзы мен жануарлар майын шектеу



Ақуыздар мен кальцийге бай өнімдерді



Өсімдік талшықтарына бай өнімдерді



Өсімдік майын шектеу



11.Науқасқа несептің құрамындағы диастазаны анықтау тағайындалған. Науқасқа несепті дұрыс алу туралы кеңес беріңіз:



Несептің ортаңғы бөлігін



Тәуліктік несепті



8 үлес жинау



Жаңа бөлінген несепті жылы күйінде



3 сағат ішінде жинау



12.Гломерулонефрит кезіндегі трида белгісінге тән сиптомдарды атаңыз:



Тершеңдік, боз, бас ауыру



Дисфагия, дене салмағының төмендеуі, ауырсыну



Шөлдеу, полиурия, ацидоз



Дизурия, поллакиурия, ауырсыну



Ісіну, гипертония, гематурия



13.Науқата асқазаннан қан кетуіне күмәнданасыз, егер:



Ол алқызыл тісті көпіршікті қанды бөлінісімен жөтеледі



«Татты қақырық» бқлінісімен жөтеледі



Бұл әйелде «қабыршық табанды » дәрет және құсығы «кофе тұнбасы » тәріздес



Алқызыл қан аралас нәжіс



«ет жуындысы» тәрізді зәр



14.Бронхиалды астма ұстамасына күдіктенесіз, егер ауқаста анықталса:



Стридор, тұншығу, қанды бөліністі шырыты қақырық шығуы



Ентігу, кеуде торындағы жедел ауыру, жөтел, қан түкіру



Тұншығу, ентігу қиындаған дем алумен, бет гиперемиясы, қозу



Ентігу, бет гиперемиясы, куссмауль демі, құсу



Ентігу қиындаған дем шығарумен, дистанционды сырыл



15.Науқасқа диагностикалық мақсатпен құрсақ қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі тағайындалған. Тамақтану бойынша қандай кеңес беру керек:



3 тәулік бұрын сүт, көкөністерді, қара нанды қолданбау



7 тәулік бұрын сүт, жеміс- жидектерді қолданбау және суды шектеу



3 тәулік ішінде ет пен ет өнімдерін қолданбау



2 тәулік бойы тез сіңетін көмірсуларды қолданбау



Еш шектеуді қажет етпейді



16.Асқазанды шаю үшін зондты енгізу қажет ара қашықтық формула бойынша анықталады: бойы (см-мен) – х, мұндағы х тең:



100



80



50



бойдың 1/2



бойдың 1/3



17.Қақырықты сапалы жинауға ең маңызды болып табылады:



қақырық жинау ережелерінің сақталуын қадағалау



қақырық жинау бөлмесінің болуы



арнайы контейнерлердің болуы



тек таңғы уақыттарда қақырықты жинау



тек кешкі уақыттарда қақырықты жинау



18.Дуоденальды зондтау кезіндегі порция Б дегеніміз:



Асқазанның құрамы



Он екі елі ішіліктегі сөл



Өт қабығындағы сөл



Тоқ ішектің құрамы



Өт қабының ішіндегі өт



19.Ауыл халқына медициналық көмек көрсетудің бірінші кезеңін жүзеге асыратын денсаулық сақтау құрылымын анықтау:



Қалалық емхана



ОАА



Қалалық аурухана



ФАП



Облыстық аурухана



20.Аналар өлімін есептеу үшін қажет көрсеткіштер:



Өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 42 тәулік) әйелдер саны, тірі туғандар саны



Өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 42 тәулік) әйелдер саны, жалпы туғандар саны



Өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 30 тәулік) әйелдер саны



Өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 7 тәулік) әйелдер саны, барлық босанғандар саны



Жалпы есепте тұрған жүктілердің саны, өлген жүктілердің саны



21.Жылағыштық, жазуының бұзылуы, қозғалу кезіндегі мазасыздық, сөйлеу мәнері баяу – тән:



Гастритқа



Миокардитқа



Хореяға



Полиартритқа



Остеомиелитқа



22 Подагра кезінде ауырсыну орналасады:



шынтақ буынында



жамбас буынында



табан буынында



бірінші табан сүйек-бақайшақтар буынында



кәрі жілік-білезік буынында




23 Науқас 24 жаста, мейірбике, ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бөтрпелерге шағымымен келді. Бұл препаратпен қатынасты тоқтатқаннан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста таралған гиперемия және ісіну, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамды диагноз қойыңыз:


шынайы экзема


микробты экзема


аллергиялық дерматит


фотодерматоз


дәрілік токсидермия


24 8 жасар бала іш және қолдарының терісінде 2 апта бұрын кейде жеңіл қышумен ұласатын бөртпелер пайда болды. Объективті: қалыпты тері түсіндей ортасында кіндік тәрізді басылған жылтыр байламы бар, сипағанда тығыз, көптеген бөртпелер көрсетілген. Сіздің болжамды диагнозыңыз:


тегіс теміреткі


контагиозды моллюск


сүйел


өткір ұшты кондиломалар


есекжем


25 Мерездің біріншілік белгісі:


лимфаденопатия


аллопеция


лейкодерма


қатты шанкр


гумма


26 Күлдіреуік (пузырчатка) патогенезінде жатыр:


аутоиммунды реакция


некрозды қабыну


атрофиялық үрдіс


лимфа айналымының бұзылысы


қан айналымның бұзылысы


27 Бозғылт трепонема қандай антибактериялық препараттарға сезімтал?


пенициллиндер


макролидтер


фторхинолондар


тетрациклиндер


стрептомициндер


28 Қабылдауға 34 жастағы еркек келді, түнгі клубта ди-джей, екі күн бойы дене температурасының 38°С дейін жоғарлауы, дизурия, зәр шығару кезінде қышу және ашу, уретрадан жағымсыз иісті ақшыл-сары бөліністің бөлінуіне шағымданады. Науқас ретсіз жыныстық қатынаста болады. Қарауда: жаныс мүшесі басының гиперемиясы мен ісінуі. Берілген клиникалық сурет қай ауруға тән?


жедел гонорея


урогенитальды хламидиоз


урогенитальды трихомониаз


урогенитальды кандидоз


гарднереллез


29 54-жасар науқас дерматологқа башпай арасында орналасқан бөртпеге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 2 ай. Емделмеген. Моншада жұмыс істейді. Болжамды диагноз:


екіншілік мерез


табан эпидермофитиясы


дисгидротикалық экзема


ихтиоз


алақан-табан кератодермиясы


30 Стационарға түскен қыз 18 жаста келесі шағымдармен: дене қызуының 39 С, басының қатты ауыруы, жарықтан қорқу, спонтанды құсу және денесінде бөртпе пайда болуымен келді. Қараған кезде байқалады: желке бұлшықетінің ригидтілігі, Керниг симптомы оң, көп қимылдағыш, беттің гиперемиясы, терісі ыстық, денесінде геморрагиялық бөртпе анықталды. Болжам диагноз:


менингококк инфекциясы


тұмау


энцефалит


желшешек


қызамық


31 Науқаста айқын атаксия, бұлшықет әлсіздігі, үзілмелі сөйлеу, тремор байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?


Миастения


Рейно ауруы


Мишық ісігі


Маңдай бөлігінің ісігі


Самай бөлігінің ісігі


32 60 жастағы науқаста артериялық қысым жоғарылауы аясында дизартрия, аяқ қолының дистальды бөлімдерінің әлсіздігі мен парастезиялар пайда болды. Сіздің әрекетіңіз:


нифедипин, эуфиллин, магний сульфаты


нифедипин, фуросемид, нитроглицерин


нитроглицерин, аспирин, гепарин, морфин


морфин, добутамин, аспирин, гепарин, физиологиялық ерітінді


сальбутамол, эуфиллин, будесонид


33 Төменде көрсетілгендердің қайсысы шашыранды склероздың клиникалық сипаттамасы болып табылады?


деменция


көрудің нашарлауы


клоникалық тырысулар


бұлшықет атрофиясы


алопеция


34 Психиатриялық клиникаға 25 жастағы әйел босанудан 1 аптадан кейін түсті бала дені сау болып туылып босану асқынусыз өткен әйел қозулы айқайлайды киімдерін шешіп жүгіруге тырысады.Іштей баланың жылаған дауысын есітеді. Сұраққа жауап бермейді ұзақ уақыт бір нүктеге қарап отырады болжам диагноз:


шизофрения


депрессия


босанудан кейінгі психоз


невростения


деменция


35 43 жастағы ер адамда себепсіз түсіріңкі көңіл-күй, жабырқаулы сезімді сезінеді. Әлем сұр, түнеріңкі жабырқаулы қабылдайды. Моторикасы тежелген, ойлау қабілеті баяуланған, өзін-өзі кемсіту идеясы және суицидтік ойларды айтады. Бет әлпеті терең қайғыны және уайымды бейнелейді. Синдромды атаңыз:


катоникалық


депрессивті


апато-абулиялық


астеникалық


маниакальды


36 Резонерлік тән:


эпилепсияға


тамырлы деменцияға


параноялық тұлғаның дамуына


шизофренияға


жабысқақ жағдайлар неврозына


37 18 жастағы ересек бала бас- ми жарақатынан кейін есте сақтаудың нашарлауына, сөйлеудің қиындауына, сөз тауып сөйлеудің нашарлауына, қиын тапсырмаларды орындай алмайтынына шағымданады. Қандай синдром жайлы ойлауға болады?


дементивті


онейроидты


ақымақтық


психоорганикалық


астениялық


38 Эпилепсиялық статустың 1 сатысында шұғыл көмек көрсету кезеңінде енгізілетін дәрілік препаратты көрсетіңіз:


10 мг диазепам т/і


40% глюкоза ерітіндісі т/і


дәрумен В1 – 5 мл т/і


дексаметазон 4 мг, т/і


2,0-4,0 мл фуросемид т/і


39 32 жастағы героиндік наркоманиямен зардап шегетін науқас Х., соңғы 3 күнде еріксіз наркотик қабылдауды тоқтатқан. Нарколог қарауы кезінде бүкіл денесіндегі күшті ауру сезіміне, жүрегі мен асқазанындағы жағымсыз сезімге, жүрек айну және іш өтуіне шағымданады. Қозғалыс мазасыздығы жағдайында, сұрақтарға тітіркеніп жауап береді, үнемі наркотик немесе қандай да бір дәрі беруді сұрайды. Осы жағдайда емдеуді бастау керек


психофармакотерапиядан


инелік рефлексотерапиядан


психотерапиядан


электро-тырысулы терапиядан


психоактивті заттарға мүлдем тиым салудан


Науқас айналаға қарап тұрып, терезеден тыс біреу оны шақырып тұрғанын айтады және оған жауап қайтарады.Дәл осы жағдай басқалардың да бірдей еститініне сенімді. Бұзылушылықты анықтаңыз:


Рефлекторлы галлюцинация


Шынайы галлюцинация


Психосенсорлық бұзылулар


Парейдолық иллюзия


Псевдогаллюцинация


23 жастағы А. есімді науқас екі көзінің бірдей айқын қышуына, жас ағуға, ісінуге шағымданып ауруханаға келді. Анамнезінен: науқас 1 күн бұрын үй тазалығымен айналысқан. Сіздің болжамды диагнозыңыз


серозды иридоцикилит


глаукоманың жедел ұстамасы


аллергиялық конъюнктивит


тұқымқуалаушылық катаракта


бактериялық кератит


33 жастағы науқас Б. оң жақ көзде пленка түрінде ісіктің пайда болуына, көру өткірлігінің төмендеуіне, жиі қызаруына, бөгде дененің сезіміне шағымданады. Офтальмолог науқасты қарап тексеруден кейін птеригиумның үшінші сатысы диагнозын қойды. Аурудың осы сатысында қандай асқынуды болжауға болады:


глаукоманың жедел ұстамасы


онкологиялық ауру


орбита флегмонасы


теріскен


аллергиялық конъюнктивит


Қабылдау бөліміне 8 жастағы ер бала келді, футбол ойнау кезінде мұрнынан жарақат алған. Мұрын аймағындағы ауырсынуға және мұрыннан қан кетуге шағымданады. Сіз қандай алғашқы көмек көрсетесіз?


мұрын аймағына суық қою


алдыңғы тампонада


артқы тампонада


сақпанша таңғыш салу


мұрынды жансыздандыру


Науқас 2 күн бұрын суық сыра ішкеннен кейін даусыныың қарлығуына, жөтелге, дене қызуының жоғарылауына шағымданады.Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,5 С. Ларингоскопияда: көмейдің шырышты қабығы гиперемияланған,дауыс саңылауы кең.Тыныс алуы еркін. Сіздің болжамды диагнозыңыз


жедел фарингит


жедел ларингит


лакунарлық ангина


паратонзиллит


жедел аденоидит
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


написать администратору сайта