Главная страница
Навигация по странице:

  • 54 )Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы және т.б

  • 55 ) ХХғ.басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.

  • 56) 1916 ж .ұлт-азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы

  • 1. ылым ретіндегі азастан тарихыны масат, міндеттері жне оны зерттеуді зектілігі


    Скачать 269.73 Kb.
    Название1. ылым ретіндегі азастан тарихыны масат, міндеттері жне оны зерттеуді зектілігі
    АнкорTarikh_ekzamen.docx
    Дата12.01.2018
    Размер269.73 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаTarikh_ekzamen.docx
    ТипДокументы
    #13898
    страница10 из 15
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

    53) ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері. «Зар заман мектебі» Д.Бабатайұлы,Ш.Қанайұлы,М.Мөңкеұлы,т.б. еңбектері. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды « Зар -заман » мектебінің ойшылдары деп атады. Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді. Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы , Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (2,168 б.). зар – заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі , елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың – бітімімен ажырамауға үндейді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының ( 1843 – 1906 ) жырларынан айқын байқалады ( 3,38 ). Зар – заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы , қазақы қадір – қасиеті сақап қалуға үндеген , ой – пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Зар – заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы ( 1818 – 1881 ) « зар – заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін , көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел – жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады. Шортанбай адамдарының әлеуметтік топқа бөлінуі олардың шыққан тегіне сәйкес болу керек деп есептеді.Заманның бұзалғанына назары болған ақын «әуелгі заманның » енді қайта келмейтіндігіне « құдасы жоқ құлдың , қонысы жоқ байдың » озатынына , « байдың тілін жарлы алмай, ханның тілі қара алмай » өздері де жөнін біле алмайтынына қынжылыс білдіреді. « заман оңайлар еді, бірақ оған әуелден бас білдірдің » деп осы жағдайға душар еткендерді ренішін айтады (4,29).Елде ұрлық пен парақорлықтың , өсек пен жалақорлықтың көбейін, ұлы атасын сыйламаған , атасы батасын бермеген әлеуметтік құбылысты заманақырға теңеген шортанбай оның себебін патша өкіметінің отарлау саясатынан іздейді. Шортанбай ақырзаманды «бүкіл адамзат ұрпағының » жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша , «ақырзаман »бұрынғы әдет – ғұрыптың бұзылуы адамдар арасындағы сыйластық байырмалдықтың азаюы әркімнің өз басын күйттеуі, қазақ халқының өз еркіндігінен айырылуы , орысқа бодан болуы. Хандық билікті аңсаған ақын « Жандарал ұлығың , майыр сынғаның болды », «кәпірді піріндей тілмәшті жеңгендей дуанды үйіндей көрдің », енді сені күтіп « абақты тұр қасында , қазылған қара көріндей » (5,60 ) деп сақтандырады.Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшеліктерінің екінші халыққа күшпен енгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін түсіндіреді. Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874). (6,169).Зар – заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықдықтың белең алунан басталады. 1978 жылы Ленингратта басылып шыққан , « Поэты Казахстана » жинағында - (құрастырған М.Мағауин ) ( 7 ,149 б. ) Зар – заман ақындарын отаршылдыққа қарсы жазылған бір қатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді. ХХ ғасырдың соңынан бастап Зар – заманның тарихи сипаты , Зар – заманның ақындарының шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері , көркемдік кестелері туралы бір қатар еңбектері жазылды. Зар –заман ақындарының уақыт тағдырын дұрыс түсінгені және оны әділ бағалағаны өзінің тарихымен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бірақ олар дәстүрлі құндылықтарды қорғаны мен тығырықтан шығатын жолды, жаңа арна мен бағытты көрсете алған жоқ.

    54 )Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы және т.б.XIX ғ. 60-жылдары Қазақстанда бастауыш мектептердің ашылуы Ы. Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. 1867–1868 жылдардағы реформалардан кейін мұндай мектептер Қазақ өлкесінің көптеген аймақтарында жұмыс істей бастады. 1868–1869 жылдарды Орал облысында 24 орыс-қазақ мектебі, 2 екі сыныптық, 6 селолық 1 сыныптық, 14 жоғары сыныптық мектеп және 2 жекеше училище болды. 1877 жылға қарай Орал казак әскерінің 47 мектебінің бесеуі қыздар мектебі еді. Облыста 70-жылдардың басынан бастап мектеп ісі едәуір жандана түсті. Ер балалар және қыздар гимназиялары мен прогимназиялары, мұғалімдер даярлайтын семинария, ер балалар оқитын уездік приход училищелері, округтік әскери училище, станицалық және басқа да оқу орындары ашылды. 1883 жылы қазақ балаларын оқытуға арналған ер балалар интернаты облыс орталығы Семейде, уездік қалалар Павлодарда, Өскемен мен Зайсанда жұмыс істеді, ал қазақ қыздарын оқытуға арналған интернаттар Семей мен Павлодарда ғана болды. Сырдария облысындағы орыстарға арналған алғашқы мектептер 1860 жылы Райым (Қазалы) бекінісінде және Перовскіде (Қызылорда) ашылды. Жетісу облысының аумағында алғашқы мектептер 1868 жылдан бастап ашыла бастады. Верный және Қапал бекіністерінде приход мектептері құрылды. Облыстың қалған уездерінде 12 станицалық және поселкелік бастауыш мектеп болған еді.XIX ғ. Екінші жартысында болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептері мен медреселерде оқыды. Патша үкіметі Қазақ даласында мұсылман мектептерінің ашылуына жол бермеу үшін шаралар қолданды. Ол жергілікті отарлық органдар мен оқу бастықтарына мұсылман мектептерін қатаң бақылау жөнінде нұсқаулар мен ережелер жіберді. Қандай да болмасын шектеулерге қарамастан жер-жерде, әсіресе Қазақстанның ислам дінінің ықпалы күшті болған оңтүстік облыстарында мұсылман мектептері ашыла берді. Қазақ балалары жаздыгүні киіз үйлерде, ал қыстыгүні жертөлелерде оқытылатын. Бұл кезеңнің оқу құралы «Шариат-ул-иман» немесе «Иман-шарт» болды. Құран оқумен бірге, татар және араб тілдеріндегі кітаптар бойынша исламның негізгі қағидалары мен басты ғұрыптық ережелер оқытылды. Мектептерде көбінесе 8–17 жасқа дейінгі балалар білім алды. Медреселерде мектепте білім алған және өз білімін тереңдетуге тілек білдірген адамдар оқыды. Медресеге түскендер «талиб-улам» (білімге ұмтылушылар) немесе шәкірттер деп аталды. Олар Орта Азияға және Еділ татарларына жалпы белгілі оқулықтар мен оқу құралдары бойынша араб филологиясын және мұсылман діні құқығын, сондай-ақ діни философияға қатысты басқа да бірқатар пәндерді оқыды. Медреселердің «мұғалімдеріне» келетін болсақ, олар негізінен алғанда дін жолын ұстанушылардың ұсынысы бойынша тиісті үкіметтік органдар бекітіп, тағайындаған молдалар болды. Бұл молдалар мешіттерде діни қызмет атқара жүріп, медреселердегі істерді басқарды және шәкірттерді оқытумен айналысты.XIX ғасыр Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық ғасыр деп аталады. Білім мен мәдениеттің дамуына алдыңғы қатарлы орыс зиялылары үлкен ықпал жасады. 1847–1857 жылдарда украин ақыны Т. Г. Шевченко Қазақстанда айдауда болды. Қазақстан Орыс географиялық қоғамы бөлімшелерінің зерттеу обьектісіне айналды, мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді; өлкетану мұражайлары ашылып, ертедегі ескерткіштер, халықтың ауызша шығармашылығы және құқықтық заңдар, соның ішінде қазақтардың дағдылы құқығы зерделенді; орыс-қазақ мектептері мен кітапханалар ашылды. Қазақтар өз балаларына білім беруге ұмтылыс жасап, балаларын кадет корпустары бар Омбы мен Орынборға жіберу үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға деген жаппай ұмтылыс пен ықылас жағдайында Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин бастаған қазақ ағартушыларының тобы қалыптасты.Шоқан Уәлиханов (1835–1865). Аса көрнекті ағартушы, ғалым және зерттеуші Ш. Уәлиханов Құсмұрын бекінісінде туған. 12 жасына дейін Шоқан Құсмұрындағы жеке меншік мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. 1847 жылдың күзінде Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түсті. Кадет корпусында Шоқан Уәлиханов белгілі ғалым, географ және Азияны зерттеуші Г. Н. Потанинмен бірге оқып, достасып кетті. Ол орыс тілін тамаша меңгерді. Достоевский мен Ш. Уәлихановтың достық қарым-қатынастарын олардың түрлі уақытта жазысқан хаттары дәлелдейді. Ф. М. Достоевский өзінің хаттарында дос ретінде Шоқанға пайдалы кеңестер беріп, рухын көтеріп, оның алдына аса зор игі міндеттер қояды. 1853 жылы Шоқан кадет корпусын бітіргеннен кейін Сібір казак әскеріне қызметке жіберіледі. Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт оның қабілеттілігіне назар аударып, 1854 жылы Шоқан оған адъютант болып тағайындалды. 1855 жылы Ш. Уәлиханов Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарына қатысады. Бұл сапар қарапайым халықтың өмірін танып-білудің басы болды, олардың тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алуға мүмкіндік берді. 1856 жылдың көктемінде болашақтағы Шығыс зерттеушісінің өмірінде өшпес із қалдырған айтулы оқиға болды – ол аса көрнекті ғалым, белгілі географ П. П. Семенов-Тянь-Шанскиймен танысты. Сол жылы Шоқан Уәлиханов екі экспедицияға қатысты – біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі; екіншісі дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар. 1857 жылы Уәлиханов алатау қырғыздарына тағы да сапар шегеді, онда көшпелі қырғыз халқының өмірімен, тұрмысымен бұрынғыдан да жақсы танысып, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын тереңірек зерттеуге мүмкіндік алды. Осы жолы ол қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды. Ш. Уәлихановтың ғылыми қызметінің жаңа кезеңі 1858 жылғы Қашғарияға құпия сапары болды. 1859 жылдың күзінде Шоқан Әскери министрліктің шақыруымен Петербургке сапар шекті. Оның «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың көші-қондары туралы», «Сот реформасы туралы» жазба еңбектері бар. 1864 жылдың көктемінде Уәлиханов Черняевтің Оңтүстік Қазақстан аумағын Ресейге қосып алуды мақсат еткен әскери жорығына қатысады. 1864 жылдың жазында Верныйға қайтады. Содан соң албан руының аға сұлтаны Тезек төренің ауылына барып тұрады. Төренің қарындасына үйленеді. Сол кездің өзінде Шоқан өзін нашар сезініп, жорықтағы өмірдің ауыртпалықтарын көтере алмаса керек. Ол 1865 жылдың сәуірінде Алтынемел жотасының етегіндегі Көшен-тоған деген жерде Тезек сұлтан ауылында қайтыс болды.Ыбырай Алтынсарин (1841–1889). Аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысында туған. Әкесі ертерек қайтыс болып, атасы – Орынбор шекаралық комиссиясының әскери старшинасы Балғожа (Жаңбыршин) бидің қолында тәрбиеленді. 1850 жылы Ыбырай шекаралық комиссия жанынан қазақ балаларына арнап ашылған мектепке түсіп, оны алтын медальмен бітірді. Мектеп бітіргеннен кейін Алтынсарин үш жылдай (1857–1860) атасының қоластында кеңсе қызметкері, содан соң 1859 жылдың 1 тамызынан бастап Орынбор басқармасында тілмаш болып қызмет етті. 1860 жылы облыстық басқарма оған Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды да, өзін сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады. 1864 жылы 8 қаңтарда мектеп салтанатты түрде ашылды. 1868 жылы Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасып, содан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік судья міндеттерін қатар атқарды. Алтынсарин патша өкіметінің саясатына қарсы болды. 1879 жылы Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Қазақстанда қыз балаларға білім берудің басталуы да Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты. 1888 жылы ол Ырғыз қаласында қазақ қыздарын оқытатын, интернаты бар мектеп ашып, патша әкімшілігінен интернаттары бар қыздар училищелерін ашуға рұқсат алды. Алтынсарин көзінің тірі кезінде төрт екі сыныптық орталық «орыс-қазақ» училищесін, бір қыздар училищесін, бес болыстық училище, орыс шаруаларының балаларына арналған екі училище аштырды. Ол орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» және «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық» атты екі оқу құралын жазды, оларды Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалғаннан көп бұрын бастап, 1869 жылы аяқтады.Абай Құнанбаев (1845–1904). Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай тобықты руының старшыны болды. Алғашында ауыл молдасынан сабақ алған Абайды әкесі Семейдегі имам Ахмет-Риза медресесіне оқуға жіберді. АлайдаАбайдың қаладағы оқуын бітіртпей, әкесі оны қайтадан ауылға шақыртып алып, бірте-бірте дау-шарды тексеріп төрелік айтуға, келешектегі рубасының әкімшілік қызметіне үйрете бастады. Абай шешендік өнерінің түрлі тәсілдерін шебер меңгерді. Сот ісі қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан дағдылы құқығы негізінде жүргізілді. Ру тартысына еріксіз араласқан Абай даулы мәселелерді шешу барысында жөнсіздікке, әділетсіздікке және қатыгездікке, билеуші топ пайдасын көздеген талап, мүддеге қарсылық білдіріп отырды. 1886 жыл Абайдың өміріне үлкен өзгеріс әкелген жыл болды. Ол алғаш рет өлеңіне («Жаз») өз атын жазып, көркем шығармашылыққа толығымен ден қояды. Абай қаламынан өлеңдермен қатар, қара сөзбен жазылған ғибраттар, «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандары дүниеге келді. Абайдың мол әдеби мұрасында аудармалары елеулі орын алады

    55 ) ХХғ.басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.Қазақ ұлт зиялы.ң қоғамдық саяси қызметтеріндегі белсенділігі де арта түсті,олар 1905 ж. Желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын Ресей конс.қ демократиялық партияның бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын.Ондағы мақсат-берген бостандықтар шеңберінде Қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді.Қаз.ң барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану,ұлттық мектептер ашу т.б талаптар енгізілді. Олардың басында,Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Тынышбаев,М.Шоқаев,М.Дулатов Б.Қаратаев,және қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Қазақстан халқының саяси ой өрісінің дамуында мем.к Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды роль атқарып,онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметтермен көрінді. Мыс:1905 ж. 6 тамызында мем.к Дума жөніндегі патша монифесі қазақ еліне де депутат сайлау құқығына ие болды.Сөйтіп,Қазақстаннан 1-ші мем.к Думаға барлығы 9 депутат;оның ішінен 4млн.қазақ халқының 4депутат;Ә.Бөкейханов,А.Білімжанов,А.Қалменов,Б.ҚҰлманов сайланды.Олар Дума жұмысына мұсылман депутаттары фракциясы құрамында қатынасты.Ал барлығы 72 млн. Ғана жұмыс жасаған мемлекеттік Дума 1906ж. 9шілде күні үкімет шешемімен таратылды.2-мем.к Думаны сайлауына келер болсақ,ол 1905 ж.6 тамызындағы және 11 желтоқсанындағы сайлау заңдарын негізінде өткізілді. Думаға Қаз.ң 14 депутат,олардың 6 қазақ ұлтының өкілдері: молда Ш.Қосшығұлов-Ақмола обл.Б Х.Нұрекенов –Орал обл. Сот тергеушісі А.Бірімжанов-Торғай обл.Т.Алдабергенов-Сырдария обл.Қатынас жолдары инженері-Жетісу обл. сайланды.Патша үкіметі 1907ж. 3 маусымында шығарған заңымен II мем.Думаны да таратып жіберді.Қазақ депутаттары қатынасқан I-ші және II Думалар қазақ қоғамының отарлық жағдайына өзгеріс енгізе алатындайешқандай заңдар қабылдаған жоқ «3-маусым Заңының»өмірге келуімен бірге, қазақ зиялы.ң Думаға артқан үлесті де біржола жойған еді.Бірақ олар қазақ жеріндегі отарлау саясатына,3-маусым заңына қарсы әрекеттерін тоқтатпады.Ал,жалпы алғанда сол кезеңдегі қазақ зиялыларының мерзімінен бұрын таратылған патша үкіметінің I-ші және II-ші Дума жұмысына және оларға қатысты саяси шараларға қатысуы әрине,олар ушін үлкен өмір мектебіне айналып,белгілі деңгейде өзіндес із қалдырды.

    56) 1916 ж .ұлт-азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс Халық бұқарасының арасында патша самодержавиесінің милитаристік саясатына наразылық өсе түсті.Ресейдің орталығындағы революциялық дағдарыстың пісіп-жетілуі ұлттық шеткергі аймақтарда,оның ішінде Қазақстанда де ерекше сезіле бастады.Ол жұмысшылардың ереуілдері мен басқа да бой көрсетулерінен көрінді.Осының бәрі патша саясатына наразы бұқараның ашық бой көрсетуіне әкеп соқпай қоймайтын еді. 1916ж 25маусым күні орыс емес «бқратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында қорғаныс құрлыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша,390 мың адам алу көзделді. Аталған Жарлық қазақ далысын өте ауыр жағдайға қалдырды.Тыл жұмыстарына жұмылдыру егін өнімдері мен пішін жинау,малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді.Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтардышақыру қоеыс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұсқан келтірді. Іс жүзінде жұртшылық аштан қырылуға душар болды.Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып,Орталық Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды.Көтерілістің құлаш сермеуінен сескенген патшалықөкімет орындары 20 шілдеде шақыруды егін өнімдерін жинағанға дейін,ал 30 шілдеде 1916жылдың 15 қыркүйегіне дейін кейінге қалдыра тұру жөнінде хабарлады.Бірақ өкімет орындарына отарлық езгіге қарсы көтеріліс жалынын өшірудің сәті түспеді. Көтерілістің негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлары:отарлық езгінің күшеюі,еңбекшілерді аяусыз қанау,күшпен орыстандыру жөніндегі патша саясаты,ұлт араздығын қоздыру,еңбекші бұқараның соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы.Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады. Оның Торғай мен Жетісуда дала халқының танымал өкілдері,көпке белгілі жетекшілері Амангелді Иманов,Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин,Бекболат Әшекеев т.б. бастаған ірі орталықтары пайда болды. Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жарлығы Орынборға 1916жылғы 28 маусымда жетті.Торғай облысының әкімшілігі метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз,бұлжытпай орындау жөніндегі шешім қабылдады.Алайда халық наразылығы күн санап өсе түсті.Қостанай,Ырғыз,Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды.Көтерілісшілер тау шатқалдарына топтасып,пошта бекеттеріне шабуыл жасады,темір жолды бұзды,болыстық басқармаларды талқандап,болыстарды өлтірді.Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші қазақ шаруаларының қалың бұқарасы,сонымен бірге қалыптасып келе жатқан жұмысшы табының өкілдері,қолөнершілер болды.Көтеріліс сипаты жағынан ұлт-азаттық,соғысқа,патшаға қарсы көтеріліс болды.Антифеодалдық сипаты да бар еді. 1916 жылғы көтеріліс Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының ұлттық сана сезімінің өсуіне қуатты түрткі болды.Отарлық езгінің көп жылдарынан соң олар өздерін бірінші рет Ресей самодержавиесінінің отарлық экспансиясына қарсы қарулы күрес жүргізе алатын күш ретінде сезініп,ұлттық мүдделердің ортақтығын түсіне бастады.
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


    написать администратору сайта