1. ылым ретіндегі азастан тарихыны масат, міндеттері жне оны зерттеуді зектілігі
Скачать 269.73 Kb.
|
73) 1931-1933 жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары. Демографиялық салдарына бүкілодақтық халық санағы деректері бірден бір құжат көзі болып келді. Олардың арасындағы қашақтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық кемуінің шыңы 1932-1933 жылдың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санағының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткенне кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ осындай алдыңғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыңы екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Сол зұлмат жылдарда Қазақстан өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллион адамынан айырылды. Осыдан келіп тарихшы-демографтар мынандай қорытынды шығарады, демек аштықтың және сонымен байланысы аурулардың салдарынан аталған жылдары республиканың бүкіл тұрғылықты халқының 1 млн 750 мыңы немесе 42%-ы құрбан болды. 74)ХХ ғ.20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары.Мектептен тыс білім алу жоқтың қасы болып келген Қазақстанда большевиктердің халықты мәдени байлықтың барлық түрімен етене жақындастыру жәрдеміне дайын екендері туралы мәлімдемесі аса қызу қолдау тапты. Жергілікті интелегенция күштері мен қарапайым адамдар мәдени ағарту мекемелерін құруға шынайы ынта жігермен қызу кірісті. Мәселен 1917 жылы 27 желтоқсанда Ақтөбе уезінің Мартөк кентінле интеллигенция мен шаруалардың күш жігерінің арқасында мәдени ағарту үйірмесі жұмыс істей бастады. 1918 жылдың 1 қаңтарына қарай үйірме мүшелерінің саны 30 адамға жетті. Олар екі секцияға бірікті: 1) оқу ағарту және 2)мәдени ойын сауық секциясы. Үйірме кітапханалар ашып, спектакльдер қойды. 1920 жылы Қостанай уезі оқу ағарту қызметкерлерінің съезі «әр мектептің жанынан оқу үйлерін ашуды қажет» деп тапты. Отырықшы емес халықтардың, атап айтқанда қазақтардың арасында мәдени көпшілік және идеологиялық жұмыстар жүргізу ушін қызыл отаулар, жылжымылы кітапханалар, кино қондырғылармен «қызыл керуендер» кеңінен пайдаланылды. Олар ауылдан ауылға көшіп жүріп, мәдени саяси іс шараларды халыққа медициналық қызмет көрсетумен, орталық және республикалық биліктердің түрлі шешімдерін орындауларын тексерумен ұштастырып отырды. Мәдени саяси ағарту жүйесінің қызметі әрқашан идеологияландырылған сипатта болды.Рас 20-жылдардың орта шеніне дейін шығармашылық еркіндік ойын ашық айтудың кейбір көріністері байқалды.Мәселен ,1921 ж республиканың көптеген аймақтарын ашаршылық жайлаған кезде мәдениет ошақтары өздерінің шамалары мен мүмкіндіктеріне қарай аш адамдарды құтқару үшін күресті.Көрмелер Ташкент теміржол желісі бойынша жасалған Қыррост суреттерінен құрастырылды.Көркем плакаттар ашаршылық ауқымын кеңінен бейнеледі . Бір көрме ІХ Бүкілресейлік Кеңестер (желтоқсан,1921ж)Мәскеуде көрсетіліп ол ең толық және сәтті шыққан деп атап өтілді,съезден кейін Германияға жіберілді.Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында ғылыми –зерттеу жұмыстарын мемлекеттік реттеуді және ғылым кадрларын бір орталыққа топтастыруды Қаз КСР-інің Қырревкомы мен Халық ағарту комиссариаты жүзеге асырып келді.Мәселен 1919 ж Орынбор РГО бөлімінде жұмыс тәжірибесін қалыптастырған өлкетанушылардың бір тобы Қазақ әскери комиссариаты штабы тарихи –статистикалық бөлімінің жанынан тарих .этнография ж2не жаратылыстану –география секцияларын ұйымдастырды. 20-30жж. Мәдениеттің жағымды жағы: Саустсыздықты жою жоғарғы қарқынмен жүргізілді.Бастауыш білім беру жүзеге асырылды.Жоғарғы оқу орындары мен техникумдар ашылдыЗиялылрдың жаңа топтары қалыптасты. 20-30жж. Мәдениеттің тиімсіз жағы: Қызыл террор ұлттық зиялыларды жойды. Жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұсқан келтірді. 75) 1937-1938жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.Сталиндік кезеңдегі жаппай саяси қуғын сүргін елге үлкен нәубет әкелді НКВД және ГУЛАГ қапастарында ешқандай жазығы жоқ миллиондаған адамдар опат болды. Республиканың партия және кеңес басшы қызметкерлері түгелге жуық қуғын сүргінге ұшырады. 1937-1938жылдарда жазаланған «национал –фашистер» аталатындардың істері айғақтағандай Н.И.Ежов пен оның жандайшаптары оларға жала жабуда пәлендей бас қатырмады .Түрлі топтарға қатысқандардың ,ұлтжанды азаматтардың бұрынғы істері көтерілді,солардың қатарына кезінде республиканың мүдделерін қорғаған қазақ халқының 1931-1933 жылдарда жаппай кырылуына ашык ашық наразылық тудырған адамдар да жатқызылды .Маңызын асырып көрсету үшін РКФСР ХКК Төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов ,КСРО БОАК хатшысының орынбасары Н.Нұрмақов ,Қазақ КСРОАК ТӨРАҒАСЫ Ұ.Құлымбетов бастаған «национал –фашистердің» «Қазақстанды КСРО –ДАН бөлуге және оны Жапонияның протектаратына беруге әрекет жасағандары»туралы болжам ойдан шығарылды және оларға жапон-герман ты4шылары деген жала жабылды. 1937-1938жылдарда осындай айыптаулардың негізінде Қазақстанның барлық көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері-Т.Рысқұлов ,Н.Нұрмақов ,С.Қожанов ,Ж.Сәдуақасов С.Сафарбеков А.Кенжин және басқалары жазаға тартылды .Қазақстанның ғылыми мен мәдениеті де орны толмас шығынға ұшырады.Ә.Бөкейханов ,А.Байтұрсынов ,М.Дулатов ,Х.Досмухамедов,М.Тынышбаев,М.Жумабаев,С.Сейфуллин ,Б.Майлин,С.Асфендияров,М.Жолдыбаев,Ж.Шанин,Т.Шонанов,К.Кеменгеров және т.б. қуғын сургінгіннің құрбандары болды.8.Республика өмірін соғыс салабына сай қайта құруЕң алдымен басқару органдарының ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді.ҚазКСР ХККжәне облыстардың жанынан жұмыс күшін бөлу жөніндегі бюро ,эвакуацияланған халықты шаруашылыққа орналастыру (кейбір облыстарда төтенше комиссиялар аталды),әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін мемлекеттік қамтамасыз ету және тұрмыстық жайғастыру ,әскери тапсырмалар және эвакуацияланған жабдықты құрастыру жөніндегі бөлімдер ұйымдастырылды.1944 жылы еңбекшілер депутаттарының аудандық қалалық және облыстық кеңестердің атқарушы комитеттерінің жанынан көп балалы және жалғыз ілікті аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар бойынша бөлімдер құрылды. Соғыс жағдайларында Кеңестердің атқарушылық –өкілдік функциялары күшейді.Жұмыспен қамтылмаған еңбекке жарамды адамдарды жұмылдыру ,автомобиль-ат көлігі міндеттілігін енгізу туралы міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдау кеңінен пайдаланылды .Қалаларда тұратын халық та аэродромдарды тазалау ,өндірілген отынды тасу сияқты жұмыстарға тартылды.1941 жылы күзде Кеңестер аткомдары барлық еңбекшілердің оқу және ӘШХҚ НОРМАЛАРЫН тапсыру мерзімдерін белгіледі.Мұрағаттардың жұмысы Кеңестердің айрықша бақылауына алынды.Кеңестер аткомдары санитарлық –профилактикалық ісшаралардың кешенін жасады,соның ішінде қалаларды абаттандыру ,елді мекендердің санитарлық жай- күйін жақсарту шаралары бар.Жергілікті Кеңестер азаматтары есепке алумен оларғатұрғын үй берудің жан басына шаққандағы азайтылған санитарлық нормасы енгізілді.Қызыл әскерлердің ,қызыл флотшылардың ,эвакуацияланғандардың ,әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің шағымдары кеңестердің және солардың басшыларының ерекше бақылауында болды. 76. Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандандағы ерлігі.Соғыс жылдары Қазақстанда Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы,7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып,майданға аттандырылды.Қазақстан аумағында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап ерлікпен шайқасты.Әсіресе,Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды.Мәскеу бағытындағы негізгі жолдардың бірі-Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік көрсетті.Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк,моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады.Мәскеу түбіндегі шайқаста,әсіресе Саяси жетекші Ключков басқарған бөлімше -28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп,асқан ерлік көрсетті.1941 ж.17 қарашада дивизияға 8-гвардиялық деген атақ беріліп,кейінірек Қызыл Ту,Ленин ордендерімен,ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.Бұл шайқаста ерлік көрсеткен 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонмен жау қоршауын үш рет бұзып шықты.Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен,9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады.Белгілі орыс жазушысы А.Бектің *Волоколамское шоссе* повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне айналды.Сөйтсе де,Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай,тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді.Алғашқы кезден соғысқа сұранып,әскери комиссарияттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды.Қазақ арулары түрлі әскери болып,ерен ерлік үлгісін көрсетті.Қолдарына қару алып,майданға аттанған қазақ жұлдыздары-Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын паш етті.Авияция саласын меңгерген қазақ қызы-Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры Раскова басқарған әйелдер авияциясының құрпмында авияция штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004ж Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Шығыс Еуропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті.Шығыс Пруссия аумағын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды.Олар-Андреев,Беда,Брилин,Абилов,Кутурга т.б. Словакия аумағын жаудан азат етуге 4- Украина майданы құрамында қазақстандық 8- атөыштар дивизиясы қатысты.Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8- атқыштар дивизиясының құрамындағы 62- артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен,151- Кармат полкі 3- дәрежелі Кутузов орденімен,310- атқыштар полкі 3- дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2,8,5- әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты.Шайқастардағы ерлігі үшін Батеньков пен Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.Қорыта келе,Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық.Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2млн адам тұрды.Соғыс жылдары қолына қару алып,майданға 1,9млн адам аттанды. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың,оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы-ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді. 77. Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.Майдандардағы жеңіске еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғысанақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, əйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, əйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде əйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Соғыс жылдарында колхоздармен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдараралығында республика ауылшаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні- түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұлкөрсеткіш 1940 жыл мен салыстырғанда 24 млн. пұт қа артық. Колхозшыларменсовхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Əрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Əйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түніжұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам ең бек етсе, соғыс жылдары олардың саны əйелдер, қариялар жəне балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен.ОңтүстікҚазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана – АнарСадықова – жұмыс істесе, Семейоблысы, Абайауданының “Шолақ еспе” артелінде 70 жасар қария – Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады.1942 жылы 450 мың гектар тың жəне тыңайған жер жыртылып, егін салатын жер Ауданы 17%-ке өсті. Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Москва түбіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды.Сонымен қатар қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті. Қазақстан жауданазат етілген Орал облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Лениград облысының 12 қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге көмектесті. 78.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі(1946-1965жж) Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшілік-әміршілдік жүйе 40-50 жылдары шарықтай түсті.Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты.Адамның табиғи құқығынан шектеу,ұлттық мүддені ескермеу,мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады.Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды.Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды.Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бұзып,мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты.Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКПб Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы *Звезда*және *Ленинград* журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады.Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді.1948ж *космополитизммен*,яғни шетел мемлекеттерінің мәдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды.Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай,Шәңгерей,О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып,ал кейінгі кеңес әдебиетшілері-Б.Кенжебаев,Т.Нұртазин,Ә.Қоңыратбаев ұлтшылдар ретінде қудаланды.Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев*Едіге батырға*алғысөз жазғаны үшін *ұлтшыл*атанса,М.Әуезов 1945ж жарық көрген *Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі*еңбегінде Абайды *феодалдық ақындар Шортанбай,Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегіні үшін* қудаланды.Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін,Мәскеуге қоныс аудару мәжбүр болды.Сонымен қатар 1946ж А.Мәметованың *Абай Құнанбаев*атты әдеби еңбегіне де космополиттік деген кінә тағылып,басылымнан алынды.Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады.1953ж Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады.Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тарих,археология,этнография институтын,Кеңестік жазушылар Одағын *ұлтшылдардан*тазалау саясаты тоқтатылды.1953ж мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар ,жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі,Сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегіндегі алғашқы пікірлер айтыла бастады.Кезінде ОГПУ,НКВД-ні басқарып,әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді.*Үштіктер*,*Бестіктер*,*Ерекше кеңес* жойылып,ГУЛАГ МҚК-не берілді.Л.П.Берияның қылмыстық іс әрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды.Бірақ бұл-әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын.1956ж 14 ақпанда Мәскеуде КОКП-ның XX сьезі өтіп,онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды.КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп,талдау жасауға тырысты.Н.С.Хрущевтың XX сьездегі *Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерлеу*туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989ж жарық көрді.Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты.Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстаға берілді.Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп,тікелей Мәскеуге бағындырылды.Ақмола-Целиноградқа,Батыс Қазақстан-Орал облысына айналды.Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында,әсіресе,зиялылар мен жастар арсында түрлі наразылықтар туғызды.Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып,бүркемеледі.Осылайша Теміртаудағы толқу-тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды.1963ж Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов,С.Ақатаев,М.Тәтімов,М.Әуезов бас болып *Жас тұлпар*атты ұйым құрды.Мақсаты-қазақ жастарының ұлттық санасын ояту.Н.С.Хрущев мемлекеттің *коммунизмге өтуіне байланысты* жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін,1961ж Конституциялық комиссия құрылды.Конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары іс жүзінде жүзеге аспады.ҚазКСР Жоғары Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды.Конституция тәуелсіз деп көрсетілгенімен,құқық қорғау,прокуратура органдары да орталыққа бағынды.Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді.Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді.Дауыс беру тек іс жүзінде жүргізілді.Депутатарды халық таңдамады,жергілікті әкімшілік органдар*тағайындады*.Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды.Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964ж қазан айында аяқталды.КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И.Брежнев сайланса,ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды.Олардың ізін ала Қазақстан КП ОК 1-хатшысы болып Д.А.Қонаев сайланды. 79.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық және әлеуметтік – демографиялық салдарлары.БұрынғыКеңестерОдағы,оныңішіндеҚазақстанда тың жəне тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады: 1) 1954-1955 жж. 2) 1956-1958 жж. 3) 1959-1965 жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік обылыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Тыңигеру жылдарында негізінен солтүстік обылыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Əміршіл-əкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан, тың игерудің алғашқы жылындағана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай олардың саны 631-гежетті.Ал 1958 жылдың ақпанайынан бастап колхоздар совхоздарға, МТС-таржөндеу станцияларына айналдыра бастады. Тыңигерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640 мың адам көшіріліпəкелініп, Қазақстанда 18 млн. га. тыңжер, немесе бұрынғы Одақтағыжыртылған жерлердің 60,6% игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22,4 млн. гектарға жетті.Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр кезең болды. Төртінші бесжылдық жылдары Қазақстанда астықтың орташа жылдық шығымы 1913 жылғы көрсеткішке тең болды. Ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы қиыншылықтар : жұмыс қолының жетіспеуі, жаңа техникамен қамтамасыз етудің мардымсыздығы, басқарудың әкімшілдік күштеуі, экономикалық заңдармен есептеспеу. 1946 жылғы 16қыркүйекте ауыл шаруашылығында қиын жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Қаулының нәтижелері мынадай болды : 1949 жылғы республика колхоздарына әр түрлі мемл-к ұйымдардың 214 млн сом қарызы , мал. техника және заңсыз алынған 540 мың га . жер қайтарылуы. Әкімшілік басқару аппараты қысқартылды. Материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінді. Мамандар дайындау жүйесі жөнге қойылды. МТС-тер қызметі 1946 ж-76% , 1950ж -95% ға өсті . 1948 жыл – республика ауылдарын жаппай электрлендіру басталды . Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп , ірі ұжымдық аруашылықтар құрылды . 1945жылы – 6737колхоз ,1952жылы -2047колхоз. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жоспарын артық орындағаны үшін қосымша ақы төленді . Мал саны өсіп , суармалы жер көлемі 16%-ға артты. Осыған қарамастан , ауыл шар\ғы халықтың азық түлікке деген телабын қанағаттандыра алмады. Ауыл шар\ның артта қалу себептері: Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі, жергілікті жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан, еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу. Ауыл еңбеккерлері заң жүзінде колхоздарға телініп, олардың еңбегі басыбайлық сипатта болды. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап , оның даму болашағын анықтады. Азық түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко, екінші хатшылыққа Л.И брежнев отырды. 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” қаулы қабылдады. Осының нәтижесінде Қазақстанда көптеген жерлер игеріліп, ол жерден астық өнімдері өндіріле бастады. 1960ж аяғына қарай астық өндіру көлемі алдынғы жылдармен салыстырғанда 3,8 есеге артты. Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруден Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды.. Тың игерудің пайдасымен қатар Қазақстанға тигізген зияныда көп болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келген адамдар саны тым көбейіп кетті. Жергілікті жерлерде орыс мектептері ашылып, қазақ балаларына мәңгурттену қаупі туды. Жер-су аттары орыс тіліне көшіріліп, орыстандыру саясаты ашық түрде жүргізіле бастады. 1953-62 жылдар аралығында Қазақстанда 25,5 млн гектар жер игерілді. |