1. ылым ретіндегі азастан тарихыны масат, міндеттері жне оны зерттеуді зектілігі
Скачать 269.73 Kb.
|
66) Қазақ АКСР-ның құрылуы.Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті. Жүзеге асыруға тиісті шаралар : 1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру. 2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру. Қырғыз әскери – революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін және т. б. қосуды да талап етті. Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 жылғы қыркүйектің 19–ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7 – ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы болды. 1924 – 1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана – Алматы. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР – не берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды. ҚазАКСР құрамына енгізілген аймақтар: Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері. Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау,Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі. Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері. Орал облысы – Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі. Закаспий облысы – Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі. Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар. Орта Азияны ұлттық – мемлекеттік жағынан межелеуді және Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.). Нәтижесінде; 1) Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды. 2) Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды. Соның нәтижесінде Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезіндерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар – 61,3 % - ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша). Сонымен бірге, осы жылдары (1921 – 1928 жж.) қоғамда партияға тәуелділік арта түсті. Ф. Голощекин мен оның төңірегіндегілер әміршіл - әкімшіл басшылық стилі мен ойлау әдісін орнықтырды, партиялық – мемлекеттік машинасы «жау бейнесін» ойлап тапты. Т. Рысқұловқа, С. Сейфуллинге, С. Мендешевке, С. Садуақасовқа және т. б. «ұлтшыл» деген айдар тағу нақ сол жылдары тәжірибеге енді. Жеке меншікті, көп укладтылықты, товар айналымын жою, идеологияның экономикадан басым болуы - осының бәрі казармалық социализм негіздерінің орнығуына әкеп соқты. 67) Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі, себептері мен нәтижелері. Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты- 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы; - Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті. 1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін негіздеп берді. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: - Азық – түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі. - Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. - Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. - Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. РК(б)П – ның X съезінен кейін енгізілген азық – түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті, шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына біріңғай заттай салық белгіленді. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне, ауылшаруашылығына, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды. Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3 -5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924 – 1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: 1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып». 68) 1924 жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу. Ұлттық және территориялық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР – інің бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының біраз болігі Қазақ АКСР – інің құрамына өтті. 1924 жылғы қарашадан бастап осы облыстарды басқаруды ҚАКСР – інің кіметі құрған. 1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың басы аралығында Қазақ АКСР – іне қосылған жекелеген уездер мен болыстардың шекаралырын нақтылау одан әрі жүргізілді. Қарақалпақ автономиялық облысы кеңестерінің 1925 жылығы ақпанда Төркүде өткен бірінші Құрылтай съезінде Қарақалпақ автономиялық облысының құрылғаны және оның Қазақ АКСР құрамына енгізілгені заңды түрде рәсімделді. Межелеу барысында Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкен уездері, Әулиеата уезінің үлкен бөлігі, бұрынғы Сырдария облысының Ташкент жіне Мырзашөл уездерінің бір бөлігі Қазақстанға өтті. Сонымен қатар ҚАКСР –іне Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек уезнің Гиоргиев, Шу, қаранөкіс болыстыры қосылды. 1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті.Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қортындылыары шығарылды.Сонымен бірге жергілікті жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті.Олардын құрамын жергіліктендіру іске асырылды.Бөкей,Орал,Ақтөбе,Семей губернияларында болытық атқару комитетері сайлануынын кейін,деппутатардың жартысынан астамы қазақтар болды.Бұқара арасында саяси жұмыс жүргізу мақсатында Қызыл керуен және жылжымалы қызыл отау сияқты жұмыстың жаңа түрлері пайдаланылды.ҚАКСР Орталық Атқару комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә.Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты.9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37ауылында,сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауытында болды.126 жиын, 420 әнгіме өткізді.Керуен Кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды.Мұнның озі ұлттық мемлекеттік нығайтуға ықпал етті.Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық –мемлекеттік жағынан 1924 ж жүргізілген межелеу респулика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межеленуі нәтижесінде Түркістан АКСРнің құрамындағы бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері ҚазақАКСРіне қарайтын болды.Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шақырымға, ал халқы 1 млн 468724 мың адамға өсті.Тұрғындары негізінен орыстар болып келетін Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді.Республика астанасы Қызылордаға (Ақмешітке) көшті.Қазақ жері мен халқын біртұтас қлт тық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экономикалық маңызы болды.1925 жылы ақпанда жаңа өазақ жерлерінің бірігуіне байланысты Қазақстан облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта құрылды. 69) Ірі байшаруашылықтарынтәркілеу: саяси және экономикалық салдары.1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөнінде әзірлейтін арнайы комиссия құрылды.1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап,нақтылады.Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды.Комиссияның төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды.1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды.Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді жеткізу туралы нұсқау жіберілді.Заң бойынша малы,дүние-мүлкі тәркіленіп,өзі дер аударылуға тиісті ірі байларға;көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар,жартылай көшпелі аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды.Республика көлмінде барлығы 696 бай-феодал тәркіленді.Қазақ қоғамын ірі байлардың көп болмағандығын осы 1928 жыл жүргізілген тәркілеу барысы мен нәтижелері көрсетіп береді.Алдын ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді.Бірақ,үміт ақталмады,барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді;бұл белгіленген жоспардың 64 пайызы ғана .Оның себебі алдын-ала жасалған малдың есебі дұрыс емемс еді.Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр болды.Барлық тәркіленген малдың 10,2 пайызы отырықшы аудандардың,83,3 пайызы жартылай көшпелі аудандардан және 6,5 пайызы көшпелі аудандардан еді.Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға және колхоздарға таратылып берілді.Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды.Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты.Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейінің төмен екенін,сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай,ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды.Ал болльшевиктер бұған құлақ аспай ,таптық принциптерінен ауытқымай,сол мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды.Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды. 70) Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері және олқылықтары. Қазақстанды индустриаланырудың өзіндік ерекшеліктері болды,қиындықтарды жеңу өзгешеліктермен,сондай-ақ табиғи,экономикалық-техникалық қорлар деңгейімен де сипатталады.Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ісін қалдырды ,өнеркәсіпті құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-жылдардағы ғана емес ,сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де бағыттарын айқындауға ықпал етті .Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір ерекшеліктерін қарастырайық. 1.Ол ең алдымен Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша ,сондай-ақ көптегенБасқа республикаларды жеке- жеке алғанлағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны.Егер кеңес одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті. 2.Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негшізінен жаңа құрылыстардың ,қайта құрылған Риддер мен Қарсақбайды қоспағанда тақыр жнрде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды.Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі ,Мәскеудегі ,Ленинградтағы,Донбастағы ,Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. 3.Аса ірі өнеркәсіптер-өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған ,шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ,өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жаңа өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты .Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп ,сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды .4.Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанла ауыр өнеркәсіп ,ең алдымен оның көмір мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды.Бұл салалар одақтық көлемдеБасты мамандандыру арқауына айналып ,бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды. 5.Жоспарланған жол желілері түгел салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп,ұзындығы 6581 км-ге жетті. 71) Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары. 1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды. Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды. Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер: 1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді.2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. 3.Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. 4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қақынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК нің 1930 жылы 1ақпанда қабылданған «жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы» қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды. Шаруа қожалықтарынан бай кулактардв бөліп алып, оларды тап ретінде жоюжүзеге асырылды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың осындай зардаптары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте «Ауыл шаруашылығы туралы» қаулы қабылданып, Қазақстан мал шаруашылығындағы «кемшіліктерді түзеу» бағыты белгіленді. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай ұжымдастыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрұ жолында жүргізілген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарац дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды. 72) 1929-1931 жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аумақты түгел қамтығанын , бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзінде Қазақстанда 30 дан астам үлкенді кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара, көтерілістері жатады. 1929 – 1930 жылдыр аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929 – 1931 өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып,олрға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтың себебі байлар мен дінбасыларының кеңес үкіметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкіметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды. Көтерілістер мен оған қатысқан адам-дардың саны ресми мәліметтерден қа-рағанда әлдеқайда көп. Демек, бірнеше оқиғалар ресми тіркеуге алынбастан жабылған. Оның себебі, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілгендер саны көп болды. Сонымен бірге, бұндай ішкі алауыздықтар Кеңес үкіметінің сыртқы «келбетіне» кір келтіретін еді. Күллі әлемге коммунизмді таратқысы келген Кеңес үкіметі, алдымен бұл идеяны өз халқына мойындатуы керек болатын. Сыртқы күштерге қарсы тұру үшін өз халқының кеңестік режимге риза екендіктерін танытуы тиіс болды. Яғни, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістердің санын аз етіп көрсету осы мақсаттан туындаған еді.Мемлекеттік қызметкерлер де жо-ғары жаққа көтерілістердің санын аз етіп көрсеткенін аңғару қиын емес. Мысалы, 1931 жылы желтоқсан айында Ф.И.Голощекин Сталинге жазған ха-тында: «Тап күресінің өрістегенін ГПУ-дің төмендегідей анықтамасынан білуге болады: соңғы екі жылда ірі бандалардың 34000-дай адамы қатысқан 15 бас көтеруі орын алды. Осы екі жылда 1350 контрреволюциялық топтар жойылып және оған қатысқан 7500 кісі қолға түсті…» деп жазды.Көтерілістердің орын алуының бірден- бір себебі Кеңес өкіметінің саясаты еді. Көтерілістердің басты себептерінің бірі 1929 жылы қолға алынған күштеп колхоздастыру саясаты болды. Сталин 1928 жылы Лениннің жаңа экономикалық саясатын қорытындылап, 1-бесжылдықты бастап, жоспарлы экономиканы жүзеге асыра бастады. Ал мәселеде өзіне қарсы келген Л.Д.Троцкий секілді тұлғаларды саясаттан қуғындады .Әсілі, бұл саясаты 1925 жылдың жел-тоқсан айында коммунистік партияның ХІV съезінен бастау алды. Сталиннің директивасымен қабылданған шешім бойынша ауыл шаруашылығын ұжым-дастыру жөнінде қарар алынды. Қарар негізіндегі жоспар бойынша қауым басшыларынан билік алынып, жер қазақ шаруаларының қолына берілуі керек болды. Бірақ, бұл Кеңес үкіметінің айтқанындай болмады. Айтылған мен жа-салынған іс-әрекеттер бір-біріне қарсы келді. Ауыл шаруашылығында ұжымдық шаруашылыққа күшпен біріктіру белең алды. Осы себептен де А.Байтұрсынов секілді зиялылар бұл реформаға қарсы шықты. Алайда, Кеңестік үкімет ре-формаға қарсы келгендерді аяусыз жазалады. Көптеген адамдар мемлекеттік қызметтен қуылды.Алғашқы бес жылдық жылдары (1928-1932 жж) ауылда жекеменшік жойылып, колхоз бен совхоздар құрылды. Осы реформаның нәтижесінде халықтың әлеуметтік жағдайы теңестіріліп ұжымдастырылды. Реформа Кеңестік идeология мен жүйені жүзеге асыруды жеңілдетті. Осылайша, халық мемле-кеттің қатаң бақылауына алынды |