1. ылым ретіндегі азастан тарихыны масат, міндеттері жне оны зерттеуді зектілігі
Скачать 269.73 Kb.
|
9.Көне түрік жазба ескерткіштері.Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.Табылған аймақтары:Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өзенінің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В.Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, академик В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық – тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін Көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғасырдың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8–10 ғасырлар) айқындалды. 1932 жылы Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, А.М.Щербак, т.б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді.Иссык жазба ескерткіш— сақ дәуірінен қалған жазба ескерткіш (б. з. д. 5—4 г.). 1970 ж. Ӏле өңірінің тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сақ заманынан қалған үлкен қорымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және оның түрлі заттары, сонын ішінде жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылған. Оның сырт жағына руна тәріздес 26 таңба ойылып жазылған. Ескерткіштің құндылығы — біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі екендігін, екіншіден, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тектес тайпалардың әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді:Могoилян жазба ескерткіш — Орхон өзені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғасырдың соңы). Ескерткіш Құтлұғ(Қабаған) қағанның баласы Могилянға арналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапқан Н. М. Ядринцев, алғаш рет оқыған В. В. Радлов. Жазуда Могилянның, Күлтегіннің, Тоныкөктің жорықтары баяндалған.Мойунчур ескерткіші — Орхон-Енисей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Моңғолияда 1909 ж. тапқан Г. И. Рамстедт. Ол — ескерткіш мәтінін немісше аударып, 1913 ж. жариялаған. Бұл еңбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі ұйғыр мемлекетінің ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халық (ұйғыр, оғыз, тоғыз, татар, қырғыз, түркеш, түрік, соғды, қыпшақ т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әңгіме оғыз тайпасының өкілі атынан баяндалады.Орхон ойма жазулары — Моңғолияның Орхон, Селенге өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінің құлпытастары, 7—8 ғғ. жазылған көне түркі руникалық ескерткіштері болып табылады. Оған Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чур. 10.Түркеш қағанатының тарихы. Арабтар жаулаушылығы басталған кезде Қазақстан және орта Азияның басым бөлігі Батыс түрік қағанаты өкіметінің билігінде болатын.Арабтарға қарсы күрес жүргізу ісінде Жетісуда өкімет басына келген түркештер бірінші орынға шықты.Уақыты 704-756.Түркештер Шу мен Іле өзені аралығын қоныстанған.Алғашқықағаны-Үшлік.(704-706).Территориясы:Жетісу,Іле,Шу,Талаc алқаптары.Астанасы-Суяб,жазғы ордасы-Күнгіт қаласы.(Іле өзені бойында).Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа(түтік) бөлінді.Әр түтікте жеті мың әскер болған.Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді:1)Сары түркештер(шулық),ордасы-Суяб қаласы.(Шу өзені бойында).2)Қара түркештер(ілелік),ордасы-Тараз қаласы(Талас өзені бойында).Араб тарихшысы Әл-Идриси дерегі:Түркеш нағыз түрік мағынасындағы сөз.VIIIғ.басы(705ж)-Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды.706ж.-түркештер соғдылармен одақтасып,Бұхар маңында арабтарды жеңді.709ж.-араб қолбасшысы Кутейбтің екі одақтастықтың арасында алауыздық туғызуының салдарынан соғды ханы Тархун көмектесуден бас тартты.Нәтижесінде арабтар Бұхарды жаулады. Үшеліктің ұлы Сақал қаған(сары түркеш)бүкіл Орта Азияны бағындырды.708ж. сары түркеш пен қара түркеш арасында шиеленіс күшейді.711ж. қара түркештер шақыруымен келген Шығыс түрік қағаны Қапаған Болучу(Жоңғария) түбінде сары түркеш әскерін жеңді.Сақал қаған тұтқынға түсіп,қағанат күйреді.Түркеш қағанаты 7 жыл өткеннен соң ғана қалпына келтіріліп,билікке Сұлу қаған(қара түркеш)келгесін қайта нығайды.Билік қара түркештерге көшіп,Орда Тараз қаласына ауыстырылды. Сұлу қаған екі майданда күрес жүргізді:Батыста-арабтармен,шығыста-Таң патшалығымен.Сұлу қаған Қытаймен одақтасып,бар күшті батысқа бағыттады.723ж.-түркештер Ферғана қарлұқтары және Шаш тұрғындарымен бірігіп,арабтарға соққы берді.Арабтар Сұлудың батылдығына байланысты оны Сүзеген деп атаған. 732ж.-арабтар түркештерді ығыстырып,Бұхарды қайтара жаулады.736ж. Сұлу қаған арабтарға қарсы жорыққа шығып,Тоқарыстанға дейін барды да,жеңіліскеұшырады.Осы кезде сары түркештер мен қара түркештер арасында күрес қайта өршіді.738ж. қолбасшы Баға-Тархан Сұлуды өлтіріп,оның ұлына қарсы соғысты бастады.Түркештер арасындағы алауыздық 738-748ж.арабтарға Оңт.Қазақстан мен Орта Азияны басып алуға жағдай жасады.Осының салдарынан түркештер 746ж. Жетісуға ұмтылған қарлұқтарға қарсылық көрсете алмайды.Түркілердің қиын жағдайын қытайлар да пайдаланып қалды.748ж.-қытайлар Суяб қаласын жаулап алып,қиратты.751ж.Атлах қаласының маңындағы қытайлар мен арабтар арасындағы ірі шайқас(Талас бойы).Бес күнге созылған шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып,қытайлар жеңілді.Атлах шайқасының тарихи маңызы:Қытай әскері Жетісуды,Шығыс Түркістанды тастап шегінді.Арабтар Талас аңғарынан Шашқа қарай ығысты.Алайда,ішкі қақтығыстан және араб-қытай шапқыншылығынан Түркеш қағанаты әлсіреді.756ж. қағанат қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады. 11.Қарлұқ қағанатының тарихы. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. 12.Қимак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (11 ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген. 656 жылы Батыс түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, 9 ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, 8–9 ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Сөйтіп, Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды. Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер 9 ғасырдың ақыры мен 10 ғасырдың бас кезіндегі араб тілдеріндегі тарихи геогр. шығармаларда кездеседі. «Түркістан мен түріктер, – деп жазады әл-Якуби (9 ғасыр), – бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен-бірі соғысып тұрады». Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған. Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін ш-мен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайгалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хаканының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді. 13. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті. Этносаяси тарихы:Оғыздар ата-бабаларының қоныстанған жерлері Ыстықкөл маңы.Қазіргі кезде оның жағасында “9 Оғыз”деп аталатын демалыс үйі бар.Оғыз тайпасының өзегі жетісуда қалыптасты.8 ғасырдың ортасында оғыз тайпалары Жетісудан Шу өзеніне қарай қоныс аударды.9 ғасырдың басы-Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларынқоныстанды.9 ғасырдың аяғы-Жайық пен Еділ аралығын мекендеді.IX-X ғасырлар Оғыз мемлекеті қалыптасты(Сырдарияның орта және төменгі ағысы,Арал өңірімен Батыс Қазақстан далалары).X ғасырда батыста Хазарияға дейінгі жер,солтустік Каспий маңы,орталық, оңтустік-шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм аймағы «оғыз даласы»(Мафазфт-Әл-Гуз) деп аталды.IX ғасырдың аяғы 11ғасырдың басыындағы оғыздардың территориясы:Сырдариямен Еділ аралығы.Астанасы-Янгикент(Жаңа Гузия).Билеушісі-жабғу.Орынбасары-күл-еркін.Әскер басы-Сюбашы.Басқарушылардың ұрпақтары-иналдар.Оларды атабектер(тәрбиешілері) жас кезінен басқару ісіне тәрбиеледі.IX-Xғасыр басында Сырдария жабғуының тұрақты тұрде салық жинау жүйесі жұмыс істеді.Оғызмемлекеті жайлы алғашқы дерек Әл-Якуби(9ғ.) жазбасында берілген.Оғыздардың тайпалары:Қалаж,жағра,жарұқ,қарлұқ,баяндұр,имур,қарабұлақ.М.Қашғаридың дерегі бойынша оғыз одағында 24 тайпа болған.Мүлік теңсіздігінің негізі-жеке меншік мал.Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіпЕділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті. 14. Қыпшақтардың этносаяси тарихы (IX-XI ғғ.)Қыпшақтар туралы мәлімет алғаш рет 201 жылы көрсетіледі (кюсше,цзюше).Толық мәліметтер 760 жылы ежелгі түрік жазуларында кездеседі (кибчак,қыпчақ).Орыс жылнамашылары (XI-XIIIғ.) -половецтер,сорочиндер;венгрлер- палоцылар,кундар;Батыс Еуропа саяхатшылары (XIIIғ)- командар,кумандар деп атаған.Қыпшақ/р этникалық қауымдастығының дамуын 3 кезенге бөлеміз:1)VII-VIIIғғ. VIIҒғ/ң ортасында Алтайдың солт.мен Ертісті жайлаган қыпшақ/р қимақ бірлестігінің негізін құрды. 2)VIII-XII. VIII ғ/да қыпшақ/р этнос болып қалыптасып,Алтайдан Ертіске,Оңт. Орал тауларынан Еділге қоныстанды.Үш этносаяси бірлестіктер -қимақ,қыпшақ, құмандар қимақ мемлекетінің билігінде болды.3)XI-XIII ғғ.Қыпшақ хандарының билігінің күшеюі. XI Басы қимақ қағанаты құлаган сон әскери- саяси басымдық қыпшық тайпасының қолына көшті.Қыпшақтар оғыздарды Сырдың төменгі ж/е орта ағысына,Арал,Каспи маңы далаларынан ығыстырды.XI ғғ.2 Ширегі «Оғыздар даласынын» орнына «Дешті Қыпшақ» атауы пайда болды.XI Ғғ ортасы- қыпшақтар Еділден өтіп,1054 жылы орыс жерін одан әрі Дунай өзеніне дейінгі аралықта қоныстанды.Қыпшақтың этникалық бірлестігі Еділ өзені бойында 2-ге бөлінді: Батыс Қыпшақ половец/р даласы тайпа. Шығыс Қыпшақ Дешті Қыпшақ даласы, тайпа Қыпшақ/ң кең даласы.Қоғамдық құрылысы-әскери мемлекет.Мемлекет басшысы –Хан.Ханнан кейінгі ;тархандар,басқақтар,ру-тайпа көсемдері,байлар.Қоғамдық құрылысы-әскери мемлекет.Мемлекет басшысы –Хан.Ханнан кейінгі ;тархандар,басқақтар,ру-тайпа көсемдері,байлар.Негізгі тайпалары-оғыз,қимақ,қарлұқ,жілік т.б.негізгі тайпа Елбөрі.Хандар елбөрілерден сайланды. 15.Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы,әлеумет/к эконом/қ дамуы,мәдени өркендеуі. Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Қарахан әулетінің атасы Сатұқ Боғра хан (915-955) болып есептеледі. Қарахан мемлекетінің негізін салушылардың бірі Сатұқ Боғра хан Білге Күл Қадыр ханның немересі. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның інісі мұсаға көшті, ол 960ж. Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. 942 ж. дүниеге келген Қарахан қағанаты Шығыс Түрркістан, Жетісу, Талас, Сырдария, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның орталығы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы болды. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы екі әулеттің арасындағы, Әли Арслан хан( Мұса ханның баласы) мен Хасан Боғра хан (Сүлеймен ханның баласы) арасындағы өзара күреске толы. Xiғ. 30ж. мемлекет екіге бөлінді: Жетісу ж/е Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы Баласағұн болды. Мауараннахр жері Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Бұхар қаласы, кейіннен Самарқанд болды. Қарахандарда X-XIIғ сәулет өнері дамыды: Бабаджа Хатун, Айша Бибі, Қарахан, Аяққамыр, Алаша хан, Әулие ата, Сырлытам мазарлары, Талас өзеніндегі тас көпір, Тараз моншасы.Ежелгі түрік жазуының орнына араб графикасы келді. Түрік тіліндегі мұсылман әдебиеті шыға бастады:Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу Білік» шығармасы,М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат түрік» шығармасы. Қарахандықтар кезеңі саяси эканомикалық, әлеуметтік, мәдени өнер жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең.«Құтадағу білік»- «Қайырымды білім» поэмасы блып табылды. Оны Қарахан мемлекетінің билеушілерінің бірі Сатұқ Боғра ханға арнап Баласағұнның тұрғыны Жүсіп Хас Хаджиб жазды. «Құтадағу Білік» 6320 теттен тұрады және 24 беттің қосымшасы бар. Бұл тек әдеп морал трактаты ғана емес, терең филосифиялық шығарма, онда идеалдық қоғамның нормаларын, бұл қоғамдағы әр түрлі тап өкілдерінің мінез құлық ережелерін суреттейді. Білім билеуші үшін де, халық үшін де игілікке қол жеткізудің бірден бір қайнар көзі деген идея оның мазмұнына арқау болған.Ал М.Қашғаридің «Диауани лұғат ат түрікінде» тарихи мәдени, этнографиялық және лингвистикалық материалдар жинақталып, кеңінен қамтылған. «Түркі тілдерінің сөздігі» -XI ғасырдағы түркі халықтарының дүние танымының ерекшелігін этникалық құндылықтары мен мінез құлық нормаларын сипаттайтын түркі мәдениетінің ескерткіші, онда ата бабаларымыздың бұрынғы мұралары толық қамтылған. |