1. ылым ретіндегі азастан тарихыны масат, міндеттері жне оны зерттеуді зектілігі
Скачать 269.73 Kb.
|
16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті VI-XII ғғ.Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді.ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағанатының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті. Сөйтіп, “халықтардың ұлы қоныс аударуы” Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек. Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды –феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді. “Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. “Түрік” этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтағы немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни “патша” шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен. Батыс түрік қағандығы яки қағанаты – Түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы – қаған, жоғарғы әміршісі әрі әскер басы болды. Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі–қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін тан империясынан қорғау үшін күрескен. Кезінде Батыс түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еніп кеткені мәлім.Батыс Түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен қыпшақтар оқшауланып бөлініп шықты. Қыпшақтар – ерте кезден-ақ Орталық Азияны мекен еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім. Қыпшақ қоғамы – ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келген. Олар Ертіс өзенінен бастап сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын қыпшақтарды Европада- қумандар, ал Ресейде - половецтер деп атаған. Сонымен ҮІ-ҮІІ ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген қаңылылар, қарлұқтар, шігілдер, тухшлер, яғмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, т.б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болып қаланды. 17.Ортағасырлардағы қала мәдениеті. VІ-ХІІғғ оңтүстік ж/е оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Отырар аты (Отырарбенд) 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қ.аласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қ-ның орнында болған.Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс. Аумағы 30 га-дан асатын қала жұрттарына Сайрам (Исфиджаб), Шортөбе немесе Қараспан-1 (Осбаникет), Отырартөбе (Отырар), Құйрықтөбе (Кедер), Шойтөбе (Шауғар), Жанқала (Жанкент, Янгикент), Сунақ-Ата (Сығанақ), Құмкент жатады. Аумағы 15 га-дан 30 га-ға дейін жететін қалалар – Бурух, Хурлуг, Жумишлағу, т.б. 15 га-ға дейін жететін қала жұрттарына Шарапхана (Газгирд), Бұлақ-Қоғал (Манкент), Тамды (Берукент), Қазатлық (Будухкет), т.б. жатады. Осы қалалардан басқа Сырдарияның орта ағысында 6 – 9 ғ-лардың бірінші жартысына тән мәдени қабаттары анықталған бір топ қала жұрттары жатыр. Қазақстанның оңтүстігінде жалпы саны 27-ге жететін осындай қала жұрты бар. Қазақстанның оңт-ндегі қала жұрттарына құрылымында – ішкі қамал (цитадель); шахристан (дуалмен бекіндірілген қала) және рабад (қала төңірегіндегі сауда-қолөнер орны) болатын топография тән. Шахристанда бай шонжарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты. Жетісудың оңт.-батысында, керісінше, бұған толық мүмкіндіктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағанда, мұнда 7 – 10 ғасырларда 27 қала мен қоныс болған, олардың көпшілігі нақты қала жұрттарымен сәйкестендірілді.Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып, олардағы 7 – 9 ғасырлардың мәдени қабаттары анықталды. Солт.-шығыс Жетісу төрткөлдері үш топқа бөлінеді.Біріншісіне:•Антоновка, Дүнгене, Шілік; Екіншісіне:•Талғар, Сүмбе, Ақмола енгізілген; Үшіншісіне:•Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан. Бірінші топқа аумағы 30 га-дан асатын қалалар енеді.Бұлар – көп қабатты ескерткіштер, мәдени қабаттарының қалыңд. 2 – 3 метрге дейін жетеді және одан да қалың. Қазба жұмыстары кезінде қала жұрттарынан алуан түрлі керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндірістік күл-қоқыстар табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейді. Бұл қалалар жұрттарының кейбіреулері нақты қалаларға: Антоновка – Қаялыққа, Дүнгене – Екі-Оғызға баланады. Олардың ішіндегі ең ірісі қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретінде танылған – Антоновка. Бірінші топты құрайтын төрткөлдер ірі қалалар және астаналық орталықтар болып табылады. Екінші топтағы қалалардың аумағы 10 га-дан 30 га-ға дейін жетеді. Үшінші топ қалаларының аумағы 10 га-ға да жетпейді. Мұндай қала жұрттарының құрылысы Жақсылық қ-ның орнын кең көлемде қазған кезде зерттелді. Оларда тұрғын үйлер дуалдар іргесіне, ішкі жағында орналасады, ішкі аулалар бар. Іле қалалары жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелілер мен жартылай көшпелілердің ауылдық қоныстары деп санауға болады. Кейбіреулері керуен-сарайлар болуы мүмкін. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ сияқты бірнеше қаланың жұрты бір-біріне жақын орналасқан екі немесе тіпті үш бекіністен тұрады. Олар әдетте жолдардың түйіскен тұсына салынған.Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениеті Қазастанның орт. және шығыс аймақтарына қарай ойысқан. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болған. Орталық Қазақстанда, Нұра, Кеңгір және Жезді аңғарларында, Ұлытау етегінде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргізілген қазба жұмыстары олардың әкімш., қолөнер-сауда және а.ш. сипатын көрсетеді. Шыңғыс хан шапқыншылығы және одан кейінгі Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы соғыстар салдарынан Іле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың көбі қирап, біржола жойылып кеткен. 18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әбу Насыр әл-Фараби, М.Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұни және т.б.Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Замандастары жазған шежірелер бойынша алғанда, оның арғы аталарының есімдері таза Түркі тілінде келтіріледі. Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сатүк Қара Богра ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институттының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Германи Вамбери (1932 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук Каласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890- 1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. 19. Найман мен Керейт ұлыстары.Наймандар мен керейлер. Наймандардың, керейлердің ертеректегі мемлекеттері Орталық Азияның шығысында – Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатынасы бар.XII ғасырда керейлер мен меркіттер қосылған Наймандар конфедерациясы Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік құрылым болды. Ғалымдар “найман” терминінің мәні моңғол тілі тұрғысынан алғанда конфедерацияға енген тайпалар санына қарап “сегіз” деген сөзді білдіреді деп болжам жасайды. Сондықтан наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы туралы мәселе әлі күрделі. Зерттеушілердің арасында бұлардың тілі туралы әртүрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар бұл тайпаларды моңғол тілдес десе, екінші ғалымдар оларды түркі тілдес дейді. Олардың этникалық құрамы аралас болуы да ықтимал, бірақ ғылыми әдебиеттегі жаңа мәліметтер олар түркі тілдес болды дегенді дәйектейді. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатқан. Кейінірек наймандар да сол араны жайлаған. Наймандардың батыс жағында Ертіс бойын мекендеген қаңлылар мен қыпшақтар, солтүстігінде Енисей қырғыздары, шығысында Шығыс Моңғолияда көшіп-қонып жүрген керейлер, ал оңтүстік жағында Орталық Азияның басқа да көптеген тайпалары мекендеген. Осы тайпалармен және ұйғырлармен көрші ретінде қарым-қатынас жасап тұрған. Наймандар, әсіресе, қаңлылармен өте тығыз этникалық-саяси және мәдени байланыста болған. Қаңлылар мен қыпшақтардың кейбір жеке топтары наймандардың жеріне келіп қоныстанады. X ғасырда сегіз-оғыздар Қидан мемлекетінің қол астына алынған кезден бастап, олар “найман” деген атпен белгілі болған. Наймандар Бұйрық және Беткін деген екі үлкен тайпалардың бірлестігінен құралған. Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы, ұлыстардың құрылуымен қатар жүрді. “Ұлыс” деген сөз ол кезде “халық” деген ұғымды білдірді, әрбір ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың өкілі – хан басқарды. Хан ордасы, ұлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болған. Әрбір ұлыстар ондық бірліктер бойынша, әскери жүйемен сарбаздар жасағын құрған.Ұлыстарды басқару және оның ішкі жұмыстарын, салық жинауды арнаулы шерби атағы бар адамдар жүргізген. Арнаулы іс жүргізетін адамдар да болған. Іс ұйғыр жазуымен жүргізілген. Жарлықтар ханның мөрі басылған жағдайда ғана бекітілген.Наймандар XІ ғасырдың бас кезінде христиан дінінің несториан бағытын ұстанған. Бұл наймандардың ерте феодалдық кезеңде басқа мемлекеттермен және халықтармен этно-мәдени байланыста болғандығын дәлелдейді. X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен Моңғолияда қиданның Ляо мемлекеті құрылғаннан кейін (907-1125 жж. құрылып, өмір сүрген), наймандар оның құрамына кірген, бірақ Елюй-Даши өлімінен кейін тәуелсіздік алып, өздерінің билеушісі етіп Инанч-Білге Буху ханды тағайындады. XII ғасырдың аяғы - XIII ғасырдың басында Найман хандығы екіге бөлініп, оны Инанчтың екі ұлы: Даянхан мен Бұйрық хан басқарды. 1204 жылы моңғолдар Даянханды, 1206 жылы Бұйрық ханды талқандады. Даянның ұлы Күшілік хан найманның қалған әскерін жинап, Қидан мемлекетіне барып, бас сауғалады. Қидан билеушілерінің тілін таба біліп, наймандардың шашырап кеткен әскерінің басын қайта біріктірген Күшіліктің қуаты тез күшейді. Осы кезде Хорезмшах Мұхаммедтің әскерінен жеңілген қидандар өлкеде нақты биліктен айырылды. Осыны пайдаланып, Күшілік хан 1211 жылы қалған қидандарды тізе бүктіріп, өзінің ордасын Жетісуға көшірді. Күшілік 1213 жылы Алмалықтағы мұсылмандар иеліктеріне қарсы әскери қимыл-әрекетін бастады. Күшіліктің әскері Алмалықты алғанымен, моңғолдардың жақындап қалуына байланысты кері шегінді. 1218 жылы моңғолдар наймандарды талқандап, қашып кеткен Күшілікті ұстап алып, Бадахшанда өлтірді. Сөйтіп, XIII ғасырдың басында бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу моңғолдардың қол астына кірді.Керейлер (Керейттер). Керейлер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер Х ғасырдың бас кезіне жатады. Керейлер конфедерациясының этникалық құрамы бір текті болмаған. Олар түрік тілді және моңғол тілді жұрттан құралады. Керейлердің батысында – наймандар, солтүстігінде -меркіттер, шығысында -татарлар, оңтүстігінде -таңғұттар тұрады.Керей тайпаларының екі ордасы болған, солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында, ал оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бұрылысының теріскейінде тұрған. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге христиан дінінің несториандық тармағын қабылдайды. Керейттер белгілі дәрежеде ұйғыр мәдениетінің ықпалында болған.ХІІ ғасырдың 50 – ші жылдарында керейлердің Қытаймен арадағы қатынасы шиеленісті. Қытайларға қарсы керейлердің күресін бастаған Маргуз – хан тұтқынға түсіп, азаптап өлтірілді. Одан кейін елді Худжар Бұйрық – хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті. Тоғырыл хан тұсында Керейлер ұлысы солтүстікте – Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте - Хуанхеге дейінгі; Батыста – Хангай тауынан, Шығыста Халкин Голге дейінгі жерлерді жайлаған. Керейлер найман, қаңлы, ұйғыр, меркіт, моңғол, қарақытай, таңғұттармен тығыз саяси және этникалық – мәдени байланыс жасап тұрған.Тоғырыл ханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері – Темучин (Шыңғыс хан) мен Жамуха – тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болған. Керей билеушісі Тоғырыл хан сарай қызметіне қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін кеңінен тартқан. 1180 жылдары Тоғырыл Тимучинге қолдау көрсетіп, 1183 жылы керейлер мен моңғолдар Қытаймен одақтаса отырып, татар әскерін талқандады, сол үшін Тоғырыл хан Қытайдың Ван титулын иеленді. Бұл егеменді құқығы ресми мойындалған патша дегенді білдіреді. Сондықтан Тоғырылды тарихта Ван – хан деп те атайды. 1203 жылы керейлер мен бұрынғы одақтасы моңғолдар арасында соғыс өрті бұрқ ете түсіп, ол керейлердің жеңілісімен аяқталды. Тоғырыл мен оның ұлы Сангум қаза тапты. Керейлердің бір бөлігі қолбасшы Қайранбайдың бастауымен Солтүстік–Батысқа, яғни Ертіс өзенінің орта ағысына қарай қашты. Ал басым бөлігі Моңғол мемлекетінің құрамына енді.Жалпы алғанда, моңғол шапқыншылығы Орталық Азияның этникалық процесіне үлкен әсер етті, соның салдарынан көшпелі халық орасан зор аймаққа көшіп–қонды. Моңғолдардан жеңілген наймандар мен керейлер біртіндеп қалыптасып келе жатқан түркі халықтарына, оның ішінде қазақ халқына араласып кетті. Наймандардың қазақтар құрамындағы үлесі едәуір еді. Моңғол дәуірінде олардың басым бөлігі Сырдарияға, яғни қазақтың кең даласына көшті, сөйтіп қазақ этносының қалыптасуында белсенді роль атқарды. Ал керейлердің бір бөлігі батысқа, Еділ бойына ұмтылды, онда олар өздерінің керей этнонимін сақтап қалды, кейін осы атаумен олар өзбектер мен қырғыздар құрамына енсе, аз бөлігі қазақтар құрамына кірді. Олардың (керейлердің) көпшілігі Солтүстік Қазақстанда қалып, Орта жүз қазақтарына Керей (Қара – Керей, Абақ - Керей) атауымен енді, сөйтіп бұрынғы “Кереит” деген этноним атауындағы “т” жалғауы алынып қалды.Керейлер мен наймандар әлеуметтік – саяси дамудың бір деңгейінде тұрған. Олар дербес мемлекеттік құрылым – ұлыстар болып ұйымдасып, ал ұлыстар болса, хандар әулеті бастаған бүкіл этносты біріктіріп, рулық – тайпалық институт атаулының бәрінен де жоғары тұрған. Әрбір ұлыстың өз территориясы болған. Оның шекарасының ең маңызды жерлері күзетке алынып отырған. Ұлыстарда хан қосының басқару орындары, әскері мен жасауылы бар басқару аппараты жұмыс істеген. Сонымен туысқан тайпалардың әлеуметтік жіктелуі мен бірігуі ерте феодалдық мемлекеттердің, яғни Керейлер мен Наймандар ұлысының құрылуымен аяқталады |