ЛОР-тесты-без-ответов-4курс-на-каз. 1. Жтынша арты кеістікті жаласы не ккіректі алдыы жаы
Скачать 362.5 Kb.
|
65. Мұрын қуысының жоғарғы қабырғасы неден түзілген? +а)торлы сүйектің елек тәрізді пластинкасы б)таңдай сүйегінің перпендикулярлы пластинкасы в)торлы сүйек г)жас сүйегі д)негізгі сүйегі 66. Мұрын қуысының түбі неден құралған? а)жоғарғы жақтың таңдай өсіндісі б)таңдай сүйектің горизонталді пластинкасы в)желбезек сүйегінің артқы жиегі г)торлы сүйектің елек тәрізді пластинкасы д)негізгі сүйектің денесі 67. Мұрын қуысының төменгі үштен екісін қандай эпителий жабады? а)көпқабатты кірпікшелі цилиндрлі эпителий б)иіс сезу эпителий в)көпқабатты жалпақ эпителий г) бір қабатты кірпрікшелі эпителиі д)цилиндрлі эпителий 68. Mұрын қуысының жоғарғы үштен бірін қандай эпителий жабады? а) иіс сезу б)көпқабатты кірпікшелі эпителий в)бір қабатты кіпікшелі эпителий г)цилиндрлі эпителий д)көпқабатты жалпақ эпителий 69. Сыртқы мұрын қандай нервтермен иннервацияланады? а)үшкіл нервтің 1 және 2 тармағы б)бет в)кезбе г)иіс сезу д)тіл-жұтқыншақ 70. Сыртқы мұрын қандай қозғалтқыш нервтермен иннервацияланады? а) есту б)үшкіл в)кезбе г)көз қозғалтқыш д) бет 71. Иіс сезу анализаторының қыртысты ұшы қайда орналасады? а)мидың самай бөлігі(аммоний мүйізі мен сүйелді дене аймағы) б)маңдай бөлігі в)төбе бөлігі г)шүйде бөлігі д)Гешлэ иірімі 72. Аталған ауруларда мұрынның тыныс алу қызметi бұзылады, мынадан басқа: а)аллергиялы және вазомоторлы ринопатияларда б)мұрын поллинозында в)мұрын пердесiнiң қисаюы г)хоаналдi полипте д)атрофиялық ринитте 73. Аталған аурулар кезiнде жабыі мыңқылдау байқалады, мынадан басқа: а) гипертрофиялық ринит б) мұрын пердесiнiң қисаюы в) мұрын пердесiнiң абсцесiнiң гематомасы г) аденоидты вегетацияларда д) жұмсақ және қатты таңдайдың саңылауларында 74. Қандай аурулар кезінде ашық мыңқылдау байқалады? а)атрофиялык ринитте б)қатты және жұмсақ таңдайдың саңылауларында в)аденоидты вегетацияда г)гипертрофиялық ринит д)хоаналардың өсіп кетуі 75. Мұрын жолдарының өткізгіштігін қандай аспаппен анықтайды? а)ринопневмометр б)ольфактометр в)аудиометр г)стробоскоп д)мұрын айнасы 76. Иіс сезудің өткірлігі қандай аспаппен анықтайды? а)ольфактометр б)ринопневмометр в)аудиометр г)стробоскоп д)мұрын айнасы 77. Бала туылған кезде мұрынның қандай қосалқылары дамымаған? а)маңдай б)косымша в)торлы г)жоғарғы жақ д)сфеноидальды 78. Мұрынның қандай қосалқы қуысының құрлысы өзгермелі болып келеді? а)маңдай б)жоғарғы жақтық в)негізгі г)торлы д)сфеноидалді 79. Мұрын қосалқы қуысының көлемі бойынша үлкені: а)жоғарғы жақтық б)маңдай в)торлы д)негізгі е)сфеноидалді 80. Жоғарғы жақ қуысының орташа сыйымдылығы? а)10-12см3 б)5см3 в)3-5см3 г)6-8см3 д)5-8см3 81. Жоғарғы жақ қуысы немен шектеледі, мынадан баска: а)көз шарасымен б)самай асты ойығымен в)таңдай-қанатты ойығымен г)ауыз және мұрын қуысымен д)сигма тәрізді синуспен 82. Гаймор қуысының көздік қабырғасынан қандай нервтің каналы өтеді? а) көру нерві б)жоғарғы жақ нерві в)беттік нерві г)видиев нерві д) төменгі көздік нерві 83. Жоғарғы жақ қуысының түбіне қай тіс жақын орналасқан? а)1-ші және 2-ші үлкен азу тістер б)алдыңғы күрек тістер в)артқы күрек тістер г)4-ші және 5-ші тістер д)3-ші және 4-ші тістер 84. Маңдай қуысы қанша пайыз жағдайларда мүлде болмайды? а)орташа 10% б)орташа 25% в)5% жағдайда г)50% жағдайда д)0,5% жағдайда 85. Маңдай қуысының орташа сыйымдылығы қандай? а)3-10см3 б)10-15см3 в)5-10см3 г)0-3см3 д)3-5см3 86. Торлы лабиринт алдыңғы бас сүйек шұңқырынан немен шектелген? а)елек тәрізді пластинкамен б)қағаз пластинкамен в)негізгі қуыстың жоғарғы қабырғасымен г)маңдай қуысының артқы қабырғасымен д)мұрын қуысының жоғарғы қабырғасымен 87. Торлы лабиринт көз шарасынан немен бөлінген? а)елек (қағаз) пластинкамен б)торлы пластинкамен в)артқы маңдай қуысы қабырғасымен г)негізгі қуыстың жоғарғы қабырғасымен д)мұрын қуысының жоғарғы қабырғасымен 88.Мұрынның негізгі қуысының дамуы қай кезде басталады? а) 17 жастан кейін б)3 жастан кейін в)5 жастан кейін г) туылғаннан кейін д)6 жастан кейін 89. Мұрынның негізгі қуысының саңылауы оның қай қабырғасында орналасқан? а)алдыңғы б)артқы в)бүйірлік г)төменгі бөлігінде д)жоғарғы бөлігінде 90.Мұрынның негізгі қуысының бүйір қабырғасында қандай түзілістер орналасады, мынадан баска: а)ішкі ұйқы артериясы б)үңгірлі венозды қуыс в)көзқозғалтқыш нерві г)әкетуші, шығыршықты нервтер д)үшкіл нервтің 2 бұт 91. Жедел ринитке мына субъективтi белгiлер тән, бiреуiнен басқа: мұрынның,мұрын-жұтқыншақтың құрғауы жөтелу в)алдымен серозды соңынан шырышты-іріңді бөлінділер г)жас ағу д)мыңқылдап сөйлеу 92. Жедел ринит кезiнде аскынулар дамуы мүмкiн, бiреуiнен басқа? А)мұрын кiреберiсiнiң дерматитi Б)сигма тәрiздi синус тромбозы В)жедел синуит Г)евстахиит д) ортанғы құлақтың отитi 93. Емшектегі балаларда жедел риниттің ағымының ерекшелігі, , мынадан басқа: а)жиі фарингитпен жүреді б)емуі қиындайды в)салмақтың төмендеуімен өтеді г) ортанғы отитпен асқынады д)мұрыннан қан кетумен өтеді 94. Жедел ринитте қандай кешенді ем тағайындалады, мынадан басқа: а)терлететін ем б)ыстық түсіретін дәрілер в)фитонцидтер г)десенсибилизациялық ем д) антибиотиктер 95. Жедел ринитте қандай алаңдатарлық ем-шараларды ұсынуға болады, мынадан басқа: а)аяқты ыстық ваннаға салу б)балтыр бұлшықеттеріне қыша қағазын қою в)құрғақ қышаны шұлыққа себу г)табанды ультракүлгін сәулесінің эритемалық дозасымен сәулелендіру д)антибиотиктер+ 96 . Созылмалы риниттің қандай формаларын ажыратады, мынадан басқа: а) жәй б) гипертрофиялық в) атрофиялық г)вазомоторлы д) аллергиялық 97. Созылмалы ринитке қандай себептер алып келеді, мынадан баска: а) жедел және жеделдеу риниттердің жиі қайталануы б) инфекциялық ауруларды басынан өткеру в) аденоидтар г) синуиттер д) кәсіптік зияндылықтар 98. Созылмалы риниттiң катаралдi түрiмен ауыратын науіастардың шағымдары, мынадан басіасы: мұрыннан көп мөлшерде шырышты бөлiндiнiң бөлiнуi мұрынмен дем алудың кезеңдi қиындауы иiс сезудiң нашарлауы бастың ауруы қалтырау 99. Созылмалы гипертрофиялық ринитте қандай ем тағайындайды, бiреуiнен басқасы: а) дәрі-дәрмектік б) жартылай хирургиялық (гальванокаустика) в) хирургиялық (конхотомия) г) физиоем д) гайморотомия 100. Жәй атрофиялық ринитте қандай патоморфологиялық өзгерістер болады? а) шырышты қабаттың атрофиясы б) цилиндрлі эпителийдің жалпақ эпителийге ауысуы в) шырышты бездер санының төмендеуі г) бокал тәрізді бездер санының төмендеуі д) гипосмия 101. Жәй атрофиялық риниттің риноскопиялық көрінісі қандай, , мынадан баска: а) мұрын жолдарының кең болуы б) шырышты қабаттың жұқаруы, құрғауы в) қою ірің тәрізді бөліндінің болуы г) қабыршақтардың болуы д) полиптердің болуы 102. Жәй атрофиялық ринитпен ауыратын науқастарға қандай ем тағайындайды, мынадан баска: а) вазотомия б) поливитаминдер в) темір препараттар г) жергілікті- жағылмаларды қолдану д) сілтілі-майлы ингаляциялар 103. Вазомоторлы ринитке тән симптомдар, бiреуiнен басқасы: а) ринит ұстамалары в) мұрынның бітелуі в)қышыну, түшкіру г) мұрыннан көп мөлшерде бөліндінің бөлінуі д) бастың ауыруы 104. Вазомоторлы риниттің негізгі риноскопиялық белгілері, мынадан баска: а) мұрын қалқанының ісінуі б) шырышты қабатының көкшіл түсті болуы в) Воячек дақтары г) мұрын жолдарының тарылуы д) аз мөлшердегі, мөлдір бөлінділер 105 . Озенаға тән кардинальді белгілер, мынадан баска: а) мұрында қабыршақтардың болуы б) мұрыннан өзіне тән жағымсыз иістің шығуы в) мұрын қалқанының тез атрофиялануы г) бастың ауыруы д) ортаңғы мұрын жолында іріңнің болуы 106.Мұрынның қуысының қандай аурулары оның қосалқы қуыстарында қабыну процесінің дамуына әсер етеді, мынадан баска: а) риниттер б) бөгде заттар в) ісіктер г) мұрыннан қан ағу д) мұрын қалқасының қисаюы 107 . Жоғарғы жақ қуысының жиі қабынуына қандай жағдайлар әсер етеді, мынадан баска: а) қуыстың үлкен болуы б) қуыстың шығару тесігінің жағары орналасуы в) басқа қуыстарға қарағанда жоғарғы жақ қуысының төмен орналасуы г) қуыс түбінің жоғарғы жақсүйектің азу тістеріне анатомиялық жақын орналасуы д) қуыстың болмауы+ 108. Синуиттердің диагностикасында қандай зерттеу әдістері жүргізіледі, мынадан баска: а) стробоскопия б) мұрын қосалқы қуыстары аймағын пальпациялау в) риноскопия г) рентгенография д) диагностикалық пункция 109. Жедел синуит кезіндегі науқастың негізгі шағымдары қандай, мынадан баска: а) мұрынның бітелуі және бөлінділердің бөлінуі б) бастың ауруы в) бет аймағында ауырлық сезімі г) буындардың сырқауы д) дене қызуының көтерілуі 110. Шекаралық мүшелер жағынан синуиттердің қандай асқынулары кездеседі, мынадан баска: а) отиттер б) гастриттер в) көз шарасының қабыну аурулары г) менингиттер, мидың абсцестері д) кавернозды синустың тромбозы және қабынуы 111. Гаймориттің түрлерінде консервативті ем тиімді, мына түрiнен басқасында: а) катаральді б) қабырғалық- гиперпластикалық в) вазомоторлы г) аллергиялық д) атрофиялық 112. Гаймориттің қай түрлерінде хирургиялық ем тағайындайды, мына түрiнен басқасында: а) атрофиялық б) полипозды в) холестеатомды г) аралас д) одонтогенді 113. Мұрынның қай қуысының ауруында бассүйек ішілік асқынулар алдыңғы бассүйек шұңқырында дамиды? а) маңдай б) торлы в) жоғарғы жақ г) негізгі д) сигмовидты 114. Мұрынның қай қуысының патологиясында бассүйек ішілік асқынулар ортаңғы бассүйек шұңқырында кездеседі а) маңдай б) торлы в) жоғарғы жақ г) негізгі д) сигмовидты 115. Риногендi бассүйекiшiлiк асқынуларға жатады, мынадан басқа: а) ми абсцесстері б) менингиттер в) энцефалиттер г) үңгірлі синустың тромбозы д) сигма тәрізді синустың тромбозы 116. Ремиттерлеуші қызба менингиттің қай түрінде кездесуі мүмкін? а) отогенді б) риногенді в) отогенді және риногенді г) ми абсцессі қосылғанда д) ми синустарының тромбозының асқынуы ретінде болатын менингит кезінде 117. Отогенді және риногенді іріңді менингит кезінде жұлын сұйықтығында қандай негізгі өзгерістер , мынадан басқа: а) жоғары қысым б) түсі – лайланған в) лимфоциттердiң цитозы г) белоктың көп болуы д) себіндіде іріңді микрофлора 118. Үңгірлі синустың тромбофлебиті жиі мына ауруларда кездеседi, бiреуiнен баска: а) торлы лабиринттің іріңді ауруларында б) сфеноидитте в) гайморитте г) беттің жоғарғы бөлігінің сыздауықтары д) флегмонозды ларингите 119. Үңгірлі синустың тромбофлебиті мен тромбозы жиі мұрынның қай қосалқы қуысының эмпиемасы кезінде дамиды? а) жоғарғы жақ б) маңдай в) торлы г) негізгі д) сигма тәрізді 120. Мұрыннан қан кетудің жалпы себептері мынадан басқасының бірi: а) гипертония б) геморрагиялық диатез в)жұқпалы аурулар г) қан аурулары д) мұрын қалқасының гематомасы 121. Мұрыннан қан кетудің жергілікті себептері, мынадан басқа а) жарақаттар б) бөгде заттар в) ісіктер г) бруцеллез д) атрофиялық процесс 122. Киссельбах өрімі қайда орналасқан? а) мұрын пердесінің алдыңғы-төменгі бөлімінде б) мұрын пердесінің артқы бөлімінде в) мұрын кіреберісінде г) ортаңғы мұрын кеуілжір д) төменгі мұрын кеуілжір 123. Мұрын мен оның қосалқы қуыстарында қандай қатерсіз ісіктер кездеседі, мынадан баска а) фиброма б) ангиома в) ангиофиброма г) қанталағыш д) саркома 124 . Мұрынның қосалқы қуысының қайсысы жиі остеомамен зақымдалады? а) жоғарғы жақтық б) торлы в) негізгі г) маңдай д) сигма тәрiздi 125. Мұрын қосалқы қуыстарының остеомасында қандай клиникалық ерекшеліктер, бiреуiнен баска: а) баяу өсу б) ұзақ белгісіз ағым в) тығыз консистенциялы г) қансыраудың болмауы д) ауыру сезімі 126. Мұрын қосалқы қуыстарының остеомасы диагнозы әдетте қандай тексеру әдістерінің көмегімен қойылады? а) алдыңғы риноскопия б) артқы риноскопия в) гистологиялық әдіс г) диафоноскопия д) рентгенологиялық әдіс 127. Мұрын қатерсіз ісіктерінің ішінде қайсысында түрлі-түсті орамжапырақ тәрізді түр болады? а) фиброма б) қанталағыш в) папиллома г) саркома д) меланома 128. Қансыраған мұрын полипі әдетте қай жерде орналасады? а) мұрын пердесінің алдыңғы-жоғарғы бөлімінде +б) мұрын пердесінің алдыңғы-төменгі бөлімінде в) мұрын-жұтқыншақта г) торлы лабиринт жасушаларында д) жоғарғы жақ қуысында 129 . Мұрынның қосалқы қуыстарының қайсысы жиі қатерлі ісіктермен зақымдалады? а) жоғарғы жақ қуысы б) маңдай қуысы в) негізгі қуыс г) торлы лабиринт жасушалары д) сигма тәрiздi 130. Гаймор қуысының төменгі қабырғасында орналасқан қатерлі ісік кезінде қандай негізгі шағым болады? а) тіс ауыруына шағымдану б) бас ауыруына шағымдану в) мұрынның бітелуіне шағымдану г) мұрынмен дем алудың қиындауына шағымдану д) мұрыннан қан ағуға шағымдану 131. Мұрын қосалқы қуыстарының қатерлі ісіктерін созылмалы синуситтерден қандай негізгі белгілер арқылы ажыратпайды: а) біржақтық зақымдалу б) иісті қанды-іріңді бөлінділер в) беттің біржақтық неврологиялық ауырулары г) қабырғалардың бұзылуы д) шекарасынын айкын болуы 132. Мұрын пердесінің жарақатында қандай патологиялық өзгерістер жиі болады, мынадан баска: а) қисаю б) шығу в) сыну г) гематома д) полиптер 133. Сыртқы мұрында қандай жарақаттан кейінгі деформация болмайды: а) мұрынның қабырғасының төмен түсуі б) мұрынның қисаюы в) мұрынның бүкірленуі г) жалпақ мұрын д) мұрын қылқанының майысуы 134. «Көзілдірік белгісінде», мұрыннан қанды бөлінділердің шығуы және жұлын сұйықтығының азаюы неден пайда болады? а) бас сүйегі шұңқырының алдыңғы аймағында бас сүйек негізі сынған кезде б) самай сүйегінің пирамидасы сынған кезде в) бас сүйек шұңқырының ортаңғы аймағында бас сүйек негізі сынған кезде г) бас сүйек шұңқырының артқы аймағында бас сүйек негізі сынған кезде д) емізік тәрізд сүйек сынған кезде 135. Мұрын зақымдануының объективті балгілері, мынадан баска: а) мұрын аймағының ісінуі б) терінің бүтіндігінің бұзылуы в) шырышты қабаттың жыртылуы және мұрын деформациясы г) мұрыннан қан кету д) ринорея 136. Мұрын зақымдануының диагностикасында қандай зерттеу әдістері қолданбайды а) анамнез б) мұрынның ішін және сыртын тексеруі в) мұрын сыртын пальпациялау г) мұрын, мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы д) стробоскопия |