ЛОР-тесты-без-ответов-4курс-на-каз. 1. Жтынша арты кеістікті жаласы не ккіректі алдыы жаы
Скачать 362.5 Kb.
|
137. Вазелинді тығынды мұрын қуысында қанша уақыт ұстауға болады? а) 24 сағатқа дейін б) 12 сағатқа дейін в) 48 сағатқа дейін г) 6 сағатқа дейін д) 72 сағатқа дейін 138. Мұрын сүйектері сынықтарының репозициясын жүргізуге болады ма, егер жарақат бас сүйек қуысына енген болса? а) 24 сағаттан кейін жүргізілуі тиіс б) 48 сағаттан кейін жүргізілуі тиіс в) 72 сағаттан кейін жүргізілуі тиіс г) бір тәуліктен кейін жүргізілуі тиіс д) бас сүйек ішілік асқынулардың даму қаупі болғандықтан жүргізілмейді 139. Шырышты қабаттың жыртылуымен жүретін мұрын қосалқы қуыстарының қабырғаларының сынуының нақты белгісі болып не табылады? а) эмфизема дамуы б) мұрыннан қан кету в) аносмия г) гипосмия д) крепитация 140. Жедел ринитпен ауырғандарға қандай шағымдар тән емес А. Тыныс алудың бұзылуы және мұрынның бітелуі Б. Мұрыннан бөліндінің бөлінуі В. Иіс сездің бұзылысы Г. Ашық мінгірлеу Д. Бас ауру 141. Жедел синуситпен ауырғандарға шағымдар тән емес А.Гипосмия Б. Тыныс алудың бұзылысымен мұрыннан бөліндінің бөлінуі В. Иіс сездің бұзылысы Г. Бастың ауруы және жалпы жағдайдың бұзылысы Д. Беттің деформациясы 142. Бір қалыпты мұрыннан қан кету қай аурудың емі болуы мүмкін А. Гемофилия Б. Грипп В. Гипертониялық ауру Г. Геморрагиялық диатез Д. Гломерулонефрит 143. Синуиттер кезiнде кандай көз ішiлiк асқынулар кездеседi? А. Катаракта Б. Орбитаның периоститі, субпериостальды абсцесс, орбитаның флегмонасы және көру нервінің ретробульварлы абсцессі В. Глаукома Г. Ісік 144. Мұрыннан қан кетудің басты себептері А.Гипертония, қан және қан жасаушы ағзалардың аурулары, грипп, физикалық қажу, организмнің жылуы, бауыр ауруы Б. Гипотония, жүрек ақаулары В. Суық тию, эндокринді бездердің аурулары Г. Шаңның, ылғалдылықтың жоғарылауы Д. Гипоацидтi гастрит, холецистит 145. Жедел синуситтерде хирургиялық ем қолданылады, егер А. Көз ішінде және бас сүйек ішінде асқынулар болғанда Б. Ешқашан В. Әрқашан Г. Бас ауырғанда, мұрын біткенде, мұрыннан ірің бөлінгенде Д. Кан кетулер 146 . Мұрынның қосалқы қуыстарына инфекция жиі түседі А. Бет жарақатында Б. Риногенді В. Гематогенді. Г. Одонтогенді Д. Лимфогенді 147. Фронтит пен гайморит кезінде ірің жиі қайда анықталынады А. Жоғарғы мұрын жолында Б. Ортаңғы мұрын жолында В. Төменгі мұрын жолында Г. Жалпы мұрын жолында Д. Жуткыншактын арткы кабыргасында 148. Риногенді менингиттің нағыз айқын белгісі А. Бас ауыру Б. Менингиалды белгілер В. Жас ағу Г. Тахикардия Д. Көрудін бұзылусы 149. Диагнозды (1) және емдеу әдісін (2) анықтау. 36 жастағы науқастың жағдайы сол жақ мұрын қанатындағы сыздауығы іріңін сыққаннан соң бір күннен кейін нашарлаған, қатты қалтырау, тершеңдік, гектикалық температура, қызба, қатты мазалайтын бас ауруы пайда болған. Мұрын қанатындағы сыздауық орналасқан аймақ ісіңген және ұрт пен сол жақ ерін аймағына таралған жұмсақ тіндердің инфильтрациясы анықталды. 1 А. Мұрын фурункулы Б. Кавернозды қойнаудың тромбозы, риногенді сепсис В. Полипозды риносинусит Г. Озена Д. Созылмалы гипертрофиялық ринит 2 А. Консервативті Б. Хирургиялық Бб Аа Ва Гб Да 150. Диагнозды (1) және емдеу әдісін (2) анықтау. Науқас маңдайдың сол жақ жартысы мен сол жақ ұрттың ауру сезіміне, бас ауруына, суық тиюәне шағымданады. Объективті қарағанда: сол жақ мұрын қуысының шырышты қабатының гиперемиясы мен инфильтрациясы, ортаңғы мұрын жолынан іпіңнің бөлінуі анықталган. Пальпацияда сол жақ жоғарғы қуысы мен қас үсті аймағының ауру сезімі анықталған. 1 А. Мұрын сыздауығы Б. Кавернозды қойнаудың тромбозы, риногенді сепсис В. Созылмалы гипертрофиялық ринит Г. Созылмалы атрофиялық ринофарингит Д. Сол жақтық гемисинуиті 2 А. Консервативті Б. Хирургиялық Да Аб Ба Вб Га 151. Диагнозды (1) және емдеу әдісін (2) анықтау. Науқас мұрын арқылы тыныс алудың қиындауына, мұрын аймағының ауру сезіміне, дене температурасының 37,5 С жоғарылауына шағымданған. Бұл белгілер үш күн бұрынғы мұрын соққысынан, сондай ақ жергілікті мұрыннан қан кетуден кейін байқалған. Объективті қарағанда: мұрын пердесі аймағында жұмсақ тіндердің инфильтрациясы әсерінен мұрын жолдары тарылған. Зондтау кезінде инфильтрат ортасынан флюктуациясы анықталған. 1 А. Мұрын пердесінің гематомасы Б. Мұрын пердесінің қисаюы В. Мұрыннан қан кету. Гипертониялық ауру Г. Мұрын сүйегінің жабық сынығы, мұрыннан қан кету Д. Мұрын қуысындағы бөгде денелер 2 А. Хирургиялық Б. Алдыңғы тампонада В Артқы тампонада Г. Ілмек көмегімен алып тастау Аа Бб Вв Гг Да 152. Мұрын қуысы жоғарғы жағынан шектеседі: 1. орбитамен 2. ауыз қуысымен 3. гаймор және бассүйек қуысымен 4. алдыңғы бассүйек шұңқырымен және маңдай қуысымен 5. мұрын–жұтқыншақпен 153. Мұрын қуысы латералді жағынан шектеседі: 1. орбитамен және гаймор қуысымен 2. ауыз қуысымен 3. алдыңғы бассүйек шұңқырымен 4. мұрын–жұтқыншақпен 5. маңдай қуысымен 154. Мұрын қуысы төменгі жағынан шектеседі: 1. орбитамен және гаймор қуысымен 2. ауыз қуысымен 3. алдыңғы бассүйек шұңқырымен 4. мұрын–жұтқыншақпен 5. мандай куысымен 155. Мұрын предесі қандай тіндерден тұрады? 1. бұлшықетті 2. дәнекер 3. сүйекті және шеміршекті 4. сүйекті және бұлшықетті 5. шеміршекті және бұлшықетті 156. Мұрынның кавернозды денесі немен көрінеді? 1. артериялық тамырлармен 2. лимфа тамырларымен 3. капиллярлық тамырлармен 4. веналық тамырлармен 5. бокал тәрізді жасушалармен 157. Мұрын қуысының көбінесе қандай түзілістерінде кавернозды денелер анықталады? 1. мұрын қуысы түбі 2. мұрын пердесінің артқы бөлімдерінде 3. төменгі және ортаңғы кеуілжірлерде 4. жоғарғы және төменгі кеуілжірлерде 5. мұрын қалқанында 158. Мұрынның иіс сезу аймағы орналасқан: 1. мұрын пердесінің төменгі бөліктерінде 2. мұрын түбінде 3. төменгі мұрын кеуілжірінде 4. төменгі мұрын жолында 5. мұрын қуысының жоғарғы бөлімінде 159. Мұрын қуысының тыныс алу аймағы қандай эпителиймен қапталған? 1. цилиндрлі кірпікшелі 2. көпқабатты жалпақ 3. бірқабатты жалпақ 4. текшелі 5. текше тәрізді және бірқабатты жалпақ 160 Торлы лабиринт пен мұрын қуысы лимфа тамырларының ерекшелігі олардың байланысы болып табылады: 1. жұтқыншақ арты кеңістіктің лимфа түйіндерімен 2. құлақ маңы лимфа түйіндерімен 3. субарахноидалді кеңістіктің лимфа тамырларымен 4. жақ асты лимфа тамырларымен 5. мойынның терең лимфа түйіндерімен 161. «Мақтамен сынама» диагностикалық әдісі мынаны анықтау үшін қолданылады: 1. мұрынның тыныс алу қызметін 2. мұрынның иіс сезу қызметін 3. мұрынның резонаторлы қызметін 4. мұрынның рефлекторлы қызметін 5. мұрынның секреторлы қызметін 162. Төменгі және ортаңғы кеуілжірлерде не орналасады? 1. иіс сезу рецепторлары 2. Киссельбах аймақтары 3. кавернозды өрімдер 4. қосалқы қуыстардың шығарушы саңылаулары 5. көз жасы мұрын саңылауы 163.Озенаның атрофиялық риниттен негізгі айырмашылықтарын ата: 1. мұрын қуысының шеміршекті және сүйекті бөлімінің, шырышты қабатының атрофиясы 2. мұрын қуысының шырышты қабатының атрофиясы, тіндердің қанағыштығы 3. сүйекті қабырғалардың деформациясы, шырышты бездердің атрофиясы 4. мұрын пердесінің сүйекті бөлімінің перфорациясы, гумманың түзілуі 5. мұрын қуысының қисаюы, шырышты қабаттың жұқаруы 164. Шынайы гипертрофия мен жалған гипертрофияны ажырату үшін қандай әдіс қолдану керек? 1. Мұрын рентгенографиясы 2. Диафаноскопия 3. Мұрын қуысын зондпен тексеру 4. Ультрадыбыспен тексеру 5. Мұрын қуысына нафтизин 0,1% ерітіндісін енгізу 165. Вазомоторлы риниттің қандай түрін білесіз? 1. Нейровегетативті, полипозды, гипертрофиялық 2. Аллергиялық, гипертрофиялық, катаральді 3. Холестеатомды, атрофиялық 4. Гипертрофиялық, кисталық, атрофиялық 5. Аллергиялық, нейровегетативті 166. Вазомоторлы ринит кезінде қандай үштік симптом бар? 1. Мұрын бітелуі, көп мөлшерде шырыштың бөлінуі, түшкіру 2. Мұрынмен демалудың бұзылуы, ауру сезімі, бас ауру 3. Мұрынмен демалудың бұзылуы, дене қызуының көтерілуі,бас ауру 4. Мұрынмен демалудың бұзылуы, мұрыннан қан кету, түшкіру 5. Мұрынмен демалудың бұзылуы, мұрыннан қан кету, күю сезімі 167. Поллиноздың пайда болу себептері 1. Кокктар 2. Саңырауқұлақтар 3. Өсімдік 4. Тағамдар 5. Тұрмыстық химия заттары 168. Мұрын кеуілжірлерінің әр түрлі факторлар әсерінен көлемін өзгертуі қалай түсіндіріледі? 1. кеуілжірлерде бұлшықет тінінің болуы 2. айқын артериялық тордың болуы 3. Киссельбах аймағының болуы 4. үңгірлі веналық өрімдердің болуы 5. мұрын кеуілжірлерінде шырышты бездердің көп болуы 169. Мұрынның шырышты қабаты қандай бөлімдерге (қызметі және құрылысы бойынша) бөлінеді? 1. иіс сезу 2. тыныс алу 3. иіс сезу және тыныс алу 4. иммунды 5. қан түзу 169. Озенаға қандай клиникалық көріністер тән? 1. Тыныс жолдарында қатаң өзгерістердің дамуы 2. Мұрын қуысы шырышты қабығының барлық қабатының атрофиясы 3. Мұрын кеуілжірлері шырышты қабығы мен сүйектік негізінің барлық қабаттарының атрофиясы 4. Шырышты қабықтың субатрофиялыық өзгерістері 5. Мұрын жолдарының тегістелуі 170. Мидың маңдай бөлігі абсцесінің жергілікті көріністері қандай? Қабақ ісінуі Коньюнктива гиперемиясы Мазасыздық Көңіл-күйдің бұзылысы, адекватты емес мінез-құлық д) мандай куысын пальпациялаганда ауру сезiмiнiн болуы 171. Жедел және созылмалы синуиттер кезінде қандай орбитальдық асқынуы мүмкін? көз ұясы мен қабақтар шелмайының реактивтік ісінуі, қабақ абсцессі, көз шарасы флегмонасы, периостит Жас ағу Жұтудың бұзылуы Естудің төмендеуі Бас ауруы 172. Ретробульбарлық абсцесс кезінде көру ағзасында қандай өзгерістер байқалады? соқырлық, көру алаңының тарылуы, астигматизм, гиперметрагия Жоғарғы қабақ ісінуі Бас айналуы Лоқсу Құсу 173. Қай басішілік асқыну кезінде ремиттеуші қызба болады? а) сигма тәрізді синус тромбозы б) отогендік менингит в) риногендік мишық абсцесі г) риногендік менингит д) мидың маңдай бөлігінің абсцесі 174. Ми абсцесінің кезеңдері, мынадан басқа: а) бастапқы б) жасырын в) айқын г) жедел д) терминальдық. 175. Мидың маңдай бөлігінің абсцесі кезіндегі статокинетикалық бұзылыстарға не әкеледі? а) сопақша мидың айқаспалы жолдарының зақымдалуы б) тепе-теңдік аппаратының зақымдалуы в) мидың маңдай бөлігі мен мишықты байланыстырушы орталық жолдардың зақымдалуы г) лабиринтит д) отолиттік аппараттың бұзылуы. 176. Ми абсцестерін диагностикалау әдістері: а) Стенверс бойынша R-графия б) Шулер бойынша R-графия в) ангиография г) электрокардиография д) компьютерлік томография. 177. Риногенді сепсисте қай синус зақымдалады? а) каверноздық б) сигма тәрізді в) жоғарғы сагиттальдық г) төменгі сагиттальдық д) көлденең. 178. Сыртқы есту жолынің қабырғаларын құрайды? Емізік тәрізді өсінді, құлақ маңы безі, артқы бас шұңқыры, төменгі жақсүйек буын қапшығы Емізік тәрізді өсінді, құлақ маңы безі, ортаңғы бас шұңқыры, төменгі жақсүйек буын қапшығы Емізік тәрізді өсінді, ортаңғы бас шұңқыры, мойындырық венасы мен құлақ маңы безі Емізік тәрізді өсінді, ортаңғы бас шұңқыры, шұңқыр венасы мен ұйқы артериясы Емізік тәрізді өсінді, алдынгы бас шұңқыры, кулак маны безі, уйкы артериясы 179. Ортаңғы құлаққа не кіреді? Дабыл жарғағы, есту сүйектері, евстахиев түтігі, домалақ және сопақша терезе Дабыл жарғағы, үңгір, үңгір есігі, евстахиев түтігі Дабыл жарғағы, евстахиев түтігі, емізік тәрізді өсіндінің клеткалық құрылымы Дабыл жарғағы, үңгір есігі, үңгір, емізік тәрізді өсіндінің клеткасы және есту сүйектері д)Дабыл жарғағы, есту сүйектерi, үзеңгi бұлшықетi, дабыл жарғағын тартып тұратын бұлшықет 180. Домалақ терезе немен жабылған? Жалпақ желі Мүйіз Екіншілік дабыл жарғағы Балғашықтың ұзын өсіндісі д)өс сүйегiмен 181. Евстахиев түтігінің шырышты қабаты қандай эпителиймен астарланған? Эпителий түкшелерінің жыпылықтауы қай бағытта? Жазық, мұрын-жұтқыншаққа түкшенің қимылы Куб тәрізде, түкшенің қимылы дабыл жарғағына бағытталғвн Циллиндр тәріздес, түкшенің қимылы мұрын-жұтқыншаққа бағытталған Циллиндрлі және куб тәріздес, түкшенің жабыл жарғағына бағытталған д) Көп қабатты жалпақ, түкшенiң қимылы сыртқа бағытталған 182. Қандай жарты айналым каналды білесіз? Горизонтальді, вертикальді, сагитальді Горизонтальді, вертикальді, фронтальді Горизонтальді, фронтальді, сагитальді 2 горизонтальді, 1 вертикальді д) 2 вертикальды, 1 горизонтальды 183 . Ересек адамда антрум қайда және қандай тереңдікте орналасады? а) Генле астында 1,5см б) 1,0см тереңдікте в) 0,5см тереңдікте г) Генле астында 2,0см тереңдікте д) 2,5см тереңдікте 184. Үзеңгі бұлшықет қай нервпен иннервацияланады? а) бет б) есту в) үшкіл г) көз қозғалтқыш д) кезбе 185. Үш жарты айналым каналында неше ампулярлы және тегіс ұштары болады? а) үш ампулярлы және екі тегіс б) екі ампулярлы және үш тегіс в) үш ампулярлы және үш тегіс г) екі акмпулярлы және екі тегіс д) бес ампулярлы және екі ампулярлы 186. Ұлудың қанша орамасы бар? а) 2,5 б) 3,5 в) 2 г) 3 д) 4,5 187. Жоғарғы оливалардың аймағында есту жолының синапстары қандай бас- ми нервтерімен құрлады? а)есту және үшкiл б)үшкiл, вестибулярлы в) көз қимылдатқыш, бет г) бет, көру д) бет, вестибулярлы 188. Спонтанды лабиринтті нистагмының қанша дәрежесін ажыратады? а) 3 б) 2 в) 4 г) 5 д) 6 189. Жедел іріңді ортаңғы отиттің екінші кезеңінде отскопияда қандай өзгерістерді анықтауға болады? а) барабанды жарғақтың перфорациясы б) бөліндінің болуы в) пульсациялаушы рефлекс г) контурының тегістелуі д)барабанды жарғақтың шығып тұруы 190. Аталған антибиотиктердiң iшiнде ототоксикалық әсерi жоғы қайсы? а)Стрептомицин б)Неомицин в)Мономицин г)Гентамицин д)Пенициллин 191. Есту мүшесі қандай бөліктерден тұрады а) Сыртқы құлақтан б) Ортаңғы құлақтан в) Ішкі құлақтан г) Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақтан д) Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақтан, өткізгіш жолдардан және бас ми қыртысының есту аймағынан 192. Кандай анатомиялық бөліктер дыбыс қабылдау аппаратына жатады: Кортиев мүшесі Есту нерві Кортиев мүшесі, эндолимфа және есту нерві Кортиев мүшесі және есту нерві Кортиев мүшесі толық құрамымен, VIII жұп нервінің есту бөлігі және бас ми кыртысының есту аймағы 193.Сыртқы құлақтың анатомиялық бөліктері: Құлақ қалқанының үлесшесі /сырғалық/ Құлақ бүртігі /козелок/ Құлақ қалқаны Құлақ қалқаны және сыртқы есту жолы |