қалыпты физиология. 1-90 сессия жауап. 1. Жлын. Жлын рылысыны сегменттік принциптері. Жлынны нейрондары
Скачать 329.46 Kb.
|
1.Жұлын.Жұлын құрылысының сегменттік принциптері.Жұлынның нейрондары. Ол омыртқа бағанының каналында орналасқан жуан арқан тәрiздi орталық жүйке жүйесiнiң бiр бөлiмi. Жұлын ақ және сұр құрылымды заттан тұрады. Ақ зат жүйке талшықтарынан, ал сұр зат нейрондар денесінен тұрады. Сұр зат жұлынның қақ ортасында ми түтiгiнiңайналасында орналасқан. Жұлынды көлденең кескен де сұр заттың бейнесі көбелектің қос қанатына немесе «Н» әрigiне ұқсайды. Сұр заттың денесінен созылған алдынғы, арткы, бүйір (жұп) мүйiздері болады. Ақ зат сұр затты айнала қоршайды.Сұр зат рефлекстiк қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды өткізеді. Жұлынның сезгiш нейрондарына афференттік жүйкелер тері,ет,сiңip, ішкі ағзалар рецепторларынан серпiнiстер әкеледі. Қозғалтқыш нейрондардын жүйкелері қозуды шеткі ағзаларға қаңка еттеріне жеткізеді. Сезгіш және қозғалт кыш нейрондар, аралық нейрондар арқылы немесе бір-бірімен тікелей байланысып рефлекстік доға кұрады. Сондықтан жұлын мидың қатысынсыз-ак өзiнiң жұлын рефлекстерін аткара алады. Дегенмен бiртұтас организмде жұлынның қызметі ми қызметіне бағтынышты. Жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент алдыңғы және артқы жұлын түбiрлерi арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегментімен байланысады. Сондықтан жұлынның бір түбірі бұзылca, не кесiлсе оған сәйкес дене сегментінде сезiм және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды. Оның қызметiн көршілес сегменттік нейрондары орындайды. Белла-Мажанди заңы бойынша жұлынның артқы түбірлері афференттік жүйкелерден, алдыңғы түбірлері эфференттік талшықтардан тұрады. Адамның жұлынында 13,5 млн-дай нейрон дар болады. Олардың 97% сезгіш және аралық,ал 3% козғалтқыш нейрондар. ➢Қозғалтқыш нейрондардың альфа (а) және гамма (у) екi түрi сұр заттын алдыңғы мүйізінде орналасады. а - мотонейрон ең үлкен клетка. Бул нейронныңаксоны адамның бет еттерінен басқа барлық қаңкаеттерімен байланысқан. Тұтас бір бұлшықеттінбарлык миоциттерімен байланысатын нейрондартобын нейрондық пул деп атайды. Бұлар тұтас қозбауы мүмкiн. Осыған орай жиырылатын етталшыктарынын саны оған байланысты еттi жиыруәртүрлі болмак. у - мотонейрон а-мотонейроннынтонусын тежейді (реттейді). ➢Аралық нейрондар басқа нейрондармен коздыратынне тежейтін синапстар кұрады. Демек, олар қозумен тежелу процестерiнiн тууын реттейді және белгiлi бiр сегменттің ішіндегі көршілес сегменттерарасындағы байланыстарды іске асырады. Бұл нейрондар сұр заттын денесінде, артқы мүйiздiңшылбыр (funiculus) бөлімін де орналасады. Шылбыр клеткалардын аксондары жұлынның жоғаары қарай өрлейтін жолын құрады. Аралыкнейрондар катарына мотонейроннынайналасындағы оны тежеуші реншоу клеткаларыжатады. Аралық клеткалар арқылы ми бағанынынторлы кұры лымдары жұлында пайда болатын козу, тежелу процестерін рет тейдi ➢Сезгiш нейрондар жұлын ганглийлеріндетопталған. Бұл клетканың бiр талшығы болады. Олганглийден шыға берісте екіге бөлінеді. Онын бiрiрецепторларда туған қозуды сезгiш нейронның денесiне жеткiзедi, ал екiншi талшығы сезгіш нейронның серпіністерін жұлын нейрондары мен ми қыртысы нейрондарына апарады.Вегетативтiк жүйке жүйесiнiң ганглийге дейінгі симпатикалыкнейрондары жұлынның кеуде, бел сегменттерініңбуйір мүйізінде, ал парасимпатикалык нейрондарысегізкөз бөлімінде орналасады. Мұнан бөлек нейрондар әсер етуіне, бөлімдеріне, белгілеріне қарай жіктеледі. ЖЖ бөлімдеріне қарай Вегетативті және соматикалықболып бөлінсе, берген әсеріне қарай қозушы жіне тежеуші, ақпарат таралуы бағытына қарай афференттік, эфференттік және аралық, ассоциативтік. Осының ішінде афференттік, эфференттік нейрондар соматикалық жж-не жатады оларды мотонейрондар депте атайды. Эфференттік нейрондар эффекторды жүйкелендіреді. Ал афференттік нейрондар мүшелерден келген серпілістерді миға немесе жұлын сегменттеріне өткізеді. Аралық нейрондарға келсек олар осы жұлынның мотонейрондармен байланысады. Яғни, ми қыртысын жұлынмен байланыстырады. Аралық нейрондар әсері бойынша жоғарыда айтқандай қозушы және тежеуші екеуіде болады. Ал жұлынның өзіндік апаратын құраушы нейрондар ол ассоциативті нейрондар. Себебі олар сегменттер ішіндегі мен аралығындағы байланыстарды тұрақтандырушы. ЖЖ-нің вегетативтік бөлімі мәні бойынша аралық болып табылады.Оның өзі симпатикалық және парасимпатикалық нейрондар болып бөлінеді. Симпатикалық нейрондарға мойын, көкірек және бел бөлімдерінде орналасқан. Соған қарай бірнеше орталықтар айта кетсек қарашық рефлексі, жүрек, бүйрек жұмысы және сілекей бөлу орталықтар осында орналасқан. Ал парасимпатикалық нейрондар сегізкөз бөлімінде орналасқан. Яғни, осындағы жамбас бөлігінің мүшелерін қамтиды. Қалған қаңқа бұлшықеттер мойыннан бастап аяқ ұшына дейінгі орталықтар жұлынның барлық бөлімінде бар. 2.Гемоглабин,мөлшері,гемоглабин байланыстары.Түсті көрсеткіш,оның клиникадағы маңызы. Эритроциттегі құрғақ заттардың көбі (90%) гемоглобиннен, ал қалғаны (10%) басқа органикалық және бейорганикалык заттардан тұрады. Әрбір эритроцитте 300 млн-дай гемоглобин молекуласы болады. Гемоглобин химиялык құрылымы жағы нан - хромопротеид, м. с. 68000. Гемоглобин молекула глобиннен және 4 гем молекуласынан тұрады. Эритроц итт маңызды рөл атқарады, құрамындағы темір нәтижесінде – эритроцит қызыл түсті болады. •Қызметі : оттегіні тасымалдау Егер гемоглобин оттегімен қосылса= оксигемоглобин түзеді Көмірқыш газбен қосылса= карбоксигемоглобин түзеді - •Құрамы: Гемоглобинді глобин протеині мен құрамында екі валентті темір болатын қызыл түске бояғыш зат — гем құрайды. •Қызметі: Гемоглобин өкпеде оттегімен тотығып, оксигемоглобин түзеді. Газ алмасу процесімен қатар, эритроцит плазмолеммасына амин қышқылдарын, қарсы денелерді, уларды, дәрі-дәрмектерді сорып алып, тасымалдау қызметін де атқарады. 3.Өттің құрамы мен қасиеті.Асқорытудағы өттің бөлінуі,өт бөліну фазалары. Өт- бауыр клеткаларында (гландулоциттерде) түзіліп, он екі елі ішекке құйылып тұратын сұйық зат. Ол ашқарында жалпы өт өзегі арқылы бауырдағы өт қабына, ал тамақ ішкен соң он екі елі ішекке келіп құйылады. Өт өзегінің он екі елі ішекке келіп ашылатын аузын айналдыра Одли сфинктерi қоршаған. Өт он екі елі ішекке осы сфинктер босансыған сәтте құйылады.Аш карында сфинктер жиырылып, өт қабындағы өттiң жиналуына себепкер болады. Өт қабынын жалпы өт өзегімен жалғасқан жерiнде де сфинктер бар. Олди сфинктері жиырылған сәтте өт қабы сфинктері (Миркцци) жазылып босаңсиды. Сондықтан да үздіксiз бауырдан шыққан өт, өт кабында жинала береді. Өттің он екі eлi iшекке құйылу тәртібі мен бауырда үздіксіз бөлінуі қалай реттелетiнi тәжірибе жүзінде тексерілген. И. П. Павлов лабораториясында бауырда үздіксіз өт түзілуін және онын реттелу тәртiбiн тексеру үшін иттін өт қабына фистула койды. Операция жасау әдісі қарынга Басовша фистула қою әдісімен бірдей: от кабын тесiп, оған ұзын фистула түтігінің бір жақ ұшын кіргізіп, бекiтiп тiгiп тастайды, фистула түтігінің екінші ұшы құрсақ жарасы арқылы сыртка шығарылып, теріге тігіледі. Бауырдан шыққан өт фистула түтігі арқылы ұдайы сорғалап ағып тұрады. Сөйтіп, өттiң неліктен көп не аз шыгатынын байқауға болады. Ал оның он екі елі ішекке қалай құйылатынын тексеру үшiн өт өзегiне операция жасалады. Ол ушiн iшек қабырғасын өт өзегінің он екi елi ішекке ашылған жерінен айналдыра тіл тәрiздi етiп тiледi де, өт өзегінін аузын сыртқа шығарады. Операция жасалған жердегі жараның жиектерiн бiр-бiрiне тартып тігіп тастайды. Он екі елі ішектен тiлiп алынған бөлiгiнiн бiр шетін құрсак терісіне, сол арадағы жараға тiгiп кояды. Құрамы. ➢Өт өт қабында неғұрлым ұзақ сақталса, соғұрлым қойыла түседі, өйткені өт суы өт қабы қабырғасындағы қан тамырларына сiңiп отырады. Сондықтан енді ғана бауырдан шыққан өт өт қабында жиналып, ұзақ сакталған өттен бес есе сұйық келеді. Бауыр өтіндегі құрғақ заттың мөлшері 4%-тей болса, өт қабындағы мөлшері 20%-ке жетеді. ➢Өттiң түсi оның құрамына кіретін пигменттерге байланысты. Шөп қоректi малдың өтiнде биливердин пигменті көп, осыған орай өттің түсі де шөп тәрізді жасыл болады. Ал ет қоректілердің (адамның) өтінде билирубин пигменті көп, сондықтан сарғылт-қызыл түсті болады. Өт құрамындағы пигменттерден нәжісті табиғи түске бояйтын пигмент пайда болады. ➢Өт құрамында, мұнымен катар, холестерин, лецитин, өт қышқылдары (таурохол, адамда- гликохол), олардың тұздары және муцин, май кышкылдары, бейтарап майлар, Na, K, Ca, Mg тұздары болады. Ас қорытудағы маңызы. 1.Өт ұйқы безі сөліндегі ферменттердін, әсіресе липаза ферментінің әрекетін күшейтеді. 2. Өт қышқылдары майды ұсақ бөлшектерге.Майдыңлипаза ферментiмен жанасу дәрежесін ұлғайтады, сөйтіп майдың ыдырауына бірден-бір қолайлы жағдай туғызады. Липазанын әсерімен май май қышқылдары және глицерин болып ыдырайды. 3. Ыдырау барысында пайда болған бұл екі өнім өтсіз сіңбейді. Май қышқылдары мен глицерин лимфаға өтуі үшін алдымен мицеллаға айналуға. Мицелла эмульсияланған ең ұсак май тамшыларынан 100 есе ұсак. Әрбір мицелланың көлденеңі 0,5 мкм. Май ішектін шырышты қабындағы лимфа тамырларына, көбінесе мицелла күйiнде етеді. Эмульсня күйінде ішекте ұзақ уақыт жатып қалca, май өте ұсақ күйіндеде сіңе береді. 4. Өт қарыннан он екі елі ішекке өткен химус құрамындағы НСІ-ды бейтараптап, пепсин ферментінің әсерін азайтады да, ұйкы безі сөліндегі күрделі ферменттерді (белоктарды) пепсиинің әсерінен қорғайды. 5. Өт ішектін қимылын күшейтеді. 6. Өт қышқылдары он екі елі ішек бөліп шығарған просекретин гормонын секретинге айналдырады, ал секретин ұйқы безiнің сөл шығару қабілетін күшейтеді. 7. Өт, оның ішіндегі қышқылдары қанға сіңіп, бауырда өт түзiлуiн, өттiң он екі елі ішекке құйылуын тездетеді. 8. Өттің бактериоцидтік (бактерия өлтіру) қасиеті бар. 4.Жұлын.Жұлынның рефлекторлық және өткізгіштік қасиеті. Жұлынның қызметі- өткізгіштік және рефлекторлық. Өткізгіштік қызметі өрлеуші және төмендеуші жолдар көмегімен іске асырылады. Афференттік ақпарат негізінен жұлынға артқы түбіршектер арқылы келіп түседі, алдыңғы түбіршектердегі және организмнің әр түрлі мүшелер мен тіндерінің қызметін реттейтін эфференттік серпіністену алдыңғы түбіршектер арқылы жүзеге асырылады. (Белла- Мажанди заңы). Бірақ соңғы жылдары алдыңғы түбішектерде Бірінші реттік афференттік талшықтардың саны басым екендігі бақыланғанымен, оның маңызы қазіргі уақытта анықталмаған. Жұлын өткізгіштік қызмет атқарады, соның нәтижесінде ми мен барлық органдардың арасындағы байланыс жүзеге асады. Қозу импулстерін өткізетін екі түрлі жол болады: жоғары көтерілуі жолы және төмен түсу жолы. Жоғары көтерілу жолы арқылы шеткі органдардан (теріден, бұлшық еттерден т.б.) импульстер жұлынға және миға барады. Соның нәтижесінде ми қыртыстарында және оның жеке аймақтарында әртүрлі сезім түйсіктері пайда болады: жылыны сезу, суықты сезу, ауыртуды сезу т.б… Төмен түсетін жол aрқылы импульстер нейрондардың бойымен шеткі бөлімге-органдарға барады. Осы импульстердің әсерінен әртүрлі органдардың қызметі өзгереді: екелет еттері жиырылады, несеп бөлінеді және нәжіс шығады т.б. Рефлекторлық қызметі жұлынның қатысуымен-қаңқаның бұлшық еттер жұмысының реттелу үдерістері іске асады. Олар сәйкес фазалық қимыл-қозғалыстарды, сонымен қоса бұлшық ет тонусын реттеп отырады. Бұлшық ет тонусы- жұлынның 2 түрлі рефлекстерінің қатысуымен реттеліп отырады: миотикалық және тоникалық. Фазалық белсенділік- локомоторлық қимылдарды белсендіретін- бүгу рефлекстері мен механизмдерден тұрады. Миотикалық рефлекстер- жиі «сіңірлік» деп аталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер – бұлшық ет тонусын, тепе-теңдіктің қалыпты ұсталуында маңызды рөл атқарады. 5.Лейкоциттер.Лейкоцитарлы формула.Лейкоцит түрлерінің функциялары. Лейкоциттер- қанның түссіз ядролы, амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары. •Көлемі: Адамның 1 мм3 қанында 4–9 мың әр түрлі топқа жататын (лимфоцит, моноцит және т. б.) лейкоциттер болады. Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз.Түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында ұсақ түйіршікті түзілістер болады. ➢Түйіршікті лейкоциттерге нейтрофилдер (45–75%), эозинофилдер (1–5%) базофилдер (0–1%) жатады. ➢Түйіршіксіз лейкоциттерге лимфоциттер (18–30%), моноциттер (2–9%) •Түзілуі: лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. •Тіршілік ету ұзақтығы 2–5 тәулік. •Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады •Қызметі: Лейкоциттер амеба тәрізді «жалған аяқтарының» көмегімен қозғалады. Пішіндерін жіңішке жіп тәрізді созып өзгертеді. Лейкоциттер қылтамырлардың (капилляр) қабырғаларынан өтіп, қан ағынынан шығып, жасушалар мен ұлпалардың аралықтарына оңай енеді. Бактериялар цитоплазмаға енген соң лизосоманың көмегімен олар ериді. Лейкоциттердің өздері де бұзылады. Лейкоциттер қызметі денеде қорғаныс, деструктивті, регенеративті, ферментативті функциялардыорындайды. Қорғаныс қасиеттері агранулоциттердің бактерицидтік және антитоксикалық әсерімен, қанның ұюы мен фибринолиз процестеріне қатысумен байланысты. Шеткергі қандағы лейкоциттердің пайызы лейкоциттік формула деп аталады, оның әртүрлі бағыттарға ауысуы организмде болатын патологиялық процестерді көрсетеді. Оң жаққа жылжу бар-нейтрофильді лейкоциттердің ескі түрлерінің ұлғаюымен бірге қызыл сүйек кемігінің функциясының төмендеуі. Солға жылжу қызыл сүйек кемігінің функциясының артуының салдары болып табылады, қандағы лейкоциттердің жас түрлерінің саны артады. Әдетте, лейкоциттердің жас және ескі формалары арасындағы қатынас 0,065 құрайды және регенерация индексі деп аталады. Бірқатар физиологиялық сипаттамалардың болуына байланысты лейкоциттер көптеген функцияларды орындай алады. Ең маңызды қасиеттер-амебоидты ұтқырлық, көші-қон (зақымдалмаған тамырлардың қабырғасына ену мүмкіндігі), фагоцитоз. 6.Өт түзілу мен өт бөліну реттелуінің рефлекторлық және гуморальдық механизмі. Өттің он екі eлi iшекке құйылу тәртібі мен бауырда үздіксіз бөлінуі қалай реттелетiнi тәжірибе жүзінде тексерілген. И. П. Павлов лабораториясында бауырда үздіксіз өт түзілуін және онын реттелу тәртiбiн тексеру үшін иттін өт қабына фистула койды. Операция жасау әдісі қарынга Басовша фистула қою әдісімен бірдей: от кабын тесiп, оған ұзын фистула түтігінің бір жақ ұшын кіргізіп, бекiтiп тiгiп тастайды, фистула түтігінің екінші ұшы құрсақ жарасы арқылы сыртка шығарылып, теріге тігіледі. Бауырдан шыққан өт фистула түтігі арқылы ұдайы сорғалап ағып тұрады. Сөйтіп, өттiң неліктен көп не аз шыгатынын байқауға болады. Ал оның он екі елі ішекке қалай құйылатынын тексеру үшiн өт өзегiне операция жасалады. Ол ушiн iшек қабырғасын өт өзегінің он екi елi ішекке ашылған жерінен айналдыра тіл тәрiздi етiп тiледi де, өт өзегінін аузын сыртқа шығарады. Операция жасалған жердегі жараның жиектерiн бiр-бiрiне тартып тігіп тастайды. Он екі елі ішектен тiлiп алынған бөлiгiнiн бiр шетін құрсак терісіне, сол арадағы жараға тiгiп кояды. 7.Сопақша ми және варолиев көпірі (құрылысы және функциясы). Сопақша ми: Үлкен мидың бір бөлігі күлынның жалғасы сүржәне ақ заттардан тұрады. Алайда ондагы сұр зат, жұлындағыдай бірақ жерге топтаспаған, ақ зат аралықтарында жеке - жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, Қызметі ортүрлі орталықтарға айналған. Ақ зат жүйке талшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткізетін жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлімдерімен сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми аркылы өтетін кейбір жүлын жолдары осы мида бір - бірімен қиылы сып оң жақтан келген талшықтар сол жаққа сол жақтан келген тал шықтар оң жаққа шығады . Сұр зат жоғарыда айтылғандай нейрондардан тұрады, рефлекстік қызмет атқарады. Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми жүйкелерінің соңғы бесеуінің ( VIII , IX , X XI , XII ) ядролары мен бірқатар аса маңызды рефлекстерді іске асыратын орталықтар және жұлын қызметін реттеуде маңызды рөл атқаратын торлы құрылымның бір бөліп орналасқан. Сопақша мидың нейрон шоғырлары ( жүйке орталықтары ) адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен орын алады. Оған: Тыныс, қан тамырларын тарылтып кеңітетін, жүрек согу ын баяулатып сирететін ( тежейтін ) тіршіліктік орталықтар жатады . Бұлардыңқайсысы бүзылса да адам өледі. Сопақша мида орналасқан рефлекс орталықтары: Қорғаныс рефлекстері: жас шығару, кірпік қағу, жөтелу түшкіру, тер шығару. Ақорыту рефлекстері: шайнау, жүту, сілекей шығару, құсу, қарын сөлі мен үйқы безі сөлін шығаратын рефлекстері бар. Бұл орталықтардың да өмірді сактауда маңызы аз емес. Мәселен, эмбрион сатысында жұту орталыгы дамымай қалса ( бульбарлық паралич ) жаңа туған бала анасын емгенмен аузындағы сүтін жұта алмайды. Сүт өңеш арқылы қарынға бармай тынысжолы арқылы өкпеге құйылады да, бала өкпесіқабынып және ашығып өледі. Сопақша мидың мойын және көз еттерінің тонусын өзгертетін көптеген қозғалтқыш ядролары көпір және ортаңғы мимен бірге статикалық және статокинетикалық ( вестибулярлық ) рефлекстерге қатысады . Сопақша мидағы торлы құрылым екі түрлі қызмет атқарады : а) жұлын қызметін күшейтіп не әлсірететін төмен қарай бағытталған әсер ; б) ортаңғы мидың торлы құрылымымен бірге мидың басқа бөлімдерінің қызметін күшейтетін жоғары жаққа қарай бағытталған әсер . Сопақша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Ми қыртысының сопақша ми қызметіне қандай әсер ететінін төменде келтірілген мысалдардан көруге болады . Емізер алдында баланың жаялығын құрға тып құндақтап отырса , балада осы қимыл әрекетіне сай шартты рефлекс қалыптасады да құндақтай бастасымен онда ему рефлексі басталады. Ми қыртысының құсу орталығына тигізетін әсерін мынадан көруге болады. Аузына ас аларда оның шірік иісін сезсе, шірік-ау деген ойға келсе, адам лоқсуы, тіпті қусуы мүмкін. Бұл тәжірибе әсіресе гипноз ( иландыру ) жағдайында анық байқалады. Артистер сахнада жүріп, қажет болса көз жасын төгіп жылай алады. Бұл айтылғандар сопақша мидың қызметін ми қыртысы реттейтінін көрсетеді. |