қалыпты физиология. 1-90 сессия жауап. 1. Жлын. Жлын рылысыны сегменттік принциптері. Жлынны нейрондары
Скачать 329.46 Kb.
|
Тыныс алу негiзiнен бес кезеңнен тұрады: ➢сыртқы тыныс алу - ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкелiп, өкпеден (тотыккан) қайтадан атмосферага шыга рып туру; ➢2) өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы газдардың алмасуы; ➢3) газдардын өкпеден тканьге, тканьнен өкпеге кан ағынымен тасымалдануы; ➢4) ткань мен қан арасында газ алмасуы; ➢5) ішкі тыныс алу - клетка құрамындағы органикалык заттардын тотығуы. Бұл - биохимиялык процесс. Тыныс алудың алғашкы 4 кезеңiн физиология, соңғысын биохимия зерттейді. 28.Автономдық нерв жүйесінің функциялық ерекшеліктері. Вегетативтік рефлекстердің эфферентті бөлігінің ұйымдасу принциптері. *СЖЖ мен ВЖЖ – ң сезімтал талшықтары болмайды; *қозғалыстық вегативтік талшықтар, вегативтік ганглийлерге ауысады; *олар ганглийге дейінгі және ганглийден кейінгі бөлімдерден тұрады; Ганглийге дейінгі алшықтар ақ түсті (миеленмен қапталған), ал ганглийден кейінгі талшықтар сұр түсті (миелинсіз). Ганглийден кейінгі талшыққа қарағанда, ганглийге дейінгі талшықтар саны анағұрлым аз. Ганглийде жүйкелік серпіністің көбеюі жүреді, және нейрондардың мұндай ұласу түрі мультипликация деп аталады. ВЖЖ-нің бас-ми жүйкелерінің III, VII, IX және X жұптары жататын , краниобульбарлы бөлімін, сакралды(жамбас жүйкесі) және тораколюмбалды (жұлынның бүйірлі мүйіздерінің ядролары) бөлімдерін ажыратады. Басқарудың иерархиялық тұрғысынан ВЖЖ-дегі барлық құрылымдарды шартты түрде қабаттарға бекітеді: 1-ші қабат -интромуральді өнімдермен сипатталады (метасимпатикалық жүйке жүйесі). 2-ші қабат жоғарыда орналасқан түзілімдерге қарамастан, вегативтік рефлекстер түйісетін, паравертебральді және превертебральді ганглийлермен берілген. 3-ші қабат-стмпатикалық және парасимпатикалық жүйелердің орталық құрылымдары (жұлын мен ми сабауында преганглионарлы нейрондардың жиынтығы). 4-ші қабат-жоғары вегативті орталықтармен: гипоталамус, торлы құрылым, базальді, ганглийлер мен үлкен жарты шарлармен берілген. 29.Гипоталамустың гипофизбен функциялық балансы. Гипоталамус- гипофиз-бүйрекүсті жүйесі. Гипоталамус – таламусасты, hypothalamus, сөздің кең мағынасында III қарыншаның түбі астында вентралды, артқы гипоталамус аймағын, regio hypothalamica posterior-ды қоса, substantia perforata posterior-дың, алдында орналасқан түзілістерді біріктіреді. Құрсақтағы дамуға сәйкес гипоталамус екіге бөлінеді: а) алдыңғы бөлім regio hypothalamica anterior, бұған tuber cinereum, infundibulum және hypophysis сондай-ақ пен біріктіріледі ә) артқы бөлімге corpora mammilaria мен regio hypothalamica posterior жатады. Гипоталамус аймағының ядросы порталды тамырлар (гипофиздің алдыңғы үлесімен) және гипоталамусгипофиз будасы арқылы гипофиздің артқы үлесімен байланысқан. Гипофиз Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0,5-0,6 г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы – аденогипофиз, ортаңғысы – меланогипофиз, артқы бөлігі – нейрогипофиз деп аталады. Құрылысы мен қызметі жағынан бұлар әртүрлі, сондықтан олардың әрқайсысын бөлек без деуге де болар еді. Адам мен жануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы бар екенін білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастайды (экстирпация). Гипофизді алып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без, бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп бөлінуінде тәуләктік диурез күшейіп, шыжыңдық белгілері пайда болады (полиурия). Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді. Осы айтылғандардың бәрі гипофиздің гормон шығару қызметінің нашарлауының салдары. Ал гипофиздің қызметі күшейсе мұндай өзгерістердің сипаты қарама – қарсы. Гипоталамустың гипофиздің функциялық байланыстары: Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустың супраоптикалықжәне паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді. Гипоталамустың аталған ядролары нейросекрециялық гормон тәріздес заттар түзеді. Олардың жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі нейрогистологиялық, физиологиялық және биохимиялықәдістермен дәлелденген. Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және әрекеттік құрылым болып саналады. Бүйрекүсті бездері Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан. Олардың салмақтары 6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабат без салмағының 4/5, милы қабаты 1/5 бөлігін алып жатыр. Бүйрекүсті бездерінің гормондары: бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтарды түзеді. Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: 1.глюкокортикостероидтар (ГКС) 2.минералокортикостероидтар (МКС) 3.андрокортикостероидтар (АКС) 4.Глюкокортикостероидтар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шоғырлы зонасында түзіледі. Бұл топқа: •кортизон (өте белсенді) •гидрокортизон •кортикостерон (белсенділігі төмендеу) жатады. Бүйрекүсті безінің милы қабатында негізгі 2 гормон – адреналин мен норадреналин түзіледі. Адреналин негізінен бүйрекүсті бездерінде ғана, ал норадреналин басқа да ағзаларда пайда болады және адренсезгіштік түйіспелерде қозуды өткізетін медиатор ретінде де бөлінеді. Адреналин, норадреналин және дофамин – биогендік катехоламиндерге жатады. Олар тирозиннің туындысы болып есептеледі. 30.Дем алу және дем шығару механизмдері. Плевра қуысындағы қысым және оның тыныс алу кезіндегі өзгерістері. Тыныс алу жүйесі - ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы. ДЕМ АЛУ МЕХАНИЗМІ: Дем алған кезде көкірек қуысы арттан алға қарай, екі бүйірге және жоғарыдан төмен қарай үлкейеді. Арттаналға қарай және екі бүйірге көкірек клеткасының ұлғаюы сыртқы қабырғааралық еттердің жиырылуынанқабырғалармен төс сүйегінің көтерілуі нәтижесіндеорындалады. Ал жоғарыдан төмен қарайүлкеюі дем алу кезінде диафрагма жиырылып, оның іш қуысына қарай 3-4см. төмен түскендігінен болады. Диафрагманың 1 см-ге төмен түсуі көкірек қуысынан 250-300 мл-ге үлкейтеді, олай болса дем алу кезіндегі оның 3-4 см-ге төмен түсуі оны 1000 мл. шамасына үлкейтеді екен. Диафрагма төмен түскенде ол іш қуысындағы органдарды қысатын болғандықтан, дем алу кезінде іште үлкейеді. Көкірек клеткасының кеңеюі нәтижесінде, оны іле- шала қабырғалары созылғыш болғандықтан өкпе де үлкейеді. Созылған өкпедегі альвеолдық қысым атмосфералық қысымнан гөрі төмен түседі. Ал көкірек қуысыгерметикалық жабық және сыртқы ортамен тек ауа жүретін жолдары арқылы өкпеге түседі. Дем шығырудың механизмі. Кәдімгі дем шығару кезінде дем алуды қамтамассыз еткен еттер босайды. Көкірек клеткасы өзінің ауырлығыныңнәтижесінде бұрынғықалпына келеді. Диафрагма көкірек қуысына қарай жоғары көтеріледі. Көкірек клеткасының, олай болса, өкпенің көлемі кішірейеді, альвеолдардағы қысым көбейеді, нәтижесінде дем алу кезінде өкпегетүскен ауа сыртқа шығарылыды. Күшті дем шығару кезінде іш пресі де қатысады. Бұл кезде іш қабырғалары жиырылып іш органдарын қысады, ал іш органдары диафрагманы қысады, ол жоғары көтеріле түседі де , сыртқа шығарылатын ауа көлемін көбейтеді. Жалпы алғанда, диафрагма қозғалысы өкпе вентиляциясының 70-80%ын қамтамасыз етеді. Қалыпты тыныс алуда көкірекклеткасының кеңуі негізінен қабырғалар көтерілуінің есебінен жүрсе, мұны тыныс алудың қабырғалық типі деп атайды. Бұл жағдайда диафрагманың жылжуы белгілі дәрежеде пассивті түрде, көкірек қуысындағы қысым өзгерісіне байланысты жүреді. Тыныс алудың келесі типін құрсақтық деп атайды. Бұл жағдайда диафрагма күшті жиырылады да, құрсақ қуысындағы органдар қысылып, орындарынан жылжиды. Осыдан дем алу кезінде іш қампиып кетеді. 31.Автономдық нерв жүйесінің симпатикалықбөлімі. Симпатикалық нерв жүйесініңқұрылысы, ерекшеліктері және оныңбелсенділігіне туындайтын тиімділіктер. Жүйке жүйесі 2 бөлімнен: орталық және шеткібөлімдерден тұрады. ОЖЖ-ны морфо және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты: сомалық ж/е вегетативті деп 2-ге бөлінеді. СЖЖ – қаңқа еттерімен байланысқан, организмнің түрлі қимылдарын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжун қамтамасыз етеді. ВЖЖ – ішкі ағзалардың қызметін, зат алмасуын, өсіп-өну процестерін реттейді. ВЖЖ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: 1. Нерв жүйесінің вегетативті бөлігінің соматикалық бөлігінен айырмашылығы- ішкі органдарды, қан және лимфа тамырларын, жүректі, бездерді нервтендіреді. 2. Вегетативті нервтер көлденең жолақты ет тінінде нервтендіреді. Бірақ олардың жиырылуына тікелей әсер етпей, зат алмасуын арттырып, қызметін ғана күшейтіп, органдарға трофикалық әсер етеді. 3. Вегетативтік нерв жүйесінің соматикалық нерв жүйесі сияқты орталық және шеткі бөліктері болады. Орталық бөлігіне ми мен жұлын жатса, шеткі бөлігіне нерв түйіндері, нерв талшықтары, нерв өрімдері жатады. Симпатикалық жүйке жүйесі — адам мен омыртқалы жануарлардың вегетативтік жүйке жүйесінің бір бөлігі; омыртқаны бойлай орналасқан оң және сол шекаралық симпатикалық бағандардан, ганглийлерден, ганглийлерді өзара және жұлын эффекторларымен байланыстыратын жүйке талшықтарынан құралған. Әр ганглий жұлын жүйкелерінің бірімен байланысқан. Симпатикалық жүйке жүйесінің орталық жұлынның кеуде, бел сегменттерінде орналасқан, ал талшықтары денедегі барлық органдарға, тіндерге таралған. Симпатикалық жүйке жүйесі физиологиясында және ол басқаратын процестердің үйлесімділігін реттеуде мишықтың маңызы зор. ВЖЖ ФУНКЦИЯЛЫҚ МӘНІ ВЖЖ ішкі ағзалар қызметін сыртқы және ішкі орта әсеріне бейімдеп реттеп отырады. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер ағзалар қызметіне, қарама-қарсы әсер етеді. Симпатикалық жүйке – жүректің соғуын жиілетіп, күшейтсе, парасимпатикалық жүйке – сиретіп, әлсіретеді. Бірақ абсолюттік антогонизм жоқ. Симпатикалық жүйке ішек жиырылуы күшейген кезде оны әлсіретеді н/е тоқтатады. Симпатикалық жүйке көз қарашығын кеңейтеді, парасимпатикалық жүйке оны тарылтады. Кейде осы ВЖЖ бөлімдерінің әсері бөлінетін медиатор түріне және олар әрекеттесетін рецепторлар түріне, ыдырататын ферменттің әлсіз-күштілігіне де байланысты болып келеді. ВЖЖ- зат алмасу реттейді. Симпатикалық жүйке диссимиляция(ыдырау) , ал парасимпатикалық жүйке ассимиляция(түзілу) процестерін күшейтеді. *Симпатикалық жүйке – зат алмасу қарқынын күшейтеді, парасимпатикалық бәсеңдетеді. Симпатикалық жүйке – трофикалық (қоректік) әсер етеді. Оны Павлов дәлелдеген.Ол симпатикалық жүйке жүйесін – трофикалық жүйке деп атайды, кейіннен Орбели, Сперанский зерттейді. Жұлынның сегізкөз сегменттерінде зәр, нәжіс шығару және жыныс қатынасы орталықтары орн. 32.Ішкі сөлініс бездері реттелісіндегі кері байланыс принципі Ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуге гипофизден басқа да біраз жүйелер жиынтығы қатысады: 1. гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездері (КТ РФ АКТГ глюкокортикоидтар); 2. гипоталамус-гипофиз-жыныс бездері (ГТ-РФ, ЛГ және ФСГ); 3. гипоталамус-гипофиз-қалқанша безі (ТТ-РФ – ТТГ – Т3 және Т4), жүйелері. ☝Аталған жүйелердің әрқайсысы өз алдына біртұтас функциональдық қызмет атқарады және екі жақты байланыс арқылы өздігінен реттеліп отырады . ➢Бір жүйе гипоталамустан ---- гипофизге қарай төмен бағытталса -, ІІ жүйе мүшелер мен бездерден басталып----- гипоталамусқа қарай - жоғары көтеріледі. Гипоталамустың клеткалары сыртқы сигналдарды мидың афферентті жолдары арқылы қабылдап, оларды жеке -дара талдайды. Одан әрі олардың қасиетін өзгертіп, пептидті секреттер түрінде гипофизге жібереді. Бұл гормондар гипофиздің алдынғы бөлігінің функциясын не либериндержылдамдатады, не статиндер тежейді. Кері байланыстар гипофиз бен бездерден басталып гипоталамусқа барып аяқталуы мүмкін. Сонымен, гипоталамус: 1. біріншіден, сыртқы сигналдарды қабылдап, оларды жіктеп, қайта өңдеу арқылы өзгертіп сол түрінде байланыс жолымен ішкі секреция бездеріне бағыттаса, 2. екіншіден, бездерден шыққан сигналдарды кері байланыс жолымен қабылдап оған тиісті жауаптар қайтарады Бұл заңдылық бойынша: шеткi эндокриндiк бездiң - бүйрек үстi бездерiнiң гормонының - кортизолдың қандағы деңгейi көбейгенде гипоталмауста кортиколиберинттiң және адиногипофизде кортикотропиннiң өндiрiлуi азаяды. Ал, керiсiнше, шеткi эндокриндiк бездiң гормонының деңгейi қанда азайғана гипоталмауыс пен гипофизде сәйкес либерин мен тропиннiң өндiрiлуi көбейедi. Осындай жағдайды керiбайланысзаңдылығы деп атайды. Бұл заңдылық оң және терiс болуы мүмкiн. 33.Өкпедегі газ алмасу. Өкпелік мембрананың қасиеттері. Альвеолярлық ауа мен қан арасындағы газ алмасуды қамтамасыз ететін факторлар. Адам : ➢21% оттек, ➢79% азот, ➢0.03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада ➢16% оттек, ➢4.0% көмірқышқыл газы ➢79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газыныңайырмашылығы - өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. o Өкпеде газ алмасу диффузия жолымен жүреді. o Өкпе капиллярына түскен венақанында оттек аз, көмірқышқыл газы көп. Сондықтан альвеола ауасындағы оттек қанғаараласады, ал көмірқышқыл газы қаннан өкпеальвеоласына түседі. o Өкпедегі газ алмасуды - сыртқы тыныс алу дейді. o Қандағы оттек эритроциттерге өтеді де, гемоглобинмен берік емес байланысып, оксигемоглобин түзеді. o Вена қаны артерия қанына айналады да, өкпе венасы арқылы жүрекке, одан қанайналымның үлкен шеңберінің тамырларына түседі. o Көмірқышқыл газы альвеоладан ауа тасымалдайтын жол арқылы сыртқа шығарылады. Өкпеде газ алмасуына арнайы әсер ететін себептер: 1. Өкпедегі ауаның көлемі. Бір минут ішінде өкпеге кіріп шығатын ауаның көлемі өсіп қан ағысына сәйкес келсе, өкпе мен қан арасында газ алмасуы шапшаңдайды. 2. Өкпе капиллярындағы қан мен альвеоладағыауаның ортасындағы бөгет эндотелий мен альвеола эпителиінің жүқалығы (4 мкм), қандағы газдар мен альвеоладағы ауаның өзара жанасу дәрежесі. Егер адамның екі өкпесіндегі альвеолаларды жазып жіберсе, олар 100 м2 орын алар еді. Газдардың осындай аудан арқылы альвеолалармен беттесуі нәтижесінде диффузия да жеңілдейді. Ал ауру адамда өкпенің газдармен беттесу көлемі азайып кетеді, бүл газ алмасуына кедергі жасайды. 3. Оксигемоглобиннің тін капиллярында ыдырау дәрежесі мен қанда еріген газ көлемінің өсуі - бұлар жоғары болса, тінде газ алмасу жеңілдей түседі. 4. Белгілі бір тіннің оттегіне мұқтаждығы - мембрана арқылы тек еріген газ ғана өте алады, оксигемоглобин тез ыдырап, оттегі неғүрлым көп бөлінсе, оттегі тінге соғүрлым тез өтеді дедік. Осы жағдайда тін оттегіне неғұрлым мүқтаж болса, ол оттегін соғұрлым тез сіңіреді. 34.Автономдық нерв жүйенісінің парасимпатикалық бөлімі. Парасимпатикалық нерв жүйесінің құрылысы, ерекшеліктері және оның белсенділігінде туындайтын тиімділіктер. Жүйке жүйесі 2 бөлімнен: орталық және шеткібөлімдерден тұрады. ОЖЖ-ны морфо және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты: сомалық ж/е вегетативті деп 2-ге бөлінеді. СЖЖ – қаңқа еттерімен байланысқан, организмнің түрлі қимылдарын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжун қамтамасыз етеді. |