Главная страница
Навигация по странице:

  • 17.АВО жүйесі бойынша қан топтары. Эритроциттердің антигендері және плазманың антиденелері.

  • Қосымша агглютиногендер мен агглютининдер

  • 18.Орталық және перифериялық хеморецепторлар және олардың газды гемостазды қамтамасыз етудегі маңызы. Фредерик тәжірибесі.

  • 19.Қыртысасты түйіндер (құйрықты ядро, скорлупа (қабық), солғын шар, қорған, миндальді дене). Бас миының базальді түйіндері

  • Жолақты дене

  • Паркинсон синдромы

  • 20.Резус-фактор. Қан құюдағы резус-фактордың ролі. Адам қанында Rh

  • қалыпты физиология. 1-90 сессия жауап. 1. Жлын. Жлын рылысыны сегменттік принциптері. Жлынны нейрондары


    Скачать 329.46 Kb.
    Название1. Жлын. Жлын рылысыны сегменттік принциптері. Жлынны нейрондары
    Анкорқалыпты физиология
    Дата29.09.2021
    Размер329.46 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-90 сессия жауап.docx
    ТипДокументы
    #239084
    страница4 из 17
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

    Гипоталамускөру төмпешігі астында орналасқан көп ядролы (32 жүп) құрылым. Бұл ядролар жатқан орнына қарай преоптикалық, алдыңғы, ортаңғы, бүйірдегі және артқы деп 5 топқа бөлінеді.

    Гипоталамус ми сыңарлары қыртысы, лимбиялық қыртыс, торлы құрылыммен, сопақша мидың парасимпатикалық және симпатикалық ядроларымен, жұлынның бүйір мүйізіндегі вегетативтік 

    ядроларымен қатар таламус, гипофизбен эфференттік байланыста.Мұнымен бірге оған базальдық ядролардан, мишықтан афференттік жүйкелер, ішкі ағзалардан кезеген жүйке арқылы хабарлар келіп тұрады. Гипоталамусқа ішкі ортадан да көптеген ақпараттар келеді. Оның әрбір нейроны 2-3 капиллярмен түйіскен (капиллярлар өте қалың). Капиллярлардың қабырғасы үлкен молекулалы заттарға өтімді. Сондықтан гормондар мен басқа да химиялық белсенді заттар қаннан гипоталамус тканіне қарай өтіп, оған тікелей әсер етеді. Гипоталамустың кейбір ядролары мидың үшінші қарыншасының қабырғасын құрады. Мұндағы сұйықтықтан да заттар гипоталамусқа өте алады. Гипоталамус орталық жүйке жүйесінің құрылымдары мен бірге шеттегі ағзалар, тканьдермен екі жақты (афференттік және эфференттік) байланысының арқасында организмнің көптеген функцияларын реттей алады.

    Ішкі ағзалардың қызметіне гипоталамус вегетативтік жүйке жүйке-йесі және эндокриндік бездер арқылы әсер етеді. Ол жүрек-тамыр жүйесінің қызметін, зат алмасуын, ішкі сөлініс бездер қызметін, ас қорыту, бүйректер қызметін, несепті шығаруды реттейді. Мұнымен қатар ішкі орталык және дене қызу тұрақтылығын сақтайды. Гипоталамус сомалық функциялардың (қимылдардың) вегетативтік өзгерістерін қамтамасыз етеді.

    Гипоталамус қыртыс және қыртысасты құрылымдармен бірге организмнің сыртқы орта құбылыстарына бейімделуін және ұйқы мен сергектіктің кезектесуін реттеуге де катысады. Оның осы аталған функциялары жануарларғажасалған тәжірибелерде далелденді.

    Гипоталамус ядроларын тітіркендіру не оның әр жерін кесіп алып тастау арқылы бұл ағзаның жүрек-тамыр жүйесіне, ас қорыту ағзаларына, зат алмасуына, қызуды реттеуге, несеп бөлінуіне,ішкі сөлініс бездер қызметіне әсер ететіні анықталды. Гипоталамус Осы шеткі ағзалар процесіне, вегетативтік ядролары --- симпатикалық (артқы) және парасимпатикалық (алдыңғы ядролар) бөлімдері, торлы құрылым арқылы және гипофиздің гормон шығару қабілетін өзгерте отырып әсер етеді.

    Гипоталамус ядролары жүйкелік серпіністерге ғана емес, физико-химиялық әсерлерге де сезімтал келеді, Оның құрамында көптеген осмостық-рецепторлық клеткалар және қысым рецепторлары,қан қызуын қабылдамайтын терморецепторлар бар. Бұлар ішкі ортадан қанның химиялық құрамындағы өзгерістерді қабылдайды.

    Демек, ішкі ағзалардың тіршілігі, мұндағы өзгерістер гипоталамусқа әсер ете алады. Осының арқасында ол ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Гипоталамустың артқы ядроларында симпатикалық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімі, ал алдыңғы ядроларында парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталығы, ал ортаңғы ядроларда зат алмасуын реттейтін орталығы орналасқан.

    Гипоталамуста көптеген мотивация (яғни мақсатты іс әрекет -месел) тудыратын орталықтар бар. Мәселен, ортаңғы бүйір ядро- ларда «тойыну» орталығы орналасқан. Оны тітіркендірсе жануаралдындағы азыққа қарамай, алдына қойылған асты ішпей, жүдей бастайды. Осы орталықты алып тастаса, жануар тамақты қанша .ішсе де тоймайтын болады, Тамақты көп жеу (гиперорагия) - салдарынан адам (жануар) денесін май басады. Бүйірдегі ядроларда «аштық» орталығы орналасқан. Оны тітіркендірсе жануар алдындағы азықты қанша болса да жей береді (тоймайды). Ал бұл .орталықты алып тастаса, аш болса да ол азыққа қарамайды (гипофагия), жүдейді. Паравентрикулярлық ядрода, супраоптикалық ядролардан жоғарырақ жерде «шөлдеу» орталығы орналасқан.Осы орталықты тітіркендірсе адам (жануар) шөлдейді, қайта-қай-та су іше береді (полидепсия) шөлі қанбайды. Осы аталған орталықтар мақсатты және бағытталған әрекеттерді (мотивацияны) меңгереді.

    Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларында (алдыңғы) нейросекреторлық клеткалар бар. Бұлардың гормондары нейрондар аксоны құратын тамыр мен жүйке синапсы арқылы қанға өтіп гипофиздің алдыңғы бөлігінің троптық гормондарының бөлінуін күшейтеді (либириндер) не төмендетеді (статиндер). Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары гипоталамустың көбінесе супраоптикалық ядроларындағы нейрондарда түзіледі де, олардың аксондарының бойымен ағып гипофиздің артқы бөлігінде жиналып қанға өтеді.

    Гилоталамус гипофиз арқылы шеткі сөлініс бездерінің гормон шығаруын бірде күшейтіп, бірде азайтып организмнің көптеген функцияларын реттейді. Сөйтіп гипоталамус гипофизбен біріккен функциялы гипоталамустық-гипофиздік жүйе құрады. Гипоталамустың кейбір жерлерін тітіркендірсе, денеге жағымды (ұнамды) сезімдер туады. Егеуқұйрықтың осы ядроларына микроэлектрод бекітіп, оны токпен байланыстыратын кнопка қойылған бөлмеге қоя бергенде байқаусызда кнопканы басып қалып жаңағы ядроларды

    тітіркендірсе, ол сол жерден кетпестен кнопканы баса береді .Бүйір ядроларды тітіркендіргенде мысықта жалған ашулану белгілері пайда болады. Мұның бәрі гипоталамустың мотивация мен эмоцияны калыптастыруға қатысатынын көрсетеді. Оның бұл кызметі бүкіл лимбиялық жүйенің қатысуымен іске асырылады.Гипоталамус осы жүйенің құрамына кіреді. Қысқасы, ішкі ортаның тұрақтылығын, вегетативтік, эндокриндік сомалық функцияларды біріктіретін күрделі құрылым.

    17.АВО жүйесі бойынша қан топтары. Эритроциттердің антигендері және плазманың антиденелері.

    Җарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орнын толтырады. Қан құйып емдеу дәрігердің ежелгі арманы болатын. Алдымен жануар қанын адамға, кейін адам қаны адамға құйылды, бірақ бұл тажірибелердің бәрі десәтсіздікке ұшырады. Бір адамның қанын екінші адамға алдын ала тексермей құя салуға болмайтыны анықталды, Мұның себебін білуде гетерогемоагглютинация мен изогемоагглютинация құбылыстарының ерекше мәні бар. 1836 жылы Губер жануарлардың бір түрінен қан алып, оны екінші түріне (қойдың қанын қоянға) құйған. Мұның нәтижесінде қоян қанындағы эритроциттер бір-біріне жабысып, желімденіп қалатыны, яғни агглютинацияланатыны байқалды. Екі түрлі жануарлардың қанын . араластырған кезде эритроциттердің бір-біріне жабысып қалуы гетерогемоагглютинация деп аталады. 1901 жылы Ландштейнер бір адамның қаның екінші адамға құйған кезде эритроциттердің агглютинацияланатынын, желімделген эритроциттер жарылып, олардан гемолизин (қанды ерітетін улы зат) бөлініп шығатынын, бұл гемолитикалық шокқа апарып соғатынын анықтады. Бір түрге жататын екі жануардың қанын араластырғанда да эритроциттер агглютинациясы пайда болады, мұны изогемоагглютинация дейді.

    Эритроциттердің желімдену себебін Прага университетінің профессоры Ян Янский ашты, Ол организмнен тыс жерде тәжірибе жасап, көптеген адамдардың қандарын алма кезек араластырып, мұның нәтижесінде адам қанында, яғни оның эритроцитінің мембранасында 2 түрлі (А және В) агглютиноген, ал плазмада сол агглютиногендерге сәйкес келетін 2 түрлі агглютинин желімдейтін альфа (а) не бета (В) болатынын анықтады. А агглютиногені бар эритроциттерді плазмалық а – агглютинин жабыстырса, В - агглютиногені бар эритроциттерді b- агглютинин жабыстырады, Қан араластырған кезде аттас агглютиноген мен агтлютинин бір-бірімен кездесе қалса, эритроциттер бір-бірімен желімденіп, үйме-агрегат құрады. Җелімденген эритроцит жарылып, оның ішіндегі гемоглобин плазмаға шығады, сөйтіп осындай эритроциттер гемолизге ұшырайды. Мұндай қан улы болады. Демек, бір адамның қанында әрі желімденетін, әрі желімдейтін аттас заттар (А - агглютиноген а -- агглютининмен,B – агглютиноген b агглютининмен) болмайды. Белгілі4 заттан (А, В және а, в) кездеспейтін етіп тек 4 комплекс құруға болады. Осы ойға келген Ян Янский адам қанын 4 топқа бөлді. Егер қан плазмасында а мен в агглютининдері болса, оның эритроциттерінде А және В агглютиногендер болмауы керек.Сондықтан А, В агглютиногендері болмаса, олардың жоғын «О» мен белгілейді. АВ агглютиногендері жоқ «О» плазмада а, В агглютининдері бар қан 1 топқа жатады, ал «А» агглютиногені бар қанда в агглютинині болады, мұндай қан II топ болын белгіленеді. III топтағы қанда В - агглютиноген, а агглютинин болады. Егер қанда А және В агглютиногендердің екеуі де болса,ондай қанда агглютининдер болмайды. (о). Ол қан IV топқа жатады, Халықаралық келісім бойынша қан тобын белгілерде онын агглютиногені жазылады да, содан соң агглютинин, ақырында рим санымен қан тобы ;жақшада көрсетіледі.

    Oab (I); Ав (III); Ва (III); ABo (IV).

    Адам қанын 4 топқа бөлу оның қай тобын қай топқа құюға болатынын анықтап берді. Қан құйған кезде аттас агглютиноген агглютининмен кездесе қалса (А мен а В мен в), алдымен құйылған қанның (қан беретін адам - донордың) эритроциттері жабысады. Донордың аздаған эритроциттері реципиент (қан қабылдайтын адам) плазмасындағы көптеген агглютининдермен кездеседі.

    Сондықтан қанның құю тобын анықтау үшін донор эритроцитінде агглютиноген, реципиент плазмасында агглютинин бар -жоқтығын ескеріп, агглютинация болатынын плюс (+) немесе болмайтынын минус (-) белгісімен белгілеп тіркеуге болады

    І топтағы донордың қанын барлык топтардағы адамдарға құюға, ал IV топтағы реципиентке қай топтың болса да қанын құюға болады. Қаны І топқа жататын адам әмбебап донор, ал қаны IV топқа жататың адам әмбебап реципиент деп аталады. Донор қаны көп мөлшерде (3-4 5 л) құйылатын болса реципнент эритроциттері донор плазмасындағы агглютининмен кездесіп желімденуі мүмкін. Бұл жағдайда жоғарыда келтірілген кестені пайдалануға болмайды: тек топтас қан құйылады (I топ қанын I топқа, II топ қанын II топқа т. т.).Сонымен қазіргі кеpде бір-біріне тек аттас топтардың қаны ғана құйылады.

    Осы төрт топтағы қан АВО жүйесіндегі топтар деп аталады.(Мұны АВ ноль деп оқу керек). Бұлардың ішінде әсіресе қаны І топқа жататын адамдар көп (46%), II топтағылар бұдаң сәл аҙ .(42%), ең азы үшінші топтағылар (9%), IV топтағылар (3%).

    Қосымша агглютиногендер мен агглютининдер

    1. топқа жататын қанның агглютиногені «О» мен белгіленеді. Бұл эритроциттерде А мен В агглютиногендері жоқ деген сөз.Бұлар болмағанымен I топты қанда басқа агглютиноген болуы мүмкін. Өйткені агглютиногендердің (А, В, О) қайсысы болса да тұқым қуалайтын биологиялық белгілер. Сондықтан онда А не В агглютиногені болмағанымен басқа белоктық зат болу керек деген болжам айтылады.

    2. А агглютиногеннің А1, А2, Аз… деп белгіленетін бірнеше түрі болады, Бұлардың А агглютиногенге қарағанда альфа агглютининімен байланысы әлсіздеу келеді. Сондықтан қан тобын анықтарда күші әртүрлі қан сарысуын қолданған жөн. Қан сарысуы әлсіз болса, А ағглютиноген түрілерінің бар екенін байқамай топтағы қанды I топ деп оған топтағы қан құйып, шатастыруға болады.

    3. Қанда басқа да М, N, SP, Лютеран, Қелл, Льюнс, Даффи,Қидд, Диего агглютининдері табылған. Осыған қарай қан топтары да өзгереді. Бұл бір адамға бірнеше рет қан құйған кезде ескеріледі. Ландштейнер әр адамның өз тобы болуы керек депесептейді.

    4. А ВО жүйесінің агглютиногендерінен басқа адамдарда резус факторы агглютиногені жиі кездеседі (85-86%). Қаннын резус факторын анықтаудың дәрігерлік жұмыста өте үлкен мәні бар, өйткені оны анықтамастан қан құюға болмайды.

    Адам қанында Rh - агглютиноген алғашқы рет mаcаcus rhesus атты маймылдың қанынан табылған, сондықтан да оны Rh (резус) әрпімен белгілейді. Осы маймылдың қанын қоянға құйса, қоян денесінде маймылдың агглютиногеніне (Rh) қарсы антидене - антирезусагглютинин пайда болады.

    18.Орталық және перифериялық хеморецепторлар және олардың газды

    гемостазды қамтамасыз етудегі маңызы. Фредерик тәжірибесі.

    Тыныс алу орталығының қызметі қандағы газдар мөлшеріне байланысты екені көптен белгілі. Қандағы оттегінің мөлшері азайса (гипоксия) немесе көмір кышқыл газ деңгейі артса (гиперкапния) тыные алу жйілейді. Мұныгиперпноэ дейді. Әдетте ересек адам минутына 16-20 рет дем алады (эйпноэ).

    Егер қанда көмір қышқылды газ азайса (гипокапния) тыныс алу сирейді, тіпті тоқтап та қалады (апноэ). Кеңірдекті қысын, біраз уақыт дем алмай қойса (асфиксия) гиперкапния мен гипоксемия процестері үдейді де адам жиі-жні әрі терең дем алады,яғни диспноэ пайда болады.

    Қандағы газдардың (СO2, О2) тыныс алу орталығына әсері Л. Фредерик тәжірибесінде дәлелденген: Тәжірибе жасау үшін екі иттің ұйқы артериясы мен мойындырық венасын кесіп жібереді де, оларды айқастырып, біреуінің бас өлігін, екінші иттің сол тамырының шеткі бөлігімен жалғастырады, сөйтіп бірінші иттің басын екінші иттің қанымен, екінші иттің басын бірінші иттің қанымен қоректендіреді . Содан кейін кеңірдегін біраз уақыт қысып бірінші итті тұншықтырады, сол сәтте кеңірдегі қысылмаған екінші иттің тынысы жиілеп, терендей түседі(диспноэ), соңғысының басына келген қанда оттегі аз, ал көмір қышқылы көп болады. Қеңірдегі қысылған иттің тынысы барған сайын бәсеңдеп тіпті тоқтап та қалады (апноэ). Мұның себебі ол, тынысы жиілеп, тереңдеген иттің қанымен қоректенеді, бұл қанда көмір қышқыл газ аз (гипокапния), оттегі көп (гипероксия) болады. Көпке дейін қандағы СО2 мен Оз тыныс алу орталығына қалайша әсер ететіні белгісіз болып келді. Соңғы кезде қандағы газдардың хеморецепторларды тітіркендіретіні, сөйтіп тыныс алу орталығына рефлекстік жолмен әсер ететіні анықталды. Организмде хеморецепторлардың екі түрі бар: біреуі - артерия қабырғасында орналасқан шеткі хеморецептор (артериялық),екіншісі - сопақша мида орналаскан орталық хеморецептор(медуллярлық).

    Шеткі хемореценторлардың бір тобы жалпы ұйқы артериясының екіге бөлінген жерінде - каротидтік рефлексогендік аланмен қолқа доғасында - колқалық рефлексогендік аланда орналасқан. Олар әсіресе СО2 мен H+ - иондарының көбеюіне, кандаоттегі деңгейінің төмендеуіне (гипоксемияға) өте сезімтал келеді.Бұлардан шығып тыныс орталығына жететін серпіністердің саны қандағы газдардың мөлшеріне байланысты. Орталық хеморецепторлар сопақша мида 0,2 мм тереңдікте М және L деп белгі-ленетін екі зонада орналасқан. Бұлар кандағы СО2 мен О2 және жұлын сұйықтығындағы H+ мөлшеріне өте сезімтал. Қандағы көмір қышқыл газ алдымен жұлын сұйықтығындағы сутегін көбейтеді де, орталық хеморецепторлар аркылы тыныс алу орталығына әсер етеді. Осыған байланысты сигналдар орталыққа шеткі хеморецепторлар аркылы тезірек жетеді. Орталықтағы хеморецепторлардың тыныс орталығына әсері шеткі хеморецепторларға қарағанда күштірек болады.

     
    19.Қыртысасты түйіндер (құйрықты ядро, скорлупа (қабық), солғын шар, қорған, миндальді дене).

    Бас миының базальді түйіндері жолақты денеден тұрады, жолақты денеге құйрықты ядро, қабық, сұрғылт шар және қоршаулар кіреді. 

    Жолақты дене ұсақ нейрондардан кұралған құйрықты ядро мен қабықтан тұрады. 

    Ал солғын шар үлкен нейрондардан тұрады

    Жолакты дене мен солғын шар аркылы ми кыртысының сезім, қозғалыс аландары таламуспенiлмек тәрiздi көптеген тура және кері байланыстаржасайды. Осылардың арқасында базальдыктүйіндер ми кыртысынын сезiм және кимылаландарымен косылып мндын кимыл рефлекстерінүйлестіру кызметiне және ерiктi, ерiксiз әрекеттеріне қатысып, оларды бiрлестiредi  

    Осы күнге дейін базальдык түйiндердiн қызметтерітуралы мә лiметтер толык емес. Бiрак клиникалыкбакылауларда ауру адам дарда кездесетінсаусақтардын кұрт тәрізді баяу ерiксiз кимылдарыжәне беттің мимикалык еттері мен аяк-колеттерiнiн әлсін-әлсін катты тартылуы (хорея) жолакты дененiн паталогиясыменбайланыстырылады.

    Паркинсон синдромы - акинезия, гнпотонус, статикалык тремор (кимылдамаған кездегi дiрiл) бүкiл стриопалидарлык жуйе кызметiнiн бұзылу белгiлерi екені туралы да пiкiр бар.

    Клиникалык және маймылдарға қойылған тәжірибелер солғын дене бұзылса, кнмылдың азаятынын және еттердің тонусы жоғарылайтынын көрсетті. 

    Жолакты дене филогенездік даму барысында кейiн пайда бол ған кұрылым және дофамин белетін құрылымдармен байланысты болгандыктан ол солғын шардың қызметiк бакылап, тежеп отырады. Дофаминдердiн әсерiн токтататын зат колданылсажолакты дененiн солғын шарды тежейтін әсерiтоктайды. Жолақты дененiң жеке ядроларынтiтiркендiрсе (мысалы куйрыкты ядроны) бастынбiрынғай ерiксiз кайталамалы кимылы байқалады, ал кабыктыты тiркендiрсе колдын дiрiл кимылыпайда болады. Құйрықты ядромен кабыкты бұзса, қимыл созынкы және жай болады

     

     

     

    20.Резус-фактор. Қан құюдағы резус-фактордың ролі.

    Адам қанында Rh алғаш рет макакус резус атты мамйылдан табылған. 

    Осы маймылдын канын коянға кұйса, коян денесінде маймылдын агглютиногенiне (Rh) карсы антидене-анти резусагглютинин пайда болады. Иммунданган коян каны сарысуына адам эритроциттерiн косса, адамдардын 86%-де эритроциттері агглютинацияланады. Демек барлык адамның 86%-де резусагглютиноген болғаны, ал 14%-де резусагглютиноген болмайды. Сондыктан адамдын каны резус факторы бар (резусты) және резус факторы жоқ (резуссыз) қан деп екі топқа бөлінеді.

    Донордың резусты канын (Rh*) резуссыз (Rh) қанға құйса, 3-4 жұма арасында антидене, яғни антирезусагглютинин пайда болады да, организмде кел жылдар сакталады. Егер осы иммунданған адамға тағы да резусты кан кұйылса, онын эритроциттері реципиент канындагы антирезусагглютининмен кездесiп, бiрiне-бiрi жабысып калады. Бұл қан құюдан болатын гемотрансфузиялык шокка әкеліп соғады, дереу шара қолданбаса адам одан өлiп те кетеді. 

    Сондыктан бір адамнын канын екiншi адамга кұярда АВО мен резус жүйесiндегi кан аттас болуға тиіс. 

    Резусты донор каны резусты канға, ал резуссыз кан тек резуссыз канга куйылады. 

    АВО жүйесін дегi агглютиногендермен бірге резусагглютнноген де тукым ку алайды. Резус агглютиногеннiн тукым куалауына байланысты оның канда бар-жоктыгын анықтаудык акушерлiк манызы зор. 

    Егер анасынын каны резуссыз, ал әкесiнiн каны резусты болса, құрсақтағы нәрестенiн каны да резусты болуы мүмкін. Мұндай нәрестенiн эритроциттерi тиiстi жағдай тауып, анасының канына өте калса, нәрестенiн каны резусты болғандыктан анасынын организмі иммундалады да, оның канында аптирезусагглютинин пайда болады. Бұл иммунданган кан нәрестенiн канына өтсе, нәресте эритроциттерi желiмденiп гемолизгеушырайды. Мұның салдарынан бала ана кұрсағында, не туғаннан кейін гемолиздік шоктан өледі. Сондыктан екiкабат ана канып мұқият тексеріп, резусы жоқ аналарды есепке алып, әкесінің қанын тексеру қажет.

     

     
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


    написать администратору сайта