қалыпты физиология. 1-90 сессия жауап. 1. Жлын. Жлын рылысыны сегменттік принциптері. Жлынны нейрондары
Скачать 329.46 Kb.
|
Варолий көпірі: Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діңінің негiзiн құрады. Варолий көпірінiң қызметi осы күнге дейiн толық анықталмаған. Ми көпiрінiң құрамында ақ зат көп. Ақ заты жоғары бағытталған және мидың жұлынға қарай (төмен) бағытталған жолдарын құрады. Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған. Бқлардың ішінде бас сүйек-ми жүйкелерінің V, VI, VII жұптарының ядролары, көлденең жолақ еттерді ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және сергу тәртібін реттейтін торлы құрылымның нейрондары бар. Ортаңғы ми мен Варолий көпірінiң торлы құрылымының жасушаларының бiраз бөлігi адреналин мен норадреналиннiң әсерінeн қозады, ал орта ми мен аралық мидың торлы құрылымының бiраз бөлігi ацетилхолиннiң әcеpiнeн қозады. Ацетилхолиннiң торлы құрылымға әcеpi оның iшкі мүшелерге eтeтiн шеткі әсеріне қарама-қарсы. Варолий көпiрiнiң және орта мидың торлы құрылымының бүйiр бөлiмдерi қимыл рефлекстерiн жеңiлдетiп, сопақша мидағы оның ортаңғы бөлiмдерi оны тежейдi. Жеңiлдету және тежеу торлы құрылымдағы тiтiркенiстiң жиiлігiне байланысты болады. Ол, сонымен қатар, жұлынның жоғары қарай импульстердi өткізетiн жолдарының қозғыштығын езгертедi. 8.Клеткалық және гуморальдық иммунитет. Иммунокомпетенттіклеткалар. Иммундық жүйе типтері: Иммундық жүйе екі бөлікке бөлінген - гуморальдық иммунитет жүйесі және жасушалық иммунитет жүйесі. Жасушалық иммундық жүйеде Т-лимфоциттер, ал гуморальдықта В-лимфоциттер болады. Гуморальдық иммунитет: Гуморалды иммунитет жүйесі– антигендерге қарсы антидене синтездеу қызметін атқаратын арнайы жүйесі болып табылады. Оның функционалдық белсенділігі иммунитеттің Т-жүйесі және мононуклеарлы фагоциттер жүйесімен тығыз қарым қатынасуына байланысты болады. Гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі жасаушалары антидене синтезіне жауапты В-лимфоциттері болып табылады. Иммундық комплекстің құрамында антигендер оқшауланады және немесе жойылады. Бұл негізгі үш тәсілге байланысты: нейтрализация, комплемент жүйесінің активтенуі және фагоцитоз. Сонымен, антидене гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі эффекторлы бөлігі болып табылады. Антидененің негізгі қызметі антиденені арнайы байланыстыру. Антиген мен антидененің арнайы әсерлесуі олардың арасындағы комлементарлық пен кеңістіктік сәйкестікке негізделген. В- жүйенің шеткері мүшелеріне көкбауырдың, лимфа түйіндердің және басқа (бадамша бездер, аденоидтар, ішектің табақшалары, аппендикс) лимфоидтық түзілімдерінің тимус тәуелсіз аймақтары жатады. Бұл В- лимфоциттердің көп шоғырланған аймақтары, ал тимус тәуелді аймақтарда қан айналым арқылы айырша безден көшкен Т-лимфоциттер орналасқан. Ең біріншіден, гуморалды иммуниттет жүйесі жасушадан тыс бактерия мен вирустарға қарсы белсенді болады, сондықтан оның негізгі қызметі инфекцияға қарсы иммунитет құру болып табылады. 1) Инфекцияға қарсы иммунитетте қорғаныстық әсер ету механизмі бойынша ерекшеленетін антиденелердің бірнеше топтары болады; 2) Бактериалдық токсиндерді бейтараптаушы антиденелер; 3) Вирустың жасаушаға жабысуына қарсы, вирусты бейтараптаушы антиденелер; 4) Комплемент қатысуымен бактерианың жойылуын (лизиске ұшырау) шақырушы антиденелер; 5) Қоздырғышты опсонизациялаушы және оның ферменттік жүйесін басушы антиденелер; 6) Макрофагтарды опсонизациялаушы және фагоцитозды күшейтуші антиденелер; 7) Еритін антигенмен комплекс түзіп, комплементтің активтенуінің есебінен қан тамырларыеың өткізгіштігінің жоғарлауын шақырып және жедел қабыну белгілерінің дамуына қатысушы антиденелер; 8) Гельминттерге қарсы полиморфты ядролы лейкоциттердің цитотоксикалық әсерін күшейтуші антиденелер. Жасушалық иммунитет: Жасушалық иммунитет — не антиденелер, не комплемент жүйесі қатыспайтын иммундық жауап қайтару түрі. Жасушалық иммунитет барысында макрофагтар, табиғи киллерлер, антиген тәрізді цитотоксикалық Т-лимфоциттер және антигенге жауап ретінде цитокиндер бөлінеді. Жасушалық иммунитет жүйесіне Т-лимфоциттердің негізгі дамитын орны: тимус, иммундық жүйенің шеткі мүшелерінде Т-лимфоциттер: Т-хелперлер, киллерлер, мақтар, Т супрессорлар, сонымен қатар осы жасушалармен өндірілетін цитокиндер (лимфокиндер) кіреді. Тимуста Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляцияларының клондары түзіледі. Шеткі мүшелерде Т-лимфоциттер антигендермен кездеседі және басқа иммунды хабарлы жасушалармен кооперация кезінде иммунды жауаптың қалыптасуына, реттелуіне және оның жүзеге асуына қатысады. Т-лимфоциттер рециркуляция үрдісінде белсене қатысады. Иммунитеттің Т-жүйесінің қызметтері: 1) Т-лимфоциттер генетикалық бөгде жасушаларға, мутантты және ісік жасушалары, вируспен зақымдалған жасушалар, бөгде трансплантат жасушасы және т.б. цитотоксикалық әсер етеді. Одан басқа Т-лимфоциттер кейбір антигендерге қарсы фагоцитарлық түрдегі жауапты қалыптастырады. 2) Иммунитеттің Т-жүйесі табиғатта кездесетін көпшілік антигендерді тануға және жасушалық, гуморалды иммунды жауаптың қалыптасуында басты қызмет атқарады. 3) Т-жүйесі иммунды жауапты реттеуде маңызды рөл атқарады. Бұл үрдіске, ең алдымен, әртүрлі түрдегі иммунологиялық серпілістерді ынталандыратын және тежейтін Т-хелперлер мен Т-супрессорлар өздері өндіретін лимфокидердің көмегімен қатысады. 4)Т-жүйесі иммунологиялық төзімділіктің қалыптасуына және оның сақталып тұруына қатысады. 5) Т-лимфоциттер организм антигегмен қайталап әрекеттескен жағдайда иммунды жауаптың жылдам қалыптасуы. Т-лимфоциттердің дифференцировкасы: Т-лимфоциттердің дифференцировкка үрдісінде екі негізгі кезең бар: антигентәуелсіз және антигентәуелді дифференцировка. 9.Тоқ ішекте жүретін процесстер. Ішектегі бактериялық микрофлораның организмдегі маңызы. Тоқ ішекте жүретін процесстер: Аш ішекте қорытылмай , сіңбей қалған ас қалдықтары мықын ішек тен соқыр ішекке өтеді . Мықын ішек пен бүйен жалғасқан жердегісфинктер мен қақпақша химусты мықын ішектен тоқ ішекке сығым дап өткізеді , бірақ химустың кері қайтуына , яғни тоқ ішектен мықын ішекке қайтып оралуына тосқауыл болады. Тоқ ішектің ішкі қабаты кілегейлі қабық көптеген көлденең ор наласқан қатпарлардан тұрады. Мұнда микробүрлер , бүрлер , ойық тар , ойық жерлерде кілегей зат ( муцин ) шығаратын тостаған ( бокал ) тәрізді жасушалар көп. Тоқ ішек құрылысы сөл шығаруға , көптеген заттардың қанға сіңуіне бейімделген . Тоқ ішек сөлінде фермент болмайды , бірақ аш ішектен келіп түскен хим құрамындағы ферменттер қоректік заттар қалдықтарын тоқ ішекте одан әрі ыдырата береді. Аш ішектен ток ішекке тәулігіне 2-4 литрдей химус өтеді. Химус құрамындағы су қанға тоқ ішекте сіңеді . Тоқ ішектегі перистальтика лық және кері перистальтикалық қимылдар бұған қажетті жағдай ту ғызады . Олар химусты тоқ ішек бойымен әрлі - берлі жылжыта оты рып , оны мұнда ұзақ уақыт сақтайды , ішектегі гидростатикалық қысымды ұлғайтып , қанға судың сүзілуін тездетеді . Осы айтылған дардың салдарынан химус қойылады да нәжіске айналып жылжып, тік ішекке жетеді. Адам тәулігіне бір рет үлкен дәретке отырады. Тоқ ішекте көптеген микроорганизмдер бар олар, аш ішекте ыды рамай сол күйінде тоқ ішекке өткен клетчатканы ыдыратады. Адам үшін клетчатка қоректік заттар қатарына жатпайды , бірақ ол тоқтық сезім тудырып ішек қимылын үдетеді. Тоқ ішекке келіп түскен белоктарды шірітетін микробтар да бар шіру нәтижесінде тез қайға сіңетін улы заттар: индол , скатол т.б түзіледі. Олар қанға сіңіп қақпа венасы арқылы бауырға барып жетеді. Бауырда олардың уыты қайтады ( дезинтоксикация ). Улы заттар шектен тыс көп болса , түгелдей бейтараптай алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда адам өз денесінде пайда болған заттармен біртіндеп улана бастайды ( аутоинтоксикация ). Тағаммен бірге келіп түскен белок мөлшері шектен тыс көп болса және бауырдың дезинтоксикалық қыз меті төмендесе адамның өзін өзі улауы асқынуы мүмкін. Белок шірітетін микробтармен катар ток ішекте сүт қышқылы түзілуін қамтамасыз ететін , ашу үрдісін күшейтетін микробтар да кездеседі. Олардың саны рациондагы сүт тағамдарының ( әсіресе, қышқыл ) мөлшеріне байланысты. Тоқ ішекте ашу үрдісі күшейіп сүт қышқылы көбейіп кетсе , шіру үрдісі бжеңлейді. Бұл мәліметтер күн тортібіне пайдалы тағамдар таңдау мәселесін қояды. Тоқ ішектің микрофлорасынын тағы да бір пайдасы витамин " К " синтездеу. Микрофлораның өзтеруі көптеген заттардын ток ішекте сіңуіне де әсер етеді . Қалыпты микрофлора патогенді микробтардын осуіне кедергі жасайды. Бірақ бактерияларға қарсы қолданылатын дәрілерді ( анти биотиктерді ) мөлшерден тыс ішу стафилакоктың көбеюіне әкеліп соғуы мүмкін. Тоқ ішекте нәжіс қалыптасады . Оның құрамында денеге сіңбеген ас қалдықтары, шіру, ашу барысында пайда болған заттар, көптеген микроорганизмдер болады . Нәжісті сыртқа шығару ас қорыту жүйесінің экскрециялық қызметі. Нәжісті шығару ( дефекация ) рефлексі тік ішек қабылдағыштарының тітіркендіруінен басталады. Аш ішек бөлімінің микрофлорасы. Он екі елі ішек саңылауына өт өзегі ашылады. Түскен өт организмдегі микробтарға кері әсерін тигізетіндіктен, он екі елі ішек ішіндегі 1 мл сұйықтықтағы микробтар саны бірнеше мыңнан аспайды. Ішектің тұрақты мекендеушілеріне ішек таяқшасы, энторококтар және кейбір топырақ бациллары жатады. Тоқ ішек бөлімінің және тік ішек микрофлорасы. Тоқ ішек бөлімі: Тоқ ішек микробтарға өте бай, олар сондағы құрғақ заттардың 40% -ға дейінгі мөлшерін құрайды. 1 г құрғақ затта 3 млрд-тан астам микроб жасушалары болады. Тоқ ішек бөлімінің тұрақты мекендеушілеріне ішек таяқшасы, энтерококкалар, сүт қышқылды таяқшалар, целлюлоза ыдыратқыш микробтар және бациллалар жатады. Актиномицеттер, ашытқы және зең саңырауқұлақтары сирек кездеседі. Тоқ ішек бөлімінде азықтың құрамдас бөліктерінің одан әрі ыдырауы жүзеге асады. Мұнда микроорганизмдердің көптеген физиологиялық топтары үшін қолайлы орта туындайды. Бірақ, осыған қарамастан, микробтар санының артуына кедергі келтіретін көптеген факторлар бар: сүт қышқылды және шіру микробтарының арасындағы антогонизм, өсімдік тектес азықтардағы фитонцидтер әсері және т.б. Сау жануарлардың тоқ ішек бөлімінде кейде сіреспе, бруцеллез, сальмонеллез және басқа да аурулардың қоздырғыштары табылады. Бұны білу мал шаруашылығы қызметкерлері үшін өте маңызды, өйткені көң инфекция көзі болуы әбден ықтимал. Асқазан-ішек жолының микрофлорасы сан алуан түрлі, тұрақсыз, бірақ жануарлардың тіршілігі барысында үлкен маңызға ие амин қышқылдарын, дәрумендерді, биологиялық белсенді заттарды түзіп, жалпы ағза мен мүшелердің қызмет етуіне қолайлы әсерін тигізеді. Асқазандағы қалыпты микрофлора қорғаныс функциясын атқарады, табиғи иммунитетті қалыптастырады, өзінің тіршілік әрекеті өнімдерімен бірқатар аурулардың қоздырушыларының дамуын тежейді. Макроорганизмдегі микробтар популяциясы арасындағы экологиялық тепе-теңдікті бұзу, антибиотиктік препараттарды дұрыс қолданбау, биоценоздағы организмдер құрамын реттейтін микроб антогонистердің белсенділігін тежеу сияқты әрекеттердің салдарынан асқазанда шартты патогенді микрофлора үшін қолайлы жағдай туындап, нәтижесінде дисбактериоз пайда болады. Жануарлардың резистенттілігі төмендеп, асқазан-ішек жолы аурулары байқала бастайды. Стерильді жағдайда өсірілген микробсыз жануарлардың әдетте ішкі органдарының массасы мен қан сарысуындығы антидене мөлшері төмен және лимфоидтық ұлпасы толық дамымайды, ал бұл өз кезінде организмнің қорғаныс қабілетінің әлсіреп, жұқпалы аураларға ұшырауына әкеледі. Макроорганизмдегі қалыпты микрофлораның атқаратын рөлі өте зор. Олар тек қорғаныс күшін арттырып қана қоймай, жануарларды әсіресе күйіс қайырушыларды алмастырмайтын амн қышқылдарымен, дәрумендермен, яғни азық құрамында жеткіліксіз болып табылатын өзге де қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Қалыпты микрофлора – сау адам мен жануарларда кездесетін микроорганизмдердің ашық биоценозы Аутомикрофлора құрамына макроорганизмге кездейсоқ енген патогенді микроорганизмдер де қосылуы мүмкін. 10.Орталық ми (құрылысы және функциясы). Статикалық және статокинетикалық рефлекстер. Ортаңғы ми вoрoлий көпірі және сопақша мимен бірге ми бағаны ның негізін құрады . Оның сырт жағында ми қақпағы , іш жағында ми аяқшалары орналасқан. Ортаңғы мидың сұрғылт заты құрамына төрт темпешік, қара зат, қызыл ядро, III және IV жұп ми жүйкелерінің ядролары мен торлы құрылым кіреді. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай көру төмпешігіне ( таламусқа ), мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынан, жолақ денеден, гипоталамустен темен қарай бағыттал ған ортаңғы миға, сопақша миға , жұлынға баратын жолдар етеді. Төрт темпешік пен көз алмасын қозғайтын жүйке ( III - жұп ) ядролары ортаңғы мидың сырт жағында, ал ішкі жағында қара зат, қызыл ядро және IV жұп шығыршықтық жүйке нейрондары орналасқан. Көз алмасын қозғайтын II жұп аралас жүйкетармақтары арасың да көздің қиған еттерінен басқа еттерді жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар көз еттерінен орталыққа тебетін сезімтал жүйке талшықтары бар. Мұнымен қатар бұл жүйкенің арасында ортанғы мида орналасқан парасимпатикалық ядроның преганглийлік талшықтары бар. Бүл жүйке серпіністерін кірпіктік түйіннен екінші нейронға жеткізеді. Бүл түйіннен басталған постганглийлік талшықтар көздің қарашыгы тарылтатын етті жныратын эфференттік жүйке, Ми жүйкелерінің IV жұбы да – аралас жүйке. Талшықтар арасында көздің жоғарғы қиғаш етін жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар еттің ез қабылдағышынан шыққан серпіністерді орталыққа жеткізетін сезім тал талшықтар да бар. Төрт төмпешік алдыңғысы көру қабылдағыштарының тітіркенуі не байланысты қимылдарды жүзеге асыратын орталық. Бұл орталыққа серпіністер көру жүйкесінің бұтақтары арқылы жетеді. Төмпешік тұсында көз алмасын қозғалтатын жүйкенің ядросы орналасқан. Сондықтан көздің тор қабатынан келіп түсетін серпіністер алдыңғы төмпе шіктен шығып көз алмасын қозғайтын жүйкенің ядросына, ортаңғы мида орналасқан басқа да қимыл реттеуші ядроларға оңай жетеді. Осы байланыстардың арқасында көздің бастың , дененің жарық түскен жаққа қарай бұрылуы , көз қарашығының тарылуы және аккомодация рефлекстері пайда болады . Аталған рефлекстер кору орталығы орна ласқан ми сыңарын алып тастаса да жойылмайды . Артқы төмпешік тердін естуге қатысы бар , олардың қатысуымен әуелі есту соған карай Жән табу рефлекстері орындалады , яғни кұлақ жарғағы , бас қатты дыбыс шыккан жаққа қарай бұрылады. Бұл рефлекстер де үлкен ми жарты шарын алып тастаған жағдайда жойылмайды. Терт төмпешікті дене кенеттен ( байқаусызда ) әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап ретінде қорғаныс рефлекстерін туғызады, сондтан олар сақтық не старт рефлекстері деп аталады. Мәселен, ыдыс тағы сүйық зат байқаусызда төгіліп кетсе , адам оның қауіп қатерін түсінбестенак тез, лезде бір жакка қарай ығысады , жалт береді. Қызыл ядро ортaлық жүйке жүйесінің барлык болімдерімен және ми қыртысымен тығыз байланысқан. Ол қаңқа еттерінің тонусын реттейтін қозғалыс орталық. Статикалық рефлекстер Статикалық рефлекстер дене кеңістікте қозғалмай өз күйін ауыстырғанда байқалады. Оларға позалы- тонусты дене қалпын сақтайтын және түзету кезінде қайта орнына келетін рефлекстер жатады. Дене қалпын сақтайтын рефлекстер – жануарлардың басының бағыты дене бағытына сәйкес келмейтіндіктен пайда болады. Тартылу күші орталығының өзгеруінен дене тепе-теңдігі бұзылуы мүмкін. Сонымен қатар вестибулярлы талдағыштың отолиттік аппараты, бұлшық еттер мен сіңірдің проприорецепторлары тітіркеніп, позалы- тонусты рефлексті тудырады. Басты тез арада бұру бүкіл дененің қозғалуына негіз болады. Қоянның басын оңға бұрады. Бұл кезде қоянның оң жақ алдыңғы аяғы созылып, сол жақ аяғы бүгіледі. Қоянды аяқтары жартылай бүгілген күйде, шалқасынан жатқызады. Басты бастапқы қалпына келтіреді. Қоянның басын солға бұрып, екі алдыңғы аяқтары қалай өзгеретінін бақылау керек. Стато-кинетикалық рефлекстер. Стато-кинетикалық рефлекстер дененің кеңістіктегі белсенді немесе белсенді емес қозғалысы нәтижесінде пайда болады және тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Қозғалыс сипатына сай олар 2 топқа бөлінеді. Біріншілері – түзу сызықты қозғалыс кезінде сызықтық жылдамдықтың үдеуінен, екіншісі- шыр айналдыру нәтижесінде бұрыштық жылдамдықтың үдеуінен пайда болады. 11.Тромбоциттер олардың мөлшері және функциясы. Тамырлы-тромбоцитарлы гемостаз. Тромбоциттер олардың мөлшері және функциясы Тромбоциттер немесе қан пластинкалары – қанның ең кішкентай, түссіз, ядросыз формалық элементтері. 1 мм куб қанда 180 – 350 мың тромбоцит болады. Тіршілік ұзақтығы - 7 күн. Көкбауыр мен өкпеде бұзылады. Көкбауырда жинақталып, қойма түзеді. Бұл жерден тромбоциттер қажет кезде қанға түседі. Тромбоциттер диск тәрізді диаметрі 2— ден 5 мкм-ге дейін көлемі 5-10 мкм3. Тромбоциттің химиялық құрамы өте күрделі. Ол көптеген ферменттерден, олардың ішінде АТФ және лизоцим, адреналин, норадреналин гормондарынан, 11 - шақты қанды ұйытатын түрткілердан тұрады . Бұлармен бірге тромбоцит құрамына жиырылатын қабілеті бар белок тромбостенин кіреді. Тромбоциттердің саны қанда кешке қарай күшiзгiден көбірек , ол қуаныш , реніш, қайғы - қасірет, шаттану т . б . себептерден де, тамақ ішкеннен кейін де көбейеді. Қаннан сыртқа шыққансоң тромбоцит тер тез бұзылады, сондықтан оларды санар алдында қанға химиялық заттар қосып тез санау қажет. Функциясы: 1. Ангиотрофикалық қан тамырларды қоректендіру. Қан кеткен кезде, жарақат алған жердин эндотелиін жанасқан кезде қоректендіреді. 2. Адгезивті агрегация қызметі. Жарақат кезінде тромбоцттердің пішіні өзгеріп, бір-бірімен және базальды мембранаға жабысады, тромб құрайды. Бұны агрегация дейді. 3. Ангиотензивтік ( қан тамырын тарылту ) қызметі қан тамыры саңылауын тарылтады ( спазм ). Бүл жарылған тромбоциттерден босап ШЫҚҚан серотониннің әсері. 4. Қан ұйыту қызметі ( гемокоагуляция ).Тромбоцит құрамында қан ұюын тездететін заттар ( олардың жалпы саны оннан асады ) болады , араб санымен белгілейді. |