Главная страница
Навигация по странице:

  • Ауырсынудың шеткі жүйесі.

  • Ауырсынудың орталық жүйесі

  • Температура талдағышы

  • Тактилдік талдағыш

  • 88.Эритроциттер, құрылысы, функциясы. Эритроциттер мөлшерін санау.

  • 89.Негізгі тағамдық заттардың сіңірілуі. Сіңірілу механизмі. Сіңіру процестерінің реттелуі. Асты сіңіру

  • Ас сіңіру механизмі

  • 90.Проприорецепторлар, олардың қозғалыс функциясын қамтамасыз етудегі ролі. Қабылдағыштардың жіктері

  • қалыпты физиология. 1-90 сессия жауап. 1. Жлын. Жлын рылысыны сегменттік принциптері. Жлынны нейрондары


    Скачать 329.46 Kb.
    Название1. Жлын. Жлын рылысыны сегменттік принциптері. Жлынны нейрондары
    Анкорқалыпты физиология
    Дата29.09.2021
    Размер329.46 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-90 сессия жауап.docx
    ТипДокументы
    #239084
    страница17 из 17
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

    87. Тері рецепторлары (ауырсыну, температуралық, тактильді) және олардың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз етудегі рөлі
    Ауырсыну (ноцицепция). Организм тіршілігі үшін ауырсыну түйсігінің маңызы өте зор. Ауыр- сыну сезімі (алгезия) тін зақымданғанда туады, ол өте күшті және зиянды тітіркендіргіштердің қатерлі қауіптері туралы хабарлайды. Сөйтіп, ол зақындаушы түрткілерден құтылу жолында, организмнің даралама әсерленісін қалыптастырады. Ауырсыну көптеген аурулар- дың негізгі және ерекше симитомы болып есептеледі, сондықтан олар- ды анықтауға (диагностикаға) көмектеседі. П.Қ. Анохиннің айтуынша, ауырсыну организмде нақтылы және әрекеттік ауытқулар тудыратын әсері күшті, зиянды тітіркендіргіш- терге қарсы пайда болатын, адамның психофизиологиялық күйі. Мұндай жағдай жануарларда сана арқылы айқындалмағандықтан, оны ауырғанды сезу (ноцицепция) атайды. 

    Ауырсыну түрлері. Ауыртатын әсерлер әртүрлі түйсіктер тудырады. Қазіргі кезде ауырсыну түйсіктерінің әралуан реңдері анықталды. 

    Ауырсыну түйсігі сапасына карай: шаншу, сыздау, сырт- қырау, ашыту, солқылдату

    қарқыны бойынша: қатты, орташа, шамалы, әлжуаз)

    мерзіміне байланысты: қысқа, үздіксіз, ұласқан, үста- малы

    орналасуы жөнінде: шенеулі, таралған, жайылған, шашыраңқы, сыртқы т. б. болып жіктеледі. 

    Ауырсыну кезінде қозғалыс, эмоциялық және вегетативтік көрініс-тер (үрей, қорқыныш, лоқсу, туншығу, тыныс өзгеруі, жүрек қобал- жуы, тамыр әсерленісі, терлеу) байқалады. Физиолог, клиницист, психологтар ауырғанды сезуді өткір және созылмалы; бірінші және екінші; шанышпалы, сыздалған, ашитын; дене (физикалық) және рухани (психогендік) ауырсынуы деп бөледі. Жалпы ауырсынудың соңғы екі түрі жиі қолданылады.

    Дене ауырсынуын пайда болу себептеріне қарай 3 санатқа жіктейді. 

    1.Сыртқы әсерлерден туатын ауырсыну. Ол теріде пайда болады, қысқа мерзімді, орналасымы оңай анықталады. Жүйке зақымданбайды, оның шеткі және ауырсыну сезімін түрлендіретін орталық тетіктерінің бүтіндігі сақталады.

    2. Ішкі үрдістер әсерінен туатын ауырсыну. Мұның орналасымын жырату, себептерін ұқсастыру және ауырсыну көзін жою науқастарға қиын соғады, жүйкесі зақымданбайды. 

    3. Жүйке зақымданғанда туатын ауырсыну. Бүл ішкі ауырсынуға қсас, оның шеткі және орталық өткізгіш жолдары бүзылады. Сон- ықтан олар жергілікті немесе жүйелік (невралгия, каузалгия, фаномдық ауырсыну, таламус синдромы) түрінде байқалады.

    Ауырсынудың шеткі жүйесі. Ауырсыну тітіркендіргішіне жауап беретін қабылдағыш тері мен басқа тіндерді шырмайтын жіңішке сез-імтал талшықтардан, яғни жалаң жүйкс ұштарынан тұрады. Қабылдағыштар орналасымына байланысты, тітіркенудің және сезімтал нейрондардың түрлеріне қарай жіктеледі. Адамның ауырсыну түйсігіне сәйкес жергілікті, өткір, сыздататын, шашыраңқы ауырсыну қабылдағыштарын ажыратады.

    Ауырсынудың орталық жүйесі. Ауырсыну сигналдарын қабыл- дайтын құрылымдар орталық жүйке жүйесініңәртүрлі деңгейінде орналасады. Алдымен ауырсыну сигналдарын миға өтпестен бұрын, жұлынның артқы ашасындағы жалпақ тіліктерінің (пластина) орталық нейрондары қабылдайды және өңдейді. Ауырсыну сезімінің өткізгіш жүйелеріне жұлын-таламус, жұлын торлы құрылым, жұлын-орталық ми жүйкесі жолдары және орталық мидың проприорецептор жүйесі жатады. Бұлар арқылы өрлеме ауырсыну мәліметтері мидың бірнеше орталық құрылымында өңделеді. Олар: жұлын, торлы құрылым, ортаңғы ми, сұр зат, таламус, гипоталамус, лимбия жүйесі, ми қыртысының әртүрлі аймақтары.

    Температура талдағышы
    Адамның дене қызуы қалыпты жағдайда айтарлықтай тұрақты болады, сондықтан оны реттеу тетіктеріне қажет ортаның температурасы туралы ақпараттың маңызы өте зор. Терморецепторлар теріде, көздің қасаң қабығында, шырышты қабықшаларында, сонымен қатар орталық жүйке жүйесіндегі гипоталамуста, таламуста, жүлында орналасады. Олар жылу және суық қабылдағыштары болып екі түрге бөлінеді. Бет пен мойын терісінде терморецепторлар көп орналасқан. Маманданған қабылдағыштардан басқа, олардың құрамында сезгіштік нейрондардың миелинсіз дентрит үштары болуы мүмкін деген пікір бар.

    Терморецепторлар арнамалы және бейарнамалы болып жіктеледі. Олардың біріншісі тек температуралық өзгерістердің өсерінен қоза- ды, ал екіншісі сонымен қатар механикалық тітіркенуге де жауап бе- реді. Терморецепторлардың көпшілігінде орнықты қабылдау аясы бо- лады, олар тұрақты ұзақ әсерге серпіністер жиілігін ұлғайтып, жауап қайтарады. Серпініс жиілігі температуралық өзгеріске сәйкес келеді. Мәселен, жылу қабылдаудың тұрақты серпініс жиілігі 20° тан 50°C арасында, ал суықтық - 10°-тан 41°С дейін байқалады. Терморецепторлардың айрықша сезімталдығы өте жоғары келеді, оларда пайда болатын серпіністердің үзақ өзгерістерін байқау үшін ортадағы температураны 0,2°С өзгерту жеткілікті болады. Кейбір жағдайларда суықтық қабылдағыштар жылу әсерінен де қозуы мүмкін (45°С жоғары). Сондықтан ыстық су құйылған ваннаға түскен кезде кенеттен суық түйсігі байқалуы осыны дәлелдейді. Қазіргі уақытта, терморецепторлардың белсенділігін, олармен бай- ланысты орталық құрылым және адамның сезімталдығын анықтайтын өте маңызды түрткі температуралық өзгерістер емес, оның абсолют мөлшері деп есептейді. Алайда температуралық түйсіктің алғашқы қарқыны терінің және оған әсер ететін тітіркендіргіш қызуларының айырмашылығына, оның көлемі мен қолдану жеріне тәуелді келеді. Егер қолды 27°C жылы судан алып температурасы 25°С суға салса, алғашқы кезде бұл суық су сияқты сезіледі. Осындай сезім алғашқы кезде қолды 34°Сжылы судан алып 31°С суға салғанда да байқалады. Бірақбірнеше секундтан кейін абсолют температураны дәлбағалау мүмкін болады. Дене температурасын тұрақтықалыпта сақтайтын реттеуші әсерленістер күрделірефлекстер әрекетінен тұрады. Бұл рефлекстер тері, қантамырындағы және орталық жүйке жүйесіндегіқабылдағыштардың температуралық тітірікендіругежауабын көрсетеді. Орталық жүйке жүйесіндегітерморецепторлар гипоталамуста, орталық мидың торлықұрылымында, жұлында орналасқан. Олардың жылу жәнесуықтық қабылдағыштары жүйке орталығы арқылы ағатынқанның температурасына әсерленеді. Гипоталамуста негізгіжылу реттеуші орталық орналасқан, ол жылу өндіруші жәнежылу беруші бөлімдерден тұрады. Бұлар денетемпературасын реттейтін бірнеше және күрделі үрдістердіүйлестіріп отырады. Дене температурасын реттеуге ішкісөлініс бездері қатысады, әсіресе қалқанша және бүйрекүстібездері. Олардың гормондарының түзілуін жүйке жүйесіқадағалайды. Шеткі жылу және суықтыққабылдағыштардан келетін серпіністерді жұлын-таламус жүйесі ми кыртысының арткы орталық аймағына жеткізеді.

    Тактилдік талдағыш 

    Теріде орналасқан көптеген қабылдағыштар сипап сезуге, яғни сыр- тқы орта тітіркендіргіштердің әсерін түйсінуге мүмкіндік береді. Олар сыртқы дүние танымда да айтарлықтай орын алады. Сондықтан көру мүмкіндігінен айырылған адамдарда ол белгілі дәрежеде жетіспейтін талдағышты алмастыра отырып, ерекше маңызға ие болады.

    Терінің сезімталдық жүйесінің аумағы өте үлкен - 1,4 тен 2,1 кв. м- ге дейін болады. Теріде жанасуды, қысымды, тербелуді, жылылықты, суықты қабылдайтын, сонымен қатар ауырғанды сезетін көптеген жүйке үшы жинақталған. Құрылысы бойынша олар терінің әртүрлі қабатында орналасады және оның бетіндегі таралуы біркелкі емес. Олардың ең көбі саусақтардың терісінде, алақанда, табанда, ерін- де және жыныс мүшелерінде орналасады. 

    Тактилдік қабылдағыштар негізгі үш түрге бөлінеді: 

    1) қысым қабылдағыштары механикалық күшін анықтайды (Меркель тегеріштері, Руффини денешіктері); 

    2) жанасу қабылдағыштары (Мейснер денешіктері) әсердің шапшаңдығын қабылдайды; 

    3) діріл қабылдағыштары күштің тербелісін немесе үдемелі өзгерісін мәлімдейді (Пачини денешігі). 

    Адамның терісіндегі (бүкіл тері бетінің 90%-де) қабылдағыштардың негізгі түрі ұсақ тамырлар бойымен жүретін бүтақталған жүйке талшықтарының жалаң үштары болады. Сонымен қатар тері түктерінің қабына оралған, тереңірек орналасқан жіңішке жүйке талшықтарының тарамдары кездеседі. Бұл жүйке ұштары түктердің, жанасуға өте сезімталдығын қамтамасыз етеді. Жанасу қабылдағыштары түрі өзгертілген беткейлік құрылымдармен жалғасқан жалаң жүйке ұштары, эпидермистің төменгі бөлімінде орналасқан сезімтал менискілер де жатады. Олар қол саусақтарының терісінде көп. 

    Түксіз теріде, әсіресе және аяқ саусақтары терісінің бүртікті қабатында, алақанда, табанда, ерінде, жыныс мүшелерінде және емшек ұышнда көптеген сезімтал жанасу қабылдағыштары табылған. Бұлардың сыр- ты қабықшамен қапталған, ішкі күрылысы күрделі және пішіні конус тәрізді. Басқа қабықшамен қапталған, бірақ тереңдеу орналасқан, жүйке талшықтарының ұштары қатпарлы денешіктер деп аталады. Оларды сіңірлерде, дәнекер қабықшаларда, шажырқайда табуға болады. 

    Тітіркену әсерінен тері қабылдағыштарында қозу толқыны шығады. Механикалық әсердің салдарынан оның мембранасы майысады: Осының нәтижесінен мембрананың натрий иондарына өткізгіштігі жоғарылайды да потенциал тудыратын иондық ағын пайда болады. Бұл деполяризациялық ауыспалы кезеңіне жеткеннен кейін, жүйке талшықтары арқылы ОЖЖ-не қарай тарайтын серпіністер тудырады.
    88.Эритроциттер, құрылысы, функциясы. Эритроциттер мөлшерін санау.

    Эритроциттер (грек. erythros – қызыл және kytos – ыдыс) – адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктер. .

    Адам ЭРИТРОЦИТІНІҢ пішіні екі жағынан ойыс диск тәрізді, диаметрі 7 – 8 мкм. .

    Дені сау адмадарда:

    - ер адамдардың 1 мм3 қанында 4 – 5 млн., - әйелдерде – 3,9 – 4,7 млн. Эритроциттер болады. .

    жүкті әйелдер мен балаларда эритроциттердің көрсеткіші басқа

    Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы 80-125 тәуліктей (әрбір секундта 2,5 млн-дай Эритроцит түзіліп, сондай мөлшерде, өз тіршілігін жойып отырады). .

    ЭРИТРОЦИТТЕР ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ? .

    1. Эритроциттер өкпеден тіндерге оттек (О2), ал тіндерден өкпеге көміртектің қос тотығын (СО2) тасымалдайды, яғни газ алмасу процесі қызметін атқарады

    2. ағзадағы қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттейді,

    3. қан плазмасынан аминқышқылдары мен липидтерді адсорбциялап, оларды тіндерге жеткізеді.

    Эритроцит құрамының 60% су, 40% құрғақ заттар. Құрғақ заттардың 95% ағзадағы газ алмасу процесін жүргізуге маманданған, қызыл түсті күрделі протеин — ГЕМОГЛОБИН кұрайды.

    Эритроцитоз - эритроциттердің қалыптыдан тыс көбеюі. Қандай жағдайда кездеседі:

    1.ағзаның сусыздануы (күн ыстықта, қызбада, іш өту,құсу)

    2. Оттек жетіспейтін жағдайда

    3. Темекі шегетін адамдарда т.б

    Негізгі симптомдары:бас ауру,бас айналу,жиі мұрын қанауы т.б

    Эиитропения - эритроциттердің азаюы. Әлсіздік, тез шаршағыштық,құлақта шу пайда болуы,тері бозғылттығымен сипатталады. Қай кезде кездеседі?

    1)Жедел қан жоғалту (жарақат немесе операция)

    2) Созылмалы қан кету (ішкі ағзалардан немесе етеккірдің ұзақ келуі)

    3) Ағзаға жеткіліксіз мөлшерду түсуі

    4) Сіңуінің нашарлауы В12 витамин,фолий қышқылы жетіспеушілігінде

    Абсолюттік эритроцитоз - тканьде оттегi азайганда (ги поксия) болады. Гипоксия салдарынан буйректен көп мөлшерде эритропоэтиндер бөлiнiп шығады. Олар эритроциттердiн суйек кемiгiнде түзiлуiн және канга өтуiн тездетеді. Сау адамда ги поксия ауанын барометрлік кысымы төмендеген жағдайда, яғни биiк тауға 3,5-5 мын м шыккан кезде не кабинасы ашык самолетпен биiктiкке көтерілген сәтте кездеседі. ырқаттан ган кезде болатын абсолюттік эритроцитоз - өкпе мен жүректiн созылмалы ауруларга ушырауынын салдары не кан аурулары кезiнде де болуы мүмкін.

    Салыстырмалы эритроцитоз қанның сұйык бөлiгi - плазманың азаюынан болады. Адам кара жұмыс iстеп катты терлегенде, не ыстык уакытта термен бірге кұрамындағы суы сыртқа шығады да кан койылады. Осыған орай эритроцит саны (канның әр мкл-де) көбейеді. Адам кара жұмыс істеген кезде де канда су азаяды және көкбауырдың жиырылуы күшейеді. Кекбауыр эрит роциттер депосы болғандықтан жиырылған сәтте канга көп мөлшерде эритроциттер шығады. Сырқаттанған кезде пайда болатын салыстырмалы эритроци тоз да каннын койылуына байланысты. Мәселен, катты iш өткен де онымен бірге сыртка көп мөлшерде су шығады, кейде су дене куыстарына (мәселен,плевра жапырактарының арасына) жи налады. Осының салдарынан плазма келемi азаяды да кан кой ылады.

    Сау адамда әдетте абсолюттік эритроцитопения. Ол каны азайған (анемня) наукас адамға тән. болмайды. Анемия кезiнде сүйек кемігінде эритроциттер түзiлуi төмендейдi не шала жетілген эритроциттер қанга шыға бастайды. Салыстырмалы эритроцитопения канның сұйылуына байланысты. Бiрден шектен тыс көп шай (8-10 кеседен артык) не осынша кымыз ішсе бiраз уакыттай қан сұйылуы мумкін. Бiрақ қанда су тұрақтылығын (гомеостаз) сактайтын механизмдер денедегі сыртқа шыгарады. Адам қансырағанда 1-2 тәулік өтісімен қан артык суды тез суйыла бастайды, эритроциттер сүйек кемігінде тек 4-5 тәуліктен кейiн түзiлiп, қанға шыға бастайды. Оған дейiн кан тамырла рына тканьаралык суйыктыктар өтедi де мұндагы канныц көлемiн арттырады, сөйтiп 1-2 күндей кан сұйылған күйiнде қалады. Бiрден көп мөлшерде изотониялык ерiтiндi құйса да біразға дейін сұйылады.

     

    89.Негізгі тағамдық заттардың сіңірілуі. Сіңірілу механизмі. Сіңіру процестерінің реттелуі. 

    Асты сіңіру
    Ауызға түскен асты сіңіру зат алмасуы мен ас қорыту үрдістерінің маңызды кезеңдерінің бірі. Астың сіңуімен ас қорыту аяқталады. Ас сіңіру дегеніміз гидролиз өнімдерінің ішек-қарыннан қанға не лимфаға өтуі.

    Ас сіңіру үрдісінің қарқыны ішек-қарын бөлімдерінде бірдей емес, біріншіден, ішек-қарын құрылысы оның әр бөлімінде әр түрлі, екін- шіден, астың жылжуы (кідіруі) әр бөлімде әркелкі, үшіншіден, сінуге даяр гидролиз өнімдері кейбір бөлімдерде тым аз, жеткіліксіз. 

    Сырттан келіп түскен тағам ауыз куысында көп кідірмейді (небәрі 20-30 секунд), ауызда, сондай-ақ қорытылып сіңуге даяр түрған заттар жоқ. Бірақ тын астына салынған кейбір дәрілер (валидол, нит- роглицерин) ауыздың шырышты қабығы арқылы тікелей қанға сіңеді де жүрек қан тамырларына әсер етеді. Ас тұзы, су, глюкоза, алкоголь қарыннан қанға өтіп аздап бойға сіңеді. Бірақ қарында да сіңуге даяр өнімдер жоқтың қасы, басқаша айтқанда глюкозадан басқа қоректік заттар қарын арқылы сіңбейді. 

    Он екі елі ішекте ас қорыту үрдісі күшейе түседі, гидролиз үдейді, бірақ ыдырау өнімдерінің 5-8%-і ғана қанға сіңеді, өйткені ішек тым қысқа, химус мүнда көп кідірмей әрі қарай жылжи береді. Ас негізінен аш ішек пен мықын ішекте сіңеді. Мұнда тағам гидролизі аяқталып, көптеген суда еритін ішек мембранасынан өте алатын заттар пайда болады және олар ішекте 10-12 сағаттай кідіреді. Ішектің шырышты қабығының құрылысындағы ерекшеліктерге байланысты ішек түтігіндегі заттар мен оның қабырғасы беттеседі де сіңіру алаңы үлғая түседі. Сондықтан аш (мықын) ішекті сіңуге бейімделген ағза деуге де болады. 

    Аш ішектің кілегейлі қабығында көптеген қатпарлар, бүрлер (вор- синкалар) бар. Бүр дегеніміз ішек куысына қарай бағытталған бармақ тәрізденіп созылған кілегейлі қабықтың ұсақ қатпары. ұзын- дығы 0,5-1,5 мм, ішектің бір шаршы мм-де 18-40 бүр болады. Бүрлер мен үлкен қатпарлар ішектің сіңір. 

    Бүрдің сырты бір қатар жиекті эпителиймен қапталған ішкі жағында борпылдак дәнекер тіні, аздаған бірыңғай салалы ет талшықта- ры бар. Әр бүрдің ортасында дәнекер тін қоршаған бір үшы бітеу лимфа капилляры, ал оның айналасында бірнеше қан капиллярлары тарамданған, артериола және венула болады. Осы орта- лық лимфа капилляры кілегейлі астындағы тарамданған ұсақ лимфа тамырларымен қосылады. Мұндай тамырдың ішкі бетін- лимфаны белгілі бір бағытта жүргізіп отыратын қақпақшалар (клапандар) бар. Лимфа тамырлары ас сіңіру үрдісі кезінде сүт тәрізді аппақ лимфаға толып кетеді. Ас сіңерде қоректік заттар ішек қуысы- нан, оның қабырғасындағы эпителийден бүр тамырларына өтеді. Ішек бүрін қаптаған әрбір жиекті эпителийдің ішкі (апикальдық) бетінде 1000-3000 өте ұсақ, әрбіреуінің ұзындығы 1-3 мкм микробүрлер бола- ды. Олар эпителий протоплазмасының ұзарған қатпарлары. 

    Ас сіңіру механизмі. Заттар қанға не лимфаға сіңу үшін бірнеше биологиялық мембранадан өтеді. Олар: ішек-қарынның кілегейлі қабығы, тыныс жолын іштей көмкерген кілегейлі қабық, капиллярлардың эндотелийлері, альвеола қабырғасындағы альвеолалық эпителий, плевра жапырақтары мен шажырқайды қаптаған серозды қабығы, бірнеше қабат эпителий жасушаларынан тұратын тері т.б. Қоректік заттар бойға сіңу үшін олар алдымен ішек эпителиінің апикальдық және базалдық мембраналарынан, содан соң қан тамыры эндотелийінен өтуі керек. Кейбір заттар жасушааралық саңылаулардан өтеді.

     

    Ас қорытылуы кезінде пайда болған өнімдер тоқ ішекте де сіңеді, бірақ онда шіріткіш микробтар әсерімен амин қышқылдарынан зиян- ды улы заттар түзіледі де қанға сіңеді. Сондықтан тоқ ішекте сіңетін қоректік заттардыңарасында, әсіресе, белоктарды синтездеуге керекті амин қышқылдары өте азайып кетеді. Бұл жағдайды ауруды тоқішек арқылы қоректендіргенде ескерген жөн.

     

    90.Проприорецепторлар, олардың қозғалыс функциясын қамтамасыз етудегі ролі.

    Қабылдағыштардың жіктері. Барлық қабылдағыштар екі үлкен топқа бөлінеді: экстерорецепторлар және интерорецепторлар

    Экстерорецепторлар - көру, дыбыс, иіс, дәм, терінің сезімдерін жеткізеді

    Интерорецепторлар қатарына - ішкі ағзалардың жағдайын ишараттайтын висцерорецепторлар мен тірек-қимыл жүйесінің кіреберістік және пропиорецепторлық (проприо - меншікті) қабылдағыштары жатады. 

    Бұлшық, еттерде, тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы адамның қимылдау (кинестетикалық) түйсіктері мен тепе теңдік (статикалық) түйсіктері сезіледі. Дененің ішінде (қарында, ішекте, өкпеде) орналасқан сезім м\шелерін интерорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ішкі мүшелерімізде ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу сынды басқа да қандай процестер болып жатқаны жайында хабар алып отырамыз. Адамның ішкі мүшелерінде туатын осындай түйсіктерді органикалық түйсіктер деп те атайды

    Проприорецепторлар-механорецепторлардың жеке түрі. Сенсорлық органдардың осы элементтеріне сәйкес келетін сезім-проприоцепция.

    Проприоцепторларға бос жүйке ұштарынан басқа, бұлшықет шыбықтары, сіңірлерде шоғырланған Гольджи жиынтығы және фассияларда, сіңірлерде, байламдарда орналасқан пачини денелері жатады.
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


    написать администратору сайта