қалыпты физиология. 1-90 сессия жауап. 1. Жлын. Жлын рылысыны сегменттік принциптері. Жлынны нейрондары
Скачать 329.46 Kb.
|
Шайнау Ауызға келіп түскен ас шайналып ұсақталады , сілекейге шыланып жұмсарады , осыған орай адам астың дәмін , сапасы туралы түсінік алады. Ас кесегін асықпай шайнау , оны әбден жұмсарту тағамның қарында одан әрі корытылуын жеңілдетеді , мұның арқасында , қарынның шырышты қабығы жарақаттанбайды , мұнымен қатар ас қорыту жүйесінің қызметтері тыныс алу, қан айналу қызметтеріне де әсер етеді . Шайнау шартты , шартсыз рефлекстер арқылы шайнау еттерінің қатысуымен іске асырылады . Бұл жақ қимылының нәтижесі . Ауызға түскен тамақты шайнауға , жақ еттерімен қатар , тіл және бет еттері де қатысады . Ас кесегі ауыздағы рецепторларды тітіркендіргенде , олардан шыққан қозу сигналдары афференттік жүйке талшықтарының бойымен сопақша мидары шайнау орталығына жетеді де , торлы құрылым мен көз төмпешіктері арқылы ми сыңары қыртысының қозғалтқыш зонасында орналасқан шайнау еттерін , жиырушы нейрондарды тітіркендіреді . Жақ сүйек жоғары көтеріліп , алға - артқа , солға оңға немесе оңнан солға қарай жылжып , төменгі жоғарғы тістер айқасып , ас кесегін ыскылап, ұсатады . Сілекейге шыланған асты тіл арлы-бері аударып , араластырып жинап жұтуға даярлайды . Жұту Жұту - рефлекс арқылы іске асырылатын күрделі процесс . Жұтқыншақтың шырышты қабығына кокаин жағып ,оның рецепторларын жансыздандырса, яғни олардың тітіркену қабілетінжойса, адам аузындағы асын жұта алмай , қақалып - шашалады . Шайналған ас жұтуға даяр болысымен сопакша мида орналасқан үшкіл , тіл - жұтқыншақ , жоғарғы кезеген жүйкелер арқылы келіп жеткен серпіністер җұту орталығың тітіркендіреді де , тікелей жұту процесіне қатысатын еттерді белгілі бір тәртіппен жиырылтады . Жұту процесі бірінен соң бірі басталатын бірнеше рефлекстерден тұрады, осыған орай ол ауыз , жұтқыншақ және өңеш деп 3 кезеңге бөлінеді . Ауызда шайналып бапталған асты адам өз еркімен жұтуға даярлайды . Көлемі 5—15 см3- дей ас кесегі шайналып бапталған соң , тілдің және ұрт еттерінің итермелеуімен тілдің үстіне қарай жылжытылады . Одан әрі тілдің түбірі көтеріліп ас кесегін таңдайға тақап қысады да таңдай доғасына , содан соң жұтқыншаққа карай ысырады , сөйтіп ауыз iшiн - жұтқыншақтан бөліп тастайды . Жұтқыншаққа ас кесегі өткен кезде алдымен жүмсақ таңдай мен тілшік , жұтқыншаққа қарай көтеріледі де , оның мұрын- бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды , сөйтіп жұтынған сәтте ас кесегінің мұрынға өтіп кетуіне кедергі жасалады . Мұнымен қатар көмекей көтеріледі. Тіл түбірі жұтқыншаққа өткен ас кесегімен көмей қақпақшасын үстінен басады да көмейді жауып тастайды . Одан әрі ас кесегі өңешке қарай жылжиды . Дәл осы кезде жұткыншақ көтеріліп , өңештің кіреберісіндегі сфинктер босаңсып жазылады да өңеш ашылады . Сөйтіп ас кесегі өңешке барып түседі . Өнештің жиырылып , жазылу қимылымен 6-8 секунд ішінде ас қарынға жетеді . Қарын кіреберісіндегі сфинктер босаңсып ашылады да ол қарынға өтеді . 69.Юкстагломерулярлы аппарат. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі. Бұл аппарат гормон тәрізді фермент- рениндібөледі. Ол ең күшті тамыр тарылтқыш зат ангиотензин ІІ түзеді. Ренин сонымен қатар бүйрекүсті безінің қыртысты бөлімінің шумақты аймағында альдестерон өнімін белсендіреді. Ол дистальды және жинақтаушы түтікшеден натрий мен судың реабсорбциясын күшейтеді. Бұл қанның көлемінкөбейтеді одан артериальды кан кысымыжоғарлайды. Юкстамедулярлы жасушалар – бұл жасушаларәкелетін және әкететін артериолалардың ортанғықабатында орналасады. Дамуы бойынша –бұлшықетті, ал қызметі бойныша –секреторлы. Ол ақуызсинтездейтын апппараттан және реннингранулаларынан тұрады. Тығыз дақ жасушалары – олардың саны 20-40,дистальды түтікшенің қабырғасында, әкелетінжәне әкететің артериолалардың ортасындаорналасқан. Бұл жерде базальды мембрана өтежұқа немесе мүлдем жоқ. Бұл жасушаларосморецепторлар. Олар юкстагломерулярлыаппаратқа дистальды бөліміндегі зәрдегі натрий ионы жайлы хабарды беріп тұрады. Юкстоваскулярлы жасушалар немесеГурмагтиг жасушалары – ол әкелетін жәнеәкететін артериолалар мен тығыз дақ жасушаларарасындағы ұшбұрышта орналасады. Ол қосымшаренинді сақтайды. Мезангиальды жасушалар – бұл клеткалардыңжартысы юкстагломерулярлы клеткалар тозғанда ренин бөледі. Жүйе ренин - ангиотензин - альдостерон(қысқартылған RAAS) - қан көлемін және тамырларжүйесінің қарсылығын реттеуге жауаптыкритикалық механизм. Ол үш негізгі элементтен тұрады: ренин, ангиостенсин II және альдостерон. Олар төменқысымды жағдайларда қан қысымын ұзақ уақытқакөтеру механизмі ретінде әрекет етеді. Бұл оғаннатрийдің реабсорбциясын, судың реабсорбциясынжәне қан тамырларының тонусын жоғарылатуарқылы жетеді. Альдостерон, бүйрекүсті безінің қыртысқабатының гормоны, бүйрек өзекшелерінде натрий мен судың қайта сорылуын күшейтеді, соныментамырларда айналатын қанның көлемін арттырады. Нәтижесінде артериалық қысым жоғарылайды. Ангиотензин-IІ өзінің қызметін атқарғаннан кейінерекше протеиназалардың, ангиотензиназалардыңәсерінен толық ыдырайды. Артериалық қысымжоғарылағанда ренин түзілуі төмендейді, Артериалық қысымы төменгенде ренин түзілуіжоғарылайды. Бүйректе паталогия дамығандаренин жоғары мөлшерде түзіледі, сонда тұрақтыгипертензия дамиды (артериялық қысымныңжоғарылауы). Ренин-ангиотензин жүйесі немесе ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі - бұл адам мен сүтқоректілердің гормоналды жүйесі, қан қысымынжәне ағзадағы қан көлемін реттейді. Ренин-ангиотензин-альдестерон каскады жасушаломерулярлы жасушалардағы ренин мРНҚматрицасындағы препорениннің биосинтезіненбасталады және 23 аминқышқылын жою арқылыпроренинге айналады. Эндоплазмалықретикулумда проренин гликозиляциядан өтіп, аспарталық протеазаларға тән 3-D құрылымыналады. Прорениннің дайын формасы 339-341 қалдықтары бар рениннің N-терминалынажалғанған 43 қалдықтан тұратын тізбектен тұрады. Антиотензиногенмен әрекеттесуді болдырмау үшінпроземияның қосымша тізбегі ренинменбайланысты деп саналады. Прорениннің көп бөлігіэкзоцитоз арқылы жүйелік айналымға еркіншығарылады, бірақ кейбіреулері жексембілікжасушалардың секреторлық түйіршіктеріндегіэндопептидазалардың әсерінен ренинге айналады. Секреторлы түйіршіктерде пайда болған ренин кейіннен қанға өтеді, бірақ бұл процесс кальций иондарының жасушаішілік концентрациясыарқылы қысыммен, ангиотензин 2, NaCl арқылыбақыланады. Сондықтан сау адамдардаайналымдағы проренин мөлшері плазмадағыбелсенді ренин концентрациясына қарағанда он есекөп. Алайда, белсенді емес прекурсордыңшоғырлануы неге соншалықты жоғары екендігі әлікүнге дейін белгісіз болып қалады. 70.Жүрек әрекетін реттейтін жүрек ішілік(интракардиальды) механизмдер. Жүрек қызметінің реттелуі. Адам орта есеппен70—80 жыл өмір сүреді . Осы қысқа мерзім ішіндеоның жүрегі күні - түні тоқталмастан белгілі бірырғақпен жиырылып денедегі барлық тканьдергеуақытында және қажет мөлшерде қан жеткізіптұрады . Қандай да болмасын қанға дегенмұқтаждықты жүрек әрдайым қамтамасыз етіпотырады . Жүрек қызметінің осыншама тұрақты әрісенімді болуы эволюциялық даму барысында әбденкемеліне келген реттеу механизмдерінің пайдаболуына байланысты . Жүрек қызметі бір - біріменбіте қайнасқан үш түрлі механизм арқылыреттеледі , атап айтқанда клетка ішінде ( интрацеллю ярлық ) жүрек ішінде ( интракардиялық ) және жүректен тыс ( экстракардиялык ) реттелу механизмдері өзараүйлесім тапкан . Интракардиялық реттелу . Жүрек еті арасындакөптеген метасимпатикалық жүйке жүйесінежататын интрамуральдық нейрондар бар. Олардыңқызметі де әртүрлі . Осыған орай олар сезімтал ( аффренттік ) , аралық , қозғалтқыш ( эфференттік ) , тежеуші нейрондар болып бөлінеді . Сезімталнейрондардың ұшында орналасқан рецепторларжүрек етіндегі механикалық және жүрекқуысындағы гидродинамикалық өзгерістердіқабылдап аралық нейрондарға , сонан соңқозғалтқыш нейрондарға жеткізіп отырады , сөйтіпрефлекс арқылы жүрек қызметінде өзгерістертудырады. Аралық нейрондар арасында тежеушінейрондар бар. Қозғалтқыш нейрон талшықтары өз ұшынан ацетилхолин не норадреналин медиаторларын бөліп отырады .Ацетилхолин жүрек қызметін әлсіретіп , соғуын сиретсе , норадреналин медиаторлары керісінше , жүрек соғуын жеделдетеді . Жүректің осы дербес жүйке жүйесі оның бөлімдері қызметінің өзара байланысын қамтамасыз етеді . Мәселен , денеден оқшау шығарып бөліп алынған жүректің сол қарыншасынан Қолқаға шығарылатын қанның мөлшері оң жүрекшедегі қан көлеміндей болады , жүрек етінің созылу деңгейін сол қарыншаға жүрек ішіндегі жүйке жүйесі хабарлайды . Қолкадағы қан қысымы жоғары болса , жүрек қанға толып , оң жүрекшеге қан әкелетін тамырлар кернеліп тұрса да сол қарыншаның қолқаға шығаратын қан көлемі азаюы мүмкін . Керісінше қолқада қан қысымы төмендесе қарынша қатты жиырылып , ішіндегі қанды үлкен күшпен айдайды , сөйтiп , қолқадағы қан қысымы жоғарылатады . Демек , жүрек бөлімдері қызметің өзара үйлестіретін ондағы нейрондар тобының рефлекстік қызметі. Алайда жүрек қызметі оның автоматиялық қасиетіне , клеткалық механизмдер мен жүректің өзіндегі шеткі рефлекстерге ғана байланысты емес.Жүрек қызметін бүкіл дене қызметіне үйлестіріп,сәйкестендіріп отыратын орталықтағы вегетативтік жүйке жүйесі,яғни экстракардиялық реттелу. 71.Сілекей құрамы, мөлшері мен қасиеттері. Сілекей бөлінудің реттелуі. Сілекей дегеніміз- сілекей өзегі арқылы келіп құйылатын жұптасқан үш сілекей безінің, атап айтқанда: шықшыт жақасты тіл бездерінің , сондай - ақ ауыздың шырыштықабығында бытырай орналасқан ұсақ бездердің сөлі( секреті ) . Жан - жануарда , адам да сілекейкөбінесе тамақ ішкен сәтте шығады . Бір тәулікішінде бөліп шығатын сілекей көлемі әр түліктеәртүрлі . Мәселен , сиыр тәулігіне 50 , адам 1,0—1,2 литр сілекей шығарады . Ит ciлекейiнiң аз - көптігі ауа райына , оның ыстық салқындығынабайланысты . Итте тер бездері болмайды . Сондықтан күн ыстық болып ыссыса , ол денеқызуын бір қалыпты сақтау үшін тілін шығарып , көп мөлшерде сыртқа сілекей шығарады . Адамдасілекей әсіресе тамақ ішкен кезде көбірек шығады , ол басқа уақытта да үзілмейді : ауыз іші үнемідымқылданып тұрады , онсыз адам дыбыс шығараалмайды ( сөйлей алмайды ) . Сілекей қоймалжың , сұйық зат , Оныңқұрамында 0,5-1,5 % құрғақ зат бар, қалғаны су . Сондықтан оның сыбағалы салмағы су дан аз - ақ жоғары ( 1,001-0,017 ) . Құрғақ зат органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады . Бейорганикалық заттардан сілекейде натрий , калий , кальций , магний хлоридтері , сульфаттары , карбонаттары , иодит , бромид , фторидтер және аз мөлшерде роданит тұздары , микроэлементтер бар . Сілекейдің қышқылдық дәрежесі ( рН ) көбінесе осы аталған заттар мен муциннің мөлшеріне байланысты . Әдетте pH — 5,8—7,4 аралығында болады. Сілекейдегі кальцийдің тістің эмаль кабатына өтуі , одан шығуы pH мөлшеріне байланысты . Реакциясы қышқылдау болса ( рН - 6,9 ) кальций эмальдан ауыз қуысына , ал рН — 7,0-8,0 болса эмальга карай өтеді . Сілекей құрамында органикалық заттар (альбумин , глобулин , сияқты белоктар , муция - гликопротеид , ферменттер ) бейорганикалық заттардан 2-3 есе көп . Онда , сондай - ақаминқышқылы , мочевина , несеп кышқылы , креатин , аз мөлшерде креатинин калдыктары бар . Бұлар белок алмасуы кезінде пайда болатын заттар , сілекейге қаннан өтеді . Сілекейдегі әрбір қалдық заттың мөлшері қандағы концентрациясына ( мөлшеріне ) байланысты . Ондагы негізгі фермент а — амилаза , Амилаза " сәл сілтілік жерде полисахаридтерді декстрон сатысынан дисахарид сатысына дейін ( мальтоза , лактоза , фруктоза , сахаро за ) ыдыратады . Қызметі Сілекей ас қорыту процесіне қатысумен қатар қорғаныс қызметін де атқарады : 1 ) ауыздың шырышты қабығы мен тісті ұдайы дымқыл күйін де ұстап , физикалық және химиялық заттардың зардабынан сақтайды , ыстық тамақты суытып , салқын тамақты жылытып , тағам температурасын реттеп отырады ; 2 ) ауызға түскен , тіске қонған заттарды жуып - шайып , оларды ұдайы тазартып отырады ; 3 ) құрамындағы лизоцим ферментінің әсерінен ауыз ішiндегi бактериялар жойылады ( бактериоцидтік әсер ) ; 4 ) құрамындағы нуклеазалар ( кышқылды және сілтілі ) ; рибонуклеазалар , трансаминазалар , пероксидазалар вирустың нуклеин қышқылдарын бұзып - ыдыратып , адам денесін вирустік аурулардан қорғайды ; 5 ) ауыз ішіндегі капиллярларды кеңейтетін Кининдер арқылы ауызда микро қан айналысын күшейтеді де лейкоциттер көп мөлшерде қаннан ауыз қуысына шығып , ауыз қуысындағы микробтарды кұртады ; 6 ) сілекей құрамындағы тромбопластин , антигепариндік фактор . IV , V , VII, X факторлар сияқты заттардың әсерімен қан тез ұйып , ауыздың шырышты қабығына түскен жарақаттар жазылып кетеді ; 7 ) сілекейде , әсіресе шықшыт безі сөлінде фибриныдыратқыш заттар мен қан ұюына кедергі жасайтын заттар бар , бұл заттар без өзегінің бітеліп қалуына жол бермейді , ауыз шырышты қабығын қабыршақтанған өлі эпителийдентазартып отырады , ондагы жаралардың тез жазылып кетуіне себепкер болады т.б. Сілекейдің шығуы және оның реттелуі Сілекей мөлшері мен құрамы жеген тамақтың физикалық қасиеттеріне байланысты . Кептіріліп , ұнтақтаған ет , кeпкен нан, талқан жеген кезде сілекей көп болып бөлінеді . Сүт ішкен сәтте шұбырған сілекей шығады . Тамақтың қасиеті жоқ кейбір заттар , мәселен , құм , қышқылды зат ауызға түссе де сілекей шұбырады . Мұның мәні сілекей ауыз ішіндегі сол заттарды жуып - шайып жібереді , қышқылды сұйылтады. Сілекейдің бөліну ( шығу ) тәртібі . Сілекей , негізінен рефлекстік жолмен бөлініп шығады . Ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы сілекей шығару болып екіге бөлінеді . Шартты рефлекс бойынша сілекей тағамның өзіне таныс белгілі бір түрін көрген , оның нісін сезген кездерде , дәмді тағам еске түскен сәтте , яғни тағамның тікелей ќатысынсыз , ас ауызға түспей тұрып бөлінеді . Шартты рефлекс кезінде ауыз рецепторлары тітіркенбейді, бірак көз , дыбыс , иіс рецепторлары мен еске алу нейрондары қозады . Рецепторлардан шыккан сигналдар ми қыртыстарына жетеді , одан әрі сопақша мидағы сілекей бөлдiрушi орталыққа барып , оны коздырады . Осы орталықтан кері қайтқан парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер , яғни сел шығарушы жүйке талшықтары сілекей бездеріне оралады да , ауыздан сілекей бөлінеді. Сілекей шығарудың осы механизмі іске асу үшін, шартсыз рефлекс, айталық ,тамак ішу, тамақтың иісін сезу т.б. бірнеше рет қайталанып шартты рефлекске айналуы керек. Шартсыз рефлекс тағам ауызға түскен сәттен басталады . Ауыздағы ac көптеген рецепторларды тітіркендіріп , бет , тіл жұтқыншақ , үшкіл кезеген жүйкелердің жұлын - миға қарай тебетін ( афференттік ) , талшықтары мидағы сілекей орталығын қоздырады да эфференттік талшықтары арқылы сілекей бездерінің сілекей шығару қабілетін күшейтеді . Сілекей шығаруға орталық жүйке жүйесінің басқа да бөлімдері — ми қыртысы , гипоталамус , лимбиялық қыртыс қатысады . Сілекейдің бөліну бөлінбеуі көптеген жағдайда көңіл күйге ( эмоцияға ) байланысты болатыны осыдан . Сілекей бездері қызметінін рефлекстік жолмен реттелуі гомеостазга тығыз байланысты . Адам денесінде су азайса сілекей де аз шығады. Бұл да ,сілекей бездері қызметін реттеуге мидағы басқа орталықтардың қатысын көрсетеді . Сілекей без клеткаларында түзіледі . Оның сұйық бөлімі қан плазмасынан алынады , ал құрамындағы әсіресе органикалык заттар без клеткаларының активті қызметінің нәтижесі. 72.Аталық без функциялары (эндокриндік жәнеэкзокриндік). Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Оларжыныс торшаларымен қатар аталық және аналықгормондар бөледі. Жыныс гормондары көбеюмүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, негізгіжәне қосалқы (сыртқы) жыныс белгілеріндамытады, аталық және аналық дарақтарға тәнмінездерді, жыныстық дағдылы әрекеттерді(инстинкг), организмнің пісіп-жетілуін реттейді. Жыныс гормондары холестериннің туындыларыболып табылады. Аталық және аналық гормондараталық бездерде де, аналық бездерде де қатартүзіледі. Мысалы, ер адамның тәуліктік зәрінде 3-10 мкг аталық гормондар және 5-15мкг аналықгормондар, ал әйелдер зәрінде 3-10 мкг андрогендер, 18-36 мкг эстрогендер болады. Аталық гормондар (андрогендер) аталық бездің(еннің) аралық ұлпаларындағы Лейдигторшаларында түзіледі. Ал, бездің Сертолиторшаларында эстрогендер (аналық, гормондар) түзіледі. Аталық гормондарға алъдостерон, изоандростерон, дегидроандростерон, тестостерон жатады. Олардыңарасындағы ең белсендісі -тестостерон. Аталықгормондар анаболизмдік гормондарға жатады. Оларбұлшық етте белоктың түзілуін және жиналуынкүшейтіп, оң азоттық тендестік қалыптастырады, денеге салмақ қостырады, денеде майдыңжиналуын азайтады, бейорганикалық фосфордың, сульфаттың, натрий-калий хлоридтерінің қорғажинақталуын күшейтеді. Еркек жыныс бездері (аталық бездер). Аталықжыныс мүшелерін сыртқы және ішкі мүшелер деп2 топка бөледі. Сыртқы аталық мушелеріне- ұма және жыныстық мүше жатады. Ішкіаталық жыныс мушелеріне аталық бездер, оныңқосалқы бөлімдері (ұрықшығарушы өзекшелер, ұрықтық көпіршіктер, сыңар қуықасты безі) жатады. Аталық без (ен) екеу, мөлшері 4-6 см, салмағы 15-30 г. Аталық бездер - ұманың ішіндеорналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысықұрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ қуысындажатады. Жыныс бездері өзекшелерарқылы ұма қуысына түскен соң, ондағы дәнекерұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұмақуысы құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс бездері ұма қуысына өтпей, құрсаққуысында қалып қойса, жыныс жасушаларыныңтүзілуіне кедергі жасайды. Әдетте, жынысбездері шарана жарық дүниеге шығардан бұрынұма қуысына өтеді. Аталық бездер ағзада екі түрлімаңызды қызмет аткарады. Біріншіден, оларданаталық жынысжасушалары - сперматозоидтар түзіледі. Бұлаталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық бездерден жынысгормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұлаталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездергежатады. Аталық бездерден бөлінген гормондарекінші реттік жыныстық белгілердің жетілуінденегізгі рөл аткарады. Олардың әсеріненжасөспірімдердің дене пішініөзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды және т. б. Аталық бездер көптеген ұсақ ұрықтықөзекшелерден тұрады. Аталық бездерде жынысжасушаларының жетілуі де, екінші реттікжыныстық жетілумен тікелей байланысты. Аталықбездерде жетілген сперматозоидтар ұрықтықөзекшелері арқылы алдымен ұрықтықкөпіршіктерге жиналады. Ұрықтықкөпіршіктеріндегі және қуықасты бездеріненбөлінген сұйықтық шәует (сперма) деп аталады. Шәуетпен араласкан сперматозоидтар зәршығаруөзегі арқылы өтеді. Ер адамдарда зәршығару өзегіарқылы зәр заты да, шәует те сыртқа шығарылады. Шәуеттің құрамында сперматозоидтар өте көпболады. Мысалы, 1 см3 шәуетте қалыпты жағдайда60 млн сперматозоидтар кездеседі. Сперматозоидтарда кез келген жасушаға тәнбөліктер (цитоплазма, ядро және т. б.) болады. Басқа жасушалармен салыстырғандасперматозоидтардың пішіні өзгешелеу, өте ұсақ(шамамен 7 мкм) және қозғалғыш. Әрбір сперматозоид бас, мойын және «құйрық» - талшықтан құрылады. Олар талшықтарыныңкөмегімен минутына 2-3 мм жылдамдыкпенқозғалады. Еркек жыныс бездері жұп санды болып келеді жәнедене қуысынан тысқары орналасқан. Себебі, сперматогенздік процесс қалыпты жүру үшінтемпература 350С аспауы қажет. Эмбриогенездікдаму барысында ұрық бездері дененің бел омыртқатұсында пайда болып, кейіннен хориондыгонадотропин гормонының қатысуымен сыртқыортаға шығарылады. Еркек жыныс бездерінің қызметі гипофизға тәуелдіекендігі туралы алғашқы мәліметтер 1920-1930 жылдарда қалыптасты. Мысалы, гипофизді алыптастағанда аталған бездер солып, олардыңгормондарының организмге әсер кенет азайған. Ал, ондай жануарларға гонадотропты гормондаренгізгенде бездің қызметі бастапқы қалпынакелген. |