Главная страница
Навигация по странице:

  • , инсулин , сульфаттар

  • Заттардың сыртқа шығарылуының ең төменгі табалдырығы деп

  • Түтікшенің сіңіру қабілеті өте жоғары .

  • 52.Жүрек жұмысы кезіндегі электрлікқұбылыстың пайда болуы. Электрокардиограмманың тісшелері мен сегменттері және олардың миокардтағы қозу процесімен байланысы. Электрокардиография

  • 53.Бүйрекүсті безінің қыртысты затының гормондары, олардың зат алмасуда және организм функциясын реттеудегі ролі.

  • Глюкокортикостероидтардың физиологиялық әсері

  • Минералокортикостероидтардың физиологиялық әсері

  • Андрокортикостероидтардың физиологиялық әсері

  • 54.Бүйректің концентрациялық функциясы. Кері айналдыра ағызу жүйесі .

  • 55.Жүрек циклы және оның фазалық құрылымы. Жүрек жұмысы кезіндегі, жүрек дыбысының туындауы. Жүректің циклы

  • Жүректің дыбысы туындауы

  • 56.Бүйрекүсті безінің милы затының гормондары, олардың зат алмасуда және организм функциясын реттеудегі ролі.

  • қалыпты физиология. 1-90 сессия жауап. 1. Жлын. Жлын рылысыны сегменттік принциптері. Жлынны нейрондары


    Скачать 329.46 Kb.
    Название1. Жлын. Жлын рылысыны сегменттік принциптері. Жлынны нейрондары
    Анкорқалыпты физиология
    Дата29.09.2021
    Размер329.46 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-90 сессия жауап.docx
    ТипДокументы
    #239084
    страница10 из 17
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

    51.Өзекшелердегі реабсорбция және оның реттелу механизмдері. Өзектегі секреторлыпроцестер.

    Түтікшелерден қайта сіңу көбінесе осмостық градиент күшіне қайшы келетін негізінен белсенді үрдіс . Ол түтікшелерден жасушааралық сұйықтыққа және қанға қысыммен тасылатын көптеген ферменттік жүйелердің қатысуымен іске асады . Оған жұмсалатын энергия да ұшан теңіз . Сол себептен бүйрек өз қызметіне қажет оттегін көптеп сіңіреді, бүйректегі қан айналымы да басқа мүшелерден анағұрлым жоғары . Цианидпен уланған және тоңазытылған бүйректе қайта сіңу нашарлайды да осыған орай соңғы несеп көлемі көбейеді . Кейбір заттардың градиент концентрациясына қарамастан түтікшелерде мүдірместен қайта сіңуі олардың белсенді тасымалданатынын дәлелдейді . Алғашқы несеп құрамындагы кейбір заттардың таңдамалы түрде қайта сіңуі де түтікшелердегі реабсорбцияның белсенді үрдіс екенін көрсетеді . Бірқатар заттар яғни, инсулин , сульфаттарбүйректе мүлде қайта сіңбейді , олар тіпті түтікше эпителиінде қосымша мөлшер де сыртқа шығады . Ал кейбір заттар , мәселен мочевинааз мөлшерде ғана қайта сіңеді , сондықтан концентрациясы түтікшелерде су қайта сіңген сайын біртіндеп жоғарлайды .

     

    Қайтадан сіңетін глюкозаның , NaCI , басқа да тұздардың сіңу дәрежесі олардың қандағы концентрациясына байланысты . Мәселен , глюкоза концентрациясы қанда 150-180 мг / л  болса , ол алғашқы несеп түтікшелерден өткенде қайтадан толық сіңеді , ал одан жоғары болса , айтарлықтай сіңбей соңғы несепке қосылады . Осыған орай белгілі бір заттардың түтікшелерде таңдаулы түрде қайта сіңуіне байланысты сол заттардың сыртқа шығарылуының ең төменгі табалдырығы туралы ұғым туады . Заттардың сыртқа шығарылуының ең төменгі табалдырығы деп- түтікшелерде толық сіңбей , соңғы несепке қосылатын заттың қандағы концентрациясынайтады . Қайтадан сіңетін заттар арасында төменгі табалдырығы жоқ заттар да бар . Олар , атап айтқанда , инулин , креатинин . Олардың қандағы концентрациясы өте жоғары болса да , түгелдей сыртқа шығарылады . 

     

    Сонымен , бүйрек түтікшелерінде өтетін таңдамалы қайта сіңіру үрдісі - белсенді үрдіс .Түтікшелерде тек су ғана әдеттегі тәртіппен сіңе береді , яғни осмостық градиент күшіне қарай сіңеді . Сондықтан да су “ электролиттердің құлы " деп аталады , оның сіңуі электролиттерге тәуелді .

     

    Қайта сіңу үрдісі бүйрек түтікшелерінің құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты . Жоғарғы иірім түтікшелер қабырғасы көмкерілген цилиндр тәрізді эпителийден тұрады .Түтікшенің сіңіру қабілеті өте жоғары . Генле ілмешегі төменгі дистальды түтікшелер мен несеп жинаушы түтіктер бір - біріне параллель орналасқан . Бұлар бүйректің ішкі қабатына тереңдеп ми қабатының емізікше бөліміне дейін енеді . 

     

    Көмкерілген цилиндр тәрізді эпителийдің сіңіру қабілетін білу үшін қаздың несеп жолына , яғни бүйректің шыға берісіне фистула қойылады . Мұндай қаздан тәулігіне 2 л несеп жинап алынды . Ал қаз әдетте 0,1 мл несеп шығарады . Демек , қаздың несеп жолы өте қысқа болса да , сіңіру қабілеті өте жоғары . Жоғарғы иірім түтікшелерінде қайта сіңу қарқыны өте күшті . Нефронның бұл бөлігінде шумақта сүзіндінің 85 % -і  қайта сіңеді , яғни бір тәулік ішінде түзілген 150-180 л алғашқы несептің 125-145 литрі қайта сіңеді , ал 15 % -і одан әрі жылжиды .

     

    Na иондары түтікше сұйығына эпителий арқылы тасылады . Бұл үрдіске сукцинатдегидрогеназа ерекше ферменті қатысады . Зерттеу нәтижесіне қарағанда , нефронның бөлігінде қайта сіңу  салыстырмалы тұрақты келеді . Ол гомеостазға байланысты емес . Сондықтан жоғарғы реабсорбция облигаттық реабсорбция деп те аталады . Яғни барлық жағдайда жасалған ультра сүзіндінің 7/8 бөлігі нефронның осы бөлімінде қайта сіңеді .

     

    Нефронның төменгі бөліміндегі жоғары және төмен жүретін тура түтікшелерде жәнеГенле ілмешегінде , иірім түтікшелерінің төменгі бөлімінде , несеп жинайтын түтіктерде реабсорбция тұрақсыз, деңгейі өзгеріп отырады , оның мөлшері су мен тұздар алмасуына байланысты . Сондықтан бұл бөлімдегі реабсорбция қажетті реабсорбция деп аталады . Судың бұл реабсорбциясы денеде су көбейгенде төмендейді де , несеп сұйылады , оның көлемі де көбейеді , ал денеде дегидратация үрдісі басталса , керісінше несеп  қоюланады , оның көлемі азаяды , яғни бүйректің несепті концентрациялау қабілеті айқын белгіленген .

     

     

    52.Жүрек жұмысы кезіндегі электрлікқұбылыстың пайда болуы. Электрокардиограмманың тісшелері мен сегменттері және олардың миокардтағы қозу процесімен байланысы.

    Электрокардиография — жүрек жұмысы кезінде туындайтын электр өрістерін зерттеу және тіркеу әдісі. Электрокардиография кардиологияда қолданылатын электрофизиологиялық аспаптық диагностика әдісі болып табылады.

    Электрокардиографияның нәтижесінде электрокардиограмма алынады. Электрокардиограмма (ЭКГ) — жүрек жұмысы нәтижесінде туындайтын және дененің бетінде жүргізілетін потенциалдар айырмасының графикалық көрінісі.

    Қалыпты ЭКГ

    ЭКГ-да негізінен 5 тізшені ажыратуға болады: P, Q, R, S, T. Кейде U толқынын да байқауға болады. P тізшесі жүрекшелер миокардының қозу үрдісін көрсетсе, QRS кешені — қарыншалар систоласын, ST сегменті және T тізшесі қарыншалар миокардының реполяризация үрдісін көрсетеді. U тізшесінің түзілу табиғаты жайлы зерттеушілердің көрқарастары ажырайды. Бірқатары осы тізшенің түзілуі капиллярлы бұлшық еттердің немесе Пуркинье талшықтарының реполяризациясымен сипатталады деп есептесе, басқалары – диастола кезінде миокард жасушаларына калий иондарының кіруіменен байланысты деп есептейді.

    53.Бүйрекүсті безінің қыртысты затының гормондары, олардың зат алмасуда және организм функциясын реттеудегі ролі.

    Бүйрек үсті бездерінің гормондары. Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтарды түзеді. Олардың бәрі де холестериннің туындысына жатады. Мұның ішіндегі тек қана негізгі онында биологиялық белсенді гормондық қасиет бар. Қалғандары осы негізгі гормондардың өніміне, немесе олардың ыдырауынан пайда болған заттарға жатады да көбінесе қанға өтпейді. Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді :

    1) глюкокортикостероидтар (ГКС);

    2) минералокортикостероидтар (МКС);

    3)Андрокортикостероидтар (АКС);

    Глюкикортикостероидтар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шоғырлы зонасында түзіледі. Бұл топқа кортизон ( өте белсенді гормон), гидрокортизон және кортикостерон ( белсенділігі төмендеу ) жатады. Кортизон молекуласының С17 бөлігінде окситобы болғандықтан оларды 17-оксикортикостероидтар деп те атайды.

    Глюкокортикостероидтардың физиологиялық әсері:

    Глюкокортикостероидтар көмірсулар, белоктар, майлар алмасуына әсер етеді, ұлпаларда белоктың ыдырауын күшейтіп, олардың синтезін бәсеңдетеді. Глюкокортикостероидтар әсерімен қан құрамындағы амин қышқылдарының мөлшері өсіп, олар бауырда глюкоза мен гликогенге айнала қордағы май шығыны артып, қуат алмасуы күшейеді. Бұл гормондар антиденедердің түзілуін баяулатып, қабыну процесін өршітпеуде маңызды орын алып, булығу (стресс) тудыратын әр түрлі қолайсыз факторлардың әсеріне бейімделуде маңызды рөл атқарады.

    Минералокортикостероидтардың физиологиялық әсері:

    МКС -тың негізгі физиологиялық әсері - су мен тұздың алма суына ыкпалы жатады.  Бұл бүйректінінде, тер мен сілекей бездеріне, ас қорыту жолының шырышты қабығының жасушаларына әсер ету арқылы қол жеткізіледі.  Бүйректегі түтікшелердің аппаратының ұшқары бөлімінденатрийдың кері сіңуін альдостеронының арттыруы іс жүзінде дәлелденді.  Бұл әсердің арқасында денеде Na, CI иондары жиналып,соған сәйкес ағзаға осмос эквиваленттік саны жиналады.Сонымен қатар, альдостеронныңәсерінен К ', сутек, аммоний организмнен шығарылады.

    Андрокортикостероидтардың физиологиялық әсері:

    Андростерон,эстрол және прогрестерон торлы зонаның жасушаларында түзіледі.Жыныс гармондарына қарағанда бұлар анағұрлым әлсіздеу келеді.Дегенмен бұлар жыныс бездерінде түзілетін гармондар тәрізді әсер етеді.Бұлардың маңызы әсіресе балалық,кәрілік шақта зор болады.Адам қартайып,жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде  бүйрекүсті бездері негізгі жыныс гармондарын түзуші ағза болып қалады.

     

    Бүйрек үсті безінің қыртыстық бөлігінің қызметі нашарласа адам аддисон дертіне шалдығады тері қола түске боялып, адам арықтайды, тәбет нашарлап, қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, астения пайда болып, ішкі ортада натрий мөлшері азайып, калий мөлшері көбейеді. Бездің боз затында адреналин және норадреналин гормондары түзіледі. Бұл гормондар катехол туындысы болғандықтан катехоламиндер деп аталады. Олардың әсері симпатикалық нерв әсеріне ұқсас, сондықтан оларды симпатикалық аминдер деп те атайды. Адреналин тираминнің туындысы, ал норадреналин метилсізденген адреналин болып табылады, оның құрамында метил тобы болмайды.

    54.Бүйректің концентрациялық функциясы. Кері айналдыра ағызу жүйесі.

    Бүйректің организмдегі ең негізгі қызметі - сыртқа шығару. Сонымен қатар ішкі орта тұрақтылығын, сілті-қышқыл тендігін, осмос қысымын, тамырындағы қан көлемін, басқадаішкі сұйықтық ортаның көрсеткіштерін қамтамасыз ететін бір топ қызметтік жүйе жұмысын орындатуға қатысады. Бүйрекпен шығарылатын несеп құрамы, қасиеті және мөлшері, ондағы пайда болған әртүрлі өзгерістерге байланысты. Осыған сәйкес, ішкі және сыртқы ортаның әртүрлі күрт өзгерістерінің әсерінен пайда болған информация орталық жүйке жүйесіне толып жат-қан саны көп әртүрлі рецепторлардан мысалы, ноцицептивтік немесе ауру, қысым, хемо-, волюмо-, термо- тағы да басқа рецепторлардан барады. Осылардың көмегімен шығару мүшелерінің жүйкелік және гуморальдық реттелу іске қосылады. Реттелу жалпы диурезді  өзгертумен қатар, зат алмасудың толып жатқан соңғы өнімдерін, тұздарды, дәрілерді, суды т.б. заттарды организмнен шығарады.

    Бүйрек вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және пара-симпатикалық жүйкелерімен қамтамасыз етілген.

    Л.А. Орбели лабораториясының зерттеу қорытындыларынан кезеген жүйкенітітіркендіргенде несеп құрамындағы хлорлы натрий азайғаны, ал осы жүйкені кескенде көбейгені байқалған. Парасимпатикалық жүйкенің мүндай әсері түтікшелердің кері сіңуінің өзгеруінен пайда болады.

    Бүйректің симпатикалық жүйкесі кесілсе, несеппен хлорлы тұздардың шығарылу мөлшері көбейеді. Симпатикалық жүйкені тітіркендіргенде негізінен Мальпиги шумақтарының қан тамырлары тарылады да, бүйректе несеп жасалуы бір бағытта өзгермейді. Артериола тарылғанда, осы әсерге байланысты несеп шығарылу мөлшері едәуір азаяды. Ал егер де қанды алып кететін тамыр тарылса, сүзілу қысымы жоғарылап, несеп жасалу көбейеді.

    Диурездің рефлекстік өзгеруі толып жатқан дене сыртында және ішкі ағзаларда, соның ішінде несеп бөлетін мүшелерде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен болады. Несепағардың несепте пайда болған таспен тығындалып қалуы, тек қана тығындалған бүйректе несеп шығарылуын тоқтатып қоймайды, сонымен бірге рефлекстік жолмен екінші бүйректе де несеп шығарылуын төмендетеді.

     

    55.Жүрек циклы және оның фазалық құрылымы. Жүрек жұмысы кезіндегі, жүрек дыбысының туындауы.

    Жүректің циклы
    Жүрек мниутына 70-72 рет соқса, жүрек циклы (айналымы) 0,8—0,9 секке тең болады. Жүрек соғуы жиілесе не сиресе, оған орай айналым уақыты не ұзарады, не қыскарады. Айналымуақыты көбінесе диастоланың ұзақтығына байланысты, яғни жүрек соғуы жиілесе, оның дем алысы (диастоласы) қысқарады.Систолаға қажет уақыт мөлшері көбінесе өзгермейді.Жүрекайналымы 0,1 секундке созылатын жүрекше систоласынан басталады. Оң жүрекше жнырылуы 0,01 секундтей ертерек басталады. Өйткені онда жүректі қоздыратын синоатриалдық түйін орналасқан. Қозу осы түйінде туады да, оң қарыншаға бұрынырақ жайылады. Систола кезінде жүрекшелерде қан қысымы с.б. б. 5—8 мм-ге жетеді. Бұл уақытта қарыншалар диастоладаболады, ал атриовентрикулярлық қақпақшалар ашық болғандықтан қан жүрекшеден қарыншаға құйылып тұрады.Жүрекше жиырылған сәтте оған қан жеткізетін веналардың өзегі қысылып жабылып қалады. Сондықтан қан жүрекшеден веналарға қарай кері қайтпайды, веналарда қысым төмен болғанмен де қан өтпейді.Систоладан кейін жүрекше диастоласы және қарынша систоласы бір мезгілде басталады. Қарынша систоласы 0,33 секундке созылады, ол ширығу және қан айдау (шығару) кезеңдері болып екіге бөлінеді. Ширығу — 0,08, қан айдау — 0,05 секундке созылады. Ширыгудың өзі екі кезеңнен тұрады: 0,05 секундке созылатын асинхрондық жиырылу мен 0,03 секундке созылатын изометрлік жиырылу. Асинхрондық кезеңде қарынша еттерінің бәрі бірден жиырылмайды. Жиырылу қозуға сәйкес ет талшықтар тобын біртіндегі қамтиды. Қарынша қуысында қысым онша өзгермейді, сондықтанатриовентрикулярлық қақпашалар ашық калгында қалады.Изометрлік кезеңде қарынша еті түгелдей ширығады (қатаяды), бірақ оның қуыстары қанға толы болғандықтан жиырыла алмайды, яғни ет талшықтарының ұзындығы өзгермейді. Сондыктан да бұл кезең изометрлік кезең деп аталған (грек. Isos бірдей, метр ұзындық). Мұнда ет талшықтарының қатаюына байланысты қарыншалардағы қан қысымы біртіндеп көбейеді.Жүрек қақпақшалары жабық қалпында қалады. Сондықтан қан қысымы көтеріледі, ол қарыншалардан шығатын қолқа мен өкпесабауындағы кысымнан асып түскен соң айшық қақпақшалар
    ашылып, ширығу кезеңі қан айдау кезеңіне ұласады. Ширығудың изометрлік кезеңінде сол карышада қан қысымы с. б. б.70-80 мм-ге, оң қарынша 15—20 мм-ге жетеді. Оң қарыншадағы қысым сол қарыншадағыдан 3-4 есе төмен болатыны, оның қабырғасындағы еттің соншалық жұқа болуына байланысты.
    Қарыншалар систоласының қай айдау кезеңі айшық қақпақшалардың ашылу мезгілінен басталады. Бұл тез және баяу қан айдау кезеңдеріне бөлінеді. Тез қан айдау кезеңі -0, 12, ал баяу қан айдау кезеңі — 0, 13 секундке созылады.Қан айдау кезеңіндеайшық қалпақшалар ашылғаннан кейін қанның қарыншалардан қан тамырларына ығуына мүмкіншілік туып, талшықтары жиырылып қатты қысқарады, сондықтан карыншадағы қан қысымы арта түседі. Баяу кезең аяқтала бастағанда Миоциттер катты жиырылғандықтан қысым одан әрі көтеріледі. Сол қарыншадағы кысым с. б. б. 120-130 мм-ге дейін артады, ал Оң қарыншада 25—30 мм-ге жетеді. Кан айдаудың баяу кезеңіндеқанның қарыншалан колка мен өкпе артериясына өтуін қамтамасыз ету үшін қан тамырлары қысымынан көтеріліп келе жатқан
    қарыннадағы қан қысымы жоғары болуға тиіс. Осыған орай жүректің жиырылуы да күшейе түседі.Қан айлау кезеңі аяқталысымен қарынша диастоласы басталады, ол 0,47 секундке созылады. Бұл 4 кезеңнен тұрады: протодиастола, изометрлік босау, қанға толу, пресистолалық.
    1. ПротоДиастола кезеңі қарына диастоласының алғашқы
    1-ші сатысы, оның ұзақтығы 0,04 секун. Жүрек еттерінің бәрі бірдей бір мезгілде босай алмайды, біртіндеп топ-тобымен босайды.Сондықтан қарыншалардан қан қысымы әлі де болса жоғары болғандықтан, ол біртіндеп төмендейді, айшық қақпақшалар атылган күйінде қалады.

    2. Изометрлік босау кезеңінде (ұзақтығы 0,08 секунд) айрық қақпақшалар жабылады да, ал жақтаулы қақпақшалар ашылмай жабық күйінде қалады. Ет талшықтары тұтас және бір мезетте босаңсуына байланысты қарынша қуысында қысым бастайды. Бұл қысымның деңгейі жүрекшедегі қысымнан
    мендеген сәтте қос жақтаулы және үш жақтаулы қақпақшалар ашылады да, қан қарыншаға құйыла бастайды. Олан əрі үшінші кезең басталады.
    3. Жүректің қанға толу кезеңі ең ұзақ 0,25 секунд созылады. Бұл екі кезеңнен тұрады: тез толу (0,08 с), баяу толу (0,17 с). Қарыншаның қанға тез толу себебі: жүрекше-қарынша систоласы кезінен бастап ұзақ уақыт босаған қалпында (диастола) қалады да әбден қанға толып керіледі, ондағы қан қысымықаннан босаған қарыншадағы қысымнан едәуір артық келеді,
    Сондықтан қан жүрекшелерден лақылдап қатты ағады. Бірақ келесі кезенде қарынша қанға тола бастасымен күрекшедегі қанның қарыншаға ағуы баяулай бастайды. Қарынналардың систоласы және диастоласы кезінде жүрекшелер диастола қалпында болғандықтан да оған қуысты веналардың екеуінен де қан құйылып тұрады, сөйтіп жүрек диастоласының үшінші кезеңінде жүрекше де, қарынша да қанға толады. Екеуінің аралығындағы
    Қосжақтаулы және унижақтаулы қақпақшалар ашық күйінде қалады. Қорыта келгенде, жүрек көбіне диастола кезінде қанға толады,
    4. Пресистола кезеңінде (ұзақтығы 0,1 с) жүрек циклының
    жаңа кезеңі басталады, яғни жүрекшелер жиырылады да қарыншаға қосымша қан құйылады.Журек минутіне 65—80 рет соғады. Жүрек соғуы сиресе (минутына 40—50) брадикардия деп, ал жиілесе (минутіне 150) тахикардия деп аталады. Сырқаттанған кезде жүрек шектен тыс жиі соғуы мүмкін. Минутіне 400 рет соқса, оны аyniлдеу (трепетание) деп, ал 600-ге жиілесе, оны жыбырлау (мерцание) деп атайды.

     

    Жүректің дыбысы туындауы

    Аускультация I (систолалық) және II (диастолалық) деп аталатын екі жүрек дыбысын тыңдауға мүмкіндік береді.

    Тыңдағанда, әуелі ұзақ тонустың ұзақ дыбысы естіледі - бірінші жүрек тоны, Қысқа үзілістен кейін одан жоғары және қысқа дыбыс естіледі - екінші тон. Осыдан кейін үзіліс болады. Бұл реңктер арасындағы үзіліске қарағанда ұзағырақ. Бұл реттілік кез-келген жүрек циклында естіледі.

    Бірінші тон қарыншалық систоланың басталуында пайда болады (систолалық тон). Оның негізіне: 1) атриовентрикулярлық қақпақшалар (клапанның компоненті) төмпектерінің тербелісі, 2) бұлшықет талшықтары олардың жиырылуы кезінде пайда болатын тербелістер (бұлшықет компоненті), 3) жартылай айшық клапандарының ашылуы және қолқа мен өкпе артериясының қан тамырларының созылуы (тамырлы компонент) жатады. Бірінші тон күңгірт, созылмалы және төмен жиілікті сипатталады.

    Екінші тон қарыншалардың диастоласы басталған кезде пайда болады (диастолалық тон). Оның пайда болуы: 1) жартылай айна клапандарының соғылуымен (клапан компоненті) және 2) тербелістер ірі тамырлардың қан тамырларына (тамыр компоненті) өтеді.

    Бұл тон қоңырау, қысқа және жоғары дауыспен сипатталады.
    56.Бүйрекүсті безінің милы затының гормондары, олардың зат алмасуда және организм функциясын реттеудегі ролі.

    Бүйрекүсті безінің милы қабаты. Бүйрекүсті безінің милы қабатында негізгі 2 гормон — адреналин (А) мен норадреналин (НА) түзіледі. А негізінен бүйрекүсті бездерінде ғана, ал НA басқа даағзаларда пайда болады және адренсинергиялық синапстардағы қозуды өткізетін медиатор ретінде де бөлінеді. А, НА және дофамин – биогендік катехоламиндерге жатады. Олар тирозиннің туындысы болып есептеледі (сондықтан да бұл гормондар тирозиназа ферментінің әсерінен ыдырайды).Катехоламиндер организмдегі барлық тканьдер мен клеткаларға әсер етіп, оларда күрделі биохимиялық процестерді тудырады ми және көптеген физиологиялық процестердің ерекшеліктерін айқындайды.Катехоламиндердің әсер ету механизмі түрлі күрделі биохимиялық процестермен байланысты. Ол процестеркатехоламиндердің мембраналык рецепторлармен яғни адренорецепторлармен арнайы байланысы кезінде пайда болып, адрелинциклазаның белсенділігімен клеткадағы түрлі биохимиялық процестердің жылдамдығына байланысты өтеді. Организмде адренорецепторлар өте көп. Түрліткань клеткаларындағы орнына, арнайы рецепторлардың нысана клеткалардың мембранасында орналасу тығыздығына, олардыңтүрлі химиялық заттарға таңдамалы сезімталдығына (әсіресе катехоламиндердің өздеріне сезімталдығына) және жауап реакциларына байланысты С және В адренорецепторлар бар.

    Катехоламиндер (А, НА) химиялық ұқсастығына қарамастан физиологиялық әртүрлі әсер етуі, олардың таңдамалылығына түрлі цитоплазмалық мембраналардың адренорецепторларымен (А, B)қарым-қатынасына, ағзалардың құрылысына байланысты келеді.Ферменттік ыдырауына байланысты катехоламиндердің адренорецепторларға әсері өте қысқа мерзімде өтеді және ол пайда болған өзгерістерді қалпына келтіруге жүйке рефлекстік және гуморальдық механизмдер қатысады.
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17


    написать администратору сайта