қалыпты физиология. 1-90 сессия жауап. 1. Жлын. Жлын рылысыны сегменттік принциптері. Жлынны нейрондары
Скачать 329.46 Kb.
|
Бүйрекүсті бездерінің милы қабатының гормондарының физиологиялық әсері,олардың зат алмасуда және организм функциясын реттеудегі ролі. Катехоламиндердің организмге әсері өте көп жәнежан-жақты, 1. Адреналин жүрек-қан тамырлар жүйесіне өте күшті әсер етеді: а) жүректің жұмысын күшейтіп соғу ырғағын тездетеді, қозғыштығын ұлғайтып, өткізгіш жүйесі бойынша серпініс өтуін жақсартады; ә) қан тамырларын тарылтады. Дененің әр жеріндегі тамырларының адреналинге сезімталдығы әртүрлі. Мысалы: ішкі ағзаларды (бауыр, ішек, қарын) қанмен қамтамасыз ететін артериола тамырларының қабырғасын босаңсытады, ал оған байланысты қаңқа бұлшықеттеріне келетін қанның мөлшерін көбейтеді. Жүректің қантамырларының көлденең қимасы адреналиннің әсерінен кеңейедіде, жүрек еттерін қанмен қамтамасыздандыру жақсарады; б) жүрек қызметі мен қан тамырларының кернеуін өзгерту арқылы адреналин қанның қысымына әсер етеді. Оның мұндай әсері көбіне қысқа мерзімде байқалады. Қан қысымының артуы гормонның әсері басталғандағы жағдайға, адреналинді ыдырататын ферменттің белсенділігіне, мөлшеріне байланысты. 2. Ішектің бірыңғай салалы еттеріне әсер етеді. Оның тонусын төмендетіп қозғалысын тежейді.3. Бронхының бірыңғай салалы еттерін босаңсытады.4. Көздің қарашығын үлкейтеді.5. Екіқабат әйелдің жатырының бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын пайда етеді.6. Тері түктерінің қапшықтарының етін жиырады, сондықтанадамның эмоция кезінде төбе «шашы тік тұрады,7. Көмірсулардың алмасуына әсер етеді8. Бауыр еттеріндегі гликогенолизді күшейтіп, гипергликемиямен глюкозурияны тудырады;9. Майдың алмасуына әсер етеді. Ол липолизді күшейтіп липогенезді басады, майдың тотығуын күшейтеді. Мұның бәрі күшті тітіркендіргіштің әсері кезінде организмнің энергиялық мүмкіндіктерін толық пайдалануға бағытталған.Кенноның пікірінше адреналин «авариялық гормон», «эмоциялық гормон» болып есептеледі.Әсіресе қауырт жағдайларда (экстремальдык) Katexova MHN-дер: а) бұлшықеттердің жұмысын күшейтеді; ә) рецепторлардың сезімталдығын, (асіресе көру, есту), вестибулярлық аппараттардың жүйесін күшейтеді.Бүл өзгерістер қауырт жағдаа да организмнің қызметін сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына бейімдеуге бағытталған.Сонымен бүйрекүсті бездерінің милы және қыртысты қабаттарынын гормондарын бейімдеуші (адаптациялык) гормон деп атаған дүрыс. 57.Организмнің ішкі ортасындағы осмостық тепе-теңдікті сақтаудағы бүйректің ролі. Осмостық қысым деп - еріткіш молекулаларын өткізіп, еріген затты өткізбейтін жартылай өткізгіш қабық (осмометр) арқылы еріткіштің қозғалысы. Бұл тепе теңдікті сақтауда бүйректің ролі Қан және басқа сұйықтықтардың осмостық қысымын ретеуді изоосмия деп атайды. Қанға шамадан тыс көп мөлшерде тұз түссе, оның осмос қысымы жоғарылайды. Соның салдарынан толып жатқан қан тамырларының қабырғасында гипоталамуста орналасқан осморецепторлар тітіркенеді. Осморецепторларда пайда болған сигналдар гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядросына беріледі де, АДГ жасалуын көбейтеді. Гипофиздің артқы бөлімінен қанға АДГ көп мөлшерде түседі де, несеп жинайтын түтік нефрондарында кері сіңуді күшейтіп, суды ұстап қалады. Соның нәтижесінде көлем аз, бірақ құрамында тұзы көп несеп жасалады да, организм артық тұзды несеппен шығарып, қажетті суды сақтап қалады. Егер организмге мөлшерден тыс артық су енгізілсе, қанның осмос қысымы төмендейді. Мұндай жағдайда осморецепторлардың тітіркенуі нашарлап, АДГ бөлінуі рефлекстік жолмен төмендейді, ал ол диурезді жоғарылатып, организм артық судан құтылады, қанның осмос қысымы қалыпты жағдайына келеді. 58)Гемодинамика. қан тамырлар арқылы қанның жылжуын қамтамасыз ететін факторлар. Қан тамырлар арнасының әр түрлі бөлімдерінің функциялық сипаттамасы. Қанның тамырлар бойымен қозғалысын - гемодинамика деп атайды. Тамырлар арқылы қанның қозғалысын қамтамасыз ететін факторларға: қан қысымы, қан ағысының жылдамдығы (көлемдік, сызықтық) және қантамырлардың тонусы, яғни қан ағысына көрсететін кедергісі жатады. Қысым – қанның тамырлардың бірлік ауданына түсіретін күші. Артериядағы қан қысымы жоғары, ал венадағы қан қысымы төмен. Егер қан қысымы төмендеп кетсе, артерия мен венадағы қан айырмасы азайып, қан тамыр бойымен жылжымай қалады. Қан ағысының жылдамдығы – 3 түрлі өлшеммен сипатталадыы: көлемдік, сызықтық, қан айналымының толық мерзімі. Көлемдік жылдамдық – тамыр түтігінің тұратқы диаметрі арқ белгілі уақыт ішінде өтетін қан көлемі. Қан ағысының сызықтық жылдамдығы – қан тамшысының бір сек арасынла өткен жолы. Қан айналымының толық мерзімі - 1 тамшы қанның үлкен және кіші қан айналу шеңберлерінің 1 айналып шығатын уақыты. Сау адамда – 17-25 сек. Адам жүрегі 20 сек 25 рет соғады. Қан айналысы – гемодинамика, ол гидродинамика заңдарына бағынады. Жүректің сол қарыншасынан қолқаға қан тек систола кезінде өтеді, дегенмен оған қарамастан қан тамырларда үздіксіз ағады. Себебі: ірі артериялар қабырғасында серпімді талшықтар көп. Қан ағысының көрсеткіштері – қан қысымы, қан ағысының жылдамдығы (көлемдік және сызықтық), қан тамырларының тонусы, яғни қан ағыына көрсететін кедергісі. Қан қысымы. Тамырдағы қан қысымы оны жылжытумен бірге тіршілікке керекті күрделі процесстерді қамтамасыз етеді. М/ы: қоректік заттардың ішек қабырғасы арқылы қанға, қаннан денедегі клеткаларға өтуі, бүйректегі сүзілу процестері, несептің түзілуі. Артериядағы қан қысымы жоғары, ал венадағы қан қысымы төмен. Егер қан қысымы төмендеп кетсе, артерия мен венадағы қан айырмасы азайып, қан тамыр бойымен жылжымай қалады. Қан қысымы қан тамырлардың әр бөлімінде әртүрлі: 1. Қолқада – с.б.б. 120-130 мм 2. Орташа артерияда – 100-110 мм 3. Артериолада – 70-80 мм 4. Капиллярда – 25-30 мм 5. Капиллярдың веналық бөлімінде – 6-15 мм 6. Орташа веналарда – 9-12 мм 7. Қуысты қос венада – 2-5 мм с.б.б. Жоғарғы және төменгі қуысты веналардағы қан қысымы атмосфералық қысымнан төмен болуы мүмкін, сондықтан, теріс қысымды вена жарақаттанса, қан сыртқа ақпайды, оған керісінше ауа кіреді. Ол ауа аса маңызды ағзалардың ағзалардың қан тамырларын бітеп, қан айналысы тоқтатады. 59.Жыныс гормондары. Адам организмінің дамуындағы тестостеронның ролі. Жыныс гормондары - биологиялық активті заттар олар жыныс бездерінде бүйрек безінің қыртыс қабатының тор аймағынан және баланың серігінде шығады. Олар жыныстық дифференцияцияны реттейді. Бірінші, екінші жыныстық дәрежелі белгілерін дамуы жыныстық көбеюін. Жыныстық мінез құлық және де зат алмасу процессті. Оларға андроген, эстроген, және протестерондар жатады. Əйелдің жыныс гормондары Эстрадиол, Эстриол Эстрон. Еркектің жыныс гормондары Тестостерон Дигидротестостерон Андростерон Андростендион Андростендиол Нағыз еркек – жыныс гормоны тестостерон. Бұдан басқа да бұған қарағанда белсенділігі сәл төмен гормондар бар андростерон, эпистерон. Андрогенді гормондармен қатар, ұрық жолында аздап аналық жыныс гормоны эстерогендер де жасалынып, бөлініп шығарылады. Андростерон тестосероннан 6- 10 есе әлсіз келеді. Еркек организмінде андрогендер өмір бойы сперматогенезді және қосымша жыныс белгілердің дамуын қамтамасыз етеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс мүшелері өсіп, еркектерге тән дене тұлғасы , жүн жамылғысы, дауыс үні және т. б. қалыптасады. Аталық жыныс гормондары белок түзілуін жеделдетеді, зор анаболиктік қасиеті болады. Сөйтіп, олардың әсері еркектердің қаңқасын, бұлшықеттерін, ішкі ағзаларын өсіреді. Андрогендер шәует безімен қатар бүйрекүсті бездерінде түзіледі. Ол әсіресе балиғаттық шаққа дейін байқалады. Еркектердің организмінде эстрогендер де түзіледі. Эстрадиол, тестестерон сияқты, атабезінде, ал эстерон бүйрекүсті безінің ізашарларынан жасалып шығады. Егер ер адам ағзасында тестостерон мөлшері қалыпты болса, онда ол денсаулығы жақсы азаматболып қалыптасып жатқанының белгісі болыпсаналады. Бұл гармон төмендесе мына жайыттарға әкеп соқтырады: – ми жұмысы, есте сақтау қабілеті нашарлайды; – күйзеліс, қоршаған ортаға еш қызығушылығы болмайды; – бұлшықет семіп, артық салмақ көбеюі; – ағзада эстроген көбейеді, яғни әйелге тән (деп саналатын) қасиеттер басым болады, шаш түсе бастайды; – психологиялық, физикалық қиындықтарға төзе алмайды. Он жасқа жеткенше ұл бала мен қыз бала бір-бірінен тек анатомиялық тұрғыда жынысы бойынша ғана ажыратылады. Жасөспірім шаққа жеткенде, 11-12 жасқа жеткенде ұл балада тестостерон гормоны дереу көбейеді де, ерге тән қасиеттер айқындала бастайды: түрі, денесі өзгеріп, түктер шығып, дауысы жуандайды, сүйек, бұлшықет, май тіндері де өзгеріске ұшырайды. Тестостерон қалыпты мөлшерде болса, май қабаттарын да бақылауда ұстайды, сондықтан дені сау ер азамат артық салмақ қосуға бейім болмайды. Бала 16-18 жасқа келгенде тестостерон ерге тән мінез қалыптастырады. 60.Организмнің ішкі ортасындағы рН-тың тұрақтылығын сақтаудағы бүйректің ролі. Бүйрек ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды жұп мүше болып табылады. Бүл ағза ең басты секреторлы мүше болып саналады. Себебі, плазма компонентерінен несеп сұйықтығын бөледі. Бүйрек сулы-электролиттік тепе-теңдіктің реттелуіне, қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті және ағза сүйықтығының осмостық қысымын бірқалыпта ұстап тұруда, азоттық қалдық заттарды бөлуде, қан қысымын бірқалыпты ұстап тұруда, азоттық қалдық заттарды бөлуде, эритропоэзді күшейтуге және т.б. қызметтерді қамтамасыз етеді. рН-тың тұрақтылығын сақтаудағы бүйректің ролі. Бүйректе мұнымен қатар кейбір қанда жоқ заттар түзіледі. Мәселен, қанда бар гликол мен бензой қышқылынан түтікшелер эпителиінде гиппур қышқылы түзіледі, ал аммоний тұздары аммиактан синтезделеді. Бүйрек сілті-қышқыл тепе-теңдігін(гомеостазасын) бір қалыпта сақтайды. Сілті-қышқыл гомеостазасы негізінен организмде жүретін өте күрделі секреторлық және синтездеу процестеріне байланысты. Несептің белсенді реакциясы (РН ортасы) адамда әр уақыт өзгеріп тұрады. Ол адамның ішкен тамағының құрамына, қасиетіне мөлшеріне, қызметіне, қимылына, ортаның температурасына т. б. жағдайларға байланысты. Кейде несептің реакциясы (рН) 4,5-ге дейін төмендеуі немесе 0,8-ге дейін жоғарылауы мүмкін (басқаша айтқанда, несептің рН реакциясы қышқыл немесе сілтілі болады. Бірақ қанның рН реакциясы әр уақыт салыстырмалы тұрақты 7,36—7,40(сәл сілтілі) деңгейде болады. Өйткені бүйрек артық сілті және қышқыл заттарды несеппен бірге сыртқа шығарып тұрады.Бүйрек қанның (рН) реакциясын тұрақты сақтауға да қатысады. Бұл жағдай бүйрек түтікшелерінің клеткасында жүретін ацидогенез және аммонигенез процестеріне өте тығыз байланыс Ацидогенез — күрделі иондардың алмасу реакциясы арқылы карбоангидраза, фосфатаза және басқа ферменттердің қатысуымен, бүйрек түтікшелерінде бос су ионы, қышқылды және сілтілі фосфор қышқылының тұздары пайда болып әрі шығарылатын процесс, Аммониегенез — глутамин, глутаминаза ферменттер жүйесінің қатысуымен түтікшелер клеткасында амиактан (NH3) және аммоний тұзынан синтезделіп шығарылатын процесс, Бұл өте күрделі процесс. 61.Венаарқылықанныңжылжуы.Веналыққанқозғалысынқамтамасызететінфакторлар. Көктамырға сипаттама: 1.Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды 2.Жақтауындағы бұлшықет талшықтары жұқа әрі нашардамыған 3.Қан қысымы өте төмен 4.Теріге жақын да, тереңде де жатады 5.Ішіндегі қақпақшалар канды кері бағытка өткізбейді. Еңірі көктамырлар - төменгі қуысты көктамыр және жоғарыкуысты көктамыр және 4 өкпе көктамырлары Көктамырлар — мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқылгазына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. - көктамырлардың да кабырғасы3кабаттан тұрады. Күретамырға қарағанда көктамырлардың бұлшықетқабаты нашаржетілгендіктен, қабырғасы жұка, жұмсак, серпімділігі аз болады. Көктамырлар бір тобы терініңастына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көк түстітамырлар жай көзге айқын байқалады. Қанның вена арқылы жылжуы. Қантамырларының тұйық шеңберінде қан үздіксіз айналып ағып тұруы үшін алдымен жүректің жиырылу қуатыжұмсалады. Мүның 10-15%-і артерия тамырларының кедергісінен өтуге, ал 80-85%-і артериолалар мен капиллярлардың кедергісін жеңуге кетеді. Сонда қанды веналар арқылы жүрекке қайта жеткізу үшін жүрек қуатының 5%-і ғана қалады. Қан вена арқылы қозғалуы үшін капиллярлардан венулаларға, онан соң веналарға үнемі құйылып түруы қажет. Бұл жүректің соғуына байланысты (кардиалық фактор). Қанның венаға өтетін кейінгі бөлшегі алғашқы бөлшегін әрі қарай жылжытады. Жүрек соғуын қойса, венадағы қанның жылжуы баяулап біраздан соң тоқтайды. Сондықтан қанның вена арқылы жылжуының ең бірінші себебі - жүректің соғуы. Кардиалық фактормен қатар қанның вена арқылы жүрекке қарай жылжуына көмекші бірнеше экстракардиалық (жүректен басқа) қосымша себептер бар: 1. Кеуде қуысының қанды өзіне қарай соруы. Демді ішке тартқан сотте кеуде қуысы кеңейеді. Қысым төмендей түседі. Мұның салдарынан қуысты веналармен бірге жүрекшелер де кеңейеді, сөйтіп вена жүйесінің бас жағы (Р() мен аяқ жағындағы (Р2) қысымның айырмасы (Р,-Р2) арта түседі. Сондықтан қан жоғары қысымнан төмен қысымға қарай үздіксіз жылжып отырады. 2.Демді ішке тартқанда диафрагма (көк ет) қүрсаққа қарай ығысады, оның күмбезі төмен түседі. Осыған орай құрсақ қуысында қысым күшейіп, венадағы қанды құрсақтан кеуде қуысына қарай ығыстырады. Бұл да анның жүрекке қарай ағуын тездетеді. 3.Қаңқа еттері жиырылған кезде қанға толған жұқа веналарды сығымдап қанды жүрекке қарай итермелейді. Қанның белгілі бағытта ағуына веналар ішіндегі қақпақшалардың ашылып жабылуы көмектеседі. Қақпақшалар қанды жүрекке қарай өткізеді де, оның кері жылжуына кедергі жасайды. Барлық экстракардиялық себептердің әсерін тоқтатқан күннің өзінде жүрек соғып тұрса, венадағы қанның ағуы бірден тоқтамайды. Демек, қанның венаарқылы үздіксіз ағуының негізгі себебі жүректің ырғақты жиырылуы. 62.Эндокриндік қызметті орындамайтын ағзалардың (бүйректер, жүрек және т.б.) эндокриндік функциясы. Бүйректің эндокриндік қызметі Бүйрек гормондары Шығару және метаболикалық функциялармен қатар бүйрек маңызды эндокриндік функцияларды орындайды. Бүйрек-эритропоэтин мен кальцитриолдың пайда болу орны, олар ренин ферментін шығару арқылы ангиотензин гормонының түзілуіне белсенді қатысады. Кальцитриол - стероидты гормонның туындысы және кальций алмасуын бақылайды. Бұл гормон бүйректе кальцидиолдан с-1 гидроксилдену арқылы түзіледі. Гидроксилазаның белсенділігі паратгормонмен реттеледі. Эритропоэтин-негізінен бүйрек пен бауырда түзілетінполипептидті гормон. "Колонияныынталандырушыфактор" деп аталатын басқа фактормен бірге, бұл гормон сүйек кемігінің бағаналы жасушаларының саралануынбақылайды. Эритропоэтин секрециясы гипоксияменынталандырылады. Бірнеше сағат ішінде гормон бөлінбегенсүйек кемігі жасушаларының эритроциттерге айналуынқамтамасыз етеді және қандағы эритроциттердіңконцентрациясы артады. Бүйрек функциясының бұзылуыэритропоэтин секрециясының төмендеуіне және анемия ауруына әкеледі. Қазіргі уақытта бүйрек анемиясы гендікинженерияәдістерімен алынған эритропоэтин есебіненөтелуі мүмкін. Ренин-ангиотензинжүйесі Ренин— бұл аспартил-протеиназа ферменті. Фермент бүйректе проленин түрінде қалыптасады, соңғысыбөлінгеннен кейін пайда болған ренин қанға бөлінеді. Қандаренин субстраты α2-глобулин фракциясынан алынған қанплазмасының ангиотензиноген — гликопротеин болыптабылады , бауырдасинтезделеді. Бөлінетін декапептидангиотензин I деп аталады, пептидилдипептидаза қантамырларының мембранасында, әсіресе өкпедекездесетін"ангиотензинконверциялық фермент әсерінен олангиотензин II-ге айналады. АнгиотензинIIәсері. Ангиотензин II бүйректің, мидың, гипофиздің, бүйрек үсті қыртысының, қан тамырлары мен жүрек қабырғаларының мембраналық рецепторларыменөзара әрекеттеседі. Тамырларғаайқынтарылту әсерініңарқасында ол қан қысымын жоғарылатады, бүйректердеNa+ иондары мен судың шығарылуын азайтуға көмектеседі. Ми мен симпатикалық жүйке жүйесінің жүйке ұштарындаангиотензин II әрекеті тонустың жоғарылауын тудырады. Олшөлдеу орталығын іске қосады. Гипофизде ол вазопрессин және кортикотропин секрециясын ынталандырады. Бүйрекүсті безінің қабығында ангиотензин II биосинтезді жәнеальдостерон секрециясын ынталандырады, бұл бүйректенатрий мен судың шығарылуын азайтуға көмектеседі. Ангиотензин II-нің әртүрлі әсері тікелей немесе жанаматүрде қан қысымының жоғарылауына және организмненнатрий мен судың шығарылуының төмендеуіне әкеледі. Қан қысымын гормоналды реттеудің осы маңыздыжүйесіне, дәлірек айтқанда оның кейбір байланыстарынаингибиторлар әсер етуі мүмкін, мысалы: - ангиотензиногеннің субстрат аналогтарының көмегіменренинді тежеу; - ангиотензин II субстрат аналогтарының көмегімен АКФ ферментін бәсекеге қабілетті тежеу . Сонымен қатар, АКФ брадикинин сияқты басқа сигналдық пептидтерді ыдыратуымүмкін; - ангиотензин рецепторларын пептидті гормондардыңантагонистерінің көмегімен блоктау. Жүректің эндокриндік қызметі Жүректің эндокриндік қызметі-бұл атриальды миоциттердің (негізінен оң жақта) белгіленген химиялық құрылымы бар пептидті гормон және атриуретикалық гормон немесе атриопептиддеп аталады. Атриальды миоциттер атриопептид немесе натрий гормонын құрайды. Бұл гормонның секрециясын қанның ағып жатқан көлемімен атриальды созылу, қандағы натрий деңгейінің өзгеруі, қандағы вазопрессин мөлшері, сондай-ақ экстракардиальды нервтердің әсері ынталандырады. Натрий гормоны физиологиялық белсенділіктің кең спектріне ие. Бұл na+ және Сl-иондарының бүйрекпен шығарылуын едәуір арттырады, олардың нефрон түтікшелерінде реабсорбциясын тежейді. Диурезге әсер ету гломерулярлық фильтрацияны жоғарылату және түтікшелердегі судың реабсорбциясын басу арқылы да жүзеге асырылады. Натрийуретикалық гормон ренин секрециясын басады, ангиотензин II мен альдостеронның әсерін тежейді.Натрийуретикалық гормон ұсақ тамырлардың тегіс бұлшықет жасушаларын босаңсытады, осылайша қан қысымының төмендеуіне, сондай-ақ ішектің тегіс бұлшықетіне ықпал етеді. |