Главная страница
Навигация по странице:

  • 73. Жүрек әрекетін реттейтін жүректен тыс (экстракардиальды) механизмдер.

  • Экстракардиялық реттелу.

  • 74. Асқазандағы асқорыту. Асқазанның қозғалысы, оның реттелуі. Асқазандағы асқорыту.

  • Асқазанның қозғалысы, оның реттелуі.

  • 75. Аналық без функциялары (эндокриндік және экзокриндік). Анықтамасы

  • 76. Қан айналымның реттелуі. Қан қысымын тұрақтылығын қамтамасыз ететін функциялық жүйе. Қан айналысының реттелуі

  • 77. Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті. Асқазанның секрециялық белсенділігінің реттелуі. Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті.

  • қалыпты физиология. 1-90 сессия жауап. 1. Жлын. Жлын рылысыны сегменттік принциптері. Жлынны нейрондары


    Скачать 329.46 Kb.
    Название1. Жлын. Жлын рылысыны сегменттік принциптері. Жлынны нейрондары
    Анкорқалыпты физиология
    Дата29.09.2021
    Размер329.46 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-90 сессия жауап.docx
    ТипДокументы
    #239084
    страница14 из 17
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

    Бездің құрылысы. Тұқым бездері сыртынансерозды қабықпен қоршалған. Серозды қабықтыңастында дәнекер тканьдерінен тұратын белоктықабық жатады. Белокты қабықтан ішке қарайдәнекер тканьді қатпарлы перделер тарайды. Оларбез паренхимасын 100-ден 250-ге дейін жекеленгенбөліктерге бөледі. Әр бөлікте 1-2 дейін ирек тұқымканалшалары орналасқан. Тұқым каналшаларыГойморов денесінен өткеннен кейін өзара қосылысакеліп, каналшалар торын құрайды да негізгі тұқымжолына барып ашылады.

    Безге қан қолқадан шығатын артерия тамырларыарқылы жеткізіледі. Қан тамырлары тұқымканалшаларының ішіне кірмей, олардыңарасындағы кеңістіктерде орналасады. Каналшаларарасында жатқан қан тамырларының маңайындаЛейдиг клеткалары топтасқан. Мұныңфизиологиялық мәні бар. Біріншіден, тұқымканалшаларынан Лейдиг клеткалары лимфаға толы кеңістік арқылы бөлінген. Бұл- гормонныңклеткадан каналшаларға кедергісіз өтуіне қолайлыжағдай туғызады. Екіншіден, Лейдигклеткаларында түзілген гормондар қанға тоқтаусызөте алады.

    Еркек жыныс бездерінің құрылымдық жәнефункционалдық бірлігі-тұқым каналшалары. Каналшалардың қабырғалары Сертоликлеткаларымен көмкерілген. Сертоликлеткаларының арасына сперматозоидтар түзетінсперматогенді клеткалар орналасқан. Сертоликлеткалары бір-біріне жақын жатады жәнеөздерінің сүйір ұштарымен каналшалар ішіне, ал доғал жағымен мембрана сыртына бағытталған. Сертоли клеткалары бірнеше функцияларатқарады: 1) трофикалық қызметі, яғни каналшаларішіне енген қоректік заттарды ұстақталып, жынысклеткаларын қоректендіреді; 2) клеткалардыңредукциялық бөліну процестерін активтендіретінжыныс гормондарын бөледі; 3) андрогендерді өзарабайланыстырып тұратын белокті заттарсинтездейді.

    Сперматогенез. Организм жыныстық кәмелеткетолғаннан бастап ұрық каналшаларында еркекжыныс клеткалары-сперматозоидтардың түзілуінқамтамасыз ететін спрематогенездік процестербасталады. Аталық жыныс бездерісперматозоидтарды организмнің жыныстықактивтілігіне сәйкес бөледі. Алдымен, каналшалардың ішкі қабырғасында орналасқансперматогонийлер көбейіп, олардан бірінші реттегісперматоциттер түзіледі Процестің осы сатысындаФСГ тікелей әсер етуімен сперматоциттердемитотикалық бөліну процесі басталады. Нәтижесінде әрбір бірінші реттік спрематоцитекінші реттік сперматоцитке айналып, олардыңәрқайсысынан төрттен сперматид түзіледі. Кейіннен, сперматидтердің әрқайсысынан төрттенсперматозоид пайда болады. Осы процестердіңбарысында Сертоли денешіктері қоректендірушіклеткалар ролің атқарады. Сперматидтер өсіп-жетілу деңгейіне қарай бастарымен Сертоликлеткаларының цитоплазмасына батып, құйрықтары каналшалар кеңістігіне шығып тұрады.

    Организмге физиологиялық әсері. Андрогендербүйрекүсті бездерінің қыртысты қабатында да түзіледі. Олар жынысбездері пісіп- жетілмеген жасорганизмдерде үлкен роль атқарады. Организмніңжыныс бездері пісіп-жетілген кезден бастаполардың функциясы біршама бәсеңдейді, ал организм қартайған кезде олардың функциясықайта жанданып, қыртысты қабат андрогендертүзетін бірден-бір мүшеге айналады.

    Организмнің эмбриональдық даму кезеңіндежыныс мүшелерінің жіктелуі мен одан арғы дамуытестостерон гормонының тікелей қатысуыменжүреді. Андрогендер бірінші және екіншіжыныстық белгілердің қалыптасуы мен дамуынреттейді. Егер жыныс бездері толық қалыптасыпболмаған жануарларға андрогендік гормондаржіберсе, олардың жыныс мүшелері мен екіншіжыныстық белгілері ерте пісіп жетіледі. Андрогендер сперматозоидтардың дамуы мен пісіп-жетілуіне де үлкен әсер етеді. Гормондаржетіспеген жағдайда қалыпты сперматозоидтартүзілмейді. Андрогендер анаболизмдік гормондарғажатады.

     

     

     

    73. Жүрек әрекетін реттейтін жүректен тыс (экстракардиальды) механизмдер.

    Адам орта есеппен 70—80 жыл өмір сүреді . Осы қысқа мерзім ішінде оның жүрегі күні - түні тоқталмастан белгілі бір ырғақпен жиырылып денедегі барлық тканьдерге уақытында және мөлшерде қан жеткізіп тұрады . Қандай да болмасын қанға деген мұқтаждықты жүрек әрдайым қамтамасыз етіп отырады . Жүрек қызметінің осыншама тұрақты әрі сенімді болуы эволюциялық даму барысында әбден кемеліне келген реттеу механизмдерінің пайда болуына байланысты.

    Жүрек қызметі бір - бірімен біте қайнасқан үш түрлі механизм арқылы реттеледі, атап айтқанда клетка ішінде (интрацеллюлярлық) жүрек ішінде (интракардиялық) және жүректен тыс (экстракардиялық) реттелу механизмдері өзара үйлесім тапқан. 

    Экстракардиялық реттелу. Күнделікті тірлік тауқыметіне қарай клеткал`ар мен тканьдерге қажет кан мөлшері әрдайым өзге ріп тұрады . Мәселен ,қара жұмыс істеген кезде дене еттеріне ( аяқ - қолға т . б . ) көп күш түседі, оларға қажет қан мөлшері де арта түседі , осыған орай жүрек соғуы жиілейді, еті де қатты жиырылады, яғни жүрек қызметі күшейеді. Мұны орталық жүйке жүйесі мен қандағы әсері күшті химиялық заттар ( гуморальдық ) реттейді . Жүрек қызметінің орталықтың қатысуымен рефлекс және қан арқылы реттелуі — экстракардиялық , яғни жүректен тыс жолмен реттелу болып саналады . 

     

    74. Асқазандағы асқорыту. Асқазанның қозғалысы, оның реттелуі.

    Асқазандағы асқорыту.

    Қарын, асқазан дегеніміз ішек - қарын түтігінің кеңейген жері. Оның сыйымдылығы 2-4 литрдей, сырт пішіні мүйізге ұқсайды. Қарын бірнеше бөліктен тұрады. Өңешпен қарынның қосылған жері кардиа немесе кардиалық бөлік деп аталады. Қарынның жоғарғы жағы күмбез тәрізді жоғары қарай көтеріңкі келеді , бұл – қарын күмбезі немесе қарын түбі, қарын мен он екі елі ішектің қосылған жері пилорус ( қақпақша ) деп, ал қарынның қақпақ шаға жалғасқан бөлігі пилорустік бөлікболып саналады. 

    Асқазанның алдыңғы және артқы беткейі, жоғарғы және төменгі шеттері болады. Жоғарғы шегі дөңестеу, ал төменгі шеті ойыстау келген. Жоғарғы шетін қарын тұйығы, төменгі шетін қарын ойығы дейді. Қарынның пилорустан басқа, бөлігі қарын денесі деп аталады. 

    Қарын құрсақ қуысының жоғарғы жағында орналасқан. Оның күмбезі сол жақта, қабырғалардың ішкі бетінде, пилорус оң жақта бауырдың астында. Қабырғасы ( кенересі ) жалпы ішек - қарын түтігіне тән үш қабаттан, ішкі — шырышты, ортаңғы — бірыңғай салалы ет, сыртқы — серозды қабаттан тұрады, Қарынның шырышты қабығында көлденең созылған қатпарлар, ойық және жазық жерлер бар. Онда қарың бездері орналасқан ( жәй түтік бездер ). Безде түрлі без клеткалары гландулоциттер ( негізгі , қосымша , айнала қоршалған ) бар. Негізгі гландулоциттер сөл ферменттерін ( пепсиноген ), айнала қоршалған гландулоциттер тұз қышқылын, қосымша клеткалар шырышты зат — муциншығарады. Осы клеткалардан бөлінген заттар қарын сөлінің құрамына кіреді. Қарынның пилорус бөлігінде айнала қоршалған гландулоциттер болмайды, сондықтан сөл реакциясы қышқылды емес, сілтілі не бейтарапты болады.

    Асқазанның қозғалысы, оның реттелуі.

    Қарын қабырғасындағы бірыңғай салалы еттер қарынға келіп түскен асты шырынмен , араластырады. Қарын сөлі сіңген соң оның қарыннан ішекке көшуін қамтамасыз етеді. Асты жұтқан сәттен бастап қарың еттері біразға дейін босаңсиды , мұны астың рефлекстік релаксациясыдеп атайды . Одан әрі тағам түріне карай қарың қимылы күшейе бастайды . 

    Қарын еттерінің жиырылуы фазалық және тонустық жиырылу болып екіге бөлінеді:

    Фазалық жиырылу дегеніміз негізінен перистальтикалық жиырылу, яғни толқын тәрізденіп бүлкілдеу. Минутіне үш толқын пайда болады. 

    Тонустық жиырылу көпке созылады , және жиірек ( минутіне 6—7 рет ) байқалады . Ішіне баллон енгізіп , қарын қимылын , қарын қуысының қысымын манометрмен өлшеп , тіркей отырып , үш түрлі қимыл толқынын жазып алуға болады. Толқан биіктігі, жиырылу күші мен қарын қысымын көрсетеді . Толқындардың біреуі онша биік емес , небәрі 5—20 секундке созылады , ал екінші бір толқын бұдан ұзағырақ ( 12-60 ) және биіктеу келеді. 

    Бұлардың екеуі де перистальтикалық қимылдар , шырышты қабық бетіндегі асты жоғарыдан төмен қарай жылжытып отырады, бірақ қарын қуысындағы асқа әлі келмейді , толқынның үшінші түрі күрделірек және 256 ұзаққа ( 6-7 мин ) созылады . Бұл толқын қарын қысымы күшейген кезде пайда болады , оның әсерінен қарын пилорусы әлсін - әлсін жиырылып, астың он екі елі ішекке өтуін қамтамасыз етеді. Қарын қимылын кезеген жүйке күшейтеді , ал симпатикалық жүйке тежейді. Қарын релаксациясы кезеген жүйкенің қозуынан, гуморальдық заттардан ( гастрин , мотолин , инсулин , серотонин ) қарын қимылын күшейтеді , ал секретин , панкреозамин , пептидтер тежейді .

     

    75. Аналық без функциялары (эндокриндік және экзокриндік).

    Анықтамасы

    Аналық без – әйел жыныс безі, жұп ағза, ішкі секреция бездері деп аталады. Аналық бездің пішіні овоид тәрізді, ұзындығы – 3 см, ені 2 см, қалыңдығы-1 см, салмағы- 5 -8 г. Аналық без жамбастың екі жақ бүйірінде жатырдың жалпақ байламының артында орналасқан. Түсі ақшылқызғылт. Аналық бездің ойығы бар, бұл жерден артерия мен нерв енеді, вена мен лимфа тамырлары шығады.

    Аналық без қызметі

    Аналық бездің қызметі геминативті (овогенез, овуляция) және эндокринді (эстороген және прогестерон гормондарын бөліп шығарады);

    Аналық безден бөлінетін басты стероидты гормондарға эстрогендер, прогестерон және андрогендер жатады. Эстрогендерге эстрадиол, эстрон және эстриол жатады. Эстрадиол (Е2) гранулеза жасушаларыменсекрецияланады. Эстрон (E1) эстродиолдың шеткері ароматизация жолы арқылы түзіледі; эстриол (Е3) аналық бездерде қалдықты мөлшерде
    синтезделеді; эстроиолдың басты көзі бауырда эстрадиол мен эстронның
    гидроксильденуі болып табылады. 

    Басты прогестагенді гормонға (прогестин) сары денемен синтезделетін прогестерон жатады. Негізгі аналық безандрогені, тека жасушаларымен синтезделетін андростендион болып
    табылады. Қалыпты жағдайда әйел ағзасындағы андрогендердің басым көпшілігі бүйрек үсті безінде синтезделеді. Эстрогендер мен прогестерон синтезіне қажетті қосылыс холестерин болып табылады. Жыныс гормондарының биосинтезі кортикостероидтар секілдіөтеді. Аналық бездің стероидты гормондары бүйрек үсті безінің гормондары секілді жасушаларда жиналмайды, яғни синтез үрдісі барысында секрецияланады. Қан арнасында стероидты гормондардың басым бөлігітранспортты ақуыздармен байланысады: эстрогендер — жыныс гормондарын байланыстырушы глобулинмен (ЖГБГ), прогестерон — кортизол байланыстырушы глобулинмен (транскортин). Эстроген, прогестин жәнеандрогендердің әсер ету механизмі басқа стероидты гормондардың әсер ету механизміне ұқсас. Эстрогендердің басты метаболиттеріне әлсіз эстрогендібелсенділікке ие катехолэстрогендер (2-оксиэстрон, 2-метоксиэстрон, 17эпистриол) жатады; ал прогестеронның негізгі метаболиті- прегнандиол.

     

    76. Қан айналымның реттелуі. Қан қысымын тұрақтылығын қамтамасыз ететін функциялық жүйе.

    Қан айналысының реттелуі 

    Ағзаның қызметі нәтижелі болуы үшін, қан айналысы қызмет қарқынына сәйкес болуы қажет . Осыған орай ағзалар арасында қан мөлшері үнемі қайтадан бөлініп отырады. Қан қысымы бір қалыпты сақталғанымен қанның ағу жылдамдығы өзгеріп кеңейіп - тарылуына , яғни қабырғасындағы ет талқыштарының жиырылып қатаюына ( тонусына байланысты . Ал қан қысымыныңтұрақтылығының өзі ағысына көрсететін тамырлар кедергісінің қатынасына байланысты. Қысқасы қан айналысы тамырлардың тонусын өзгерту арқылы реттеледі. Тамыр тонусы жоғарыласа, оның түтігі тарылады , ал төмендесе , керісінше кеңейеді . Орташа және жіңішке артериялар мен артериолалар қабырғасында ет қабаттары қалың келеді . Прекапиллярларда бірыңғай салалы ет талшықтары түтікті айналдыра сақина тәрізді топталып сфинктер құрады. Осы тамырлардың тонусы ағзалардың қанмен жабдықталуын реттеп отырады.

    Кіріспе. Қазіргі әлем үшін ең маңызды және өсіп келе жатқан проблема гипертония болды, бұл қан қысымының тұрақты және ұзақ өсуімен сипатталатын жағдайды білдіреді.

    Қан қысымының мәні тұрақты емес, ол күн ішінде өзгереді, яғни. метаболикалық процестерге, жүректің жиырылу күшіне, перифериялық тамырлар – артериолалар мен капиллярлар және т. б. қан ағымына әсер ететін қарсылыққа байланысты.

    Қан қысымы капиллярлар мен тіндер арасындағы метаболикалық процестерді жүзеге асыру үшін қан тамырлары арқылы қанның жылжуын қамтамасыз етеді. Оның қалыптасуында жүрек, қан тамырлары және олар арқылы өтетін қан шешуші рөл атқарады. Әдетте, ересектердегі қан қысымы 120-140 мм рт. ст.құрайды. ст. - бұл систолалық қысым және 70-90 мм рт. ст. құжат – бұл диастолалық қан қысымы .

    Ұйқы немесе демалу, физикалық немесе психикалық стресс кезінде қан қысымының мөлшері әр түрлі болады. Қан қысымының жоғарылауы дене белсенділігі жоғарылаған кезде ағзада оттегі мен тамақтану көп болуы үшін жүзеге асырылады.Физикалық және эмоционалды жүктемелерге байланысты айтарлықтай ауытқуларға қарамастан, қан қысымы салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде сақталуы мүмкін. Қан қысымының өзгеруі қысқа уақытқа ғана жүреді. Содан кейін қан қысымының мәні қалыпқа келеді. Бұған жүйке және гуморальды реттеудің күрделі механизмдері ықпал етеді, олар қоздырғыш факторлардың әсерінен кейін қан қысымын бастапқы деңгейге қайтаруға тырысады.

    Қан қысымын реттеу механизмдері үш топқа бөлінеді: 

    1. ұзақ мерзімді (альдостерон, антидиуретикалық және натриуретикалық гормондар сияқты гормондармен қамтамасыз етілген жергілікті ренин-ангиотензинді реттеу жатады.)

    2. орта мерзімді (ренин-ангиотензин жүйесінің айналымды компоненті, депозиттелген қан көлемінің ұлғаюы немесе азаюы және сұйықтықтың транскапиллярлық ауысу жылдамдығының өзгеруі кіреді)

    3. жедел реттеу механизмдері (орталық жүйке жүйесінің ишемиялық реакциясы, барорецептор және химорецептор механизмдері)

    Жоғарыда аталған барлық механизмдер өзін-өзі реттеу қағидаты бойынша қан қысымын тұрақты деңгейде ұстайды: осы өмірлік функцияның нормадан кез-келген ауытқуы (қан қысымының тұрақтылығын сақтау) оны қалыпты деңгейге қайтаруға ынталандыру болып табылады.

     

    77. Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті. Асқазанның секрециялық белсенділігінің реттелуі.

    Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті.

    Адамда қарын бездері тәулігіне 2—2,5 литрдей сөл шығарады . Ол түссіз , реакциясы қышқыл ( pH — 0,9-1,5 ) зат . Меншікті салмағы судан аз - ақ ауыр ( 1,008 ) , құрамында 0,5—3,5 % құрғақ зат бар. Осмос қысымы қанның осмос қысымына тең ( 7,5 атм ) . Қысым сел құрамындағы бейорганикалық тұздар мен иондарға байланысты . Қарын сөлінде Na , K , Ca хлоридтері , сульфаттары , фосфаттары бар . Әсіресе тұз қышкылы көп ( 0,3 — 0,5 % ) . — ферменттер мен " муцин бар . Қарын бездерінің негізгі гландулоциттері - пепсиноген ферментін бөліп шығарады. Қышкыл ортада пепсиногеннен бір полипептид молекуласы ( ингибитор ) бөлініп, активті пепсин ферментіне айналады . Пепсин өте қышқыл ортада ( рН 1,5—2 ) қоректік заттарды гидролиздік жолмен ыдырататын фермент, рН 3,2—3,5 - ке тең ететін пепсин — гастриксин деп аталады . Адамның қарнында гастриксин көбірек. Пепсин , әртүрлі белоктарда айталық, белок молекуласын полипептид сатысына дейін ыдыратады. Кейбір пепсиндер сутті ірітеді, яғни казеиногенді ерімейтін казеинге айналдырады . Бала карны сөліндегі сүт ірітетін фермент — химозин деп аталады . Ол сәл қышқыл , сәл сілтілі немесе бейтарап ортада әсер етеді. Қарын сөлінде кездесетін липаза ферменті басқа сөлдердегі липазадай , тек эмульсияланған майға ғана әсер етеді . Май әдетте он екі елі ішекте эмульсияланады.  Қарын сөлінде көмірсуды гидролиздейтін фермент болмайды. Бірак қарындағы ас тұзы қышқылына әбден ыланғанша ас кесегінің ішінде ( қақ ортасында ) сілекейдің амилаза ферменті крахмал мен гликогенді дисахаридтерге дейін, ферменті мальтозаны екі молекулалы глюкозаға ыдыратады. Қарын сөлінде шырышты әрі сілтілі зат — муцин бар . ол рынның шырышты қабығын жауып тұрады да тұз қышқылын бейтараптайды . Сөйтіп , қарын қабырғасын пепсиннің зиянды әсерінен ( аутолиз ) қорғайды . Сонымен бірге , ол түрлі жарақаттан да сақтайды , және қарынға келіп түскен В2 витаминін қоршап алып , қарын сөлі ферменттерінен қорғап , ыдырамастан сіңуін қамтамасыз етеді .

     

    Таза асқазан шырыны-түссіз мөлдір сұйықтық. Ол 99-99, 5% су және 0,5-1% құрғақ қалдықтан тұрады. Құрғақ қалдық Бейорганикалық және органикалық заттармен ұсынылған. Бейорганикалық заттар-фосфаттар,сульфаттар, бикарбонаттар, k+, Na+, Ca2+, Mg2+ иондары, микроэлементтер. Алайда, асқазан сөлінің негізгі бейорганикалық заты-тұз қышқылы (HCl) 0,3-0,5%

    Тұз қышқылының функциялары:

    пепсиногендерді белсендіреді, оларды пепсиндерге айналдырады;

    ақуыздардың денатурациясы мен ісінуін тудырады;

    асқазанда денатурация үшін оңтайлы қышқыл орта жасайды

    ақуыз; - бактерицидтік қасиетке ие;

    темірдің сіңуіне ықпал етеді;

    асқазанның моторлы-эвакуациялық қызметіне ықпал етеді.

     

    Асқазан сөлінің органикалық заттары-ферменттер. Асқазанда ақуыздардың бастапқы гидролизі жүреді.Сондықтан асқазан сөлінде негізінен пепсиногендер деп аталатын протеолитикалық ферменттер бар. Пепсиногендер-белсенді емес түрі

    (проферменттер), олар HCl әсерінен белсендіге айналады

    пішіні-пепсиндер. Пепсиннің төрт негізгі түрі бар.

    1 Пепсин а – рН 1,5-2 кезінде ақуыздардың гидролизін жүзеге асырады.

    2 Пепсин В (парапепсин).

    3 Пепсин с (гастриксин) – рН 3,2-3,5 кезінде белсенді.

    Пепсин А және асқазан сөлінің протеолитикалық белсенділігінің пепсині.

    4 Пепсин D (химозин, Ренн) - зақымдануды тудырады.

    Қарындағы сөл шығуының реттелуі 

    Сөл қарыннан , әсіресе тамақ ішкен сәтте көп болып шығады. Оның мөлшері, ондағы ферменттердің сапасы мен құрамы тағамдағы қоректік заттардың түріне ( белок май , көмірсу ) ас кесегінің физикалық қасиеттеріне қарай ұдайы өзгеріп отырады . И.П. Павловтың лабораториясында итке арнайы тәжірибелер жасалып , қарын сөлінің қашан , қалай , қанша мөлшерде бөлінетіні, кұрамындағы ферменттердің сапасы, қышқылдығы ет, нан, сүт берген кезде қалай өзгеретіні анықталды. Рационында ет көп болса, қарыннан сөл барынша көп шығады, оның реакциясы қышқыл келеді, ал қан көп болса , сөл шығару ұзаққа созылады, сөлдің ыдырату күші мол болады, ал сүт көп болса, сөл аз шығады, оның қышқылдығы орташа. Нан мен сүтке қарағанда белогі көп асқа пепсин әлдеқайда көп мөлшерде шығады. Қарын бездерінің жеген асқа осылайша икемделуі, без қызметін реттеуде жүйке жүйесінің үлкен мәні бар екенін көрсетеді. Әдетте кезеген жүйке қарын бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтеді, ал симпатикалық жүйке, керісінше, сөл шығуын тежейді . Бірақ кейде, әсіресе қарын бездерінің сөл шығару қабілетін үдететін жағдайлар әсер етсе , симпатикалық жүйке гландулоциттердің пепсин шығару қабілетін күшейтуі мүмкін . Қарынның сөл шығару қабілетін күшейтетін не тежейтін химиялық заттар ( гормондар ) бар , олар қан арқылы әсер етеді .

     
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


    написать администратору сайта