қалыпты физиология. 1-90 сессия жауап. 1. Жлын. Жлын рылысыны сегменттік принциптері. Жлынны нейрондары
Скачать 329.46 Kb.
|
Плазманың құрамы. Оның 90-92%-і судан, қалғаны (8-10%) кұрғақ заттардан тұрады. Соңғыларының 8-9%-i органикалык заттар, оның ішінде белок 6—8%; 0,9% -1% бейорганикалық (минерал) заттар. Бұлардың көбі ас тұзы (90%). Органикалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин фибриноген. Альбуминдер мен фибриноген бауырда, глобулиндер бауырда және сүйек кемігінде, көкбауырда, лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен катар плазмада глюкоза, липидтер, сүт қышкылы, пировиноград қышқылы және молекуласында азоты бар заттар (амин қышқылдары, мочевина, зәр кышкылы, креатин, креатинна) түрлі ферменттер, гормондар витаминдер, пигменттер, еріген күйiнде оттегi, көмiр қышкылды газ, азот болады. 83.Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қасиеті. Ұйқы безі секрецияның реттелуі. Ұйкы безi 2 түрлі тіннен: а) ас қорыту сөлін бөлетін ацинус б) қанға гормондар бөліп шығаратын А және В жасуларынын кұрылған шашыранды Лангерганс аралшықтарынан тұрады. Ацинус тiнiнiң сөлі түтікше аркылы 12 елі ішекке құйылады. Бұл ұйкы безiнiц сырткы секрециялық қызметі. Лангерганс аралшыктарында түтік болмайды, ол сөлін қанға құяды. Демек ұйкы безі ішкі секрециялы без. Ұйкы безі латынша панкреас деп, осыған орай оның ас қорыту сөлі панкреас сөлі деп аталады. Ұйқы безінен сөл алу. Ұйқы безінің сөл шығару қызметін, оның кұрамын білу үшін иттің панкреас түтігіне фистула қойылады. Он екі елі ішек қабырғасын ұйқы безінің түтігі ашылған жерінен ромба тәрізді етіп айналдыра тіліп, түтіктің аузы 12 елі ішек бөлігімен бірге сыртка шығарылады (И.П. Павлов, 1879). Ұйкы безі қос түтікті. Осы екі түтіктің біреуі сыртқа шығарылса, онда 12 елі ішекте ас корыту үрдісі бұзылмайды. Сыртка шығарылған түтіктін аузына зонд кіргізіп, ас қорыту кезінде ұйкы безі сөлін жинауға ішкен астың без сөлінің құрамын, сөл шығару тәртібіне тигізетін әсерін зерттеуге болады. Адамнын ұйкы безінен таза сөл алу киын. Сондықтан адамға жіңішке зонд (резенке түтік) жұтқызып, оны қарыннан ішекке өткізіп одан сөл (таза болмаса да) жинауға болады. Ұйкы безi сөлiнiң құрамы мен кызметi. Ұйқы безінің сөлі түссіз, сілтілі (pH 7,8-8,4). Онын құрамында 1,0% құрғақ зат болады. Ол негізінен белоктантұрады (0,5-1,0%). Тәулігіне ұйкы безінен 1,5-2 литрдей сөл бөлініп шығады, ондай сөлден 10 грамдай белок жинап алуға болады. Ол негізінен түрлі ферменттерден тұрады. Мұнда ферменттердің шамамен 72%-і белокты ыдырататын протеазалар: трипсин, химотрипсин, карбоксипептидазалар, эластаза, рибонуклеаза. Без сөлінде трипсиноген, химотрипсиноген күйінде бөлiнiп шыққан трипсин мен химотрипсин белокты ыдырата алмайды. Ол үшін iшек сөлі құрамындағы ферменттер ішектін шырышты кабығында түзілетін энтерокиназаферментімен әрекеттесуі шарт. 1893 ж. осы ферментті И.П. Павлов iшек сөлінен тауып, оны ферменттердін ферментідеп атады. Энтерокиназа трипсиноген ферментін трипсинге, ал трипсин баска ферменттерді, айталық химотрипсиногенді химотрипсинге айналдырады. Трипсиноген мен химотрипсиногенді трипсин, химотрипсинге айналдыруын iшек сөлiне Ca² ионын қосу аркылы тездетуге болады. Трипсин мен химотрипсин белок атаулыны амин қышқылдары сатысына дейін ыдыратады. Бұл екі ферменттің әсері жағынан бір-бірінен айырмашылығы олар белок түзетін амин қышқылдарыменпептидтердің арасындағы әртүрлі байланыс тізбектерін бұзады және олардың ыдырату шапшандығы біркелкі емес. Ұйкы безі сөлінің құрамында күрделі пептидтерді ыдырататын карбоксипептидаза (A. В) және эластаза ферменттері рибонуклеин қышқылын нуклеидтер сатысына дейін ыдырататын рибонуклеаза ферменті бар. Бұлармен қатар без сөлінде фосфолипидтерді, майларды, поли және дисахаридтерді ыдырататын ферменттер де аз емес. Майлы липаза май қышқылы мен глицерин сатысына дейін ыдыратады. Бірақ ол үшiн алдымен майға өт әсер етiп, эмульсияға айналдыруы шарт. Майдын эмульсияга айналуы дегеніміз- өттің әсерінен майдын диаметрі 2-3 мкм май тамшыларына бөлінуі. Осы тамшыларға липаза ферменті өтпен бірге Са иондарының қатысуымен әсеретеді де, оларды май қышкылдары мен глицерин сатысына дейін ыдыратады. Көмірсуларға әсер ететің а-амилаза ферменті полисахаридтерді (гликоген мен крахмалды) дисахаридтерге дейін, мальтаза мен лактаза ферменттері аттас дисахаридтерді моносахаридтерге дейін ыдыратады. Ұйқы безі сөлінің қанша уакыт, қай мөлшерде бөлінетіні, ферменттік құрамы тағам түріне және тағам рационына байланысты. Ет, нан жеп, сүт ішкен кезде бөлінетін сөлдін көлемі, құрамы, бөлініп шығу мерзімі біркелкі емес, керісінше, тағам түріне карай өзгеріп отырады. Бұл тәжірибе жүзінде дәлелденіп, кисык сызыкпен көрсетілген (И.П. Павлов). Taғам құрамында көмірсулар басым болса, без сөлінде оларды ыдырататын ферменттер, ал белок көбірек болса, трипсин мен химотрипсин көбiрек болады. Майлы тамактыыдырату үшін без сөлінде липаза ферменті көп болуы шарт. Ұйкы безі сөлінде ферменттердін мөлшері, құрамы, тағам рациона бейімделуі сөл бездің кызметi жүйке жүйесi кызметімен тығыз байланысты екенін дәлелдей түседі. 84.Тері және оның туындыларының құрылысы және физиологиясы. Терi өте күрделi құрылым адам мен жануарлар организмінін сыртқы жабыны. Ересек адамда онын көлемі 1,5-2 м², дене салмағынын 4,5-5%, немесе 4-5 кг. Тері қосалқы құрылымдармен май, тер бездерi, түктер, тырнақ бірге толып жаткан әртүрлі қызмет атқарады. Тері қызметтері: -Ең алдымен тері организмнiң iшкi ортасын сыртқы әсерлерден сақтап, қорғаныс қызметін атқарады. Бұл оның өте жоғары механикалық беріктігіне, серпімділігіне байланысты ультракүлгін сеулелер, радиациялык, электрлік т.б. толып жаткан физикалык түрткілерге қарсы тұруы. -Терiнiн негiзгi маңызды қорғаныс қызметiне оның бактерияларға тосқауыл болуы жатады. -Тері организмнің иммунлық жүйе кызметін арттырып, кейбір химиялык заттардын зиянды әсерін әлсіретеді. Ол тыныс алу, сіңіру (абсорбциялык), шығару кызметтерін атқарады. -Терінің кан және лимфа тамырларында қан мен лимфа уақытша іркіліп жиналуы мүмкін, бұл онын деполык кызметі. -Тері энергия алмасуының реттелуiне катысады. Теріде толып жаткан әртүрлі қызмет атқаратын қабылдағыштар орналаскан. Терi сезiм мүшесiнiң өте маңызды бөлiмi болып есептеледі, олар сырттан келген тітіркендіргіштерге шартсыз және шартты рефлекстік қорғаныс әсерленiсiн пайда етедi. Терi тер бездері арқасында организмдегі шығару мүшесінің бірі болып есептеледі. Тер бездері. А.Поликардтын зерттеулері бойынша тер бездерінің жалпы тер бөліндіру көлемі 5 м² жуык. Тер бездері қызметі: - Олар жылу алмасуды реттеуге катысады. -Тер бездері зат алмасудын сонғы ыдырау өнімдерін шығаратын мүше. Қалыпты физиологиялык жағдайда бұл тер бездерінің сөлініс кызметі. -Термен бірге артық су, тұз, қышкыл өнімдері шығарылады. Осының нәтижесінде тер бездері сілті-қышқыл теңдігін, осмостык гомеостазды бірқалыпты сақтайды. Сыртқы ортаның температурасы жайлы болғанда (18-20) адамда орта есеппен тәулігіне 500 мл тер бөлінеді. Бөлінетін тер мөлшері, сырткы орта температурасына және организмнiн жалпы жағдайына байланысты. Ыстык цехтарда, жылы камераларда бөлінетін тер мелшері 2,5 л, кейде 1,5 сағатта 8-12 л жетуі мүмкін. Тер сонымен бірге бұлшыкет қызметiне, ішкен тамақ құрамына, оның мөлшерiне, эмоциялык жағдайларға байланысты. Тер түссіз, сұйык зат, құрамында 98-99% су, 0,3% жуық NaCI, 0,1 мочевина, КСП, несеп кышкылы, креатинин, тез ушатын май кышкылдары болады. Тердің әсерленісі қышқыл (рН-3,8-6,2), м.с. 1,0001-1,0006. Тердiн бөлiнуi рефлекс аркылы реттеледі. Сырткы және ішкі қабылдағыштардан көбіне жылу және ауырсыну кабылдағыштарынан серпiнiс гипоталамус, сопакша ми және жұлындагы тер бөлiндiретiн жүйке орталыктарына беріліп, эфференттік, симпатикалык жүйке арқылы тер бездерінің тер бөлуін күшейтеді. Физиологиялык калыпты және ауру жағдайда: - ангидрозани -тер бөлiнудiн толык токтауы - гипогидрозани -тердін жеткіліксіз бөлінуі - гипергидрозани- тердің көп бөлiнуi болады. - Кейде жұлын сегмент функциясының бұзылуына байланысты, локалды, регионарлык тер бөліну бұзылады. Тер бөліну жылдамдығын иод-крахмал мен минор сынамасын қолдану аркылы және адам салмағынын белгілі бір уакыт арасында өзгеруiне қарай бақылап анықтайды. 85. Қанның физикалықхимиялық қасиеттері (осмостық және онкотикалық қысым, қан тұтқырлығы,рН). Эритроциттердің осмостық резистенттілігі. Сұйық зат ретінде қанға физикалық және химиялык қасиеттер тән. қызыл түсті құрамы өте күрделі. Қанның түсі, тек эритроцит iшiндегi гемоглобиннiң әртүрлі газдармен, басқа да химиялык заттармен реакцияга түсіп, тиiстi қосындылар құруына байланысты. Мәселен, артерия қанының ашық қызыл түсі қанда окскгемоглобиннiн (гемоглобинмен оттег косындысы ННО), вена қанының күңгірт түсі карбогемоглобиннің (гемо глобин мен кемір қышқылды газдың қосындысы — НН СО») көбірек болуына байланысты. Қаннын физикалық қасиеті оның тұтқырлығы. Ол қан түйіршіктері мен плазмадағы, әсіресе ірі молекулалы заттардың денгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қойылуына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиетi кан түйіршіктерiнiн, плазма белоктарының әсіресе глобулиндердiң мөлшеріне байланысты. Қанның тұтқырлығы әдетте судың тұтқырлығынан 4-5 есе артық. Плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2. Жана туған нәресте денесінен су көп мөлшерде сыртқа шыға ды, осыған орай оның қаны қоюлап, эритроциттер саны көбейедi де, қан тұтқырлығы 10,0-14,8-ге жетедi, бiрақ 5-6 куннен кейiн 8,6-8,8-ге дейін төмендеп, бір ай өткен соң есейген баланікiмен теңеледі (4,6-5). Қанның өте маңызды қасиеттерінің бірі — осмостық қысымы. Қою және сұйық ерітіндіні қатар қойып, олардың арасына мембрана салса, еріткіш (су) сұйық ерітіндіден қою ерітіндіге өте бастайды. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіні өткізетiн күш осмостық қысым деп аталады. Ол жарғақтың екі жағындағы (бетiндегi) ерітінділерде ерiген электролиттер мен молекулалар санына, олардың арасындағы айырмашылыққа байланысты. Ерітіндінің осмостық концентрация мен осмостық қысымының аз-көптiгi epiген бөлшектердiң химиялық тегіне емес, жалпы санына байланысты, epiген заттардың иондар саны неғұрлым көп болса, оның осмостық кысымы соғұрлым жоғары болады. Каннын осмостық кысымының 60%-1 ас тұзы (NaCl) иондарына байланысты. Плазма құрамында белок көп (7,2-8,5%). Бiрак оның молекулалары iрi болатындықтан саны бейорганикалык зат иондарының санынан аз, сондықтан қаннын жалпы осмостық кысымының 1/200 бөлiгi ғана белок кысымына байланысты. Қанның осмостық кысымы оның қату температурасы арқылы анықталады. Әдетте қанның қату температурасы 1 (депрессия көрсеткіш) 0,56 -0,58ºС. Бұл шамада қанның осмостық қысымы 7,5-7,6 атмосферага тең. Қан клеткалары мен плазманың осмостық кысымдары бірдей (тен). Қанның белок молекулалары тудыратын осмостық қысымы коллоидтык-осмостық қысым деп аталады. Онкотикалық қысым немесе коллоидосмотикалық - бұл қан плазмасындағы альбуминдер мен әр түрлі белоктар әсер ететін, капиллярлық мембраналар деңгейіндегі сұйықтықтардың қозғалуына ықпал ететін күш. Бұл тамырдағы сұйықтықты ұстап тұратын негізгі күш. Онкотикалық қысымның не екенін түсіну үшін алдымен дененің жалпы су таралатын бірнеше бөлікке бөлінетіндігін түсіну керек: оның үштен екісі клеткаларда орналасқан. Бұл бөлім жасушаішілік кеңістік деп аталады. Қалған үштен бір бөлігі жасушадан тыс кеңістікте келесі жолмен бөлінеді: төрттен бірі қан тамырларының ішінде (плазма), ал қалған төрттен үш бөлігі ағзаның барлық жасушаларын интерстициальды кеңістік деп қоршап тұрған кеңістікте орналасқан. Соңында, бұл бөліктердің әрқайсысы жартылай өткізгіш мембраналармен бөлінген; яғни кейбір элементтердің өтуіне мүмкіндік беретін және кейбір элементтерін шектейтін мембраналар. Жалпы ереже бойынша жартылай өткізгіш мембраналар судың еркін өтуіне мүмкіндік береді және ақуыздардың онымен өтуін шектейді. Бұл тұжырымдама осмостық қысымды (суды) онкотикалық қысымнан (белоктардан) түсіну және ажырату үшін маңызды. Осмостық қысым - бұл бөлімдердің әрқайсысында судың химиялық тартылуын тудыратын элементтердің болуына негізделген судың бір бөлімнен екінші бөлімге өтуін қозғаушы физикалық-химиялық күш. Бұл элементтер мембрана арқылы еркін өте алмауы керек, өйткені бұл олардың суды бір жағына немесе екінші жағына желілік жолмен тарту функциясын шектейтін болады - бұл онкотикалық қысым күшіне енген кезде. Онкотикалық қысым - бұл ақуыздар суды сүйреу үшін белгілі бір бөлікке орнататын градиенттен басқа ештеңе емес, өйткені химиялық табиғаты бойынша олар мембраналардан өте алмайды, бірақ теріс полярлық зарядқа ие, сондықтан олар су молекулаларын өзіне тартады. Бұл қысым дене тіндерінің су тепе-теңдігін (су алу мен жоғалту арасындағы таза айырмашылық) сақтауда негізгі рөл атқарады. Эритроциттердің осмостық төзімділігі (резистенттігі) Бұл көрсеткішті әртүрлі концентрациялық натрий хлоридінің гипотониялық ерітіндісіне эритроциттерді батыру арқылы анықталады. Гемолиз 0,46% ерітіндіде басталады да (эритроциттер төзімділігінің төменгі не минималды шегі) және 0,30% ерітіндіде (толық гемолиз) тоқтайды (эритроциттер төзімділігінің максималды шегі). Осмостық төзімділіктің төмендеуі гемолиздік, токсикалық, В12-дефицитті анемияларда және миелолейкозда кездеседі. Осмостық төзімділіктің артуы гипохромиялы темірге мұқтажды анемияларда кездеседі. Эритроциттердің осмостық резистенттілігі: минималдық – 0, 42 -0, 48% NaCl максималдық – 0, 32 -0, 34 % NaCl 86. Ішектегі асқорытудың ерекшеліктері. Ішек сөлі, оның құрамы мен қасиеті. Ішектегі қабырғалық асқорыту. Ішектегі ас қорытылу. Ішек аш және тоқ ішек болып екіге бөлінеді. Аш ішек адамның бойынан орта есеппен 4-5 есе ұзын. Ол үш бөлімнен: он екі елі ішек- тен, аш және мықын ішектерден тұрады. Адамда он екі елі ішектің ұзындығы 25 см, ішектің жалпы ұзындығының 2/5-і аш ішек үлесіне тиеді, ал мықын ішектің ұзындығы аш ішектің 3/5-не тең. Ішек ұзын- дығына қарай ас ішекте 10-12 сағаттай кідіреді. Осы мезгілде: а) ішек- тің кілегейлі қабығындағы либеркюн (12 елі ішекте - бруннер) без- дерінің сөлі мен ішектегі химус араласқан ұйқы безі сөлінің және өттің бірлескен әрекеті арқасында ішекте ас қорыту үрдісі аяқталады; б) ішектің ортаңғы қабаты - бірыңғай салалы ет талшықтарының жи- ырылып созылуы нәтижесінде ішектегі химус төмен қарай біртіндеп жылжып тоқ ішекке жетеді; в) асқорыту барысында пайда болған өнімдер ішектен қанға, лимфаға сіңеді. Аш iшек сөлi. Iшек сөлi либеркюн бездерiнде түзiледi. Сол шы- Fарда без жасушалары жарылып, олардын iшiндеri заттар солмен бiрге iшек куысына туседi. Iшек солiнде коптеген жарылган эпителий кал- дыктары бар. lшек селi саргыштау келедi, озiне тэн nici болады. Сел ортасы ciлtiлеy (pH 7,2-7,5), сол шыгару удеген сайын реакциясы сiлtiлене туседi (pH 8,6). Сол курамында 2% курfaк зат бар. Онын курамында ферменттер (жалпы саны 20-дан асады), минералды зат- тар (калий, натрий, кальций хлоридтерi, бикарбонаттары), кеп мелшер- де муцин бар. Солдегi кейбiр ферменттер каннан ауыскан. Маселен, iшек солiнде комiрсуларды ыдырататын фермент - амилаза эте аз, ол адетте каннан этедi. Осыган орай онын гидролиздiк эcеpi жоктын касы. Iwек селiнде нeriзiнeн ac корыту уpдiciн aяктайтын ферменттер пепти- дазалар, нуклеаза, липаза, фосфатаза, сахараза, лактаза, мальтаза жэне трипсиноген проферментiн белсендiретiн энтерокиназа болады. Ішек бездерінің сөл шығару қабілеті тамақ ішуге байланысты. Сөл шығару әсіресе қоректік заттар ішек түтігіне келіп түсісімен үдей бастайды. Химус ішектің кілегейлі қабығына қысым жасап, тікелей және химиялық жолмен әсер етеді. Мүнымен қатар химус ішек қабыр- ғасындағы механоқабылдағыштар мен хемоқабылдағыштарды тітіркендіріп, осы арадағы интрамуральдық ганглийлердің қатысуы- мен ішектің сөл шығару қабілетін рефлекс арқылы да күшейтуі мүмкін. Ішекте сөл шығару үрдісі қандағы химиялық заттардың ықпалы- мен де күшейеді. Мәселен ацетилхолин, экстрактивті заттар қан ар- қылы ішек бездерін тітіркеңдіреді. Тап осы жолмен ішек бездерінің сөл шығаруын тежейтін заттар да бар (адреналин, норадреналин). Өт және ішек кілегейлі қабығында түзілетін гормон - энтерокинин, ас қорыту сөлдері ішек қабырғасындағы бездерді ішек куысы жағынан тікелей тітіркендіреді. Қоректік заттарды ішек сөлі тікелей ішек түтігінде немесе ішек қабырғасының ішкі бетінде гидролиздейді. Басқаша айтқанда ішекте ас екі түрлі жолмен: түтік ішінде, яғни қуыстық ас қорыту (бұл үрдіс ішектің қуысында, сөл шығаратын жасушалардан оқшаулау жерде өтеді) және ішектің кілегейлі қабығында, яғни мембраналық ас қоры- ту жолдарымен іске асырылады. Мембраналық ас қорыту. Ішектің кілегей қабатының ішінде өтетін өте күрделі ас қорыту мен сіңіру үрдістері мембраналық ас қорыту немесе контактты ас қорыту деп аталады. Мембраналық ас қорытуды, оның сыр сипатын тәжірибе жүзінде тұңғыш рет А.М.Уголев ашты. Мұның мәні: пробиркадағы сұйық күйінде алынған амилаза фермент- іне крахмал қосып, сол ферменттің крахмалды біркелкі шапшаңдық- пен ыдырататынын көруге болады. Енді осы пробиркаға аш ішектің шырышты қабығының кішкене ғана кесіндісі салып жіберсе крахмал- дың ыдырауы 10 есе артады. Бұл - мембрана бетіндегі ферменттердің гидролиздеу күші өте жоғары деген сөз. Сонымен мембраналық ас қорытуды қорыта келе А.М. Уголев төрт түрлі жағдайды атап көрсетеді. l) Мембрана бетінде тіркелген ферменттер анағұрлым күштілеу келеді, олардың ішінде ұйқы безінің күрделі ферменттері де бар. 2). Микробүрлер мен микротүтіктер ішектің қоректік заттармен жанасатын беткейін ұлғайтып, олардың сіңуін жеңілдетеді. Сондықтан оларды қоректік заттар тасымалдайтын конвейер деуге де болады. 3) Адсорбцияланған ферменттер ұзақ уақыт күшін жоймайды. 4) Гликокаликс микробтарға бөгет жасайды. |