қалыпты физиология. 1-90 сессия жауап. 1. Жлын. Жлын рылысыны сегменттік принциптері. Жлынны нейрондары
Скачать 329.46 Kb.
|
21.Барометрлік қысымның жоғарылауынан тыныс алу өзгерістері. Ауаның қысымы жоғарылау адам су астында, кессондық жқмыс кездерінде байқалады. Су астына түскенде әрбір 10 м тереңдікте судың адам денесінің бетіне қысымы 1 атм жоғарылайды, яғни 90 м тереңдікте болғанда адамға 10 атм қысым әсер етеді. Суда жүзу костюмімен адам су астына түскенде судағы жоғары қысымға сәйкес ауамен ғана дем алады. Мысалы, 100 м тереңдікте адам қысымы 10 атм көп газдық қоспамен дем алады.Бұл жағдайда қанда еріген оттегі, әсіресе еріген азот мөлшері артады. Сондықтан, суға терең түскенде дем алу үшін гелий-оттегілік қоспасын қолданады. Гелий қанда мүлдем ерімейді. Гелийге оттегіні тереңдікте оның парциальдық қысымын кәдімгі жағдайдағы қысымға жақын болуын тудыратын мөлшерде қосады. Таза оттегімен тек 20 м тереңдікке дейін ғана дем алуға болады, әрі қарай ол уытты әсер береді, еттер сіресіп қалады. Арнайы көңіл бөлуді талап ететін аса үлкен тереңдіктердегі жұмыстан кейін адамды жоғары қысымнан қалыпты қысымға ауыстыру керек. Егер, суда жүзгіш 160 м тереңдікте тек 1 сағат қана жұмыс жасаса, онда оның кері қайтуына 3 тәулік қажет – осынша уақыт ол барокамерада болуы керек. Қазіргі кезде 500 м тереңдікте ұзақ уақыт, яғни 15 тәулік бойында 50 атм қысымда болу дүниежүзілік жетістік болып саналады. Бұл кезде гелий қоспасымен дем алады, онда оттегінің мөлшері 2%ғана болады. Тереңдіктен су бетіне шыққанда дауыс саңылауы жабық болса, өкпелер керіле-созылып, альвеолалар жарылып кетуі мүмкін (барожарақат). Жүзгіш су бетіне тез көтерілсе (тез декомпрессия) қан мен ұлпаларда еріген газдар организмнен шығып үлгермейді және көпіршітер пайда болады. Оттегі және көмірқышқыл газдары онша қауіпті емес, өйткені олар қанмен, ұлпалармен тез байланысып кетеді, ал азот көпіршіктері аса қауіпті болады. Азот көпіршіктері қанмен таралып, ұсақ тамырларды бітеп тастайды (газдық эмболия), бұл өмірге аса қауіпті. Тез декомпрессияға байланысты дамитын жағдай кессон ауруы деп аталады. Еттерде ауырсыну болады,бас айналады, құсады, ентігіп, есінен танады, ауыр жағдайларда параличтер дамуы мүмкін. Кессон ауруының белгілері пайда бола бастаса, дереу қайтадан зардап шегушіні жоғары қысым жағдайына әкелу керек (көтерілгенде қандай тереңдікте болған жағдайда), азот көпіршіктері еру үшін, сосын баяу декомпрессия тудыру керек. Декомпрессиялық синдром 7000 м биіктікте ұшып келе жатқан самолет кабинасын кенеттен тез ашса байқалады. Бұл кездерде оттегілік маскалар қолданылады. 22.Лимбиялық жүйенің құрылысы және функциясы. Бұл жүйенiн аты латынның limbus - жиек деген сөзінен алын ган. Өйткені бұл жүйеге жаңа мн кыртысының түп жағында мн баганын айнала қоршаған құрылымдар жатады. Олардың көбі ми сыңарларынын iшкi бетiнде сүйелді дененің жан-жағында орналасқан: ✓белдеушi катпар (gyruscinguli) ✓теңiз жылкысы катпары (gy rus hippocampi), ✓миндаль, ✓миндаль тәрiздi комплекс, ✓кумбез (for nix), ✓гиппокамп, ✓мамиллярлық дене. Бұл құрылымдарды 1878 ж. лимбиялык кыртысдеп атаған. Ол кызмет жағынан таламустың алдынгы ядролары мен гипоталамус және ортанғы мидын торлы құрылымымен тығыз байланысты. Лимбиялык жүйенiн ең көрнекті кызметiнiң бiрi iшкi ортанын тұрақтылығын және жануарлардын белгiлi бiр түрiнiң тур сақтау дары арнамалы әсерленістерін сактау. Лимбиялык жуйенің әрбір бөлiгiн жеке тiтiркендiрсе түрлi вегетативтік функциялар, ішкі ағ залардын кызметi өзгереді. Мысалы: миндаль тәрiздi комплексті тiтiркендiргенде: ▪жүректің согу жнiлiгi мен тыныс жнiлiгi және кан тамырлар тонусы өзгереді. ▪Ас қорыту ағзаларының кызметі, ішек кнмылы, сілекей бөлінуі көбейіп, шайнау, жұту кимылдары пайда болады. ▪Мұнымен қатар, куык, жатыр жнырылады, пнлоэрекция кушейеді. Мұндай өзгерістер лимбнялык жуйенiн баска белiктерiн тітіркендіргенде де пайда болады. Лимбиялык кыртыс гипоталамуспен бірге ішкі ортаның мұқтаждығын қамтамасыз ететін іс-әрекеті мен эмоцияның калыптасуына катысады. Лимбиялык жүйенiн кейбiр жерiн тiтiркендiргенде жануарларда себепсіз ашу, ызалану, бой бермей шабуыл жасау немесе коркыныш сезімдері пайда болады. Егер ол бөліктерді алып тастаса: ➢мысалы, бұрын шабуыл жасауға аркашан даяр маймыл жетекшiсi жуас және сенгіш болып қалады. ➢Мұнымен бірге оның ас іздеу әре кетi және жыныстык функциясы бұзылады. Мұның бәрі лимбиялык жуйе, гипоталамус секiлдi, вегетативтік және сомалык, эндокрин дiк функцияларды үйлестіріп біріктіретінін көрсетеді. Лимбиялык жүйе есте сақтау қызметіне қатысады. Адамның гиппокампын алып тастаса, жакын арада болған барлык окигалар естен шығып, ұмытылады. Қорыта келгенде лимбиялык жүйе ескі кұрылым болганымен жана кыртыспен қызметі тығыз байланысты және онымен косылып организмнiн вегетативтік және сомалык кызметтерін реттеу, үйлестiру жұмыстарына қатысады. 23.Қан құюдағы қан топтарының ролі. Қан құюережесі. Эритроциттердiн желiмдену себебін Прага университетiнiн профессоры Ян Янский ашты. Ол организмнен тыс жерде тәжірибе жасап, көптеген адамдардың қандарын алма кезек араласты рып, мунын нәтижесінде адам канында, яғни онын эритроцитiнiн мембранасында 2 турлi (А және В) агглютиноген, ал плазмада сол агглютиногендерге сәйкес келетін 2 турлi агглютинин желiмдейтiн альфа (а) бета (В) болатынын анықтады. А агглютиногенi бар эритроциттерді плазмалык а – агглютинин жабыстырса, В-агглютиногенi бар эритроциттерді в-агглю тинин жабыстырады. Қан араластырған кезде аттас агглютино ген мен агглютинин бiр-бiрiмен кездесе калса, эритроциттер бір бiрiмен желiмденіп,үйме-агрегат кұрады. Желімденген эритро цит жарылып, оның iшiндегi гемоглобин плазмага шығады, сей тiп осындай эритроциттер гемолизге ұшырайды. Мұндай қан улы болады. Демек, бір адамның қанында әрi желiмденетін, әрі же лiмдейтiн аттас заттар (А - агглютиноген а агглютининмен. B агглютиноген B агглютининмен) болмайды. Белгiлi 4 заттан (А. В және . В) кездеспейтiн етiп тек 4 комплекс куруға болады. Осы ойга келген Ян Янский адам канын 4 топка бөлдi. Егер кан плазмасында а мен в агглютининдері болса, оның эритроциттерінде А және В агглютиногендер болмауы керек. Қан топтары: ❖І топ - агглютиноген жоқ/ а және в агглютининдері бар ❖ІІ топ – А агглютиноген бар/ в агглютинин бар ❖ІІІ топ – В агглютиноген бар / а агглютининбар ❖ІV топ –А және В агглютиногендері бар / агглютининдері жоқ Адам канын 4 топка бөлу оның қай тобын кай топка құюга болатынын аныктап берді. I топтағы донордын канын барлык топтардағы адамдарга куюга, ал IV топтағы реципиентке кай топтын болса да канын куюға болады. Каны 1 топка жататын адам әмбебап донор, ал каны IV топқа жататын адам әмбебап. 24.Баромтерлік қысымның төмендеуінен тыныс алу өзгерістері. Атмосфералық қысым төмен болған жағдайларда дем алатын ауада рО2, төмен болуы нәтижесінде гипоксия дамиды. Гипоксия эндогенді және экзогенді болып бөлінеді. Экзогендік гипоксия қоршаған ортаның газдық факторларының өзгеру нәтижесінде дамиды. Эндогендік гипоксия организмнің әр түрлі қызметтік және патологиялық жағдайларында пайда болады. Мысалы, 2,5-5,0 км жоғары көтерілгенде каротидті хеморецепторлардың жандануынан өкпелердің желденуі артады. Артериялық қан қысымы жоғарылайды, жүректің жиырылу жиілігі артады. Бұл реакциялардың барлығы ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етуді күшейтуге бағытталған. Өкпелер желденуінің жоғарылауы шегіне жеткенде альвеолалардағы ауада рСО2 төмендеуіне әкеледі – гипокапния дамиды, хеморецепторлардың, әсіресе орталық хеморецепторлардың жандануы азаяды. Бұл тыныс алудың шектелуіне әкелуі мүмкін. 4-5 км биіктікте жоғарыдағы ауру – тау ауруы дамуы мүмкін. Бұл кезде адам әлсіз, көгерулер, қан қысымы және жүректің жиырылу жилігі төмендейді, бас ауырады, тыныс алу тереңдігі азаяды. 7 км жоғары биіктікте өмірге қауіпті тыныс алу өзгерістері, қан айналу бұзылыстары және естен тану дамуы мүмкін. Әсіресе гипоксияның тез дамуы үлкен қауіп төндіреді, бұл кезде естен тану кенеттен болуы мүмкін. Биіктіктерде тыныс алуды қалыптандыру таза оттегінің 5% көміртегі қос тотығымен газдық қоспасы – карбогенді қолдану арқылы іске асады. Төмен атмосфералық қысым жағдайында ұзақ уақыт болу( мысалы, таулы жерлерде тұру) оттегілік ашығуға акклиматизациямен байқалады. Акклиматизация төмендегі белгілермен сипатталады: Эритропоэз күшеюі нәтижесінде қанда эритроциттер санының артуымен; Қанда гемоглобин мөлшерінің артуымен яғни қанның оттегілік сыйымдылығы жоғарылауымен; Өкпелердің желденуі артады; Эритроциттерде 2,3 – глицерофосфат мөлшерінің жоғарылауынан ыдырау қисығының оңға ығысуы нәтижесінде ұлпалар капиллярларында оксигемоглобиннің ыдырауы күшейеді; Ұлпаларда қан таситын капиллярлар тығыздығы жоғарылайды, олардың ұзындығы және иірімдер саны артады; Гипоксияға клеткалардың, әсіресе жүйке клеткаларының төзімділігі жоғарылайды; Ми тамырларын кеңейтетін гипоксия, соңынан мидың қан айналымы артады. 25.Ми қыртысы жарты шарларының функциялық ұйымдастырылуы. Қыртыстың сенсорлық және моторлық аймақтары (Бродман бойынша). Ми қыртысы, паллиум (лат. cortex cerebrі) – адам мен сүтқоректі жануарлардың үлкен ми сыңарларының сыртын жауып тұратын, нейронныңсұр затынан түзілген қабат. • Сұр заттың қалыңдығы 1 – 5 мм-дей. Мидың бұл бөлігі эволюциялық даму барысының соңғы кезеңінде пайда болып, жоғары дәрежелі жүйке жүйесі қызметін жүзеге асыруда өте маңызды рөл атқарады.. Ми қыртысы Ми қыртысы мидың басқа бөлімдерімен өте тығыз байланыста болады. Ми қыртысында барлық сезім органдарының соңғы орталықтары орналасқан. Мұнда сыртқы ортадан және организмнің өзінің ішкі ортасынан келген түрлі тітіркендіргіштер талданып, оларға жауап қайтарылады. Адамның сөйлеуі мен ойлауы үлкен ми сыңарларындағы Ми қыртысының барлық бөліктерінің қатысуымен ғана жүзеге асады. Ми қыртысы 6 қабаттан тұрады • 1. молекулалық қабат • 2.сыртқы түйіршікті қабат •3.сыртқы пирамидалық қабат • 4.ішкі түйіршікті қабат •5.ішкі пирамидалық қабат 6.көп құрылысты қабат I - молекулалық қабат (lamina molecularis), ішкі тамырлы қабық астында жатып, біршама саны аз ұсақ нейрондарды-ұршық тәрізді денесінен көлденең жазықтыққа шығатын ұзын тармақталған дендритті көлденең жасушаларды сақтайды. Аксоны қабаттағы талшықтардың тангенс өрімін құруға қатысады. Бұл қабатта нейронның аралық байланысын түзетін терең орналасқан қабаттардағы жасушалардың көптеген дендриттері, аксондары өтеді. II - сыртқы түйіршікті (granularis externa) қабат көптеген ұсақ пирамида және жұлдыз тәрізді жасушалардан құралған, дендриттері тармақталып, молекулалық қабатқа көтеріледі, ал аксондары ақ затқа, доға құрып алып, молекулалық қабатқа бағытталады. III - пирамида (piramidalis) қабаты ені өзгеріп тұрады, барынша енділігі неокортекс байланыстырушы (ассоциативті), сезіммоторлы аймақтарда жақсы байқалады. Пирамида тәрізді жасушалар басым болады, ал көлемі, қабаттың түбіне ауысқан сайын ұсақтан іріге дейін ұлғаяды, төбелік дендриттері молекулалық қабатқа бағытталады, бүйірлік дендриттері осы қабаттағы жасушаларда түйіспе құрады, аксондары өзінің сұр затында аяқталып, ақ затына бағытталады. Бұл қабат көбінесе бір сыңарда, әрі екі сыңарларда байланыстырушы қызмет атқарады. IV - ішкі түйіршікті (dranularis interna) қабат ұсақ пирамида, жұлдызша тәрізді жасушалардан құралады, неокортекс көру, есту аймақтарында кең мөлшерде байқалып, сезіммоторлы аймағында болмайды. Бұл қабатта көрутөмпешігінің орталығына қарай бағытталған талшықтардың негізгі бөлігі аяқталады. Қабаттағы ұсақ пирамида, жұлдызша тәрізді жасушалардың аксондары неокортекстің жоғарғы, төмен қабаттарындағы жасушалармен байланыс құрады. V - түйіндік (ganglionaris) қабат ірі, неокортекс моторлы аймағында-алып пирамида тәрізді (Бец жасушасы, перикарион көлемі 100 мкм артық, пирамида жолын түзетін ірі миелинді аксондар бастамасын береді) жасушалардан тұрады. Төбелік дендриттері молекулалық қабатқа жетіп, төбелік «гүлшоғын» құрады, бүйірлік дендриттері осы қабат шегінде таралады. Алып және ірі пирамида тәрізді жасушалар аксондары бас миы, жұлын ядроларында проекциеленеді, олардың ішіндегі ең ұзыны пирамида жолы құрамында жұлынның артқы жақ сегментіне жетеді. • VI - көппішінді жасушалар (multiformis) қабаты әртүрлі пішінді және көлемді нейрондардан (ұршық, жұлдызша тәрізді) құралған. Қабаттың сыртқы бөлігі ірі, ішкі бөлігі-одан ұсақ, сирек орналасқан жасушалардан тұрады. Жасушалардың аксондары шетке бағытталған жол құрамымен ақ затқа барады, дендриттері молекулалық қабатқа өтеді. Үлкен бас ми жартышарларының қыртысының қызметі(сенсорлық және моторлық қызметі) Сенсорлық кортекс (аймақ) - бұл сезім мүшелерінен ақпарат алатын және өңдейтін ми қыртысының бөлігі. Таламустан сенсорлық сигналдарды алатын ми қыртысының аймақтары бастапқы сенсорлық аймақтар деп аталады. Motor (cortex) - еркін қозғалыстарды жоспарлауға, бақылауға және орындауға жауап беретін ми қыртысының аймақтары, мотор кортексіне маңдайдың артқы жағында орналасқан фронтальды аймақ болып саналады. 26. «Ана-ұрық» резус қарсыластығы. Туындау механизмі, резус қарсыластықпен кұресу жолдары. 1)Кез келген адам туылғанда Rh+ немесе Rh- қан тобын алады. Мұндағы Rh+ дегенде Rh (резус) фактор бар (басымдыққа ие), сондықтан оң (+) резус деп саналады. Ал Rh- тобында Rh (резус) фактор болмайды, сондықтан теріс (-) резус деп саналады. Аяғы ауыр болған әйелдер жүктілік кезеңінің басында қандағы Rh сәйкестігіне байланысты қан тексеруінен өтеді. Егер болашақ ананың қаны Rh+ болса, немесе жолдасы екеуінің де қандары Rh- болса, онда алаңдайтын ештеңе жоқ деген сөз. Ал егер жағдай басқаша болса: әйелдің қаны Rh- болып, жолдасының қаны Rh+ болса, резус-фактор сәйкессіздігі (қайшылығы) туады. Ондай жағдайдағы жүктілік дәрігерлердің қадағалауында болады. Бірақ қорқудың қажеті шамалы. Егер алғашқы жүктілік болса, аса қиын жағдай туа қоймайды. •Жүктілік кезінде қауіпті Rh-қақтығысы? Бұл жүктілік кезінде Rh факторының шиеленісіне ұқсайды. Анаға келгенде, туылмаған баланың қанын оның денесі шетелдік зат ретінде қабылдайды, нәтижесінде осы әйелдің иммундық жүйесі антиденелердің дамуына сигнал береді. Олардың әсерінен баланың эритроциттері бұзылады, бұл жүктіліктегі Rh-жанжалдың қауіпті салдарларын тудырады: ▪сарғаю; ▪бауыр, бүйрек және жүректің кеңеюі; ▪alloimmun тромбоцитопения; ▪ұрық гипоксиясы; ▪гемолитикалық анемия болуы мүмкін. Ұрықтың кеңейтілген ішкі органдары қарапайым ультрадыбысты қолдану арқылы оңай көруге болады. Егер Rh симптомдары бар болса, жүктіліктің емі жасалмаса, жүктілік өте өкінішті: бала науқаста (тамшы, шуыл синдромы) немесе өлі туылады. Сондықтан жүктілікте рэсс-ана мен бала арасындағы қақтығысқа жол бермеу және оны алдын-алу үшін уақыт өте маңызды болып табылады. 27.Тыныс алу циклі. Тыныс алу жолдарының физиологиясы. Анатомиялық және физиологиялық өлі кеңістік. Тыныс алу циклі: 1) Инспирация(дем алу) –бұл тыныс алу бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты кеуде көлемінің ұлғаюы. Ұзақтығы 0,9-4,7 с. Диафрагма кеуде қуысын төменнен шектейді, сіңірлі орталық пен бұлшықет талшықтарынан тұрады. Тыныс алу кезінде диафрагма кеуде қуысының ішкі бетінен шығатын бұлшықет талшықтарының жиырылады, жіне диафрагманың күмбезі тегістеледі, қабырға-диафрагматикалық синус ашылады. Осы синустарда орналасқан өкпе аймақтары жақсы желдетіледі. Кеуде қуысының инспираторлық бұлшықеттеріне сыртқы қабырғааралық және ішкі қабырғааралық бұлшықеттер жатады. Дем алу кезінде, бұлшықеттер жиырылғанда, төменде орналасқан қабырға оның үстіндегі қабырғаға көтеріледі. Соның әсерінен кеуде көтеріледі. Диафрагма менсыртқы қаьырғаралық бұлшықеттердің жиырылуы ↓ Қабырғаның жоғары, кеуденің алға шығуы, диафрага төмен түсуі ↓ Өкпенің созылуы ↓ Тыныс алу (активті) Көмекші инспираторлық бұлшықеттерге төс-бұғанабұлшықеті, сондай-ақ үлкен және кіші кеуде, баспалдақ, тісті бұлшықеттер жатады. 2) Экспирация(дем шығару) – сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің релаксациясы және диафрагма күмбезін көтеру нәтижесінде жүзеге асады. Ұзақтығы 1,2-6 с. Дем шығару кезінде экспираторлық бұлшықеттер жиырылады, оларға ішкі қабырғаралық бұлшықеттер жатады. Олар қысқарған кезде, үстіңгі қабырға төменгі жаққа қарай тартылып, кеуде астыға түседі. Диафрагма менсыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің босаңсуы ↓ Қабырғаның және кеуденің төмен түсуі, диафрагма жоғары көтерілуі ↓ Кеуде клеткасы мен өкпе көлемінің жиырылуы ↓ Тыныс шығару(пассивті) Маңызды көмекші экспираторлық бұлшықеттерге іш бұлшықеттері жатады. 3) Тыныс алу паузасы (көлемі бойынша әр түрлі және болмауы мүмкін). Кеуде қуысының кеңеюі көбінесе қабырғалардың көтерілуіне немесе диафрагманың тегістелуіне байланысты, қабырға (кеуде) және іш қуысы тыныс алу түрін ажыратады. Тыныс алу түрі көбінесе жасына байланысты. Жасы ұлғайған сайын кеуде қуысының қозғалғыштығы төмендейді және іш қуысының тыныс алу түрі басым бола бастайды. Жүктіліктің соңғы айларында іштің тыныс алуы қиын. Әйелдерде кеуде қуысының тыныс алу түрі басым, ал еркектерде іш қуысы басым болады. Іштің тыныс алуы ең тиімді, өйткені бұл тыныс алу кезінде өкпенің желдетілуі жақсарады және іш қуысынан жүрекке веноздық оралу жеңілдейді. Тыныс алу жүйесі – мүшелер мен ұлпаларға қоршаған ортадан оттегін жеткізіп, көмір қышқыл газын сыртқа бөліп шығаруды қамтамасыз етеді. Сыртқы тыныс алу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: демалу (инспирация) және демшығарудан (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тірі организмде өзара жымдасып үйлесім тапқан, өмір бойы бірінен соң бірі белгілі бір ырғақпен алмасып отырады. Тыныс алу процесінің нәтижесінде организмге түскен оттегі клеткаларға жеткізіліп, онда ол биохимиялық реакцияларға қатысады. Аталған процесс мына тәртіпте орындалады: 1. Сыртқы тыныс алу - ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп, өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру; 2. Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы газдардың алмасуы; 3. Газдардың өкпеден ұлпаға, ұлпадан өкпеге қан ағынымен тасымалдануы; 4. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасуы; 5. Ішкі тыныс алу - клетка құрамындағы органикалық заттардың тотығуы. Тыныс алу көп ауадан оттегiн сiңiрiп, көмір қышқыл газын шыгаруды қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген процестердi атады. Оттегiнiң қатысуымен организмде тотығу процесі өтеді. Құрамындағы органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде клеткалар мен тканьдерде тiршiлiкке қажет энергия пайда болады.Мұнымен қатар тотығу барысында көмірқышқыл газы түзіледі. Бұл газ уақытында сыртқа шығарылып тұрмаса көптеген тiршiлiкке қажет процестер тоқтап денеде су тұрақтылығы (изогидрия), жылу тұрақтылығы (изотермия) бұзылады да адам өмiрiне кауіп туады. |