Главная страница

ЛОР-тесты-без-ответов-4курс-на-каз. 1. Жтынша арты кеістікті жаласы не ккіректі алдыы жаы


Скачать 362.5 Kb.
Название1. Жтынша арты кеістікті жаласы не ккіректі алдыы жаы
Дата01.11.2022
Размер362.5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаЛОР-тесты-без-ответов-4курс-на-каз.doc
ТипДокументы
#764935
страница1 из 6
  1   2   3   4   5   6


1. Жұтқыншақ арты кеңістіктің жалғасы не?

    • көкіректің алдыңғы жағы

    • көкіректің артқы жағы

    • парафарингеалді кеңістік

    • таңдай маңы кеңістік

    • омыртқа маңы кеңістік


2. Таңдай бадамшасының төменгі полюсі маңында не орналасқан?

    • ішкі ұйқы артериясы

    • сыртқы ұйқы артериясы

    • жалпы ұйқы артериясы

    • қалқанша артериясы

    • негізгі

3. Жаралы-некротикалық баспада болмайтын белгі.

    • таңдай бадамшасының жоғарғы полюсында жараның болуы

    • сұрғылт-лай тәрізді жабындының болуы

    • ауыздан сасық иіс шығу

    • ауру сезімінің жоғалуы

    • сұргылт- сары жабындының болуы


4. Қай жұқпалы ауру баспамен өтпейді?

    • мононуклеоз

    • күл ауруы

    • жәншәу

    • қызылша

    • эпидемиялық менингит

5. Созылмалы тонзиллитті консервативтi емдеу принциптеріне жатпайтыны.

    • лакуналарды жуу

    • тамақты шаю және бадамшаларға дәрілік заттарды енгізу

    • физиоемі

    • гипосенсибилизациялық ем

    • бадамшаларды алып тастау


6. Жұтқыншақты тексеру әдістеріне жатпайтыны қайсысы?

    • риноскопия

    • мезофарингоскопия

    • мұрын-жұтқыншақты саусақпен тексеру

    • тура емес ларингоскопия

    • трахеобронхоскопия+

7. Жұтқыншақ қабаттарына не жатпайды?.

    • шырышты қабат

    • фиброзды қабат

    • қан-тамырлар қабаты

    • етті қабат

    • жұтқыншақ сіңірі


8. Өңештің мойын бөлігіндегі бөгде заттарды анықтамайтын әдіс қайсысы?

    • тура емес фаринголарингоскопия

    • мойын бөлігінің кең көлемді рентгенографиясы

    • контрасті рентгенография

    • фиброэзофагоскопия

    • ригидті эзфагоскопия

9. Парафарингеалді абсцестің рентгенологиялық және клиникалық белгілеріне жатпайтыны қайсысы?.

    • мойынның ассиметриясы

    • мойын ұлпаларының бір жақты ісінуі және ауыруы

    • қызару

    • Земцов тәсілі бойынша рентгенограммада омыртқа алды кеңістіктің кеңеюі және ауа көпіршіктерінің болуы

    • шүйде еттерінің тырысуы

10. Қай қан ауруларында екіншілік баспа болады

    • агранулоцитоз+

    • лейкоз+

    • алиментарлық-токсикалық алейкия+

    • гемофилия

    • капилляротоксикоз

11. Гипертрофиялық фарингиттің түрлерін атаңдар

    • бүйірлік+

    • катаралді

    • атрофиялық

    • гранулезді+

    • гипертрофиялық

12 . Паратонзиллярлы абсцесті емдеу.

- абсцесті кесу+

- абсцесту ашу+

- абсцеске пункция жасау

- тонзиллэктомия операциясын жасау

- тонзиллотомия операциясын жасау.


13. Фарингиттің қай түрінде жұтқыншақ артында қызғылт гранулалар болады?

    • Гранулезді+

    • атрофиялық

    • гипертрофиялық

    • жедел

    • катаралді


14. Таңдай иніндеріне тарайтын бадамшалардағы сұргылт-лай түсті жабынды қай ауруда кездеседі?

- жедел фарингитте

- созылмалы фарингитте

- фолликулярлы баспада

- күлде+

- инфекциялық мононуклеозде


15. Мұрын-жұтқыншақ бадамша безін алып тастау операциясы қалай аталады?

- тонзиллотомия

- тонзиллоэктомия

- аденотомия

- конхотомия

- шырышты қабат асты сылу


16. Жұтқыншақ бадамшасының жедел және созылмалы қабынуы қалай аталады?

    • фарингит

    • баспа

    • аденоидит

    • сальпингит

    • ларингит


17. Леффлер бацилласына мұрын мен жұтқыншақтан алынған жұғын қай ауруда тексерледі?

    • острый фарингитте

    • созылмалы фарингитте

    • баспада

    • күлде+

    • паратонзиллярлы абсцесте

18. Вальдейер-Пироговтың лимфоаденоидтық сақинасының құрамына жатпайтыны.

- таңдай бадамшалары

- түтікшелік

- мұрын-жұтқыншақ

- ауыз-жұтқыншақ

- тіл

19. Паратонзиллит жиі дамиды

- балаларда

- 17-35 жас аралығында

- 40-50 жас аралығында

- 50-60 жас аралығында

- жасқа қарамайды


20. Созылмалы тонзиллиттің декомпенсация сатысына жатпайтын белгі қайсысы?

- баспаның қайталануы

- паратонзиллиттер

- тонзиллогенді соматикалық аурулар

- субфибриллитеттің болмауы

- субфибриллитет

- тамақты шаю


21. ЛОР мүшелерінің қайсысы жиі қатерлі ісіктермен зақымдаланды?

- мұрын

- мұрынның қосалқы қуыстары

- мұрын-жұтқыншақ

- ауыз-жұтқыншақ

- көмекей

22. Паратонзиллярлы клетчатка дегеніміз, бұл –

- жұтқыншақ арты кеңістік клетчаткасы

- жұтқыншақ маңы кеңістіктің клетчаткасы

- таңдай бадамшаларының клетчаткасы

- көмекей-жұтқыншақтың клетчаткасы

- жұтқыншақтың бүйірлік кеңістігінің клетчаткасы


23. Жұтқыншақты нервтендірмейтіні қайсысы?

- үшкіл

- тіл-жұтқыншақ

- кезбе

- әкететін

- қосымша


24. Жұтқыншақ арты абсцесс кімдерде жиі дамиды?

    • кәрілерде

    • жас өспірімдерде

    • 3 жасқа дейін

    • мектеп жасында

    • жасқа қарамайды


25. Жұтқыншақ қайдан басталады?

  1. III IV  мойын омыртқасы

  2. II III мойын омыртқасы

  3. I II мойын омыртқасы

  4. IV V мойын омыртқасы

  5. Бассүйек негізі



26. Жұтқыншақ қандай бөлімдерге бөлінеді?

  1. Мұрын жұтқыншақ

  2. Ауыз жұтқыншақ

  3. Көмей жұтқыншақ

  4. Бүйірлік бөлім

  5. Бүйірлік

27. Жұтқыншақтың қанмен қамтамасыз етілуі:

  1. Сыртқы ұйқы артериясы

  2. Ішкі ұйқы артериясы

  3. Жақ артериясы

  4. Негізгі таңдайлық артерия

  5. Жұтқыншақты артерия

28. Аденоидтар қандай жаста жиі кездеседі

  1. 1 жастан 3 жаска дейін

  2. 3 жастан 5 жаска дейін

  3. 5 жастан 7 жаска дейін

  4. 7 жастан 10 жаска дейін

  5. 10 жастан бастап

29. Аденоидтар кері әсер етеді:

  1. Бала ағзасының дамуына

  2. Бас миына

  3. Қан құрамына

  4. Бет сүйектеріне

  5. Тыныс алуына


30. Ангинаның дамуының жиі себептері қандай?

  1. Гемолитикалық стрептококк

  2. Гемолитикалық стрептококк емес

  3. β-Гемолитикалық стрептококк

  4. Стафилококк

  5. Вирустар


31. Паратонзилярлы абсцесс дегеніміз не?

  1. Таңдай бадамша безінің қабынуы

  2. Таңдай доғашықтарының қабынуы

  3. Тіл бадамша безінің қабынуы

  4. Мұрын жұтқыншақ бадамша безінің қабынуы

  5. Бадамша безі маңының клетчаткасының қабынуы


32. Жұтқыншақ арты абсцессі деген не?

1. Жұтқыншақ арты қабырбағасының қабынуы

2. Таңдай бадамшасының қабынуы

3. Мұрын-жұтқыншақ бадамшасының қабынуы

4. Тіл бадамшасының қабынуы

5. Жұтқыншақ арты кеңістігінің лимфа түйінінің қабынуы

33. Моноцитарлық баспаның сипатталуы:

1. Қанда лекоциттің көп болуы

2. Қанда лимфоциттің көп болуы

3. Қанда тромбоциттің көп болуы

4. Қанда гранулоциттің көп болуы

5. Қанда моноциттің көп болуы+

34. Агранулоцитарлық баспаның сипатталуы:

1. Лейкоцитпен

2. Моноцитпен

3. Тромбоцитпен

4. Эритроцитпен

5. Агранулоцитпен


35. Ойық-жаралы жабынды баспаның қоздырғышы қандай?

1. Стрептококк

2. Стафилококк

3. Вирус

4. Ұршық тәрізді таяқша

5. Ұршық тәрізді таяқша және ұрттық спирохета


36. Ойық жаралы жабынды баспада науқастың жалпы жағдайы қалай өзгереді?

1. Өзгермейді

2. Қатты өзгереді

3. Орташа

4. Ауыр

5. Орташа ауырлыкта


37. Созылмалы тонзилиттің обьективті белгілері қандай болады?

1. Алдыңғы доғаның гиперемиясы

2. Артқы доғаның гиперемиясы

3. Бадамша безінде іріңнің жиналуы

4. Бадамшаның үлкеюі

5. Айтылғандардың барлығы

38. Тонзиллоэктомияның жиі кездесетін асқынулары:

1. Венозды тамырдан қан кету

2. Артериальды тамырдан қан кету

3. Паренхимтозды қан кету

4. Сыртқы ұйқы артериясынан

5. Ішкі ұйқы артериясынан


39. Тонзиллоэктомиядан кейінгі екіншілік қан кету қашан пайда болады?

1. Операциядан кейін 3-4 күн

2. 5-6 күн

3. 8-10 күн

4. 12-15 күн

5. 15-20 күн

40. Тонзиллоэктомияға қарсы көрсеткіш

1. Ерте балалық шақ

2. Жаңа туылу кезеңі

3. Ересек кезеңі

4. Жас кезде

5. Орта жас


41. Мұрын жұтқыншақтың ангиофибромасы кімде жиі кездеседі?

1. Балаларда

2. Қыздарда

3. Ерлерде

4. Әйелдерде

5. Қарттарда


42. Мұрын жұтқыншақ аурулары балаларда қай жаста жиі кездеседі?

1. 6-8 жас

2. 8-10 жас

3. 10-12 жас

4. 12-16 жас

5. 14-17 жас


43. Мұрын жұтқыншақ ангиофибромасының негізгі белгілері қандай болады?

1. Риноррея

2. Дауыстың мыңғырлауы

3. Бет қаңқасының деформациясы

4. Жиі баспалар

5. Мұрыннан қан кету


44. Мұрын- жұтқыншақ фибромасының кері дамуы қай жаста болады?

1. 5-6

2. 6-8

3. 8-10

4. 10-12

5. 15 жастан жоғары


45. Қатерлі түзілімдерді негізгі емдеу әдістері қандай болады?

1. Химитерапия

2. Рентгенотерапия

3. Радиоизотопты терапия

4. Хирургиялық ем

5. Аралас ем

46. Аңқа күлінде лакунарлы баспадан ажыратыңыз:

1. Тамақтағы өткір ауру сезімнің болу

2. Ақ түсті жабындының болуы

3. Оңай алыну

4. Жергілікті лимфа түйіндерінің ұлғаюы

5. Бұлыңғыр лай-сұрғылт түсті жабындының болуы


47. Жұтқыншақтың неврозында қандай негізгі белгілер кездеседі?

1. Тамақтың тұрақты ауру сезімі

2. Ас қабылдағанда тамақтағы ауру сезім

3. Тамақта бөгде заттың сезінуі

4. Анестезия

5. Жұтқыншақтың шырышты қабатының анестезиясымен гиперестезиясы


48. Қандай ауруда тонзилогенді сепсис жиі кездеседі?

1. Катаралді баспада

2. Бадамшада бөгде заттың болуы

3. Созылмалы тонзилитте

4. Аденоидта

5. Паратонзиллярлы абссцесте


49. Жұтқыншақтың қай бөлігінде есту түтігі орналасқан?

А) мұрын- жұтқыншақтың күмбезінде

Б) көмей - жұтқыншақта

В) мұрын – жұтқыншақта

Г) ауыз - жұтқыншақта

Д) аранда


50. Жұтқыншақ қай артерияның тармақтарымен қоректенеді?

А) жоғарғы қалқанша артериясы

Б) ішкі ұйқы артериясы

В) сыртқы ұйқы артериясы

Г) жалпы ұйқы артериясы

Д) Бұғана асты артериясы


51. Ретрофарингиалді кеңістік алдынан және артынан немен шектелген?

А) жұтқыншақтың бұлшық еттері және жұтқыншақ адвентициясы

Б) терең орналасқан мойын фасциясы және омыртқа алды

В) жұтқыншақ адвентициясымен терең мойын фасциясы

Г) жұтқыншақ бұлшық етімен жұтқыншақтың фиброзды қабықшасы

Д) жұтқыншақ адвентициясы мен омыртқа алды фасциясы

52. Таңдай бадамша лакуналары неден тұрады?

А) гистоциттер, плазмациттер, лимфацит жиынтығы

Б) капсуладан келетін байланыс тіндері

В) бұлшық ет жіптері

Г) бадамшалардағы жіңішке бұтақтардың өзектері

Д) капилярлар түйіндері


53. Бадамшалар стромасы неден тұрады?

А) гистоциттер, плазмациттер, лимфацит жиынтығы

Б) капсуладан келетін, байланыстыр тіндері

В) бұлшық ет жіптері

Г) бадамшалардағы жіңішке бұтақталған өзектер

Д) капилярлар түйіндері


54. Бадамша паренхимасын құрайтындар?

А) гистоциттер, плазмациттер, лимфацит жиынтығы

Б) капсуладан келетін байланыстар тіндері

В) бұлшық ет жіптері

Г) бадамшалардағы жіңішке бұтақталған өзектер

Д) капилярлар түйіндері

55. Паратанзелярлы кеңістікті құрайтын

А) тін аралық сұйықтық

Б) лимфоидті тін

В) борпылдақ жасушалар

Г) бұлшықет тіні

Д) ауа


56. Бадамшалардың ағзаға және мүшелерге қолайсыз әсер етуі немен түсіндіреледі?

А) иннервациялық ерекшелігі

Б) қанмен қоректену ерекшелігі

В) топографиялық ерекшелігі

Г) лимфа айналымының ерекшелігі

Д) веналық ағыз ерекшелігі


57. Жұтқыншақтың қабырғасына жатпайтыны қайсысы?

А) адвентициялық қабат

Б) фиброзды қабат

В) шырышты қабат

Г) шеміршекті тін

Д) бұлшық ет

58. Науқасты профилактикалық тексеру кезінде, бадамша лакуналарында іріңді тығын аңғарылды, иіндер қанға толған, лимфа түйіндерінің ұлғайғандығы анықталған. Ешқандай шағымы жоқ. Төменде берілгендердің қайсысы алдын ала болжам диагноз бола алады?

А) созылмалы тонзиллит өршу сатысы

Б) созылмалы тонзиллит ремиссия сатысы

В) созылмалы фарингит ремиссия сатысы

Г) агранулоцитарлы баспа

Д) мононуклеоз

59. Науқаста фарингоскопия кезінде, бадамша лакуналарында ірің аңғарылды, бадамша иіндері қанға толы, беткей бөлігінің борпылдақ. Жылына 2-3 рет баспамен ауырған.


Төменде көрсетілгендердің қайсысы И.Б.Солдатовтың жіктелуі бойынша алдын ала болжам диагноз бола алады?

А) созылмалы субкомпенсациялық тонзиллит

Б) созылмалы декомпенсациялық тонзиллит

В) созылмалы компенсациялық тонзиллит

Г) токсикалық- аллергиялық түрі 1-ші сатыда

Д) токсикалық- аллергиялық түрі 2-ші сатыда

60. 36 жастағы науқас ұзақ уақыт бойын тамағындағы жағымсыз сезімге, жұтқыншақта бөгде денені сезінуіне шағымданады. Жүйелі науқасты ештеңе мазаламайды. Ащы тағамнан кейін және суық тигенде жағдайы нашарлайды. Фарингоскопияда: тамақта іркілген қызару және жұтқыншақтың шырышты қабатының қалыңдауы мен жұтқыншақтың бүірлік буылтығы ұлғайғандығы анықталды


Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы болжамалы диагноз бола алады?

А) созылмалы декомпенсациялық тонзиллит

Б) созылмалы гипертрофиялық фарингит

В) созылмалы атрофиялық фарингит

Г) созылмалы катаралді фарингит

Д) жедел фарингит


61. Төмендегі көрсетілген белгілердің қайсысы созылмалы атрофиялық фарингитке жатады?

А) таңдай иіндерінің қалыңдауы және тығыздалуы

Б) шырышты қабаттың қалындауы, қан тамырларының кеңеюі

В) шырышты қабаттың лак тәрізді жылтырауы, қабықтануы

Г) лимфоидтық гранулалардың кенеюі және ісінуі

Д) шырышты қабаттың эрозиясы және жарасы

62. 19 жасар науқас ыстығыеың 37,5С көтерілгендігіне, әлсіздікке, селқостыққа, тамағының ауруыратындығына шағымданады. Екі күн бұрын жаңбырдың астында қалып қойып, жедел аурған. Фарингоскопия: жұтқыншақтың шырышты қабаты қызарыңқыл, таңдай бадамшалары қызарған, ісінген. ЖКА – L -9,6 x 10(9), ЭТЖ 28 мм/сағ.


Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы болжам диагноз бола алады?

А) паратонзиллярлы абсцесс

Б) фолликулярлы баспа

В) лакунарлы баспа

Г) катаралді баспа

Д) жедел фарингит

63. 19 жасар науқас ыстығының 37,5С көтерілгендігіне, әлсіздікке, селқостыққа тамағының ауыратындығына шағымданады. Екі күн бұрын жаңбырдың астында қалып қойып, жедел ауырған. Тексергенда жақасты лимфатүйіндері ұлғайған. Фарингоскопия: жұтқыншақтың шырышты қабаты қызарыңқы, таңдай бадамшалары қызарған, ісінген. ЖКА – L = 9,6 x 10(9), ЭТЖ 28 мм/сағ.


Төмендегі көрсетілгендердің қайсысын емдеу жоспарына енгізуге болмайды?

А) таңдай бадамшаларын Люголь ерітіндісімен майлау

Б) кең спекторлы антибиотиктер

В) физиоемі

Г) аспирин

Д) жұтқыншақты шаю


64. Мұрын қуысының сыртқы қабырғасын не құрайды?

а)мұрын сүйектері

б)жоғарғы жақ денесінің медиальды беткейі мен маңдай өсіндісі

в)жас және торлы сүйектер

г)таңдай сүйегінің перпендикулярлы табақшасы

д) желбезектен

  1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта