1. Магнит рісі. Магнит рісіні асиеттері. Магнит индукция векторы. Макротоктар жне микротоктар. B мен h арасындаы байланысты жазыыз
Скачать 0.63 Mb.
|
Денелердің жарқырауы, яғни денелердің электромагниттік толқындар шығаруы әртүрлі энергия түрлері арқылы орындалуы мүмкін. Егер электромагниттік толқындар тек қана ішкі энергия а рқылы шығарылатын болса, оны жылулық сәуле шығару деп атайды. Жылулық сәуле шығару тепе-теңдік процеске, ал қалған сәуле шығарудың түрлері тепе-теңдік емес процестерге жатады. Тепе-теңдік күйлер мен процестерге термодинамика заңдарын қолдануға болады. f(- функциясын (универсалдық функция) абсолютті қара дененің сәуле шығару қабілеттілігі деп атауға болады. Тепе-теңдік жылулық сәуле шығарудың спектрлік құрамының сыйпаттамасын теория жүзінде қарастырғанда жиілік функциясын қолдануға ыңғайлы, ал тәжірибелік зерттеулерде толқын ұзындығының функциясын қарастырған жөн. Екі функция бір-бірімен келесі формуламен байланысты: 11-1 сурет. (11.5) Табиғатта абсолютті қара дене болмайды. Дегенмен қасиеттері абсолютті қара денеге өте ұқсас қондырғылар жасауға болады. Егер қуыс қабырғасын белгілі бір температурада Т ұстап тұрса, онда тесік арқылы шығатын сәуле спектрлік құрамы жағынан абсолютті қара дененің шығару сәулесіне жақын болады. функциясының тәртібін тәжірибелік зерттеу нәтижелері 11.1-суретте көрсетілген. 28. Кирхгоф заңымен Стефан-Больцман заңдарын жазыңыз? Кирхгоф заңы. Дененің энергетикалық жарқырауы R, дененің сәуле шығару қабілеттілігімен rкелесі қатынаспен байланысқан: R (11.1) Айталық, dФ-аудан элементіне түскен сәулелік энергия ағыны болсын, ал dФдененің ағынды жұтқан бөлігі болсын. Онда өлшемсіз шама (11.2) дененің жұту қабілеттілігі деп аталады. Абсолютті қара дене үшін , егер болса, онда дене сұр болады. Кирхгоф заңы былай оқылады: дененің сәуле шығару қабілеттілігінің оның жұту қабілеттілігіне қатынасы дененің табиғатына байланысты емес, ол барлық денелер үшін бірдей жиіліктің (толқын ұзындығының) және температураның функциясы болып табылады: (11.3) немесе (11.4) Стефан-Больцман заңы абсолютті қара дененің энергетикалық жарқырауын оның абсолюттік температурасымен байланыстырады: R = . (12.1) мұнда -Стефан-Больцман тұрақтысы. 29. Вин ығысу заңын, Релей-Джинс және Вин формулаларын жазыңыз? Виннің ығысу заңы абсолюттік температураны - функциясының максимумына сәйкес келетін толқын ұзындығымен байланыстырады: T. b- тұрақты шама, тәжірибемен анықталған сандық мәні: b = 2,90 10 м .К. 12.1- сурет. Рэлей-Джинс формуласы: u(. (12.2) f(. (12.3) Бұл формулалар тәжірибе нәтижелеріне толқын ұзындықтары үлкен облыста (12.1-сурет) ғана қанағаттандырарлық түрде сәйкес келеді де, ал қысқа толқындық облыстарда тіпті сәйкес келмейді (12.1-сур). (12.2) формуланы (11.6) өрнекке қойғанда, тепе-теңдік энергия тығыздығы u (T) үшін шексіз үлкен мән алынатыны көрініп тұр. Ультракүлгін күйреудеп аталған бұл нәтиже, жасалған тәжірибелерге қайшы келеді. Сәуле шығару мен сәуле шығаратын дене арасындағы тепе-теңдік u (T) функциясының шекті мәнінде ғана орындалады. 30.Планктың кванттық гипотезасын тұжырымдаңыз? Планк формуласы. (1900 г.). h немесе - Планк тұрақтысы. Квант энергиясының шамасы сәуле шығару жиілігіне пропорционал болып келеді (12.4) Жиілігі болған сәуле шығару энергиясының орташа мәні келесі түрде өрнектелетінін көрсетуге болады: (12.5) онда f( (12.6) (12.6) – Планк формуласы деп аталады, ол тепе-теңдік сәуле шығаруды дәл суреттейді. |