Главная страница
Навигация по странице:

  • Мазмұны: Бірінші зертханалық-тәжірибе сабағыМИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА. МИКРОСКОПТАР Сабақтың мақсаты.

  • Жабдықтар мен материалдар.

  • Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері мен техника қауіпсіздігі.

  • МИКРОСКОПТАР МЕН МИКРОСКОПИЯ. Микроскоп

  • МИКРОСКОППЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

  • ЛЮМИНЕСЦЕНТТІ МИКРОСКОПИЯ.

  • ЭЛЕКТРОНДЫ МИКРОСКОПИЯ.

  • Микроорганизмдерді бояудың қарапайым тәсілі

  • МИКРОБТАРДЫҢ ТАЯҚША ТӘРІЗДЕС ФОРМАЛАРЫ. БОЯУДЫҢ КҮРДЕЛІ ТӘСІЛДЕРІ

  • Жабдықтар мен материалдар.

  • Таяқша немесе цилиндр тәріздес

  • Бояудың күрделі тәсілдері.

  • Грам тәсілі.

  • МИКРОБТАРДЫҢ БҮГІЛМЕЛІ ФОРМАЛАРЫ. МКРООРГАНИЗМДЕРДІ НЕГАТИВТІ ЖӘНЕ БАСҚА ТӘСІЛДЕРІ Сабақтың мақсаты.

  • Микробтардың бүгілмелі формалары

  • Бояудың негативті тәсілінде

  • Споралары (ұрық) бояу.

  • Капсулаларды бояу.

  • Микроб жасушасының элементтерін бояу.

  • Спиртовка

  • Құрылымдық элементтер бойынша зертханалық спирттер бір-бірінен келесі параметрлер бойынша ерекшеленеді

  • Микробиология. №1 Тәжірибе. 1 симуляция Таырып Микробиологиялы зертхана рлымы. Микроскопты зерттеу дістері. Таырып сратары


    Скачать 45.94 Kb.
    Название1 симуляция Таырып Микробиологиялы зертхана рлымы. Микроскопты зерттеу дістері. Таырып сратары
    АнкорМикробиология
    Дата08.10.2021
    Размер45.94 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№1 Тәжірибе.docx
    ТипДокументы
    #243573

    1 симуляция

    Тақырып: Микробиологиялық зертхана құрлымы. Микроскоптық зерттеу әдістері.

    Тақырып сұрақтары:

    1. Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу қағидалары. Лабораторияда жұмыс орнын дайындау.

    2. Микроскоп құрылысы. Препараттар бояуға столды жабдықтау.

    3. Спирттік горелканы пайдалана білу

    4. Жұмыс орынын және қолды зарарсыздандырғыш ерітіндімен өңдеу.

    5. Микроскоптың иммерсиондық жүйесімен жұмыс істеу.

    6. Боялған препараттарды микроскоптау.

    7. Микроскопты күту.

    8. Зерттеу материалын асептикалық жағдайда алып залалсыздандырылған ыдысқы салып сынама алу уақыты, материал сипаттамасы, алу көзі, зерттеу мақсаты көрсетілген құжатпенен мүмкіндігінше тез арада лабораторияға жеткізу.

    9. Зерттеу материалынан фиксацияланған сүртім дайындау және Грам – Синева бойынша бояу.

    10. Жағындыда бактериялардың морфологиясын, тинктрориалдық қасиеттерін иммерсиондық микроскоп жүйесімен қарау.Дайын боялған препараттарда: капсулаларды (Бурри әдісімен) және спораларды (Ожешко әдісімен) табу.

    11. Бастырылған және ілінген тамшы әдісімен бактериялардың қозғалуын анықтау.

    12. Изотониялық натрий хлориді ерініндісін дайындауды және негізгі қоректік орталарды (ЕПС,ЕПА,Гисс орталарын, сарысу агарын), дифференциалды – диагностикалық орталарды (Эндо,Левина,Плоскирев,) анаэробтар–сүру орталарын дайындау.

    13. Қоректік ортаның рН анықтауды, сүзуді, залалсыздандыруды және қоректік орталарды құюды.

    14. Сұйық және тығыз қоректік орталарды бак. ілмекпен, тампонмен, шпателмен, түтікшелермен егу жүргізуді.

    15. Қоректік орталарда зерттеу материалының өсуін сипаттауды.

    16. Жағынды даярлауды, Грам –Синева әдісімен бояуды және иммерсиялық жүйесімен микроскоптауды.

    17. Егу арқылы таза дақыл алу.

    18. Алынған дақылдың сахаралитикалық, протеолитикалық және гемолитикалық қаситеттерін анықтауды.

    19. Бактериалды дақылдың фаготиптеуінің сапалық әдістеменен жүргізуді.

    20. Бактериофагтер препаратымен жұмыс істеуді.

    Мазмұны:

    Бірінші зертханалық-тәжірибе сабағы

    МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА. МИКРОСКОПТАР

    Сабақтың мақсаты. Микробиологиялық зертхананың жұмыс істеу ережелері және қауіпсіздік техникасымен танысу. Микроскоптардың құрылысы және олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгеру.

    Жабдықтар мен материалдар. Штативтер, шыны түтіктер, микробиологиялық ілмектер, пастер шыны түтіктері, бояғыш заттар, зат шынылары, микроскоптар, иммерсионды май, микроорганизмдерден дайындалған препараттар және т.б.

    Микробиологиялық зертханада студенттер микробиологиялық, серологиялық және басқа да зерттеу тәсілдерін меңгеріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, микробиология пәні бағдарламасының мәселелерімен танысады.

    Жарықтың мол болуы үшін зертханадағы жұмыс үстелдері терезеге жақын орналастырылуы қажет. Үстелдердің беті пластикпен, плексигласпен немесе қалың шынымен жабылып, ортасына шыны түтіктерге арналған штативтер, бояулар құйылған ыдыстар немесе тамызғыштар, спирт шамдары және т.б. қойылады. Ұсақ жануарлардың өлекселерін немесе олардың мүшелерін жарып тексеруге арналған кішірек үстелше болғаны дұрыс. Оқу барысын қамтамасыз ету үшін микроорганизмдер өсінділері, қондырғылар және жуу, стерильдеу, қоректкі орталарды дайындау, бокс, препарат, термостат, жануарларды күтуге арналған виварий және басқа да бөлмелер болуы керек. Жуу бөлмесінде үстелдер, раковина, электр немесе газ плиталары, кептіргіш, ауа сорғыш шқаф судың буы мен шыны ыдыстарды жууда қолданылатын реактивтердің иістерін кетіру үшін қажет. Бұл жердің едені мен қабырғалары кафельмен қапталады. Стерильдеу бөлмесінде бір немесе екі бумен стерилбдейтін қондырғылар мен үстелдер болады. Стерильдеу бөлмесінде стерилизаторларды ашқаннан кейінгі шығатын будың қалдықтарын кетіру үшін бөлме желдеткіштері болуы қажет. Қысымның көтерілуіне дейінгі пайда болатын бу резеңке түтік арқылы сыртқы ортаға шығарылады немесе суы бар шелекке бағытталады. Бұл бөлменің есіктері мен терезелері сыртқа қарай ашылғаны жөн.

    Қоректік орталарды дайындау бөлмесінің қабырғалары плитамен қапталған немесе майлы бояумен сырланған, ал еденіне плита немесе линолеум төселеді. Мұнда газ немесе электр плитасы, шыны түтіктерге құйылған қоректік орталарға арналған бөліктері бар жәшіктер, үстелдер, қоректік орта компоненттерін, ет сорпасын және басқа да сұйық орталарды сақтауға арналған мұздатқыш пен шкафтар болады.

    Термостат бөлмесінде әр түрлі көлемдегі термостаттар орналастырылады. Зең саңырауқұлақтарды өсіруге арналған термостаттың температурасын 20-25°С, көптеген сапрофитті микроорганизмдерге 25-30°С, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына 35-37°С, ал термофилді микроорганизмдерді өсіру үшін 40-45°С-ге реттелген термостаттар болады.

    Препарат бөлмесі – зертханалық-тәжірибе сабақтарына қажетті құралдарды дайындауға арналған жұмыс орны. Бұл жерде оқу барысына керекті барлық жабдықтардың болуы тиіс (мұздатқыш, дистиллятор, таразылар, центрифуга, микроскоп және т.б.).

    Бокс бөлмесі – стерильді жағдайда микроорганизмдер дақылдарын себу және қайта себу, сонымен қатар, кейбір ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолданылатын бөлме. Бокстың жылжымалы есігі бар тамбуры болады. Бокстың терезесі сыртқы ортадан ауа кірмейтіндей әйнектеліп, қабырғалары плиткамен қапталады немесе майлы бояумен сырланады. Еденіне линолеум төселеді. Боксты натрий гидрокарбонатын (ас содасын 2- 3%-ы), 3-5%-ды карбол қышқылы және басқа да дезинфекциялағыш заттардың ерітінділерімен ылғалдандырып, жуып тұрады. Бөлмені толқын ұзындығы 254 нм улбтракүлгін сәулелерін тарататын бактерицидті лампалармен (БУВ-15, БУВ-30, т.б.) 30 минуттан бірнеше сағат аралығында стерилдейді. Бактерицидтік лампа іске қосылып тұрған уақытта бөлмеге кірмеген дұрыс, өйткені ультракүлгін сәулелері көздің қасаң қабығын қабындырады.

    Вивари – ақ тышқандарды, ақ егеуқұйрықтарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарын және басқа зертханалық жануарларды күтуге арналған бөлме. Жануарлар ғылыми-зерттеу жұмыстарында және сабақ өткізу ұшін қолданылады.

    Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері мен техника қауіпсіздігі.

    1) Микробиологиялық зертханаға міндетті түрде халатпен кіргізіледі.

    2) Бұл жерге бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады.

    3) Белгілі бір орында жұмыс істеп, тек қана бекітілген құрал-жабдықтарды қолдану керек. 4) Жұмыс кезінде тазалық сақтаған жөн.

    5) Ауруды жұқтырмау үшін үзіліс уақыттарында темекі шегуге, тамақтануға болмайды.

    6) Үстелдің үстінде тек қана тапсырманы орындауға арналған құралжабдықтардың ғана болуы шарт.

    7) Сабақтың соңыеда жұмыс орны мен жабдықтарды ретке келтіру қажет.

    8) Бір спирт шамын екінші біреуінің көмегімен тұтандырмаған абзал, ол үшін шырпы мен шақпақты қолданған жөн.

    9) Электр жүйесінің сымдарына, түйіспе бөліктеріне металл немесе басқа заттарды жанастыруға болмайды.

    10) Оқытушының немесе зертхана қызметшілерінің рұқсатынсыз электр құралдарын тоққа қоспау керек.

    11) Химиялық және басқа да реактивтермен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау қажет. 12) Зертханадан шығар алдында қолды сабынмен жуады.

    МИКРОСКОПТАР МЕН МИКРОСКОПИЯ.

    Микроскоп – микробтарды зерттеуге арналған оптикалық құрал.

    Микроскопия – микроорганизмдердің морфологиялық ерекшеліктерін, тинкториалдық қасиеттерін (әр түрлі бояуларға, бояу әдістеріне қатынасы), құрылымын (ұрық, капсула), жылжымалығын зерттеуге арналған құрал. Микроскопия оптикалық құралдардың көмегімен жарық, люминесцентті немесе электронды микроскоптардың көмегімен іске асады. Студенттер зертханасы әдетте, Биолом-1, МБР-1,МБР-3 сияқты биологиялық жарық микроскоптарымен жабдықталады. Жарық микроскоптары механикалық және оптикалық бөлімнен тұрады.

    Механикалық бөлімге штатив, зат үстелі, тубус, айналмалы диск (револьвер), макрометрлік және микрометрлік бұрағыштар жатады. Зат үстелінің ортасында жарық беретін саңылауы болады. Зат үстелінің бүйіріндегі бұрандалар оның оңға-солға жылжуын қамтамасыз етеді, ал клеммалар зат шынысын (препаратты) бекітуге арналған. Тубус штатив бағанасының жоғарғы бөлімінде орналасқан. Микрометрлік бұрағыш микроскопия кезінде өте қысқа қашықтыққа қозғайтын қозғалысты қамтамасыз етеді. Микрометрлік бұрағыштың толық бір айналымы тубусты 0,1 мм-ге жылжытады. Микроскоптың оптикалық бөліміне жарық беретін аппарат, объективтер және окуляр кіреді. Жарық беру аппараты зат үстелінің астында орналасқан. Ол жарық сәлелерін бағыттайтын жазық беті, ал жасанды жарықта оның ойыс беті қолданылады. Конденсордың жоғарғы жағында жазықты-дөңес, төменгі жағында екі жағы да дөңес линзасы болады. Осы линзалардың көмегімен конденсор айнадан шағылысқан жарық, сәулелерін зерттеуге алынған заттың деңгейінде фокусқа жанайды. Жарықтың күшін азайту үшін конденсорды төмен түсіреді, ал жарықты көбейту үшін көтереді. Көз шалымының жарықталғандығын реттеу үшін конденсордың төменгі бөлімінде бекітілген диафрагманы да қолданады. Ол бір-бірін жауып тұратын жартылай шеңберленген металл пластинкалардан тұрады. Бұл пластиналар арнаулы рычагтың көмегі арқылы жарықтың өтуін көбейтеді немесе азайтады. Жұмыста көбінесе Аббе конденсоры қолданылады. Қажетті жағдайларда (мысалы лептоспираларды зерттегенде) оны «қараңғы өріс» конденсорымен ауыстырады. Бұл конденсор тек қана қия түскен жасанды жарықтың сәулелерін өткізеді, бірақ олар объективке түспейді (көз шалымы қараңғы). Конденсор арқылы өткен қия сәулелер қатты бөлшектермен кездескен соң ауытқып, барлық бағыттарда әр түрлі бұрыштарымен өрістейді. Объективке түскен бұл қия сәулелер қараңғы аяда жарқырауды қамтамасыз етеді. Жарқыраудың айқындылығы жарық көзінің күшіне (ОИ-7, ОИ-19), жарық шамдары жарықты бағыттаудың дәлдігіне байланысты. Бірнеше линзалардан тұратын объектив, тубустың төменгі бөліміндегі револьвердің бағытталған маңдай алды линзасы. Ол зерттеуге алынған объектілердің керекті мөлшерде ұлғаюын қамтамасыз етеді. Маңдай алды линза микроскоп арқылы мөлшері 0,2 мкм тең ұсақ заттарды көруге мүмкіндік туғызады. Маңдай алды линзалардан басқа металл қынабында бірнеше түзету (коррекция) линзалары бар. Олардың саны үшеуден он екіге дейін болады. Маңдай алды линзаның үлкейту дәрежесі неғұрлым көп болса, соғұрлым түзету линзалары да көп болуы керек.

    Объективтер құрғақ және иммерсионды болып екіге бөлінеді. Құрғақ объективтерді қолданғанда объективтің маңдай алды линзасы мен препараттың ортасында ауа қабаты болады. Препараттың шынысы арқылы өткен жарық сәулелері ауа қабатында сынып, ауытқып, толығымен объективке түспейді. Егер объективтің линзасының диаметрі біршама үлкен болса, онда жарықтылық жеткілікті болады. Мұндай линзалар фокус аралығының үлкендігінен, шашырағыштығының аздығынан затты 10,20,40 есе ғана ұлғайтады. Иммерсионды объективтердің маңдай алды линзалары затты 80,90,100 және 120 есе ұлғайтады, демек олардың фокус аралығы қысқа, ал диаметрі үлкен емес. Бұларды құрғақ объектив ретінде қолдансақ, көз шалымының жарықтылығы шамалы болады. Сондықтан керекті жарықтылықты тудыру үшін зерттеуге алынған препараттың үстіне жарық сәулесін сындыру коэффициентіне жақын сұйықтықты қондырады. Осы сұйықтықтың тамшысына иммерсионды объективті батырғанда біркелкі оптикалық орта құралады. Бұл жүйеде жарық сәулелері әлсіремей көз шалымын жақсы жарықтандырады. Иммерсионды сұйық ретінде бал қарағайдың майы, кейде вазелин майы қолданылады. Окуляр тубустың жоғарғы жағында орналасқан. Ол цилиндр формалы метал қынабындағы жоғарғы көз линзасы мен төменгі жинағыш линзасынан тұрады. Окуляр тек қана объективтен алынған кескінді ұлғайтады. Окулярдың жоғарғы рамкасында көбейту таңбасы бар сан белгілері болады. Бұл окулярдың ұлғайту дәрежесінің көрсеткішін окулярдың ұлғайту дәрежесіне көбейту арқылы табады (мысалы, объектив 120 есе ұлғайтады, ал окуляр х9). Объективтің жалпы ұлғайтуы 120х9=1080.

    МИКРОСКОППЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

    Микроскоппен жұмыс істер алдында конденсордың жағдайы тексеріледі. Ол зат үстелінің деңгейіне дейін көтеріліп, диафрагма ашық болуы керек. Тубусты сәл көтеріп, ең аз ұлғайтатын (8,10 есе) объективті іске қосады. Окулярға қарай айнаны айналдырып, көз шалымына жақсы жарықтылықты орнатады. Зерттеуге арналған препаратқа бал қарағай майының бір тамшысын тамызып, оны зат үстелінің үстіне қояды. Револьверді бұрай отыра иммерсионды объективті жұмысқа дайындап, микроскопқа қарай отыра объективтің маңдай алды линзасын макровинттің көмегімен абайлап иммерсионды майдың тамшысына батырады. Сонан соң окулярға қарап, тубусты препараттың көрінгеніне дейін көтереді. Микроскоптан көрінген кескіннің анықтылығын микровинтті шамалы бұрау арқылы (алға-артқа) реттейді. Жұмыс соңында тубусты микровинттің көмегімен көтереді. Револьверді бейтарап қалпына ауыстырып, линзадағы майды жұмсақ мақтадан тоқылған матамен сүртеді. Микроскопты ағаштан істелген қаптамаға салады немесе түсті шынылы қалпақтың астына қояды. Қараңғы өріспен жұмыс істегендеконденсордың жоғарғы линзасына тазартылған судың немесе иммерсионды майдың бір тамшысын тамызғаннан соң препаратты бекітіп, объективті іске қосып, конденсорды объективтің осіне дәл келтіреді. Осыдан кейін көз шалымындағы кескіннің анықтылығын винттер жүйесі арқылы реттейді.

    ЛЮМИНЕСЦЕНТТІ МИКРОСКОПИЯ.

    Люминесценция ұлғайтқыш оптикалық аспаптардың көмегімен байқалатын микроскопиялық объектілердің жарқырауы. Объектердің жарқырауы өзіндік (алдында бояусыз) және ретке келтірілген (үлгіні бояумен өңдегеннен кейінгі) болуы мүмкін. Көрінбейтін ультракүлгінді немесе көк күлгінді қысқа толқынды сәулелер объектіге әсер еткенде адам көзіне көрінетін ұзынырақ жарық толқыны бар люминесценция қоздырылады. Бұл қасиет люминесцентті микроскопияның негізін қалайды. Люминесцентті микроскопия үшін МЛ және Люмам серияларының микроскоптары қолданылады. МЛ-2 люминесцентті микроскобы өте күшті жарық көзінен (сынапты-кварц шамы), жарық сүзгілерінен және биологиялық микроскоптан тұрады. Жарық көзі мен микроскоп айнасының ортасында көк күлгін сүзгіш болады, қысқа толқынды жарық сәулелері препаратқа түскенде жарқырауды қоздырады. Микроскоптың окулярына сары жарық сүзгісін кигізеді. Ол көк күлгінді сәулелерді (спектрдің қысқа толқынды бөлігі) шашып, көзге көрінетін ұзын толқында сәулелерді өткізеді.

    Люминесцентті микроскопияда зерттеуге алынған объектілерді арнайы бояулармен (флуорохромдармен) өңдегеннен кейін пайда болатын қосымша люминесценцияның маңызы өте зор. Флуорохромдардың ұзын толқынды ультракүлгін және қысқа толқынды көк күлгін сәулелердің әсерінен жарқырайтын қасиеті бар. Флуорохромдардың ішінен қызғылт сары акридин, аурамин, аурофосфин, родамин, флуоресцин және тағы басқалары жиі қолданылады. Люминесцентті микроскоптың көмегімен мөлдір емес тірі объектілерді зерттеуге болады. Олар түрлі-түсті, ірі айқын болып көрінеді.

    ЭЛЕКТРОНДЫ МИКРОСКОПИЯ.

    Микроорганизмдердің, жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының ультра құрылысын зерттеу электронды микроскоптың көмегімен іске асады. Зерттеуге алынған объектінің кескіні электрондардың тасқыны арқылы алынады. Электронды микроскоп құрылысының прионципі электрондардың магнит өрісінде магнитті линзалар ауытқу қасиетін қолдануға негізделген. Магнит өрісі электрон топтарын фокусқа түсіреді. Электрондардың көзң ретінде электр тогымен қыздырылатынвольфрам сымы қызмет етеді. Объект кескіні электронды микроскоптың көмегімен 500 000-нан аса ұлғайтылады. Электронды микроскопияның ұлғайту дәрежесі ангстреммен өлшенеді. Қазіргі кезде электронды микроскоптардың отандық және шетелдік әр түрлі үлгілері бар.

    Микроорганизмдерді бояудың қарапайым тәсілі жиі қолданылады, өйткені ол микробтардың морфологиясымен тез және жақсы танысуға мүмкіндік береді. Бояудың қарапайым тәсілінде, тек бір ғана бояуды пайдаланады. Мысалы, Пфейффер фуксинінің судағы ерітіндісі немесе метилен көгі. Бекітілген жағындыға тамызғыштың көмегімен бояудың бірнеше тамшысын тамызады. Пфейффер фуксинінің судағы ерітіндісімен жағындыны 1-2 минут, ал метилен көгімен 2-3 минуттай бояғаннан кейін, оларды сумен шайып, микроскоптың иммерсонды жүйесі арқылы зерттейді.

    МИКРОБТАРДЫҢ ТАЯҚША ТӘРІЗДЕС ФОРМАЛАРЫ. БОЯУДЫҢ КҮРДЕЛІ ТӘСІЛДЕРІ
    Сабақтың мақсаты. Микроорганизмдердің таяқша тәріздес формалы өкілдерінің тәуліктік дақылдарынан жағындыларды жасап, оларды Грам тәсілімен бояу. Боялған препараттарды микроскоппен қарап, олардың суретін салу.

    Жабдықтар мен материалдар. Ішек таяқшасының (Escherichia coli) және капуста бациласының (Bac.megatereum) тәуліктік дақылдары – өсірілген шыны түтіктер, стерилді физиологиялық ерітінді. Микробиологиялық ілмектер. Фенолды геницианвиолет, Пфейффер фуксині, Циль фуксині және басқа бояулардың ерітінділері бар тамызғыштар. Люголь ерітіндісі. Синев тәсілі бойынша фенолды генцианвиолетпен боялған сүзгіш қағаздар. Этил спирті. Жуынды төгетін шыны аяқтар, «көпіршіктер». Жағынды бояуларын жууға арналған су. Шыныға жазатын қарындаштар. Анатомиялық пинцеттер. Спирт шамдары. Микроскоптар. Бал қарағай майы. Кестелер.
    Таяқша немесе цилиндр тәріздес микроорганизмдердің формалары, ұзындығы мен жуандығы әр түрлі болады. Олардың формалары сопақ цилиндрлі, ұршық тәрізді болуы мүмкін. Таяқшалардың ұшы жұмыр немесе үшкір болып келеді.

    Таяқша тәріздес микробтар екі топқа бөлінеді: спора түзушілер (бациллалар) және спора түзгіштік қабілеттері жоқ микроорганизмдер (бактериялар). Бациллалар лимонның, ракетаның, барабан таяқшасының және басқа заттардың формаларына ұқсас келеді.

    Олар жеке-жеке (монобактериялар), қос-қостан (диплобактериялар мен диплобациллалар) немесе тізбектеліп (стрептобактериялар мен стрептобациллалар) орналасады. Кейбір микробтардың ұзындығы олардың жуандығынан сәл ғана үлкен болып, формасы жағынан кокктарға ұқсас болып келеді. Мұндай микробтарды коккобактериялар деп атайды.

    Бояғыштар. Жағындыны бояу кезінде бояулар микроб клеткасына енетіндіктен, тек сыртқы белгілерін ғана емес, сонымен қатар ішкі құрылысының кейбір ерекшеліктерін (спорасын) де байқауға болады. Микробиология практикасында негізгі және қышқылды бояғыштар қолданылады. Микроб клеткаларының ядросы негізгі бояғыштармен де боялады. (кейде нейтарльды бояғыштармен де боялады). Қышқылды бояғыштар препараттың аясын құрып, боялмаған формалардың айырмашылығын айқындата түседі.

    Негізгі (ядролық) бояғыштар ретінде Циль фуксині, сафранин, нейтральды қызыл (қызыл бояғыштар); метилді күлгін, генцианвиолет, кристалды күлгін (күлгін бояғыштар); метилен көгі, азур ІІ (көк бояғыштар): малахитті жасыл (жасыл бояғыш); везувин, хризоидин (сары-қоңыр бояғыштар), ал қышқыл бояғыштардың ішінен қышқыл фуксин, эозин, эритрозин, қызыл конго (қызыл бояғыштар), пикрин қышқылы (сары бояғыш), нитрозин (қара бояғыш) және т.б. қолданылады.

    Бояғыштардың ерітінділері спиртте немесе суда дайындалады. Бояғыштардың спирттегі ерітінділері тұрақты болып келетіндіктен, олар алдын ала дайындалады. Бұл үшін бояу ұнтағына 96%-дық этил спиртін 1:10 ара қатынасында құяды. Қаныққан бояу ерітінділерді тығыз тығыны бар ыдыстарда сақтайды. Бояғыштардың судағы ерітінділері тұрақсыз және препаратты баяу бояйды. Бояғыштардың әрекетін күшейту үшін оларға ерітінділердің тұрақтылығын ұзартатын, клетка қабығын жұмсартып, микробтардың жақсы бояуларына себебін тигізетін улағыш заттарды қосады. Үлағыш заттар ретінде спирт, формалин, фенол, сілтілерді пайдаланады.

    Тәжірибеде көбінесе келесі бояғыштар мен ерітінділер жиі қолданылады.

    Циль фуксині 10 мл негізгі фуксиннің қаныққан спиртті ерітіндісі мен 100 мл 5%-дық фенол ерітіндісін араластыру арқылы дайындалады. Негізгі фуксиннің қаныққан ерітіндісін дайындау үшін 10 г негізгі фуксин ұнтағын 100 мл 96%-дық этил спиртін қосып араластырады.

    Пфейффер фуксинін дайындау үшін 1 мл Циль фуксиніне 9 мл дистилденген су қосады. Бұл бояғыш тек қолданар алдында ғана дайындалады, өйткені ол тұрақсыз (тез өзгеріп немесе бұзылып кетеді).

    Метилен көгі (Леффлер бойынша). 30 мл метилен көгінің 10%-дық қаныққан ерітіндісіне 1 мл 1%-ды калий гидрототяғы мен 100 мл дистилденген су қосу арқылы дайындайды. Бұл қоспаны тәулік бойы ұстағаннан кейін сүзгіден өткізеді. Бояғыш тұрақты және микробтарды жақсы бояйды.

    Фенолды генцианвиолет.1 г кристалды генцианвиолетті 10 мл 96%-дық этил спиртінде ерітіп, оған 100 мл 2%-ды фенолдың судағы ерітіндісін қосады.

    Сафранин. 2 г бояу ұнтағын 96%-ды этил спирті мен дистилденген судың 1:1 ара қатынасында дайындалған қоспасында немесе қайнап жатқан судың 100 мл-інде ерітіліп, сүзіледі.

    Малахитті жасыл. 1 г малахитті жасыл ұнтағын 100 мл дистилденген суда ерітіп, сүзеді.

    Қызыл конго. 3г бояуға 100 мл дистилденген су қосу арқылы дайындайды. Бұл бояғыш препаратты негативті (теріс) тәсілмен бояу кезінде қолданылады.

    Люголь ерітіндісі препараттарды Грам тәсілімен бояу үрдісінде қоданылады. 2 г калий йодидін 25 мл дистилденген суға ерітеді. Сонан соң ерітіндіге кристалды йодтың 1 г қосып, оның мөлшерін 300 мл-ге дейін дистилденген сумен жеткізіп, ерітіндіні сүзеді.

    Бояудың күрделі тәсілдері. Микробтар клеткасы қабырғасының химиялық құрамы мен құрылысы біркелкі емес, сондықтан олар бір бояғышпен әр түрлі боялып, кейін спиртпен, қышқылдармен және басқа реактивтермен әрекет еткенде бірдей түссіздендірілмейді. Микроб жасушасының бөлімдері де бояғыш ерітінділермен біркелкі боялмайды. Бояудың күрделі (дифференциалды) тәсілдері микроб клеткасының осы қаситтеріне негізделген. Күрделі тәсілмен бояу процесінде бірнеше бояғыштар қолданылады. Зертхана тәжірибесінде Грам, Циль-Нильсен, Козловский, Меллер, Злоттогорова және басқа тәсілдер қолданылады.

    Грам тәсілі. Бекітілген препараттың үстінде фенолды күлгін генцианвиолет сіндірілген сүзгіш қағаздың тілімін 2-3 минут ұстайды. Сонан соң қағазды алып, жағындыны Люголь ерітіндісімен 2-3 минут өңдейді. Бояудың келесі кезеңінде жағынды 96%-дық этил спиртімен 30-40 секунд өңделеді де жақсылап сумен жуылады. Препарат Пфейффердің фуксинімен қосымша 1 минут боялады. Сумен жуылған соң, сүзгіш қағазбен кептіріліп, микроскопияланады.

    Осы тәсіл бойынша бояу нәтижесінде микробтар күлгін немесе қызғылт түстерге боялады. Спирттің әрекетіне қарамастан бастапқы күлгін түсін сақтайтындар Грам оң микробтар тобына жатқызылады (топалаңның, шошқа тілмесінің, қатерлі ісіктің қоздырғыштары, стафилококктар және т.б.), ал спиртпен өңсізденіп фуксинмен қызғылт қызыл түске қосымша боялатындар Грам теріс микробтар тобына жатқызылады (ішек таяқшасы, сальмонеллалар, пастереллалар және т.б.).

    Зертханада Грам тәсілімен бояу үшін А.В. Синевтің модификациясы жиі қолданылады. Бұл модификация бойынша сұйық бояудың орнына алдын ала фенолды күлгін генцианфиолетпен дымқылдандырылып, кептірілген сүзгіш қағаздар қолданылады. Бояғыш бұл жағдайда мына рецепт бойынша дайындалады: 1 г генцианфиолет + 100 мл 96%-дық этил спирті. Бояғыш тұрақты және оны ұзақ уақыт бойы қолдануға болады. Сүзгіш қағаздар осы бояғышпен дымқылдандырылған соң кептіріледі де, жамылғы шыны көлемі бойынша қиылып, тығыз тығыны бар ыдыста сақталады.

    Жағындыны бояу үшін осындай сүзгіш қағаздың бір тілімін зат шынысының үстіне қойып бетіне дистилденген судың бірнеше тамшысын тамызады. Бояудың кейінгі кезеңдері жоғарыда жазылғандай орындалады.

    Грам тәсілінің мәні. Бұл тәсілді 1884 жылы дат ғалымы Христиан Иоким Грам ұсынған болатын. Грам-теріс және Грам-оң бактериялардың әр түрлі боялуы олардың клетка қабырғалары құрылымының өзгешеліктеріне байланысты. Грам-оң бактериялардың клетка қабырғасы грам-теріс микробтардікіне қарағанда қалың және көптеген пептидогликан полимерін иемденген. Сондықтан олар генцианвиолетпен тығыз байланысып, спиртпен әрекет жасағанда түссізденбейді. Грам-теріс бактериялардың клетка қабырғасы жұқа және оның құрамында пептидогликан аз мөлшерде болады. Осы себептен олар бояумен әлсіз боялып, спиртпен өңсізденеді.

    Грам-оң микробтар дақылынан жасалған препараттарда грам-теріс клеткалардың болуы мүмкін. Бұлар өлі немесе қабығы зақымдалған клеткалар.

    Грам тәсілі бойынша бояу үшін студенттер Escherichia coli және Bac.megatereum дақылдарының қоспасынан жағынды жасйды. Ішек таяқшасы грам-теріс, ал капсула бацилласы грам-оң бактериялардың өкілдері.

    МИКРОБТАРДЫҢ БҮГІЛМЕЛІ ФОРМАЛАРЫ. МКРООРГАНИЗМДЕРДІ НЕГАТИВТІ ЖӘНЕ БАСҚА ТӘСІЛДЕРІ
    Сабақтың мақсаты. Жағындыны негативті тәсілмен бояудың техникасын меңгеру. Конго қызылының 3%-ды судағы ерітіндісімен боялған тіс қаптарынан алынған жағындысын микроскоппен қарау. Микробтардың бүгілмелі формаларының суретін салу. Микроб клеткасының құрамымен танысу. Bac.mesentericus-тің екі тәуліктік дақылынан жағынды жасап, клетканың капсуласын және басқа элементтерін бояуды үйрену.

    Жабдықтар мен материалдар. Картоп бацилласының Bac.mesentericus-тің екі тәуліктік дақылы бар шыны түтіктер және физиологиялық ерітінді. Микробиологиялық ілмектер, метилен көгі мен 3% конго қызылының ерітінділері бар тамызғыштар. Циль фуксинімен өңделген сүзгіш қағаздары. 3%-ды күкірт қышқылының ерітіндісі, фенолдың 5%-дық судағы ерітіндісі, дисилденген су. Пипеткалар. Зат және жамылғы шынылары. Шыныға жазатын қарындаштар. Шайындыны төгетін ыдыстар. Пинцеттер, спирт шамдары. Микроскоптар. Бал қарағай майы. Кестелер.
    Микробтардың бүгілмелі формалары. Бүгілмелі микроб жасушарының келесі формалары ажыратылады.
    Вибриондар үтір тәріздес иілген (1). Денесінде жалғыз қыл аяғы болады.

    Спириллалардың бірнеше ірі шиыршықтар 5-тен көп емес болады (2). Олар қыл аяқтарының көмегімен қозғалады.

    Спирохеталар штопор тәріздес формалары бар бүгілмелі прокариотты микробтардың өкілдері (3). Олар көптеген ұсақ шиыршықтарының көмегі арқылы жиырылып, қозғала алады. Электронды микроскоптың көмегімен олардың денесінің шетінде бір шоқ қыл аяқтардың бар екендігі анықталған. Өзінің құрылысына байланысты спирохеталар айналмалы, үдемелі және бұрылмалы қозғалыста болады.

    Бояудың негативті тәсілінде ая (фон) боялып, микробтардың реңі боялмайды. Бұл тәсілде қызыл конго, колларгол, кармин және тағы басқа қышқылды бояғыштар қолданылады.

    Бояу техникасы. Зат шынысының бетіне қызыл конгоның 3%-ды судағы ерітіндісінің бір тамшысын тамызады да, оның үстіне зерттеуге алынған материалды қосып, сәл ғана араластырады. Сонан соң жамылғы шынының көмегімен қоспадан зат шынысының бетінде жағынды жасайды (қаннан жағынды дайындаған тәрізді). Жағындыны ауада кептіргеннен кейін микроскоптың имерсионды жүйесі арқылы зерттейді. Боялмаған микробтардың формалары қызыл қоңыр фонда айқын көрінеді.

    Бояу тәсілінде қызыл конгоның судағы ерітіндісінің орнына жақсы центрифуганың тушь алынады. Микроскоппен қарағанда препараттың қара фонында боялмаған микробтар жақсы көрінеді.

    Споралары (ұрық) бояу. Спораларды күрделі тәсілдермен бояйды, өйткені олардың қабықтары тығыз болып келеді.

    Бояр алдында споралардың қабығын улағыштармен (хром, тұз қышқылдары) немесе жылытылған фенолмен әсер ету арқылы жұмсартып алады. Осы жағдайда жасушалардың споралары жақсы боялып, кейін қышқылдармен қысқа уақыт ішінде әрекет еткенде түссізденбейді. Микроб жасушасының вегетативті денесі қышқылдардың күшімен түссізденіп, тек қосымша қарама-қарсы бояулармен бояғанда ғана көрінеді.

    Златгоров тәсілі. Жалында бекітілген жағындыға Циль фуксині сіңдірілген құрғақ сүзгіш қағазды (жамылғы шынының мөлшеріндей) қойғаннан кейін судың бірнеше тамшысын тамызып, қыздыра отыра 5-7 минуттай боялады. Жағынды құрғап кетпес үшін оның бетіне су тамызып отыру керек. Сонан соң жағынды 3%-дық күкірт қышқылының судағы ерітіндісімен 5-10секунд түссіздендірілгеннен кейін сумен шайылады. Препаратты қосымша 2-3 минуттай метилен көгімен бояп, сумен шайып, кептіреді.
    Микроскоптың көз шалымында споралар қызыл түске, ал негетативті жасушалар көк түсті болып көрінеді.

    Пешков тәсілінде жалын үстінде немесе спирт пен формалиннің қоспасында бекітілген жағындыны Леффлердің метилен көгімен 15-20 секунд аралығында қыздыра отыра бояп, сумен жуады. Жағынды қосымша бейтарап (нейтралды) қызылдың 0,5%-дық судағы ерітіндісімен 30 секунд боялады. Сонан соң препарат жуылып, кептіріледі. Бұл препаратты микроскоппен қараған жағдайда ұрықтар көгілдір немесе көк, жас ұрықтар қара-көк, вегетативті формалар қызғылт, хроматинді элементтер күлгін түсті болып көрінеді.

    Капсулаларды бояу. Кейбір микробтардың жасуша қабырғасының бетінде шырышты қабаты болады. Ол цитоплазмада түзіліп, клетка қабырғасының бетінде секрет ретінде шығарылып отырады. Капсулалардың химиялық құрамы әр түрлі: олардың кейбіреулері белоктар кешенінен тұрса, ал енді біреулері полисахаридтерден құралады. Капсула мен жасушаның қалған бөлігі бірдей боялмады. Капсула қорғаныс рөлін орындап, көбінесе патогенді микроорганизмдерде кездеседі. Мұндай микробтар капсуласы жануарлар организмінде жиі, ал сирек жағдайда жасанды қоректік орталарда да пайда болуы мүмкін. Капсулалар жарық сәулелерін әлсіз сындырады, сондықтан тірі боялмаған клеткада оларды байқау өте қиын. Капсулаларды бояудың бірнеше тәсілдері бар.

    Ольт тәсілі. Жағындыны сафраниннің 2-3%-ды ерітіндісімен бояйды. Бояғышты қолданар алдында оның ұнтағын ыстық суда еріту арқылы дайындайды (ерітінді сүзіледі). Бояуды жалынның үстінде 1-3 минут аралығында жүргізеді де, оны тез арада сумен шаяды. Препарат кептірілмей (оның үстінде судың болуы керек) жапқыш шынымен жабылып микроскоптың иммерсионды жүйесімен зерттеледі. Су қабатынан өткен жарық сәулелері капсула мен микроб клеткасының денесінің айырмашылығын үдете түседі. Микроскоптың көз шалымында микроб клеткасының денесі қызыл, ал капсула сары түсті болып көрінеді.

    Михин тәсілінде бекітілген жағынды Леффлердің метилен көгімен 2-3 минуттай ысыта отыра боялады. Жағынды тез сумен шайылып, кептіріледі.
    Микроскопиялық көрініс: микроб клеткасының денесі қара көк, ал капсуласы ашық қызғылт.

    Микроб жасушасының элементтерін бояу.
    Гликогенді бояу. Микроб клеткасының цитоплазмасында гликоген-жануарлар крахмалы (полисахарид) жиі кездеседі. Оны өсінді тамшысының үстіне сол мөлшерде Люголь ерітіндісін қосу арқылы табуға болады. Люголь ерітіндісімен қосылған гликоген қызыл қоңыр түске боялады. Бұл элементтер ашытқыларда, пішен бацилласында және т.б. микробтарда кездеседі. Қоректік ортада көмірсулардың мөлшері көп болған жағдайда гликогеннің жиналуы байқалады.

    Гранулезаны бояу. Гранулеза-полисахарид, крахмал тәріздес зат. Олардың көп мөлшері жасушаның ұрық түзуі алдында байқалады. Гликоген сияқты гранулеза да Люголь ерітіндісімен әрекеттескенде қара-көк түске боялады. Май қышқылды бактерияларда гранулезалар көп болады. Гранулезаны табу үшін картоп ортасында өсірілген май қышқылды микробтардың дақылдарының тамшысына сол мөлшерде Люголь ерітіндісін құйып, жамылғы шынысымен жауып, микроскоптың иммерсионды жүйесімен қарағанда көк түске боялған ұршық тәріздес жасушаларды көруге болады. Бұл жасушаларды көруге болады. Бұл жасушалардың бір шетінде боялмаған ұрықтар орналасады.

    Майды бояу. Май көптеген микрорганизмдердің жасушасында (картоп бацилласы, ашытқылар) болады. Микробтардың майын судан ІІІ-тің спирттегі ерітіндісімен бояйды (0,05г судан ІІІ + 100мл 96% этил спирті). Ол үшін өсінді тамшысына бояғыш затты қосып араластырады. Май тамшылары қызыл түске боялады, ал цитоплазма түссіз болып қалады.

    Волютин түйіршіктерін бояу. Волютин микроб клеткасында гранула түрінде кездеседі. Бұл гранулалар полифосфаттар мен нуклеин қышқылдарына жақын заттардан тұрады. Препаратты Омелянский тәсілімен бояу арқылы волютин гранулаларын табуға болады.

    Жалынның үстінде бекітілген жағындыны 30 секунд Циль фуксинімен бояйды. Препарат шайылған соң 1%-ды күкірт қышқылының ерітіндісімен 20-30 секунд түссіздіндіріледі. Сумен қайта шайылған жағындыны метилен көгінің әлсіз ерітіндісімен (1:40) 15-20 секунд бояйды. Микроскопиялық көрініс: валютин түйіршіктері қызыл, ал цитоплазма көк түсті.

    Спиртовка - спиртке арналған резервуары бар, қақпағы бар, төменгі ұшы резервуарға орналастырылған, ал жоғарғы ұшы оның сыртында орналасқан сұйық отынға арналған жанарғы.
    Қолдануы:

    Зертханалық спиртовка

    Химиялық және мектеп зертханаларында материалдарды қыздыру және балқыту үшін, шағын зертханалық ыдыстарды (пробиркалар, химиялық жұмыстарға арналған колбалар және т.б.) және басқа да осындай термиялық процестерді қыздыру үшін қолданылады; медициналық мекемелерде медициналық құралдарды ашық жалында зарарсыздандыру үшін; сондай-ақ шағын жылу қуатының ашық жалынын қолдану қажет болған жерде.
    Конструкциясы

    Спиртке арналған ыдыс зертханалық спирттің негізгі жүк көтергіш бөлігі болып табылады, ал оның ең маңызды және негізгі бөлігі-сұйық отынды (алкогольді) резервуардан білектің соңына дейін тасымалдайтын, онда бұл отын жанып, қыздыру үшін қолданылады. Спиртке арналған контейнер резервуар түрінде жасалады, оған білектің төменгі ұшы түседі. Резервуардың аузы бар, ол қақпақпен жабдықталған. Қақпақ алкогольдің жану аймағын сұйық отын орналасқан резервуардың ішкі көлемінен бөлу үшін қажет. Резервуардың қақпағы орналастырылуы мүмкін ішінде мойнынан, одан тыс жерлерде де қамти отырып, соңғы сыртқы жағынан. Жіп өтетін қақпақтың саңылауына әдетте бағыттаушы түтік орнатылады. Түтік бір жағынан түтікте тегіс және оңай қозғалатындай етіп араластырылуы керек, ал екінші жағынан түтіктің білекпен байланысы түтіктен құлап кетпеуі үшін жеткілікті тығыз болуы керек. Спиртовка қақпағының білтенің шығыңқы ұзындығын реттеуге арналған құрылғысы болуы мүмкін, оның ұсынылатын шамасы 15 мм-ден аспайды.
    Әдетте, спирт отыны қақпақты алып тастағаннан кейін резервуардың жоғарғы саңылауы арқылы құйылады. Алайда, резервуарда тығыны бар бүйірлік құю мойны бар спирттер бар. Құйылатын отынның мөлшері резервуардың ішкі көлемімен анықталады. Резервуардағы алкоголь капиллярлық қысымның әсерінен білекке көтеріліп, білектің шығатын бөлігінің жоғарғы ұшына жеткенде буланып кетеді. Спирт буы тұтанады және спиртовка жалын температурасы 900 °C-тан жоғары емес жанады. Көптеген спирттерде металл немесе шыны қақпақ бар, ол спирттің жалынын сөндіру үшін де, отынның булануын болдырмау үшін де қолданылады.
    Құрылымдық элементтер бойынша зертханалық спирттер бір-бірінен келесі параметрлер бойынша ерекшеленеді:

    • резервуар материалы (металл немесе шыны);

    • резервуардың пішіні (дөңгелек немесе қырлы);

    • резервуардың ішкі көлемі;

    • тоқыма материалы мен қалыңдығы;

    • білектің шығыңқы бөлігін реттеуге арналған құрылғының болуы немесе болмауы.

    Резервуардың материалы спирттің жұмыс жағдайына байланысты таңдалуы керек. Егер спиртовка спиртовканың тас немесе металл еденге кездейсоқ құлауы мүмкін жағдайларда пайдаланылса, онда қауіпсіздік техникасы тұрғысынан металл резервуары бар спиртовканы пайдаланған дұрыс. Шыны корпусы бар спирттер металдан әлдеқайда арзан. Сонымен қатар, алкогольмен жұмыс істеу кезінде сіз әрқашан резервуардағы алкоголь деңгейін байқай аласыз. Алайда, әйнек-бұл соққы кезінде аз қарсылыққа ие сынғыш материал, сондықтан қатты еденге құлаған кезде алкоголь ыдысын бұзу мүмкіндігі әрқашан болады, бұл жанған алкогольдің төгілуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан өрт қауіпсіздігі талаптары жоғары бөлмелерде, әсіресе жұқа зертханалық әйнектен жасалған шыны спиртовкаларды қолдану ұсынылмайды.
    Резервуардың дөңгелек пішіні ең кең таралған. Кесілген спирттер дөңгелектерге қарағанда қымбатырақ және оларды бірнеше нақты жұмыстарды орындау кезінде ғана қолдану керек, мысалы, қыздырылған материалдың тамшыларын спирттің білегіне тигізбеу үшін балауыз сияқты тез балқитын материалдарды жылытуға байланысты.
    Спирт ыдысының ішкі көлемін оны пайдалану кезінде, кем дегенде, оның үздіксіз жұмысының бір сағаты ішінде спиртті қайта құюдың қажеті болмайтындай етіп таңдау керек.
    Тоқыма материалы мен қалыңдығы алкогольмен жұмыс істеу үшін маңызды элементтер болып табылады. Мақта маталары мен асбест сымдары қолданылады. Ең көп таралған мақта маталары, өйткені олар асбест білектерімен салыстырғанда тұрақты және тіпті жалын береді. Білектердің қалыңдығына келетін болсақ, білектің қалыңдығы неғұрлым қалың болса, соғұрлым ол оның жану аймағына отын береді. Қалың шыбықтар соңғысының биіктігімен көлемді жалын береді. Нәтижесінде, қалың тоқылған спирттердің жылу қуаты біршама жоғары, бірақ алкоголь шығыны да жоғары. Спиртпен орындалатын Зертханалық жұмыстардың көпшілігі үшін білектің қалыңдығы 4,8 мм-ден кем емес және 6,4 мм-ден аспайды.жоғары және көлемді жалын қажет болатын кейбір кәсіби жұмыстарды орындау үшін қалың білектер қажет. Жинақта әр түрлі қалыңдығы бар спирттер болған жөн және оларды орындалатын жұмысқа қойылатын технологиялық талаптарға байланысты қолданған жөн.
    Біліктің шығыңқы бөлігінің өлшемдерін реттеуге арналған құрылғы спиртпен жұмыс істеу кезінде үлкен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді, өйткені білектің шығыңқы бөлігінің өлшемдерін өзгерту арқылы жалынның параметрлерін (биіктігі мен көлемін) реттеу үшін әр уақытта спирттің жалынын сөндірудің қажеті жоқ. Білектің шығыңқы бөлігін реттейтін құрылғылары бар спирттер бұл құрылғыларсыз спирттерге қарағанда қымбатырақ. Алайда, бұл құрылғы қамтамасыз ететін кәсіби жұмыс үшін ыңғайлылықпен салыстырғанда біршама жоғары баға.
    Отын

    Барлық спирттер негізінен этил спиртін отын ретінде пайдаланады. Сатылымда этил спиртінің үш түрі бар: тамақ шикізатынан тазартылған этил спирті, ағаш шикізатынан техникалық гидролиз спирті және химиялық жолмен алынған синтетикалық алкоголь. Техникалық алкоголь және синтетикалық алкоголь кейде өткір иісі бар кейбір заттар қосылған көк-күлгін түске боялады. Мұндай алкоголь денатурат деп аталады. Спирттің барлық осы түрлерін сұйық отын ретінде қолдануға болады.
    Отынның басқа түрлерін, мысалы, изопропил немесе метил спиртін зертханалық спиртовкалар үшін қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл спирттердің этил спиртіне қарағанда екі және одан да көп ШРК (ауадағы шекті рұқсат етілген концентрациясы) бар, сондықтан денсаулық үшін қауіпті.
    Қауіпсіздік техникасы

    Зертханалық спиртовкалармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы қағидалары төмендегілерге жинақталады. Спиртті ішімдікті оның техникалық паспортында көрсетілген мақсат бойынша ғана пайдалану қажет. Спиртовканы ашық жалыны бар құрылғылардың жанына құюға тыйым салынады. Спиртовканы резервуар көлемінің жартысынан артық отынмен толтырмаңыз. Жанып тұрған білтесі бар спиртті ішімдікті жылжытуға немесе тасуға болмайды. Спиртті басқа спиртпен жағуға қатаң тыйым салынады. Спирттеуді тек этил спиртімен толтыру. Спирттің жалынын тек қақпақ арқылы сөндіріңіз. Спиртовка пайдаланылатын жұмыс үстелінде төмен жылу энергиясымен (сіріңке жалыны, спиртовка) тұтану көзінің қысқа мерзімді әсерінен тұтануға қабілетті тез тұтанатын заттар мен материалдарды ұстамау. Спиртовкамен (спиртовкамен) жұмыс жүргізілетін үй-жай алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, мысалы, ұнтақты өрт сөндіргішпен жарақтандырылуы тиіс.
    Артықшылықтары

    1. Жеңіл салмақ-220 г аспайды.

    2. Пайдаланудың қарапайымдылығы-алкогольді алкоголь ыдысына қосу керек, содан кейін алкоголь жану аймағына өздігінен беріледі.

    3. Сенімділік-барлық құрылымдық элементтер іс жүзінде жұмыс істемейді.

    4. Шусыз жұмыс

    5. Өткір иістердің болмауы — этил спиртінің тұтанғанға дейінгі иісі ұқсас жағдайларда газ тәрізді отынның иісімен салыстырғанда маңызсыз болады.

    6. Техникалық қызмет көрсету қажет емес – құрылымдық элементтерді реттеу және тазарту бойынша регламенттік, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізудің қажеті жоқ.

    7. Жұмыстағы қауіпсіздік-этил спирті аз мөлшерде жарылғыш емес, ал төгілген жанғыш алкогольді стандартты өрт сөндіру құралдарын (ұнтақты өрт сөндіргіштер) қолдана отырып оңай сөндіруге болады.

    8. Отынды сақтаудың қарапайымдылығы-этил спиртін кәдімгі пластикалық бөтелкеде немесе пластикалық канистрде сақтауға рұқсат етіледі.

    9. Төмен баға — алкоголь өнімдерінің құны зертханалық газ қыздырғыштарынан немесе сұйық отынды (керосин, бензин) қолданатын қыздырғыштардың басқа түрлерінен әлдеқайда төмен.

    10. Экологиялық таза отын-қоршаған ортаны ластамайды(суға және топыраққа түскен кезде қауіпсіз және жанған кезде улы заттар түзбейді).


    Кемшіліктері

    1. жылу қуатының төмен болуы — этил спиртінің жану жылуы сұйық отынның (керосин, бензин) және газ тәрізді отынның (метан, пропан) басқа түрлеріне қарағанда төмен.

    2. Төмен температурадағы сенімсіз жұмыс – бұл төменгі температурада білектің шығыңқы жоғарғы бөлігінен спирттің нашар булануы.

    3. механикалық беріктігінің төмендігі — бөлшектер спиртовок бар қабілетінің жоғары емес беріктілігі болуы мүмкін деформироваться немесе разрушаться тіпті кезінде аздаған механикалық әсер ету.


    Тапсырма:

    1. Тәжірибелік дағдыларды оқу, конспект жазу;

    2. №1 тақырып бойынша видеоқоңырау арқылы сабақ айту.

    3. Жазған конспектілерді ватсапқа жіберу.


    написать администратору сайта