Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.6. Фирманың ұйымдастыру құрылымындағы қаржы қызметі.

  • Қазынашылық бөлім Бақылау бөлімі

  • Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар.

  • 2 ТАҚЫРЫП. ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ БАЗАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ.

  • 2.1. Активтер, міндеттемелер, капитал, табыстар, шығындар, қаржы құралдары мен тәуекелдер, бағалау әдістері, капитал тұжырымдамалары санаттарын анықтау.

  • Табыс

  • Ақша ағыны тұжырымдамасы

  • Қаржы менеджменті 1-2 дәріс. 1 таырып. Аржылы менеджментіні мазмНЫ


    Скачать 180.5 Kb.
    Название1 таырып. Аржылы менеджментіні мазмНЫ
    Дата26.10.2022
    Размер180.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаҚаржы менеджменті 1-2 дәріс.doc
    ТипДокументы
    #754974
    страница2 из 3
    1   2   3

    1.5. Қаржылық жоспарлау мен бақылау қаржы менеджментінің негізгі функциялары ретінде.
    Басқару үдерістері әрдайым келешекке бағытталған, сондықтан қаржы менеджметінің негізгі міндеті – жоспарлау. Нарықтық экономика жағдайларында бұл міндеттің маңызы өзекті, себебі оны іске асыру тиімділігінен (нәтижелілігінен) кәсіпорынның оның иегерлері мен қызметкерлер құрамының игілігі (берекесі) тәуелді.

    Жоспарларды жасау қажеттілігі көптеген факторлармен келісілген, олардың ең маңыздылары: келешектің белгісіздігі, фирманың әр түрлі бөлімшелерінің қызметін үйлестіру қажеттілігі, ресурстардың шектеулігі және т.б. Жоспарлау барысында отандық тәжірибесімен бірге, дүниежүзілік практикасының қазіргі замаңғы амалдары да алынады.

    Қазіргі заманғы экономикалық орта жоғары жылдамдық пен өзгерістер үздіксіздігімен сипатталады. Бұл жағдайларда кез келген кәсіпорынның өзін-өзі сақтап қалуы, дамуы мен көркеюі көбінесе оның менеджментінің дер кезінде болуы мүмкін өзгерістерді болжап, олардың салдарына бейімделуге мүмкіндік беретін шешімдерді қабылдау қабілеттілігімен анықталады. Жоспарлаудың негізгі міндеттері:

    • кәсіпорынның болашағы бар даму бағыттарын анықтау;

    • барлық бизнес-үдерістердің, жеке бөлімшелердің, қызметтердің және қызметкерлердің мақсаттық бағдарлануы, шоғырлануы мен үйлесуі;

    • әлеуетті тәуекелдерді тауып, олардың деңгейін төмендету;

    • сыртқы экономикалық ортаның өзгерістеріне бейімделу, икемділікті жоғарылату.

    Қаржылық жоспарлау фирма қызметін жоспарлау жүйесінің маңызды бөлігі болып келеді де, негізгі назарын инвестициялық, қаржы және операциялық саясатының негізгі элементтеріне аударады. Олардың маңыздылары:

    • активтердің әр түрлеріне қажет инвестициялар;

    • қаржы қорларға қажеттілік және оларды тарту көздері;

    • келешек табыстарды үлестіру; фирманың қаржылық тұрақтылығы мен операциялардың тиімділігі араларында ымыраны іздеп табу және т.б.

    Қаржы жоспарын әзірлеу мүмкіндік береді:

    • қойылған мақсаттарды нақты құндық көрсеткіштер түрінде білдіру;

    • кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің өзара-әрекеттестігін қамтамасыз ету;

    • фирманың әр түрлі даму түрлерін анықтап, талдау, инвестициялар көлемдерін және қаржыландыру тәсілдерін;

    • келеңсіз оқиғалардың болуы мүмкін жағдайға шаралар бағдарламасын әзірлеу.

    Жоспарлау бірқатар қағидаларға негізделеді, олар: бірлік, қатысу, толассыздық, икемділік, тиімділік.

    Бірлік қағидасы жоспарлау жүйелі сипатты болу екендігін ұйғарады. Кәсіпорын біріңғай күрделі, көп деңгейлі әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде қаралады. Бұндай жүйенің элементтері - жеке бөлімшелер, олардың өзара байланыстары мен бизнес-үдерістері, сонымен бірге пайдаланатын ресурстар. Осы элементтердің әр қайсысы жоспарлау функциясымен қамтылады.

    Жоспарлар бірлігі экономикалық мақсаттардың - бірдейлігі мен жүйенің барлық элементтерінің өзара әрекеттестігін білдіреді. Элементтердің өзара әрекеттестігі тік жол бойынша ықпалдасу және саралау әдісімен, ал көлденең жол бойынша - құрылымдық бөлімшелердің жоспарларын үлестіру тәсілімен іске асырылады.

    Қатысу қағидасы - кәсіпорынның әр бөлімшесі, әр қызметкері жоспарлау қызметінде қатысуға тиісті. Нәтижесінде, жоғары менеджмент орын алған проблемалар мен оларды шешу жолдары жөніндегі тұтас көрінісін, ал орта мен төменгі тізбегінің қызметкерлері - өз бөлімшесінің қызметі, оның басқа бөлімшелерімен өзара байланысы, шаруашылық қызметінің жалпы нәтижесіне қосқан үлесі жөнінде терең ұғым алады.

    Толасссыздық қағидасы - кәсіпорында жоспарлау қағидасы жүйелі түрде іске асырылуы керек, ал әзірленген жоспарлар - бір-бірін ауыстырып отырады. Жоспарлаудың толассыздығы сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне байланысты қызмет бағдарламасын дер кезінде түзетіп бейімдеуге мүмкіндік береді.

    Икемділік қағидасы - толассыздық қағидасымен тығыз байланысты, ол кәсіпорынның белгіленген көрсеткіштері мен шаруашылық қызметінің негізгі параметрлерін үйлестіруде және түзету мүмкіндігінде тұрады. Практикадағы оның іске асыруы арнайы қорлардың, «қауіпсіздік жастықтардың» құруын ұйғарады. Мысалы, қаржы менеджері фирма үшін артық «несие әлеуетін» сақтауға тиісті, ақша керек болған жағдайда займды тез тарту үшін. Өндіріс аясында бұндай қорлар артық қуаттардың құруымен, іске асыруы аясында - клиентураны дайын өнімнің артық қорларымен әртараптандыру және т.б. қамтамасыз етіледі.

    Тиімділік қағидасына сәйкес жоспарлауға шыққан шығындар оны қолданудан алынған нәтижелерінен аспауға тиісті. Нарық жағдайларында кәсіпорынның қызметін жоспарлау - күрделі, көп деңгейлі үдеріс.

    Қазіргі заманғы фирманың жоспарлау сызбасы 4 суретте көрсетілген. Жоспарлау үдерісі фирма миссиясының тұжырымынан басталады. Миссияға кіретіндер:

    • фирманың бар болуының (өмір сүруінің) мақсатын тұжырымдау;

    • қызмет аясын, сонымен бірге ұсынылатын өнімдер мен қызмет көрсетулерді сипаттау;

    • корпоративтік «құндылықтарды», көзқарастар мен қағидаларды ашу;

    • әлеуметтік-қоғамдық міндеттемелер және т.б.

    Миссия - бизнестің жалпы «философиясын» білдіреді, бірақ онда ұзақмерзімді немесе жақын болашаққа менеджменттің міндеттері мен мақсаттық бағдарлары жоқ.


    Орындауды бағалау,

    жоспар тапсырмаларын түзету

    Кәсіпорынның миссиясы



    Сыртқы және ішкі ортаны талдау



    Стратегиялық жоспарлау

    Тактикалық жоспарлау

    Ағымдағы жоспарлау





    4 сурет. Кәсіпорындағы жоспарлау үдерісі.
    Өз миссиясын анықтап, кәсіпорын оны іске асыруға бағытталған стратегиясын әзірлеуге тиісті.

    Ортаны талдау – келешекте экономикаға әсер ететін ең маңызды факторларды табу. Ортаны талдау сыртқы және ішкі ортаның негізгі элементтерін анықтаудан басталады. Сонан соң олардың санынан ең маңыздыларын таңдап, қажет ақпаратты жинайды да, оны өңдеп, бағалайды.

    Бұндай зерттеудің ажыратылмайтын бөлігі – кәсіпорынның қаржы қызметінің жағдайларын зерделеу және оларды жоспарланған кезеңде өзгерту мүмкіндігі. Бұл кезеңде қаржы нарығының коньюнктурасы талданып, кәсіпорын қызметіне олардың ықпалының болжамы жасалады.

    Ішкі және сыртқы орта элементтерін талдаудың соңғы нәтижесі – кәсіпорынның келешек қызметіне олардың оң және теріс ықпалын табу. Алынған нәтижелер бизнестің даму стратегиясының мүмкін нұсқаларын әзірлеу үшін пайдаланады.

    Стратегиялық жоспар кәсіпорынның қызмет бағыттарының, мақсаттары мен міндеттерінің тұжырымын білдіреді.
    Әдетте стратегиялық жоспарлау ұзақ уақыт кезеңін қамтиды – 5 жылдан бастап 10 жылға дейін, кейде одан да көп. Біздің отандық кәсіпорындары үшін стратегиялық жоспарлау мерзімі қысқа, 3-5 жыл. Стратегияны әзірлеу үшін жауапкершілік – кәсіпорының жоғары басшылығында.

    Тактикалық жоспарлау – берілген ресурстық әлеуеті барысында фирманың мақсаттарға жетуін жоспарлау. Отандық кәсіпорындары үшін қысқа мерзім – 1-3 жылға дейін. Бұл деңгейде кәсіпорын қысқамерзімді және орташамерзімді келешекте берілген қуаттар мен ресурстар негізінде өндіруге тиісті өнімдер мен қызметтер бағдарламалары және осыны іске асыру үшін қажет (операциялар) шаралар жоспарланады.

    Ағымдағы жоспар – кәіспорынның бұндай жоспары алдындағы жоспарлар түрлері көрсеткіштерінің негізінде жасалады. Бұл жоспарлау кезеңінің мақсаты – берілген қорлар мен жұмыстардың ұйымдастыру барысында қаржы нәтижелерін көбейту. Ағымдағы жоспар алдындағы жылға, тоқсандарға немесе айларға бөлініп жасалады.

    Кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жоспарлауы оның өндірістік инвестициялық және коммерциялық қызметін жоспарлауымен тығыз байланыста. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдісі – бюджеттеу.

    Бюджеттеу – негізгі бағыттар, аялар мен бөлімшелер бойынша алдыңғы кезеңге жоспарлық тапсырмаларын әзірлеу үдерісі. Кез келген деңгейдегі қаржылық жоспарды әзірлеу – күрделі, көп кезеңді үдеріс.

    1.6. Фирманың ұйымдастыру құрылымындағы қаржы қызметі.
    Қаржы қызметінің ұйымдастыруы, ең алдымен кәсіпорынның ауқымы мен қызмет сипатына байланысты. Тек қана қызмет сипаты қайсыбір коммерциялық құрылымының қаржылық ерекшеліктерін анықтайды.

    Бұл ерекшеліктер келесі факторлармен анықталады:

    1) Мемлекетпен, көбінесе салық салу жүйесімен қаржылық өзара қатынастарымен;

    2) Капиталдың қалыптасу шарттары мен әдістерімен;

    3) Үлестіру қатынастарымен және акционерлер алдында қаржылық жауапкершілігімен.

    2 мен 3 факторлардың кәсіпорынның қалыптасуы мен жойылу барысында ерекше маңызы бар.

    Фирманың ауқымы мен қаржылық ерекшеліктеріне қарай оны ірі, орташа және шағын бизнес санатына жатқызады. Шағын фирмаларда маңызды салық жеңілдіктері бар, олардың дамуын мемлекет әрдайым қолдап отырады. Жеке және отбасылық фирмаларда және шағын бизнес кәсіпорындарында қаржылық басқаруды иегердің өзі іске асырады.

    Шағын кәсіпорындарда қаржылық басқару функциялары көбінесе бухгалтерияға немесе жоспарлау-қаржылық бөліміне жүктеледі. Ал қаржы қызметінің жалпы басқаруын бас бухгалтер іске асырады,ол, сонымен бірге, қаржы директоры болып табылады.

    Тәжірибеде акционерлік қоғам түріндегі ұйымдастыру – құқықтық форма кең таралғандықтан бұндай кәсіпорынның қаржы қызметін ұйымдастыруын қарастырайық. Кәсіпорынның қаржы қызметі екі бөлімнен тұрады: қазынашылық бөлімі мен бақылау бөлімі.

    Қазынашылық қызметтің ішінде келесі бөлімшелерді айыруға болады:

    - қолма-қол ақшаны және қысқармерзімді салымдарды басқару бөлімшесі;

    - қаржылық талдау мен жоспарлау бөлімі;

    - инвестицияларды басқару бөлімі;

    - тәуекелдерді басқару бөлімі және т.б.

    Директорлар Кеңесі




    Президент




    ( Атқарушы директоры)



    Өндіріс жөніндегі Қаржы жөніндегі Өткізу жөніндегі

    в ице-президент вице-президент вице-президент



    Қазынашылық бөлім Бақылау бөлімі

    - жоспарлау мен болжамдау - қаржылық есеп

    - қаржылық талдау - басқарушылық есеп

    - қаржылық инвестициялары - есептерді жасау

    - ақша құралдарын басқару (есеп берулерді)

    - несие саясаты - ішкі аудит
    5 – сурет. Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастыру құрылымы.
    Қазақстандық кәсіпорындарда бақылаушы міндеттемелерін әдетте бас бухгалтер атқарады, оның қарамағында болатындар:

    • қаржы есебі мен салық салу бөлімі;

    • басқарушылық есеп бөлімі;

    • қаржы бақылау бөлімі және т.б.

    Отандық кәсіпорындарында қаржы директорының лауазымы соңғы 5-7 жылда пайда болды, оның міндеті – фирманың қаржы және басты стратегиясын әзірлеу, түзету және бақылау. Қаржы басқарушылары енді жалпы басқарумен де айналысады. Қаржы менеджерінің әрдайым назарында болуға тиісті:

    • фирмалар араларындағы күннен-күнге өсіп келе жатқан бәсекелестік;

    • маңызды салымдарды талап ететін технологиялық жетілдірулер;

    • инфляцияның ықпалы;

    • салық заңнамасының өзгеруі;

    • дүние жүзіндегі экономикалық тұрақсыздық және т.б.

    Қазіргі заманғы жағдайларда қаржы директоры басқарма немеса директорлар Кеңесінің мүшесі болып келеді де басқару лауазымдық сатысында жетекші орындардың біріне ие. Бас директормен бірге ол акционерлер алдында тікелей жауапты инвесторлар мен бизнес иелеріне қаржы нәтижелерін баяндайды. Әдетте қаржы директорының кандидатурасы директорлар Кеңесімен бекітіледі. Дамыған бизнес – құрылымдарда операциялық стратегиялар қаржы қызметінен өтеді. Басты міндет – фирманың барлық бөлімшелерінің операциялық стратегиясының және акционерлердің ұзақмерзімді мақсаттарының шоғырлануында.

    Сонымен, қаржы директоры үш бағытта (функционалдық, корпоративтік және басқарушы) қызмет жасап, кез келген кәсіпорында ерекше рөл атқарады. Сондықтан, қазіргі заманғы қаржы менеджері көзқарасы кең, шығармашылық тұрғыдан ойланатын, білікті маман болуға тиісті.

    Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар.

    1. «Қаржы менеджменті» деген ұғымға түсініктеме беріңіз.

    2. Қаржы менеджментінің қажеттілігі неде?

    3. Қаржы менеджментінің міндеттерін атап айтыңыз.

    4. Қаржы менеджментінің әдістері қандай?

    5. Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасына анықтама беріңіз.

    6. Қаржы менеджменті стратегиясының негізгі бағыттары қандай?

    7. Қаржы менеджменті тактикасының қандай бағыттарын айырады?

    8. Қаржы менеджеріне қойылатын біліктілік талаптарды атап айтыңыз.

    9. Фирманың ұйымдастыру жүйесіндегі қаржы менеджментінің құрылымын сипаттаңыз.


    2 ТАҚЫРЫП. ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ БАЗАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ.
    2.1. Санаттарды анықтау: активтер, міндеттемелер, капитал, табыстар, шығындар, қаржы құралдары мен тәуекелдер, бағалау әдістері, капитал тұжырымдамалары санаттарын анықтау.

    2.2. Ақшаның уақытша құны, тәуекел активтердің құны;

    2.3. Қаржылық менеджментінің теориясы мен практикасында пайдаланатын негізгі көрсеткіштер.
    2.1. Активтер, міндеттемелер, капитал, табыстар, шығындар, қаржы құралдары мен тәуекелдер, бағалау әдістері, капитал тұжырымдамалары санаттарын анықтау.
    Қаржы менеджменті ғылыми пән ретінде теориялық білімдер, тұжырымдамалар, үлгілер (модельдер) жүйесі және олардың негізінде әзірленген әдістер, тәсілдер мен құралдар жүйесі болып табылады. Әр түрлі санаттарды пайдалана отыра қаржы менеджері кәсіпорынды қажет қаржы ресурстармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін басқарудың оңтайлы құрылымын қалыптастырады. Қаржы жағдайын өлшеумен байланысты санаттарға активтер, міндеттемелер мен капитал жатады.

    Активтер - өткен оқиғалардың нәтижесінде болашақ экономикалық пайдалар күтілетін ресурстар.

    Активтегі экономикалық пайда – субъектіге ақша құралдарының немесе оның баламаларының түсуіне тура немесе жанама түрде мүмкіндік жасау.

    Пассивтер – компания қарыздарының, міндеттемелерінің және меншік капиталының жиынтығы, олардың белгіленуі бойынша (өз қорлары, басқа ұйымдардың қарыздары) топталып, кәсіпорын қаражаттарының пайда болу көздерін білдіретін бухгалтерлік баланстың оң жағы.

    Міндеттеме – ол өткен оқиғалардан пайда болатын субъектінің міндеттемесі. Міндеттемені реттеу ақша қаражаттарын төлеуін, басқа активтердің тапсыруын, қызмет көрсетуін қарастырады.

    Капитал – барлық міндеттемелерді алып тастағаннан қалған активтердегі үлесі. Бухгалтерлік баланста «Капитал» бөлімін екі кіші санаттарға бөлуге болады. Мысалы, акционерлік қоғамда келесі кіші санаттар болуы мүмкін: акционерлер енгізген қаражаттар, үлестірілмеген табыс немесе капитал шотына тікелей апарылатын табыс пен залал.

    Пайданың өлшеуімен тура байланысты болып келетіндер – табыстар мен шығындар:

    Табыс – есепті кезең барысында активтердің құйылуы немесе өсуі түріндегі экономикалық пайдалардың көбеюі немесе капиталдың көбеюіне әкелетін міндеттемелердің азаюы.

    Шығындар – есепті кезең барысында активтердің кетуі немесе азаюы түріндегі экономикалық пайдалардың азаюы. Субъектінің әдеттегі қызметі барысындағы пайда болған шығындарға сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны, жалақы мен негізгі құралдардың амортизациясы жатады.

    Тұжырымдама – бір көріністі түсіндіру және баян етудің белгіленген тәсілі. Тұжырымдаманың көмегімен осы құбылысқа (оқиғаға) негізгі көзқарас білдіріледі де осы құбылыстың мәні мен даму бағыты анықталады.

    Қаржы менеджментінде келесі тұжырымдамалар негіз болатындар деп саналады: ақша ағымы тұжырымдамасы, ақша ресурстарының уақытша құны, тәуекел мен табыстылық араларындағы ымыра тұжырымдамасы, капитал құнының тұжырымдамасы, капитал нарығының тиімділігі тұжырымдамасы, агенттік қатынастар тұжырымдамасы, балама шығындар тұжырымдамасы.

    Ақша ағыны тұжырымдамасы. Қаржы менеджерінің негізгі міндеттерінің бірі – ақша құралдарын мақсатқа сәйкес орналастыру нұсқаларын таңдау. Үнемі қозғалыстағы ақша ақша ағынын құрады, ол кез келген қаржы-шаруашылық қызметінің тұтқасы. Ақша ағыны тұжырымдамасы ұйғарады:

    • ақша ағынын, оның ұзақтығы мен түрін теңестіруін;

    • оның элементтерінің шамасын анықтайтын факторлардың бағалауын;

    • осы ағынмен байланысты тәуекелді және оны есептеу тәсілін бағалауын;
    1   2   3


    написать администратору сайта