Главная страница
Навигация по странице:

  • Жеке басқа табынушылықты жою сияқты. Яғни 1956 ж. КОКП XX съезінде Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндамасында И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты сынға алды.

  • Хрущевтің жүргізген реформалары Қазақстанғада пайдасын тигізді. Айта кетсек

  • Хрущевтің саясатынын жағымсыз жақтарыда болды. Олар

  • Ал Қазақстанға әкелген пайдасы айтсақ: Олар

  • Ал әкелген зардаптары мынадай болды

  • Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда қудаланған ғалымдар туралы мәлімет беріңіз

  • Документ Microsoft Word (2). 1 тапсырма 1958 жылдан бастап Н. С Хрущев кімет басшысы болып таайындалып, бл лауазымнан Н. А. Булганинді босатты. Сйтіп елдегі жоары саяси жне атарушы билікті з олына шоырландырды. Билікке келген сон бірнеше реформалар жгізді. Айта кетсек олар


    Скачать 40.93 Kb.
    Название1 тапсырма 1958 жылдан бастап Н. С Хрущев кімет басшысы болып таайындалып, бл лауазымнан Н. А. Булганинді босатты. Сйтіп елдегі жоары саяси жне атарушы билікті з олына шоырландырды. Билікке келген сон бірнеше реформалар жгізді. Айта кетсек олар
    Дата14.10.2021
    Размер40.93 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДокумент Microsoft Word (2).docx
    ТипДокументы
    #247343

    1 тапсырма

    1958 жылдан бастап Н.С:Хрущев Үкімет басшысы болып тағайындалып, бұл лауазымнан Н.А.Булганинді босатты. Сөйтіп елдегі жоғары саяси және атқарушы билікті өз қолына шоғырландырды. БИлікке келген сон бірнеше реформалар жүгізді. Айта кетсек олар:

    • Тоталитаризм оның ішінде казармалық социализмнің негізін қалаушы, харизмалық тұлға, тиран басшы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды.

    • 1953 ж қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) тағайындалды.

    • Бұл кезең «Жылымық жылдары» деп аталды.

    • Билік өзгергенімен Бюрократизмде, әміршіл-әкімшіл жүйеде сақталды тек формасы өзгерді.

    Жеке басқа табынушылықты жою сияқты. Яғни 1956 ж. КОКП XX съезінде Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндамасында И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты сынға алды.

    • Ондағы мақсаты:

    • Жаңа биліктің легитимділігін орнату;

    • Жаңа реформаларды жасау үшін қолдау іздеу;

    • Халық сенімін ақтамаған социализмді утопияға шығару;

    • Коммунизм орнату деген ұранмен жаңа реформалар жасау.

    Хрущевтің жүргізген реформалары Қазақстанғада пайдасын тигізді. Айта кетсек:

    • Көлік және коммуникация жүйелерін дамыды, Одақғы теміржолдың 30%-ы Қазақстанда салынды;

    • 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды.

    • 1958 жылы Қазақстан КСРО бойынша жалпы өндіріспен дамуы жағынан үшінші орынға шықты.

    • Одақ бойынша ірі қалаларда тұрғын үйлер салды;

    • Ғылымның жетістіктерімен(1961,Восток-1), ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде рекордтар жасалды(1956,1961);

    • Сталинизмнің құрбандарын түрмеден босатып, ГУЛАГ жүйесі жойылды.

    • Комунистік елдердің студенттері білім алмасуға мүмкіндік алды.

    Хрущевтің саясатынын жағымсыз жақтарыда болды. Олар:

    • Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы, космополит, ұлтшыл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды;

    • Индустрия дамуы болсада сапа болмады;

    • ГУЛАГ жүйесі жойылғанмен, психдиспанцерлер пайда болды, қылмыс жоғарлады;(90 мың)

    • Экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмаған субъективтік шешімдерге жол берілді;

    • Капиталистік елдердің деңгейіне қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу сияқты негізсіз міндеттер қойылды;

    • Аудандастыру саясатының негізінде елдің гоесаяси жағдайын өзгертті.


    Тың және тығайған жерлерді игеру саясатынын салдары, нәтижесі қандай болды?

    50 жылдардың басында елде азық-түлік тапшылығы байқалды. Ал 1953 жылы астық шықпай қалғанда жағдайдың қиындағаны соншалық, жедел шешім қабылдау талап етілді. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады.

    Мысалы:

    • - Колхоздарға біраз дербестік берілді;

    • - Ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді;

    • - Аграрлық секторды техникамен жабдықтау;

    • - Электр қуаты кеңірек қолданылды;

    • - Колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды.

    • - Бірақ шаруашылық елде қалыптасқан экстенсивті жолмен жүргізілді.

    1954 жыл КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады.Тың жерлер игерілетін аймақтар:Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бойы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді.Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Торғай, Павлодар облыстары болды.

    Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде: Билік құрылымы өзгерді;

    1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды;

    1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді;

    Қазақстанда 9,4 млн. гектар жер жыртылды;

    Мәдени өзгерістер мен этникалық конфликтілер орын алды.Ал Қазақстанға әкелген пайдасы айтсақ: Олар:

    1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақта 41 млн.га). Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты;

    2) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті;

    3) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды;

    4) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.

    5) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.

    6) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.

    Ал әкелген зардаптары мынадай болды: 1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды;

    2) Мал шаруашылығы құлдырап ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды;

    3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығының жиналмай қалуы;

    4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы және қылмыс саны өсті;

    5) Қазақтар 1962 жылы - 29% ға азайды

    6) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.

    7) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. Ұлттық мәселелер туындады;


    8) Дін ұстануға тиым салынды, Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды;

    9) Қазақстан көптеген территориясынан айырылды.

    Осылайша тың игеру жүргізілген болатын.

    2тапсырма


    Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда қудаланған ғалымдар туралы мәлімет беріңіз?

    Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бөлімінен шыққан[2]. Әлкей Хақанұлы Марғұлан бастапқы бiлiмдi ауыл мектебiнен алды. Павлодар қаласындағы мұғалiмдер курсын бiтiрiп‚ туған аулында мұғалiм болып iстедi. Семей педагогикалық техникумының студентi бола жүрiп‚ «Таң» журналы мен «Қазақ тiлi» газетiнiң редакцияларында (1921–25) қызмет атқарған. Осы жылдары ол М.О.Әуезовпен‚ М.Жұмабаевпен танысты. Ленинград (қазiргi Санкт-Петербург) қаласындағы Шығыстану институтының түркiтану және тарих-филология факультеттерiнде (1925–29) қатар оқыды.

    Марғұлан КСРО ғылым академиясының академигі А.Е.Ферсман мен профессор С.И.Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай археология және этнография экспедицияларының (1926–27) жұмысына қатысты. Экспедиция кезiнде Ә.Н.Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынас орнатып, бiрлесiп қызмет жасады. Әлкей 1928 жылдан қазақ халқына қатысты әдеби, мұрағаттық материалдар жинақтаумен шұғылданды. 1929 ж. Абай шығармалары туралы дипломдық жұмыс қорғап‚ орыс география қоғамы архивiндегi Абай қолжазбалары туралы нақты тарихи деректер негiзiнде ғылыми дәйектi тұжырымдар жасады.

    Терминология комиссияның ғалым-хатшысы (1930–31), Ленинград қасындағы Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспиранты (1931–34)‚ Шығыстану институтының оқытушысы (1931–35), Мәскеу қаласындағы материалдық Мәдениет тарихы институтының iзденушiсi және ғылыми қызметкерi (1936–38) болды. Осы жылдары ол Шығыс Түркiстан археологиясы мен өнерi бойынша маманданып, бiрнеше археологиялық экспедицияларға қатысты. КСРО ғылым академиясының қазақ бөлiмшесi Тарих институтының аға ғылыми қызметкерi (1939–41) болды. Оның «Мәшһүр Жүсiп мұрасындағы түркi эпосы», «Декабристер және Қазақстан», «Әлiшер Науаи және қазақ мәдениетi», «Мұхаммед Хайдар Дулати – тарихшы», «Шоқан Уәлиханов және Орта Азия тарихы», «Суворов», «Жамбыл Жабаев» (1940–41), т.б. еңбектерi жарық көрдi.

    1941 ж. КСРО ғылым академиясы Қазақ бөлiмшесiнiң тарих бөлiмiн басқарды. Осы қызметте жүрiп «Хандар жарлығының тарихи маңызы» деген тақырыпта қорғаған канд. диссертациясында (1943) көне қыпшақ тарихына байланысты құнды зерттеулер жасады. «Қазақ халқының эпикалық жыр дастандары» тақырыбында қорғаған докт. диссертациясы қазақ әдебиетi мен тарихы саласындағы iргелi зерттеулердiң нәтижесi саналды. Археология, палеолит бөлiмiнiң меңгерушiсi, аға ғылыми қызметкерi (1946–53), Қазақстан ғылым академиясының Архитектура құрылыс және құрылыс материалдары институтының аға ғылыми қызметкерi (1953–55) болды; кейін этнография бөлiмiн (1958–76) басқарды.

    Осы жылдары Марғұлан СырдарияШуТалас өзендерi бойында және ОтырарСауранСығанақ қалалары орнында қазба жұмыстарын жүргiзiп, соның негiзiнде «Көне қазақ жерiнiң қалалары мен құрылыс өнерiнiң тарихы» аталатын монографиясын (1950) жариялады. Кемел АқышевМ.ҚадырбаевМ.Оразбаевтармен бiрге Орталық Қазақстанда жүргiзген археология қазба жұмыстарының қорытындысы саналатын «Орталық Қазақстанның ежелгi мәдениетi» (Древняя литература Центрального Казахстана, 1966) атты ғылыми-зертханалық еңбегiн жазып‚ кiтаптың редакциясын басқарды.[3]

    Марғұлан – қорқыттанушы. Ол оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан данагөй абыз, жырау, күй атасы, қазақ бақсыларының жебеушiсi, батагөй-сәуегейi Қор-қыт мұрасын зерттедi. М-ның жазуынша, қазақ музыкасы мен философиясында «Қорқыт күйi», «Қорқыт сарыны», «Қорқыт тол-ғауы», «Тәңiр биi» дейтiн рухани iзгi дәстүрлер, мақамдар қалыптасып дамыған. Демек, Қорқыт – «керемет иесi», «Ұлыстың ұлы кеңесшiсi», «тарихи оқиғаларды жырлаушы жырау». Марғұлан Қорқыт мұрасын, дәстүрiн ұстанған халық мәдениетiнiң көрнектi өкiлдерiн былайша топтастырады:

    • бақсы-жыраулар (Қойлыбай, Қарамырза, Нысан абыз, т.б.);

    • қобызбен күй орындаушылар (әл-Фараби, Кетбұға);

    • сәуегей жыраулар, шешендер (Сыпыра жырауАсан қайғыШалкиіз жырауҚазтуғанӘнет бабаБұқар жырауТәттiқараМайлықожа, т.б.);

    • Қорқыт дәстүрiн жалғастырған, қобызбен жыр туындатқан ақындар (Балқы Базар, Ерiмбет жырау, Кете Жүсiп, Қаңлы Жүсiп, Абыл, Оңғар жырау, Шораяқтың Омары, т.б.).

    Марғұлан «Қазақ халқының көне замандағы ақындық өнерiнiң шеберлерi» атты еңбегiнде (1959) қазақ халқының эпикалық жыр дәстүрiн дамытқан ақындарға, шебер орындаушыларға, сал-серiлерге тоқталып, олардың сөз өнерiндегi орнын айқындады. Еңбектегi ғылыми тұжырымдар танымдық тереңдiгiмен ерекшеленедi, онда көне ойшылдардан бастап Жанақ, Шөже, Арыстанбай, Марабай, Сүйiнбай, Жамбыл, Нұрпейiс, Иса секiлдi ақындар шығармашылығы талданады. Марғұланның «Тамғалы тас жазуы» атты зерттеуiнде әдеби-тарихи һәм мәдени деректер молынан кездеседi. Ол сонымен қатар қырғыз халқының «Манас» эпосы туралы ғылыми-зерттеулер iсiнiң дамуына үлес қосты. Қырғыз эпосын дүние жүзiне алғаш таныстырған Ш.Ш.Уәлиханов, кеңес заманында бастапқы зерттеулердi жүргiзген Әуезов болса, кейiннен осы дәстүр Мағұланның «Шоқан және Манас» атты монографиясында жалғасты. Ол эпостағы өмiр шындығы, жырдың шығу тегi, дәуiрi, кейiпкерлерi мен көркемдiк кестесi және манасшылардың жырды жетiлдiрудегi қызметi‚ т.б. жөнiнде ғылыми маңызы жоғары пiкiрлер айтты.

    19571967 ж. Уәлихановтың ғылыми мұраларын жинайтын топқа (Мұхтар ӘуезовС.БәйiшевС.МұқановҚ.И.СәтбаевА.Нүсiпбеков-пен бiрге) басшылық етiп, оның таңдамалы (1958) және 5 томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарды.

    19761984 ж. Қазақстан ҒА этнография бөлiмiнiң аға ғылыми қызметкерi болды. Оның ынта-жiгерi мен ұсынысы бойынша қазақ даласының ең шалғай аудандарына бiрнеше археологиялық және этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Ол өзiне дейiнгi Қазақстанды зерттеушi орыс ғалымдарының қазақ даласы тек көшпелiлер мекенi болды деген тұжырымдарының шындыққа сай келмейтiндiгiн дәлелдедi. Ғалым 1940 жылдардың аяғында бiрнеше рет саяси қудалауға түсті, кейiн де ұдайы саяси бақылауда болды, ғылыми ортаның кейбiр қисынсыз сындарына ұшырады.


    написать администратору сайта