Главная страница

ГАСТРО. Зарина ждп. 1. Вирустты гепатиттерге жалпы тсініктеме А,В,С,Д,Е ны Этиологиясы, Эпидемиологиясы жне Клиникалы крінісі


Скачать 435.5 Kb.
Название1. Вирустты гепатиттерге жалпы тсініктеме А,В,С,Д,Е ны Этиологиясы, Эпидемиологиясы жне Клиникалы крінісі
АнкорГАСТРО
Дата31.10.2022
Размер435.5 Kb.
Формат файлаppt
Имя файлаЗарина ждп.ppt
ТипДокументы
#763996

Вирусты гепаттиттер А,В,С,Д,Е және т.б. этиологиясы, эпидемиологиясы , клиникасы.Диагностикасы, алдын алу.


Жоспар


І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Вирустты гепатиттерге жалпы түсініктеме
2.А,В,С,Д,Е –ның Этиологиясы, Эпидемиологиясы және Клиникалық көрінісі
3. Диагностикасы, алдын алу.
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиет


Анықтама


Вирусты гепатиттер –(hepatitis virosa) бауыр зақымдалуымен жүретін жұқпалы аурулар.Жедел гепатитінің ауырлығы әр түрлі болады:симптомсыз және клиникалық көріністері әлсіз дамығаннан бастап, ауыр және қатерлі өліммен аяқталатын түрлерге дейін.Ол адамды өлімге әкелетін инфекциялардың қатарына жатады.


А вирусты гепатиті


В вирусты гепатиті


С вирусты
гепатиті


А
Н
Ы
Қ
Т
А
М
А
С
Ы


А гепатиті (син. жұқпалы, эпидемиялық гепатит, Боткин ауруы)- фекальды-оралды механизмі арқылы берілетін вирусты ішек инфекциясы.РНҚ-лы вируспен тудырылатын жедел бауырдың қабынуы,әдетте өзіндік сауығуымен аяқталады.


В вирусты гепатиті (ағылш. Hepatitis B virus, HBV) — ВГВ вирусымен шақырылатын бауыр зақымы себебінен, сарғаюымен және зат алмасу процесінің бұзылуымен өтетін, өзінен кейін жиі созылмалы гепатитке және бауыр цирррозына әкеліп соғатын инфекциялық ауру.


С гепатиті этилогиялық белгілері жағынан В гепатитке ұқсас болып келеді.Бірақ сарғыштануымен жүретін түрлері жеңілірек өтіп, клиникалық белгілеріне тез жоғалады.С гепатиті көп жағдайда сарғыштану белгілерінсіз, субклиникалық және инаппарантты түрде өтеді.Бұл аурудың 80-90% созылмалы түрде ауысса,20-30% бауыр циррозы тудырады.


Э
Т
И
О
Л
О
Г
И
Я


Құрамында РНК-сы бар пекарный вирус тұқымдасына жатады. Сыртқы ортаға төзімді. Нәжісте 1 ай, суда 3-10 айға дейін сақталып, 100С температурада қайнатқанда 5 минут ішінде өледі. хлораминның 1г/л ерітіндісі үй тем-сында вирус 15 мин кейін ғана ыдырайды.


 Гепатовирустың тобына жатады. Оның геномы 2 жіпшелік ДНК молекуласынан қалыптасады. Ішкі – сыртқы қабыршақтармен қосылған сыртқы ортаға өте төзімді. Кәдімгі бөлме температурасында 3 ай бойы сақталады. Тоңазытқышта 6 ай, қатырылған түрде 15-20 жыл бойы.


С гепатитінің вирусы HCV флавивирустар (Flaviviridae)тұқымдастығына жататын РНҚ-лы вирус болып табылады.Оның диаметрі 50 нм –дей болады және майда еритін қабықшасы бар. Вирус 50 °С –ға температураға төзімді болады,бірақ (хлорроформ) сияқты липидтерді ерітетін еріткіштердің және ультракүлгін сәулелерінің әсеріне өте сезімтал болып келеді.


Э
П
И
Д
Е
М
И
Я
Л
О
Г
И
Я
С
Ы


Инфекция көзі: сарғыштанбаған және субклиникалық, сонымен қатар аурудың манифестті түрімен науқастар жатады.
Берілуі механизімі- фекальды-оралды.
Берілуі ауалы-тамшылы жолмен қазіргі кезде жоққа шығарылған.
Вирус сарғыштануға дейін 10-14 күн бұрын бөліне бастайды,сарғыштың 2-7 күнінде аяқталады.


Вирусты Гепатит В таралуы өте кең. Инфекция көзі болып әр түрлі клиникалық ауруларымен ауырған адам және созылмалы тасымалдаушылар болып табылады. Зақымдану механизмі:
1. парентеральді;
2. қан.
Берілу жолдары.
табиғи жарақаттанған тері қабаттары арқылы.(қан,плазма)
жасанды. теріні және шырышты қабаттарды зақымдайтын манипуляциялар (операция,татуаж)


С гепатитінің көзі тек қана ауру адам немесе вирус тасымалдаушы ғана бола алады.
Берілі механизімі –парентеральды.Инфекция мынандай жолдармен таралуы мүмкін:стерильді емес инелермен инъекция жасағанда,гемодиализ кезінде,татуаж жасағанда. В гепатитімен салыстырғанда,С гепатитінің ауру шақырушы дозасы анағұрлым көбірек болады.


К
Л
И
Н
И
К
А
С
Ы


А вирусты гепатиті айқын клиникалық белгілерімен (сарғыштық және сарғыштықсыз) және клиникалық белгілерінсіз өтуі мүмкін (инаппрантты түрі).Сарғыштықсыз түрінде сарғыштық пен гипербилирубинемиядан басқа гипатиттің барлық клиникалық және биохимиялық көріністері болады, трансаминазалардың белсенділігі жоғарылайды, анти-HAV IGM анықталады.
Ауру түрлерінің ажыратылуы:
-ағымы бойынша:жедел,ұзағырақ;
-ауырлық дәрежесі бойынша:жедел, орташа, ауыр;
Жасырын кезеңі 6-50 күн (жиі 15-30 күн)


Вирусты гепатит В вирус бауыр паренхиманы, яғни гепатоциттерге тробты болады.
1. сарғаю;
2. сарғаюсыз;
3. клиникалық көрініссіз
Ауырлығы: жеңіл, орташа, ауыр. Инкубациялық кезеңі 40-180 күнге дейін.
Сарғаю алдындағы кезеңі 1-2 аптаға дейін созылады.Әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, 2-5 күннен кейін тамақтан соң жүрегі айнып, құсады. Қату не іш өту. Оң жақ қабырға астында ауырлық және ауырсыну сезімі болады. Сарғаю алдындағы кезеңнің аяғында зәр қоңырланып, нәжісі ақ түске айналады, алғашқыда склера, одан кейін теріде сарғаю байқалады. Сарғаю кезеңі 3-4-5 аптаға дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін.


Инкубациялық кезеңі 20 күннен 150 күнге дейін, орташа 40-50күн.Жедел С гепатиті көп жағдайда анықталмайды, себебі организмдегі патологиялық процесс жасырын (латентті) түрде өтеді..Науқастар әлсіздік, шаршағыштықтың,тәбетсіздіктіңорын алғанына шағымданады. Сарғаюдакөздің , таңдайдың аздап сарғаюымен, терінің білінер-білінбес сарғыштануымен, холурия және ахолия белгілерінің бір-екі рет байқалуымен сипатталады.


Д
И
А
Г
Н
О
С
Т
И
К
А
С
Ы


А гепатиті диагнозы эпидемиологиялық,.
А гепатитімен науқаспен жанасқаннан кейін 7-50 күнге ауыруы), клиникалық белгілері (аурудың циклділігі симптомдарының алмасу заңдылығымен өтетін продромалды және сарғыштық кезеңі), лабораторлық зерттеу нәтижелеріне негізделеді.
А гепатитінің продромалды кезеңін салыстырады:
Тымаудан және басқа жедел респираторлы аурудан;
Энтеровирусты инфекциядан;
Сүзек топтас аурулардан;
Жедел ішек инфекцияларынан.


1. сарысудағы арнайы маркерлерді анықтайтын арнайы тесттер қолданылады;
2. биохимиялық тесттер бауырдың функциясының жағдайын көрсетеді;
3. Hbs антигендерді анықтау.


С гепатитінің эпиданамнезі В гепатитіндегідей, бірақ парентералды жолы басымырақ.Жедел гепатит симптомсыз өтеді де тез созылмалы түрге ауысады.


Е
М
І


Ауырлығына байланысты жүргізіледі. Жеңіл түрлерінде үйде, егер эпидемиологиялық қауіптілігі болмаса. Орташа ауыр және ауыр түрлерінде ауруханада емделуі тиіс. Емі комплекті түрде:
1. режим;
2. диета №5;
3. патогенетикалық ем (дезинтоксикация);
4. клиникалық белгілеріне байланысты ем.
Этиотропты емі жоқ. Клиникалық сауығу кезінде биохимиялық көрсеткіштерінің қалыпты жағдайда ауруханадан шығарылады.


Міндетті түрде ауруханада емдеу. Комплексті түрде жүргізіледі:
1. күн тәртібі;
2. диета №5;
3, парентеральді түрде дезинстоксикациялық ем;
4. белгілеріне байланысты. Ауыр ағымда глюкокортикостеродттар преднизалон 40-60 мг/тәулігіне дейін. Сулы – электролитті бұзылыс балансын қалпына келтіру үшін гипокалоиемия кезінде панангин, аспаркам.


Емдеу принциптері В және А гепатиттеріндегідей.Созылмалы түрге өте жиі ауысатындықтан , вируске қарсы емді жедел С гепатитінің кез келген түрінде жүргізу керек.Осы кезде созылмалы түрге ауысу жиілігі 3 есе азаяды.


А
Л
Д
Ы
Н
-
А
Л
У
Ы


Жергілікті санитарлық – гигиеналық жағдайларды жақсартуға бағытталған шаралар жүргізілуі керек. Ең тиімді әдіс вакцинация. Келесі биопрепараттар қолданылады:
1. тірі аттенурленген (Қытайда сертифицирленген);
2. инактивирленген виросомды вакцина (Швейцарияды сертифицирленген).
Вакцинация тиімді әсер береді. 1 рет бұлшық етке салған кезде 90-100% тиімділікті көрсетеді, ал 6-12 айдан кейін қайталап салынған вакцина ұзақ уақыт 100%-ға дейін тиімді болып саналады. Орташа 10 жылға тиімді.


В гепатитімен ауырған науқастың туыстары,нашақорлар.Ересек адамдар иммунизациясының кестесі 3 егуден тұрады; екі егу 1 ай аралықпен енгізіледі, үшінші 6-айдан соң жасалынады.Ревакцинация 7 жылдан кейін өтеді.
Қандағы антиденелер 10 ХБ (халықаралық бірліктен) жоғары деңгейі иммунизацияның толық курсын өткен адамдардың 85-95%- де дамиды.Екі егуден кейін антиденелер 50-60%-те пайда болды.


В гепатитіндегідей .Қазіргі кезге дейін вакцинасы жоқ.


Б
О
Л
Ж
А
М
Ы


Қолайлы.Науқастардың 90%-да толық айығып, қалғандарына аурудың “қалдық” белгілері болады. А гепатитінің өлім-жітім саны0,04 %-дан артпайды.


В гепатит реконвалесценттерінің ауруханадан шығару көрсеткіштері А гепатит кезіндегідей.Диспапсерлік бақылау 12 ай жүргізіледі.Әр 3 ай сайын зерттеу өткізіледі -клиникалық қарап тексеру, лабораторлық зерттеулер (билирубин,АЛТ, вирусты гепатит маркерлері).
Созылмалы гепатит болмаса және HBsAg анықталмаған жағдайда В гепатитімен ауырған науқастар есептен шығарылады.Әйелдерге ауруханадан шыққаннан кейін 1 жыл жүкті болмаған дұрыс.


Ауруханадан шығару және диспансерлік бақылау ережелері В гепатитіндегідей.Жедел HCV –жұқпасының 85-90% созылмалы түрге ауысады, ал 10-15%ғана айығады.


Д вирусты гепатит


Е вирусты гепатит


А
Н
Ы
Қ
Т
А
М
А
С
Ы


РНК-геномды дельтавирустармен шақырылатын, парентральды жолмен тарайтын, бауырды зақымдайтын, көбінесе қолайсыз аяқталатын жедел немесе созылмалы вирусты инфекция.


Е вирусты гепатиті құрамында РНҚ бар вируспен тудырылады (HEV). Бұл гепатиттің таралу механизмі фекалды- оралды.
Е гепатиті, ересек тұрғындарының арасында ең жиі кездесетін жедел вирусты гепатиті болып табылады.Бірақ Е гепатитімен аурушылдық Европа мен Ресейде де кездеседі.


Э
Т
И
О
Л
О
Г
И
Я
С
Ы


Д гепатитінің вирусын (HDV) ең алғаш рет 1977 ж M. Rizetto ашқан. HDV диаметрі 35-37 нм болатын сфералық бөлшектер. (HDV)-ң ерекшелігі, оның өмірлік циклінде көмекші HBV –ң орын алуы мүмкін.Сондықтан Д гепатиті тек қана В гепатитімен инфекцияланған адамдарда ғана болады. Вирус геномы 1700 нуклеотидтер құралған бір тізбекті сақиналы негативті жалғыз РНҚ молекуласынан тұрады.
HDV температураға тұрақты, оның белсенділігі ультракүлгін сәулелерінің әсерінен де жойылмайды.


Иммундық-электронды микроскопиялық зерттеу барысында Е гепатит вирусның құрылымы анықталды. Сынамаларда димаетрі 27-33 нм (көбінесе 32-34 нм) сфера тәрізді вирусқа ұқсас бөлшектер табылады. Вирус –бір жіпшелі құрамында РНҚ бар:қабықшасы жоқ.HEAAg –ге ие.Е гепатит вирусының таксономдық жіктелуі әлі толығымен анықталған емес.


Э
П
И
Д
Е
М
И
Я
Л
О
Г
И
Я
С
Ы


Ауру көзі-ауру адам немесе тасымалдаушы. Тарау жолдары: парентральды, вертикальды (трансплацентарлы) болып табылады. Ауруға бейім топтары: гемофимиямен ауыратындар, қанмен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері, нашақорлар саналады. Ауырғаннан кейінгі иммунитет тұрақты, ұзақ иммунитет қалыптасады.


Е гепатиті А гепатитке ұқсас, фекалды-оралды механизммен тарайтын антропонозды инфекция жатады.Инфекция көзі- жедел HEV- инфекциясымен, әсіресе оның сарғаюсыз, немесе латентті түрімен ауыратын адамдар.Таралу жолы- көбінесе су арқылы,HEV-ні water born hepatitis virus деп атайды. Е гепатімен көбінесе 15-40 жастағы адамдарда тіркеледі.Ер адамдар жиірек ауырады.Бұл ауру кезіндегі өлім-жітім көрсеткіші жоғары емес.Е гепатитімен ауыру көбінесе күзде жоғарылайды, күзде жаңбыр көп жауып, ірі өзендер толады


К
Л
И
Н
И
К
А
С
Ы


Вирусты Гепатит Д-ның 2 түрі белгілі:
коинфекция-жедел аралас гепатит суперинфекция- созылмалы В-инфекция Сарғаю алды кезең. Ұзақтығы орташа 5 күн. Бұл кезде байқалады: астеновегетативтік синдром, артралгия, кейде интоксикациялық синдром, диспепсиялық бұзылыстар, гепаталгия
Суперинфекция Hb sAd тасымалдаушылықта қалыптасса, жедел вирусты Д гепаттиті дамиды:
қысқа инкубациялық мерзім (3-4 апта)
қысқа продромальды (сарғаю алды) кезең
жедел басталуы (жоғары температура, артралгия, гепаталгия, экзантема т .б.).


Е вирусты гепатиті клиникалық көріністері бойынша А вирусты гепатитке ұқсас.
Инкубациялық кезең 10-60 күн (көбінесе 30-40 күн). Әдетте ауру бірте-бірте басталады. Сарғаю алдындағы кезең 1-9 күн. Аурудың негізгі белгілеріне әлсіздік, немқұрайлық, тәбеттің болмауы, жүрек айну, құсу жатады. Науқастардың көбісі эпигастрий аумағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданады. Дене қызуы сирек жоғарылайды әдетте 38° С-ден жоғары емес. Сарғаю кезенінің ұзақтығы 1-3 апта. Е гепатиті ауыр және фульминантты түрде өтіп, жедел бауыр жетіспеушілігіне әкеледі де өліммен аяқталады.


Д
И
А
Г
Н
О
С
Т
И
К
А
С
Ы


-клиникалық белгілер
-лабораториялық зерттеулер
-иммунологиялық сынамалар
-анти ВГД, анти ВГД-zdM-ды анықтау)
-спецификалық емес (биохимиялық)
-трансаминозалар, билирубин т.б.
Дифференциальдық диагностикасы
-жедел вирусты гепатит В
-созылмалы BVB-ң өршу кезеңімен
-өт жолдарының ауруларымен


Е вирусты гепатиті диагнозы клиникалық және эпидемиологиялық ерекшеліктердің негізінде қойылады.ИФА әдісімен HEV әдісімен HEV-ге антиденелер анықталады.Анти HEV IgM қанда аурудың10-12 күні пайда болып 1-2 ай сақталады.Содан кейін, қысқа уақыттан соң анти HEV IgС қаннан анықталады.Бұл антидененің анықталуы HEV –мен қатынас болғаны туралы айтады.Инфекцияның процестің ерте фазасына HEV-РНҚ табылуы мүмкін.


Е
М
І
А
Л
Д
Ы
Н
А
Л
У
Ы


Д гепатитінің А және В гепатиттерінің еміндей болады.
-госпитализация;-күн тәртібі ;– төсектік режим
-диета №5 дастархан
-патогенетикалық ем
-симптоматикалық ем
-этиотропты ем парентральды тарау жолдарына қарсы профилактикалық шаралар
В гепатитке қарсы жасалатын вакцина.


Е вирусты гепатиті кезінде жүргізілетін емдеу комплексі А вирусты гепатиті кезіндегі емге ұқсас.
А гепатитінің ауырушылдықты төмендетуге бағытталған гигиеналық шаралар (соның ішінде, тұрғындары сумен қамтамасыз етуді жақсарту),Е гепатиті кезінде де эффективті болып табылады.Қазіргі кезде вакцина өнделген емес.


Серологиялық маркерлер.


HBsAg . HBsAg қан сары суында клиникалық манифестация алдында пайда болып, аурудың өршуі кезінде максималды концентрациясына (деңгейіне) жетеді, реконвалесценция фазасында жойылады. Аурудың асқынбаған түрінде 2 ай аралығында элиминацияланады. HBsAg 12 аптадан аса сақталса, жедел В гепатиті созылмалы түріне айналады.
Кейбір науқастарда HBsAg аурудың клиникалық симптомдары көріне бастағаннан соң бірінші аптаның ішінде элиминацияға ұшырайды, сондықтан науқастардың 10% -да жедел В гепатиті анти-HВсIgM–ді анықтау арқылы ғана диагноз қоюға болады.
Сарысудың бір сынамасына сүйене отырып, гепатиттің жедел немесе созылмалы түрін нәтижелеуге болмайды.


HВеAg. HВеAg – HВсAg ыдырауынан пайда болатын өнім. Бұл маркер вирустың белсенді репликациясының және қанда көптеген вирустардың айналымының дәлелі. Осындай пациент өте контагиозды болып саналады. Жедел В гепатит кезінде HВеAg серологиялық зерттеулер арқылы бірнеше күн ішінде, кейде бірнеше аптада анықталады. HВеAg қан сарысуынан HВsAg-ге қарағанда тез элиминацияланады.
Қанда HВеAg-ді бір рет анықтағаннан гепатиттің жедел немесе созылмалы түрін нәтижелеуге болмайды.
HВсAg. HВсAg – В гепатиті вирустың ядролық антигені, перифириялық қанда анықталмайды, өйткені сыртынан белок қабығымен қапталған. Оны гепатоциттер ядроларында анықтауға болады.
Анти-HВs. Анти-HВs реконвалесценция кезінде қан сарысуында анықталады, реинфекцияға қарсы иммунитеттің пайда болғанының дәлелі.
В гепатитінен сауыққаннан кейін науқастарда анти-HВs және анти- HВс анықталады. Мұндай пациенттерден иммундық жолмен егілгендердің айырмашылығы, олар анти- HВs – оң және анти- HВс - теріс болады.
Анти-HВс. В гепатитімен ауырған барлық науқастарда ядролық антигенге қарсы антиденелер анықталады және өмір бойы сақталады. Бұл антиденелер жаңадан жұқтырылған жұқпаның немесе жаңа басталған қабынудың өте сезімтал маркері.


Анти-HВс IgM В гепатитінің жедел фазасында анықталады және жұқпадан кейін 6 ай немесе одан да ұзақ сақталады. Бұл маркер В гепатиті вирустың созылмалы тасымалдаушыларында аз мөлшерде табылады.
Осылайша, HВsAg элиминациясынан кейін ауру кезінде «терезе» пайда болып, анти-HВs пайда болғаннан бұрын, анти-HВсIgM маркерімен толады.
Анти-HВе. Анти-HВе жедел В гепатитінен соң аурудың сарысуында кездеседі, сонымен қатар клиникалық белгілері жоқ вирустың тасымалдаушыларында анықталады. Сарысуда HВsAg - оң болғанда ғана HВеAg және анти-HВе анықтау нәтижелі.
ДНҚ-полимераза. ДНҚ-полимераза және HВеAg вирустың белсенді репликациясының маркері..
ДНҚ. ДНҚ - вирустың белсенді репликациясының маркері, HВеAg - оң және анти-HВеAg - оң пациенттерде, әсіресе созылмалы гепатитке ауысу қаупі туғанда анықталу керек.
В вирусты гепатитінің диагнозын 3 серологиялық тест қолдану арқылы қоюға болады: HВsAg, анти-HВс және анти-HВs. Клиникалық гепатологияда сарысу маркерлерінің негізгі 5 комбинациясы ескеріледі (№ 25 кесте). В гепатиті вирусы көптеген физикалық және химиялық факторларға төзімді.



написать администратору сайта