Главная страница
Навигация по странице:

  • Көрсеткіші

  • 14. Стандарт « Жастықшадан науқасқа оттегі беру » Мақсат

  • Керекті құралдар

  • Ескерту

  • Көрсеткіштері

  • 20. Стандарт Қақырықты туберкулез микобактериясына зерттеу. ( стационарда )Мақсаты

  • 27. Стандарт Нәжісті копрологияға зерттеу. Мақсаты

  • 28. Стандарт Зәрді жалпы клиникалық анализге жинап алу. Мақсаты

  • 2.35.СТАНДАРТ«ГИПОГЛИКЕМИЯЛЫҚ КОМА КЕЗІНДЕ ЖЕДЕЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ» Мақсаты

  • осд терапия стандарт. терапия осд стандарты НА РАСПЕЧАТКУ (1). 10. стандарт. Пациентті жне медициналы аспаптарды плевральді пункция ткізгенде дайындау. Масаты


    Скачать 84 Kb.
    Название10. стандарт. Пациентті жне медициналы аспаптарды плевральді пункция ткізгенде дайындау. Масаты
    Анкоросд терапия стандарт
    Дата11.05.2022
    Размер84 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлатерапия осд стандарты НА РАСПЕЧАТКУ (1).doc
    ТипДокументы
    #522922

    10. СТАНДАРТ.
    «Пациентті және медициналық аспаптарды плевральді

    пункция өткізгенде дайындау».

    Мақсаты: Емдеу және диагностикалық.
    Көрсеткіші: гемоторакс,пневмоторакс, клапонный пневмоторакс, тыныс алу мүшелерінің ауруы

    (крупозды певмония,туберкулез өкпенің қатерлі ісігі)
    Кері көрсеткіштері : пиодермия, пункция жасайтын аймағында тері аурулары, жүректің өткір

    жетіспеушілігі.
    Жабдықталуы:

    • Стерілді лоток

    • Шприцтер 5-10 мл,20 мл

    • Резеңкелі түтікшесі бар пункциялық ине ұзындығы 10 см диам 1-1,5 мм

    • Қысқыш

    • Залалсыздандырылған сыйымдылық

    • Пинцеттер

    • Таңғыш материал

    • Лейкопластырь

    • Ақ жайма

    • Резеңкелі қолғап

    • Пробиркалар

    • Дәрі- дәрмектер: антибиотик, спирт, новокаин 0,5%7

    • Оттегі бар жастықша, нашатырь спирті, адреналин, кордиамин.

    • 3% хлорамин.



    Алгоритм.


    1. Пациентке ақпарат беру, келісімін алу.

    2. Науқасты орындықтың арқасына бетімен қаратып отырғыз.

    3. Плевральды пункцияны дәрігер өткізеді, мейірбике көмектеседі.

    4. Қолға деконтаминация өткізу.

    5. Тесетін жерді йоданатпен сүрту, одан кейін 70о С спирт, йод

    6. Тесетін аймақты дәрігер жансыздандырады. 0,5%новокаимен

    7. Қабырғаның VII-VIII жоғарғы аралығын теседі

    8. Дәрігер инені плевра қуысына енгізіп,сұйықты шприцпен жинайды.

    9. Шприцтегі сұйықты стерильді ыдысқа жіберіңдер зертханалық зерттеуге.

    10. Плевра қуысына енгізу үшін дәрігерге антибиотигі бар шприцті беріңдер

    11. Инені шығарып алған соң, тесілген жерді 5% йодпен өңдеу.

    12. Стерильді таңғыш салу, лейкопластырмен жабыстыру.

    13. Кеудесін ақ жаймамен орау, коллапстың алдын алу.

    14. Пайдаланған шприцтерді, тампондарды, қолғапты КБУ тастау.

    15. Қолды жуып, құрғату.

    16. Пациенттің жағдайын бақылау, таңғышты тексеру, РS.ақ – өлшеу.

    17. Пациентті ішімен жатқызып, палатасына каталкамен жеткізу.

    18. Пациентке ескерту 2 сағат төсек режимінде болуын.

    19. Алынған биологиялық материалды жолдама жазып, зертханаға жіберу.

    14. Стандарт
    « Жастықшадан науқасқа оттегі беру »

    Мақсат: Ағзаның ұлпаларын оттегімен қамтамасыз ету
    Көрсеткіштері: Тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпенің ісігі,

    жедел және созылмалы тыныс алудың жетіспеушілігі.
    Керекті құралдар: оттегі жастықшасы, мундштук, салфетка (2-3 қабатты) ,

    спирт 70%,баллон оттегімен, КБУ
    Жасау әдісі:

    1. пациентке түсіндіру, келісімін алу
    2. жастықшаның бұрандасын ашып, резеңкелі түтікті баллонның редукторына жалғайды.

    3. баллонның вентилін ашып, жастықты оттегіге толтырады
    4. баллонның вентилін жабады, одан кейін жастықшаның бұрандасы жабылады.
    5. қолға деконтаминтация жасау (гигиеналық деңгейде),
    6. жастықшаның түтігіне, мундштукты қосып, оның үстіне 2-3 қабатты дымқылданған салфетка салу

    7. мундштукты науқастың аузына 1- 1,5 ара қашықтықта ұстау,

    жайлап бұранданы ашады.

    8. науқас аузымен дем алуын, мұрнынан демін сыртқа шығаруын

    түсіндіреміз

    9. оттегінің науқасқа баратын жылдамдығы 1мин 4-5л

    10. жастықтағы оттегі 4-7минут жетеді.

    11. пайдаланғаннан кейін мундштукты 2 рет 70 % спиртпен сүртеді.
    Ескерту: Техникалық қауіпсіздікті сақтау жастықшаны оттегімен толтырғанда

    15. Стандарт

    « Асқазанды шаю »
    Мақсат: диагностикалық, емдеу, асқазандағы сұйықтықты өңеш арқылы сыртқа

    шығару.

    Көрсеткіштері: улану жағымсыз тағаммен, дәрі-дәрмектермен, алкогольмен,

    газбен, саңырауқұлақпен.

    Кері көрсеткіші: қан кету асқорыту трактісінен, ауыз қуысының қабынуы, жұтқыншақ, асқазан, өңеш, асқазан мен өңештің күйуі, миокард инфркті, мидың қан айналымының бұзылуы, бронх демікпесі, өңеш тарылуы.

    Әзірле: стерилді: жуан зонд, резеңкелі түтік (70см), шыны түтік (зонд түтігіне

    жалғанған), воронка шыны 0,15-1л сыйымдылықта, лотоктар, таз,

    таза су 10-12л t – 20-22º, перчатка, 2 кленкалы фартук, құмыра немесе

    крушка 1 л сыйымдылыққа дейін, дәке тампондар, дез ерітінді, құрғақ

    хлор әктісі, сүлгі немесе простыня, жолдама қағаз, банка қақпағымен.

    Жасау әдісі:
    1. пациентке ем шараның мақсатын түсіндіру, келісімін алу

    2. өзіне және пациентке фартук кигізу

    3. пациентті отырғызу, орындыққа сүйеп отырғызу

    4. егер бар болса тіс протездерін алып тастауын сұрау.

    5. пациенттің қолын артқа қайыру, орамалмен бекіту.

    6. пациенттің аяқ арасына тегеш қою.

    7. пациенттің артынан немесе жанынан тұрып басын сәл шалқайту.

    8. қолға деконтаминтация жасау

    9. стерилді сүңгіні өлшейміз (төменгі тістен кіндікке дейін +

    алақанның ені) белгілеп аламыз.

    10. сүңгіге шыны түтік жалғаймыз.

    11. пациентке ескерту сүңгіні тіспен қыспауын,

    мұрынмен терең дем алуын.

    12. сүңгінің бітеу жағын суға малып аламыз.

    13. пациентке ауызын ашуын сұраймыз, сүңгіні оң қолға ұстаймыз

    бітеу жағынан 10см ара қашықтықта тілдің түбіне басу

    14. пациентке жұтынуын, мұрнымен терең дем алуын сұраймыз,

    сүңгіні итереміз өңешке қарай

    15. сүңгіні асқазанға енгіземіз белгіге дейін, воронка жалғаймыз,

    ұстаймыз сәл қиғаш (тізе деңгейіне дейін)

    16. воронкаға су құйамыз 1л

    17. воронканы жоғары көтереміз, судың деңгейі воронканың түтігіне

    келгенде тізеден төмен түсіреміз.

    18. шыққан жуынды суды тегешке төгеміз

    (шыны ыдысқа аз мөлшерін зертханаға)

    19. осы шараны қайталай береміз, таза су шыққанша

    20. сүңгіні асқазаннан шығарамыз салфетканың көмегімен.

    21. кленкамен фартукты шешеміз

    22. сүңгі, түтік, воронканы дез ерітіндіге саламыз

    23. пациенттің ауыз қуысын шайғызып, салфеткамен сүрту

    24. дәке тампондар, салфеткаларды КБУ-ға тастау

    25. пациентті палатаға жеткізу

    26. пациентті физикалық және психикалық тыныштыққа келтіру.

    27. жолдама қағазды зертханаға жіберу.

    28. жуынды суға дезинфекция себу


    20. Стандарт

    Қақырықты туберкулез микобактериясына зерттеу.

    ( стационарда )

    Мақсаты: туберкулез микобактериясын анықтау, пациентті өз бетінше

    қақырық жинауға үйрету.

    Көрсеткіші: тыныс алу мүшелерінің аурулары

    Әзірле:

    - 3 көп қолдануға немесе бір қолдануға арналған ыдыс немесе контейнер

    қақпағымен;

    - таза құрғақ шыны ыдыс 50-200 мл қақпағымен;

    - жолдама қағаз ( Ф.И.О пациенттің, туған жылы, жиналған күні,

    идентификациялық номер пациенттің, жолдама ф. ТБ - 05 ).


    Жасау әдісі:

    1. пациентке зерттеуді қақырық алу ережесін түсіндіру

    2. қақырық жинауды бөгде адам жоқ жерде, ауасы таза бөлмеде

    жүргіз немесе арнайы бөлмеде, терезелер ашық, кварц

    лампасы бар жерде.

    3. маска, кленкалы фартук, перчатка кию.

    4. қақырықты жина тәңертеңгілік (ашқарында) тамақтанудың

    алдында 3 күн қатарынан. Пациентке ыдысты немесе контейнерді бер.

    5. пациенттің артына келіп тұрып, ыдыстың қақпағын аш

    6. пациент ауызын орамалмен жауып, тынысын 3 рет терең

    алады, демін сыртқа шығарғанда жөтел пайда болады, бөлінген

    қақырықты ыдысқа түсіреді 3-5 мл мөлшерінде.

    7. ыдыстың қақпағын жап.

    8. қақырықты қарап көз жеткіз қақырық тығыз іріңді

    бөлшектерден екенін, түкірік емес

    9. алынған қақырықты лабороторияға 1тәуліктің ішінде жеткіз

    10. бланк толтырып жолдама ф. ТБ-05

    Ескерту: қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге алғанда поликлиникада, амбулаторияда, ФАП қақырық жиналады ереже бойынша. Қақырықты жинау стационарда 2 тәсілмен жүргізіледі.

    1-ші сынама: қақырық жиналады поликлиникада пациент медицина қызметкерінің қатысуымен.

    2-ші сынама: келесі күнгі тәңертеңгілік үйінде, лабораторияға жеткізеді

    3-ші сынама: жиналады сол күні поликлиникада медицина қызметкерінің қадағалауымен ( 2-3-ші сынама бір күнде жиналады)
    - қақырық жинау медицина қызметкерінің қадағалауымен жүргізіледі;

    - көп қолдануға жарамды ыдыс және контейнер дезинфекциялау қажет

    - бір қолдануға жарамды ыдыс қолданылғаннан кейін жойылады
    27. Стандарт
    Нәжісті копрологияға зерттеу.
    Мақсаты: нәжістің микроскопиялық, макроскопиялық, химиялық құрамын

    зерттеу, асқорыту трактісінің функциялық жағдайы.
    Көрсеткіші: асқорыту мүшелерінің аурулары
    Әзірле: құрғақ таза шыны ыдыс ( пенициллин флаконындай 20-50мл), шыны қалақша, судно, жолдама қағазы ( бөлімше, № палатаның, Ф.И.О пациенттің, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), перчатка
    Жасау әдісі:

    1. пациентке шараның мақсатын алдын-ала түсіндіру

    2. зерттеудің алдында 3 күн бұрын құрамында темір бар

    тағамдарды диетадан алып тастау: ет, балық, жұмыртқа, жасыл

    түсті жемістер. Зеріттеуге нәжіс 4-ші күні алынады.

    3. қажет болған жағдайда мөлшерленген,анықталған тағамдар

    диета Шмидта, Повзнер тағайындалады, нәжісті зерттеуге 5күн

    қалғанда. Нәжіс 6-шы күні алынады.

    4. пациентке нәжіс тәңертең зерттеу күні алынатынын түсіндіру.

    5. пациентті нәжісті зерттеуге алу техникасын үйрету:

    - пациент нәжіс алардың алдында перчатка киеді

    - суднодан пациент қалақшамен 5-10г нәжісті әртүрлі жерден

    алып дайындалған ыдысқа салып, қақпағын жабады.

    6. пациент перчаткасын шешіп, қолын жуып, құрғатады

    7. нәжіс салынған ыдысты жолдама мен клиникалық лабораторияға

    жеткізу.

    Ескерту:

    • дәрігер тағайыны бойынша Шмидта, Повзнер диеталары

    тағайындалады мөлшерленген,анықталған тағамдар

    • клизма қойылғаннан, свеча және слабительных средств қабылдағаннан

    кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.

    28. Стандарт

    Зәрді жалпы клиникалық анализге жинап алу.

    Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетін, химиялық құрамын

    және микроскопиялық,макроскопиялық зерттеу
    Көрсеткіші: пациентті жалпы тексеру
    Әзірле: құрғақ шыны шиша қақпағымен 100-200 мл, судно,

    жолдама қағаз ( бөлімше, № палатаның, Ф.И.О пациенттің, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы)
    Жасау әдісі:

    1. пациентке зерттеудің мақсатын түсіндіру, келісімін алу

    2. пациентке айтып өту зәрді жинау ретін

    3. пациентке үйрету сыйымдылықты дұрыс дайындауды зәр

    жинауда ( амбулаториялық жағдайда )

    4. қолға деконтаминтация жасау (гигиеналық деңгейде), перчатка

    кию.

    5. пациентке жолдама жабыстырылған шыны шишаны бер

    6. пациентке гигиеналық шараны айту (жыныс мүшесін жуу

    алдыңғы жақтан артқа қарай) тәңертеңгілік.

    7. пациент бірінші бөлігін «1», «2» санда унитазға жібереді, зәр

    шығаруды тоқтатады

    8. дайындалған шишаға 100-200 мл жинау, зәрді унитазға шығару

    9. шишаның қақпағын жабу.

    10. пациентке немесе туысқандарына қайда және қай уақытта зәр

    жиналған ыдысты апаруды, қай жерге тастап кетуін және ол

    туралы кімге хабарлауын түсіндіру.

    11. жиналған зәрді 1 сағат ішінде лабораторияға жібер

    12. перчатканы шешіп, қолды жуу, құрғату

    Ескерту:

    - әйелдерде менструация кезінде зерттеуге катетрмен алынады

    - зәрді зерттеу үшін тоңазытқышта 1,5 сағат сақтауға болады.

    2.35.СТАНДАРТ«ГИПОГЛИКЕМИЯЛЫҚ КОМА КЕЗІНДЕ ЖЕДЕЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ»

    Мақсаты: Қан құрамындағы қант мөлшерін көтеру.

    Қажетті заттар: тонометр, фонендоскоп, стерильді: 1 рет қолданылатын шприцтер, мақта шариктер, 70% этил спирті, резеңкелі бұрау, резеңкелі қолғап, дез.ерітіндіге малынған пинцет, лоток, дәрілік претпараттар: 40-60 мл 40% глюкоза ерітіндісі.
    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Көктамырға үздіксіз40-60 мл 40% глюкоза ерітіндісін жіберу.

    2. Әсер етпеген жағдайда қайталап 40 мл 40% глюкоза ерітінідісін тамыр ішіне енгізу.

    3. Жағдайы жақсарған жағдайда тәтті сусындармен бірге нан беру ( рецидивті алдын алу үшін)

    4. Жағдайына байланысты науқасты жүргізіп немесе зембілге жатқызып тасымалдау.


    написать администратору сайта