Шығыс әдебиеті. ШЫҒ. ӘД.12-15дәріс. 11таырып. Хафиз шыармашылыы(13251389) Дріс жоспары (1са)
Скачать 83.86 Kb.
|
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Күмісбаев Ө. Шығыс шайырлары. Бес томдық./ 1-том. – Алматы:, 2015 2. Бердібаев Р. Гүлстанның бұлбұлдары. А:, 1970 3. Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. А:, 1991 4. Омар Хайям рубаилары. Аударған Қ.Шаңғытбаев. А:, 1965 Дәрісті бекіту сұрақтары 1. Омар Хайям өмір сүрген дәуір ерекшелігі неде? 2. Омар Хайямның ғылыми еңбектерінің мән-мағынасы туралы не айтасыз? 3. Омар Хайям рубаиларындағы ой еркіндігін, өмір шындығын қалай бағалайсыз? 4. Омар Хайямның әлем тілдеріне аударылуының себебі неде? 15-ТАҚЫРЫП. Бабырдың әдеби мұрасы(1483-1530). Дәріс жоспары (1сағ) 1. Бабырдың әдеби мұрасы. 2. «Бабырнама» дастанының әдеби - көркемдік сипаты. «Бабырнама» – Орта Азия халықтарының орта ғасырдағы тірлігінен ұлан-ғайыр мағлұмат беретін, ескінің көзі, жақсының сөзі сипатты тарихи-әдеби естелік шығарма. Қазақ қауымына тұңғыш рет ұсынылып отырған бұл кітап сол замандағы қоғамдық құрылысты, әдет-ғұрыпты зерттеуші тарихшы, этнографтар, географтар үшін сондай-ақ орта ғасырдағы түркі-шағатай тілінде жазылған ғылыми-әдеби еңбекті зерттеуші филологтар мен тіл мамандары үшін де, тіпті мұнан бес жүз жыл бұрынғы ата-бабаларының тірлігін, кәсібін, шаруашылығын, тұрағын, қоғамдық қарым-қатынасын білгісі келетін зерделі оқырмандар үшін де аса құнды. Мұның авторы – Үндістанда үш ғасырға жуық өмір сүрген Ұлы Моғол мемлекетінің негізін қалаған Захир ад-дин Мұхаммед. Бабыр – Темірдің ұрпағы, Ферғананың билеушісі Омар Шейхтың үлкен ұлы. Бабыр («Бабыр» есімінің парсы тіліндегі мағынасы «арыстан, қолбасшы, барыс»)–Ұлы Моғолдар патшалығының 1- падишахы және негізін қалаушысы, сардар, ақын, жазушы. Ол 1483 жылдың 14 ақпанында Ферғана уәлаятында туған. Оның әкесі Омар Шейх мырза–Әмір Темірдің немересі, Ферғана әмірі еді. Ал, Бабырдың шешесі — Құтлық Нигяр ханым Моғолстан ханы Шыңғыс хан әулетінен болған Жүніс ханның қызы болатын. 1494 жылы Омар Шейх кенеттен қайтыс болып, буыны қатпаған Бабыр 12 жасында Фереғананың билеушісі атанды. Ол кезде Ферғана–бүгінгі Орта Азияның үш республикасының: Өзбек ССР-інің Ферғана, Әндіжан, Наманган облысыны, Тәжік ССР-інің Ленинабад облысының (Ходжент) және Қырғыз ССР-інің Ош облысының жерін қамтитын (ауд. 20.000 шаршы километрге жуық). Бабыр ұзақ жылдар жарғақ құлағы жастыққа тимей, Амудария мен Сырдарияның аралығында бір орталыққа бағынған мемлекет құрмақ болды. Бірақ Темір ұрпақтарының арасындағы бақталастық, бақастық соғыс және Мұхаммед Шайбанидің көшпелі өзбектерді бастап Мауараннахрға енуі оның ойын жүзеге асырмады. Мұхаммед Шайбани көшпелі Дешті Қыпшақ мемлекетінің билеушісі Әбілқайырдың немересі еді. Дешті Қыпшақ билігіне қолы жетпеген ол Жәнібек хан мен Керей ханнан ауыр соққысынан соң, оңтүстікке жылжыды да, Түркістан әмірі Мұхаммед Мазид Тарханды паналап, кейіннен одан Түркістанды тартып алып, ХV ғасырдың ақырында бар күшін Темір әулетіне қарсы жұмсады. Үндістан жорығын Бабыр 14 жыл әзірлейді. Осы жылдардың ішінде ол әскерді қайта құрады, зеңбіректер жасайды, соғыс амал-тәсілдерін жетілдіре түседі. Сөйтіп, 1526 жылдың қарашасында Бабыр 12 мыңдық қолмен Панджабқа кіреді де, Делиге қарай бет алады. 1526 жылы 21 сәуірде Панипат маңында Үндістанның тағдырын шешкен үлкен ұрыс болды. Бұл кезде Бабыр ысылған қолбасшы болып қалған еді. Ол қызылбастардың зеңбіректерімен соғысын және көшпелі Шайбани әулетінің «толғама» атты әскери әдісін шебер меңгерген болатын. Міне, осы ұрыс әдістерінің нәтижесінде Бабыр 12 мың әскермен Дели сұлтандығының сұлтаны Лоди Ибраһим шаһтың 40 мыңдық қолын жеңіп шығады. Сөйтіп қазіргі Ауғанстан мен Үндістан жерінде Ұлы Моғолдар патшалығы аталған үлкен мемлекет құрылды. Сонымен Үндістан Бабырдың екінші Отаны болды. Ол мұнда үлкен мәдени жұмыстар жүргізді, аса күрделі құрылыстар салды, елдің ең таңдаулы ақындары мен ғалымдарын өз маңына топтады. Дегенмен, оның өмірінің соңғы кезі де қайғы-қасіретпен өтті. Ең алдымен ол өзінің туып-өскен, жастық шағын өткізген Отанын — Мәуереннаһрды сағынды, оның үстіне жеңілген дұшпандар да қарап жатпады, оған қарсы астыртын күрес жүргізді. Мәселен, Лоди Ибраһимнің шешесі Бабырдың асына у қосып беріп, оны улап өлтірмек болды. Бабырға Үндістанның ауа-райы да жақпады. Біресе ыстық соғып, біресе салқын тиіп, ауыра берді. Ақырында ол 1530 жылдың 26 желтоқсанында Аграда қайтыс болды. XVII ғасырдың басында оның денесі әкелініп, өзінің көзі тірі кезіндегі өсиеті бойынша, биік төбенің бауырындағы бақ ішінде жерленеді, басына мәрмәрдан құлпытас қойылды. Бабыр тек жалаң саясатшы, жауынгер қолбасшы ғана болмаған, сонымен бірге ол XVI ғасырдың атақты ойшылдарының бірі. Бабыр жазушы-ғалым ретінде өз артынан едәуір әдеби мұра қалдырған адам. Оның біздің заманымызға жеткен еңбектерінің ішінен «Бабырнаманы», «Мубайин» атты өлеңдер жинағын, «Хәтти Бабри» атты өзі жасаған жаңа алфавитті, махаббат тақырыбына жазылған көптеген ғазелдер мен төрт жолдық өлең шумақтарын ерекше атуға болады. Бабыр сонымен бірге музыка, поэзия және соғыс туралы да көптеген трактаттар жазған. Бірақ өкінішке қарай, оның бұл еңбектері біздің заманымызға жетпеген. «Бабырнама» – «Ферғана», «Кабул», «Үндістан» секілді үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде – ХV ғасырдың ақырындағы Мауараннахрдағы саяси оқиғалар, ондағы қалалар, қамалдар, өзінің шыққан тегі, билік үшін жүргізілген жанталас соғыс, нағашы атасы Моғолстанның билеушісі Жүніс хан мен Ташкентті билеген оның үлкен ұлы Сұлтан Махмұттың билігі баяндалады. Екінші бөлімі – Ауғанстан жеріндегі оқиға. Бабыр заманында бұл аймақ – «Кабул иелігі» деп аталған. Үшінші бөлімінде – Солтүстік Үндістандағы саяси оқиға, елдің географиялық жағдайы, табиғатының ерекшелігі, бұл елдегі халықтардың тұрмысы, әдет-ғұрыпы жайында өте қызықты деректер келтіріледі. Бабыр бұл жазбасында Темір әулетінің әмірлерінің арасындағы жүгенсіздікті, билікке таласқан үздіксіз тартыстың салдарынан гүлденген егістік жердің ойрандалып, иесіз далаға айналып құлазығанын, аяусыз тонау мен алым-салықтан халықтың сансырағанын ашына жазады. Бірақ өзі де үстем топтың өкілі болғандықтан, билік мақсатына жету жолында оның да аянып қалған жері жоқ. Мұхаммед Шайбани хан 1501 жылы Самарқанд қамалын қоршап, халқын ашықтырып қырғынға ұшыратқаны, ақырында бірнеше қайтара шабуыл жасап Самарқанды бағындырып, 1504 жылы Әндіжанжды, кейін Ферғананы басып алып, Бабырды Бабақшан мен Қабулға қуғаны «Бабырнама» арқылы нақты деректермен жетіп отыр. Бабырдың Темір әулетінің иеліктерін қайтарып алмақ ниетпен жасаған жорықтары (1505-1515) сәтсіздікке ұшырап, ақыры туған жерден күдер үзіп, жат елге бет бұрады, ендігі мақсаты Үндістанға орын тебу болады. Осы оқиғаның бәрі күнімен, айымен, жылымен әңгімеленіп, естеліктің үшінші бөліміне түзілген, бұл 1483-1504 жылдардағы оқиғаны қамтиды. Бабырдың дерегінің нақтылығын сол заманның тарихшылары: Хондемір, Мұхаммед Хайдар Дулати, Мұхаммед Салық, Беннаи т.б шығармаларынан байқаймыз. Бабырдың өзі былай деп жазады: «Ұшпу сөзді шағым жасайын немесе қайырымдылығымды білдірейін деп мақтан үшін жазбадым, шындықты, болған оқиғаны ешбір қоспасыз баз қалпында қағазға түсіріп отырмын. Естелікті жазудағы алға қойған мақсатым – шындықты, қандай да болмасын істі, ақиқатты баяндау. Сондықтан тумаларымның, бауырларымның жақсы-жаман адамдардың кемшілігін де, артықшылығын да бүкпесіз айтып отырмын. Естелікті жазудағы мақсатым – шындықты, қандай да болмасын істі, ақиқатты баяндау Жарандар, жамағаттар, меймандар кешірім етер деймін». Бабыр Қабулда тұрған кезінде, ұлан-ғайыр жерде мекендеген отырықшы, жартылай көшпелі, әртүрлі тілде сөйлейтін тайпалар мен халықтардың әдет-ғұрып, салт-санасымен жіті танысады. Ол бұл елдің ірілі-ұсақты қалаларын жалғастырып жатқан керуен жолдарымен жүріп өтеді, оның жыл мезгілдеріне қарай қандай жағдайда болатынын кітаптың екінші бөлімінде баяндайды. «Бабырнаманың» үшінші бөлімінде 1525-1530 жылдардағы оқиғалар баяндалады. Ферғана мен Қабул туралы бөліміне қарағанда бұл беттер толық, егжей-тегжейлі жазылған. «Бабырнама» жоғарғыда аталған елдердің ХV-XVI ғасыр аралығындағы саяси тарихына арналғанымен, ол халықтардың саяси-экономикалық өмірінен баға жетпес мол деректер береді, олардың әдет-ғұрып, салт-санасы сияқты мәселелерді де қамтиды. Жазбада Бабырдың тіршілік еткен ортасындағы ақындардың, жыршылардың сұңғыла туындылары мен олардың өлең жазу, ән шығарудағы дарындылығы сөз болумен қатар, олардың шығармаларына да баға беріледі. Сонымен қатар шығармада замандастарының, мемлекет қайраткерлерінің, әскери қолбасшылардың, ақындардың, суретшілердің, әнші-жыршылардың бейнесі де суреттелген. Бабырдың жазбасында Әлішер Науаи талантты ақын, ғылым ғана емес, өз заманының озық ойлы шешені, дүлділі ретінде баяндалады. Сонымен қатар «Бабырнамада» ХV-XVI ғасыр аралығындағы жалпы Хорасан, Мауараннахр, Иран, Ауғанстан, Үндістанның мәдени тіршілігінен мол да нақты дерек берілген. Бұрын-соңды ғалымдардың жазбаларында дәл мұндай нақтылық ұшыраса қоймайды. Сол заманда өмір кешіп, тіршілік еткен дәуірін жазып қалдырған шығыстың бірсыпыра тарихшыларының деректерімен салыстырғанда, Бабыр біреуден естігенін, яки болжағанын емес, өз көзімен көріп, анық-қанығына жеткен жайттарды ғана баяндайды. Оның жазу мәнері де, тілі де ерекше. Шығарманың тілі қарапайым, сөйлемдері нақты, қысқа құрылған, әр ұғымды халықтың сөйлеу тіліне бейімдеген. Адамдардың аты-жөні мен жер-су аттары мен оқиғалардың орасан көптігіне қарамастан, «Бабырнама» жеңіл әрі қызықты оқылады. Мұнда Орта Азияның, Хорасанның, Иранның, Ауғанстанның, Үндістанның ірі қалалары суреттеледі. Ферғана, Әндіжан, Самарқан, Бұхара, Кабул, Ғазни, Балх, Бабахшан, Дели, Девалпуре, Лахар қалалары туралы деректер де өте құнды. Бұл қалалардың географиялық жағдайы, сол замандағы феодалдық шаруашылықтағы сауда-экономикалық жағдайы, ахуалы жайында мол мағлұмат беріледі. Бабырдың деректерін орта ғасырдағы тарихшылардың деректерімен салыстыра отырып, бұл қалалардың кейінгі кезеңдерде қалай өркендегенін немесе құрып кеткенін байқауға болады. Орта Азия қалаларының ішінде Бабыр, әсіресе, өзі туып-өскен Ферғана аймағындағы Әндіжан, Ахсикет, Хасан, Ош, Қанди-бадам, Исфара, Маргилан, Ходжент, Үзкент қалаларын сипаттауға айрықша тоқталады. Бабырдың Орта Азия, Ауғанстан, Үндістан қалаларындағы қазба байлықтары жайындағы деректері аса құнды. «Бабырнамада» бұл туралы жекелеген дерек келтіріліп қана қоймайды, сонымен қатар елдің шаруашылығына қалай қолданылатыны да айтылады. Бабыр Самарқан мен оның аймақтары жайында аса зейінділікпен, ілтипатпен жазады, оның естелігіне қарағанда «...жер бетінің адам мекен ететін аймағында Самарқан сияқты қала некен-саяқ». Бабырдың назарынан Ұлықбектің обсерваториясы да тыс қалмайды, ол мұның ғажайып құбылыс, заманының озық ойлы адамы тұрғызған аса бағалы ғимарат әрі ғылымның жетістігі екеніне тоқталады. Обсерватория Құхақ жотасының етегіне салынған, мұнда әлемнің жарық жұлдыздарын бақылайтын арнаулы құрал-жабдықтар орнатылған. Ұлықбек бұл обсерваторияда «Гураган кестесін жасады, мұны қазірде дүние жүзі пайдаланады» деп жазды Бабыр. «Бабырнаманың» бірнеше беті Ауғанстаннның ірі қалалары Кабул мен Ғазниді сипаттауғаи арналған. Бабырдың жалпы Ауғанстан жайындағы деректерін шығыстың өзге жазбаларымен, яғни ХV-XVII ғасырлардағы географиялық еңбектермен салыстырғанда, «Бабырнамадағы» Кабул, Ғазни, Қандағар, Бадахшан, Балх, Герат т.б да қалалар туралы географиялық деректер негізінен сол қалпында пайдаланылғаны байқалады. XVI ғасырда Кабул ірі сауда орталығы болды. Кабул мен Кандағар Үндістанға баратын сауда жолының тарабында екенін айта келіп, Бабыр: «Кабулға Ферғанадан, Түркістаннан, Самарқанан, Бұхара мен Балхыдан, Хисар мен Бадахшаннан керуен келіп жатады. Жыл сайын Кабулға 7-8 немесе 10 мың бас жылқы айдап әкелінеді. Төменгі Үндістаннан он-он бес немесе жиырма мың саудагер өздерінің керуенімен келіп, Үндістаннан құл, ақ мата, дәмді тағам, тазаланған қант, дәрі-дәрмектік шөп пен жеміс жеткізеді... Кабулда кездестірмейтін затыңыз болмайды, мұнан Хорасаннан, Ираннан, Рүмнен, Чиннан келген заттарды да ұшыратасыз. Бұл жер Үндістанның сауда торабы тәрізді»,-деп жазады. Захир ад-Диннің «Бабырнамасы» – энциклопедиялық еңбек. Ол тарихшылар мен этнографтар, әдебиетшілер мен тілшілер үшін де баға жетпес құнды деректері бар, орта ғасырлар тынысын дәл де анық жеткізе білген бағалы туынды. Бұл құнды еңбек орта ғасырдан бастап, әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. «Бабырнамада» қазіргі прозаға тән көркем пейзаждар мен қанық портертер, суреттеулер молынан ұшырасады. «Мұнда құс жыртылып айрылады. Қырғауылдың семіздігіне адам нанғысыз, тіпті тұшпалап пісірілген бір қырғауылдың етін төрт адам тауыса алмайды екен деген аңыз бар» Автор көзі көрген оқиғаны елден естіген әңгімемен араластырып, аңыздық сюжет жасаған. Немесе жер-су атауларына байланысты туған топонимикалық аңыздар ұшырасады. Түркі, соның ішінде қазақ фольклорының мазмұнды әрі бай саласының бірі – ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа алмасқан мақал-мәтелдер. «Бабырнамада» кездесетін төмендегі мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестер күні бүгінге дейін тілдік қорымыздан өз орынын алып келеді. Мысалы: «Үйде иесі барды, түзде ит қаппайды», «Жаманның ақылы түстен кейін кіреді», «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа»,«Құланның қасуына, мылтықтың басуы», «Ер мойнында қыл арқан шірімейді», «Жау не демейді, түске не кірмейді», ««Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды», ««Бет көрсе, жүз ұялады» т.б.Бабырдың қазақ жалпы, түркі халықтары әдебиеті үшін үлкен еңбегі – түркі поэзиясын теориялық тұрғыда зерттей келе, өзі өмір сүргенге дейін қалыптасқан «нағыз поэзиялық көркем шығармаларды тек араб яки парсы тілінде ғана жазуға болады, ал түркі тілі көркемдік дәрежесі биік өлең жазуға жарамайды» деген қасаң пікірді біржола теріске шығаруы. Бабыр – қаламы жүйрік ақын. Оның шығармашылығында еріксіз жат өлкеге кетуге мәжбүр болып, туған жерін, өскен елін сағынған өзекті пенденің шынайы сыры жиі кездеседі: Не ойлайды адам қасіретті сәттерде, Шаттана алмас жүрек шіркін жат елде. Жат елде мен шаттануды білмедім, Еш нәрсеге мәз-мәйрам боп күлмедім. Жиһанкез Бабыр өзі жүрген жерлердің табиғатын – тауларын, өзендері мен көлдерін, орман-тоғайларын, аңдары мен құстарын нағыз суретшіге тән шеберлікпен бейнелеп көрсетеді. Автор қара сөзбен айтып жеткізе алмаған кейбір ғажайып көріністерді лирикалық өлең жолдарымен суреттеп өтеді. Әлемге есімі мәшһүр шығыстанушы ғалым, академик В.В.Бартольд «Бабырнаманың» көркемдік дәрежесін жоғары бағалай келіп, оны «түркі тіліндегі прозалық шығармалардың ең жақсы үлгілерінің бірі»,-деген еді. «Бабырнама» – тарихи, ғылыми еңбек қана емес, сонымен бірге түркі (шағатай) тілінің мол мүміндіктерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Күмісбаев Ө. Шығыс шайырлары. Бес томдық./ 1-том. – Алматы:, 2015 2. Бердібаев Р. Гүлстанның бұлбұлдары. А:, 1970 3. Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. А:, 1991 4. Омар Хайям рубаилары. Аударған Қ.Шаңғытбаев. А:, 1965 Дәрісті бекіту сұрақтары 1. Омар Хайям өмір сүрген дәуір ерекшелігі неде? 2. Омар Хайямның ғылыми еңбектерінің мән-мағынасы туралы не айтасыз? 3. Омар Хайям рубаиларындағы ой еркіндігін, өмір шындығын қалай бағалайсыз? 4. Омар Хайямның әлем тілдеріне аударылуының себебі неде? |