Главная страница
Навигация по странице:

  • 4. Мектеп жұмысы жоспарының (жылдық және тоқсандық) бөлімдерін атау, ондағы жұмыстар мазмұнын ашып көрсету, жоспарланатын іс-шаралар үлгісін ұсыну.

  • 7 - 16-22 - Қараша - Менеджмент - Курманбаев Кайратбек Ескерм. 16. 11. 2020 22. 11. 2020 Курманбаев Кайратбек Ескермесович Негізгі жаттарды тізімін рып, олара жеке сипаттама берііз


    Скачать 57.8 Kb.
    Название16. 11. 2020 22. 11. 2020 Курманбаев Кайратбек Ескермесович Негізгі жаттарды тізімін рып, олара жеке сипаттама берііз
    Анкор12345
    Дата21.12.2020
    Размер57.8 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла7 - 16-22 - Қараша - Менеджмент - Курманбаев Кайратбек Ескерм.docx
    ТипДокументы
    #162567

    16.11.2020 – 22.11.2020

    Курманбаев Кайратбек Ескермесович

    1. Негізгі құжаттардың тізімін құрып, оларға жеке сипаттама беріңіз.

    2. Бұйрық кітаптары, сынып журналдарын және басқа да құжаттарды жүргізуге қойылатын талаптардың мазмұнын ашып көрсету.

    3. Мектептің жұмысын жоспарлаудың түрлері: мектепішілік жоспар, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің, пәндік бірлестіктердің (кафедралардың) жұмыс жоспарлары, тақырыптық және сабақ жоспарлары, сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарлары. Кесте құрастыра отырып, әрбір түрін сипаттаңыз.

    4. Мектеп жұмысы жоспарының (жылдық және тоқсандық) бөлімдерін атау, ондағы жұмыстар мазмұнын ашып көрсету, жоспарланатын іс-шаралар үлгісін ұсыну.

    5. Мұғалімнің, тәрбиешінің, сынып жетекшісінің оқу және тәрбие іс-әрекеттерін жоспарлау. Өз таңдауыңыз бойынша біреуін мысалға ала отырып, сипаттау.
    Негізгі құжаттардың тізімін құрып, оларға жеке сипаттама беріңіз. Жоспардан басқа мектепте басқа да құжаттама жүргізіледі, оны шартты түрде  үшке  бөліп қарауға боладыоқыту-педагогикалық құжаттама, мектеп ішіндегі ақпарат және қаржы-шаруашылық құжаттамалар. Оқыту-педагогикалық құжаттама:

    - журналдар: сынып журналдары, факультатив сабақтарының журналдары, дайындық сабақтарының журналдары, қалдырылып кеткен және орны ауысқан сабақтарды есепке алу журналы;

    - мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар, баяндама хаттарының көшірмелері;

    - оқушылардың жеке құжаттары;

    - оқушыларға белгілі бір мамандық алғаны туралы анықтамаларды беру ведомості / бастапқы кәсіби оқыту ұйымдастырылған мектептерде/;

    - жоғары мекемелерден келіп түскен бұйрықтар, жарлықтары мен басқа да бұйрықтық-ақпараттық құжаттама;

    - мектеп аттестациясының материалдары, мектептің оқыту іс-әрекеті лицензиясы;

    - кітаптар: оқушылар тізімінің алфавитті кітабы, бланктер мен беруді есепке алу кітабы /орта білім туралы аттестаттар мен негізгі сатыны бітіргені туралы куәліктерге арналған жеке кітаптар/, «Алтын белгі» белгісін есепке алу кітабы, мектеп мұғалімдерінің жекелік құрамын есепке алу кітабы, мектептен шыққан және мектепке келген хаттарды тіркеу кітабы, мақтау грамоталары мен мақтау қағаздарын есепке алу кітаптары, тексерушілердің ескертулері мен ұсыныстарының кітабы;

    - білім беруді басқаратын жоғары мекемелермен және басқа ұйымдармен хат алысу.

    Мектеп ішіндегі ақпарат ауызша және жазбаша болады. Уақытына қарай ақпарат қолма-қол / күнделікті, апталық, айлық/, тоқсан сайынғы және жылдық болып бөлінеді.

    *  Күнделікті қолма-қол ақпарат бақылау нәтижесінде, пәндік мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, оқушылар мен олардың ата- аналарымен жүргізілген әңгіме-сұқбат нәтижесінде, сынып журналы мен мектеп ішіндегі басқа да құжаттамаларды оқып зерттеу нәтижесінде қалыптасады. Онда оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы, олардың тәртібі туралы, мектептің, оқу бөлмелерінің, оқу шеберханаларының санитарлық күйі туралы мәліметтер бар. Күнделікті ақпарат басқарудың шапшаң шешімдерін қабылдау үшін қажет.

    *  Апталық қолма-қол ақпаратты мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары жинастырады. Онда бір апта бойындағы күнделікті ақпарат, шапшаң мәжілістердегі пікір алысу нәтижелері, мұғалімдерден, сынып жетекшілерінен келіп түскен мәліметтер есепке алынады. Апталық ақпаратта еркеше бақылауға алынған оқушылардың және сыныптардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы, сыныпта және мектептен тыс шаралар туралы, сынып журналдарын, оқушылар дәптерлері мен күнделіктерін жүргізудің жай-күйі туралы мәліметтер болады.

    * Айлық қолма-қол ақпарат апталық ақпараттарды қорытындылап, толықтырады. Онда оқу бағдарламасының орындалу барысы туралы, пәндік мұғалімдер мен сынып жетекшілері жұмысының сапасы туралы, жекелеген сыныптардың үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртібі туралы, арнайы тексеру мен бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысы туралы мәліметтер болады.

    *   Сыныптар мен оқу пәндері бойынша үлгерімі туралы тоқсандық ақпаратты мұғалімдер мен сынып жетекшілері жазбаша түрде дайындайды, оны мектеп дирекциясы сараптайды, жұмыс барысындағы пайда болған кемшіліктерді түзету жолдарын анықтау мақсатында педагогикалық және әдістемелік кеңестерде / пәндік бірлестіктерде/ талқыланады.

    * Жылдық ақпарат тоқсандық ақпараттар деректері, сыныптан сыныпқа өту мен мектеп бітіру емтихандарының нәтижесінде қалыптасып, оқушылардың тәрбиелілігі мен білімділігі деңгейіндегі динамиканы айқындауға мүмкіндік жасайды. Бұл ақпарат мектеп жұмысының жылдық жоспарының сараптамалық тарауын құрудың негізі болады.

    Қаржы-шаруашылық құжаттаманың құрамныда мектептің техникалық құжаты, мұғалімдердің көрсеткіштік тізімі, негізгі құралдардың тізімі, материалдардың қоймалық есебінің кітабы, мектеп кітапханасы қорының инвентарлы кітабы, құндылығы төмен тез тозатын заттар қозғалысын қолма-қол есепке алу ведомості, материалдық құндылықтарды қолданыстан шығару актілері бар.

    Мектеп құжаттамасын нақты және дұрыс жүргізуді ұйымдастыру мектеп ішіндегі тиімді басқарудың маңызды шарттары болып табылады. Аталған құжаттарды дер кезінде және оларды жүргізудің нұсқауларына сәйкес толтыру қажет. Сонда ғана мектеп ұжымы іс-әрекетінің барлық бағыты бойынша қажетті нақты ақпарат алуға болады. Ал бұл істің жай-күйіне объективті баға беріп, басқаруда тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
    Бұйрық кітаптары, сынып журналдарын және басқа да құжаттарды жүгізуге қойылатын талаптардың мазмұнын ашып көрсету. Мектеп жұмысы жоспарының (жылдық және тоқсандық) бөлімдерін атау, ондағы жұмыстар мазмұнын ашып көрсету, жоспарланатын іс-шаралар үлгісін ұсыну.

    Мектепте жоспардан басқа құжаттар да жүргізіледі, оларды үш топқа бөлуге болады: оқу-педагогикалық құжаттар, мектепішілік ақпараттар және қаржы-шаруашылық құжаттар.

    Оқу-педагогикалық құжаттарға жатады:

    - журналдар: сынып журналы, факультативтік сабақтар журналы, ұзақ күн топтары журналы, өткізілмеген және өткізілген сабақтар журналы;

    - кітаптар: оқушылардың алфавитті жазылу кітабы; берілетін бланктерді тіркеу кітабы (орта білім туралы аттестаттар үшін жеке, негізгі басқышты аятағаны туралы куәліктер үшін жеке), «Алтын белгі»-ні тіркеу кітабы, мақтау грамоталары мен мақтау қағаздарын тіркеу кітабы, мектептің педагогикалық қызметкерлерінің жеке құрамын тіркеу кітабы, кіріс және шығыс қатынас қағаздарын тіркеу кітабы және адамдардың ескерту және ұсыныстар кітабы;

    - оқушылардың жеке іс-қағазы;

    - оқушыларға белгілі бір мандықты меңгеруі туралы куәліктер беру ведомосі (бастауыш кәсіптік білім беруді оқыту ұйымдастырылған мектептерде);

    - жоғары тұрған органдардан келген бұйрықтар, жарлықтар мен бақа да бақаратын-ақпараттық құжаттар;

    - мектептің аттестация бойынша материалдары, мектептің білім беру іс-әрекетіне лицензия;

    - мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар көшірмесі, мектептің статистикалық есептерінің көшірмесі;

    - білім беруді және басқа да ұйымдарды басқарудың жоғары тұрған органдарымен хат алысу.

    Мектепішілік ақпарат ауызша және жазбаша болса да маңызды орын алады. Бұл ақпарат уақыт аралығы бойынша оперативті (күнделікті, апталық, ай сайынғы), тоқсандық және жылдық болып ажыратылады.

    1) Күнделікті оперативті ақпарат пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу, бақылау, сонымен бірге сынып журналын және мектепішілік басқа да құжаттардың түрлерін зерттеу нәтижесінде қалыптасады. Ол оқушылардың оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы, олардың пәндері, мектептің санитарлық жағдайы, оқу бөлмелері, оқу шеберханалары және т.б. туралы мәліметтерден тұрады. Күнделікті ақпарат басқару шешімдерін оперативті қабылдауға пайдаланылады.

    2) Апталық оперативті ақпарат директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен дайындалады. Ол апта бойы мұғалімдерден, сынып жетеекшілерінен және т.б., оперативті жиналыстардағы пікір алмасу нәтижесінен түскен мәліметтерді ескереді. Апталық ақпарат ерекше бақылауда болған, жеке оқушылар мен жеке сынып оқушыларының оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы, сонымен бірге сыныптан және мектептен тыс шаралар, сынып журналын, оқушылар дәстері мен күнделіктерінің жүргізілу жағдайы бойынша туралы мәліметтерден тұрады.

    3) Ай сайынғы оперативті ақпарат апталық ақпараттарды қорытындылалап, оларды толықтырады. Ол оқу бағдарламасының орындалуы, пән мүғалімдері жұмысының сапасы, жеке сыныптар бойынша оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы, пәндері, арнайы тексеру және бақылау жұмыстары, оқушылардың қоғамдық ұйымдары туралы мәліметтерден тұрады.

    4) Тоқсандық ақпаратты сынып және оқу пәндері бойынша оқу үлгерімі жөнінде мұғалімдер мен сынып жетекшілері жазбаша дайындайды. Оны жұмыстағы айқындалған кемшіліктерді жою жолдарын анықтау мақсатында мектеп дирекциясы талдайды, педагогикалық және әдістемелік кеңесте (пән бірлестіктері) талқыланады.

    5) Жылдық ақпарат тоқсандық ақпараттар мәліметтері, бітіруші және көшу емтихандарының нәтижесі негізінде қалыптасады, оқушылардың тәрбиелілік және білімділік деңгейінде динамиканы айқындауға мүмкіндік береді. Осы ақпараттар жалпы мектептің жылдық жұмыс жоспарының аналитикалық бөлігін құрастыруға пайдаланылады.

    Сонымен бірге қаржы-шаруашылық құжаттары жүргізіледі, ол өзіне енгізеді: мектептің техникалық паспорты, мұғалімдердің тарификациялық тізімі, негізгі құралдардың инвентарлы тізімі, қойма материалдарын тіркеу кітабы, аса құнды емес және тез тозатын заттар қозғалысын оперативті тексеру ведомосі, мектептің кітапхана қорының инвентарлы кітабы, материалдық құндылықтарды жаңарту актілері.

    Мектеп құжаттарын дәл ұйымдастыру және дұрыс жүргізу тиімді мектепішілік басқарудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Көрсетілген құжаттар өз уақытында және оны жүргізу бойынша әрекет ететін нұсқауға сәйкес толтырылуы тиіс. Сонда ғана мектеп ұжымы іс-әрекеті бағыттары бойынша нақты ақпараттарды еш кедергісіз алуға болады, ол іс жағдайын обьективті бағалауға және дәлелденген басқару шешімдерін қабылдауға қажетті қолайлы мүмкіндік береді.
    Мектептің жұмысын жоспарлаудың түрлері: мектепішілік жоспар, педагогикалық және әдістемелік кеңес, пәндік бірлестік (кафедралардың) жұмыс жоспарлары, тақырыптық және сабақ жоспарлары, сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарлары.

    Мектептің жылдық жұмыс жоспары төмендегі қағидалар негізінде құрастырылады:

    а) Жоспарлаудың ғылымилығы. Жоспар іс-әрекеттің әлеуметтік және экономикалық шарттарын, педагогикалық үрдістің психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын, жалпы білім беру жүйесі мен жекелеп алғанда сол мектеп дамуының бағыттары мен болашағын ескере отырып, құрастырылуы тиіс. Жоспар педагогикалық тұрғыдан мақсатқа бағытталған болуы қажет.

    б) Жоспардың тиімділігі қойылған мақсатқа жету үшін іс-әрекеттің, нақты шаралардың қажетті және жеткілікті түрінен тұратынын көрсетеді. Бұл қағида жоспардың нақты болуына, мектеп ұжымы іс-әрекетінің тиімді жолдары мен құралдарын таңдауға, жоспардың құрамды бөліктерінің арақатынасын мақсатты қамтамасыз етуге бағытталады.

    в) Жоспардың нақтылығы. Жоспарда қандай шаралар жүргізу қажеттігі, орындаушыларға берілетін тапсырмалар, оны өткізуге кім жауапты екендігі, оның мерзімі, шараны өткізу орны мен уақыты нақты көрсетілуі қажет. Белгілі бір міндеттерді табысты шешу үшін жасалатын нақты шарттар ескерілуі тиіс. Нақтылық қағидасын іске асыру жоспардың тиянақтылығын қамтамасыз етеді.

    г) Жоспардың болашағы. Мектеп іс-әрекетінің жуықтағы ғана емес болашақтағы мақсаты мен міндеттерін қарастыруды талап етеді. Жоспарда мектеп алдында туындайтын келер жылғы оқу-тәрбие міндеттері де ескерілуі тиіс.

    д) Мектеп ұжымы іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктерін ескеру қағидасы. Жоспарда сол педагогикалық және оқушылар ұжымының ерекшеліктері, нақты жағдайлары, сонымен қатар мектеп атқаратын қызметтерінің шарттары ескерілуі қажет. Іс-шараны өткізуге қатысатын оқушылар ұжымының, әрбір орындаушының жас және басқа да ерекшеліктері ескерілген жөн.

    е) Ұжымдық қағидасы жоспарды талқылауға және құруға мектеп мұғалімдерін, тәрбиешілерін, басқа қызметкерлерін қатыстыруды қарастырады. Жалпымектептік жоспар ұжымның әрбір мүшесінің жеке жауапкершілігімен ұжымдық шығармашылықтың жемісі болуы тиіс.

    Жалпы мектептің жылдық жұмыс жоспарын дайындау алгоритмін төмендегідей көрсетуге болады:

    - Жоспарлау мәселесі бойынша нормативті құжаттарды, сонымен бірге психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді және жаңа педагогикалық технологияларға арналған арнайы әдебиеттерді зерттеу.

    - Мектептің өткен уақыттағы оқу-тәрбие үрдісі туралы жинақталған ақпараттарды жан-жақты талдау, негізгі кемшіліктер мен жіберілген қателіктерді айқындау, мектеп ұжымы іс-әрекетіндегі маңызды жетістіктерді анықтау.

    - Мектепті дамытудың негізгі болашағын, сонымен бірге аладағы жылдағы маңызды мақсаты мен міндеттерін анықтау.

    - Жұмыстағы кемшіліктерді жоюға арналған тиімді жолдар мен құралдарды анықтау және қол жеткізілген оң нәтижелерді дамыту. Мақсатқа жетудің тиімді жолдары мен құралдарын негіздеу.

    - Негізгі, жалпымектептік маңызы бар іс-шараларды, сонымен қатар сыныптарда, сыныптар топтары бойынша өткізілуге міндетті шараларды анықтау. Жоспардың жұмыс нұсқасын құрастыру.

    - Жоспардың жұмыс нұсқасын ұжымдық талқылау. Келіп түскен ұсыныстарды ескеріп, қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

    - Жалпымектептің жұмыс жоспарының соңғы нұсқасын құру және бекіту.

    Мектептің өткен жылдағы жұмысын талдаудың көптеген тәсілдері бар. Ю.А.Конаржевскийдің пікірінше, талдау мектеп іс-әрекетінің төмендегі блоктары бойынша ақпараттардын тұруы тиіс:

    - мектепті басқару бойынша әкімшіліктің іс-әрекеті;

    - мектептегі әдістемелік жұмыстың деңгейі;

    - сапалы оқыту, педагогикалық ұжымның өзінің деңгейін көтеру бойынша жұмыстарын құру;

    - мектеп ұжымының оқушылар ата-анасымен жұмыстарының жағдайы;

    - қоғамдық оқушылар ұйымдарына олардың жұмыстарының нәтижелерін жақсарту үшін педагогикалық көмек көрсету;

    - оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;

    - оқушылардың сабаққа қатысу жағдайы;

    - оқушылардың білім, білік, дағды деңгейі;

    - жалпыға міндетті оқуды жүзеге асыру бойынша ұжымның іс-әрекеті.
    Мұғалімнің, тәрбиешінің, сынып жетекшісінің оқу және тәрбие іс-әрекеттерін жоспарлау.

    Білім жүйесінде кез келген деңгейдегі басқару қатынастары тәрбиелік қызмет те атқарады. Тәрбиеленушілерді басқарушы педагог тәрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды меңгереді, яғни ол тәрбиелік қызметтердің орындалып жатқанын көрсетеді. Осыдан басшыға, тәрбиешіге, мұғалімге моральдық, әдептілік тұрғыдан жоғары талаптар қойылады.

    Кәсіби іс-әрекетті әртүрлі деңгейде бірдей тең басқару педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелік болып саналады. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-әрекетін тәрбиешінің өзі ғана басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері, сынып жетекшісі, мектептің басқа да күнделікті ықпал етуші қызметкерлері де араласады. Сондай-ақ мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің қызметтеріне мектеп директоры мен оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тарпынан әкімшілік басқару жүргізіледі. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызметтер атқарады, атап айтқанда, сынып жетекшісі, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мұшесі.

    Мұғалімнің сыныптар бойынша бөлінген оқу пәнінің мазмұнын оқытудың күнтізбелік жоспары, сондай-ақ әрбір сабаққа сабақ жоспары болады. Тәрбиешілер мен сынып жетекшілер тәрбие жұмысының жоспарын құрастырады. Факультативтер, үйірмлер және секциялар жұмысының жоспарлары құрастыралды. Жалпымектептік және сыныптық ата-аналар комитетінің, оқушылардың қоғамдық ұйымдарының, өзін-өзі бсақару органдарының іс-әрекеттері олардың жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Мектеп кітапханасының жұмыс жоспары құрастырылады. Мектеп жетекшілерінің ағымдық жұмыстарының күнделікті және апталық жұмыс жоспарларын құрастыру қабылданған. Олар ерікті формада құрастырылуы тиіс. Кейбір мектептерде циклограмма құрастыру қабылданған (мектептегі өткізілетін шаралардың апталық кестесі). Мектеп қызметтерінің белгілі бір шартарын өзгерту, жаңа жағдаяттардың туындауы алдын ала білінбейді, әрекет ететін жоспарға түзетулер енгізуді толық айғақтайды. Сондықтан мектеп және жеке мұғалімдер, тәрбиешілер іс-әрекетінде жұмыс жоспарының алуан түрлілігі маңызды рөл атқарады, оның негізгісі жалпы мектептің жылдық жоспары болып табылады. Бұл жоспарлардың бірде-біреуі жеке бөлінген іс-шаралардың жай тізімі емес, олар педагогикалық негізделген шаралар жүйесінен тұрады. Барлық жоспарлар өзара байланысты және мектептің маңызды мақсаттарына қол жеткізуге апаратын міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс.


    написать администратору сайта