Главная страница
Навигация по странице:

  • Этиологиясы және патогенезі

  • Артериалдық гипертония

  • Инструменталдық зерттеулер

  • Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер

  • Негізгі диагностикалық шаралар тізімі

  • Қосымша диагностикалық шаралар тізімі

  • Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі

  • Амбулаториялық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық іс-шаралар

  • Диагностикалық критерийлер [2,3]: Шағымдар және анамнез

  • Физикальды зерттеулер

  • Зертханалық зерттеулер

  • Аспаптық зерттеулер

  • Мамандар кеңесіне көрсетімдер

  • 30 балл17-20 гломер арт гипер қант диабет гастрит. 17,Созылмалы гастрит


    Скачать 25.26 Kb.
    Название17,Созылмалы гастрит
    Дата23.12.2020
    Размер25.26 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла30 балл17-20 гломер арт гипер қант диабет гастрит.docx
    ТипДокументы
    #163621

    17,Созылмалы гастрит— асқазанның шырышты қабықшасының қабынуы, біртіндеп оның атрофиясына, секреторлық жетіспеушілікке, асқорытудың бүзылуына алып келеді.

    Этиологиясы және патогенезі:Созылмалы гастрит жиі рациональды тамақтанудың бүзылыстарынан дамиды: тамақтану, режимін сақтамау, тым ыстық немесе суық, қуырылған, ащы тағамдар қолдану жэне т.б. Созылмалы гастрит кейбір дэрілік заттарды үзақ қабылдаудың эсерінен дамуы мүмкін (мысалы, глюкокортикоидтар, антибиотиктер, сульфаниламидтер).

    Созылмалы гастриттің дамуында маңызды рөлді Неlісоbасtег руlогі атқарады. Неlісоbасtег руlогі мочевинаны ыдырата алады (уреаза ферментінің көмегімен) мүнда түзілетін аммиак асқазанның беткейлі эпителийімен зақымдайды және қорғаныс барьерін бүзады.

    18, Артериалдық гипертония - систолалық АҚ 140 мм.с.б. жəне жоғары мен/немесе диастолалық АҚ 90 мм.с.б. жəне жоғары тұрақты көтерілуі (тыныштық жағдайда, түрлі уақытта жүргізілген кем дегенде үш өлшем нəтижесінде. 

    Физикалық тексеру:

    1. АГ бар екендігін растау жəне оның тұрақтылығын белгілеу (тұрақты түрде гипотензивті терапия қабылдамайтын науқастарда, түрлі жағдайда кем дегенде үш өлшем нəтижесінде АҚ 140/90 мм.с.б. артуы.);

    2. Екіншілік артериалдық гипертонияны алып тастау;

    3. АГ қатер стратификациясы (АҚ жоғарылау дəрежесін анықтау, жойылатын жəне жойылмайтын қауіп қатер факторларын анықтау, ағза нысандардың зақымдануы мен бірлескен жағдай)

     

    Инструменталдық зерттеулер: эхокардиография, ұйқы жəне сан артериясын УДЗ, бүйректі УДЗ, бүйрек қантамырларын допплер-УДЗ, бүйрек үсті безін УДЗ, радиоизотопты ренография.


    Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.
     

    Дифференциалды диагноз: жоқ.
     

    Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі


    Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

    1. Анамнез деректерін бағалау (АГ жанұялық мінезі, бүйрек аурулары, жақын туыстарда ЖИА ерте дамуы, бұрын болған инсульт, миокард инфарктын көрсету, қантты диабетке, липид алмасу бұзылыстарына тұқымқуалаушылық бейімділік).

    2. Өмір салтын бағалау (тамақтану, ас тұзын пайдалану, физикалық белсенділік), жұмыс, жанұя жағдайының мінезі, емделушінің психологиялық ерекшелігі.

    3. Тексеру (бойы, дене салмағы, дене салмағының индексі, семіздіктің түрі мен дəрежесі, симптоматикалық гипертония белгілерін анықтау – эндокринді стигм).

    4. АҚ бірнеше рет түрлі жағдайда өлшеу.

    5. 12 құбылыстағы ЭКГ.

    6. Көз түбін тексеру.
    7. Популяцияда АГ таралуының жоғары болуына байланысты басқа жағдай себептері бойынша тұрақты тексеру шеңберінде ауру скринингін жүргізу қажет.

    8. Əсіресе АГ скринингі, қауіп қатер факторларымен тұлғаларға көрсетілген: АГ бойынша бай жанұялық анамнез, гиперлипидемия, қантты диабет, темекі тарту, семіздік.

    9. АГ клиникалық көріністерінсіз тұлғаларда, АҚ жыл сайын өлшеу. Əрі қарай АҚ өлшеу жиілігі бастапқы көрсеткіштермен анықталады.


    Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

    Қажет жағдайда қосымша инструменталды жəне лабораторлық тесттер ретінде - эхокардиография, ұйқы жəне сан артериясын УДЗ, бүйректі УДЗ, бүйректік қантамырлардың допплер-УДЗ, бүйрек үсті безін УДЗ, радиоизотоптық ренография, сандық əдіспен қандағы С - реактивті ақуыз, тест - жолақтарымен микроальбуминурия (қантты диабет кезінде міндетті), сандық протеинурия,  Нечипоренко жəне Зимницкий бойынша зəр анализі, Реберг сынамасы.

    19, қант диабеті
    Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

    Амбулаториялық деңгейде өткізілетін негізгі диагностикалық іс-шаралар:
    ·        ашқарынға және тамақтан 2 сағаттан кейін (глюкометрмен) гликемияны анықтау;
    ·        75г глюкозамен пероральды глюкоза төзімділігіне тест (1-қосымшаға сәйкес).
    Амбулаториялық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық іс-шаралар:
    ·        Иммунохемилюминесценция әдісімен C-пептидінің және имунреактивті инсулиннің (ИРИ) деңгейін анықтау;
    ·        ИФА - анықтау, ІСА – аралшықты антиденелер, GAD65 - декарбоксилаз глутаминдік қышқылына антиденелер, IA-2, IA-2
    β – тирозин-фосфатазасына антиденелер, IAA – инсулинге антиденелер;
    ·        НМГ (2-қосымшаға сәйкес);
    ·        Қалқанша безі мен іш қуысының ағзаларының УДЗ;
    ·         Кеуде куысы ағзаларының ФГ (көрсетімдер бойынша R-графия);
    ·         Гликозилеренген гемоглобинді анықтау (HbAlc);
    ·         Қанның биохимиялық талдауы (АЛТ, АСТ, холестерин, ХС ЛПНП, ХС ЛПВП, триглицеридтер, креатинин, СКФ есептеу).


      20,гломерулонефрит Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:
    Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
    Жоспарлы госпитальдауға дейін:
    1. Жалпы қан талдауы: Hb,Эр, MCV,NCH, лейкоцитарлы формула, Тр, ЭТЖ, фрагменттелген эритроциттер.
    2. Протеинурия+гематурияға тест жолақтар
    3. Зәр тұнбасының микроскопиясы: зәр эритроциттерінің морфологиялық зерттеуі (аконтоциттер), липидурия (“мальталық крест”), эритроцитарлы цилиндр.
    4. Несеп ақуыздарының электрофорезі: альфа-2 макроглобулин, Ig-G, трансферрин,альбумин,альфа-1-микроглобулин, ретинол-байланыстырушы протеин, бета-2-микроглобулин.
    5. Протеин/креатининді, альбумин/креатининді коэффициент (тәуліктік протеинурия аналогы)
    6. Креатинин, несепнәр, K, Na,Ca,P, холестерин, қан сарысуындағы қантты анықтау.
    7. Қандағы жалпы ақуызды, альбуминді; қанда С-реактивті ақуызды, (сандық) анықтау.
    8. Іш қуысының, бүйректің УДЗ
    9. Кокрофт-Голт бойынша ШФЖ есептеу (Epi-GFR)
     
     Госпитальдау кезінде
    1. Жалпы қан талдауы: Hb,Эр,Лейк., Тр, ЭТЖ биопсияға дейін және биопсиядан кейін.
    2. Гематурия, протеинурия, лейкоцитурияға тест-жолақтар
    3. Протеин/креатининді коэффициент
    4. Қан сарысуындағы креатинин, несепнәр
    5. Ұю уақытын анықтау, ХҚҚ, ПТИ
    6. УДЗ бақылаумен бүйрек биопсиясы
    7. Қабылданған және шығарылған сұйықтық көлемін есептеу, күнделікті салмағын өлшеу
    8. Қан сарысуында циклоспарин, такралимус концентрациясын анықтау.
     
    Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
    1. АЛТ, АСТ, жалпы және тікелей билирубинді анықтау
    2. Прокальцитонин, ИЛ-18, гемоөсірінді
    3. Сарысулық ферритин, гипохромды эритроциттер проценті, Сарысудың трансферрин байланыстыру қабілеті
    4. Бүйрек қантамырларының УДЗГ, ЭКГ, Эхо-КГ
    5. Артериялық/тамыр қанының ҚСЖ
    6. Отоларинголог кеңесі
    7. Көз түбін қарау
    8. Бастың, кеуде бөлігінің рентгенографиясы, КТ
    9. Ревматолог, инфекционист қарау
     
    Диагностикалық критерийлер [2,3]:

    Шағымдар және анамнез:
    Артериалды гипертензиямен және/немесе протеинурия жоғарылауы, ісінулер, диурез төмендеуі, бүйрек жетіспеушілігі болуы мүмкін.
    Анамнезінде маңызы бар: күндік инсоляция (күнге күю), тері бөртпелерінің аяқ астынан пайда болып, жоғалуы, эритемалар, артралгиялар, шаштың түсуі, синуситтер, қанды бөліністер мен риниттер, жиі пневмониялар, бронхиальды демікпе, ЖРВИ және фарингит көрінісіндегі макрогематурия жағдайлары, отбасының басқа мүшелерінде гематурия болуы, этиологиясы анықталмаған қызба жағдайлары, вирусты гепатиттерге оң серология,
     қосымша аурулары: ревматоидты артрит, созылмалы инфекция ошақтары [мысалы: остеомиелит]. Нақтыланған дәрі-дәрмекті анамнез және зиянды әдеттері: ААФи, алтын препараттары, героин. Әйелдерде – үйреншікті түсік.

    Физикальды зерттеулер:
    Ісінулердің бар/жоғын және айқындылық дәрежесін анықтау (аздаған жиектелген, қуыстыққа және анасаркаға дейін), бөртпелерді анықтау, буындық синдром, күнделікті салмағын өлшеу, қабылдаған сұйықтық көлемі (ішке және паррентеральді) және нсеппен шыққаны. Инфекция ошақтарын анықтау.

    Зертханалық зерттеулер:
    Эритроциттерді міндетті морфологиялық зерттеумен несеп талдауы, липидурия көріністері (“мальталық айқыш”), фрагменттелген эритроциттерді анықтаумен және тромбоциттарды санаумен  толық қан талдауы, альбумин деңгейі, жалпы ақуыз, холестерин, несепнәр, креатинин, калий, натрий, кальций,фосфор электролиттері, қандағы қант деңгейі. Несеп ақуыздарының электрофорезі және протеинурия түрін (селективті,селективті емес, өзектік ). С3, С4, С50, С3-н С-3 нефритикалық фактор, С-реактивті ақуыз (сандық өлшеу) анықтау. ВГ- В,С, Д, Е маркерлеріне ИФА. ЖҚЖ күдік болған кезде: антинуклеарлы антиденелер (ANА), екі серіппелі ДНҚ-на антиденелер (anti-ds-DNA). Антифосфолипидті синдромға күдіктенгенде: кардиолипинге антиденелер, антифосфолипидті антиденелер, Вассерман реакциясы. Васкулиттерге күдіктенгенде: миелопероксидазаға антинейтрофильді, цитоплазматикалық антиденелер (pANCA), конвертазаға (сANCA). Қызбасы бар науқастарда: прокальцитонин, ИЛ-18 септикалық асқынуларды жоққа шығару үшін зертеу.
     
    Аспаптық зерттеулер:
    Іш қуысының және бүйрек УДЗ. Васкулиттерге күдіктенгенде: маңдай, гаймор қуыстарының, көз ұясы аймағының, кеуде сегментінің КТ. Стационарда – бүйректің тері арқылы пункционды биопсиясы әрі қарай морфологиялық зерттеулермен (сәулелік, иммунофлюресцентті және электронды микроскопия) морфологиялық диагноз коюмен (ХАЖ - 10).
     
    Мамандар кеңесіне көрсетімдер:
    Амбулаториялық кезеңде: тыныс ағзаларын зақымдаумен жүретін васкулиттерге күдіктенгенде – отоларинголог; фтизиатр (Вегенер гранулематозы кезінде Tbc-пен салыстыру үшін); стероидтармен және хлорохинмен ұзақ ем фонында – окулист (емнің асқынуы ретінде катаракта); буындық синдром және жүйелілік болғанда – ревматолог кеңесі; инфекциялық үрдіс белсенділігін анықтау үшін (вирусты гепатиттер, зооноздар) – инфекционист кеңесі.


    написать администратору сайта