Главная страница

КА рет гормондар. 1.Йы безіні гормондарыинсулин жне глюкагон Бйрек сті безіні гормондары


Скачать 1.29 Mb.
Название1.Йы безіні гормондарыинсулин жне глюкагон Бйрек сті безіні гормондары
Дата24.11.2021
Размер1.29 Mb.
Формат файлаppt
Имя файлаКА рет гормондар.ppt
ТипДокументы
#280564

:


1.ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ГОРМОНДАРЫ-инсулин және глюкагон
2. БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІНІҢ ГОРМОНДАРЫ;
а) МИЛЫ ҚАБАТЫНЫҢ ГОРМОНДАРЫ ,- адреналин и норадреналин;
б) ҚЫРТЫСТЫ ҚАБАТЫНЫҢ ГОРМОНДАРЫ,- ГЛЮКОКОРТИКОИДТАР
3. ГИПОФИЗДІҢ АЛДЫҢҒЫ БӨЛІГІНІҢ ГОРМОНЫ: СОМАТРОПТЫ ГОРМОН (СТГ)


КӨМІРСУЛАР АЛМАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ГОРМОНДАР


ГИПОГЛИКЕМИЯНЫ ТУДЫРАТЫН ГОРМОН– ИНСУЛИН
ГИПЕРГЛИКЕМИЯНЫ ТУДЫРАТЫН ГОРМОНДАР–АДРЕНАЛИН, НОРАДРЕНАЛИН, ГЛЮКАГОН, КОРТИЗОЛ, СТГ.
(КОНТРИНСУЛЯРЛЫ ГОРМОНДАР)


Лангерганс аралшығы


Д жасуша
(соматостатин)


β жасуша (инсулин)


α жасуша глюкагон


Ұйқы безі–экзокринді және эндокринді аралас секрециялық без. Оның сыртқы секреторлық қызметi – ұйқы безі сөлі мен ас қорыту ферменттерiн , ал iшкi секреторлық қызметi 4 гормонды:
α (А) жасушаларда - глюкагон,
β (В) жасушаларда - инсулин,
Д- жасушаларда соматостатин,
Ғ - жасушаларда (аз мөлшерде,ізі ) панкреатидтiк полипептид түзеді.


Инсулин молекуласы 51 АМИН ҚЫШҚЫЛЫНАН ТҮЗІЛГЕН екі полипептидтік тізбектен тұрады.
А-21аминқышқылы
В-30 аминқышқылы,
Олар бір бірімен екі дисульфидтік байланыспен байланысқан

ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ: ЦИТОПЛАЗМА МЕМБРАНАСЫНЫҢ ӨТКІЗГІШТІГІН АРТТРЫДЫ.


НЫСАНА ЖАСУШАЛАРЫ: ОРГАНДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ.
РЕЦЕПТОРЫ ЖОҚ–НЕРВ ТІНІ, ЭРИТРОЦИТ,
КӨЗ ЖАНАРЫ, 𝛽–ЖАСУШАЛАРЫ.


Байланысқан инсулиннiң рецепторы тек май тіндерiнде ғана болады

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ: ГИПОГЛИКЕМИЯНЫ ТУҒЫЗУ (ҚАНДАҒЫ ГЛЮКОЗА ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТЕДІ ). АНАБОЛИКАЛЫҚ ГОРМОН.


БЕЛОКТАР АЛМАСУЫНА ӘСЕРІ:
АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МОНОНУКЛЕОТИДТЕРДІҢ ЖАСУШАҒА ТҮСУІН АРТТЫРАДЫ;
БЕЛОК БИОСИНТЕЗІН КҮШЕЙТЕДІ;
ЖАСУШАЛАРДЫҢ ПРОЛИФЕРАЦИЯСЫН (БӨЛІНУІН) АРТТЫРАДЫ.
БЕЛОКТАРДЫҢ ЫДЫРАУЫН, ГЛЮКОНЕОГЕНЕЗДІ ТӨМЕНДЕТЕДІ.


КӨМІРСУЛАР АЛМАСУЫНА ӘСЕРІ:
ГЛЮКОЗАНЫҢ ЖАСУШАҒА ТҮСУІН АРТТЫРАДЫ;
ГЛЮКОЗАНЫҢ ЖАСУШАЛАРДА ГЛИКОЛИТИКАЛЫҚ ЖОЛМЕН ТОТЫҒУЫН АРТТЫРЫП КӨП МӨЛШЕРДЕ АТФ ТҮЗУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ.
БАУЫРДА ЖӘНЕ БҰЛШЫҚ ЕТТЕ ГЛИКОГЕН СИНТЕЗІН АРТТЫРАДЫ;
ГЛЮКОЗАНЫҢ БІР БӨЛІГІ ЛИПОНЕОГЕНЕЗГЕ ЖҰМСАЛАДЫ;
ГЛЮКОЗАНЫҢ ПЕНТОЗОФОСФАТТЫ ЖОЛМЕН ТОТЫҒУЫН АРТТЫРАДЫ;


ЛИПИДТЕР АЛМАСУЫНА ӘСЕРІ:
БМҚ СИНТЕЗІН АРТТЫРАДЫ,
ЛИПОГЕНЕЗДІ АРТТЫРЫП МАЙ ТІНДЕРІНДЕ ЛИПИДТЕРДІҢ ЖИНАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ;
ЛИПОЛИЗДІ ТЕЖЕЙДІ;


Инсулин секрециясы:
1) гипергликемия инсулин секрециясын арттырады, ал гипогликемия тежейді;
2) кейбір АҚ-ның концентрациясы жоғарылағанда /мысалы-арг,лей/ артады;
3) контринсулярлы гормондардың деңгейi көтерiлгенде, симпатикалық нерв жүйесiнің тонусы артқанда (β-рецептор) артады;
4) асқорыту жолдарының кейбір гормондары (гастрин, секретин, глюкагон және т.б.), кальций иондары, азот оксиді (NO), және кейбір дәрілік заттар (сульфонилмочевина) инсулин секрециясын арттырады. Аштық инсулин секрециясын төмендетеді. Инсулиннің секрециялану үрдісіне кальций ионы мен цАМФ қатысады.


I ТИПІ-Инсулин тәуелді (инсулин жетіспеушілігі, контринсулярлы гормондардың көбеюі-глюкагон,кортизол,адреналин,СТГ)
II типі –инсулинге тәуелсіз (инсулин бар бірақ нысана жасушаларының инсулинге сезімталдығы төмендеген)


Тип 1
Tип 2
Всего
НТГ


3.5 миллион
114.8 миллион
118.4 миллион


4.4 миллион
146.8 миллион
151.2 миллион


5.5 миллион
215.3 миллион
220.7 миллион


1995


2000


2010


> 10% всей ПОПУЛЯЦИИ


Диабет: Глобальная проблема


Сахарный диабет : это группа заболеваний, характеризующихся высоким уровнем глюкозы в крови, обусловленной дефектом продукции инсулина, его действием или тем и другим


ҚАНТТЫ ДИАБЕТ АСҚЫНУЫ:
- Инсульт
Инфаркт миокарда - Бүйрек ауруы
- Көздің зақымдануы
- Нервтердің зақымдануы


Қантты диабет кезiнде байқалатын көріністер:
    Гипергликемия және глюкозурия;

    Кетонемия мен кетонурия;
    Азотемия және азотурия;
    Полиурия және полидипсия;
    Гиперлипидемия.

ҚАНТТЫ ДИАБЕТ 1ТИПІ


ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙ

ГЛЮКАГОН


ХИМИЯЛЫҚ ТАБИҒАТЫ: 29 АМИН ҚЫШҚЫЛЫНАН ТҰРАТЫН ПОЛИПЕПТИД
ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ: 1–ЛІК цАМФ арқылы
НЫСАНА ЖАСУШАЛАРЫ: БАУЫР, МИОКАРД, МАЙ ТІНІ
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ: ГИПЕРГЛИКЕМИЯНЫ ТУҒЫЗАДЫ. КАТАБОЛИКАЛЫҚ ГОРМОН.


КӨМІРСУЛАР АЛМАСУЫНА ӘСЕРІ:
БАУЫРДА ФОСФОРИЛАЗАНЫ АКТИВТЕП ГЛИКОГЕНОЛИЗДІ АРТТЫРАДЫ;
ГЛЮКОНЕОГЕНЕЗДІ АРТТЫРАДЫ;
ГЛЮКАГОН БҰЛШЫҚ ЕТТЕ ГЛИКОГЕНОЛИЗГЕ ӘСЕР ЕТПЕЙДІ;


ЛИПИДТЕР АЛМАСУЫНА ӘСЕРІ:
МАЙ ТІНДЕРІНДЕ ЛИПОЛИЗДІ АРТТЫРЫП ГЛИЦЕРИН МЕН БМҚ ҚАНҒА КӨП МӨЛШЕРДЕ ТҮСЕДІ.
ГЛИЦЕРИН ГЛЮКОНЕОГЕНЕЗГЕ ЖҰМСАЛАДЫ;
БМҚ БЕТА ТОТЫҒУЫ АРТЫП АСҚ –ДАН КЕТОН ДЕНЕЛЕРІНІҢ СИНТЕЗІ АРТАДЫ;
ГЛЮКАГОННЫҢ АДРЕНАЛИННЕН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ:
ГЛЮКАГОН ҚАН ҚЫСЫМЫН ЖОҒАРЛАТПАЙДЫ, ЖҮРЕКТІҢ ЖИЫРЫЛУЫНА ӘСЕР ЕТПЕЙДІ.


Глюкагон секрециясы стимулденеді: гипогликемияда (аштық).
. аминқышқылы, әсіресе аргинин.
май қышқылдары глюкагон секрециясын тежейді.

БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІНІҢ ГОРМОНДАРЫ


БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІНІҢ ҚЫРТЫС ҚАБАТЫНЫҢ ГОРМОНДАРЫ


(КОРТИКОСТЕРОИДТАР):


1.Глюкокортикостероидтар 2.Минералокортикостероидтар 3.Андрокортикостероидтар
Барлық кортикостероидтар- холестериннен синтезделеді.

ГЛЮКОСТЕРОИДТАР (ГКС)


кортизол (гидрокортизон)> кортикостерон >кортизон


ХИМИЯЛЫҚ ТАБИҒАТЫ: СТЕРОИДТЫ ГОРМОНДАР. ХОЛЕСТЕРИННЕН СИНТЕЗДЕЛЕДІ.
ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ: РЕЦЕПТОРЫ ЖАСУША ІШІНДЕ ОРНАЛАСҚАН. 2–ЛІК.
НЫСАНА ЖАСУШАЛАРЫ: ТЕРІ,КӨК БАУЫР, БАУЫР,МАЙ ТІНІ, ТИМУС, ЛИМФОИДТЫ ТІН, ДӘНЕКЕР, БҰЛШЫҚ ЕТ ТІНДЕРІ.
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ: ГИПЕРГЛИКЕМИЯНА ТУҒЫЗАДЫ. КАТАБОЛИКАЛЫҚ ГОРМОН.


БЕЛОКТАР АЛМАСУЫНА ӘСЕРІ:
БҰЛШЫҚ ЕТ, ЛИМФОИДТЫ ТІНДЕ, МАЙ ТІНІ, ТЕРІ , СҮЙЕКТЕ:
БЕЛОКТАР АМИН ҚЫШҚЫЛЫНА ЫДЫРАЙДЫ. АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ ТІКЕЛЕЙ ЕМЕС ДЕЗАМИНДЕНІП АММИАК ЖӘНЕ КЕТОҚЫШҚЫЛДАРЫ ТҮЗІЛЕДІ. КЕТОҚЫШҚЫЛДАРЫ ГЛЮКОНЕОГЕНЕЗГЕ ЖҰМСАЛАДЫ.
БАУЫРДА БЕЛОК АЛМАСУЫНА АНАБОЛИКАЛЫҚ ӘСЕР ЕТЕДІ (АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНАН БЕЛОК СИНТЕЗДЕЛЕДІ).


Липидтер алмасуына әсері:
МАЙ ТІНДЕРІНДЕ ЛИПОЛИЗДІ КҮШЕЙТІП ҚАНДА БМҚ МЕН ГЛИЦЕРИН КӨБЕЙЕДІ.
БМҚ 𝛽–ТОТЫҒУҒА ҰШЫРАП АСҚ МӨЛШЕРІ АРТАДЫ;
АСҚ КЕОН ДЕНЕЛЕРІНІҢ СИНТЕЗІНЕ ЖҰМСАЛАДЫ;
ГЛИЦЕРИН ГЛЮКОНЕОГЕНЕЗГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ.
ГКС ҚОЛ АЯҚТАРДАҒЫ МАЙЛАРДЫ ЫДЫРАТЫП, БЕТ ЖӘНЕ ҚҰРСАҚ БӨЛІМІНДЕ ЛИПОГЕНЕЗДІ КҮШЕЙТЕДІ;


КӨМІРСУЛАР АЛМАСУЫНА ӘСЕРІ:
БАУЫРДА ГЛИКОГЕНОГЕНЕЗДІ, ГЛЮКОНЕОГЕНЕЗДІ АРТТЫРАДЫ;
ГКС ГИАЛУРОНИДАЗА АКТИВТІЛІГІН АЗАЙТЫП, МЕМБРАНА ӨТКІЗГІШТІГІН ТӨМЕНДЕТЕДІ ,
ГЛЮКОЗАНЫҢ ҚАННАН ЖАСУШАЛАРҒА ТҮСУІН ТЕЖЕЙДІ (МИДАН БАСҚА);
ГЛИКОГЕН СИНТЕЗІНІҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ГЛЮКОНЕОГЕНЕЗДЕН БАЯУ БОЛҒАНДЫҚТАН ГЛЮКОЗА БАУЫРДАН ҚАНҒА ШЫҒЫП ГИПЕРГЛИКЕМИЯНЫ ТУДЫРАДЫ;


ГКС ҚАБЫНУҒА ЖӘНЕ АЛЛЕРГИЯҒА ҚАРСЫ;
ИММУНОСУПРЕССИВТІ ЭФФЕКТ КӨРСЕТЕДІ.


Қандағы глюкозаның мөлшерi 8,88 мМ/л-ден көбейсе, яғни бүйрек шегінен асса глюкозурия пайда болады.


ГИПЕРФУНКЦИЯСЫ ИЦЕНКО–КУШИНГ АУРУЫ
ГИПОФУНКЦИЯСЫ– АДДИСОН АУРУЫ


Кортизол секрециясын арттырады:
АКТГ.
Тәуліктік ритм. Кортизол мөлшері түнгі сағат 4–тен таңғы 7–ге дейін артады ;
Физикалық (гипогликемия, лихорадка, гипотензия) немесе психологиялық стресс;
Қабыну цитокиндері.


ГКС демiкпе, ревматизм, коллагеноздар және т.б. Көптеген аурулар кезiнде дәрілік препарат ретінде қолданылады


Су тұз балансын реттеуші негізгі гормондар: вазопрессин, альдостерон, натрий уретикалық фактор.


Минералокортикостероидтар (МКС)
МКС -ға альдостерон, дезоксикортикостерон (ДОК) жатады. Альдостеронның активтiлiгi ДОК-қа қарағанда 50 есе артық.Сондықтан альдостерон ағзадағы негізгі минералокортикостероид болып табылады.
Химиялық табиғаты. Холестериннен синтезделеді.
Әсер ету механизмi. 2-ЛІК .Альдостеронның рецепторлары жасуша ішінде орналасады.


Нысана-тіндерi: бүйрек, iшектiң кiлегейлі қабаты, сiлекей және терi бездерi, қуық эпителий жасушалары, тері, миокард, бауыр.
Физиологиялық әсерi. бүйрек түтікшелерінің дистальды және жинағыш бөлімінде Nа+ иондарының реабсорбциясын, К+, Н+, NH4+ иондарының экскрециясын және натрий каналдарының санын арттырады.


Альдостеронның секрециясының реттелуі:
1. Ренин-ангиотензинді жүйемен реттеледі.
2. Қан сарысуындағы натрийдiң концентрациясы азайып, калийдiң концентрациясы көбейгенде альдостеронның секрециясы күшейедi, ал натрийдің көбеюi мен калийдiң азаюы керiсiнше альдостеронның бөлiнуiн тежейдi.
3. АКТГ альдостерон секрециясын арттырады.
4. Простагландиндер және кинин-калликреин жүйесі


Организм көп қан жоғалтқанда, гипотензияда (артериялық қысым төмендегенде), NаCI концентрациясы төмендегенде бүйректің юкстагломеруларлы аппаратында ренин түзiледi. Ол қандағы ангиотензиногенге (бауырда түзілетін белок) әсер етiп оны ангиотензин-I-ге айналдырады. Ангиотензин-I өкпенің ангиотензинге әсер етуші ферментінің нәтижесінде ангиотензин II-ге айналады. Ангиотензин-II бүйрек үсті безінің қыртыс қабатынан альдостеронның секрециясын қамтамасыз етедi. Альдостерон қанда натрий мөлшерін арттырып, қан көлемiнiң ұлғайуына және артериялық қысымының жоғарлауына әкеледi.


Бүйрек үсті безінің милы қабатының гормондары:
(норадреналин, адреналин )
Синтезделген гормондардың құрамында пирокатехиннiң сақинасы және бүйiр тiзбегінде амин тобы болғандықтан оларды КАТЕХОЛАМИНДЕР деп атайды.
Химиялық табиғаты және синтезi.
Тирозиннен синтезделеді , 4 сатыдан тұрады. Адреналин бүйрек үсті безінің тек милы қабатындағы хромаффин жасушаларында түзiледi, себебi тек сол жерде норадреналинді адреналинге айналдыратын фенилэтаноламин-N-метилтрансфераза (ФМТ) кездеседi. Метилтрансферазаның синтезі ГСК-мен реттеледі. Норадреналин көптеген тіндерде, мида және симпатикалық нерв жүйесiнде де түзiлуi мүмкiн.


Тирозин


Диоксифенилаланин (ДОФА)


Диоксифенилэтиламин (дофамин)


Норадреналин


ОН


Адреналин


Катехоламиндердің синтезі.


Адреналин-негiзi гормон, ал норадреналин оның негiзiн салушы.
Нысана жасушалары: бауыр, қаңқа және жүрек бұлшық еттері, тамырлардың тегіс бұлшық еттері, бронх, ішек, зәр шығару жолдары, май тіні, орталық нерв жүйесі.
Адреналин және норадреналин байланысатын рецепторлар ® адренорецепторлар деп аталады. Олар: α және β рецепторлары болып бөлінеді.
Мысалы, жүрек, ми, қан тамырларында, май тіндерінде, бауырда көбiне β рецептор, ал бұлшық етте, ішекте, шеткi қан тамырларында, құрсақ қуысының органдарында (бауырдан басқа) α-рецептор көбірек болады.
.


AДРЕНОРЕЦЕПТОРЛАР







Адреналин
рецепторлармен,


норадреналин
рецепторлармен байланыса алады.





Физиологиялық әсерi.
Катехоламиндердің қан тамырларына әсері әр түрлі:
α-адренорецепторлармен байланысса, қан тамырларын тарылтады, сондықтан артериялық қысым жоғарылайды.
Бетта-адренорецепторлармен байланысса қан тамырларын кеңейтеді. Қан айналымы жақсарып ағзалар оттекпен және энергия көзiмен қамтамасыз етіледі.


Бауырда гликогеногенезді , гликогенолиз бен глюконеогенезді күшейтеді ;
май тіндерiнде липолиз күшейiп БМҚ мен глицерин мөлшері артады;
бұлшық еттерде жиырылуы мен гликогенолизді арттырады;


Сондықтан адреналин мен норадреналин әсерiнен жүрек және бұлшық етте энергиялық субстраттар көбейіп жұмыс атқару қабiлетi күшейеді.
Адреналин «эмоциялық» гормон, ол кездейсоқ жағдайларда организмнің қызметін сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына бейімдейді. Стресс кезiнде адреналин көп мөлшерде бөлiнiп тек ß рецепторлармен ғана емес α рецепторларменде байланысуы мүмкін. Нәтижесінде шеткі қан тамырлары, сондай-ақ жүрек,ми тамырлары тарылып инфаркт немесе инсульт туғызуы мүмкін. Адреналин калоригендi, жүрек жұмысын жақсартатын, гипергликемиялық, катаболикалық әсер көрсететін гормон.


Бүйрек үсті безінің милы қабатының гормондарының секрециясының реттелуі:
1. симпатикалық нерв жүйелері арқылы (ацетилхолин арттырады).
2. ГКС (норадреналиндi адреналинге айналдырады )
Катехоламиндердің бөлінуі әр түрлі жағдайлар әсерінен, яғни стресс, дене еңбегі, жан күйзелісі, қандағы инсулин деңгейінің жоғарлауы, гипогликемия, гипоксия және т.б. жағдайларда да болады. КА-дің бөлінуі Са2+ иондарының қатысуымен өтеді.


ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Т.Ш.Шарманов, С.М.Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», Алматы, 1998 г.
С.Тапбергенов «Медицинская биохимия», Астана, 2001 г.
С.Сеитов «Биохимия», Алматы, 2001 г.
В.Дж.Маршал «Клиническая биохимия», 2000 г
К.Өмірзақова «Гормондар биохмиясы», Алматы, 2004 ж
Қосымша:
Б.Гринстейн, А.Гринстейн «Наглядная биохимия», 2000 г.
Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2005 г.
Д.Г.Кнорре, С.Д.Мызина «Биологическая химия», Москва, 2002 г.
Р.Марри, Д.Греннер «Биохимия человека», I-II том, 1993 г.
А.Ш.Зайчик, Л.Г.Чурилов «Основы патохимии», Москва, 2001 г.
Полосухина Т.Я., Аблаев Н.Р. «Материалы к курсу биологической химии», 1977 – С. 3, 30-33, 47-49, 59-62.
Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача», 1994 – С. 34-54, 75, 95, 108, 214-216, 224, 249.
Н.Р. Аблаев Биохимия в схемах и рисунках, Алматы 2005 г.
Биохимия. Краткий курс с упражнениями и задачами. Под ред. проф. Е.С. Северина, А.Я. Николаева, М., 2002 г.


ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАРЫ
КЕРІ БАЙЛАНЫС:
ГКС,химиялық табиғаты, әсер ету механизмі.
МКС, химиялық табиғаты, әсер ету механизмі.
Адреналин және норадреналин, түзілуі, химиялық табиғаты, әсер ету механизмі. Катехоламиндердің зат алмасуына әсері.



написать администратору сайта