Главная страница
Навигация по странице:

  • 5. Оқыту әдісі

  • 7. Әдебиеттер Негізгі

  • 8. Ұйымдастыру кезеңі 8м

  • 10. Жаңа сабақты түсіндіру 40м

  • Жіктелуі

  • Нәрестенің жамбаспен орнығуының себептерін органикалык және функционалдык деп екіге бөледі 1. Органикалық себептері.

  • Жүктілік және босанудың ағымы

  • Биомеханизм ерекшеліктері Нәрестенің жамбаспен туылуының биомеханизмін бес кезеңге бөледі.1. Бірінші кезең

  • Цовьянов әдісі, техникасы

  • Цовьянов әдісінің техникасы (нәресте бөксесімен орныққанда

  • Нәресте жамбаспен жатқанда кесар тілігіне көрсеткіштер

  • 11. Оқушының өз бетінше атқаратын жұмысы 47м

  • 12. Жаңа тақырыпты бекіту

  • Акуш. 2. Саат саны 3с Саба трі тжірибелік Сабаты масаты


    Скачать 122.5 Kb.
    Название2. Саат саны 3с Саба трі тжірибелік Сабаты масаты
    Дата22.06.2020
    Размер122.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаАкуш.doc
    ТипПрограмма
    #131897

    1. Сабақтың тақырыбы: Нәрестенің жамбаспен келуі.

    2. Сағат саны 3с

    3. Сабақ түрі тәжірибелік

    4. Сабақтың мақсаты

    оқыту: ұрықтың жамбаспен жатуының диагностикасын, босану биомеханизмін, асқынуларын, оперативті жолмен босанудың көрсеткіштеріне үйрету;

    тәрбиелік: ана мен нәрестеге патологиялық босануда көмек бере білуге үйрету;

    дамыту: акушериядағы патологиялық босануларды игеруге үйрету. .

    5. Оқыту әдісі теориялық, пациенттің курациясы

    6. Материалды техникалық жабдықталуы

    а) техникалық құралдар медициналық инструментарий

    б) көрнекі және дидактикалық құралдар кестелер, жүкті әйел мен ұрық фантомдары, хаттамалары

    в) оқыту орны перзентхана, оқу бөлмесі

    7. Әдебиеттер

    Негізгі

    Мемлекеттік тілде:

    1. Бисембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық. «Акушерия»,

    - Алматы 2004

    1. Көзденова Р.С., Сейтмәмбетова Н.Қ., оқулық «Акушерлік» - Алматы 2000

    Орыс тілінде:

    1. Акушерство: учебник+CD. В.Е. Раздинский.- М., ГЭОТАР-медиа, 2008-90с

    2. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии: учебник. М.В. Дзигуа. – М., ГЭОТАР – медиа, 2011-528с

    Қосымша

    1. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие. В.Л. Осипова. – М., ГЭОТАР- Медиа, 2009.-256с

    2. Гинекология. Л.Н.Василевкоая, В.М.Грищенко, В.П.Юровская, Н.А. Щербина. Растов – на – Дону, «Феникс», 2007

    3. «Акушерство и гинекология. практикум» Т.Е. Белокриницкая. Растов – на – Дону, «Феникс», 2007

    4. Перинатальное акушерство. В.Б. Цхай Растов – на – Дону, «Феникс», 2007

    5. В.И. Дуда «Акушерство» Москва 2005

    6. Программа ВОЗ «Безопасное материнство», 2008

    8. Ұйымдастыру кезеңі 8м

    - оқушылардың қатысуын тексеру;

    - оқушылардың дайындығын тексеру;

    - сабақ мақсаты мен міндетін хабарлау.

    9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 20м

    Тесттер бойынша жүргізіледі:

    • Нәрестенiң жамбаспен жатуында, жұктiлiктiң қай мерзiмiнен

    бастап комплекстiк жаттығулар жасау керек?

    1. 29-30 аптадан

    2. 20 аптадан

    3. 25 аптадан

    4. 31-32 аптадан

    5. 33-35 аптадан

    е

    Жүктiлiк кезiнде нәресте жамбаспен орналасқан жағдайда, қандай

    тәсiлмен қатесiз диагноз қоюға болады?

    1. ультрадыбыстық зерттеу

    2. акушерлiк сыртқы зерттеу

    3. нәрестенiқ жұрек соғысын тыңдау

    4. қынаптық зерттеу

    5. амниоскопия

    а

    Нәресте жамбаспен жатқанда жүктiлiк кезiнде жиi кездесетiн

    асқынулар;

    1. аяқтың, кiндiктiң қынапқа түсуi

    2. жүктiлiк шеменi , гестоздар

    3. нәрестенiң жатырдағы гипоксиясы, гипотрофиясы

    4. нәрестенiң кемтарлығы

    5. қағанақ суының мезгiлсiз кетуi

    е

    Жамбаспен жатуда босану кезiнде байқалмайтын асқыну:

    1. нәрестенің өзіндік баспен бұрылыс жасауы

    2. толғақ күшiнiң әлсiздiгi

    3. нәрестенiң гипоксиясы

    4. нәрестенiң қолының жоғары көтерiлiп бүгiлуi

    5. кiндiктiң түсуi

    а

    Жамбаспен жатуда нәресте құйрығы жамбас түбiнде болғанда, басы

    қайда болады?

    1. кiшi жамбасқа кiреберiс үстiнде

    2. кiшi жамбасқа кiреберiсте

    3. кiшi жамбастың кең бөлiгiнде

    4. кiшi жамбастың тар бөлiгiнде

    5. жамбастың шығу жазықтығында

    а

    Нәрестенiң құйрығы жамбас түбiнде болғанда, иығы қайда болады?

    1. кiшi жамбасқа кiреберiсте

    2. кiшi жамбасқа кiреберiс үстiнде

    3. кiшi жамбастың кең бөлiгiнде

    4. кiшi жамбастың тар бөлiгiнде

    5. жамбастың шығу жазықтығында

    а

    Жамбаспен жатқанда босану механизмiнiң 5-шi моментi:

    1. құйрықтың кіші жамбас ішіне түсуі

    2. құйрықтың ішкі бұрылысы арқамен алға карап

    3. құйрықтың iшкi бұрылысы арқамен артқа қарап

    4. құйрықтың тесуі мен тесіп шығуы

    5. бастың іштей бұрылыс жасауы

    е

    Нәрестенi бiр аяғынан, екi аяғынан, шатынан экстракция жасау

    операциясының көрсеткiшiне жатпайды:

    1. клиникалық тар жамбас

    2. күшену кезеңiнiң әлсiздiгi

    3. нәрестенiң гипоксиясы

    4. преэклапмсия, эклампсия

    5. жүректiң декомпенсацияланған ақауы

    а

    Жамбаспен жатудың пайда болу себептеріне жатпайды:

    1. экстрагенитальді аурулар

    2. жатырдың тонусының төмендеуi

    3. тар жамбас

    4. жатырдың iсiгi

    5. жатыр жиырылуының ақауы

    а

    Жамбаспен жатқанда нәресте иығының төменгi бұрышына дейiн

    туылғанда, басы қайда болады?

    1. жамбас түбiнде

    2. кiшi жамбасқа кiреберiсте

    3. кiшi жамбастың кең бөлiгiнде

    4. кiшi жамбастың тар бөлiгiнде

    5. кіші жамбасқа кіреберістің үстінде

    с

    Нәрестенiң жамбаспен жатуының артқы түрiнiң I-шi

    позициясында сегiзкөз қайда қарайды?

    1. солға артқа

    2. оңға, артқа

    3. солға, алға

    4. оңға, алға

    5. оңға, солға

    а

    Жамбаспен жатудың артқы түрiнiң II-шi позициясында

    сегiзкөз қайда қарайды?

    1. оңға, артқа

    2. оңға, алға

    3. солға, артқа

    4. солға, алға

    5. оңға, солға

    а

    Жамбаспен жатудың алдыңғы түрiнiң I-шi позициясында

    сегiзқөз қайда қарайды?

    1. солға,алға

    2. оңға,алға

    3. оңға, артқа

    4. солға, артқа

    5. алдына

    а

    Жамбаспен жатудың алдыңғы түрiнiң II-шi позициясында

    сегiзкөз қайда қарайды?

    1. оңға алға

    2. солға, алға

    3. оңға, артқа

    4. солға, артқа

    5. артына

    а

    Жамбаспен жатуда нәресте басы қандай өлшеммен тесiп шығады?

    1. кiшi қиғаш өлшеммен

    2. орта қиғаш өлшеммен

    3. үлкен қиғаш өлшеммен

    4. тiк өлшеммен

    5. вертикалды өлшеммен

    а

    Жамбаспен жатуда ана мен нәрестеге ең қолайлы вариант:

    1. таза құйрықпен

    2. толық аяқпен

    3. тiземен

    4. толық емес аяқпен

    5. аралас құйрықпен

    а

    Нәресте алдыңғы иығының төменгi бұрышына дейiн туылған соң,1-2

    күшенуден кейiн жылжымаса, не iстеу қажет:

    1. классикалық қолмен шығару тәсiлi

    2. акушерлiк қысқаш салу

    3. бастың перфорациясы

    4. Цовьянов тәсiлiн қолдану

    5. кесар тiлiгi операциясы

    а

    Нәрестенi шатынан экстракция жасау дегенiмiз:

    1. нәрестенiң өкшесiнен төбесiне дейiн тартып шығару

    2. нәрестенiң мүшелерiнiң орналасуын сақтау

    3. аяқпен жатуды аралас құйрықпен жатуға айналдыру

    4. нәрестені иық белбеу мен басынан тартып шығару

    5. басынан тартып шығару



    10. Жаңа сабақты түсіндіру 40м

    Нәресте жамбаспен жаткан кезде босану барысы көбінесе нәресте асфиксиясымен, жаракаттануымен, шетінеумен аскынады. Кейде босану калыпты жағдайда өтуі мумкін. Көп жағдайда кесар тілігін және қолмен көмектесу –Цовьянов әдістерін қолданады.

    Жіктелуі:

    1. Бөксемен (бүгілген);

    2. Аяқпен (жазылған).

    Нәрестенің жамбаспен жатуының екі түрі бар: жартылай түрі (тек бөксемен жатады); толык, түрі (нәрестенің бөксесі аяктарымен бірге жатады).

    1. Жартылай түрінде - жамбас куысының кіреберіс жазықтығында нәрестенің тек бексесі орналасады, екі аяғы тұла бойында созылып жатады.

    2. Толық түрінде - жамбастың кіреберіс жазьқтығында, нәрестенің бөксесі аяқтармен бірге орнығады.

    Нәресте аяқпен жатқанда жамбас қуысында нәрестенің аяқтары анықталады. Бұның екі түрін ажыратады (толық және жартылай):

    1). Толық түрінде жамбас қуысында нәрестенің екі аяғы да жамбас сан тізе буындарында сәл жазылып жатады;

    2). Жартылай түрінде жамбас куысында нәрестенің тек бір аяғы жамбас сан тізе буындарында бүгіліп, екінші аяғы тұла бойында созылып жатады.

    Нәрестенің жамбаспен орнығуының себептерін органикалык және функционалдык деп екіге бөледі

    1. Органикалық себептері.

    Жамбас өлшемдерінің тарылуы және оның ауытқуы;

    жатырдың ақаулары; қағанақ суының көптігі; ұрық қимылының артуы; жатырдың төменгі сегментіндегі миоматозды түйіндер; егіз жүктілік;

    2. Функционалдық себептері: ретсіз толғақ.

    Диагностика. Нәрестенің жамбаспен жатуын анықтау үшін сыртқы, ішкі акушерия зерттеулерінің тәсілдеріне сүйенеді.

    Бұл жағдайда жатыр деңгейі жоғары тұрады, себебі нәрестенің жамбасы басына қарағанда көлемді, осыған байланысты жамбас қуысының кіреберісіне біте орнықпайды.

    Сыртқы зерттеу кезіндеЛеопольд тәсілдерін қолданады, жамбастың кіреберіс жазықтығына жақын, нәрестенің көлемді, жұмсақ, шамалы қозғалмалы бөлігі анықталады. Нәрестенін жүрек соғуы кіндік деңгейінде немесе одан сәл жоғарыда естіледі.

    Қынаптық зерттеу кезінде: бөксеаралық сызығы (Ііпеа іnіеrtrосһаntегіса) жамбас қуысының бір қиғаш өлшемдеріне сәйкес келеді, сегізкөз, құйымшақ сүйектерін анықтауға болады. Егер бөксе аяқпен аралас жатса, оның қасында жатқан өкшені де анықтайды. Нәресте бөксемен орналасқанда, көбінесе оны бетпен шатастырады, сондықтан сегізкөз, құйымшақ және өкшені табу қажет; нөресте бетпен жатқан жағдайда қас жиегін, мұрын түбін анықтайды. Нәрестенін жамбаспен жатуын анықтағанда - қосымша ультрадыбыс, амниоскопия зерттеулерін қолданады.

    УДЗ-де ұрықтың жамбаспен жатуын анықтаумен бірге. оның жынысын, салмағын, басының бағытын (бүгілгенін. шалқайғанын), плацентаның орнын, қағанақ суының көлемін және ұрықтың ауытқуларын анықтауға болады.

    Жүктілік және босанудың ағымы

    Нәресте жатырда жамбаспен жатқанда жүктілік пен босану ағымындағы асқынуларды ескере отырып, көптеген акушерлер нәрестенің жату қалпын өзгертуді ұсынған (профилактикалық сыртқы акушерлік бұру операциясы арқылы). Бірак бұл операцияда көптеген асқынулар болып - жүктіліктің мезгілсіз үзілуі, қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі т.б.; операция нәтижесіз болды

    Көптеген авторлар Грищенко және Шулешова, Дикань түрлі гимнастикалар көмегімен жатырда нәрестенің жату қалпын өзгертуді ұсынды (35 апталық жүктіліктен бастап)

    Диканьнің гимнастикасы бойынша: жүкті әйел қатты төсекте, кезекпен оң және сол бүйіріне 10 минуттан жатады (бір сағат бойы). Гимнастиканы күніне 3 рет тамақ алдында жасайды. Бір апта аралығында нәрестенің жату қалпы өзгеру мүмкін (жамбастың орнына нәресте басы орнығады).

    Босану ерекшеліктері

    Босанудың I кезеңінде - қағанақ суының ерте кетуі, толғақтың өлсіздігі және нәресте кіндігінің қынапқа түсуі байқалады.

    Жатырдың төменгі бөлігі нәресте жамбасы толық қысып ұстай алмағандықтан, қағанақ суы алдыға ұмтылып, қысым артып, қағанақ қуығының тез жарылуына әсер етеді. Қағанақ суының ерте кетуі (жатыр мойны түгел ашылмай тұрып), кіндік баудың, кейбір майда мүшелерінің қынапқа түсуі, босанудың асқынуына және нәресте гипоксиясына душар етеді. Сондықтан қағанақ суын бірінші кезенде сақтаудың маңызы зор; ол үшін жүкті әйелді нәрестенің арқасы жатқан жақка қырынан жатқызады.

    I кезеңде нөрестенің жүрек соғуына және толғақ сипатына көңіл бөлу керек. Нәресте гипоксиясының алдын алу үшін: оттегін 40 % - 20,0 мл глюкозаны + 1,0 мл сигетинді үш сағат сайын және 1,0 мл АТФ, 100 мл кокарбоксилазаны, 0,01 гр метионинді, 0,02 г фолий қышқылын, 400 мл реополиглюкинді қолданады.

    Босанудың екінші кезеңін ұқыпты жүргізу қажет. Әрбір толғақтан кейін (1-2 минуттан соң) нәрестенің жүрек соғуын және толғақтың қарқынын қадағалайды. Екінші кезеңнің басында толғақтың әлсізденуінің алдын алу үшін, окситоцин сұйықтығын венаға тамшылаып құяды (8-40 тамшыға дейін, тамшы жиілігін толғақтың қаркынына қарай қадағалайды). Нәресте бөксесі жыныс ернеуінен туылған кезде оның басы жамбас қуысына түседі, жатыр мойын өзегі тарыльш, нәресте басын қыспау үшін 2 % - 2,0 мл но-шпа неесе 2 % - 4 мл папаверин, 1 мл атропин сүйықтығын бұлшық етке енгізеді.

    Нәресте бөксесімен туылғанда босану жолдарының, нәрестенің жарақаттануы жиі кездеседі.

    Биомеханизм ерекшеліктері

    Нәрестенің жамбаспен туылуының биомеханизмін бес кезеңге бөледі.

    1. Бірінші кезең- жамбастың кіреберіс жазықтығына нәресте бөксесі, бөксеаралық сызығымен (linea intertrochanterica) сол не оң қиғаш өлшеміне сөйкес орнығады. Алдыңғы түрінде нәресте арқасы алға (шатқа) қарай; артқы түрінде артқа (сегізкөзге) және жатыр қабырғасының оң немесе сол жағына сол қиғаш өлшемінде, ал II позицияда - оң қиғаш өлшемінде өтеді. Осы қиғаш өлшемде нәресте бөксесімен жамбас қуысына жылжиды, алдыңғы жағына (қасағаға) бағытталған нәресте бөксесі - жетекші нүкте артқа (сегізкөзге) бағытгалған бөксемен салыстырғанда төмен орныққан.

    2. Екінші кезең - нәресте бөксесі ішкі бұрылыс жасап, бір.тіндеп жылжып, жамбас қуысының түбіне түседі, бөксеаралық сызық жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді. Нәрестенің алдыңғы бөксесі қасағаға, артқы бөксесі сегізкөзге тіреледі.

    3. Үшінші кезең - бірінші нәрестенің қасағаға бағытгалған бөксесі туылады, оньщ мықьш сүйегі кдсаға доғасьша тіреліп, бекіту нүктесін қүрайды. Осы бекіту нүктесінің аймағында, нәресте түлғасымен бір бүйіріне қарай қатты бүгіледі (жамбастың өткізгіш бағытына сәйкес). Нәресте түлғасы бүгілген кезде, артқа (сегізкөзге) бағытгалған нәресте бөксесі туылып, содан кейін оның жамбасы түгел туылады. Осыдан кейін нәресте түлғасы түгелімен түзеледі де, әйел бірнеше рет күшенгеннен кейін, ол кіндік түбіне; содан кейін жауырынның төменгі бұрышына дейін; арқасымен шамалы алға бүрылып туылады.

    4. Төртінші кезең - нәресте иығының көлденең өлшемі жамбастың кіреберіс жазықтығының қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Ал жамбастың шығаберіс жазықтығында иықтың көлденең өлшемі оның тік өлшеміне сәйкес келеді. Бұл жағдайда алдыңғы иық қасағаның астына орнығады, артқы иық жамбас қуысынан шығады, нәрестенің екі қолы өзі туылады.

    5. Бесінші кезең - нәресте басы бүгілген күйіңце жамбастың қиғаш өлшемінен (нәресте бөксесі және иығы өткен өлшеміне қарама-қарсы) өтеді. Жамбас қуысында нәресте басы ішкі бүрылыс жасап, желкесімен қасағаға, бетімен сегізкөзге қарай бүрылады. Сөйтіп, шүйде ойығы қасаға доғасына тіреледі (бекіту нүктесі), жыныс ернеуінен алдымен иек, сосын бет, маңдай, самай және желке көріне бастайды. Сонымен нәресте жамбаспен жатқан кезде, оның басы жамбас қуысынан кіші қиғаш өлшемінің айналымы арқылы өтеді, бастың пішіні еш өзгермейді (2-сурет).

    Нөресте аяқтарымен жатқанда, биомеханизм ерекшеліктері оның жамбаспен жатқанындай.

    Айырмашылығы: жыныс ернеуінен бірінші бір немесе екі аяғы көрінеді. Шатқа бағытталған аяғы, алдыңғы аяқ, аяқ тізеге дейін туылғанда, нәресте бөксесі жамбас қуысына түседі. Ары қарай босану ағымы нәресте жамбаспен жатқандай

    Асқынулары:

    1. нәресте қолдарының орынсыз көтеріліп, (қолдары желкеге, құлақ тұсына, бетке көтеріледі).

    2. Қағанақ суының мезгілсіз кетуі.

    3. Босанудың ауытқуы.

    4. Кіндік баудың және майда мүшелердің қынапқа түсуі

    5. Жатыр мойын өзегінің тарылып, нәресте тұлғасын немесе оның мойнын қысып қалуы.

    6. Нәресте басының шалқаюы.

    Цовьянов әдісі, техникасы

    Цовьянов әдісі нәресте мүшелерінің қалыпты жағдайда сақталуына негізделген және келесі асқынулардан - бастың шалқаюынан, қолдың орынсыз көтеріліп бүгілуінен алдын ала сақтандырады. Нәресте мүшелерін қалыпты жағдайда сақтау үшін, босану кезеңінде оның аяқтарын дене тұлғасына жақындатып басып ұстау қажет.

    Цовьянов әдісінің техникасы (нәресте бөксесімен орныққанда)

    Нәресте бөксесімен түгел туылғаннан кейін, екі қолдың басбармағы тұлғасында созылып жатқан нәрестенің аяқтарына, ал қалған төрт саусақты сегізкөздің үстіне қояды. Қолдың осылай орнығуы нәресте аяқтарының бұрын түсіп және денесінің төмен салбырауынан сақтандырады. Туылып келе жатқан нәресте тұлғасын жамбастың өткізгіш бағытына сәйкестендіріп жоғары көтереді. Кеудесі туылған сайын акушер қолдарьш жыныс ернеулеріне қарай жылжытьш, бас бармақпен аяқтарын үстап, қалған төрт саусақтарын нәрестенің арқасына біртіндеп жылжытады.

    Нәрестенің иық белбеуі туылғанша, оның аяқтарын ұстап тұрған жөн. Иық белбеуі туылғаннан кейін нәресте қолдары бірден туылады. Егер нәресте қолдары өз бетімен туылмаса, иық белбеуін жамбастың тік өлшеміне сөйкестеңдіріп, нәресте тұлғасын төмен және жоғары көтереді. Осыдан кейін нәрестенің иегі мен бет бөлігі туылады. Егер толғақ қатты болса, нәрестенің басы өз бетінше туылады, бұл жағдайда нәресте кеудесін жоғары бағыттау керек. Егер нәресте қолдары, басы өз бетінше туылмаса, қолмен жәрдем беру және Морисо-Левре әдістемелерін қолданады.

    Цовьянов әдісі – нәресте аяқпен орныққанда .

    Нәресте жамбас қуысында аяқпен жатқан кезде босану ағысы жиі асқынады. Бұның негізгі себебі - жамбас қуысындағы нәресте аяқтары, нәрестенің иық тұлғасы жөн( басы кедергісіз өтетіңдей босану жолдарын кеңейте алмайды осының салдарынан нәрестенің қолдары жоғары көтеріліг бүгіледі де, басы шалқайып жатыр мойны қысып қалуь мүмкін. Сондықтан босану ағысы асқынбау үшін, жатьц мойны түгел ашылғанға дейін, нәресте аяқтары қынап көлемінде жату керек (Цовьянов әдісі). Қынаптық зертгеу арқылы нәрестенің аяқтарын анықтап, жатыр мойны толық ашылғанша, сыртқы жыныс мүшелерін салфетка арқылы алақанымен түгел жауып түрады .

    Жатыр мойны толық ашылған кезде, алақан асты нан нәресте аяқтары тепкілеп, өздері шыға бастайды және нәресте бөксесі де анықталады (толық түрі) пайда болады, босануы нәрестенің бөксесімен| босанғанындай.

    Қынаптан шыққан екі немесе бір аяқты екі қолмен бірдей ұстап, үлкен бармақты балтырдың алдыңғы жағына қойып, төмен қарай тартады. Аяқтар темен түскен сайын, қолцы жыныс ернеулеріне қарай жылжытады. Алдымен алдцыңғыжақтағы бөксе жыныс ернеуінен шығады, содан кейін артқы бөксесі туылады. Бірден үлкен бармақты сегізкөзге қойып, қалған саусақтарды нәресте ішінің төменгі жағына орналастырады, сөйтіп жайлап төмен қарай тартады - нәресте арқасымен алға қарап, кіндік, иық белбеуіне дейін туылады, одан соң қолдары, басы шығады.

    Нәресте жамбаспен жатқанда кесар тілігіне көрсеткіштер

    1. Асқынған акушерлік анамнез (бедеулік, нәрестенің жарақаттануы т.б.), жатыр миомасы, тар жамбас, гестоз, ұзаққа созылған жүктілік нәрестенің жамбаспен жатуымен бірлесіп келгенде.

    2. Жатыр тыртығы.

    3. Ірі нәресте.

    4. Кіндік бауының төмен орналасуы.

    5. Плацентаның төмен орналасуы.

    6. Жүктілік гестозының ауыр түрлері.

    11. Оқушының өз бетінше атқаратын жұмысы 47м

    Оқытушы оқушыларға алдын ала сабақтың тақырыбына байланысты дайындалған науқастарды, яғни босанатын және босанушы әйелдердi, операциядан кейiнгi науқастарды. таратады

    Оқушы өз бетінше сыртқы акушерлік зерттеуді, Леопольд - Левицкий тәсілдерін, жатыр түбінің биіктігін, іштің айналымын, ұрықтың болжамды салмағын анықтауды, жүктіліктің мерзімін анықтау, жамбас сүйегімен ұрықтың сәйкестігін анықтауды үйрену керек. Курациядан кейін студент дұрыс диагноз қоя білу керек, босандыру жолын, босанудың жүргізу жоспарын, кездесетін асқынулардың алдын-алу жоспарын белгілеу керек.

    Мысалы: 1. Жүктілік 39-40 апта. Таза кұйрықпен жату. Преэклампсия жеңіл дәріжесі .Анемия 1ші сатысы.

    Босануды жүргізу жоспары:

    1. босану әрекеті басталғаннан бастап, босануды табиғи босану жолдары арқылы жүргізу.

    2. босанудың-I 1 ші кезеңінде қағанак суының ерте кетуін болдырмауға арналған шараларды қолдану.

    3. босану кызметінің жылдамдығын, босанатын әйелдің және ұрықтың жағдайын қадағалау

    4. босану кызметінің ауытқуының, ұрықтың құрсақ ішілік гипоксиясын алдын -алу шараларын қолдану.

    5 босанудың II-ші кезеңінде тамырға окситоцин енгізумен , Цовьянов әдісін қолдану арқылы пудендалды анестезиямен, кажет болса перинео- немесе зпизиотомия жасау.

    1. 2-ші жене 3-ші кезеңдегі қан кетуді алдын - алу.

    Курациядан кейін оқушылар оқу бөлмесіне жиналады.

    Жүктілікті жүргізу мен емдеу жоспарының дұрыстығын бағалайды. Жүктілікті жүргізу жоспарын анықтайды. Қиындық туған жағдайда оқытушымен бірге талкылап, жүктілікті жүргізуге косымша деректер енгізеді. Әйелде кездесетін асқынуларды және олардың алдын - алу шараларын талқылайды. Фантомда жамбаспен жатудағы босану кезеңдерін талқылайды.Сабаққа дайындалу барысында оқушыларға жамбаспен жатудың әрбір түрлеріндегі босануды жүргізу және көрсетелетін көмекші әдістерге көңіл бөледі. (Цовьянов 1әдісі таза кұйрықпен жатуда, аяктармен жатуда- Цовьянов 2 әдісі, жамбаспен жатудағы классикалық әдісті қолдану).

    12. Жаңа тақырыпты бекіту. 14м

    1. Цовьянові әдісін қандай жағдайда жасайды:

    а)ұрық жаурының төменгі ұшына дейін туылғанда

    б)жамбасы шығып келе жатқанда

    в) кіндікке дейін туылғанда

    г) жамбас туылған кейін

    2. Цовьянов әдісі қай бөлікті босату ушін қолданылады:

    а)иық бөлігін босату үшін

    б)аяқпен келгенде жамбасқа келтіру

    в) басты босату үшін

    г) ұрықтың денесін бүгілген күйінде сақтау

    3. Жамбаспен келгенді кесар тілігіне көрсетулер:

    а)ауыр гестоз

    б) жоғарғы дәріжедегі алыстанкөрмейшілік

    в)алып ұрық

    г) аяқпен келу

    4. Аяқпен келгенде босандыру үшін қолданылады:

    а)классикалық акушерлік әдіс

    б)Цовьянов әдісі

    в) ұрықты аяғынан тартып алу

    г) Кесар тілігі

    5. Жамбаспен келгенде босанудың II-ші кезенде қандай асқынулар кездеседі

    а)түрінің артқа қарауы

    б) колын желкесіне тастауы

    в) басының шалқайып кетуі

    г) аяғының түсіп кетуі

    6. Таза жамбаспен келгенде босанудың II-ші кезеңде қолданылатын әдістер

    а)көктамырға окситоцин енгізу

    б) спазмолитиктер қолдану

    в)эпизиотомия

    г) Цовьянов әдісін қолдану

    7. Жамбаспен келгенде өткізу нүктесі

    а)алдынғы жамбас

    б) артқы жамбас

    в) алдынғы аяқ

    г) артқы аяқ

    8. Классикалық қол әдісі қолданылады

    а)Аяқпен келгенде аралас жамбасқа келтіру

    б) басын босатып алу

    в)ұрықтың дұрыс қалпын сақтау

    г) иық белдеуін босату

    9. Аралас жамбаспен келгенде

    а)Цовьянов бойынша нұсқама

    б) босануды Цовьянов әдісі бойынша жүргіду

    в) аяқтан тартып түсіру

    г)классикалық қол әдістемесін қолданылады

    10. Жамбаспен келгенде I-ше кезеңінде болатын асқынулар

    а)босану әрікетінің әлсідігі

    б) ұрық көпіршігінің мезгілсіз жарылуы

    в) кіндіктің түсіп кетуі

    г) нарестенің қолының жоғары қөтеріліп бүгілуіне кедергі жасайды

    11. Кіші жамбастың қай бөлігінде нәрестенің ішкі айналымы болады

    а) кіші жамбас уіреберісінде

    б) кіші жамбастың кең бөлігінде

    в) кіші жамбастың тар бөлігінде

    г) жамбастың түбінде

    12. Таза жамбаспен келгенде аяқ қолдың дұрыс орналаспауын артықшылығы

    а) басы бұгілген жағдайда

    б)ұрықтың аяқтары нарестенің қолының жоғары қөтеріліп бүгілуіне кедергі жасайды

    в) кеуде клеткасының көлімі бастың көлемінен үлкен

    13. Сабақты қорытындылау. 3м

    Оқушылардың білім деңгейін бағалау

    14. Үйге тапсырма беру 3м

    Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.


    написать администратору сайта