24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Скачать 1.24 Mb.
|
Ауыз қуысының шырышты қабығының қандай ерекшелігі оның пластикалық қызметін көрсетеді:Тұрақты түрдегі эпителий десквамациясы Микроорганизмдер мен вирусты өткізбеуі +Эпителий клеткаларының жоғары митотикалық белсенділігі Органикалық және бейорганикалық қосылыстарды сіңіруі Әртүрлі рецепторладың болуы *** Ауыздың жедел герпестік қабынуы кезінде жүргізілген цитологиялық зерттеуарқылы анықталатын жасушалар: Қан жасушалары Пирогов-Лангханс жасушалары Аконтолизденген жасушалар +Көп ядролы алып жасушалар Эпителийдің некробиоздың әртүрлі сатысындағы жасушалары *** Ашық тістемде қандай жазықтық бойынша тіс қатарлары түйісуінің бұзылуы ықтимал: Туберальды Трансверзальды Окклюзальды Сагиттальды +Вертикальды *** Байлап-таңу материалдарын залалсыздандыратын әдіс:Құрғақауалы Қайнату арқылы +Автоклавта Химиялық Кварцтық лампамен *** Бала 1 жаста, анамнезінен жасанды тамақтануда болғаны анықталған. Анасы төменгі ерінін ішіне еніп тұруына, оны сорып журуіне шағымданады. Қарау кезінде иектің артқа ығысуы анықталды, төменгі ерні жоғарғы ернінің астына сорылады. Төменгі жағы квадрат пішінді. Сагитальды бағыттағы жақ арасындағы қашықтық 1,5 мм. Осы патологияның мүмкін болатын себептері: тістердің кешігіп жарып шығуы тістердің ерте жарып шығуы +жасанды тамақтандыру тілдің қысқа үзбесі тұқым қуалайтын фактор *** Бала 10 жаста, тістерінің жоқтығына шағым етеді. Сырттан қарағанда бетінің төменгі бөлігінің төмендеуі байқалады, беттің ортаңғы бөлігі дамымай қалған, профилі ойыс, шаштары, кірпіктері, қастары сирек, ауздың бұрышында жарылу бар. Ауыз қуысында біз тәріздес формасы бар барлығы 4 тіс бар. Қандай алғашқы диагноз мүмкін сияқты болады: Стейнтон-Капдепон синдромы Жетіспеген дентиногенез Бас- бұғанақ дизостогы +Эктодермальдық дисплазия Жетіспеген остеогенез *** Бала 6 жаста. Дәрігер – ортодонттың емделуінде. Түнгі уақытта иек асты таңғышты бір жыл бойы қолданып келеді, бірақ ем нәтижесіз. Қарау кезінде: төменгі еріннің алдыға шығуы байқалады. Алдыңғы тістер арасында тремалар. Тіс қатарларының пішіні жартылай шеңберге жақын. Алдыңғы бөлімдегі кері күрек тістесу. Бүйір тістердің қатынасы бұзылмаған. Қандай қателік жіберілді және неге: Өмірінің анамнезі жиналмаған, сүт тістерінен ерте айрылуы бар Өмірінің анамнезі жиналмаған, тұрақты тістердің кешігіп жарып шығуы бар Аурудың анамнезі жиналмаған, көпкомплектті тістердің болуы бар Өмірінің анамнезі жиналмаған, эндокринді жүйенің ауырулары бар +Өмірінің анамнезі жиналмаған, ЛОР – ағзаларының ауырулары бар *** Бала 8 жаста. 1.2, 2.2 тістерінің шығуының кешігуіне шағымданып келді. Анамнезінен анықталды сүт тістер уақытында түсіп, төменгі күрек тістер уақытылы шыққан. Ауыз қуысын қарау кезінде тұрақты жоғарғы күрек тістердің жоқтығы анықталды. Төменгі күрек тістердің кесу қыры жоғарғы альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатына дейін тиіп тұрғаны анықталды. Балада қажетті ортодонтиялық емсіз қандай тістесу патологиясы пайда болады: ортогнатиялық тістесу айқас тістесу +терең тістесу ашық тістесу прогнатиялық тістесу *** Бала 9 жаста. Ата-анасы ортаңғы күрек тістердін алдыға шығып және олардың төменгі еріннің үстінде орналасуын шағымданып келді. Анамнезінен: бала кішкентай кезінде жиі ауырғаны анықталды. Соңғы кезде төменгі ернін жиі тістеп алады. Тұқым қуалаушылығы бойынша ешқандай өзгешелік жоқ. Объективті беттік белгілері, еріндері түйіспейді, аузы жартылай ашық, иегі шолақ, төменгі ерні жоғарғы күрек тістердің артында орналасқан, сыртқа аударылған. Қандай комбинирленген әсері бар аппаратты ұсынылған: Гуляева аппаратын Брюкль аппаратын 3 типтегі Френкельдің қызметтін реттегішін 1 типтегі Френкельдің қызметтін реттегішін +2 типтегі Френкельдің қызметтін реттегішін *** Бала 1 жаста. Анасы төменгі еріннің ішіне енуіне және оны соруына шағымданады. Төменгі жақтың пішіні квадрат. Сагитальды бағаттағы жақтар арасындағы қашықтық 1,5 мм. Қажетті ортодонтиялық ем жүргізілмегенде балада қандай тістесу патологиясы дамиды: ашық тістесу айқас тістесу +прогнатиялық тістесу прогениялық тістесу ортогнатиялық тістесу *** Бала 10 жаста. Жоғарғы жақтың сол бөлігі ісінген. Ісінген аймақ ауырмайды, көлемі біртіндеп ұлғайған (2 ай ішінде). Қарау кезінде жоғарғы жақтың сол бөлігі ісінуінен бет ассиметриясы, тері жамылғысы қалыпты. Ауыз қуысында: өтпелі қатпар бойында 22, 23 тістер аймағында томпаю бар. Пальпация ауырсынбайды, Дюпюитрен симптомы анықталады. Алғашқы диагноз: жедел іріңді периостит +радикулярлы ұра остеобластокластома хондрома одонтома *** Бала 10 жаста. Қараған кезде: беті симметриялы, беттің үштен бір бөлігі алға шығыңқы, төменгі ерін жоғарғының алдында орналасады. Мұрын ерін қатпарлары айқын. Бүйір тістердің қатынасы: 16, 26 тістердің алдыңғы ұрттық төмпешіктері төменгі тістердің көлденең фиссураларында орналасады. Фронтальды бөлімде төменгі тістер жоғарғылардың алдында орналасады. Күрек тістердің ортаңғы сызығы солға ығысқан. Алғашқы диагнозды болжаңыз: Айқасқан тістесу +Мезиальды тістесу Дистальды тістесу Ашық тістесу Терең тістесу *** Бала 10 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде анықталған: мұрын мен ерін арасындағы қатпарлар тегістелген, алдыңғы бөлікті толық жауып тұр. 16, 26, 36, 46 тістердің Энгельдің ІІ класы бойынша түйісуі байқалады. Төменгі алдыңғы тістердің тістесу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабығына тиіп тұр. Екі жақ сүйектерінде тістері тығыз орналасқан. 13, 23 тістерге орын жеткіліксіздеу. Ең дұрыс болатын ықтимал диагноз: вертикальді дизокклюзия ортоокклюзия +терең күрек тістік дизокклюзия мезиоокклюзия дистоокклюзия *** Бала 10 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде төменгі ерін алға шығып тұр, беттің орталық бөлігі ұзарған, батып кеткен. Беттің төменгі бөлігі қысқарған, алға шығып тұр, тістесу кері терең. Макроглоссия. Ең дұрыс болуы ықтимал диагноз. Күрек тісті жауып тұру. +Прогениялық тістем Прогнатиялық тістем Ортогнатиялық тістем Ашық тістем, зиянды әдет *** Бала 10 жаста. Тексеріп қарағанада мұрын мен еріннің арасындағы қатпарлар білініп тұр, алдыңғы бөлікте толық жауып тұру бар. 16, 26, және 46, 36 тістердің Энгльдің ІІ класы бойынша түйісуі байқалады, төменгі алдыңғы тістердің тістеу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабығына тиіп тұр. Ортодонтиялық аппараттың қай түрін қолданған дұрыс шешім болып табылады. ІІІ типті Френкельдің функция реттеуші аппараты Ілгелі бар, қолтәріздес қансырмасы бар Кальвелис табақшасы Ретенциялық аппарат +Андрезен-Гойпль аппараты Шварц каппасы *** Бала 10 жаста. Эстетикалық бұзылысқа шағымданады. Объективті берілгендер: Бетті бүйірінен қарағанда шығыңқы. Төменгі ерні ішке қарай орналасқан, төменгі үштен бір бөлігі қысқарған. «Оймақ» симптомы бар. Дәрігер прогнатиялық тістесу диагнозын қойды. Салыстырмалы диагностикасын жүргізу үшін қандай клиникалық сынамасын өткізу қажет: +Эшлер-Битнер Ильина-Маркосян Хорошилкина Малыгин Шварц *** Бала 10 жаста. Эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданады. Профилі дөңес, беттің ортаңғы бөлігі алға шыққан, еріндері күшпен түйіседі. Ауыз қуысында: сагиттальды саңылау – 4мм. Тұрақты азу тістердің аймағында төмпешікті түйісу. Эшлер-Битнердің клиникалық сынамасын жүргізгенде беттің профилі нашарлайды. Төменде аталған емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ лайықты? +Жоғарғы жақтың мөлшерін қысқарту Жоғарғы жақтың өсуін қарқындату Төменгі жақтың өсуін қарқындату Төменгі жақтың мөлшерін қысқарту Екі жақтың да өсуін қарқындату *** Бала 11 жаста. Алдыңғы тістердің түйіспеуіне, тамақты тістен алудың қиындығына шағымданады. Тексеріп қароағанда алдыңғы бөлікте вертикальды саңылау бар, тілін сорады, жұтуы бала тәріздес, еріндері түйіспейді, шырышты қабық құрғақ. Ең дұрыс болуы ықтимал диагноз. трансверсальды дизокклюзия мезиальды дизокклюзия +вертикальды дизокклюзия тортоаномалия адентия *** Бала 11 жаста. Диагнозы: тіс қатарында орын бола тұра 21 тісінің таңдайға қарай орналасуы. 1,5 ай бойына бала бүрандасы, ауыз тістерін ажырататын жапсырмасы, секторальды кесіндісі бар табақшаны қолданады.Бірақта аппаратты уақтылы қолданғанымен жылжытатын тіс өз орнында қалып тұр. Бұдан кейінгі нәтижелі емді атаңыз: 12 тісін жұла отырып протездеу +ортодонттық аппараттың конструкциясын өзгерту тактиканы өзгертпеу, нәтижені күту зерттеу әдістерін хирургиялық еммен толықтыру жанында тұрған тісті жұла отырып ортодонтиялық емдеу *** Бала 11 жаста. Тексеріп қарағанда 12, 22 тістері тіс доғасының сыртында кіреберіс жақта орналасқан. Оларға тіс доғасының орын жеткілікті. 13, 23 тістер шығып келе жатыр. 16, 26 және 46, 36 тістердің түйісуі Энгельдің І класы бойынша байқалады. Ортодонтиялық аппараттың қай түрін қолданған дұрыс шешім болып табылады. Ретенционный аппарат Брюкль аппараты Дасса активаторы Қиялай жатығы бар Катц табақшасы +Z-тәріздес доғасы 16, 26 тістерге қансырмасы бар табақша *** Бала 12 жаста, суық тиіп жиі ауырады, нефрологта диспансерлік есепте тұрады. 3.6 тісінің маңында жыланкөздің пайда болуына шағым айтады. Бұрын тісін жиі емдеген. Объективті: 3.6 тісінде терең тісжегі қуысы жұмсарған дентинге толы. Тіс қуысы ашылған, зондтау, перкуссия ауырсынусыз. Рентген суретте: 3.6 тістің түбірінің 2/3 ұзындығы қалыптасқан, түбір ұшы бөлігінде сүйек тінінің шекарасы айқындалмаған дебетукциясы байқалады. Осы ауруды емдеу әдісін таңдаңыз: периостотомия пульпотомия биологический +апексификация гемисекция *** Бала 12 жаста. Алдыңғы жоғарғы тістердің косметикалық ақауына шағымданады. Ауыз қуысын қараған кезде 14, 13, 12, 11, 21, 22, 23 тістерде ақ түсті, жылтырлығы сақталмаған. Эмальдің ақшыл-сары түсті пигментациясы байқалад. Диаметрі 1,5 мм ақ дақтар дөңгелек пішінді ақаулы, түбі күңгірт түсті. Алғашқы диагнозды таңдаңыз: +Дақты формалы жүйелі гипоплазия Деструктивті формалы эпидемиялық флюороз Жүлгелі формалы жүйелі гипоплазия Жолақты формалы эпидемиялық флюороз Дақты формалы эпидемиялық флюороз *** |