24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Скачать 1.24 Mb.
|
24«Жаралы гингивит» диагнозына тән рентгенологиялық зерттеу қорытындысы:+Альвеолярлы өсіндінің сүйек тінінде өзгеріс жоқ Тісаралық перде биіктігі аймағында кортикальды пластинканың деструкциясы Маргинальды бөлімде периодонтальды саңылаудың кеңеюі Тісаралық перде биіктігі тіс түбірі ұзындығынан 1/3-ге дейін қысқаруы Альвеоланың сүйек тінінде остеопороз белгілері *** «Өскен» тіс сезімі тән: жедел іріңді пульпитке жедел серозды пульпитке жедел серозды периодонтитке +жедел іріңді периодонтитке жедел ошақты пульпитке *** «Пародонт» деп түсінеміз:Қызыл иек тіндері, тіс, альвеола, периодонт +Қызыл иек тіндері, тіс альвеоласы, периодонт, тіс түбірінің цементі Тіс, периодонт, тіс альвеоласы Тіс түбірінің цементі, тіс альвеоласы, периодонт Қызыл иек тіндері, тіс, альвеола, сүйектің кортикалды табақшасы *** «Себепкер» тісті жұлу, периостотомия, қабынуға қарсы терапия. Бұл емдеу шаралары қолданылады: Жедел іріңді пульпитте Жедел іріңді периодонтитте +Жедел іріңді периоститте Жедел іріңді лимфаденитте, флегмонада Жедел іріңді остеомиелит *** «Экссудация сатысындағы жедел периодонтит» диагнозына тән рентгенологиялық көрініс:+Периодонт пен сүйек тінінде өзгеріс жоқ Түбірұшы аймағында периодонтальды саңылаудың біртекті кеңеюі Түбірұшы аймағында анық емес шекаралы сүйек тінінің деструкция ошағы Түбірұшы аймағында дөңгелек пішінді анық шекаралы сүйек тінінің деструкция ошағы Мойын аймағында периодонтальды саңылаудың біртекті кеңеюі *** 1 жастағы балада анасы жоғары күрек тістерінің мойын аймағындағы күңгіртенуді байқаған. Анамнезінен: бала уақытынан ерте туылған, жасанды түрде қоректенген, I дәрежедегі рахит, орташа ауырлықтағы диспепсия. Сіздің алғашқы диагнозыңыз: эндемиялық флюороз +эмаль гипоплазиясы беткей тіс жегісі дақ сатысындағы тіс жегісі орташа тіс жегісі *** 1, 5 жастағы баланы стационарға: температурасы - 39, әлсіздік, лоқсу, құсу күйінде әкеледі. Ауыз аумағындағы терісінде, ерін қатпарындағы қызыл жиек қанмен қоңыр түске боялған. Ауыз қуысының шырышты қабатында үлкен жолақ жаралар, қызылиек шеті жараланған, астындағы алдыңғы жақ тістер аумағындағы қызылиектік бүртіктер өлі еттенген. Жақсүйек астындағы және мойын түйіндеріндегі лимфаденит. Төмендегі көрсетілгендерден аурудың дамуындағы қандай кезең АНАҒҰРЛЫМ ықтимал? инкубациялық продромальді катаралды +бөртпе шығу өршу кезеңі. *** 10 жасар баланың ата-аналары эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Бетті тексергенде профильдің жоғарғы және ортаңғы бөліктері және жоғарғы ерін алға шыққан, төменгі ерін және иегі артқа ығыспаған. Төменгі жақты жылжытқанда беттің профилі жақсармайды. Дистальды тістемнің ең ықтималды себебі қандай? Төменгі жақтың латерогениясы +Жоғарғы жақтың макрогнатиясы немесе прогнатиясы Төменгі жақтың прогнатиясы немесе макрогнатиясы Төменгі жақтың ретрогнатиясы немесе микрогнатиясы Жоғарғы жақтың ретрогнатиясы немесе микрогнатиясы *** 10 жасар баланың ата-аналары эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Бет-әлпетін қарағанда төменгі ерні кіріңкі және иегі ығысқан, төменгі жақтың артта орналасуы анықталды, жоғарғы және төменгі ортаңғы беттің профилі және жоғарғы ерін өзгермеген. Төменгі жақты жылжытқанда беттің профилі жақсарады. Салыстырмалы диагностика жүргізу үшін төменде аталған қандай клиникалық сынама жүргізу керек? Ильина –Маркосян +Эшлер-Битнер Рубинов Агапов Гельман *** 10 жастағы бала 1.4 тісі аймағындағы қызылиегінде «іріңдік» пайда болуына шағымданып келді. Анамнезінен, жарты жыл бұрын пломба қойылған, ол 2 апта бұрын түсіп қалған. Объективті: 1.4 тістің апроксимальды бетінде пломба қалдықтары бар тісжегі қуысы бар. Қызылиегінде жыланкөз. Қағып тексергенде ауыру сезімі бар. Шырышты қабаты бозғылт алқызыл түсті. Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс? +Бір қабылдауда пломбылау Жыланкөзны кюретаждау Апексификация әдісі Апексогенез Тісті жұлу. *** 10 жастағы бала жоғарғы сол жақта тісінің болмауын көрсетеді. Анамнезінен 7 жасында уақытша тісін жұлдыртқаны анықталды. Қарап тексергенде 2.1 тісінің болмауына байланысты тіс қатарының ақауы, шырышты қабатында патологиялық өзгерістер жоқ, сол жақ жоғарғы жақсүйегінің альвеола өсіндісінде, жоқ 2.1 тісінің аймағында деформация байқалады. Қандай қосымша тексеру әдісі неғұрлым дұрыс: УЗИ, компьютерлік томография Компьютерлік томография, термография +Ауыз ішілік жанаспалы рентгенография Ортопантомография, рентгенография Бассүйек рентгенографиясы, ауыз ішілік рентгенография *** 10 жастағы бала. Қараған кезде: тұрақты бірінші молярлар аймағында Энгльдің III класы бойынша жымдасу, клиникалық функциональды сынама жүргізгенде бала тістерін тік қатынасқа жылжыта алмайды. Қосымша зерттеу әдісін таңдаңыз: Ортопантомография Фотометрия Антропометрия Биометрия +Телерентгенография *** 10 жастағы балада жарақаттан кейін төменгі ерін аймағында ісіну пайда болды. Төменгі ерін аймағында 1,0х1,0 см ісіну бар, кілегей жұқарған, көкшіл-қызыл түсті. Пальпациясы ауырсынбайды. Алғашқы диагнозды болжаңыз: Лимфангиома +Ретенционды киста Гемангиома Абсцесс Гематома *** |