Главная страница

24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы


Скачать 1.24 Mb.
Название24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Дата22.05.2022
Размер1.24 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры.docx
ТипДокументы
#543896
страница9 из 139
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   139

30 жастағы науқас тексерілу кезінде, қалыпты тістем кезінде беттің төменгі жақ өлшемін немесе альвеола аралық қашықтықты тістердің қандай анатомиялық құрылымы бекітеді?


төменгі және жоғарғы бүйірлік тістердің ұртты шайнау төмпешіктері

төменгі және жоғарғы бүйірлiк тістердің таңдай және тілдік шайнау
төмпешіктері

бүйірлік тicтepдің жоғарғы таңдай және төменгі тілдік төмпешіктері

+бүйірлік тістердің жоғарғы таңдай және төменгі ұртты төмпешіктеpi

жоғарғы тістің кесетін қыры

***
32 жасар жігіт жарақат алғаннан 6 сағаттан кейін клиникаға қаралуға келді Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, ес дұрыс, жартылай ашылған ауызынан сілекей ағып тұр, иегі төмен және алға ығысқан, сөйлеу қиындап, ауру сезімі күшейіп бара жатыр, шайнау мүмкін емес Екі жағынан да құлақ кекілінің алдында шұңқыр пайда болған, бет сүйегінің доғасының асты томпайып ісінгенТөмендегі алдын-ала қоюға болатын нақтамдардың қайсысы сай келеді деп ойлайсыз:
Екі жақты шықшыт тасбуыны

Төменгі жақтың бір жақты шығуы

Төменгі жақтың екі жақты артқа шығуы

+Төменгі жақтың екі жақты алға шығуы

Төменгі жақтың екі жақты буын өсіндісінен ауытқи сынуы

***
32 жастағы ер адам жоғарғы сол жақ тісінде өздігінен ұстамалы қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: 26 тістің медиальды-шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең жегіленген қуыс. Медиальды-ұрттық ұлпа мүйізі проекциясындағы қуыс түбін зондтау ауырсынады. Салқынға ұзақ мерзімді ауырсыну. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:
+Жедел ошақты (жартылай) пульпит

Созылмалы жай пульпиттің өршуі

Жедел жалпы пульпит

Жедел іріңді пульпит

Созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі

***
32 жастағы әйел адам қызылиегінің кейбір уақытта қанауына шағымданып келді. Қарағанда: қызылиекүсті тіс жұғындылары бар, қызылиек емізікшелері мен маргинальды қызылиек күңгірт көкшіл түсті. Пародонтальды қалталар жоқ. Рентгенограммада сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Емдеу әдісін таңдаңыз:
Ауыз қуысын сауықтыру

+Ауыз қуысын сауықтыру, физиотерапия

Ауыз қуысын сауықтыру, гингивоэктомия

Ауыз қуысын сауықтыру, гингивотомия

Ауыз қуысын сауықтыру, кюретаж

***

32 жастағы науқаста тағам қабылдағанда жақасты сілекей безінің ұлғаюы анықталды. Алғашқы диагнозды болжаңыз:


Радикулярлы киста

Жедел эпидемиялық паротит

Жедел серозды имфаденит

Паренхиматозды сиалоденит

+Калькулезді сиалоденит

***
33 жастағы ер адам жоғарғы сол жақ аймағындағы ұзақ мерзімді, ұстамалы ауырсынуына, оның құлақ пен самай аймағының таралуына шағымданады. Тістің қатты ауырғанына 2 күн болды. Тіс бұрын ауырмаған. Қарағанда: 24 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең жегіленген қуыс, қуыс түбін зондтау жедел ауырсынады, перкуссия аздап ауырсыну. ЭОМ – 35 мкА. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:
Жедел жартылай пульпит

+Жедел диффузды (жалпы) пульпит

Жедел іріңді пульпит

Созылмалы жай пульпиттің өршуі

Созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі

***
33 жастағы әйел адам тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын ұзақ мерзімді солқылдаған ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: 25 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең жегіленген қуыс анықталады, ашылған ұлпа мүйізін зондтау жедел ауырсынады, ұлпа қансырайды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:
Жедел жартылай пульпит

Созылмалы жай пульпиттің өршуі

Созылмалы гипертрофиялық пульпит

+Созылмалы фиброзды пульпит

Созылмалы гангренозды пульпит

***
33 жастағы науқас ұрттық аймағында ісіну мен қызару шағымымен келді. Қызару 5 жыл бұрын пайда болды, ол біртіндеп үлкейе бастаған. Объективті: оң жақ ұрт аймағында анық контурлары бар, қызыл түсті 2,5х3,0 см түзіліс бар. Пальпациясы ауырсынбайды. Алғашқы диагнозды болжаңыз:
+Гемангиома

Лимфангиома

Нейрофиброматоз

Лимфаденит

Абсцесс

***
34 жастағы науқас төменгі оң жақ аймағының ісінуі мен ауырсынуына шағымданып келді. 4 сағат бұрын белгісіз біреулерден соққы алған. Есінен танбаған, құсу және жүрек айну болмаған. Қараған кезде: төменгі оң жақ аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Пальпация кезінде төменгі жақтың бұрышы аймағында сынықтың қозғалғыштығы мен ауырсыну анықталды. Ашық ауыз кезінде қысым түсіру симптомы оң. Ауыз ашылуы 1,5 см дейін шектеулі. Тістесуі бұзылған. 47 тіс артындағы кілегей жыртылған, қансырайды. Алғашқы диагнозды болжаңыз:
Төменгі жақсүйек денесінің сынығы

+Төменгі жақсүйек бұрышының сынығы

Төменгі жақсүйек ментальды сынығы

Төменгі жақсүйек орталығы сынығы

Төменгі жақсүйек бұтағы сынығы

***
34 жастағы науқастың жоғарғы жағының алдынғы тістері төменгі жағының алдынғы тістерінің тістем беткейінің 1/3 бөлігін жауып тұрады, ал 16 мен 26-шы тістердің алдыңғы ұрт төмпешігі төменгі бірінші азу тістерінің ұрт төмпешіктерінің көлденең ойығында орналасқан. Тістем түрі:
+ортогнатиялық

бипрогнатиялық

прогнатиялық

прогениялық

тік

***
35 жасар ер кісі жұлынған тісінің орынының тамақ ішкен кезде қатты ауыратынын, ауызынан сасық иістің шығатынын шағымдап келді 3 күн бұрын 38-тісі жұлынған Беті симметриялы, сол жағынан төменгі жақ асты лимфа бездері ұлғайған, ауырмайды Ауызы еркін ашылады 38-тістің ұяшығындағы қан ұйығы қара-сұрланып кеткенТөмендегі алдын ала қойылған нақтамдардың қайсысы сәйкес келеді:
+38-тістің ұяшығының қабынуы

38-тістің ұяшықтық нервінің қабынуы

38–тістің созылмалы ошақтық остеомиелиті

Төменгі жақ сүйегінің обыры

38-тістің перикоронариті

***

35 жасар науқас А. жол танспорттық апаттынан кейін жедел жәдем көмегімен жеткізіліп бет-жақ хиругиясына шұғыл ретте жатқызылған, шағымдары бетінің ауыру сезімі, ісуі, ауызын шектеулі ашуы. Бас ауру және бас айналу, лоқсу мен құсу. Объективті: бет жұмсақ тінінің ісінуінен пайда болған бет асимметриясы. Екі жақтық пароорбитальды гематомасы. Диагностикалық қарауда: басты игенде мұрыннан сұйықтық ағуының күшеюі байқалады. Қандай ем анағұрлым қолданылады:

Васильев шендеуіші

Порт шендеуіші

+Збарж аппараты

Тигерштедт шендеуіші

Остеосинтез

***
35 жастағы ер адам лет ұзақ уақыт бойы жазылмайтын төменгі ерініндегі жарыққа шағымданады. Қарағанда: төменгі еріннің қызыл жиегінде - жарық, пальпацияда ауырсынусыз, негізінде шеміршек тәрізді инфильтрат бар. Төменгі жақасты лимфа түйіндері орман жаңғағы көлеміне дейін ұлғайған, тығыз консистенциялы, пальпацияда ауырсынусыз. Диагноз қою үшін қолданылатын реакция:
+Бозғылт трепонемалар иммобилизация реакциясы

Лимфоциттер бласттрансформация реакциясы

Пассивті гемагглютинация реакциясы

Лейкоциттер агломерация реакциясы

Лейкоцитолиз реакциясы

***
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   139


написать администратору сайта