Главная страница

24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы


Скачать 1.24 Mb.
Название24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Дата22.05.2022
Размер1.24 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры.docx
ТипДокументы
#543896
страница17 из 139
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   139

6 жастағы балада барлық тістері уақытша, бүйір тістердің бұдырлары айқын, диастемалары мен тремалары жоқ. Бұл клиникалық көрініс қандай тіс жақ жүйесінің бұзылуынан болады:


+шайнау

сору

жұтыну

тыныс алу

сөйлеу

***

6 жастағы қыз бала, прогнатиялық тістесу бойынша дәрігер-ортодонтта емделуде. Қосымша ем ретінде миогимнастика ұсынылады. Аталған жағдайда қай бұлшық еттер топтарына жаттығулар тағайындау қажет:


+төменгі жақты алдыға шығаратын

ауыздың айланбала бұлшық еттері үшін

шайнау бұлшық еттері үшін

тіл бұлшық еттері үшін

ым бұлшық еттері үшін

***
60 жастағы әйел ауыз қуысының құрғақтығына, күйдіруіне және тіл бетінде ақ қақтың пайда болуына шағымданады. Үш апта бұрын науқас өкпе ауруына қарсы антибиотиктермен емдеу курсын қабылдаған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы жақсы. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріссіз. Ұрты қызарған, ісінген, шырышты қабығында екі жақтан нүкте тәрізді ақ түсті қақтар бар, қырғанда жақсы алынды. Тілі ісінген, қатпарлы ақ-сұр қақпен қапталған. Қырғанда қақ жақсы алынады, тілдің бүртіктері тегістелген. Алдын-ала қоятын диагнозыңыз:
лейкоплакия

глоссалгия

гальваноз

жалпақ теміреткі

+кандидоз

***

60 жастағы науқасқа жасанды сауыттың шайнау төмпешіктері:


Айқын болуы керек

Антогонистер жоқ болғанда аздап білінуі

+Айқын болмауы керек

Антогонист тістердің төмпешіктерінің пішіндеріне сәкес мүсінделуі

Айқындылығы

***
61 жасар ер кісі сол жақ танауынан су ағатынын, осы жағымдағы көзінің астында жан жоқ, жоғарғы жақсүйегінде салбыраған өскін тәрізді нәрсенің барына шағымдана келді Ауыз ішіндегі өскіндер жарты жыл бұрын тіс жұлғаннан кейін пайда болыпты Беті әлпеті симметриялы, 23, 24-тістері қозғалмалы Жұлынған 25-тістің ұяшығынан жұмсақ ет тәрізді жұмсақ өсінділер салбырап шығып тұр Науқастың айтуынша өскіндер тісті жұлғаннан кейін бір айдан соң пайда болған Аймақтық лимфа бездері ісінген Осы ауру үшін төмендегі емдердің қайсысы шипалы болып саналады:
Сәулелеік ем

Хирургиялық ем

Консервативтік ем

+Кешендік ем

Химиялық ем

***
66 жасар ер кісінің сол жағынан жоғарғы ерінің коллатералдық ісінуінің салдарынан беті асимметрияланған Ауыз ішінде 12-тісі қызыл иектің деңгейінде бұзылған,түсі өзгерген,қаққанда қатты ауырады,11, 12, 13 тістердің тұсында ұяшықты өсіндінің сырт жағында басып көргенде қатты ауыратын ортасында былқылдағы бар сіңбе анықталады Ауыз ішінен жасалған рентгенсуретінде 12-тістің түбір өзегінің қисықтығынан ј ғана пломбаланғаны, түбір ұшы маңындағы сүйектің шекарасы анық емес сорылғаны анықталады.
Операциялық ем шаралар жүргізу үшін қандай жансыздандырулар жасаған дұрыс деп ойлайсыз:

Ұяшықты өсіндінің екі жағынан инфильтрациялық жансыздандыру

+Көз асты жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен күрек тіс жансыздандыруын

Төмпешіктік жансыздандыруының ауыз сырты тәсілі мен таңдай жансыздандыруы

Иек жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен инфильтрациялық жансыздандырулар

Берше-Дубов және төмпешіктік жансыздандырудың ішкі тәсілі

***
68 жастағы науқастың 3.1, 3.2, 3.3, 4.1, 4.2 тістері жоқ. Жоғарғы жақ тіс қатары 1.1, 1.2, 2.1, 2.2, 2.3 тістердің вертикальді жылжуының нәтижесінде деформацияға ұшыраған альвеола өсіндісінің үлкен болуына байланысты «күлімсіреу сызығы» 3 мм төмен қарай түсүп кеткен. 1.1, 1.2, 2.1, 2.2, 2.3 тістерінің экстра- және интраальвеолярлы бөліктерінің арасындағы қатынысы өзгермеғен. Осы берілген клиникалық жағдайға диагноз қойыңыз:
+Жоғарғы тіс қатарының Кеннеди бойынша IV класс ақауы, Пономарева В.А. бойынша 1.1, 1.2, 2.1, 2.2, 2.3 тістердің тісальвеолярлық ұзаруының бірінші формасы

Жоғарғы тіс қатарының Кеннеди бойынша III класс ақауы, Пономарева В.А. бойынша 1.1, 1.2, 2.1, 2.2, 2.3 тістердің тісальвеолярлық ұзаруының бірінші формасы

Жоғарғы тіс қатарының Кеннеди бойынша I класс ақауы, Пономарева В.А. бойынша 1.1, 1.2, 2.1, 2.2, 2.3 тістердің тісальвеолярлық ұзаруының төртінші формасы

Жоғарғы тіс қатарының Кеннеди бойынша II класс ақауы, Пономарева В.А. бойынша 1.1, 1.2, 2.1, 2.2, 2.3 тістердің тісальвеолярлық ұзаруының екінші формасы,бірінші топ бөлігі

Жоғарғы тіс қатарының Кеннеди бойынша II класс ақауы, Пономарева В.А. бойынша 1.1, 1.2, 2.1, 2.2, 2.3 тістердің тісальвеолярлық ұзаруының екінші формасы,екінші топ бөлігі

***

6-жастағы баланың екінші сүт молярлары дистальды беткейлерінің орналасуын болжаңыз:

Бір горизонтальды жазықтықта

+Мезиальды баспалдақпен

Әртүрлі жазықтықта

Дистальды баспалдақпен

Бейтарап

***
7 жасар бала 1,5 сөтке бұрын, жарақат салдарынан 1.1, 2.1 тістердің тіс сауыттары сынып, ұлпасы жалаңаштанған, механикалық және температуралық қоздырғыштардан жедел ауырсынады. Рациональді емдеу әдісін тандаңыз:
биологиялық әдіс, 2 тәулік өтпегендіктен

+виталды пульпотомия, түбір жүйесі қалыптаспағандықтан

виталды пульпоэктомия, түбір жүйесі қалыптасқан

девиталды пульпотомия, сауыттық ұлпасын өлтіру керек

девиталды пульпоэктомия, түбірлік ұлпаны өлтіру керек

***

7 жасар бала 1,5 сөтке бұрын, жарақат салдарынан 1.1, 2.1 тістердің тіс сауыттары сынып, ұлпасы жалаңаштанған, механикалық және температуралық қоздырғыштардан жедел ауырсынады. Тиімді емдеу әдісі болып табылады:

Биологиялық әдіс, 2 сөтке өтпегендіктен

+Тірідей келте кесу, түбір жүйесі қалыптаспағандықтан

Виталды экстирпация, түбір жүйесі қалыптасқан

Девиталды ампутация, сауыттық ұлпасын өлтіру керек

Девиталды эстирпация, түбірлік ұлпаны өлтіру керек

***

7 жасар балада 3.6, 4.6 тістерінде терең интактілі сызаттары бар: соқыр шұңқырларын жабу үшін СИЦ қолдану мүмкін бе:

+Мүмкін, өткені материал тіс тінімен химиялық байланысқа түседі

Мүмкін емес, өйткені материал тіс тінімен нашар байланысады

Мүмкін емес, өйткені мықтылығы аз

Мүмкін, тек тіс түбірлері толығымен қалыптасқан болғанда

Мүмкін емес, өйткені иономерлік цементтер жоғары токсикалы

***
7 жасар науқас 7. 4-ші тісте қуыс болуына, тамақ ішкенде, әсіресе суыққа қысқа мерзімді ауру сезімі мазалауына шағымданады. Қарап тексергенде: 7. 4 тістің дистальді жанасу бетінде терең, жұмсарған және пигменттелген дентинге толы тісжегі қуысы анықталады. Тістің вестибулярлы қабырғасы жартылай сынған, түсі қарайған. Шұқып тексергенде қуыс табаны ауырсынады. Суыққа ауырады бірақ тез басылады. Тақылдатып тексергенде ауырмайды. Ең дұрыс болатын нақтамасы...
+терең тісжегі

орта тісжегі

созылмалы периодонтит

созылмалы пульпит

созылмалы пульпиттің асқынуы

***

7 жастағы бала, ойын кезінде 1.1 тістің жарақатын алды. Объективті: 1.1 тістің сауыты мойын аймағына дейін жоқ. Аталған тістің маңындағы шырышты қабық біраз қызарған, ісінген. Рентген суреттемеде 1.1 тіс түбірі, қалыптасу сатысында, өзгеріс жоқ. Емдеу жоспары: 1.1 тіске Ильина – Маркосян бойынша штифті тіс жасау. Протез конструкциясы дұрыс тағайындалды ма:

Дұрыс-эстетика жағынан, бала протезге тез үйренеді

Дұрыс- өйткені рентген суретте 1.1 тіс даму сатысында

Дұрыс- рентген суретте 1.1 тіс аймағанда ешқандай өзгеріс жоқ

+Дұрыс емес- рентген суретте 1.1 тіс түбірі әлі жетілмеген

Дұрыс емес-1.1 тіс маңайында шырышты қабық біраз қызарған

***

7 жастағы бала Анамнез алу барысында 85 және 75 тістердің периодонтиттің қабынуына байланысты жұлынғаны анықталған. Ортопантомограммада 45 және 35 тістер көрінбейді.

Төмендегі тістем түрлерінен қайсысының қалыптасуы мүмкін:

Ортогнатикалық

+Терең

Ашық

Айқасқан

Мезиальды

***
7 жастағы бала стоматологиялық емханаға профилактикалық тексерілуге келді. КПУ+кп- 8. Ауыз қуысы бұрын емделген. Объективті: 3.6 және 4.6 тістердің шайнау бетінде кіреуке деңгейінде тісжегі қуысы бар, сайлары тар, терең. Шұқып тексергенде кедір-бұдыр.
Осы жағдайда төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

+Профилактикалық пломбылау әдісі

Құрамында фторы бар заттармен аппликациялау

Кейінге қалдырып пломбылау

Уақытша пломбылау

ART- әдісі.

***
7 жастағы балада 36 терең жегі қуыс байқалған, сауыттық ұлпа некроздалған, канал сағаларын зондтауы ауырсынады. На R-граммада түбірлердің 3/4 ұзындығына қалыптасқаны, айқын емес шекаралы қабыну ошағының екі түбірінде де байқалады. Алғашқы диагнозды болжаңыз:
Жедел периодонтит

Созылмалы периодонтит

+Созылмалы гангренозды пульпит

Созылмалы фиброзды пульпит

Соызлмалы грануляциялық периодонтит

***

7 жастағы балада кері күрек тістік жабылу кезінде прогениялық тістесу. Ортодонтиялық аппараттың құрылымын таңдаңыз:

Бынин каппасы

Шварц каппасы

Катц сауыты

+Брюкль аппараты

Итеруші серіппелері бар пластинка

***
7 жастағы балада мед.қарау кезінде 74 75 тістердің тамақ қалдықтарға, пломба материалының қалдықтарына, жұмсарған дентинге толы жегі қуыстар бар. 7.5 тіс сұр күңгірт түсті, барлық қалдықтарды алып тастағаннан кейін жегі қуыстың тіс қуысымен байланысы бар екендігі анықталды, Зондтағанда дисталды каналдар ауырсынады, қансырайды. Перкуссия ауырсынбайды. КПУ+кп=6. Ақырғы диагнозды қою үшін қажет қосымша зерттеу әдісі болып твбылады:
Электроодонтометрия

+Рентгеногарфия

Термометрия

Ортопаномограия

Томография

***
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   139


написать администратору сайта