Главная страница

24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы


Скачать 1.24 Mb.
Название24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Дата22.05.2022
Размер1.24 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры.docx
ТипДокументы
#543896
страница14 из 139
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   139

5 жаста уақытша күрек тістердің толық емес таюын емдеу негізделеді


+репозицин, фиксацин, қабынуға қарсы терапия

тістерді жұлу

тістерді фиксациялау

тістерді шендеуіштеу

бақылауда

***
5 жастағы бала тісінің қатты ауыруына шағымданып келді. Қарап тексергенде кп индексі = 7. 7.5 тістің медиальды-шайнау бетінде, тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы бар. Температуралық тітіркендіргіштерге күрт ауырады. Шұқып және қағып тексергенде ауырады. Тісті қоршаған шырышты қабат қызарған, ісінген.
Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

Тісті жұлу

Биологиялық әдіс

+Витальды пульпэктомия

Витальды пульпотомия

Девитальды пульпотомия

***
5 жастағы бала,анасының сөзінен басы ауырғанына, төменгі жағы ісінгеніне шағымданды. Кеше кештен бері мазасыз, дене қызуы 38С°. Тексергенде: 7.5 тісінің сауыты бұзылған, зондпен тексергенде ауырмайды, перкуссия аса ауыр сезімі анықталады. Тісті қоршаған шырышты қабат қызарған, домбыққан.
Төмендегі жансыздандыру әдістің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

Жалпы

Иек жаны

Аппликациялық

+Мандибулярлық

Инфильтрациялық.

***
5 жастағы бала. Ата-анасы тістер арасындағы саңылауларғы шағымданады. Объективті: беті симметриялы, еріндердің түйісуі қалыпты. Ауыз қуысында: барлық тістер уақытша, тістер арасында диастема және тремалар бар, күрек тістердің кесу қырлары және бүйір тістердің төмпешіктері қажалған.
Төменде көрсетілген емдеу нұсқаларының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?

+баланы динамикалық бақылауға алу

миогимнастика тағайындау

механикалық әсер ететін аппараттар тағайындау

функциональды әсер ететін аппараттар тағайындау

жұмсақ тағам жөнінде нұсқаулар

***

5 жастағы бала. Беті симметриялы, бетінің төменгі бөлігінің биіктігі азайған. Ауыз қуысында: жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістерді сауыттары биіктігінде жауып тұр, екінші уақытша молярлардың дистальды беткейлері бірдей вертикальды жазықтықта орналасқан. Ортодонтиялық аппарат түрін таңдаңыз:

Ретракционды доғасы бар пластинка

+Мюлеман пропульсоры

Винті бар пластинка

Брюкль пластинкасы

Бынин каппасы

***

5 жастағы балада қанағаттанарлық пропорциялары бар жоғары өсу, бірақ үлкен аяқтары мен қолдары, беттің ұзарған формасы және төменгі жақтың шығуы байқалады. Төменгі жақтың жоғары көтерілуші тармағының және тілдің биіктігі үлкейген. Алғашқы диагнозды болжаңыз:

+Прогениялық тістесу

Прогнатиялық тістесу

Ортогнатиялық тістесу

Ашық тістесу

Терең тістесу

***

5 жастағы ұл баланың ата-анасы төменгі жақтың оң жақ аймағындағы жұмсақ тіндерінің ісінуіне және ауырсынуына шағымданады. Ауыз қуысында 8.5 тістің сауыты ⅔ бұзылған, төменгі жақасты аймағындағы теріде жыланкөз бар. Диагноз қою үшін 8.5 тісті прицельді рентгенологиялық суретке жіберілді. Іс-әрекет дұрыс таңдалды ма және неге:

Дұрыс, осы сурет тістің патологиясын зерттеу үшін қолданылады

+Дұрыс емес, төменгі жақтың панорамды ренгенографиясына жіберу қажет

Дұрыс емес, төменгі жақтың тура проекциясына ренгенограммаға жіберу

Дұрыс емес, төменгі жақтың сүйір проекциясына ренгенограммаға жіберу

Дұрыс, осы сурет төменгі жақтың патологиясын зерттеу үшін қолданылады

***
5 мл 2% лидокаин ерітіндісінің жергілікті жансыздандыруынан кейін науқаста басының айналуы, құсқысы келіп, құлағы шуылдап, қышыну және шаншу қадалды. Бір минуттан кейін А/Қ 90 мм.с.б., ал 3 минуттан кейін құса бастады. Науқас кеудесінің артында ауырсыну және тұншығу басталды. Диагноз қойыңыз:
истерия

коллапс

естен тану

+анафилактикалық шок

жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі

***
50 жастағы ер адам 4.6 тісте өздігінен болатын ұстамалы аурусынуына, оның төменгі жақтың бұрыш аймағының таралуына, түнге қарай күшейе түсетініне шағымданады. Тістің қатты ауырғанына 2 күн болды. Тіс бұрын ауырмаған. Аллергоанамнез теріс. Қарағанда: 46 тістің дистальды-шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең жегіленген қуыс анықталады, зондтау жегі қуыс түбі бойымен жедел ауырсынады. ЭОМ - 45 мкА. Емдеу әдісін таңдаңыз:
Девитальды экстирпация әдісі

Девитальды комбинирленген әдіс

Девитальды ампутация әдісі

+Витальды экстирпация әдісі

Консервативті әдіс

***
50 жастағы ер адам үстіңгі жақтың сол жағындағы тісінің ыңғайсыз сезімнің болуына шағымданып келді. Қарағанда: 2.7 тістің түсі өзгерген, медиальды-шайнау бетінде тіс қуысымен жалғасатын терең кариес қуысы көрінеді. Перкуссияда тіс ауырмайды, түбір ұшы проекциясы аймағындағы сілемейлі қабық көгілдір түсті, жыланкөзден қалған тыртық анықталады. Рентгенограммада таңдай түбір ұшы аймағында көлемі 4 мм-ге дейінгі пішіні тегіс емес сүйек тінінің ыдырау ошағы анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
Созылмалы фиброзды периодонтит

Созылмалы гранулематозды периодонтит

+Созылмалы гранулденген периодонтит

Созылмалы гангренозды пульпит

Созылмалы фиброзды пульпит

***
50 жастағы науқас 1.2,1.1,2.1,2.2 тістерінің болмауына шағымданып, көпірлі протез жасауды сұрайды. Пластмассалы фасеткалы металл құрама көпірлі протезді тапсыру кезеңінде протезді тірек тістерге отырғызған соң, фасетка альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатына тығыз жанасып жатқанын анықтады. Орталық окклюзия жағдайында фасеткадағы жоғарғы күрек тістер ғана түйіседі, ал басқа тістер түйіспейді. 1.3 тістің сауыты мен аралық бөлімнің арасындағы дәнекер қызыл иек емізікшесіне тиіп тұр, протезге түзетулер жасаған соң дәрігер висфат-цементпен тіске бекітті. Қандай түзету жүргізу қажет болды?
қызыл иек емізікшесін дәнекерден босатып және көпірлі протезді тереңірек енгізу

қызыл иек емізікшесін көпірлі протездің аралық бөлімінен босату

+дәнекерді қызыл иек емізікшесінен босатып және фасетканың түйісу аймағын алу

фасетка мен дәнекерді қызыл иек емізікшесінен ашып, тірек тістерді қосымша егеу

бұл жағдайда көпірлі протезге түзету жасалмайды, қайтадан жасау қажет

***
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   139


написать администратору сайта