Главная страница

24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы


Скачать 1.24 Mb.
Название24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Дата22.05.2022
Размер1.24 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры.docx
ТипДокументы
#543896
страница2 из 139
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139

10 жастағы балада қанат тәрізді-төменгі жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы анықталды. Осы патологияға тән симптом:


Ұрттық аймақтың жұмсақ тіндерінің ісінуі

Тіласты валиктің ісінуі

+Ауыз ашылуы шектелген

Ауыз ашылуы ауырсынулы

Өтпелі қатпардың тегістелуі

***

10 жастағы балада терең тістесу. Ортодонтиялық аппараттың түрін таңдаңыз:

+Катц аппараты

Андрезен-Гойпль

Энгль доғасы

Телебаева аппараты

Обтуратор

***

10 жастағы баланың ата-анасы эстетикалық жетіспеушілікке шағымданады. Сыртқы қараған кезде беттің аз ғана асимметриясы анықталады. Ильин-Маркосян бойынша клиникалық сынамалар анықталмады. Ауызішілік қараған кезде: орталық күрек тістер арасындағы ортаңғы сызық ығыспаған. 46, 45, 44, 43 тістер 16,15,14,13 тістерді жабады. Сагиттальды жазықтықта бүйір тістердің қатынасы нормогнатикалық. Алғашқы диагнозды болжаңыз:

+Біржақты ұрттық айқасқан тістесу

Біржақты тілдік айқасқан тістесу

Екіжақты тілдік айқасқан тістесу

Екіжақты ұрттық айқасқан тістесу

Ұрттық-тілдік айқасқан тістесу

***

10 жастағы ұл бала тамақ қабылдағанда біраз ауырсынуға шағымдалды. Объективті: 5.5 тісте апроксималды аймақта терең тісжегілі қуыс бар, тістің қуысымен байланысты. Зондтау терең қатты ауырсынады, қанау байқалады, перкуссия ауырсынусыз. Тіс емделген екі келуде.Емдеу тактикасы дұрыс таңдалды ма және неге:

Дұрыс, өйткені девиталды ампутация қажет

Дұрыс, өйткені девиталды экстирпация қажет

Дұрыс емес, өйткені тістің экстирпациясы қажет

Дұрыс емес, өйткені виталды ампутация қажет

+Дұрыс емес, өйткені виталды ампутация қажет

***

11 жасар бала 2.1 тісінің үздіксіз ауыратынына шағымданады, ол тіс бір жыл бұрын терең тісжегімен емделіп, пломбаланған. Объективті: 2.1 тіс түсі өзгерген. перкуссия –ауырсынбалы.Тіс түбіндегі түбір ұшы маңы қызыл иегі қызарған, ісінген, пальпация кезінде ауырсынады. Толық диагноз қою үшін 2.1тісінің рентгенограммағажіберілді. Диагностика әдісі дұрыс па?

+Дұрыс, өйткені осы әдіс созылмалы периодонтиттің асқыну диагностика үшін қолданылады

Дұрыс, өйткені осы әдіс жедел серозды периодонтит диагностика үшін қолданылады

Дұрыс емес,өйткені осы әдіс жедел іріңді периодонтит диагностикалауда қолданыдады

Дұрыс емес, өйткені осы әдіс пульпит периодонтитпен асқынуы диагностикалау үшін қолданылады

Дұрыс, өйткені осы әдіс жедел іріңді пульпит диагностика үшін қолданылады

***

11 жасар қыз бала тамақ жегенде және тісін тазалағанда қызыл иегінің қанауына шағымданады.Бір жыл мазалаған.Жоғарғы және төменгі жақ қызыл иегі қызарған. Ауыз қуысының гигиеналық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Тістесу ортогнатиялық. Рентгендік зерттеуге жүберілді, пародонт тінінде патологиялық өзгеріс анықталмады. Бұл дұрыс па және неге?

+Дұрыс, өйткені осы әдіс созылмалы катаралды гингивит диагнозды қою үшін қажет

Дұрыс, өйткені осы әдіс жедел катаралды гингивит диагнозды қою үшін қажет

Дұрыс емес, өйткені осы әдіс генерализделген гингивит диагнозды қою үшін қажет

Дұрыс емес, өйткені осы әдіс ошақты пародонтит диагнозын қою үшін қажет

Дұрыс емес, өйткені осы әдіс гипертрофиялық гингивит диагнозын қою үшін қажет

***
11 жастағы бала 1.1 тісі сауытының түсі өзгеруіне шағымданып келді. 1 жыл бұрын жарақат алған, стоматологқа қаралмаған. Қарап тексергенде: 1.1 тісі сау, түсі өзгерген, қағып тексергенде ауырмайды, қызылиек шырышты қабаты өзгермеген. Төменде аталған қосымша тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген дұрыс?
Витальді бояу

Денситометрлік

+Одонтометрлік

Термометрлік

Люминесценттік

***
11 жастағы бала ауыз қуысының құрғақтығына күйдіруіне және тіл бетінде ақ қақтың пайда болуына шағымданады. Үш апта бұрын науқас өкпе ауруына қарсы антибиотиктермен емдеу курсын қабылдаған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы жақсы. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріссіз. Ұрты қызарған, ісінген, шырышты қабығында екі жақтан нүкте тәрізді ақ түсті қақтар бар, қырғанда жақсы алынды. Тілі ісінген, қатпарлы ақ-сұр қақпен қапталған. Қырғанда қақ жақсы алынады, тілдің бүртіктері тегістелген. Ең дұрыс болатын нақтамасы...
лейкоплакия

глоссалгия

гальваноз

+кандидоз

қызыл жалпақ теміреткі

***
11 жастағы қыз ауыз қуысының құрғақтығына күйдіруіне және тіл бетінде ақ қақтың пайда болуына шағымданады. Үш апта бұрын науқас өкпе ауруына қарсы антибиотиктермен емдеу курсын қабылдаған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы жақсы. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріссіз. Ұрты қызарған, ісінген, шырышты қабығында екі жақтан нүкте тәрізді ақ түсті қақтар бар, қырғанда жақсы алынды. Тілі ісінген, қатпарлы ақ-сұр қақпен қапталған. Қырғанда қақ жақсы алынады, тілдің бүртіктері тегістелген. Ең тиімді препараттарды көрсетіңіз. Қандай дәрілерді ем ретінде тағайындау ең тиімді болады.
+саңырауқұлаққа қарсы

склероздаушы

Қабынуға қарсы

вирусқа қарсы

кератопластикалық

***

11 жастағы қыз баланың ата-анасы тістесуінің дұрыс еместігіне шағымданады. Объективті: беті симметриялы, иегі артқа кесілген. Қол сүйектерінің рентгенограммасы бойынша пуберттатты кезеңнің басы. Тіс формуласы жасына сәйкес. Бүйірден алынған телерентгенограммада төменгі жақ сүйегінің мөлшерінің кішірейгені анықталған. Ортодонтиялық аппараттың түрін таңдаңыз:

Иектік праща

Ортопедиялық бет маскасы

Бас күші бар бет доғасы

Брекет-жүйесі

+Андрезен-Гойпль активаторы

***
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139


написать администратору сайта