Главная страница

24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы


Скачать 1.24 Mb.
Название24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Дата22.05.2022
Размер1.24 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры.docx
ТипДокументы
#543896
страница7 из 139
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   139

20 жасар жігіт оң жақ ұртында екі аптадан бері қатты, ауырмайтын жараның барлығын шағымдап келді Тексеру кезінде ұрттың шырышты қабығында ашық


қызыл түсті, пішіні домалақ табақ тәрізді, ауырмайтын, түбін майлап тастаған секілді, шеміршек тәрізді тығыз жара анықталды Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді:

Тілме

+Мерез

Туберкулез

Актиномикоз

Тілме

***
20 жастағы ер бала алдыңғы тістің эмалінде ақ дақтың пайда болуына шағымданады. Қарағанда: 21 тістің мойын аймағының вестибулярлы бетінде ақ түсті дақ, зондтағанда бұдырланады. Дақ метилен көк ерітіндісімен анық боялады. Емдеу әдісін таңдаңыз:
Динамикалық бақылау

Егеу, пломбалау

+Реминерализациялық терапия курсы

Фторлакпен бірреттік жағу

Тегістеу

***
20 жастағы науқас тістердегі пигменттелген дақтың болуына шағымданады. Анамнезінен-бала кезінен тіс түсінің өзгеруі анықталады, тістердің түсінің сондай өзгеруі туыстарында да кездеседі. Тіс эмальін тексергенде көптеген бор тәрізді, кейбір аймақтарда пигменттелген дақтар анықталды, олар тістің бүкіл бетінде орналасқан. Дақ аймағындағы эмаль тегіс, жалтыр, зонд зақымдалған аймақ бетінен сырғиды, дақ метилен көк ерітіндісімен боялмайды. Осы ауру кезіндегі емдік шаралар ретінде қолданылады:
Профилактикалық тексеру

Гигиенаға үйрету

Форқұрамды препарттарды қабылдау

В витаминіне бай тағам қабылдау

+Су көзін ауыстыру

***

20 жастағы науқасқа келесі диагноз қойылды: 36 тістің жедел диффузды пульпиті. Аллергоанамнез өзгеріссіз. Емдеу әдісін таңдаңыз:


Биологиялық

Витальды ампутация

+Витальды экстирпация

Девитальды экстирпация

Девитальды ампутация

***
22 жасар еркек клиникаға жарақат алғаннан 1,5 айдан соң ауызының дұрыс ашылмайтынын, бетінің пішінсізденгенін шағымдап келді Тексеру барысында бет терісінің түсі өзгеріссіз, сол жағынан бет сүйегі аймағының тегістелуіне байланысты беті асимметриялы Көз шарасының төменгі қырында баспалдақ белгісі анықталады Сол жағынан көз асты аймағы мен мұрынның қанаты жансызданған Осы клиникалық жағдай үшін төмендегі тәсілдердің қайсысы шипалы болады:
Бет сүйегі аймағына контурлық пластика жасау

Имплантация тәсілімен пішінсізденуді жою

Аутотрансплатация тәсілімен пішінсізденуді жою

+Бет сүйегін сындырып, орнына дұрыс салу

Лимберг ілгегімен бет сүйегін орнына дұрыс салу

***
22 жастағы әйел адам жоғарғы сол жақ тісінде өздігінен болатын тұрақты солқылдаған ауырсынуға шағымданады. Пульпит себебімен эндодонтиялық емдеу сатысында. 4 күн бұрын мышьяк пастасы салынған. Қарағанда: 26 тісте уақытша байлам, перкуссия ауырсынады, түбірұшы аймағындағы шырышты қабық өзгеріссіз,пальпацияда ауырсынбайды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:
Экссудация сатысындағы жедел периодонтит

+Интоксикация сатысындағы жедел периодонтит

Созылмалы периодонтиттің өршуі

Созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі

Созылмалы жай пульпиттің өршуі

***
23 жасар науқас 2.1-ші тісте қуыс болуына, тамақ ішкенде, әсіресе суыққа қысқа мерзімді ауру сезімі мазалауына шағымданады. Қарап тексергенде: 2.1 тістің дистальді жанасу бетінде терең, жұмсарған және пигменттелген дентинге толы тісжегі қуысы анықталады. Тістің вестибулярлы қабырғасы жартылай сынған, түсі қарайған. Шұқып тексергенде қуыс табаны ауырсынады. Қандай диагноз қоюға болады:
+терең тісжегі

орта тісжегі

созылмалы периодонтит

созылмалы пульпит

созылмалы пульпиттің асқынуы

***

23 жасар науқас А., жол танспорттық апаттынан кейін жедел жәдем көмегімен жеткізіліп бет-жақ хиругиясына шұғыл ретте жатқызылған, шағымдары бетінің ауыру сезімі, ісуі, ауызын шектеулі ашуы. Бас ауру және бас айналу, лоқсу мен құсу. Объективті: бет жұмсақ тінінің ісінуінен пайда болған бет асимметриясы. Екі жақтық пароорбитальды гематомасы. Диагностикалық қарауда: басты игенде мұрыннан сұйықтық ағуының күшеюі байқалады. Болжамалы диагноз:

+Ле-фор I

Ле-фор II

Ле-фор III

альвеолдық өсідінің сыну

жоғарғы жақ пен гаймор қуысы түбінің сынуы

***
24 жасар ер кісіні 2 апта бойы төменгі жақта сол жақтан жұлынған тіс аймағында ауру сезімі мазалайды. Сырт пішіні өзгеріссіз,жұлынған 3.5 тіс ұяшығы эпителизация сатысында, шырышты қабат қалыпты түсте, альвеолярлы өсіндіні сипап тексергенде ауру сезімі жоқ.
Болжам нақтама қойыңыз:

альвеолит

+ жедел ұяшықтық неврит

үшкіл нерв невралгиясы

жедел ұяшықты остеомиелит

созылмалы ұяшықты остеомиелит асқынуы

***
24 жастағы науқас төменгі сол жақ аймағының ісінуі мен ауырсынуына шағымданып келді. 2 сағат бұрын белгісіз біреулерден соққы алған. Есінен танбаған, құсу және жүрек айну болмаған. Қараған кезде: төменгі сол жақ аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Пальпация кезінде төменгі жақтың денесі аймағында сынықтың қозғалғыштығы мен ауырсыну анықталды. Ашық ауыз кезінде қысым түсіру симптомы оң. Ауыз ашылуы 1,5 см. дейін шектеулі. Тістесуі бұзылған. 3.5,3.6 тістер аралығындағы кілегей жыртылған, қансырайды. Алғашқы диагнозды болжаңыз:
+Төменгі жақсүйек денесінің сынығы

Төменгі жақсүйек бұрышының сынығы

Төменгі жақсүйек ментальды сынығы

Төменгі жақсүйек орталығы сынығы

Төменгі жақсүйек бұтағы сынығы

***
25 жасар жiгiт төменгi оң жақ азу тiсiндегi өздiгiнен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезiмiне шағымданады. Температуралық тiтiркендiргiштерден ауыру сезiмi ұлғаяды. Тiсi таң ертеңнен берi ауырып тұр. Науқастың денi сау. Аллергиясы жоқ. Қарап тексергенде: 46 тiсiнiң шайнау бетiнде тiс сауытымен байланыспаған терең тiсжегi қуысы көрiнедi. Қуыстың табанын сүңгiлеп тексергенде ұлпаның бiр мүйiзше тұсында ауыру сезiмi бар. ЭОД -24мкА. Емдеу әдiсін таңдаңыз:
Девитальдi экстирпациялау әдiсi

Девитальдi аралас (комбинированный) әдiс

Девитальдi ампутациялау әдiсi

Витальдi экстирпациялау әдiсi

+Консервативтiк әдiс

***
25 жасар науқас тістерінде пигменттелген дақтарға шағымданады. Анамнез: науқастың айтуынша – эмальдың өзгеруі жас кезінен басталған. Эмальдың өзгеруі ауылдағы туысқандары мен таныстарында байқалады. Қарап тексергенде: барлық тістерінің түстері бозғылт, сары түсті, көптеп пигменттелген дақтар бар. Диагноз қойыңыз:
гипоплазия

сына тәрізді ақау

дақ тәрізді тісжегі

+флюороз

эмальдің некрозы

***
25 жастағы ер адам 2.6 тiсiндегi самайына берiлетiн өздiгiнен пайда болған толассыз ауыру сезiмiне шағымданады, тiтiркендiргiштердiң барлық түрi ұзаққа созылатын ауыру сезiмiн туындатады. Тiсi бұрын ауық-ауық ауырған. Аллергоанамнез теріс. Қарап тексергенде: шайнау бетiнде сауыт қуысымен байланысқан терең тiсжегi қуысы көрiнедi,сүңгiлеп тексергенде ашық ұлпа мүйiзшесiнде қатты ауыру сезiмi бар. Емдеу әдісін таңдаңыз:
Девитальді экстирпациялау әдiсi

Девитальдi аралас әдiс

Девитальдi ампутациялау әдiсi

+Витальдi экстирпациялау әдiсi

Консервативтiк әдiс

***
25 жастағы ер адам тістен нашар иістің шығуына шағымданады. Анамнезі бойынша: тіс бұрын қатты ауырған, ыстық тағам ішкенде ұзаққа созылатын ауру сезімі мазалайды. Қарап тексергенде 2.6 тістің сауытының түсі өзгерген, тіс жегі қуысы тіс қуысымен байланысқан. Беткей шұқып тексергенде ауырмайды, ал терең шұқығанда ауырады. ЭОД-80 мкА. Келтірілген клиникалық белгілері бойынша қай ауруға тән деп ойлайсыз:
+Созылмалы гангренозды пульпит

Созылмалы фиброзды периодонтит

Созылмалы фиброзды пульпит

Созылмалы гранулденген периодонтит

Созылмалы гранулематозды периодонтит

***
25 жастағы науқас ортопедиялық стоматология клиникасына үнемі пломбаның түсе беретініне шағымданып қаралды. Тексеру кезінде 2.6 тісте тіс сауытының 1/3 бөлігі бұзылған, тіс пломбаланған, антагонист тістермен түйіспейді. Дәрігер 1-клиникалық кезеңде 2.6 тісті егеп, жоғарғы жақтан жартылай анатомиялық үлгі алды. 2.6 тіске металл штампталған сауыт жасалды. Сауытты өлшеп тексеруде сауыт окклюзияны көтеріп тұр. Қай кезеңде қателік жіберілді, тістем неге көтерілді?
1-лабораториялық кезең, тіс дұрыс мүсінделмеген

1-лабораториялық кезең, сауыт дұрыс штампталмаған

+1-клиникалық кезең, қалып дұрыс алынбаған

1-клиникалық кезең, тіс дұрыс егелмеген

1- лабораториялық кезең, модель дұрыс алынбаған

***
26 жасар ер кісі ауыз қуысын санациялау үшін келіп қаралды Үстірттік жансыздандыру арқылы сауыты толық бұзылған 46-тісті жұлу керек деп жоспарланды Жансыздандыру өз дәрежесіне жеткен соң, дәрігер науқастың оң жақ алдында тұрып, осы тістің тұсындағы ұяшықты өсіндіні сол қолының сұқ саусағымен сырт жағынан, ал ортаңғы саусағымен тіл жағынан, қалған саусақтарымен төменгі жақтың денесінен қыса ұстап, құс тұмсықты сауыттық екі ұртында істіктері бар қысқышты тіске салып, жылжытып, бекіткен соң алғашқы қимылды тілге қарай бағыттады Тістің қалған сауыт бөлігі сынып кеттіДәрігердің іс-әрекеттерінің ішінде қайсысымен келіспейсіз
Ротация жасау керек еді

+Қысқыш дұрыс таңдалмады

Дәрігер дұрыс тұрған жоқ

Алғашқы қимыл ұрт жаққа бағытталуы керек еді

Сол қолдың саусақтары басқаша орналасуы керек еді

***
26 жасар ер кісі бірнеше ай бойы жоғарғы оң жақ тісінде периодты түрде қайталанатын ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде 12 тіс маңында өтпелі қатпарда жылан көз анықталды, 12 тіс сауыт астында,тісті қағып тексергенде аздап ауру сезімі бар. Ауыз қуысы шырышты қабаты ақшыл қызғылт тұсті.
Осы жағдайға тиісті рентген суретін анықтаңыз:

сүйек тінінің бүтіндігінің бұзылуы

шекарасы анық сүйек тінінің сорылуы

+шекарасы анық емес, от жалыны тәрізді сүйек тінінің сорылуы

шекарасы анық бірнеше аймақта сүйек тінінің сорылуы

периодонтальды кеңістіктің кеңеюі

***
26 жасар ер кісіні жарақат алғаннан 7 күннен кейін клиникаға келіп қаралды Объективті көрінісі терісінің түсі өзгеріссіз, сол жағынан бет сүйегі аймағы деформацияның әсерінен тегістелген, көздің төменгі қырын басып тексергенде баспалдақ белгісі анықталады. Сол жағынан көз асты аймағының терісі мен мұрынның қанаты жансызданған Алдын ала қандай нақтам қоюға болады:
Мұрын сүйектерінің сынығы

Жоғарғы жақтың сынығы

+Бет сүйегінің ығыса сынуы

Бет сүйегінің маңдай өсіндісінің сынуы

Жоғарғы жақ қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы

***
26 жасар жiгiт жоғарғы оң жақ аймағында өздiгiнен пайда болып, ұзаққа созылатын ауыру сезiмiне шағымданады. Аллергоанамнез теріс. Қарап тексергенде: 1.4 тiстiң медиальдi бетiнде тiс қуысымен байланыспаған терең тiсжегi қуысы көрiнедi, сүңгiлеп тексергенде тiсжегi қуысының табаны ауырады, Темпертуралық тітіркендіргіштер ауыру сезімін күшейте түседі. Тиімді емдеу әдісін таңдаңы:
Девитальдi экстирпациялау әдiсi

Девитальдi аралас (комбинированный) әдiс

Девитальдi ампутациялау әдiсi

Консервативтiк әдiс

+Витальдi экстирпациялау әдiсi

***
26 жасар жігіт дәрігер стоматолог-хирургқа жоғарғы оң жағындағы тісінің бірнеше ай бойы ұдайы , сыздап ауырып мазалап жүргенін шағымдап келді Тексеру барысында 12-тісінің пломбаланғаны, осы тістің түбірі маңында жылан көздің бары, қаққанда аздап ауыратыны анықталды Тістің маңындағы шырышты қабықта өзгерістер жоқ Рентген суретінде 12 тістің түбір ұшы маңында сүйектің көлемді деструкцияланған шекарасы анық емес ошағы анықталды Төмендегі оперативтік емдердің ішінде қайсысы шипалы болады:
Тісті жұлу

Тісті жұлып,қайта отырғызу

+Тістің түбір ұшын кесу

Сауыты мен түбірін бірге кесу

Сауыты мен түбірін кесіп алып тастау

***
26 жасар науқас тәттіден тісі ауыратынына шағымданады. Тісін бұрын емдетпеген. Қарап тексергенде: 3.6 тісдің шайнау бетінде тісжегі қуысы бар. Зондпен шұқып тексергенде тісжегі қуысы түбі ауырмайды, дентин-эмаль шекарасы шұқығанда ауырады. Суық судан ауырмайды. Диагноз қойыңыз:
терең тісжегі

+орта тісжегі

гипоплазия

дақтәрізді тісжегі

беткей тісжегі

***
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   139


написать администратору сайта