24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Скачать 1.24 Mb.
|
17 жастағы науқас оң жақ самай-төменгі жақ буыны аймағында ауырсыну және қытырлау шағымымен келді. Алғашқы диагнозды болжаңыз:Самай-төменгі жақ буынының артриті Самай-төменгі жақ буынының артрозы Самай-төменгі жақ буынының анкилозы +Самай-төменгі жақ буынының жасөспірімдік дисфункциясы Самай-төменгі жақ буынының деформациялық остеоартрозы *** 17 жастағы науқас тамақ қабылдаудың қиындығына шағымданады. Объективті: 3. 6 тістің сауыты бұзылған, ұлпасы өскен. Ұрып көргенде ауырмайды. Қосымша зерттеу әдістерінің қай түрін бірінші кезекте жасалынуы тиіс. ортопантомография микробиологиялық зерттеу серологиялық зерттеу +рентгендиагностика сиалография *** 18 жасар жігіт алдыңғы тістерінің косметикалық ақауына шағымданады, бұл балалық щағынан байқалады. Жоғарғы күрек тістірінің кесу қырында жартылай тәріздес ойығы бар, тістің пішіні бочка тәріздес. Ең дұрыс болатын нақтамасы... Пфлюгер тістері Фурнье тістері +Гетчинсон тістері кіреуке эрозиясы флюороздың эрозивті түрі *** 18 жасар қыз төменгi оң жақтағы азу тiсiде температуралық тiтiркендiргiштен туындайтын ауыру сезiмiне шағымданады. Денi сау, аллергиясы жоқ. Қарап тексергенде: 36 тiсiнiң мойын бөлiгiнде сауыт қуысымен байланысқан терең тiсжегi қуысы көрiнедi. Сүңгiлеп тексергенде қатты ауырады. Тiстiң электрқозғыштығы-35мкА. Қандай емдеу әдiсiн таңдаған тиiмдi: Девитальдi экстирпациялау әдiсi Девитальдi аралас әдiс Девитальдi ампутациялау әдiсi +Витальдi экстирпациялау әдiсi Консервативтiк әдiс *** 18 жасар қыз, төменгі оң жағындағы тісіндегі тісжегі қуысына шағымданады. Қарап тексергенде: 47тісінің шайнау бетінде тісжегі қуысымен байланысатын, терең тісжегі қуысы көрінеді. Төмендегі көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын, ұлпа жағдайын анықтау үшін қолдану НЕҒҰРЛЫМ тиімді? Витальді бояу әдісін +Электроодонтометрияны Рентгенографияны Қағып тексеру әдісін Трансиллюминация әдісін *** 18 жасар науқастың 18 тісін жұлу үшін жасалған жансыздандырудан кейін оң жақ ұртында ісіну пайда болды Дәрігер тісті жұлған соң, сол жеріне мұз басу керектігін айтты 5-6 күннен кейін науқастың оң жағынан жоғарғы жақ сүйегі маңында самайға берілетін ауру сезім пайда болып, дене қызуы көтеріле бастады Тексеру барысында құм сағат белгісі, ауыздың шетеліп ашылуы анықталды 17, 18 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар тегістелген, басып тексергенде қатты ауыратыны анықталды 18 тістің ұяшығы эпителиленіп, жазылу сатысында. Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді деп ойлайсыз: Самай асты аймағының инъекциядан кейінгі гематомасы Самай асты аймағының инъекциядан кейінгі флегмонасы Самай асты аймағының инъекциядан кейінгі абсцессі Самай асты аймағының одонтогенная флегмонасы +Самай асты аймағының инъекциядан кейінгі іріңдеген гематомасы *** 18 жастағы ер адам жоғарғыжақ тістерінің косметикалық ақауына шағымданады. Тіс эмалі түсінің өзгерісін бала кезінен байқаған. Бала кезінде рахит ауруымен ауырған. Қарағанда: орталық күректістердің вестибулярлы беті мен үлкен азутістердің төмпешіктерінде – симметриялы орналасқан бор тәрізді дақтар. Дақ беті-тегіс,жылтыр. Диагноз қою үшін қолданылатын тексеру әдісі: Перкуссия Рентгенография +Витальды бояу тәсілі Электроодонтометрия Температуралық тітіркендіргішке реакция *** 18 жастағы әйел адам жоғарғы сол жақ тісінде 1 күн бойы температуралық тітркендіргіштен күшейетін ұстамалы қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Тіс бұрын ауырмаған. ЭОД – 25мкА. Дені сау. Аллергоанамнез өзгеріссіз. Қарағанда: 36 тістің дистальды-шайнау бетінде ұлпамаңы дентин деңгейінде терең жегіленген қуыс. Дистальды-ұрттық ұлпа мүйізі проекциясындағы қуыс түбін зондтау ауырсынады. ЭОД-35 мкА. Емдеу әдісін таңдаңыз: Девитальды экстирпация әдісі Девитальды комбинирленген әдіс Девитальды ампутация әдісі Витальды экстирпация әдісі +Консервативті әдіс *** 18 жастағы қыз бала төменгі ерін аймағының ауырсынуына шағымданады,, ол тағам қабылдаған кезде күшейеді. Қарағанда: төменгі еріннің оң жақ шырышты қабығында - дөңес пішінді көлемі 2х4 мм эрозия, фибринозды жұғындымен жабылған, қызарған шырышты қабықпен қоршалған. Пальпация ауырсынады. Науқасты жалпы емдеуге қолданылатын дәрілік зат: Метронидазол Доксициклин Ацикловир +Левамизол Орунгал *** 18 жастағы қыз. Басының формасы долихоцефаликалық. Ауыз қуысында: жоғарғы және төменгі күрек тістердің тығыз орналасуы. Жақ сүйектерінің апикальды базистерінің биометриялық өлшеуі ені және ұзындығының II дәрежелі қысқаруын көрсеткен. Ортодонтиялық емдеу әдісін қолданыңыз: Апроксимальдыаралық сепарация Тіс қатарларын кеңейту Тістерді протрациялау Тістердің дистализациясы +Бөлек тістерді жұлу *** 18 жастағы науқас сол жақ ұрт аймағында ісіну мен ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінен: "безеу" пайда болғанына 2 тәулік болған, безеуді сығуға тырысқан. Жағдайы біртіндеп нашарлаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температура - 37,50С, пульс - минутына 90 соққы, ТАЖ - минутына 20. Сол жақ ұрттық аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Бұл аймақта 2,0х2,0 см инфильтрат бар, инфильтраттың ортасында қабыршақтармен жабылған іріңді өзек бар. Тері қызарған, ісінген. Пальпациясы ауырсынады. Алғашқы диагнозды болжаңыз: Ұрттық аймағының абсцессі +Ұрттық аймағының абсцестелген фурункулы Ұрттық аймағының флегмонасы Бұрыштық венаның флебиті Ұрттық аймағының карбункулы *** 18-дегі жігіт тілінде жаңа белгісіз құрылым пайда болып, ыңғайсыздық туындатқанына шағымданып келді. Қарап тексергенде : тілінің оң жақ бүйір бетінде сопақ пішінді, ені 8,0 мм, шекарасы анық, қызыл-қошқыл түсті көтеріңкі орналасқан эрозиялы ошақ анықталды. Эрозия табанында тығыз консистенциялы және эрозия ошағынан көлемдірек инфильтрат анықталды. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, бірақ ауырмайды. Төменде келтірілген аурулардың біреуінен басқасының бәрімен аурудың сараптамалы диагностикасы жүргізіледі: Обыр жарасы Созылмалы зақымдық жара Туберкулезды жара Ауыздың қайталама афталы қабынуы +Ауыздың жедел герпестік қабынуы *** 19 жастағы ер бала жоғарғы және төменгіжақ тістерінде ақ түсті дақтардың болуына шағымданады. Тістер түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Қарағанда: жоғарғы және төменгіжақ тістерінінің вестибулярлы бетінде, төмпешіктері мен кесу жиектерінде көптеген әртүрлі көлемде бор тәрізді дақтардың болуы. Эмаль жылтырлығы сақталған. Дақ беткейі бойымен зонд жылжиды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз: +Флюороз Жергілікті гипоплазия Бастапқы тіс жегісі Беткей тіс жегісі Эмаль некрозы *** 19 жастағы науқаста оң жақасты аймағында ауырсынатын «шар» пальпацияланады, қозғалмалы, тері және тіндермен дәнекерленбеген, мөлшері 2.5х2.0см. Оның үстіндегі тері түсі өзгермеген, қатпарға жиналады. Соңғы аптада ангинамен ауырған. Алғашқы диагнозды болжаңыз: Мойынның бүйір кистасы Созылмалы гиперпластикалық лимфаденит +Жедел серозды лимфаденит Жедел іріңді лимфаденит Жақасты аймағының абсцесі *** |