Главная страница

24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы


Скачать 1.24 Mb.
Название24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Дата22.05.2022
Размер1.24 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры.docx
ТипДокументы
#543896
страница18 из 139
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   139

7 жастағы баланы қарап тексергеннен соң нақтама қойылды: 7.5 тістегі созылмалы периодонтиттің өршуі, оң жақ жақасты аймағының жедел іріңді лимфадениті.


Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

7.5 тісті жұлу, жақасты аймағына қыздыратын компрестер

+7.5 тісті жұлу, іріңді ошақты дренаждау, медикаментозды ем

Лимфа түйінінің пункциясы, антибиотиктерді интранодулярлы енгізу

7.5 тісті эндодонттық емдеу

Физиотерапиялық ем.

***

7,5 жастағы балада асқынған тіс жегісі бойынша 85 тісі жұлынған. Балада мүмкін асқынуды болжаңыз:

36 тістің дистальды ығысуы

біріншілік адентия

31 тістің вестибулярлы ығысуы

75 тістің ретенциясы

+46 тістің мезиальды ығысуы

***
70 жасар әйел жоҒарҒы оң жаҒындаҒы ұстама тәрізді ауыру сезіміне шаҒымданды. Ауыру сезімі жедел басталып, 1-2 минутқа созылады, ауыру сезімі мұрын қанатына немесе жоҒарҒы ерніне тиіп кетсе басталады. Ауыру пароксизмдері жас бөлінумен жүреді. Ұстама кезінде науқас тұрҒан қалпында қимылдамай тұрады. Ұстамалар күніне 15-20 рет болады, ұстамалар арасында ауыру сезімі жоқ. АуырҒанына 7 жыл болды. Сыртқы көрінісінде өзгеріс жоқ. Ауыз қуысы санацияланҒан. Тіс қатарларының шектелген ақаулары бар. Тістемі бекітілген.
Төменде берілген диагноздардың қайсысы осы ауруҒа ТӘН?

дентальді плексалгия

одонтогенді гайморит

одонтогенді невралгия

+үшкіл нервтін невралгиясы

ШБ ауырулық дисфункция синромы

***
74 жасар әйел клиникаға мұрнының бүйір бетінде ұзақ жылдар бойы жазылмай жүрген жарасының барына шағымданып келді Жараның пайда болғанына 3-4 болған Біртіндеп ұлғайған Консервативтік емдеу шаралары айтарлықтай шипалы болмаған Тексеру барысында мұрынның оң жақ бүйір бетінде шеттерін қабыршақ басқан ортасы ылғалданған жара анықталды, түбінде сіңбелену белгілері жоқ Төмендегі алдыны ала қойылатын нақтамдардың қайсысы сай келеді:
Тері обыры

Капош саркомасы

+Базалиома

Меланома

Пигменттік невус

***

8 жасар бала ауыз бұрышы аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Еріндер құрғақ. Жарылулар бар. Ауыз бұрышы аймағында ақ түсті қабыршақпен жабылған жаралар бар, ылғалды, жара жиегі «білік» тәрізді көтеріңкі. Нақтама қойыңыз:

Экзематозды хейлит

Эксфолиативті хейлит

Метеорологиялық хейлит

+Саңырауқұлақ тектес инфекциялық хейлит

Пиоген тектес инфекциялық хейлит

***
8 жасар бала санация мақсатымен келді. Қарап тексергенде: индекс кп+КПУ = 6. 5.4 бұрын емделген, терең тісжегі пломба қалдығымен, тіс түсі өзгерген, тістің қозғалдығышы анықталады. Тісті қоршаған қызыл иек шырышты қабығы ісінген, күрт қызыл түсті, жылан көз анықталды.
Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

+Tісті жұлу

Түбір өзегінен жалқықты шығару

Тісті сақтап қалу

Эндодонтиялық ем және пломбылау

Эндодонтиялық ем және уақытша пломба.

***
8 жасар бала ыстыққа, тісінде бір түрлі сезімге шағымданып келді. Қарап тексергенде: 4.6 тісінің түсі өзгерген, тісжегі қуысы тамақ қалдығына толы, жағымсіз иіс бар. Тіс қуысы ашық, ұлпа лас-сұр тісті, түбір өзегінің кіре берісінде ауру сезімі анықталды.
Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

Апексогенез

+Апексификация

Консервативті ем

Девитальді пульпотомия

Девитальді пульпэктомия.

***
8 жасар науқас 6. 4-ші тісте жедел ұстамалы ауру сезіміне шағымданады. Қатты ауру сезімі бүгін түнде басталған, тіс жанасу бетінде жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы анықталды. Шұқып тексергенде: қуыс табаны бір нүктеде қатты ауырады. Суыққа узақ уақыт ауырады. Тақылдатып тексергенде тіс ауырмайды. Ең дұрыс болатын нақтамасы. . .
терең тісжегі

созылмалы пульпиттің асқынуы

жедел периодонтит

созылмалы пульпит

+жедел ошақты пульпит

***

8 жасар пациенттің 1. 5 тісінің мойын аймағында тісжегі қуысы бар. 5. 5 тістің қуысына қалай жол ашамыз?


тісжегі қуысын шайнау бетіне шығарып

тісжегі қуысы арқылы

+тіс қуысын шайнау бетінен шығарамыз

мойын бөлігінен

жанасу бетінен

***
8 жастағы бала сол жақ ұрттық аймағында ісіну мен ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінен: "безеу" пайда болғанына 2 тәулік болды. Жағдайы біртіндеп нашарлады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температура - 37,50С, пульс - минутына 96 соққы, ТАЖ - минутына 20. Сол жақ ұрттық аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Бұл аймақта 2,0х2,0 см инфильтрат бар, инфильтраттың ортасында қабыршақтармен жабылған іріңді өзек бар. Тері қызарған, ісінген. Пальпациясы ауырсынады. Алғашқы диагнозды болжаңыз:
Ұрттық аймағының абсцессі

+Ұрттық аймағының абсцестелген фурункулы

Ұрттық аймағының флегмонасы

Бұрыштық венаның флебиті

Ұрттық аймағының карбункулы

***

8 жастағы балада профилактикалық бақылауда иекасты бұлшықетінің гиперактивтілігі анықталған.

Қандай функцияның бұзылуы ықтимал:

Сөйлеу

Тынысалу

+Жұтыну

Сору

Шайнау

***

8 жастағы баланы қарау кезінде ауыз қуысында қызылиек деңгейге дейін бұзылған 7.5 тісі бұрын бірнеше рет емделген. Зондтау, перкуссия ауырсынусыз. Шырыш айналасы ашық қызыл түсті. Тіс сауытын реставрациялық материалмен қалыптастыру шешімін қабылдады. Емдеу іс-әрекеті дұрыс таңдалды ма және неге?

Дұрыс, тұрақты тістің шығуы 2-3 жылдан кейін болуы

+Дұрыс емес, тіс сауыты қызыл иекке дейін бұзылған

Дұрыс, осы тіс бірнеше рет емделген

Дұрыс, зондтау және перкуссия ауырсынусыз

Дұрыс емес, протездеу үшін ортодонтқа жіберуге қажет

***
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   139


написать администратору сайта