онко Еламан. 2.азастан Республикасыны халына онкологиялы кмек крсетуді йымдастыру стандартын бекіту туралы
Скачать 20.54 Kb.
|
1.Онкология (грек. oncos – өскін, ісік және logos – ілім) – медицина ғылымының ісік ауруларының пайда болу себептерін, даму жолдарын, клиникалық белгілерін анықтап, емдеу, олардан сақтану жолдарын зерттейтін саласы. 2.Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 02 тамыздағы № 452 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қыркүйекте № 8687 тіркелді. 3. Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" және денсаулық сақтау ұйымдарында қатерлі ісіктері бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар мен қағидаттарды белгілейді. 2. Осы Стандартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) верификацияланған диагноз - зертханалық зерттеу әдістерімен бекітілген клиникалық диагноз; 2) жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер - диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурстық сыйымдылықты және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінді бейінді мамандар көрсететін қызметтер; 3) жоғары технологиялық сәулелік емдеу - ҚІ және қатерсіз ісіктермен ауыратын пациенттерге күрделі, бірегей және (немесе) ресурстық сыйымдылықты медициналық технологияларды (конформдық сәулелік терапия, қарқынды модулдендірілген және кескіндер бойынша басқарылатын сәулелік терапия, протондық сәулелік терапия, стереотаксикалық радиохирургиялық және стереотаксикалық фракциялық сәулелендіру, тінішілік (интерстициалдық) сәулелік терапия) пайдаланумен көрсетілетін сәулелік терапия; 4) клиникалық топ - онкологиялық ауруларға қатысты халықты медициналық динамикалық байқаудың жіктемелік бірлігі; 5) клиникалық хаттама - белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат; 6) консультациялық-диагностикалық көмек - тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер қолданылатын көмек; 7) қатерлі ісіктердің таргеттік терапиясы - канцерогенез және ісіктің өсуіне қажетті нақты нысаналы (таргеттік) молекулалардың әсер ету механизміне араласулардың көмегімен обыр жасушаларының өсуін блоктаумен сипатталатын химиотерапиялық емнің әдісі; 8) медициналық санитариялық алғашқы көмек - адаам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін қосатын тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын дәрігерге дейінгі, білікті медициналық көмек; 9) патоморфологиялық референс орталық - ҚІ диагнозын верификациялау және емдеу тәсілін анықтау үшін гистологиялық материалдарды референттік-сараптамалық зерттеуді, барлық орналасқан ісіктерді иммуногистохимиялық зерттеулерді, адамның ісіктерін зерттеудің молекуларлық әдістерін жүргізетін патоморфология зертханасы; 10) радионуклидтік диагностика - радиобелсенді изотоптарды немесе радионуклидтермен, РФП белгіленген қосылғыштарды пайдалануға негізделген сәулелік зерттеу; 11) радионуклидтік терапия - зат алмасудың көмегімен зақымдалған ағзаға немесе тінге өтетін РФП-ны енгізу, емдеудің әсері препараттың жергілікті радиобелсенді сәулеленуіне негізделеді; 12) радиофармпрепараттар (бұдан әрі - РФП) - құрамында препаратты радиобелсенді қылатын тұрақсыз изотопы бар фармацевтикалық препараттар; 13) сәулелік терапия (радиотерапия) - бағытталған және арнайы дозаланған иондаушы сәулелендірудің көмегімен ісіктер мен кейбір ісік емес ауруларды емдеу әдісі; 14) скринингтік тексеріп-қараулар - халықтың белгілі санатын тарта отырып, ауруларды ерте анықтауға бағытталған диагностикалық іс-шаралардың бағдарламасы; 15) стационарлық көмек - тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып ұсыну нысаны; 16) стационарды алмастыратын көмек - медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып ұсыну нысаны; 17) ісікке қарсы препараттармен химиотерапия - пролиферацияны тежейтін немесе ісік жасушаларын қайтымсыз зақымдайтын дәрілік заттарды пайдалану; 18) ядролық медицина - онкологиялық ауруларды қоса алғанда адам ағзалары мен жүйелерінің әртүрлі ауруларының профилактикасына, диагностикасы және емі мақсатында радиоактивтік элементтер мен иондаушы сәулелеуді қабылдайтын медицина саласы. 3. Халыққа онкологиялық көмек мынадай нысандарда көрсетіледі: 1) амбулаториялық-емханалық көмек; 2) стационарлық көмек; 3) стационарды алмастыратын көмек. 4. Онкологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда қатерлі ісіктермен (бұдан әрі - ҚІ) ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуде дербес тәсілді қамтамасыз ету үшін мультидисциплинарлық топтар құрылады. 5. Мультидисциплинарлық топ (бұдан әрі - МДТ) "Онкология (химиятерапия, маммология) (ересектер)", "Сәулелік терапия (радиациялық онкология)", "Жалпы хирургия (торакалды хирургия, абдоминалды хирургия, траансплантология, колопроктология, онкологиялық хирургия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)", "Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересек, балалар)" мамандықтары бойынша дәрігерлерден тұрады. Қажет болған жағдайда басқа бейінді мамандар тартылады. 6. МДТ жұмысы онкологиялық көмек көрсетуде кешенділік және сабақтастық қағидатында құрылады. 7. МДТ негізгі міндеттері: ҚІ-мен ауыратын пациенттерді диагностикалау әдістерін, емдеу тәсілдерін және динамикалық байқау әдістерін алқалық таңдау; ҚІ-мен ауыратын пациенттерді амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын деңгейде емдеудің тиімділігін мониторингтеу; ҚІ-мен ауыратын пациенттерді динамикалық медициналық байқауға қою және алуды мониторингтеу; жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алуға жіберу болып табылады. 8. МДТ отырысына: ҚІ диагнозын верификациялаумен барлық бастапқы анықталған пациенттер, диагностикасы қиын ҚІ-ге күдікті пациенттер; ҚІ қайталанған пациенттер, туындаған асқынуларға, қарсы көрсетілімдерге, процестің күшеюіне, емдеуден бас тартуға байланысты емдеу тәсілін өзгерту қажет пациенттер; асқыну, күшею, қарсы көрсетілімдердің болуы, пациенттің бас тарту себептері бойынша алдыңғы МДТ отырысының ұсынымдарын орындау мүмкін болмаған жағдайдағы пациенттер; пациенттерді республикалық медициналық орталықтарға және шетелге жіберу мәселесін шешу үшін; таргеттік препараттарды тағайындаған кезде жіберіледі. 9. Бастапқы пациенттерді МДТ отырысында бастапқы зерттеп-қарауды жүргізген дәрігер, қайталама пациенттерді емдеуші дәрігер баяндайды. 10. МДТ денсаулық сақтау ұйымының құзыреті шегінде шешім қабылдайды. Пікірлер сәйкес келмеген жағдайда шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады. МДТ шешімі міндетті болып табылады. 11. Шешім амбулаториялық пациенттің медициналық картасына "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 025/е нысаны) және стационарлық пациенттің медициналық картасына жапсырылатын МДТ отырысының журналында, МДТ отырысының хаттамасында (екі данада) ресімделеді. 12. Пациенттерді республикалық ұйымға емдеуге жіберген жағдайда келісу кезеңінде пациент бойынша қабылданған шешімді көрсете отырып МДТ отырысының хаттамасынан көшірме жіберіледі. 13. Республикалық медициналық ұйымның МДТ емдеуге жатқызу мәселесін қарау кезінде өңірлік МДТ шешіміне назар аударады. 5. Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні атап өтіледі. Акцияның мақсаты – халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы хабардар болуын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы ақпараттандыру. 2019 жылдың 1-10 ақпаны аралығында Қазақстанда #IAmAndIWill ұранымен кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық акция өтуде. Өткен жылы Үкімет Қаулысымен 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар қабылданды.: 1. Тәуекел факторларын басқару және алдын алу 2. Жоғары тиімді ерте диагностика 3. Онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу 4. Кадрлық әлеуетті және ғылымды дамыту Жыл сайын Қазақстанда қатерлі ісіктің 35 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 179 мыңға жуық қазақстандық тұр. Жылына онкологиялық аурулардан шамамен 15 мың адам қайтыс болады. Онкологиялық аурулардың ішінде 1 орында – сүт безі қатерлі ісігі (12,6%), 2 орында – өкпе қатерлі ісігі (9,9%), 3 орында – асқазан қатерлі ісігі (7,4%), 4 орында-жатыр мойны және тоқ ішек қатерлі ісігі (4,7%) тұр. 6. Негізгі фактілер Қатерлі ісік әлемдегі өлімнің екінші негізгі себебі, 2018 жылы 9,6 миллион өлімнің себебі осы аурудан болған. Бүкіл әлемде алты өлімнің біреуі қатерлі ісіктен болады. Обырдан болатын өлім-жітімнің 70% табысы төмен және орташа елдерде орын алады. Қатерлі ісіктен болатын өлімнің үштен біріне 5 фактор әсер етеді: дене салмағының жоғары индексі, жемістер мен көкөністерді аз тұтыну, дене белсенділігінің жоқтығы, темекі мен алкогольді тұтыну. Темекіні пайдалану қатерлі ісіктің даму қаупінің ең маңызды факторы және шамамен қатерлі ісіктен болатын 22% өлімге себепші. |